Похожие презентации:
Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
1.
ПӘН АТАУЫ:«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,
психология) »
Дәріс №10 XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
Мухитов Орынбасар Мақсатұлы
2.
Жоспар1. Қазақ мәдениетіндегі «Зар-заман» феномені
2. Қазақ Ағартушылығы феномені
3. Құрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса және т.б. музыкалық
шығармашылығы
4. Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары
3.
1Қазақ мәдениетіндегі «Зар-заман» феномені. ХVІІІ ғасырда танымалболған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шалкиіз, Көтеш секілді
жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында
көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар
Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол
тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті
дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр
түрлі даулар мен таластарды шешкен.
Зар Заман – Қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей
империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ
хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси,
экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды.
Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар
заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін
басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды
қазақ әдебиетінзе "Зар Заман ақындары" деп атайды
4.
Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындарыда қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті
өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881),
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен
жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз
көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып
толғай алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын
күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зарзаман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп,
қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш
қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары
арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы
тұрса, Дулат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”
өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.
5.
2.Қазақ Ағартушылығы – жалпы ағартушылықтың тарихи қалыптасуыныңнақты ұлттық айырықша формасы. Ресей мен Батыс Еуропадағы көптеген
ағартушылық қозғалыстарымен тұспатұс келген Қазақстандағы ағартушылықтың
қазақ халқының тарихи және ұлттық дамуына, оның рухани әлеміне негізделген
өзіндік ерекшеліктері болды. Қазақстандағы ағартушылықтың ерекшеліктерін
анықтайтын маңызды белгілердің бірі Қазақстанның Ресейдің құрамына
қосылуына байланысты көтерілген ұлттық мәселенің ушығу нәтижесі мен
салдары еді. Біздің көзқарасымызша, дәл осы себептен ағартушылық арқылы
қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси құрылымның буржуаздық жаңаруына деген
қажеттілік Қазақстан мен Ресейдің берік одақ құруынан және сол мәдениетті
қазақ қауымының қабылдауынан байқалды. Қазақ ағартушылары еуропалық,
әсіресе орыс өркениетінің қазақ халқының ортасына енуі үшін қолайлы жағдай
жасады, ал олардың сауатсыздыққа қарсы және әділдік орнату жолындағы күресі
Батыс ағартушылары жүргізген күреске қарағанда әлдеқайда өзге нәтижеге әкеліп
соқтырды.
Өз ұлтының философиялық бастауын шынайы қызығушылықпен зерттеп, таныту
ұлттың өзіндік санасы мен халықтың бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Қазақ
ағартушыларының «ұлттың жұдырықтай жұмылып, бірігіп, үлкен күшке айналу,
толыққанды болу, бәсекеге қабілеттілікті дамыту, халықтың күш-жігерін арттыру»
идеялары – қазіргі таңда заманауи қазақстандық қоғамның ұлттық идеясына
айналған
6.
Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздіңдәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ
халқының төл мәдениеті өркен жая бастады.
Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка
даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтұған
жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны
жалғастырушылар деп те саналады.
Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз
шығармалары айрықша әсеретті. Жорық жыршысы болған Доспамбет
жырау (1523) шығармаларынан ортағасырлык жауынгер көшпендінің ер
тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді. Доспамбет толғаулары 19 ғасырдың 80жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Жыраулық поэзияның ең
көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465- 1560). Шалкиіздің
толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты.
Жиембет жырау (17 ғасыр) мен Марқасқа жыраудың (17 ғасыр) өмір жолы
Есім хан тұсындагы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жыршысы
Марғасқа жырау оңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны, әсіресе,
Ақтамберді жырау (1675- 1768) шығармаларынан айқын көрінеді. Оның
шығармаларғындағы отаншылдық, патриоттық сарындар 18 ғасырдағы
қазақ поэзиясының бет-бейнесі, бағыт-бағдарын айқын танытады
7.
3.Құрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса және т.б. музыкалықшығармашылығы.
XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Құрманғазы
Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас
Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз,
сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи
дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған
композиторлардың
дүниетанымы
тарихи
тұрғыда
шектеулі
бола
тұрсада, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді.
Біржан Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса
Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа көптеген ақын,
әнші, композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі
арқасында
қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары
дәрежеге көтерілді.
https://www.youtube.com/watch?v=cLBfbKuTNyE куй тартыс Серпер тобы
https://www.youtube.com/watch?v=slJCSlLvGuw Балқадиша Ақан сері
8.
