Похожие презентации:
Экономикалық-математикалық модельдеу кезеңдері
1.
Бақылау сұрақтары:1) Экономикалық-математикалық модельдеу кезеңдері.
Экономикалық-математикалық модельдеудің 4 кезеңі бар:
• Бірінші кезеңде, зерттеу объектісіне модель боп табылатын басқа бір
объектіні табамыз. Бұл модель оригинал-объектінің сипаттамаларына
қандай да деңгейде ие болуы қажет. Көп жағдайда олар тек шектеулі
сипаттамаларға ғана ие болады, сондықтан бір объектіге кейде бірнеше
модель құрылады.
• Екінші кезеңде, модель толыққанды зерттеу объектісі ретінде
қарастырылады. Модельді түрлі жағдаяттарға сәйкестендіру арқылы
немесе функциясы мен жүйесін өзгерте отырып, түрлі эксперименттер
өткізуге болады.
• Үшінші кезеңде, модельді зерттеу нәтижесінде алынған деректер объект
тілінде өрнектеледі.
• Төртінші кезеңде, модельден алынған деректер оригинал-объектінің
сипаттамаларымен салыстырылады, тексеріледі және теориясы құрылады.
2) Есептер класстары мен негізгі ерекшеліктері.
Есептер экономикалық, соның ішінде коммерциялық салаларда,
тәуекел мен салдарды анықтау үшін, болжам жасау және қабылданған
шешімнің нәтижесін тексеру мақсатында қолданылады.
Есептердің қолдану саласы бойынша 3 классы бар: өндірістік
есептер, коммерциялық делдалдар есептері, коммерция (сауда)
есептері.
Өндіріс есептері тауарға деген сұранысты анықтау, болжау,
нарықты зерттеу, өндірілетін өнім көлемін анықтау жайлы.
Мұндағы коммерциялық делдалдар есебі жүк қозғалысы, тиеутүсіру, сақтау, тасымалдау, орау, қаптау, әрлеу операцияларымен
байланысты әрі құжаттармен байланысты есептерге бөлінеді.
Есептердің қолдану аясы бойынша 3 классы бар: коммерциялықұйымдық, ғылыми-зерттеу, проект-аналитикалық.
Есеп құрғанда форс-мажор жағдайлардың ескерілуі маңызды.
3) Транспорт есебінің қойылымы және математикалық моделі.
2.
Транспорт есебі - жұмыс пен ресурс бір бірлікпен өлшенетінтарату есебі. Транспорт есебінің мысалы ретінде қойма ішіндегі,
өндіруші мен тұтынушы арасындағы тауар тасымалдауды айтуға
болады. Транспорт есебі бір пунктен келесі пунктке тасымалдау
операциясының экономикалық аспектісін қарастырады. Транспорт
есебінде шығындар тарифке, тасымалданатын өнім көлемі мен типіне
және көлік түріне байланысты анықталады.
Транспорт есебіндегі параметрлер:
а) n - жөнелту нүктелерінің саны, m - баратын жерлер саны.
ә) а - Ai жөнелту нүктесіндегі өнімдер қоры.
б) bj - Bj пунктіндегі өнімдерге сұраныс.
в) cij – А-пункттен Bj бағытына өндіріс бірлігін тасымалдау тарифі
(құны).
г) xij - Ai жөнелту нүктесінен Bj-ға тасымалданатын өнім мөлшері.
ғ) L(X) - барлық өнімді тасымалдауға арналған көлік шығындары.
Транспорт есебінің математикалық моделін құру кезеңдері:
- Айнымалыларды анықтау.
- Теңдестірілген есепті тексеру.
- Теңдестірілген транспорт матрицасын құру.
- L(X) есебі – барлық транспорттық шығындар.
- Шектеулер есебі.
Су қорын бөлу туралы есебінің қойылымы және математикалық моделі.
Су қорын құруда математикалық моделдің екі деңгейлі жүйесін құру
тиімді. Бірінші деңгейде макро-деңгейдегі су қорын тарату бойынша
есептер, екінші деңгей микро-деңгейде суды тарату бойынша есептер.
Бірінші деңгейдегі есептер су қорын тарату бөлімінің стратегиялық
параметрлерін анықтаса, екінші деңгейде тактикалық параметрлерін
анықтайды.
Есептің матрицалық сызбасы:
3.
Су есебінде айналмалылар вектор күйінде беріледі.Су қорын бөлу есебінің математикалық жазбасы: