Похожие презентации:
Европалық XVII-XVIII ғғ. Жаңа дәуір философиясы
1. ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
ПӘН: ФИЛОСОФИЯ№6 тақырып
ЕВРОПАЛЫҚ XVII-XVIII ғғ.
ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫ
(2 сағат)
Орындаған: ЖГДФ ассоц. профессоры
Ақбаева Л.Н.
Алматы 2015
2. ДӘРІС ЖОСПАРЫ (1 сағат)
1. ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2. Ф. БЭКОН ФИЛОСОФИЯСЫ.
3. Т. ГОББС ФИЛОСОФИЯСЫ.
4. ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ МОНИЗМ. Р. ДЕКАРТ ФИЛОСОФИЯСЫ.
(2 сағат)
5. Б. СПИНОЗА ФИЛОСОФИЯСЫ.
6. Г. ЛЕЙБНИЦ ФИЛОСОФИЯСЫ.
7. ДЖ. ЛОКК ФИЛОСОФИЯСЫ.
8. ДЖ. БЕРКЛИ МЕН Д. ЮМНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК
ИДЕАЛИЗМІ.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР.
3. 1. ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
•Жаңа дәуір (17-18 ғғ.) – XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында алдыңғықатарлы Батыc Еуропа елдерінде жаңа капиталистік өндіріс тәсілі пайда болып,
феодалдық қатынастардың ыдырауы қоғамның рухани өміріне түбегейлі өзгерістер
алып келген заман.
• Бұл дәуірдің басты идеологиясы – «Еңбек етсең, табысқа жетесің». Қоғамдық ойда
табиғи құқық теориясы өмірге келді. Оның басты қағидалары: а) жазалау әділеттілігі;
б) контрактық этика – шарттарды орындау мәдениеті; в) бөлінбейтін құқық идеясы.
• Ғылымда екі әдіс пайда болды: эксперименталдық және аксиологиялық-дедуктивті,
олар көбінесе математика мен механикада дамыды.
Философияда пайда болған бағыттар: рационализм, сенсуализм, субъективтік
идеализм, солипсизм, механикалық-метафизикалық материализм, эмпиризм.
Рационализм (лат. рацио – ақыл-ой) – танымның бастауы тек қана ақыл-ой. Жаңа
заманның жалпы философиялық парадигмасы. Негізін қалаушы – Рене Декарт.
Өкілдері: Г.Лейбниц, Б.Спиноза, Б.Паскаль.
Сенсуализм (лат. sensus – сезім) – танымның бастауы тек қана сезімдер.
Негізін салған Джон Локк.
Субъективтік идеализм – Олар дүниенің бар екендігін тек субъектінің санасына
тәуелді етті, яғни субъект бір нәрсені қабылдамаса – ол жоқ. Өкілдері: Дж.Беркли, Д.Юм.
Солипсизм (лат. solus - жалғыз, ipse – өзі) – тек қана адам мен оның санасының
объективті өмір сүретіндігін мойындап, қалған дүниені жоққа шығарды.
Негізін салушы – Д.Беркли. Бұл ағым ғылым мен адамның іс-әрекетін жоққа шығарды.
4. 1. ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Механикалық-метафизикалық материализм – барлық өзгерістерді механиказаңдарымен дәлелдеп, дүниені қатып қалған құбылыс деп қарастырады.
Негізін салушы – Ф.Бэкон.
Эмпиризм - тәжірибе арқылы ақиқатқа жетуді қолдайтын бағыт. Негізгі қағидасы:
адамның барлық білімі тәжірибеге негізделеді. Негізін салушы – Ф.Бэкон.
РАЦИОНАЛИЗМ
5. 2. Ф. БЭКОН ФИЛОСОФИЯСЫ
•Фрэнсис Бэкон (1566-1626 жж.) – филсофияда механикалық-метафизикалықматериализм мен эмпиризмнің негізін алғашқы қалаушылардың бірі ретінде саналы
түрде табиғатты түсіну мен байқау негізінде ғылыми әдістемелерді жете зерттеуге
кіріскен ағылшын философы. Басты еңбектері: «Ғылымдардың қадірі және көбеюі
туралы», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантиданы».
Бэкон «Жаңа Органон» еңбегінде табиғатқа деген материалистік көзқарасты және
индуктивтік таным тәсілінің таным үдерісіндегі алатын орнын дәлелдеді.
•Оның қияли «Жаңа Атлантида» еңбегі үлкен маңыздылықка ие болады. Бұл
еңбегінде ол, бәрінен бұрын, ғылым мен техниканың өндірісті, материалдық
молшылық пен қоғамды жан- жақты дамытудағы атқаратын маңызын көрсетті.
Танымның ең жоғарғы мақсаты – табиғатты игеру мен адам өмірін жетілдіру, шыңдау.
«БІЛІМ – КҮШ», дегенмен ол табиғат құбылыстары зерттеулеріне сүйенсе және өзі
табиғатқа «бой ұсынып, бағынса» ғана «күш» бола алады.Оның әр алуан түрінің
көрінісі болатын материя – философияның зерттеу объектісі.
«Табиғатты тануға болады, алайда таным жолында адамдардың санасын бүлдіретін,
ластайтын көптеген кедергі, адасушылық бар», – деп, ол осы адасудың
төрт түрін – төрт түрлі «идолды» (жалған бейне) немесе елесті ажыратады.
