Похожие презентации:
Іскер адамның бейнесі. Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен имиджі (ұсыныс хат, қолдау хат)
1.
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:ІСКЕР АДАМНЫҢ БЕЙНЕСІ.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ
МЕН ИМИДЖІ (ұсыныс хат, қолдау хат)
2.
1.Ой қозғау. Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауапберіңіз.
Іскерлік қарым-қатынаста қандай сұрақ түрлері қойылады?
Іскерлік қарым-қатынаста сұхбат қалай жүргізіледі?
Сұхбаттасу
барысында
қандай
қолданылады? Мысал келтіріңіз.
тілдік
бірліктер
3.
2. Жағдаят бойынша ой бөлісіңіздер.• А. Сіз маңызды іскерлік кездесуге келдіңіз. Іскер адам ретінде өзіңізді көпшілікке таныстыруыңыз қажет. Мақсатыңыз өзіңіз туралы
жағымды пікір, ой қалыптастыру. Өзіңізді қалай таныстырасыз? Неден бастайсыз?
• Ә. Серіктесіңіз «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, бизнес идеясын дамыту үшін грант ұтып алды. Ол үшін сіз де қуаныштысыз.
Серіктесіңіздің іскерлік қабілетіне, оның ұсынған жобасына қандай мақтау, қошамет сөздер айтатын едіңіз?
• Б. Сізге мемлекеттік қызметші, іскер адам ретінде іскерлік келіссөз жүргізу қажет. Серіктестеріңізбен сұхбаттасу барысында өзара
жақсы қарым-қатынасқа түсу үшін не істер едіңіз? Не нәрсеге ерекше мән бересіз?
• В. Сіздің әріптесіңіз мемлекеттік қызметтегі адам, ол өзінің киім кию стилін, жалпы имиджін өзгертіпті. Әркімнің талғамы бөлек
демекші, оның бұл әрекеті сіздің көңіліңізден шықпады. Сізге оның сырт келбеті ұнаған жоқ. Не айтар едіңіз? Әңгімені қалай бастар
едіңіз? Сын пікір айтыңыз.
4.
3. Танымдық сұрақтарға жауап беріңіз.Мемлекеттік қызметші деген кім?
Әдеп деген не?
Имидж деген не?
5.
4. «Біле жүрейік». Имидж бен әдепке берілген анықтамаларды естесақтаңыздар.
• Имидж ( image — бейне,
бейнелеу) — белгілі бір
тұлғаның оның бар болмысын
көрсететін бейнесі, яғни
жұрттың сіз туралы
жинақталған ойы
• Әдеп (араб.: أدبадаб) қоғамдағы адамдар мінезқұлқына
қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы
6.
ИМИДЖӘДЕП
• сыртқы келбет, мінез-құлық, жүріс-тұрыс,
макияж, киім кию үлгісі, сөйлеу мәнері, ымишара, т.б.
• амандасу әдебі: ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге,
қызметкер бастығына амандасады, ер адамға қол
алысады.
• сөйлеу әдебі:тілдік ерекшеліктерді білу, сауаттылық,
тартымды, жағымды сөйлеу
• киім кию әдебі: ұқыпты, таза, үтіктелген, классикалық
стильдегі, ашық немесе қоңыр түсті шалбар,костюм,
белдемше, галстук, жейде
• іскерлік қарым-қатынас әдебі: өз ісіне
жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі ұстауы, сыпайылық,
өжеттілік, батылдық.
7.
5.Төмендегі суреттер сізге қандай ой қалыптастырды? Іскер адамның әдебі мен имиджінеқатысты тілдік бірліктер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіздер.
А.Адамның киіміне байланысты тұрақты сөз тіркестері:
өзіңізге жарасады, сізге құйып қойғандай, жарасымды, көз
тартарлық, сіздің мүсініңізге шап-шақ екен, өңіңізді ашады,
бұл түс сізге сондай жарасады, көз тартады, көзге қораш.
