50.54K
Категория: ПсихологияПсихология

Қабдеш Жұмаділов

1.

Қабдеш Жұмаділов
Қаздар қайтып барады

2.

• Қарасөздің қарагері, жазушы, Қытайдан Қазақстанға өткен алғашқы
ұлы көштің дарабозы Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде
Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге
келген. Өз әкесі Сібетіде салдырған бастауыш мектептен білім алып,
кейін жеті жылдық Шәуешек қазақ гимназиясын бітіреді.
• 1954 жылы Қабдеш Жұмаділовтің Үрімшіде шығатын "Шыңжаң
газетінде" алғашқы өлеңі жарық көрді. 1956 жылы Қытай үкіметінің
жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің
филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің ІІкурсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері
шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге
ұшырады. Осы студент шағында "Шұғыла" журналының бірінші
нөмірінде "Жамал" атты тұңғыш әңгімесі басылып шықты. Қабдеш
Жұмаділов 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен
бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын
қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты.

3.

• Қабдеш Жұмаділов 1962 жылғы Қытай қазақтары көшін дайындаған,
әрi соның бұйдасын ұстап келген адамның бірі. 200 мың қазақ бес
заставаны бұзып өтіп, 20 күн бойына Отанына қарай ағылған. Атты
көш, түйелі көш, жаяу-жалпылы көш. Бұл үшін Жұмаділовті Қытай
бүлікші деп айыптайды, ал Қазақ елі үшін ол кісі Дарабоз.
• "1956 жылы Үрімшіге келіп, үш жылдай еліме қайта алмай қалдым.
Қатаң бақылауда болдым. Жоғарыға дүркiн-дүркiн арыз жаздым. Ондағы мақсат – шекараға жақын (небәрi 18 шақырым) Шәуешекке жетiп,
одан ары Қазақстанға өту, үзiлiп қалған оқуымды қайта жалғастыру
еді. Шекарадан өтсем, менi керi қайтармайтынына сенiмiм кәмiл.
Өйткенi, Қазақ университетiнiң студенттiк билетi мен екi жыл бойы
баға қойылған "сынақ кiтапшасы" костюмiмнiң iшкi қалтасында
тығулы жүр едi. Соны көрсетсем, менiң шекара бұзған жансыз, не
"шпион" еместiгiме шекарашылар сенедi деп ойладым. Анығын
айтсам, 1961 жылы көктемде Шәуешекке келудегi басты мақсатым осы
болатын негізі", - дейді Қабдеш Жұмаділов.

4.

Биографияны көшіріп жазыңыздар
Қ.Жұмаділов негізгі мақсаты қандай?
«Қаздар қайтып барады» шығармасы не туралы деп ойлайсыздар?
Неліктен бұлай атаған?
Шығармадан үзіндіні оқып, жауап беріп көріңіздер.

5.

Малшы ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып, етекке түсіп кеткен.
Тегіс-тепсең жерлерде, бұлақ бойларында жараның орнындай болып
киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді. Кеш батысымен иен жұртқа аш
қасқырлар келіп, емін-еркін тіміскілейді. Кеш жолдарына, айдалған мал
ізіне түсіп, тұмсықтарын көтеріп, ұзақ-ұзақ қарап тұрады. Сүйек
қажалап, тері-терсек, жүнжұрқаны жұлмалайды. Бұтаның арасында
қалып қойған тоқтыторымды іздеп сандалады. Жердегі жемтіктес
досына қарайлап, көкте құзғын айналады... Жаздың шілінгір ыстығында
басынан бұлт кетпейтін Етікші шыңы бұл күнде бозғылт мұнарға
оранған. Бұл – Тарбағатай сілемдерінің бірбірімен ұшарласа келіп, күрт
көтерілген тұсы. Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан
шалынады. Арғы бетке өтетін жолаушы қиын да болса, көбінше, осы
шыңның желкесімен асатын. Өйткені өркеш-өркеш тауларға, терең
құздар мен тентек өзендерге соқпай өтетін ең төте жол осы. Биік жалдың
басында жыртқыш аңдар да аз жүреді. Етікшінің жотасына шықсаң,
таудың күнгейі мен теріскейі табаныңның астында жатады.

6.

Бір заматта басын көтерді. Күн төбеден ауып барады екен. Жаңағыдай
емес, сергіп, тыңайып қалыпты. Тек тілі аузына сыймай, шөл әкетіп
барады. Əлдене есіне түскендей, жалма-жан қоржынға қол созды.
Қоржынның бір басынан кішкентай қатқан торсықты алып, шайқап
көріп еді, бірдеме шылдырағандай болды. Құйып алып шыққан айраны
бұдан екі күн бұрын таусылған. Сонан бері таңдайын жібітіп, талшық
қып келе жатқаны – бір уыс малта. Қалтасында жүрген бес-алты құртты
торсықтың ішіне салып, үстіне кеше су құйып алған-ды. Онысы да
бітуге айналыпты. Қоржынның екінші басынан саптаяғын алып,
торсықты төңкеріп еді, кішкентай ғана ақ малта құйылды. Шал оны бірақ сіміріп алды. Маңдайынан тер бұрқ ете түсті. Көзі шарадай жанып,
біраз әл жинағандай болды. «Не де болса, осы арада біржола тамақтанып
алайын, – деді ол, қоржынынан бір уыстай ірімшік пен екі-үш жапырақ
қатқан нанды алып жатып, – торсығымды суға енді бір толтырып алсам,
ел шетіне жеткізеді ғой...» Тастай боп қатып қалған қара нанның бір
түйірін қажалап отырып, зорға жеді. Кебірленіп, өңешінен өтер емес,
«Шіркін, дүние-ай, осындайда бір шәйнек шай, не болмаса бір аяқ
қымыз болар ма еді, – деп аңсады қарт, – кеңшілік кезде сол тамақтарды
тойып ішіп көрдім бе екем? Əй, тоймаған шығармын, сірә».

7.

Қарт шошына басын көтеріп алды. Басында өзінің қайда жатқанын
білмей аңырып қалды да, біраздан соң есін жинады. Таңғы
салқында денесі ызғар тартып, тоңазып қалыпты. Əйтсе де,
бойының сергіп, жеңілденгенін сезінді. Кенет жаңа көрген түсі
есіне түсіп кетті де: «О, туған жер! О, қасиетті атамекен! Торқадай
топырағыңды қия гөр адасқан ұлыңа... Ел шетіне бір жеткізсең, екі
дүниеде арманым жоқ деген сертім бар еді. О, Алла, аманат
жаныңды бүгін алсаң да разымын!» – деді тәңірге жалбарынып.
Күн арқан бойы көтерілген. Сонау шырқау биікте, ақ шарбы
бұлттардың арасында, аспанды күңгір-күңгір үнге толтырып,
түйелі көштей тізбектелген тырналар қайтып барады. Дәл осы
кезде тайыншадай овчарканы алдарына салып, екі шекарашы
Айнабұлаққа қарай түсіп келе жатты. Ізшіл ит шынжырын жұлқа
ентелеп, ескі қыстауға қарай тартады
English     Русский Правила