146.98K
Категория: ИнформатикаИнформатика

Логистиканы ақпараттық дамытудағы заманауи бағыттар

1.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «____________ЭжБЖМ___________________»
Кафедрасы «__________Бизнес технология________________»
ӘДЕБИ ШОЛУ
Тақырыбы: Логистиканы ақпараттық
дамытудағы заманауи бағыттар.
қамтамасыз
етуді

2.

Алматы, 2021ж
Қазіргі заманда, ақпараттық технологиялар (АТ) экономиканың барлық
салаларында, соның ішінде логистикада нарықтық табыстың шешуші
факторы болып табылады.Ақпараттық технология логистикада приоритетке
ие боп қана қоймай, жаңа логистикалық модельдердің қалыптасуына әкеп
соқты.Сондықтан компаниялар үшін ақпараттық технологиямен қамтамасыз
етудегі заманауи бағыттарды дұрыс таңдау – нарықта өмір сүрудің кепілі боп
отыр.
Зерттеушілер А.Гюнасекаран және Э.Нгай[10]«Шағын логистикалық
компанияның
сәтті
басқару»
кітабында
заманауи
ақпараттық
технологиялардың дәстүрлі логистикадағы кедергілерді жойып, қандай жаңа
бағыттарды қалыптастырғанын, әрі қандай қиыншылықтар алып келгенін
үрдісті түрде сипаттайды.
Логистикадағы дұрыс таңдалған ақпараттық технологиялардың
стратегиялық
маңыздылығын
Ренко,
С.,
Фикко,
Д.[5]
өз
еңбектерінде«...логистикадағы
дифференциацияның
қайнар
көзіне
айналдыратын шешуші факторлардың бірі –ақпараттық технология және бұл
рөл технологияның қазіргі дамуымен маңыздылығы мен әртүрлілігін
арттыруда...» деп көрсетеді.
Ал Чепмен, Р.Л., Соосай, С., Кандагампули, Дж.[1] өз
еңбектерінделогистика
сферасындағы
ақпараттық
инновациялық
технологияға қатысты әдебиеттер мен соңғы жаңалықтарға шолу жасай
отырып, «логистикалық фирмалар бизнес модельдерін жетілдіру және
бәсекеге қабілетті артықшылықтарға ие болу үшін инновациялық ақпараттық
технологияны қабылдау мен оны шығармашылықпен байланыстыруы шарт»
деп атап өтеді.
Логистика сферасында ақпараттық технологияға бағытталған
жаңалықтар мен зерттеулер салыстырмалы түрде кем, оның себебі, логистика
технологияны жасап шығарушы не дамытушы емес, көбіне өзге салаларды
технологиялық жетістіктерін бейімдеуші сала боп есептелінеді [2].
Әйткенмен соңғы онжылдықта логистика ғылымының қыры
ашылмаған саласын зерделеу жақсы белең алып келеді: патенттік деректерді
саралай келе өндірістік салаларда, мысалы логистика саласындағы
электронды сауда мен қаржылық қызметтерде ақпараттық технологиялардың
дамуын зерттеулердің едәуір өсуіне куә болуымызға болады [3].

3.

Логистикадағы ақпараттық технологияның даму бағыттарын және
перспективасын
зерттеу
еңбектеріне
эксперттік
әдебиеттерді[12,13,14,15,16],эмпирикалық зерттеулерді [17,18] және өзге
сипаттағы ғылыми еңбектерді жатқызуға болады.
Көптеген зерттеушілер логистикадағы жаңа қалыптасып келе жатқан
ақпараттық инновациялық технологияларды түрлі критерийлерге бөлу
арқылы зерттеуге тырысады. Мысалы, Ж.Хаммант [4] логистиканы қолдау
технологиясын пайдалануға әсер ететін ақпараттық технологиялар
тенденцияларын зерттеді және тенденцияларды төрт тақырыпқа топтады.
Тақырыптарға интеграция мен икемділік, электронды мәліметтер алмасу,
аппараттық құралдар және байланыс технологиялары кіреді.
Л.Эллрам, Л.Лонд және М.Вебер [6] бөлшек сауда саласындағы
логистикаға АТ-ның қазіргі және болашақтағы әсерін зерттей отырып, озық
технологиялар болып табылатын электронды мәліметтер алмасу, сату
нүктелері және штрих-кодтау мәселелеріне баса назар аударды. Олардың
нәтижелері бөлшек сауда басшыларының сауалнамасына негізделген.
Ж.Аурамо, А.Аминофф және М.Пунакиви [7] электронды бизнес
логистикасындағы эксперттермен сұхбаттар мен семинар негізінде
электронды бизнес логистикасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының
негізгі тақырыптарын және ондағы басымдықтарды анықтады және жіктеді.
Нәтижесінде ғылыми-зерттеу тақырыптарының үш санаты, соның ішінде
ақпараттық ағын, жабдықтау желісі және физикалық материал ағыны
ұсынылды және әр түрлі ғылыми-зерттеу тақырыптарын біріктіру арқылы
түрлі зерттеу тақырыптары ұсынылды.
Й.Харрис, Й.Ванг және Х.Ванг [8] логистикадағы инновациялық
мүмкіндіктерді зерттеді және ЕуроОдақ шеңберіндегі бағдарламалық
жобаларды талдау негізінде жүк мультимодальды тасымалдаудың болашақ
технологиялық дамуына қатысты жаңа бизнес модельдерді болжады.
Delphi зерттеу техникасын қолдана отырып, Ф.Кэч and С.Сюринг [9]
жеткізілім желілеріндегі үлкен деректерді талдауға қатысты келешек 43
мүмкіндіктер мен қиындықтарды анықтады. Әдебиеттегі бұл мәліметтердің
барлығы бүгінгі логистикадағы және технологиялық үрдістерді іздеудегі
технологиялардың әсерін түсіну үшін пайдалы ақпарат береді.
Зерттеушілерді тұжырымдауынша,«...сарапшыларға негізделген зерттеу жеке
тұлғалардың білімі мен тәжірибесіне бейім нәтижелер береді. Технологиялар
тез дамып келе жатқан және әр түрлі салалардағы озық технологиялар

4.