Ә.Сымбаты мен көркіне қатысты тұрақты сөз
тіркестері: көркіне көз тоймайды, сүйкімді жансыз,
жүзінен нұр төгілген, сымға тартқан күмістей, Сырдың құба
талындай, келбеті келген, көргеннің көзі тойғандай, тілмен
айтып жеткізе алмау.
8.
Б.Адамныңжүріс-тұрысына,
қозғалысына,
қимылына байланысты тұрақты сөз тіркестері
мен тілдік бірліктер: имең қағу, дедек қағу, елбек
қағу, бүкең қағу, талтайып тұру, аяғын жинап отыру,
тізесінен тік тұру, қошемет көрсету, құрақ ұшу, қисаю,
қалтасына қолын салу, бүйірін таяну, еңкею, бүкірею.
В.Атақ, даңқына, байлығына қатысты: даңғы жер
жарды, дәулетіне сәулеті сай, дәулеті асты, дәулетіне
мас болу, қалтасын толтыру, қаражатты жымқыру,
жемқорлыққа жол бермеу, тамыр-таныстыққа бой
алдырмау, бармақ басты, көз қысты, т.б.
9.
Г.Қарым-қатынас әдебі: мінезі сынық, ашықжарқын, мінезді, баурап алу, тартымдылық,
жылы шырай таныту, ізеттілік көрсету,
күлімсірей қарау, күлім қағу, мінезі ауыр, қабақ
түю, қабағы ашық, қабағы салбырады, қабағын
тыржитты, бетін шымшу, мұрнын шүйіре қарау,
ернін сылп еткізу, қолын шошайту, сұқ саусағын
көрсету, сөзге құлақ қойды, сөзге ұйыды аяғын
айқастыру, т.б.
10.
Ғ. Сөйлеу әдебі: сөзі түйедентүскендей, дөрекі сөйлеу, шұбарлап
сөйлеу, сленг, жаргондарды қоспай
сөйлеу, мәдениетті сөйлеу, сөзі майда,
даусы құлаққа жағымды, сөзге құлақ
бермеді, сөзінде байлау жоқ, сөзінің
пәтуасы жоқ, сыпайы сөйлесу,
күлімдеу, сөзді жүндей сабады.
11.
6.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің ішінен «имидж» және «әдеп» ұғымының мәнінашатын тілдік бірліктерді бөліп көрсетіңіздер. Екеуіне ортақ белгілерді анықтаңыздар.
• ізгілік нормалары, бет-әлпеті, киімі, ымдау, мимика, жүріс-тұрысы, дауыс ырғағы, мінезқұлық, этикалық тәртіп, сөйлеу мәнері, тәрбие, ізеттілік, макияж, сыпайылық, ибалылық,
адамгершілік, білім, этикалық талап, ұлттық мәдениет көрінісі, имандылық, ұлттық діл,
салт-дәстүр, сапалық ерекшелік, рухани байлық, құндылықтар, ауызша сөйлеу, дауыс
ырғағы, зерделілік, қызығушылық
ИМИДЖ
ОРТАҚ БЕЛГІЛЕР
ӘДЕП
12.
7. Тыңдалым алды тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөзтіркестеріне назар аударыңыздар.
• өмірлік ұстаным, жағымды имидж, сыртқы көрініс, көзқарас, ой-өріс, дауыс ырғағы, сөздік қор,
аксессуар, жүріс-тұрыс, ізгілік, табиғи макияж, киім кию үлгісі, дүниетаным, ішкі жан дүниенің
бірлігі, үйлесім, сөйлеу мәнері, қабақтың ашық болуы, дене сымбаты, түйілген қабақ, жүртқа әйгілі
болу.
• 8. Мәтінді тыңдаңыздар. Имидж түрлерін анықтаңыздар.
• 9. Берілген сөздермен сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем құрастырыңыздар.
• Имидж, мінез-құлық, киім, сөйлеу, макияж, маникюр.
• Мысалы: Имидж әсер етеді – Имидждің қалыптасуына дүниетаным әсер етеді деп ойлаймын.
