139.79K
Категория: ЭкономикаЭкономика

Қазақстандағы индустриялды-инновациялық жобалардың қызметін талдау және бағалау

1.

2 СӨЖ Қазақстандағы индустриялды-инновациялық жобалардың
қызметін талдау және бағалау.
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағыты.
2.2.
қызметіне баға.
Қазақстандағы
индустриялды-инновациялық
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Кіріспе.
жобалар

2.

Индустриалды-инновациялық жобалар – бұл мемлекет арқылы
бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары
технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке
қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау көрсететін шаралар
кешені. Өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып
отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге
ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға басуы инновациялық
қызметті үнемі қолдап, қуаттайтын және ынталандыратын саясаттың
арқасында мүмкін болып отыр. Бұл саясат ел экономикасының бұзып-жарып
алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың жаңа
түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа
дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған.
Бүгінде
инновациялық
қызметтің
қарқындылығы
көбінесе
экономикалық даму деңгейінен көрінеді: жаһандық бәсекеде инновациялар
үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін елдер жеңіске жетеді. Яғни,
инновациялық экономиканы дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Елде дамыған кәсіпкерлік сектор мен қоғамның инновацияларды
қабылдау мәдениеті болған жағдайда ғана ұлттық инновациялық жүйе тиімді
болып, жоғары кіріс әкелетіні туралы шетелдердің тәжірибесінен тұжырым
жасауға болады. Жаңа ғылыми басылымдарға, бұйымдарға, технологияларға,
қызметтерге, кадрлар біліктілігіне, басқару әдістеріне шоғырландырылған
инновация экономикалық дамыған елдердің бәрінде де бәсекеге
қабілеттіліктің басты факторы болып табылады.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Қазақстанның индустриалды-инновациялық
даму бағыты.
Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы
өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда
«Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген.
Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол
мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып
мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін
көрсететін
басты
көрсеткіш

оның
экономикасы.

3.

Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты –
индустриалды-инновациялық
экономика
құру
және
шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық
процесстерге бет бұру.
Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан,
құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді
ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ
өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа
технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті
факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен
кызметтер санасын жақсартудың негізгі құралы болып отыр.
Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті
дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған
ғылымды көп қажетсінетін жаңа технологияларды және
ақпараттық
технологияларды
әзірлеу
мен
игеру
республиканың өнеркәсіп пен ғылыми техникадағы әлеуетін
сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік
мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстанның
ғылыми-технологиялық
саясаты
инновациялық
үдерістерді
жандандыруға,
жаңа
технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа
қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық
әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы
алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға,
озық шетел технологиясының нақты трансферті мен
халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге
бағытталған. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік
секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту
мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі
көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес
секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,83,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы
дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.
Қазіргі уақытта Қазақстанда инновациялық белсенділік деңгейі 4,3%ды құрайды, ал Германияда бұл көрсеткіш – 80%-ды, АҚШ-та, Швецияда,
Францияда – шамамен 50%-ды, Ресейде – 9,1%-ды құрайды.

4.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық
бағыттары ретінде төмеңдегілер көзделген:
адами капиталдың дамуы;
институционалдық ортаны жетілдіру;
ғылыми сыйымды экономиканы дамыту;
ғылыми сыйымды экономиканың инфрақұрылымын жедел
қалыптастыру.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру аясында 40-тан астам əр түрлі бағдарламалар
жасалды, соның ішінде екі арнайы бизнесті дамыту бойынша бағдарламалар
— «Бизнестің жол картасы–2020» жəне «Өнімділік–2020». Үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы жəне
аталған бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары
Қазақстанның барлық аймағының индустриялық-инновациялық дамуына
бағытталған жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Тек қана
индустрияландыру картасының аясында 12,1 трлн теңге шамасынан астам
сомаға 927 жоба іске асады, осының нəтижесінде құрылыс кезеңінде 235 мың
шамасында жəне пайдалану кезеңінде 195 мың шамасында жұмыс орындары
пайда болады.
·
·
·
·
Оның ішінде құны 7,5 млрд теңгеден астам шаманы құрайтын, жалпы
сомасы 8,1 трлн теңге 48 аса ірі əлеуметтік маңызы бар жобалар
республикалық картаға қосылды. Оларды жүзеге асыру 230 мыңнан астам
жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік береді. Аймақтық картаның
жалпы сомасы 4 трлн теңге 879 жобасын жүзеге асыру нəтижесінде шамамен
200 мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.
2.2. Қазақстандағы индустриялды-инновациялық жобалар қызметіне баға.
Үдемелі
индустриялық-инновациялық
даму
бағдарламасын
жүзеге
асыруға
арналған
кеңестің
қорытындысы бойынша, сонау жылдары дағдарыс дауылы
дамуға кедергі келтіріп, экономиканы тұралатып тұрған
тұста қолға алынған индустрияландырудың бергені аз емес.
Үкімет те Индустрияландыру картасында межеленген
бағдарламалардың нақты орындалуына баса мән беріп,
көрсеткіштердің орындалуын қатаң қадағалаған. Нәтижесі

