612.01K

Сабақта функционалдық сауаттылық бойынша есепті беру (5-6 сынып)

1.

Шымкент қаласы
№132 жалпы білім беретін мектебінің
Математика пәнінің мұғалімі
Тіленші Шынар Абибуллақызы

2.

«Білім сапасын арттырудағы тәжірибем»
Оқыту тәсілімде:
Сабақта функционалдық сауаттылық бойынша есепті
беру (5-6 сынып)

3.

Тапсырма.Жерге қазық қағылып, оған ұзындығы
4 м жіппен жылқы байланған. Жылқының жүру
аймағын кескіндеңдер.
(1м=1см). Жылқының жүру аймағының ең шеткі
.
нүктелерінің арақашықтығы
неше метр?
Шешуі: D=2R D=2 4=8
Жауабы: 8 м
Дескриптор:
Радиусын табады;
Диаметрін табады;
Шешімін жазады;

4.

Тапсырма.Асан мен Үсен көрші. Асан 9 қанатты,
Үсен 12 қанатты киіз үйде тұрады. Үсеннің үйінің
диаметрі 20м болса, Асан тұрып жатқан киіз үйдің
радиусы нешеге тең?
Жауабы: 7,5м
Дескриптор:
Үсеннің үйінің радиусын
табады;
Асанның үйінің радиусын
табады;
Жауабын жазады;

5.

Тапсырма.Дүкендерде жаппай сатылым кезінде
Атлант жиhаз дүкенінде 380 000 тг тұратын жатын
төсегінің бағасы 30%-ға, Шатура жиhаз дүкенінде
360 000 тг тұратын жатын төсегі 25 %-ға, ал
Истикбалл жиhаз дүкенінде 340 000 тг тұратын
жатын төсек бағасы 15%-ға арзандады.Қай жиhаз
дүкенінен жатын төсегін сатып алған тиімді?
Шешуі:
30%=30/100=0,3
380 000*0,3=114 000
380 000-114 000=266 000(Атлант)
25%=25/100=0,25
360 000*0,25=90 000
360 000-90 000=270 000(Шатура)
15%=15/100=0,15
340 000*0,15=51 000
340 000-51 000=289 000(Истикбалл)
Жауабы: Атлант жиhаз дүкенінен 266 000 теңгеге алған тиімді.
Дескриптор:
-Пайызды ондық бөлшекке айналдырып,берілген санға көбейтеді;
-Берілген саннан табылған санды азайтады;
-Есептің жауабын жазады;

6.

Тапсырма.Асылжан 210 000 тг тұратын телефон
алғысы келді. Дүкендерде телефонның бағасы
Sulpak дүкенінде 10%-ға Mechta дүкенінде 15%ға, Technodom дүкенінде 20%-ға жеңілдік
болғанын жарнамалады.
Асылжанға қай дүкеннен телефон сатып алған
тиімдірек?
Жауабы: Асылжанға
телефонды Technodom
дүкенінен алған
тиімдірек.

7.

Тапсырма.Айман кафеден үйіне пицца алып кетпекші. Кафеде
қалыңдығы бірдей, өлшемі әртүрлі екі дөңгелек пицца
жасалады екен. Кіші пиццаның диаметрі 26см, бағасы 2000тг,
ал үлкен пиццаның диаметрі 34см, бағасы 2800тг. Қай пиццаны
сатып алу тиімдірек?
Шешуі:
S1=169π;
S2=289π
Кіші пицца
Үлкен пицца
Жауабы: Үлкен пиццаны алған
тиімдірек.
Дескриптор:
1. Әр пиццаның бет ауданын есептейді;
2. 1 теңгеге келетін аудан мөлшерін анықтайды;
3. Қайсысын алған тиімді екенін талдайды;
4. Жауабын табады.

8.

Тапсырма. Әжесі немерелеріне 4; 6; 4; 4; 2; 8; 7; 5
тоқаштан тарқатты. Әжесі немерелеріне орта
есеппен қанша тоқаш берді?
Шешуі:
Жауабы: Орта есеппен 5 тоқаш.
Дескриптор:
Берілген сандардың
арифметикалық
ортасын табады;
Жауабын жазады.

9.

Назарларыңызға
рахмет
English     Русский Правила