13.
10. Имидж түрлерін берілген анықтамасыменсәйкестендіріңіздер.
1
Сыртқы имидж
а
Қызмет, дарын, атақ пен даңқтың шығуы, яғни жұртқа әйгілі болу.
2
Мимикалық имидж
ә
Киім, табиғи макияж, маникюр, аксессуар – сыртқы көріністің талапқа сай болуы.
3
Рухани имидж
б
Жүріс-тұрыс, қимыл-қозғалыс, дене сымбатына мән беру.
4
Материалдық имидж
в
Адамның өмірлік ұстанымы, көзқарасы, ой-өрісі, дүниетанымы.
5
Фондық имидж
г
Айнаға қарап, әр түрлі тақырыпта сөйлесуге жаттығу, жауар бұлттай түйілген
қабақпен емес, ашық қабақпен сөйлесу.
6
Вербалды емес имидж
ғ
Пәтер, машина, басқа да құнды мүліктің болуы
7
Кинетикалық имидж
д
Дауыс ырғағы, сөздік қор, сөйлеу мәнеріне мән беру.
14.
11. Көп нүктенің орнына іскер адамның имиджі мен әдебінеқатысты сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыздар.
• а) Іскер адамның сыртқы көрінісі ... сай болуы керек.
• ә) Іскер адамның киім кию әдебі..... , шашы .... болуы қажет.
• б) Іскер адам жүріс-тұрысына, ... , ...
мән беруі тиіс.
• в) Іскер адам ... сөйлейді, әр сөзін ... ... .
• г) Адамды ынтамен, .... тыңдайды.
• ғ) Сөйлеу мәнеріне, ..... мән беріп, ашық қабақпен, ..... сөйлесуі керек.
• д) Адамдармен тез тіл табысып, кез келген тақырыпта ... ... ... .
• е)
ж)Іскер
з)Іскер
...
...
адам
қандай
адамның
де
жағдай
болса
жүріс-тұрысы
жақсы
да
...
...
да
өзіне
біледі,
...
...
құлатпайды,
...,
әр
қолдана
...
айтпайды,
...
қадамы
ширақ,
алады.
тұрады.
....
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: киім киісіне, сөйлеу әдебіне, жинақы, талапқа, ұқыпты, орнықты, түсіндіреді, ықыласпен,
әңгіме өрбіте біледі, байыппен, орнымен, қанатты сөздерді, сенімді, уәдесінде, адамгершіліктің ақ туын, батыл, өтірік.
15.
• 12.Тұрақты сөз тіркестерін пайдаланып, іскер адамның сырт келбетіне, сөйлеу әдебіне, киіміне,бойындағы ерекше қасиеттеріне мақтау мен қошемет айтыңыз. Фразаларды пайдаланыңыз: сөзі майда,
дауысы құлаққа жағымды, қабағы ашық, ашық жарқын жүзді, көрген адамның көзі тоятындай, жүзі жылы,
жүзінен нұр тамған, күлкіңіз жарасымды, көз тартады, көз алмау, келбеті келген, келбеті келіскен жан,
даңқыңыз жер жарған, дәулетіне сәулеті сай, тартымды қылық, адамгершілігі мол, адамгершіліктің ақ туын
құлатпайтын, қадамы ширақ, батыл, тілмен айтып, жеткізе алмау.
• 13. Тыңдалым мәтіні бойынша екеуара сөйлесіңіздер. Мамандық иелеріне қатысты имидж бен әдеп түрін
анықтап, ойыңызды дәлелдеңіз.
• А.Педагогке тән имидж бен әдеп;
• Ә.Дипломатқа тән имидж бен әдеп;
• Б.Менеджерге тән имидж бен әдеп;
• В. Заңгерге тән имидж бен әдеп.
• Г.Журналистке тән имидж бен әдеп
• Ғ. Аудармашыға тән имидж бен әдеп
16.
Оқылым14. Мәтінмен танысыңыз. Қарамен берілген сөз тіркестерінің
мағынасын түсініп алыңыздар.