Бұлар: «ТЕК ИДОЛЫ», «ҮҢГІР ИДОЛЫ», «БАЗАР ИДОЛЫ», «ТЕАТР ИДОЛЫ».
6. ФРЭНСИС БЭКОН
ИДОЛДАРТЕК (ТҰҚЫМ)
ҮҢГІР
БАЗАР
ТЕАТР
7. 2. Ф. БЭКОН ФИЛОСОФИЯСЫ
«Тек идолы» әлем туралы жалған түсініктерге әкеледі және адам ақылының,сезім мүшелерінің шектеулі салдарынан туындайды.
Заттар табиғатына өзінің жеке табиғи болмысын араластырған адам әлемнің ақиқат
көрінісін бұрмалайды. Сондықтан сезімнің көрсетуін әр уақытта затпен, табиғат
• Француз
ғалымы
әрі философы
денелерімен салыстырып, олардың дұрыстығын
тексеріп,
танымға
«тек елестері»
Рене Декарт бірінші орынға ақылтигізетін зиянды азайту керек.
қойып, тәжірибенің
рөлін
«Үңгір идолы» – жеке адамға тән ақиқаттың, ойды
шындықтың
жалған қабылдануы
төмендетті-оны
ақыл-ой
немесе адамның өзіндік
адасуы.
нәтижелерін
жай практикада
Әрбір адамның табиғат құбылыстарын, өз пікірін
пайымдауын
бұрмалайтын ішкі
тексеру
депбір
қарады.
субъективтік әлемі (өзіндік үңгірі) болады. «Әрбір
адам ғана
белгілі
жерде, отбасында
дүниеге келіп тәрбиеленеді, ересек адамға айналады... Біреуі кедей, екіншісі ауқатты
отбасында өседі, соған сәйкес білім алуға, өмірден
орнын
табуға
мүмкіндіктер
алады.
• Декарт
таным
процесінде
тәжірибе
Бұл адамның болашақ тағдырына зор ықпалын
тигізеді.
Ол өзі қалыптасқан
шешуші
рөл атқармайды,
«үңгірден» дүниеге қарайды, «табиғаттың сәулесін
бұрмалайды».
сондықтан
түгелдей ақыл-ой о
«Базар идолы» – бұл көп жағдайда ауызекі тілде
кең тараған
қолайсыз
сөздерді
бастан-ақ
идеяларға
арқа сүйеуі
қолданудың салдары болатын жалған түсініктер.
қажет деп санады.Демек, ол
Бір сөзге адам жиі-жиі әр түрлі түсінік, мазмұн береді, бұл нәтижесіз, бос айтыстарға
рационализмді жақтады.
әкеледі және дүниетанымын қиындатады.
«Театр идолы» – әр түрлі философиялық көзқарастар сын көзбен қарамай қабылдау
негізінде пайда болатын, әлемнің ойдан шығарылған көрінісін бейнелейтін жалған түсінік.
«Идолдар» сынында Бэкон адам санасын схоластика қалдықтарынан құтқаруға,
табиғатты ғылыми зерттеу объектісіне айналдыруға талпынды.
8. 2. Ф. БЭКОН ФИЛОСОФИЯСЫ
• Бэкон философия мен ғылымның дамуына тигізетін жаратылыстанудың маңызынаерекше көңіл аударды. Жаратылыстану – барлық ғылымның анасы. Алайда, ол
теориялық «ақиқаттың екіжақтылығы» көзқарасында тұрды.
• Сезімдік тәжірибені адам білімінің бастауы деп түсіндірген Бэкон адам парасатының
түйсік сезімінен басталуы керек деп санады. Ол тәжірибе арқылы зерттеу жүргізудің
маңыздылығын жария етеді. Сондықтан білімнің прогрессивтік дамуының алғышарты
болатын ұғым, түсініктерді қалыптастыратын талдап қорыту тәсілдерін жетілдіру
маңызды.
• Талдап қорыту дегеніміз – индукция, яғни тексерудің жалқыдан жалпыға қарай
даму әдісі. Индукция түйсіктен, жеке фактілерден басталып,
аяқ басқан сайын жетіліп, секіріссіз нағыз жалпы ой желісі, ережеге жетеді.
Бэконның өмірге енгізген таным тәсілінің мәні: 1) фактілерді зерттеу; 2) оларды
жүйелеу және топтастыру; 3) керексіз фактілерді шығарып тастау; 4) құбылыстарды
құрамдас бөліктерге ажырату; 5) фактілерді тәжірибе жүзінде тексеру;
6) қорытындылаудан тұрады.
Бэкон эмпиристік тәсілмен қатар, адам танымы (ес, елестету, ақыл) қабілеттерінің
айырмашылығына негізделген ғылымдарды топтастырып, жүйеге келтірді. Ес
жаратылыстық және азаматтық тарихтың негізінде жатса, елестету поэзия негізінде, ал
ақылға математика, жаратылыстану ғылымдары мен философия сүйенеді.
•Танымның басты мақсаты – заттардың себептерін ашу. Себептер әрекетті, яғни
мақсатты болады. Физика әрекеттегі себепті зерттейді, ал метафизика мақсатты
немесе соңғы себепті карастырады.
9. 3. Т. ГОББС ФИЛОСОФИЯСЫ
• Томас Гоббстың (1588-1679 жж.) философиялық ілімі – Бэкон философиясынанбастау алатын дәйекті материализм. Негізгі еңбектері: «Азамат жөнінде»,
«Левиафан, материя, шіркеу мен азаматтық мемлекеттің билігі мен бітімі». Ол
«Левиафан» еңбегінде философия ғылымының зерттеу тақырыбы табиғат пен адам деп
есептейді. Философияның бастауы – парасат, ал діннің бастауы – шіркеу беделі.
Гоббстың ойынша, әлем – материалдық дара субстанция, барлық тіршілік иесі осы
субстанцияның көптеген түрін құрайды. Материя мәңгі, ол пайда болатын және жоғалатын
жеке денелерден тұрады. Кез келген дененің ұзындық, ендік және биіктік өлшемдері бар.
Әлем материалдық денелерден, әрбір дене жазықтықтан, жазықтық сызықтардан, ал
сызық материалдық нүктелердің жиынтығынан құралады. Сонымен, материя –
сапалық қасиеттерінен айрылған, тек мөлшерлік қатынастарда ғана
айырмашылығы көрінетін біртектілер.
Материя қозғалысын механикалық түрде түсінген Гоббстың таным теориясы оның
материалистік көзқарасын білдіреді. Әлемнің танымдылығын мойындаған
түсінігінде объективтік дүние – адам білімінің бастауы, танымның негізі – «идея».
Объективтік дүниені сезімдік қабылдаулар, идеялардың бастауы деп санаған Гоббс туа
біткен идеялар туралы білімге қарсы шығып: «Кез келген идея туа біткен бола
алмайды, өйткені тек идеялардың емес, барлық танымның бастауы сезімдік
қабылдаулар туындысы болады. ...қоршаған әлем денелерінің адамға әсерінен ең
алғашқы идеялар өмірге келеді. Таным түйсіктен басталып, парасатпен аяқталады.
Алғаш пайда болған идеялар алдағы уақытта парасаттың белсенді қызметінің үш
түрлі тәсілдерімен қайта өңделеді, олар: салыстыру, үйлестіру, идея бөлінісі», –
дейді.
10. ТОМАС ГОББС
11. 3. Т. ГОББС ФИЛОСОФИЯСЫ
•Гоббс ойынша адамның табиғатынан туындайтын моральдық қасиеттеріөзімшілдікке негізделген. «Адам табиғаты қомағай, тойымсыз, қорқақ, долы...
хайуандыққа толы. Қоғамдық пенде ретінде пайда мен мансап іздейді, тек өзін ғана
сүйеді», – дейді. «Жақсылық пен жамандық, игілік пен залымдық деген не?» деген
сұраққа: «Жақсылық, игілік» деген сөздер бізге ұнайтын, пайдасы барды, ал
«залымдық» деп оған қарама-қарсы нәрселерді көрсетеміз», – дейді. Мұндай мораль
саласындағы көзқарас утилитаризм деп аталады.
•Адамның еркі мәселесіне де үлкен көңіл бөлінеді. Бір жағынан, адам ерікті болса,
екінші жағынан, қоғамдық қажеттіліктен аттап кете алмайды. «Өзендегі судың ағысы
ерікті де қажетті, дегенмен ол арнасынан шығып кете алмайды. Адам да сол
сияқты», – деп қорытады ойшыл.
Гоббстің мемлекеті – ол «Левиафан» немесе «жасанды дене», ол адамдар жасаған
келісім-шарт негізінде пайда болады. Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жекеменшік
те, мораль да жоқ, тек адамдардың табиғи құқығы ғана бар. Ол өзінің өмірін сақтау
үшін қандай әрекет жасаса да, шектеу қойылмайды.
Осындай жағдайда «бәрінің бәріне қарсы соғысы» (“война всех против всех”) басталады.
Адамдар бір-біріне қасқыр тәрізді өмір сүреді. Адамдардың өз-өздерін құрту қаупі
туып, табиғи жағдайдан азаматтық, мемлекеттік деңгейге көшу қажеттілігі
туындайды. Сондықтан олар өздерінің құқығының белгілі бір бөлігінен ерікті түрде бас
тартып, оны бір орталыққа бағынған билікке береді. Мемлекеттің пайда болуымен
адамдар табиғи қалыпта пайдаланған құқықтарынан өз еркімен бас тартып,
«жаратылыстық қалпынан» шығып, келісім бойынша, өздерінің қауіпсіздігіне кепілдік
алады. Осындай қоғамдық келісім-шарттың негізінде мемлекет дүниеге келеді.
12. 4. ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ МОНИЗМ. Р. ДЕКАРТ ФИЛОСОФИЯСЫ
•Француз философы Рене Декарттың (1569-1650 жж.) философиялық жұмыстарыкелелі әдістемелік мәселелерге арналған. Негізгі еңбектері: «Әдіс туралы әңгіме»,
«Философияның бастаулары».
Декарт философия тарихында дуалистік философияның негізін қалаушы. Оның
философиялық құрылымы дербес екі субстанция – материя мен рухты,
дене мен жанды мойындау ретінде қалыптасады. Ғаламды Құдайдың жаратқанын
мойындаған ол, оның екі дербес субстанциядан – рухани мен материалдықтан тұратынын
мақұлдайды. Материяның ажырамас қасиеті, денелік субстанцияның атрибуты –
созылып жатуы, ұзындығы, ал рухани субстанцияның атрибуты – ойлау деп есептеді.
