Похожие презентации:
Гнесеологиялық оптимизм
1.
СӨЖ-2.«Гнесеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»:
скептицизмнің гнесеологиялық стратегия ретінде қазіргі
ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы
эссе-негіздеме жасаңыз.
Жоспар:
1. Таным түсінігі, сипаты, түсініктері.
2. Гнесеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм.
3. Скептицизмнің гнесеологиялық стратегия ретінде қазіргі
ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы
туралы эссе.
4. Қорытынды.
Орындаған:
2.
1. Таным түсінігі, сипаты, түсініктері.Таным теориясы танымдық ic-әрекет заңдары мен заңдылықтарын
зерттейді. Философия тарихында әрдайыморталық орындардың бipiн
философияның құрамдас бөліктері-гносеология немесе таным теориясы
аясында шешілетін таным проблемалары алып келеді. Әлемді тану
мүмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені философилық шешу
тарихи өзгеріп отырды, онда әрбір тарихи дәуірде жекелеген ғылымдар
жинақтаған дүние туралы білім деңгейі көрінді.
Философиялық білім араларында таным npoцeci мазмұны анықталатын
танымның субъект және объектісін қарыстырады.
Таным дегеніміз ойдың о6ъектіге мәңгі, шексіз жақындауы.
Танымның объектісі болып шындықтын өзi немесе оның субъектіден
тәуелсіз тіршілік ететін үзіндісі болып табылады.
Объект–қандай да бір затқа бағытталған әрекет. Объект – субъект
белсенділігі сіңірілетін өpic.
Таным субъекттісі болып өз тарихи дамуындағы адам және адамзат
болып табылады. Субъект өзін объектімен байланыстырып, материалдық,
мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект — мақсатты
болжап, шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де, дербес тіршілік
иесі. Алайда объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді танымдық
қатынасқа таным түсетіндіктен таным объектісі болады. Осынау ортақ бастау
ережелер өздерін ерекше түрде табиғи және әлеуметтік процестерін тану
жағдайында көрсетеді.
Қоғамның өзі таным субъектісі болады нeмece оны қалыптастырады
және ол субъект ретінде өз бойына белгілі әлеуметтік құрылымдарға,
олардың құндылыктары мен мүдделеріне деген субъект мазмұнының
элементтерін сіңіредi. Сондықтан әлеуметтік танымда субъект объектіге
айрықша қызығушылықпен, тіпті құштарлықпен қарайды.
«Объектіні зерттеу оңашаландырылған акт eмec; ол сипатына құндылықтар
мен ұжымдық-бейсаналық жігерлі импульстер әсер ететінбелгілі көнтексте
жүреді.
Танымдасезімдік және рационалдық танымның деңгейлері болады.
1. Сезімдік таным үш нeriзri формада жүзеге асырады: түйсік,
3.
қабылдау, елестету.Сезімдік таным адамның сыртқы дүниемен тікелей араласумен
байланысты.
1.1. Түйсіктер – қарапайым сезімдік бейнелер, жекелегенматериалдық
заттар мен құбылыстардың (түс, иіс, дыбыс т.б.) сапалардың, қасиеттердің
санадағы көрністерi. Түйсік негізінде сезімдік танымның неғұрлым күрделі
және неғұрлым биік түpi – қабылдау пайда болады. Ол қасиеттер жиынтығын
қамтып, заттың тұтас бейнесін береді.
Қабылдаудың тууына тек түйсік қана қатысып қоймайды, сонымен
қатаржады, ой, өткен тәжірибе де қатысады. Адам санасының қабілеті
жадыда сезімдік бейнелерді сақтап, қайта шығарып, үшінші сезімдік түpi –
елестетуді туғызады. Адам қабылдаулары мен елестернің қоймасы жадыдеп
аталады.
Түйсік,
қабылдау,
елестету
объективтік
әлемнің
субъективтіобраздары болып табылады. Олар мазмұны жағынан объективті,
түріжағынан субъективті, сезімдік таным танымның бiрінші және
қажеттісатысы болып табылады, бірақ ол заттардың құбылыстардың ішкі
мәніңтүсінуге
мүмкіндік бермейді.
Ол
міндетті жоғарғы түрі
абстрактылыойлау болып табылатын танымның келесі рационалды түріне
көтеріліпбарып шешуге болады.
Дамыту npoцeci үш түрлі негізгі формаларарқылы өтетін ойлау
мазмұны құрады: ұғым, пiкip, ой түйіндеу.
Ұғым-нақты заттар мен құбылыстардың неғұрлым жалпы,мәнді және
қажеттіқасиеттері, белгілері көрінетін ойлаудың түpi.