15. «Мемлекеттік қызметші бейнесі» кестесін толтырыңыздар.
имиджі
әдебі
тән қасиеттер
17.
• 16. Берілген сұрақтар төңірегінде ой бөлісіңіздер.1. Мемлекеттік қызметші неліктен этикаға мән беруі тиіс?
2. Этика мен имидждің қандай байланысы бар? Мемлекеттік қызметші үшін этика мен
имидждің маңызы қандай?Мысал келтіріңіздер.
• 17.Қандай әдеп жағымды, жағымсыз имидж қалыптастырады? Төмендегі фразаларды
жұмсалуына қарай жағымды, жағымсыз деп екі топқа бөліп орналастырыңыз: парызды
сезіну, қаржыны қалтаға басу, шиеленісті шеше білу, мемлекеттік тілді білмеу, мемлекет қаржысын
жымқыру, адамдарды сыйлау, тыңдай білу, қабақ түю, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөзінің пәтуасы
жоқ, сөзі майда, дедек қағу, сөзге құлақ қою, сөзге құлақ бермеу, көркіне көз тоймау, сөзді жүндей
сабау, мінезі шайпау, дәулетке мас болу, шыншыл болу, жұмсақ мінезді, көзге қораш, көргеннің
көзі тойғандай, қалбаң қағу, жылы жүзді, адал қызмет атқару, жемқорлыққа жол бермеу, бармақ
басты, көз қысты, келбеті келіскен, жауар бұлттай түнеру, қызмет қылу, ауызға үріп салғандай,
бүкшең қағу, ат үсті қарау, талап қоя білу, сезімін басқара білу, адамдармен жұмыс жасай білу, өзіне
сенімді болу, мұрын шүйіру, сөзі түйеден түскендей.
18.
• 18. Төмендегі тілдік бірліктер мен «тиіс, керек, қажет» модаль сөздерін пайдаланаотырып, мемлекеттік қызметшіге сипаттама беріңіздер: мемлекеттік тілде сөйлеу;
адалдықпен атқару; ынтамен тыңдау; ойын дұрыс жеткізе білу, сауатты сөйлеу, өзіне жоғары
талап қоя білу; талап қоя отырып, сұрай білу; өз бетінше шешім қабылдау; шиеленістерді
шеше білу; сөйлеу мәдениетін жетілдіру, адамдарды сыйлау; көмек көрсету; елге адал қызмет
ету; парызды сезіну; патриот әрі шыншыл болу.
Мемлекеттік қызметші
мемлекеттік тілде сөйлей білуі
қажет
Мемлекеттік қызметші
елге адал қызмет етуі
керек
Мемлекеттік қызметші
патриот, әрі шыншыл болуға
тиіс
19.
• 30.Лауазымға үміткер туралы оң көзқарас білдіріп, ұсыныс хат мәтінін толықтырыңыздар.• ... лауазымына үміткер ... ... ... .... қызметкер. Кәсіби шеберлігі ... . Білімі мен біліктілігін үнемі ... ... .
Қызметкерлермен .... жұмыс істей алады. Өзіне жүктелген міндеттерді ... . Міндеттерді орындау
барысында ол өзін ... ... ретінде көрсете алды. Өзінің ... , ... , көзге түсті.
• Сол себепті ... ... ... бөліміне ... ... қызметіне ұсынамын.
• 31.Жоғарыда берілген құрылым бойынша Қазақстанның Түркменстандағы елшілігіне бас консул
қызметіне Ербол Дарханның кандидатурасын қолдап, Сыртқы істер министрлігіне ұсыныс хат
жазып көріңіз.
• Ұсыныс хатқа төмендегідей мәліметтерді енгізіңіз: дипломат ретіндегі сырт келбеті, қабілеті, елшіліктегі
қызметі, тәжірибелері, жеке жетістіктері, т.б.
20.
Дұрыс қолданысДұрыс емес қолданыс
Жекеше түрде:
І. Менің мемлекеттік тілді білу-ім керек.