Декарт ойынша, адам – материалдық пен рухани субстанциялардың, жан мен
тәннің механикалық қосындысы. Адам ағзасының (шишковидная железа)
қозғалысы оның денесіне, ал ойы тек жанына тәуелді. Бұлар өз бетінше өмір сүретін
субстанциялар ретінде, «Философияның бастауында» тек өзіне-өзі керек зат есебінде
анықталады. Ал Құдай жетілген субстанция ретінде қарастырылады, ол «өзі-өзімен»
өмір сүреді, оның «өзіндік» себебі бар.
Декарттың дуализмі оның таным теориясы мен әдіснамалық іліміне әсерін
тигізді. Таным үдерісінде адам парасаты сезімдік заттарды керексінбейді, өйткені
ақиқат білім парасаттың өзінде, парасатпен жететін елестету мен түсініктерде
болады деген пікірді білдіреді.
13. РЕНЕ ДЕКАРТ
14.
3. РЕНЕ ДЕКАРТ ФИЛОСОФИЯСЫ15. 4. ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ МОНИЗМ. Р. ДЕКАРТ ФИЛОСОФИЯСЫ
• «Танымның бастауы – тәжірибе, сезім көрсеткіштерін керек етпейтінинтеллектуалды интуиция» деген ол, танымның жалғыз әдісі дедукция болады деп
көрсетеді. Түйсік, ойдың нәтижелері шынайы білім болмайды. Сондықтан таным
күмәнданудан басталуы керек дегенді айтады. Күмәндану – ойлаудың, күмәншіл
ойдың әрекеті. «Ойлаймын, олай болса, мен өмір сүремін» – деген тұжырымға келген,
анық, шынайы танымның болатынына сенімді Декарт оған дұрыс жолды іздейді.
Декарт пікірінше танымның ақиқаттығы туа біткен идеялармен байланысты.
Бұлар дайын ақиқаттар емес, дегенмен оны тануға парасат бейімді.Танымда басты рөл
түйсік, сезімге емес, парасатқа тиесілі. Парасаттың алғашқы болатынын және
тәжірибенің сезімдік мәліметтерден тәуелсіздігін дәлелдген Декарт, өз
рационализмін тұжырымдайды.
Егер «сенімді әдістен бастау алса, парасат ақиқат білімге сөзсіз қол жеткізеді».
Декарт рационализм негізінде төрт түрлі ережені қисынға келтіріп,
әдіс туралы ілімін жасайды:
1) Ешқандай күмән тудырмайтын танымның саралығы, айқындығы;
2) Зерттелетін кез келген сұрақты түсінікті болғанға дейін көптеген бөлікке бөлу;
3) Ең қарапайым ұғымнан бастап, бірте-бірте ең қиынға жету тәртібімен ойлау;
4) Танымның толықтығы – маңызды болатынның ешқайсын назардан тыс қалдырмау.
Декарт дедуктивтік әдіспен әлем туралы барлық білімді логикалық дәлелдеп шығуға
болатынын мәлімдейді.
16. 5. Б.СПИНОЗА ФИЛОСОФИЯСЫ
•Бенедикт Спиноза (1632-1677 жж.) философиясы – XVII ғасырдың маңыздыілімдерінің бірі. Негізгі еңбектері: «Ақыл-ойды жетілдіру жөніндегі трактат»,
«Этика», «Саяси трактат» т.б. Өзінің басты шығармасы – «Этикада» ол Декарттың
дуализмін сынға алып, әлемнің материалдылығы туралы монистік ілімді жарыққа
шығарды.
Спиноза ойына қарағанда, заттар табиғатында екі субстанцияның болуы мүмкін емес
екенін, бір субстанция екіншісінің себебі бола алмайтынын түсінеміз.
Субстанция – Спиноза философиясының бастапқы түйінді ойы. Ол табиғаттың «өмір
сүру қабілетінің абсолюттік шексіз» болатынын және оны өз болмысында сыртқы
себептерді қажетсінбейтін субстанция ретінде қарастырады. Тек қана табиғат немесе
субстанция қажетті түрде өмір сүреді, ол өзіне-өзінің себебі болады.
Табиғаттан тыс, ешқандай бөлек себеп өмір сүрмейді.
«Жасампаз, жаратушы табиғатты» Құдай деп атап, табиғат пен Құдайды
теңестіріп, бір-біріне сіңіріп, өзінің атеистік көзқарастарын пантеизм (Құдай мен
табиғатты теңестіруші ілім) түрінде көрсетеді. Оның пікірінше, табиғат дегеніміз –
себеп пен салдар, мән мен өмір сүру, ол мәңгі және шексіз. Табиғат – өзіне-өзі себеп
болатын субстанция, өз мәнінен туындайтын мәңгі болмыс деп анықталады.
Табиғат
субстанция ретінде негізгі, бөлінбейтін қасиеттері – атрибуттарымен көрініс
табады. Субстанция шексіз, сондықтан оның атрибуттары да сансыз көп. Бірақ, адам
осы көптің ішінен екеуін: созылып жатқан ұзындықты және ойды таниды.
Субстанцияны оның атрибуттарынан тыс елестетуге, ойлауға болмайды.
Спиноза субстанция атрибуттарын өзгермейтін мәңгі қасиеттер деп анықтайды.
