Похожие презентации:
Мәтін талдау алгоритміі
1. МӘТІН ТАЛДАУ АЛГОРИТМІ
2. Алгоритм жеті қадамнан тұрады:
1. Мәтін шегін анықтау, межелеу.2. Мәтін типін анықтау.
3. Мәтінге тақырып қою.
4. Мәтін құрылымын анықтау.
5. Мәтінішілік байланыстардың
ерекшеліктерін анықтау.
6. Мәтіннің стилистикалық
ерекшеліктерін анықтау.
7. Мәтіннің прагматикалық сипатын ашу.
3.
Мәтін талдау алгоритміндеалғашқы үш қадам
жоғарыдан төмен қарай
жүрсе, ал соңғы қадамдар
төменнен жоғарыға қарай
жүреді.
4. Мәтін
(1) Ертеде қатыгез бір хан өмір сүріпті. (2)Ол өте бай болыпты, оның аса мақтаныш
ететін 1000 жылдай болған бір сүйікті
кесесі бар екен. Оны жасаған шеберлер
ерте заманда өліп кеткендіктен, ол кесенің
жасалу құпиясын ешкім білмепті. (3)
Бірде хан аң аулаудан зор қуанышпен
оралып, сырнайшыларына өзін ерекше
салтанатпен қарсы алуды бұйырады.
Олардың сырнайды соншалықты қатты
тартқандарынан бүкіл сарай сықырлап,
ханның сүйікті кесесі жерге түсіп, қирап
қалыпты. (4) Бұған шыдай алмаған хан
қайғыдан құса болып, сол жерде жан
тапсырыпты.
5. Мәтін талдау алгоритмінің үлгісі:
1. Мәтін шегін анықтау, межелеу. Мәтін шегінанықтау үш басты тәсілден тұрады: семантикалық,
формалдық және авторлық. Семантикалық тәсіл көлемді
шығармаларды талдауға (роман, монография) арналған.
Мәселен, жұмыстың басталу шегін, одан кейінгі
бөліктерін анықтау. Формалдық тәсіл көлемі шағын
мәтіндерді талдауға арналған, мұнда мәтіннің бас-аяғы
біртұтас болып келеді. Авторлық тәсіл адресанты мен
адресаты нақты белгілі мәтіндердің шегін межелеуге
арналған. Мысалы, ғылыми монография. Біздің талдауға
алып отырған мәтініміз формалдық-семантикалық
арқылы анықталады.
2. Мәтін типін анықтау. Мәтіннің типі түрлі болуы
мүмкін: монологтық, ресми, бейресми, ақпараттық,
ғылыми, ғылыми емес, т.б. Аталған мәтін типі жағынан
монолог болып табылады, және ғылыми мәтінге
жатпайды, ақпараттық сипатта берілген.
6. Жалғасы:
3. Мәтінге тақырып қою. Мәтін тақырыбын«Ханның сүйікті кесесі» немесе «Хан
құсасының себебі» деп алуға болады.
4. Мәтін құрылымын анықтау. Талдау
мәтінін төрт құрылымға жіктеуге болады. (1)
Экспозиция, яғни кіріспе алды бөлік (Ертеде
қатыгез бір хан өмір сүреді). (2) Кіріспе бөлік,
ханның мінездемесі және оның сүйікті кесесі
туралы. (3) Ханның аң аулаудан оралуы,
сырнайшылардың сарайды басына көтеруі,
кесенің сынып қирауы. (4) Қайғыдан құса
болған хан өлімі.
7. Жалғасы:
5. Мәтінішілік байланыстардыңерекшеліктерін анықтау. Мәтіннің
тұтастығын, ішкі үйлесім кеңістігін
ұйымдастырып тұрған бірліктер деп хан, ол,
оның кесесі дегендерді айтуға болады.
Мәтінішілік байланысты ұстап тұрған екінші бір
бағыт – лексикалық-тақырыптық желіс. Ол
желіс екіге жіктеледі: 1) Ханнан өрбитін
желіс: қатыгез, бай, сүйікті кесенің иесі, аң
аулауға шығу, сүйікті кесесінің құсасынан ажал
құшу; 2) Кеседен өрбитін желіс: ескі, әдемі,
керемет, 1000 жылдай болған, құпиясын ешкім
білмейді, сүйікті кесенің сынып қирауы. Бұл екі
желістің айтары, түйіні бір: ханның сүйікті
кесесі және оның сол кесенің құсасынан өлуі.
8. Жалғасы:
6. Мәтіннің стилистикалық ерекшеліктерінанықтау. Мәтін тілі өте қарапайым, дегенмен тартымды.
Онда көріктеу құралы тіпті жоқ десе де болады. Қатыгез,
сүйікті деген эпитет пен қайғыдан құса болу деген бірдіекілі фразеологизм ғана кездеседі. Дегенмен мәтіндегі
оппозициялық иірімдер (қатыгез, керемет, өмір сүру,
ажал құшу, т.б.) Бұл секілді жұмсалымдар мәтінге
ерекше көркемдік сыйлап тұр. Мәтінде ертегілік сарын
бар: Ертеде қатыгез бір хан өмір сүріпті.
7. Мәтіннің прагматикалық сипатын ашу. Мәтін
сипаттау мәнінде, автор оқиға қасында болмаған, тек
естіген дүниесін оқырманға ықшам, нақты, көркем тілмен
жеткізе алған. Авторлық бағалау көрініс таппайды, тек
баяндау сипаты бар. Дәл осы стильдің оқырманға берер
прагматикалық әсері күшті, ерекше деуге болады.
9. Талдауға арналған мәтін
Ертеде бір патшаның өте сұлу, тым жалқау қызыболыпты. Оны ұзататын шақта патша елден қызын
кім жұмысқа үйретсе, соған тұрмысқа беретіндігін
айтады. Патша бір күні жер жыртып жүрген шаруа
кедей жігітке қызына жұмыс істеуді үйретуді
бұйырады. Кедей жігіт патшаның қызын үйіне
анасының қасына әкеліп, өзі жұмысқа кетіп
қалады. Күнде жұмыстан соң, ол кім еңбек етсе,
соның ғана ішіп-жеуіне болатындығын айтыпты.
Бұны естіп, қыз ас ішпей қояды, бірақ қарны
ашқан соң ол бір күні жігіттің анасынан жұмыс
сұрайды. Сөйтіп, жалқау қыз еңбек етуге үйренеді.
Үш жылдан соң оны іздеп келген патша қызын
танымай қалады. Патша кедей жігітке қызы мен
патшалығын береді.