ІІ. Сенің мемлекеттік тілді білу-ің керек.
Жекеше түрде:
І. Мен мемлекеттік тілді білу керекпін.
ІІ. Сен мемлекеттік тілді білу керек-сің.
ІІІ. Ол мемлекеттік тілді білу керек.
ІІІ. Оның мемлекеттік тілді білу-і керек
Көпше түрде:
Көпше түрде:
І. Біз мемлекеттік тілді білу керек-піз.
І. Біздің мемлекеттік тілді білу-іміз керек.
ІІ. Сендердің мемлекеттік тілді білу-лер-ің керек.
ІІІ. Олардың мемлекеттік тілді білу-і керек.
ІІ. Сендер мемлекеттік тілді білу керек-сіңдер.
ІІІ. Олар мемлекеттік тілді білу керек.
Жекеше түрде:
І. Мен елге адал қызмет ету-ге тиіс-пін.
ІІ. Сен елге адал қызмет ету-ге тиіс-сің.
ІІІ. Ол елге адал қызмет ету-ге тиіс.
Көпше түрде:
І. Біз елге адал қызмет ету-ге тиіс-піз.
ІІ. Сендер елге адал қызмет ету-ге тиіс-сіңдер.
ІІІ. Олар елге адал қызмет ету-ге тиіс.
Жекеше түрде:
І. Мен елге адал қызмет ету тиіс-пін.
ІІ. Сен елге адал қызмет ету тиіс-сің.
ІІІ. Ол елге адал қызмет ету тиіс.
Көпше түрде:
І. Біз елге адал қызмет ету тиіс-піз.
ІІ. Сендер елге адал қызмет ету тиіс-сіңдер.
ІІІ. Олар елге адал қызмет ету-і тиіс.
21.
• 20. «Тиіс, керек, қажет» модаль сөздерін пайдалана отырып, мемлекеттік қызметші ретінде өзмонологіңізді құрастырыңыз. Өзіңізді таныстырыңыз. Монологтің басы берілді, жалғастырыңыз.
• Мысалы: Мен мемлекеттік қызметшімін. Менің аты-жөнім - ..... Мамандығым – дипломат. Менің
дипломат ретінде мемлекеттік тілді білуім қажет. Өз қызметімді адал орындауға тиіспін.
• 21. Жұптық жұмыс. Жағдаят бойынша екеуара сөйлесіңіздер.
• А.«Сіз басшысыз. Кабинетіңізге адам келіп кірді. Келген адамды қарсы алуыңыз қажет. Этикет талабы
бойынша қалай қарсы алатын едіңіз? Неліктен?
• Ә.«Қазіргі кезде қол беріп амандасудың орнына құшақтасып, сүйіп амандасу кең етек алып барады». Сіздің
ойыңызша, амандасудың осы түрі дұрыс па? Сіз өз әдептілігіңізді көрсетіп, қалай амандасатын едіңіз?
• Б. «Әдеп пен имидж екеуі екі бөлек дүние деп жатады. Мемлекеттің қызметшінің әдебі оның имиджін
қалыптастыра алмайды» деген пікір бар. Сіз бұған не дейсіз? Өз ойыңызды білдіріңіз.
22.
26. Ұсыныс хат анықтамасымен танысыңыз.Ұсыныс хат – белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа қызметкердің жалақысын өсіру,
дәрежесін көтеру, жоғары қызметке ұсыну т.б. туралы немесе еңбек нәтижесінің тиімділігін арттыру
мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы жазылған хат түрі. Кейбір ұсыныс хаттарда үміткер қызметкерді
белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасай отырып, аталған қызметкердің сол орынға
лайық екендігіне кепілдеме беру сипатында да жазылады. Әрбір ұсыныс хат үш негізгі компонентті қамтуы
керек:
Осы адамды білетініңізді және онымен қарым-қатынасыңыздың ұзақтығын түсіндіретін абзац немесе
сөйлем.