17. БЕНЕДИКТ СПИНОЗА
18. 5. Б.СПИНОЗА ФИЛОСОФИЯСЫ
• Субстанцияда шекті, әр кез қалыпты өзгерістерде болатын жеке заттарды ажыратукерек. Жеке, шектеулі заттардың барлық жиынтығын Спиноза модус деп атайды. Егер
субстанция өзімен-өзі дара өмір сүрсе, шексіз көп модус басқаларға тәуелді, оның
өмір сүруіне өзгелер себепші болады. Табиғат, субстанция толық тыныштықта өмір
сүрсе, модустар әлемі шектеулі, өзгерістерге ұшырап, үздіксіз қозғалыста болады.
Субстанция мәңгі және өзгермейді, сондықтан қозғалыс субстанциясының атрибуты
болмайды. Мәңгі қозғалмайтындықтан, уақытқа ешқандай қатысы жоқ, бастауы да,
соңы да жоқ.
Спинозаның ойынша, қозғалыс, сонымен бірге, тыныштық – мәңгі шексіз модус
ретінде жылжымайтын субстанция мен өзгергіш дара заттар арасын байланыстырушы.
Субстанциялар мен жеке заттардың арасындағы байланыстың осындай түсінігі
имманенттік (имманентті – заттың өзіне іштей теңдігі) және сыртқы себептіліктерді
қарама-қарсы қоюдан өз көрінісін табады.
«Имманенттік себептілік, – дейді Спиноза, – субстанция табиғатына тән, өйткені
ол – өз-өзінің және модустардың барлық жиынтығының себебі. Сыртқы себептілік
жеке модустарға тән, өйткені ол (сыртқы себеп) оның (модус) мәнінің
қажеттілігінен туындамайды, тек басқа шектеулі модустың себебімен
анықталады».
• Спиноза әлемдегі қажеттіліктің абсолюттік үстемдігін қолдап, кез келген объективтік
түрде кездесетін кездейсоқтықты теріске шығарады. Оның ойынша, адамдар бір
нәрсенің пайда болуы мен өмір сүруінің себептерін білмей, оны кездейсоқ деп атайды.
19. 5. Б.СПИНОЗА ФИЛОСОФИЯСЫ
• Шектеулі заттар әлемінің дара субстанциядан айырмашылығы – оның себебі, мәніөзінде емес, басқа шектеулі заттарға тәуелді, сондықтан олардың әрқайсысы кездейсоқ
бола алады. Осыдан Спиноза жеке заттарға қатысты абсолюттік қажеттілікті
кездейсоқтықпен толықтарады.
Таным туралы ілімінде Спиноза рационализмді дамытып, танымды үшке бөледі.
1. Сезімдік танымды жеткіліксіз, бұлыңғыр, шынайылығы жоқ деп көрсетеді.
Жеке заттардың қасиеттері туралы үстірт түсінік беруге қабілеттілік – сезімдік
танымның басты белгісі. Демек, сезімдік таным – білімнің ең төменгі сатысы.
2. Ақиқат таным парасатқа негізделуі керек, өйткені парасаттағы
идея байланысы әлемдегі заттар байланысына және тәртібіне сәйкес келеді.
3. Білімнің ең жоғарғы түрі – интуициямен ашылатын білім,
яғни ақылдың тікелей пайымдауы. Адам сезімдік және ес танымынан тәуелсіз
интуицияның көмегімен субстанция түсінігін ұғынады.
Тұтас алғанда, Спиноза барлық танымды сезімдік және парасаттық деп екі түрге
бөліп, оларды қарама-қарсы қойды.
20. Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.) – ғылым дамуына үлкен үлес қосқан неміс ғалымы. Негізгі еңбектері: «Адам зердесі жөніндегі жаңа тәжір
6. Г.ЛЕЙБНИЦ ФИЛОСОФИЯСЫГотфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.) – ғылым дамуына үлкен үлес қосқан
неміс ғалымы. Негізгі еңбектері: «Адам зердесі жөніндегі жаңа тәжірибелер»,
«Теодицея», «Монадология». Философиялық көзқарастары «Монадалогия»
еңбегінде баяндалған. Ол бар Ғаламның сансыз көп рухани субстанциялар –
монадалардан
тұратынын
көрсетеді.
Монада – бүтін құрамның жеке бөлігі, қарапайым мән.
Кез келген субстанция, күш, монада – болмыстың «бөлігі» болады. Өз табиғатында рухани
монадалардан Лейбниц барлық заттардың құрылымын, құрамдас элементтерін көреді.
Монадалар туралы ілім келесі жағдайларға сүйеніп негізделеді:
1) Монада – ол субстанция – барлық тіршіліктің бастауы және бөлінбейтін қасиеттерімен
ерекшеленеді; 2) Ол әрекетшілдік, дербестік, тәуелсіздік қабілеттеріне ие болған.
3) Монада – адамның жаны тәрізді дербес рухани күштің орталығы.
4) Ол мәңгі, жаратылыстық табиғи жолмен пайда болмайды, жоғалмайды да.
5) Монада табиғаты – Құдайдың нұр шашуы, ол сыртқы күштің әсерінен өзгермейді.
Лейбниц монадалардан барлық заттарды құрайтын элементтерді көреді.