бәсекелестік жолдарын өзгертетін қазіргі жағдайда бұл бір жақты ақпарат алу
қаупін
тудыруы
мүмкін.
Сондай-ақ
ақпараттық
технологиялық
үрдістердіңзаманауи тенденциларын зерттеудің сараптамалық процесі
қымбатқа түсуде, өйткені технологиялардың саны мен бағыттары да
тоқтаусыз көбеюде...».
Жіктелген
зерттеулерге
қарамастан,көптеген
логистикалық
әдебиеттерде, тіпті логистикалық сфера практикасында, технологиялық
инновациялардың орны жиі назардан тыс қалады. Мысалы, Ж.Р.Сток [2]
логистика саласындағы 317 диссертациялардың тезистерін талдау
жұмысындақорғаушылардың
заманауи
ақпараттық
технологияжұмыстарымен аз айналысқанын көрсетеді. Мұның себебін ол өз
талдауында: «... технологиялық жаңашылдыққа онша назар аудармау
тәжірибелік логистикалық қызмет провайдерлерімен ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) аз жүргізілгендігімен
байланысты болуы мүмкін; ақпараттық технология сала ішілік дамығаннан
гөрі өзге салалардан қабылданды. Тиісінше, логистикалық әдебиеттердің
көпшілігі логистикаға технологияларды өзге салалардан қабылдау мен
қолдануды зерттеуге едәуір күш жұмсады...» деп келтіреді.
Қайткенмен, логистика сферасының субъектілері, әдетте, технологияны
жасаушылардан
гөрі
технологияны
қабылдаушы
болғанымен,
«...логистикадағы технологиялық ландшафтты түсіну олардың стратегиялары
мен бизнес-саясатында маңызды болып табылады...» деп көрсетеді К.Бюсь –
«... мысалы, технологиялық қабілеті төмен немесе бизнесті дамыту
сатысында логистикалық қызметтерді жеткізушілер компаниялар арасында
білім мен технология трансфертін жеңілдету үшін жоғары технологиялы
клиенттік фирмалармен ынтымақтастықты қолдана алады. Мұндай
серіктестік тіпті логистикалық қызметтерді жеткізушілерге жаңа,
технологияға негізделген бизнес-модель жасауға мүмкіндік бере алады...».
Осындайүрдістерді сәтті пайдаланудың міндетті шарты – жаһандық
логистика саласында ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудың заманауи
бағыттарынан хабардар болу және жаңа бағыттарды қалыптастыру боп
табылады.

5.

[1] «Логистикалық қызметтердегі инновация және жаңа бизнес моделі:
тұжырымдамалық негіз» (Chapman, R.L.; Soosay, C.; Kandampully, J.
Innovation in logistic services and the new business model: A conceptual
framework)
[2] Сток Ж.Р., «Логистика және логистикалық салалардағы докторлық
зерттеулер»: 1992–1998 жж
[3] Bowersox, D.J. «Improving The Logistics Marketing/Sales Interface»,
Oak Brook, IL, USA, 1991.
[4] Hammant, J. «Information technology trends in logistics», 1995.
[5] Renko, S., Ficko, D. «New logistics technologies in improving customer
value in retailing service», 2010.
[6] Ellram, L.M., La Londe, B.J., Weber, M.M. «Retail logistics», 1999.
[7] Auramo, J., Aminoff, A.,Punakivi, M. «Research agenda for e-business
logistics based on professionalopinions», 2002.
[8] Harris, I., Wang, Y., Wang, H. «ICT in multimodal transport and
technological trends: Unleashing potentialfor the future», 2015.
[9] Kache, F.,Seuring, S. «Challenges and opportunities of digital
information at the intersection of big data analytics and supply chain
management», 2017.
[10] Gunasekaran, A.,Ngai, E.W.T. «The successful management of a small
logistics company», 2003.
[11] Busse, C. «A procedure for secondary data analysis: Innovation by
logistics service providers», 2010.
[12] Sandberg, E. «Understanding logistics-based competition in retail–a
business model approach», 2013.
[13] Drabik, P. «Key Aspects of Logistics for Online Store and Multichannel
Distribution», 2016.

6.

[14] Srinivasan, R. «Technological opportunism and radical technology
adoption», 2002.
[15] Lin, T.H. «Factors for information technology acceptance willingness
and adoption in logistics industry from supply chain perspectives», 2014.
[16] Olavarrieta, S.«Resource-based theory and strategic logistics research»,
2016.
[17] Ramanathan, R., Ramanathan, U.,«Adoption of RFID technologies in
UK logistics: Moderating roles of size, barcode experience and government
support», 2014.
[18] Evangelista, P., Mogre, R., Perego, A., Raspagliesi, A., Sweeney, E. «A
survey based analysis of IT adoption and 3PLs’ performance», 2012.
English     Русский Правила