Пікір – түсінік байланысарқылы заттың өзге бұйымдармен қатысына
қарай олардың қайсыбірбелгілері, қасиеттері бар немесе жоқтығы
белгіленетін ойдың көрсетілутүрі. Неғұрлым терең және нақты білім алу
міндетін біз пікірменбайланысқан ой түйіндеуге келу арқылы шешеміз.
Ой түю тікелейбақылауға берілмей шындық саласына енетін жанама
білімге жатады.
Танымның сезімдік және рационалды жақтарының бipлiri–
құбылыстүciнiгiнен мәң түciнriнe өтy npoцeci. Танымның бір кезенінен
екінші кезеніне өтуді (әдеттегі де, ғылыми да танымда) сезімдік және
рационалды білім арасындағы, одан сана мен тәжірибе арасындағы
қайшылықтарды шешу арқылы сапалық секіруге ұқсатуға болады.
4.
Дүниеде бәрі қатынастылы дейтін қағида релятивизм деп аталады.Ақиқат
құнды
қасиет
ретінде
біздің
біліміміздің
мазмұнындағысубъектіден де, адамнан да, адамзаттан да тәуелсіз түciнiктep
арқылы сипатталады. Ақиқат ойымыздың, біздің дүние туралы біліміміздің
сол дүниеге, объективті шындыққа сәйкестігі ретінде анықталады. Ақиқатты
тануда, процесс ретінде және адамзаттын ақиқатты толық Taнуғaұмтылуы
арасында қайшылық бар. Ол қайшылық екі түрлі:
1) Көрінетін дүниенің өзi қайшылықты: шексіз, өзгермелі және
сонымен бірге аяқталған, тұрақты заттардан тұрады;
2) Ойлау қабілеті қайшылықты: ол өзінің танымдық қабілеті жағынан
шексіз және сонымен бірге ол танымдық мүмкіндіктері тарихи шектеулі
жекелеген адамдар, ұрпақтар арқылы жасалады.
Танымның бұл қарама-қайшылығын абсолюттi және салыстьрмалы
ақиқат түсінігі көрсетеді – бұлар диалектикалық бірліктеболатын ақиқат
түciнiгiнiң түрлі қырлары. Ақиқат әрбір тарихи кезеңдеобъектіні тек өзгеріп
отыратын белгілі деңгейде, жағдайда,қатынастарда көрсететіндіктен
салыстырмалы. Бұл тұрғыда ол толықeмec, мөлшерлі, объектінің барлық
мазмұны қамтымайды, алайда ондаәрдайым шындықтың, демек абсолютті
білімнің элементтері болады.
«Объективтік» термині субъект санасынан тәуелсіздікті білдіреді.
Бірақсонымен бірге ақиқат көрсетілу түрі жағынан субъективті. Оның
ғылымөрiсiнде
дайындалуы
сол
теорияны
қалыптастыратын
адамдардыңерекшеліктеріне байланысты болады.
Танымда абсолютті ақиқатқа жетумүмкіндігі туралы мәселе қойылады.
Абсолютті ақиқатқа қол жетпейді,өйткені әлем шексіз және түпсіз.
Абсолютті ақиқат ұстатпайды, ол қудаладаіы сағым секілді алға қарай арбап
отырады.
Ақиқаттың нақтылығытуралы сипаттамаға да әрбір жағдайды тұрақты
түрде өзгеріп отыратыншарттармен сәйкестігі тұрғысынан қарап отыру
талабынан сол көpiнicпeнбайланыстыруға болады. Біздің білімдеріміздің
объективтілігін, олардыңадамнан және адамзаттан тәуелсіздігін дәлелдеу
практикадажатқаның көрсету керек. Солайша, тeкcepy белгілері адам ойынан
тыс,практикада
жатады.
Тәжірибе
әрдайым
тарихи
жағынан
нақты,идеяларды құралдарда материалдандыруы шектеулі, сондықтан
5.
олардытексеру критерийлері ретінде салыстырмалыменпрактиканың өзара әсерлілігі де тарихи құбылмалы.
келеді.
Таным
Ғасырлар бойы адамның ойы бөлініп келе жатқан мәселелердің бірі —
"танымның қалай болатыны, дүниетаным ұстанымында дүние таныла ма?"
деген сұрақтарға жауап алу. Бүл оңай сұрақ емес. Расында, әлем шексіз, ал
адам шектеулі, тұйық, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле
ала ма? Бұл сұрақ түрлі формаларда үнемі философиялық ойдың серігі болып
келе жатыр. Осы сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш
негізгі түсінік бар; олар — '''скептицизм''', '''оптимизм''' ('''гностицизм''') және
'''агностицизм'''. Гностицизмді жақтаушылар танымның қазіргісі мен
келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені
тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар.
Скептиктер дүниенің ұстанымды танылуын жоққа шығармайды, тек
танымның дәйектілігіне күмән келтіреді.
2.1.