4. XIX-XX ғғ. аралығында қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет сыншыл реализм айқын
бедерленген кезең болып табылады. Сыншыл реализм ерекшеліктері
М. Сералин, С.Торайғыров, С. Көбеев, т.б. шығармаларынан нақты
көрініс тапты. Сөйтіп бұл кезеңде Абай реализмінің дәстүрі дами түсті.
Сондай-ақ
осы
кезеңдегі
қазақ
әдебиеті
тарихи-әлеуметтік
қайшылықтарды көрсетіп қана қоймай, отаршылдыққа қарсы
бағытталған күрескерлік ұлт-азатшыл идеяларды да алға тартты.
Әдебиет дамуының бұл ерекшеліктерін Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т.б. шығармаларынан байқаймыз.
Олардың шығармалары ресейлік отаршылдыққа, қоғам өміріндегі
надандыққа, әлеуметтік теңсіздікке қарсы бағытталды. Жыраулардың
жауынгерлік поэзиясындағы, Махамбет толғауларындағы ерлік пен
күрескерлікті жырлау дәстүрі Ахмет Байтұрсынов бастаған ақынжазушылар шығармаларынан жаңаша жалғасын тауып, ерекше көзге
шалынады.
9.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазба әдебиет (бағыттар) – ХІХ ғасырдағықазақ әдебиетінің жалғасы ретінде дамуымен бірге, өзіндік өрнегін де
тапқан әдебиет. Қоғам шындығын көркемдікпен суреттеудегі жазушы
ерекшелігі түрлі бағыттардың қалыптасуына алып келді. 1905 жылдан
кейінгі әдебиетте
- ұлт-азатшыл (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.),
- ағартушы-демократтық (М. Сералин, С. Дөнентаев,
С.Торайғыров, т.б.) бағыттар белең алды.
Бұрыннан әдебиетімізде бар
- діни- ағартушылық бағытты (М.Ж. Көпеев, М. Қалтаев, Н.
Наушабаев, Ш.Жәңгіров, т.б.) қосқанда осы кезең әдебиетінде үш
бағыт өркен жайды.
10.
5.Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов және т.б
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX
ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында
болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті
күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру
саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының
мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде
орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі
өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға
жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен
көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда,
дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды
бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының
меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей
болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық
шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені
күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің
бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен
XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері
дамуындағы жаңа кезен болып табылады
11.
Қазақ халқының ұлттық-демократиялыққозғалысының жұрт кеңінен таныған
көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы
Бөкейханов болды. Аса көрнекті мемлекет
және қоғам қайраткері, ғалым, публицист
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкіл
саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық
езгіден азат етуге, тәуелсіз мемлекет
құруға, ел-жұртына білім беріп, оны
гүлдендіруге арнады.
12.
Ә. Бөкейхановтың сенімді серіктерініңжәне ұлт-азаттық қозғалысына белсенді
қатысушылардың бірі Міржақып Дулатов
(1885— 1935) болды. Ол Торғай облысы
Торғай уезінің Қызылбел атырабында
дүниеге келген. Алғашқы білімді ауыл
мектебінен алған. Торғайдағы екі
сыныптық мектепте оқыған. 1904 жылы
Омбыға барып, онда Ә. Бөкейханов және
А. Байтұрсыновпен кездеседі, саяси
қызметке белсене араласа бастайды.
Патша отаршылдығына ашық қарсы
шығып, жер мәселесін көтереді.
Қазақтардан жерді тартып алуға,
мұсылмандықты қудалауға тыйым салуды
талап етеді.
13.
1911 жылы Орынборда АхметБайтұрсыновтың «Маса» атты өлеңдер
жинағы жеке кітап болып шықты. Бұл
шығарма қазақ халқының құқықсыз
мүшкіл халіне арналды. 1912 жылы ол
араб графикасы негізінде «Оқу құралы»,
«Әліпби», «Жаңа әліппе» және «Тіл
құралы» деп аталатын әдістемелік оқу
құралдарын қазақ тілінде жазып шықты.
Мұндай басылымдардың жарық көруі
қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар
бүкіл түркі тілдес халықтар үшін зор
жаңалық саналды.
14.
ХалелДосмұхамедов
(24.04.1883-1939)
Жүсіпбек
Аймауытов
(1889—1931)
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин
15.
16.
1937 ЖЫЛ: ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ МЕН ҚАСІРЕТІ http://tobyltorgai.kz/2017/05/28/2776.
https://www.youtube.com/watch?v=cpcRbUnI2qA "Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы
сурет"
https://www.youtube.com/watch?v=1ZOBHL-GuwI «Тар заман» фильмі
«Аманат» фильмі Сатыбалды Нарымбетовтын Казахфильмде тусирилген.