5.

де баршылық. Мәселен, индустрияландыру бағдарламасы
жүзеге асқан 4-5 жыл ішінде 672 жоба іске қосылыпты. Ең
бастысы, 69 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылған.
Сөйтіп, жаһанды жұмыссыздық атты құбылыс жалмап тұрған
тұста Қазақстанның осы саладағы көрсеткіші уыста ұсталды.
Сонымен қатар, өткен жылдар ішінде индустрияландыру
арқасында Қазақстанда бұған дейін шығарылмаған 325 түрлі
жаңа
өнімдер
өндірісі
игеріле
бастаған.
Бұл
да
индустрияландыру саясатының ел игілігіне айналғанының
нақты көрінісі.
Үдемелі
индустриялық-инновациялық
даму
бағдарламасы аясындағы 12 негізгі индикатордың 10-ында
жоспарлы өсім көрсеткіші тіркеліпті. Мәселен, 2008 жылмен
салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы қосылған
құн салығының нақты өсімі 2013 жылы 24,5 пайызға артқан.
Ел кәсіпорындарының инновациялық белсенділік көрсеткіші
де екі есеге өсіпті. Жалпы ішкі өнімдегі энергияның
қамтымдылық деңгейі 2008-2012 жылдар аралығында 13,6
пайызға төмендеген. Бұл бәсекелестікке қарай бетбұрысты
білдірсе керек. Тоқтала кететін жайт, машина жасау,
құрылыс индустриясы мен химиялық өнеркәсіп салалары
өңдеуші өнеркәсіптегі өсімнің негізгі драйверлері саналады.
Бұл ретте машина жасау 75 пайызға, металл емес өндіріс пен
минералды өнімдер 47 пайыз, химиялық өнеркәсіп 28
пайызға өскен. Бұдан бөлек, Үкімет индустрияландыру
картасындағы жобалардың жүзеге асуын жүйелі қадағалап
келеді. Жұмыс тобының мәліметтеріне қарағанда, картадағы
жобалардың 80 пайызында жұмыс жоспарға сай жүріп
жатса, шамамен 300 жоба өздерінің толық өндірістік қуатына
мінген. Тұтастай алғанда, Индустрияландыру картасына
ілінген жобалар арқасында 3,2 триллион соманың өнімдері
шығарылған. Ал Карта аясындағы жобалардың шет
мемлекеттерге экспортқа шығарған өнімдер құны 133 млрд.
теңгені
құрайды.
Сонымен
қатар,
Үкімет
қазір
48
республикалық жобаны жіті бақылауға алған. Ал сол 48-дің
15-і бірінші бесжылдық аясында іске қосылады деп

6.