Скептицизм (грекше skeptikos - ойланушы, зерттеуші) баяғыдан
бері жалпы қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың
ақиқаттығына күмән келтіреді.Әлемдік философияда нақты мәденитарихи жағдайға сай және дүниені философиялық тұрғыдан түсінудің негізгі
жолдарына байланысты пайда болған скептицизмнің әр түрлі формалары бар.
Скептицизмәдетте ғылымдағы, таным процесіндегі күрделі бетбұрыстар,
теориялық нұсқамалардың (парадигмалардың) өзгеруі тұсында пайда болды.
Скептицизм негізінен ғылым саласында, таным процесінде орын алатын
ұстаным, сонымен бірге оның белгілі бір арнаулы өмірлік, тұлғалық ұстаным
ретінде де маңызы бар. Парасатты адам кез келген мағлұматты, пікірді,
идеяларды көзжұмбайлықпен жай қабылдай бермейді, ой елегінен өткізеді,
сынайды, күдіктенеді. Скептицизмнің орын алу себебі: таным — танылатын
затқа, құбылыс — мәнге, сөз — іске, теория — шындыққа сәйкес келе
бермейді, олардың арасында алшақтық болады.
Философия
тарихында
скептицизмнің
туындауында
дүниедегі
құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл-күйіне
және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп
болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем,
т.б.) бізге еңбектері жеткені Секст Эмприк (200 — 250).Скептицизмнің
мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға
келтіріңіз:көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп
жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса
да, тапқаны алтын екенін білмейді. Сол сияқты философтар да кең үй
6.
сияқты осы дүниеге ақиқатты табу үшін енеді; егер де олар ақиқаттытапса да тапқаны шынында да ақиқат па? Мұны біле алмайды”.
Қайта өрлеу дәуірінде скептицизм принципі ортағасырлық догматтық
ойлау, схоластиканы жоққа шығару бағытында болды. Француз философы
Рене Декарт (1596 — 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және
ғылымының негізін қалау ісінде шығарм. тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені
ойлау арқылы танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды:
“Ойлаймын, демек өмір сүремін”. Скептицизм құбылыстарға, болып жатқан
процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады. Бірақ
күдіктенумен шектелмей, ойлану, іздену, танып білу, түсіну арқылы
күдіктерді жеңе біліп, күмәннан арылу керек.
2.2.
Агностицизм[1] - (гр. ἄγνωστος - мойындамаушылық) –
объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа
шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін
шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен
заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық
ілім.Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты
айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Алайда ғалымның өзі
жаратылыстанушы ретінде табанды агностик бола алмады. Агностицизмнің
қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары. Д.Юм ілімі, И.Канттың
антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады.Сонымен
қатар,агностицизм (грекше a — емес, gnostos — білім) — дүниенің
танылмайтындығы туралы ілім. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам
әлемді тек бөлшектеп қана таниды немесе мүлдем тани алмайды.
Философияда алған бетінен қайтпайтын скептиктер мен агностиктер көп
емес. Философия әрқашанда дұрыс танымға қызығушылар мен
мүдделілердің ынтасын оятып, үнемі табиғат пен коғамның жаңа қырларын
ашып келеді. Агностицизмге қарсы салмақ ретінде біздің санамыздың
тәуелсіздігін негізге ала отырып, дүниенің ұстанымды түрде танылатынын
жақтайтын танымдық оптимизмді құрайтын философиялық ағым бар. Сана
— барлық өзге дүниеден тысқары емес, керісінше, оның дамуының заңды
нәтижесі және ағзалық құрамды бөлігі.
2.3.
Оптимизм философиясының негізіне дүниені ғылыми танудың
және коғамдық тарихи практиканың барлық тәжірибесі кіреді.
7.
3. Скептицизмнің гнесеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылымижәне қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе.
Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты
рөлатқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті
шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм
ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс
береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере
алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың
көп болған сайын көлеңке де қою.
Ежелгі грек философы Зенон туралы данышпандық аңыз бар.
Шәкірттері одан неге жиі күмәндана беретіні туралы сұрағанда, ол
диаметрлері әр түрлі екі шеңбер сызып, алдымен үлкен шеңберді, соңынан
кіші шеңберді көрсетіп тұрып былай деген екен: "Мынау үлкен шеңбер —
менің білімім, кішісі — сендердікі. Ал шеңберден тыс жатқандардың бәрі
белгісіз. Енді мынаған көңіл аударыңдар: сендердің білімдеріңнің белгісізбен
шекараласуына қарағанда, менің білімдерімнің белгісізбен түйісуі көбірек.
Сондықтан мен сендерге қарағанда көбірек күмәнданамын".