Монадалардан әр түрлі тас, өсімдік, жануар, адам пайда болды. Кез келген күрделі
субстанцияның өзіндік денесін құрайтын орталық келелі монадасы және көптеген
шеткі, шалғайлық монадалары бар. Орталық монада күрделі субстанцияның мәні
болып көрінеді және оған қабылдаудың айқындық деңгейі, елестету немесе ұғымның
бар болуы мен жоқтығы тәуелді.
21. ГОТФРИД ЛЕЙБНИЦ
22. 6. Г.ЛЕЙБНИЦ ФИЛОСОФИЯСЫ
Монадалар даму дәрежелеріне байланысты:а) қарапайым монадалар тек бұлдыр, бұлыңғыр елестерге;
б) монада – жан, түйсік, елестету (жануарларға да тиесілі);
в) монада – рухтар парасатқа (адамға тиесілі) тән ерекшеліктерімен ажыратылады.
Монадалар – өздеріне тиесілі денедегі жігерлі жандар. Дененің иесі ретінде өмір
сүретін монадалар жетілмеген, сондықтан шектеулі. Тек Құдай жоғарғы монада
ретінде абсолютті жетілген және еркін, таза әрекет сапасында көрінісін табады.
Лейбниц диалектиканың белгілі бір элементтерін тауып, өзінен-өзі дамитын тұрақты
өзгерістерге ұшырайтын монадалар идеясын алға тартады. Шексіз кішінің (монада)
шексіз үлкенмен (Ғалам) байланысын көрсетіп, жеке мен жалпының байланысы
идеясын ұсынады.
Лейбниц – таным теориясында рационалист, Декарттың бағытын ұстанушы.
Лейбниц мәнді өзгерістер мен элементтерді Декарттың туа біткен идеялар теориясына
қосты. Оның ойынша, туа біткен идеялар ақылдағы дайын ұғымдар (түсініктер)
емес, интеллектінің түпкі бастама, қалыптасу шағы, олар әлі белгісіз, жете
түсінілмеген, тек толық белгілі болғанға, ұғынылғанға дейін баяу, бірізді дамиды.
Сонымен, Лейбницше, білімнің екі бастауы бар: сезімдік мәліметтер мен парасат
мәліметтері. Білім бастауларына байланысты ол ақиқаттың екі түрін ажыратады:
қажетті ақиқаттар (немесе парасат ақиқаттары) және кездейсоқ ақиқаттар (фактіге
негізделген ақиқаттар). Парасат ақиқаттары – мәңгілік ақиқаттар, Бұл ақиқаттың
бастауы – парасат, адамның абстрактілі ойы.
23. 6. Г.ЛЕЙБНИЦ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ал сезімдік тәжірибенің парасат мазмұны үшін маңызы болмайды. Адамның сезіммүшелері мәліметтерінің абстрактілі ой арқылы қол жеткізілетін ақиқаттың мазмұнына
тигізетін әсері жоққа шығарылады. Парасат ақиқатын түсіну үшін, себепші,
ынталандырушы ретінде көрінетін тәжірибенің, әсіресе оның факт ақиқаты
танымындағы маңызы мойындалады. Лейбництің ойынша, егер адамдар еш нәрсе
көрмесе, естімесе және т.с.с. онда олар өз парасатынан еш нәрсені таба алмайды, қажетті
жалпы ақиқатты өмірге енгізбейді.
Факт ақиқаты мазмұнының парасат ақиқаты мазмұнынан айырмашылығы
ақиқатқа адамның сезім мүшелерінің көрсеткіштері көмегі нәтижесінде қол
жеткізуінде. Егер сезімдік мәліметтер парасаттың қажетті ақиқат мазмұнын аңғаруына
ынталандырушы ретінде себеп болса, онда факт ақиқатын тануда олар білім мазмұнының
негізгі бастауы болып көрінеді. Парасатқа ақиқатты мойындау үшін, оған қайшы келетін
қандай да бір мүмкіндіктің жоқтығын түсіну жеткілікті. Факт ақиқаттары, керісінше,
логикалық қорытындыларға сүйене алмайды, олар тәжірибе дәлелдеулерін керек
етеді.
Жеткілікті дәлелдер заңы (закон достаточного основания) – факт ақиқатының ең
жоғарғы заңы. Лейбниц пікірінше, кездейсоқ, факт ақиқаты үшін қосымша заң, жеткілікті
дәлелдер заңы қажет. Алғаш рет жеткілікті дәлелдер заңын, логика заңы есебінде
дәлелдеу, тұжырымдау – Лейбництің еңбегі.
Факт ақиқаты туралы ілім табиғат құбылыстарыньң себепті байланысы заңының
танымына өтуге мүмкіндік береді. Табиғат заңдарының ой тұжырымы жолымен сырын
ашуға болмайды, оларға логика қажетсіз. Ойша алғанда, олар кездейсоқ, сондықтан
айрықша дәлелдеуді қажет етеді.
24. 7. ДЖ.ЛОКК ФИЛОСОФИЯСЫ
Ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 жж.) философияның кең көлемдісұрақтарын зерттеп, білімнің сезімнен пайда болатынын дәлелдеуге талпынып,
сенсуалистік (сезімдік қабылдауды таным үдерісінің негізгі формасы деп санайтын
философиялық бағыт) таным теориясын жете зерттейді. Негізгі еңбектері: «Адамның
зердесі жөніндегі тәжірибелер», «Мемлекетті басқару жөніндегі екі трактат»,
«Тәрбие жөніндегі кейбір ойлар». Адам парасатының тәжірибесі туралы еңбегі
Декарттың туа біткен идеялар ілімін сынаудан басталады. «Егер біз қандай да
болмасын білімнің пайда болған жолын көрсетсек, онда біз оның туа бітпегенін
дәлелдейміз», – дейді Дж. Локк.