жоспарланса, республикалық жобалардың басым бөлігі, атап
айтқанда 8 трлн. теңгені құрайтын 33 жоба келесі
бесжылдықта іске қосылмақ. Сөйтіп, индустрияландыру
бағдарламасының нақты нәтижелері екінші бесжылдықта
сезіле бастайтынға ұқсайды. Бейнелі түрде алсақ, бірінші
бесжылдық индустрияландырудың іргетасын қалады, енді
негізгі жұмыс жанданбақ. Ендеше, бұл кезең Үкіметтен
бұрынғыдан да сауаттылықты талап етеді.
2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде Үкімет
нақты басым салаларды айқындау, экспорт бағдарын
арттыру, бизнестің қатысуын арттыру, кластерлерді дамыту
мен өңірлердің мамандануын тереңдету секілді мәселелерге
барынша мән берген. «Бірінші бесжылдықта негізінен
қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту шаралары жүзеге
асты, сонымен бірге екінші бесжылдық үшін қуатты
салаларды қалыптастыруға өндірістік негіз қаланды. Біз
халықаралық сарапшыларды тарта отырып, қосылған құн
тізбегіне қатысты зерттеулер жүргіздік. 300-ден астам өнім
сараланып, оның ішінде шикізаттық база, технология мен
өндіріс мүмкіндігінің қолжетімділігі, нарықтық әлеуеті мен
экономикалық тиімділігі есепке алына отырып, 36-сы басым
ретінде айқындалды», – дейді Индустрияландыру Картасына
тікелей жауапты министр Әсет Исекешев. Дегенмен, оның
сөзіне қарағанда, индустрияландырудың екінші бесжылдығы
Қазақстан
үшін
оңайға
соқпайтын
тәрізді.
«Индустрияландырудың бірінші бесжылдығын аяқтауға бар
жоғы жарты жыл уақытымыз ғана қалды. Әлбетте, барлық
көрсеткіштерге бірдей қол жеткен жоқ, кемшіліктер орын
алды, қателіктер де жоқ емес. Түзетулерді де көп жасадық.
Дегенмен, ағымдағы жылы бізге көршілес нарықтарда да,
әлемдік нарықта да жағдайдың күрт нашарлап кетуі
болжанады.
Бұл
негізінен
шикізатқа
бағаның
тұрақсыздығынан,
геосаяси
тәуекелдердің
шиеленісе
түсуінен,
сонымен
қатар,
капиталға
қолжетімділіктің
шектелуінен орын алуы мүмкін. Дегенмен, Үкіметте нақты ісшаралар жоспары бар, ал ондай жоспарды жүзеге асыру оң

7.

нәтиже береді деп сенеміз», – деді Әсет Исекешев
президентімізге берген есебінде. Жалпы алғанда, ағымдағы
жылы Үкімет индустрияландыру аясындағы 700 млрд теңгені
құрайтын 120 жобаны іске қоспақ.
3. Қорытынды.
Қорытындылайтын болсақ, еліміздің алдында тұрған
үлкен
мақсат

мынадай
алмағайып
заманда
экономикамызды
түзеп,
жағдайымызды
жөндеп,
индустриялық-инновациялық Қазақстанды жасау. Сол кезде
еліміздің келбеті өзгереді, үздік кадрлар даярланады, үздік
ұрпақ өседі, экономика жаңарады. Біз шынымен де 30
өркендеген, өскен елдің арасына енеміз. Мақсатымыз – сол.
Жалпы
бүгінгі
таңда,
елімізде
ндустриялықинновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған
стратегиясының негізгі бағыттары бойынша жұмыстар
жүргізіліп келеді. Мемлекет жоғары технологиялы өндірістер
қалыптастыруға, оның ішінде шетелдік те, салааралық та
технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін жасауға
жәрдемдесу үстінде. Сонымен қатар, жоғары ғылымитехнологиялық әлеуеті бар ғылыми-техникалық және
өнеркәсіптік
ұйымдар
мен
кәсіпорындар
желісі
бар
қалаларда қазіргі заманғы ғылыми және инновациялық
инфрақұрылымды
жасап,
оның
қазіргі
заманғы
элементтерінің қызметін (технопарктер, ұлттық ғылыми
орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.)
қолдауда. Индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан
алғанда озық салаларды дамытуда қазіргі ғылымитехникалық әлеует салаларын пайдалану мүмкіншілігі біздің
елімізде де берілген. Қазақстан қазірдің өзінде мына
салалардағы әзірлемелер негізінде ғылымды көп қажет
ететін өндірістерді дамыту үшін белгілі бір ғылыми базаға ие,
оның
ішінде:
биотехнологиялар
(ауыл
шаруашылығы
дақылдарының
жаңа
сорттары
мен
жануарлардың
генотиптері, бактериялар штамдары және басқалары);
ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа

8.

материалдар, химиялық өнімдер және басқаларды жасау.
Ғылыми-техникалық
және
өндірістік
ұйымдар
мен
кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыруға,
ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар
тартуға,
өнеркәсіп
пен
қызмет
көрсету
саласына
инновациялардың жылдамырақ енуіне бағытталған заң
шығару базасы да елімізде барынша жетілдіріліп жатыр. Бұл
дегеніміз, бізде индустриалды-инновациялық саясаттың
алғышарты жасалып қойғанын көрсетеді.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
https://articlekz.com/kk/Қазақстанның
индустриалды-инновациялық
дамуы
• Инновациялық қызмет, Мухияева Динара.
• http://adilet.zan.kz/kaz/Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы.
• el.kz/news/Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағыты
English     Русский Правила