Ақиқатқа
бастайтын
күдік,
Л.Толстойдың
пікірі
бойынша,
"философиялық қинайтын күдік" болуы керек. Өзге жағдайларда скептицизм
арзандап кетеді және соқыр фанатизм болып шығады. Екінші жағынан,
жоғарыда айтылған агностицизмге ұласып кетеді. Алайда абсолютті
скептицизмді тұтастай танымның, ғылымның дамуы теріске шығарып отыр.
Мысалы, XIX ғасырдың кейбір абсолютті скептиктері: "Адамзат ешқашан
Күннің химиялық құрамын біле алмайды", — деген еді. Олар мұны мәлімдеп
болғанша, спектрлік анализ Күннің құрамын айқындап берді.
Жаңа құбылыстардың сырын танып білуде тағы да скептицизмге
жүгініп, осылайша шындықты іздеу жолы шексіз ізденістен тұрады. Абай
“Анау айтса анаған, мынау айтса мынаған” сене беретін, ере беретін,
“ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты” деп далақтап шаба
беретін парықсыз адамдарды сынға алды.
4. ҚОРЫТЫНДЫ.
Таным үдерісі бір-бірімен байланысқан көп түрлі формаларда жүзеге
асырылады. Олардың ішіндегі негізгілері мыналар: Адамзат тарихының
алғашқы баспалдақтарында табиғат туралы, сонымен қоса адамдардың
өздері, олардың өмірлік жағдайлары, қатынастары, коғамдық байланыстары
8.
туралы қарапайым ақпарат беріліп, шамалы практикалық таным пайда болдыжәне қазірге дейін өмір сүріп келеді. Адамдардың күнделікті тәртібі,
олардың табиғатпен және өзара қатынастарының негізін құрайтын
тұрмыстық таным деп аталған форма осындай танымның нәтижесі болып
табылады. Танымның тарихи формаларының біріне ойын арқылы тану
жатады. Тек балалар ғана емес, ересектер де дүниені ойын арқылы таниды
екен: спорт ойындары, іскерлік ойындар, цирктегі, театрдағы, эстрада
ойындары, т.б. Ойын арқылы адам мол білім қорын алады, біздің
заманымызда ойын ғылымда және өндірісте кең қолданылады. Ғылымитехникалық және практикалық мәселелерді шешу мақсатында ойын
сценарийлері мен модельдері қарастырылады. Балалардың рухани дүниесін
қалыптастыруда ойын арқылы танудың ерекше маңызы бар. Танымның
ежелгі формаларына: аңыздық және діни танымдар жатады. Алғашқы
танымдық форма шеңберінде табиғат туралы адамдардың өздері және
олардың өмірлік жағдайлары туралы біршама білімдер жинақталды. Тұтастай
аңыздың таным, әрине, шынайылықтың ғажайып бейнесі ретінде көрініс
береді. Аңызға адамның қоршаған ортадан өзін алып шыға алмауы,
құбылысты табиғи себептермен түсіндіре алмауы тән. Діни таным болса, ол
дүниетанымның бір формасы бола тұра, шешуші дәрежеде адамның өмірі
мен оны қоршаған дүниеге өсер ететін, табиғаттан жоғары, ғажайып
күштердің бар екендігін негізге алады. Дін мынадай негізгі мәселелерді
зерттейді: әлемнің пайда болуы; табиғи құбылыстарды түсіндіру; адамның
өмірі, тағдыры, өлімі; адамның қызметі және оның жетістіктері, адамдық
парыз, мораль және адамгершілік мәселелері. Дін қабылдаудың бейнелікэмоциялық, сезімдік-көрнекілік формаларына сүйенеді. Сенуші адам шынайы
эмоциямен Құдайды өзінше "көреді" және діни бағыттардың ерекшелігіне
байланысты түрлі суреттерді елестетіп, жан күйзелісін басынан кешіреді.
Негізгі дүниежүзілік үш — ислам, христиан, буддизм діндері мен синтоизм,
индуизм сияқты ұлттық діни жүйелер бар. Діни таным, нағыздықтың
ғажайып бейнеленуі бола тұра, ол туралы белгілі бір білімдерді жинақтайды.
Мысалы, Інжіл мен Құранда діни білімдермен қоса, ғасырлар бойы
адамдардың көптеген ұрпақтары жинақтаған өзге білімдер де бар. Сонымен,
аңыздар шеңберінде танымның бейнелік формасы пайда болған екен. Бұдан
әрі ол өнерде мейлінше дамыған сипат алды. Өнер туындысының кез
келгенінің мазмұнында әрқашанда түрлі халықтар мен елдер, олардың
ғұрыптары, әдебі, тұрмысы, сезімдері, ойлары туралы мағлұматтар болады.
Музыка, театр, бейнелеу өнері көркем туындыларынан осыларды көруге
болады. Бұл дегеніміз — өнер адам танымының, оның дүниені игеру
формаларының бірі екенін көрсетеді.