1.08M
Категория: БЖДБЖД

Өрт қауіпсіздігі

1.

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Орындаған: Сағымбаева Альбина
Мамандығы: Құқықтану 3-курс
Қабылдаған: Кадірешов Еркін

2.

Өрт – адамдардың өмірі мен
денсаулығына, адамдарға, қоғам мен
мемлекет мүдделеріне материалдық
зиян келтіретін бақылаусыз жану.
Өрт қауіпсіздігі – адамдардың,
мүліктің,
қоғам
мен
мемлекет
меншігінің өрттен қорғалу жағдайы.

3.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ӨРТТЕР:
Семей орманындағы өрт
2023 жылы 8 маусым күні сағат 12:03-те Семей
қаласынан 25 шақырымдай қашықтықтағы
Батпаев орман шаруашылығының 66 кварталында
өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт
найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан. Өртті тез
арада ауыздықтау мүмкін болмаған , оған себеп
«Семей Орманы» мемелекеттік орман табиғи
резерваты техникасы биік құм төбелері
орналасқан аймаққа жете алмады. Өрт орман
шаруашылығы орналасқан жерден қашықтығы 11
шақырымды алса, техника жеткенше өрт аумағы
20 гектарды құрады. Жоғары температура мен
қатты желдің салдарынан өрт 2 сағаттың ішінде
200 гектар аумақты шарпыған.
1.

4.

2.
Қостанай
облысындағы
өрт.
Қостанай облысында 2022 жылы 2 қыркүйекте сағат
15:10да Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде
орманда өрт шығып, жайыла бастаған. Кейін өрт
аумағы ұлғайып, жақын маңдағы бірнеше елді мекенді
өрт шалды. 1,8 мыңнан астам адам эвакуацияланған:
Озёрное (250 адам), Аманқарағай (1000 адам),
Калинино (228 адам), Лесное (363 адам). Төтенше
жағдай министрлігі өрт сөндіруге 36 градус ыстық пен
жел кері әсерін тигізіп жатқанын айтқан. Қостанай
облысындағы өрттерге тракторшы Александр Репейко
кінәлі деп танып, 1 жылға шартты түрде соттаған. Ол
тракторды жоғары қауіп көзі ретінде, ұшқын
сөндіргішсіз және ақаулы цилиндр-поршеньді топпен
жұмыс істеп, ормандардағы өрт қауіпсіздігі
ережелерін өрескел елемеуі салдарынан өрт шыққан.

5.

3. Жамбыл облысындағы әскери қоймадан
шыққан
өрт
2021 жылы 26 тамызда Байзақ ауданында әскери
қоймадан жарылыс болып, арты өртке ұласқан.
Жарылыстар мен өрттің салдарынан барлығы 18
адам қаза тауып, 98 адам жарақат алып, біреуі
жоғалып кетті. Детонация кем дегенде 10
жарылысқа әкелді. Жақын маңдағы ауылдардың
тұрғындары
шұғыл
түрде
эвакуацияланды.
Үйлердің шатырлары жарылыс толқынымен
қирады. Қоймада бір жыл бұрын өрттен жарылыс
болған арыс қоймасынан тасымалданған оқдәрілердің бір бөлігі болған. Бұл іске қатардағы екі
жауынгер шүберекті өртеп, қойманың терезесіне
лақтырды деп айып тағылып, әрқайсына 9 жыл бас
бостандығынан айыру туралы сот үкім шығарған.

6.

Өрттің пайда болу себептері:
- кез-келген от көздеріне немқұрайлы қарау (тасталған
сөндірілмеген темекі, жанғыш заттардың жанында от
жағу);
- өндірістік немесе тұрмыстық мақсаттағы электр
жабдықтарын пайдалану қағидаларын бұзу;
- пештерді пайдалану қағидаларын бұзу (тез тұтанатын
типтегі заттарды пайдалана отырып от жағу, оларды ұзақ
уақытқа қараусыз қалдыру және т.б.);
- тұрмыстық мақсаттағы ақаулы газ немесе электр
аспаптарын пайдалану;
- балалардың сіріңке ойындары;
- табиғи құбылыс (найзағай);
- қасақана өртеу.

7.

Өрттің пайда болу себептері

8.

Өрттің алдын алу үшін:
1.
2.
3.
4.
5.
Қоқыс құбырлары мен контейнерге сөндірілмеген сіріңке
мен темекіні тастамау;
Бүлінген немесе ақауы бар электр сымдары мен электр
заттарын қолданбау;
Балаларды отпен ойнауын алдын алу үшін оларға бұл
дұрыс емес екенін түсіндіру, жалғыз қалдырмау;
Тез жанатын заттардың жанында темекі шекпеу;
Тұрмыстық электр аспаптары мен газды қараусыз
қалдырмау керек.

9.

Өрт кезіндегі қауіпсіздік шаралары:
1. Өзіңізді сабырға шақырыңыз және 101 номеріне телефон шалып өзіңіздің аты-жөніңізді және
өрт орын алған жерді хабарлай отырып, өрт сөндірушілерді шақырыңыз және өрт дабылын
қосыңыз.
2. Өрт үй-жайдың ішінде орын алғанда есік-терезені жауып, электр құрылғыларды өшіріңіз,
өртті құм немесе сумен өшіруге тырысыңыз не өртсөндіргіш құралды пайдаланыңыз. Мүмкіндік
болса
қабарығаның
жоғарғы
жағына
су
шашыңыз.
3. Егер қоғамдық жерде, көпқабатты үйде немесе адамдар бар басқа бөлмеде болса, оларға өрт
туралы дереу хабарлау қажет. Мұндай жағдайларда өртті анықтаған адам басқалардың өміріне
жауап береді. Адамның дүрбелең тудырмауы маңызды. Сондықтан құтқарушылар бұл жерге
асығып
бара
жатқанын
ескертіп,
түсіндіру
керек.
4. Өрт орнынан кету үшін ең қауіпсіз жолды табуға тырысу керек. Ешқашан лифттіні қолдануға
болмайды. Егер өрт түтіні жоғарлай бастаса, дымқыл шүберекпен мұрныңыз бен ауызыңызды
жабыңыз.

10.

11.

Өрт кезіндегі алғашқы көмек:
Кішкентай
күйікке
алғашқы
көмек:
- терінің зақымдалған аймағын суық судың астына 10-15
минутқа қойыңыз немесе стерильді мұз пакетін жағыңыз;
-стерильді
таңғышты
жағыңыз;
-ауырсынуды
басатын
дәрі
беріңіз;
-қажет
болса,
дәрігерге
барыңыз.
Үлкен
күйіктерге
алғашқы
көмек:
-герметикалық
стерильді
таңғышты
жағыңыз;
-ауырсынуды
басатын
дәрі
беріңіз;
-бір стақан сілтілі-тұзды қоспаны беріңіз (бір шай қасық ас
тұзы және екі стакан суда ерітілген жарты шай қасық ас
содасы);
-жәбірленушіні ауруханаға жеткізу.

12.

Назарларыңызға
рахмет!!!
English     Русский Правила