Декарт ілімін теріске шығарған ол: «Идеялар мұраға қалмайды, парасатта туа біткен
ешқандай идея жоқ, білімнің жалғыз бастауы болатын тек тәжірибе», – дейді.
Егер адамның жан дүниесінде ешқандай туа біткен идея болмаса, оны «таза тақта»
ретінде қарауға болады. Адам өмірге келіп, тәжірибе жинап, сол «таза тақтаға» жазады
Мұндай сырттан алынатын тәжірибені Дж. Локк «сезімдік тәжірибе» деп атады.
Адамның барлық идеясы мен түсінігі сезім мүшелерінен тәуелсіз, одан тысқары
өмір сүретін заттардың әсерінен пайда болады. Осыған байланысты Локк сезімде жоқ
нәрсенің ақылда да болуы мүмкін еместігін ескертеді. Ол таным түрлерін зерттеп,
идея, түсініктердің пайда болу бастауларын анықтайды.
Тәжірибені барлық идеялардың жалғыз бастауы деп көрсеткен Локк оны ішкі және
сыртқы деп екіге бөледі. Сыртқы тәжірибенің объектісі сыртқы әлем болса,
ішкінікі – жанның өзіндік қызметі. Біріншісі сезімдік танымның негізі болып, сезу
түрінде, екіншісі рефлексия (сананың өз-өзіне назарын аударып, өзінің психикалық
күйіне ой жүгіртуі) түрінде көзге түседі.
25. ДЖОН ЛОКК
26. 7. ДЖ.ЛОКК ФИЛОСОФИЯСЫ
Сыртқы тәжірибе, сезім идеялары объективтік әлем туралы білім берсе, ішкітәжірибе, рефлексия идеялары біздің жанымыздың қызметін және ішкі жағдайын
ашады.
Әлеуметтік, саяси идеяларында ойшыл адамды бақытты өмірге ұмтылатын пенде
деп көрсетеді. Ізгілік, жақсылық дегеннің бәрі адамды рақат, қуанышты сезімге
бөлейтін игіліктер. Жамандық пен зұлымдық – адамға зардап, қайғы, өкініш
әкелетіндер. Бақытты болуы үшін, адамның материалдық сұраныстары
қанағаттандырылуы керек.
Табиғи жағдайда адамдар ерікті, тең, бір-бірінен тәуелсіз өмір сүреді, өзін-өзі сақтау
жолында еңбек етіп, белгілі бір материалдық игіліктерді жасайды. Осылай меншік
мәселесі қоғамның мәңгілік проблемасы ретінде қаралады.
Адам бүкіл өлі және тірі табиғат иесі болғанымен, олар ең пайдалыны жекеменшікке
айналғанда ғана көреді. Ал меншіктің өзі пайда болмайды, оған тек еңбек нәтижесінде
қол жеткізіледі. Еңбек пен меншік қоғамның, бүкіл мәдениеттің негізін құрайды.
Мемлекеттің пайда болуы қоғамдық шартпен байланысты. Онымен бірге
азаматтық ахуал өмірге келеді. Табиғи жағдайдан азаматтыққа өткенде, адамдардын
еріктігі мен қолындағы меншігі сақталуы, азаматтардың меншігінің қорғалуы қажет.
Дж. Локк алғашқылардың бірі болып, өкімет билігінің бөлінуі қажеттілігін көрсетті.
Заң билігі парламентте, атқару билігі сот пен армияда, федеративтік билік
(басқа мемлекетгермен қарым-қатынас орнату) король мен үкіметтің қолында болуы қажет.
Діннің мемлекеттен бөлінуін, бір-бірінің ісіне өзара қол сұқпау керектігін баса
айтты.
27. 8. ДЖ. БЕРКЛИ МЕН Д. ЮМНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ИДЕАЛИЗМІ
Ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753 жж.) субъективтік идеализмніңөкілі. Өзінің негізгі еңбегі – «Адам білімінің бастамасы туралы трактатта»
материализмнің бастапқы түсінігі – материяның әлемнің заттық негізі деп
қабылдануымен келіспейтіндігін білдірді. Локк адам ақылы барлық дене үшін ортақ
белгілерді көрсетуге қабілетті және белгілі тәсілмен өздігінше өмір сүретін абстрактілі
материя туралы идеяға келетінін білдірсе, Беркли осындай абстракцияны біздің
қабылдай да, елестете де алмайтынымызды мәлімдейді.
Адам парасаты тек жеке, нақты заттарды түсінуге қабілетті.
Қабылдау – белгілі қосынды, ол кез келген сезімдер жиынтығы (Берклише –
«идеялар жиынтығы»). Сондықтан қабылдауға болатындар ғана өмір сүреді,
«болу» «түйсікте барды» білдіреді.