Адамды және оның дағдыларын/жетістіктерін бағалау. Мүмкін болса, адамның күшті жақтары мен
біліктілігін көрсететін нақты мысалдар ұсыныңыз. Бұл мысалдар қысқа, бірақ егжей-тегжейлі болуы керек.
Бұл адамға неліктен кеңес беретініңізді және оны қаншалықты ұсынатыныңызды түсіндіретін түйіндеме.
Ұсыныс хаттың құрылымы:
• бланктік хаттың құрылымы;
• мекеменің толық аты;
• мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі;
• мәтін;
• ұсыныс хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні, тегі.
23.
28. Төмендегі ұсыныс хат мәтінімен танысыңыз. Мәтінде қызметкердің әдебі менимиджіне
қатысты
қандай
мәлімет
берілген?
• Арынова Назира Қуатқызын барлық тапсырмаларды әрдайым адалдықпен және
ықыласпен орындайтын, компанияның міндеттерін әрқашан түсінетін қызметкер
деп санаймын. Назира Қуатқызы мінезі ашық, жайдары жан, сыртқы келбеті мен
іскерлік қабілеті үйлескен, жауапкершілігі зор тұлға ретінде өзінің шығармашылық
идеяларын тиімді ұсына білді. Ол біздің компания үшін бірнеше маркетингтік
жоспарды ойдағыдай жасады және бұл
табыстың өсуіне әкелді. Назира
Арынованың міндеттері негізінен маркетинг саласы болғанымен, компанияның
басқа салаларының дамуына атсалысып, өз көмегін тигізіп келді. Ол сатылым
өкілдері үшін бірнеше тиімді оқу модульін жазды және әр сатылым жиналысында
басқа қызметкерлерді жігерлендіріп, ынталандыруда жетекші рөл атқарды.
• Мен Арынова Назира Қуатқызын компанияның білікті қызметкері ретінде
маркетинг бөліміне жұмысқа ұсынамын.
• «Сана» маркетинг бөлімінің бастығы
Саматов Жанат Әрсенұлы
24.
• 33. Қолдау хат анықтамасымен танысыңыз.• Қолдау хат - жұмыс іздеушіге сондай-ақ жұмыс іздеушінің белгілі бір лауазымға
немесе компанияға жақсы үміткер болу себептерін түсіндіретін және оны
қолдайтын, кәсіби біліктілікке бағытталған хат түрі.
• Құрылымы:
Мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі;
Құжат атауы;
Мәтін;
Қолдау хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні, тегі.
25.
35. Жоғарыда берілген құрылым бойынша өз кәсібін ашқысы келетін жастарды қолдап,ұлттық кәсіпкерлер палатасына қолдау хат жазып көріңіз.
36. Қолдау хат пен ұсыныс хаттың қандай айырмашылығы бар?
қолданылатын тілдік бірліктерге тоқталыңыз. Қандай ортақтық бар?
Қолдау хат
Екі хатта
Ұсыныс хат
айырмашылық
Іскерлік
шеберлігін
жоғары Лайықты деп ойлаймын, ұсынамын,
бағалаймын,
оны
қолдаймын, қызметке, лауазымға ұсынамын...
кандидатурасын құптаймын...
ортақтық
26.
37. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, іскер адамның әдебі мен имиджіне қатысты ойларыңызды 5-6 сөйлемментүйіндеп қорытындылаңыздар.
«Киіміңе қарап, қарсы алып, ақылыңа қарап, шығарып салады»,
«Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім, жылқы жасы тісінен мәлім».
Тыңдамаған сөз жетім.
Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.
Жақсы адамның белгісі —
Аз сөйлер де, көп тыңдар.
Әдемі сөйлегеннің ісі әйбат.
Аз сөйле, көп тыңда, одан да көп ойлан.
Терек – жапырағымен,
Денең шүберегімен сұлу.
Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.
38.Имиджмейкер деген кім? Бұл мамандық туралы интернеттен ақпарат жинастырып, 2 минуттық бейнеролик
дайындаңыздар.