Өзіндік күйде қабылданатын абстрактілі материя идеясын қарастыратын болсақ,
онда ол сезімдік таным үшін анық заттардың белгілі қасиеттеріне бір де бір қосымша
қасиет қоспайды. Бұл сұрақта Локктың таным теориясының санадан тәуелсіз, сыртқы
әлемнің сезінудің бастауы болатыны туралы ілімімен келіспеген Беркли оны
алып тастайды. Беркли үшін алғашқы бастау – сезім, сезімдер (идеялар)
қисындасуының сәйкес келуі. Нақтылық сапасында жалғыз сезім мәліметтері
мойындалады. Ол белгілі бір жағдайларда Локкпен пікірлесіп, екінші сапалар (иіс, түс,
дыбыстар т.б.) денелердің өзінде емес, адамның қабылдау рухында өмір сүреді,
алғашқы сапалықтар да субъективті, өйткені кез келген идея тек жанда ғана болатынын
дәріптейді. Берклидің ойынша, идеялар сыртқы әлем заттарының көшірмесі бола
алмайды, олар – рухтың туындысы, сондықтан одан тысқары өмір сүрмейді.
Идеяны тек идеямен салыстыруға болады, идея тек идеяға барабар, ұқсас.
28. ДЖОРДЖ БЕРКЛИ ДЭВИД ЮМ
29. 8. ДЖ. БЕРКЛИ МЕН Д. ЮМНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ИДЕАЛИЗМІ Дэвид Юм (1711-1776 жж.) – ағылшын философы, агностик, негізгі философиялық еңбегі – «Адам парас
8. ДЖ. БЕРКЛИ МЕН Д. ЮМНЫҢ СУБЪЕКТИВТІКИДЕАЛИЗМІ
Дэвид Юм (1711-1776 жж.) – ағылшын философы, агностик, негізгі философиялық еңбегі
– «Адам парасаты туралы зерттеулер».
Юм іліміне сәйкес, дүние біздің көзімізге тікелей әсер ағымы есебінде елестейді,
олар туралы біз көру, есту, сезу т.б. арқылы мәлімет аламыз. Бұл әсерлерді
туындататын себептерді тануға мүмкін емес. Юм әсерлерді сезімге байланысты,
сыртқы тәжірибе және жанның ішкі қызметі деп бөледі. Беркли сияқты, Юм де сезінк
жиынтығынан тұратын тәжірибені танымның бастауы деп жариялайды.
«Сезім неден бастау алады?» деген сұраққа Юм жауап бермейді.
Оның ойынша, біз өз парасатымыздың шеңберінен шыға
алмай, тек рухани тәжірибе туралы ғана айта аламыз,
ал осы тәжірибенің шеңберінен тыс болатындар туралы бір нәрсе айту мүмкін емес.
Тәжірибе әсері (сезу) негізінде идеялар пайда болады. Олар адам өз әсері жайлы
әңгімелей бастағанда қалыптасады. Идеялар – біздің алған әсеріміздің көшірмесінің
мәні. Идеялар сезім көшірмелері ретінде бір-бірімен үш қағида негізінде байланысқа
түсе алады: 1) ұқсастық; 2) уақыт пен кеңістіктегі аралас-құраластық; 3)
себептілік.
30. 8. ДЖ. БЕРКЛИ МЕН Д. ЮМНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ИДЕАЛИЗМІ
Себеп пен әрекет арасындағы қатынасты индуктивті талдау және дәлелдеутәсілдерімен де анықтауға болмайды. Құбылыс басқа бір құбылыстан бұрын болса,
онда біріншісі – себеп, екіншісі – әрекет деген қорытынды шықпайды. Себепті
түсіндіруде әлем танымдылығының мүмкіндігін терістейтін агностицизм Юм
философиясында ерекше көрінісін табады. Себептілік байланыс танымының
ықтималдығын мойындамайды, тұжырымдайды.
Мысалы, ол: «Бізге тәжірибеде әр түрлі оқиғалардың тізбегі, жүйелі жүзеге
асуы беріледі. Мұны бақылай отырып, бір құбылыстың пайда болуымен, оның
салдарын күтеміз... Бұлттың келуімен жауынның жаууын күтетін дағдыға ие
боламыз. Мүмкін, осы екі оқиғаның біріншісі – себеп, ал екіншісі – осы себептің
нәтижесі болар. Бірақ, бұл расында солай ма, әлде жалған ба,айыру мүмкін емес. Біз
шарасызбыз, өйткені тәжірибеміз тек құбылыстар жүйесін бергенімен, ішкі құпия
байланыстарды, бір-бірімен берік байланыстырушыны ашпайды. Біз денелердің,
заттардың т.б. бір-біріне қалай әсер ететінін білмейміз. Табиғат бізге тек үстірт
білім беріп, өз құпияларынан белгілі бір қашықтықта ұстайды», – деп тұжырымдайды
Юм.
31. 9. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
•Негізгі:•1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу құралы. Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б.
•2. Абдирайымова Г.С. Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы:
Қазақ университеті, 2012.-224 б.
•3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо, 2011.284 б.
•4. Абдикерова Г.О. Әлеуметтану.-Алматы: Қазақ университеті, 2011.-192
б.
•5. Биекенов Б.У., Садырова М.С. Әлеуметтану. Ұғымдар мен
баламалар.- Алматы: Эверо, 2011.-400 б.
•6. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А. Білім социологиясы.
Оқулық. - Алматы: Эверо, 2011.-124 б.
•7. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Кредиттік технология оқу процесінде
пайдалану үшін дайындалған оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт, 2010.-238
б.
•8. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы:
Қарасай баспасы, 2010.-384 б.
•9. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ
университеті, 2010.-240 б.