Похожие презентации:
Тәрбиелеү қазақілімі
1.
32.
ҚОБДАБАЙҚАБДЫРАЗАҚҰЛЫ
ТӘРБИЕЛЕУ
ҚАЗАҚ ІЛІМІ
ҚАРАҒАНДЫ
2017
4
3.
ӘОЖ 37.0КБЖ 74.6
Қ 13
КИІЗ ТУЫРДЫҚТЫЛАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫН
зерттеу орталығы
Түп нұсқаға пікір жазғандар:
Б.Бор, академик;
С.Қалиев, п.ғ.д., проф.
Жауапты редактор: М. Қаусылғазы п. ғ. к.
С. Айнұр
Қ 13 Қабдыразақұлы Қ.
Тәрбиелеу қазақ ілімі / Қ. Қабдыразақұлы – Қарағанды:
«Тengri ltd», 2018 – 144 б
ISBN 978-601-7950-163
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ЗЕЙІН ҚОЙЫП, ЗЕРДЕЛЕУШІЛЕР
МЕН ОНЫ ҰСТАНЫМЫ БОЛДЫРҒАН БАРШАҒА АРНАЛҒАН
ТАНЫМ ДЫҚ ЗЕРТТЕУ
АЛАШОРДАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛЫП өңделіп басылды
© Қабдыразақұлы Қ., 2018
5
4.
ТӘРБИЕЛЕУ ҚАЗАҚ ІЛІМІНЕ КІРІСПЕ6Мәселенің мән-жайы түсінікті болуы үшін сана деген іргелі ұғымды еске түсіруімізге
тура келеді. Бұл аталған күрделі ұғымның арғы жақтағы қатпарларына бармай-ақ, қысқа
қайырсақ, сана дегеніміз адамдардың ақиқат дүниедегі зат, құбылыс, уақиға т.б.
түйсінуі, қабылдауы және оларды ой елегінен өткізу барысында пайда болған,
қалыптасқан түсінігі мен көзқарасы дегенге саяды. Түсінік, көзқарас, әрине, алдымен
адам санасында, дүниеден қабылданған әртүрлі ақпарлардың жинақтала, қорытыла келе
білімге айналады. Ондай білімдердің біралуаны ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан
«дәстүрлі білімдер» болса, бір алуаны зерттеуші, танушы адамдардың әрқилы ақпараттарды
салыстыру, ойлау нәтижесінде пайда болған «табиғи білім» жүйесі болып табылады.
Білімнің тағы бір түрі арнайы бағдарлама бойынша оқыту барысында мектепте, жоғары оқу
орындарында, арнаулы курстарда алынған үйретінді білімдер жүйесіне жатады. Дәстүрлі
білімдер, қорытылып, сараланып кейде жеке тұлғаның өз ойлары мен пікірлері, түйгендері
жинақталып сол адамның атымен сақталуы да мүмкін. Адам тәрбиелеу қазақ дәстүріндегі
дәл сондай, білімдердің жиынтығын – ТӘРБИЕЛЕУ ҚАЗАҚ ІЛІМІ деп отырмыз. Мысалы,
тәрбиелеу Абай ілімі – «Адам бол!» формуласы, кісілік философиясы, тәрбиелеу Шәкерім
ілімі – ар-ождан ілімі, ақиқат философиясы, Иасауидің сопылық-моральдық ілімі, исламитүріктік философиясы т.б. Қазақ педагогика тарихындағы барлық көзқарастар мен ілімдерді
толық қамту мүмкін еместігі белгілі. Тек шолу ғана жасалынады.
Қазақтың түп тұқияны жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері: «Тән – Тәңірден,
Тәрбие – өзімізден» - деген қағиданы басшылық етіп, «Кісілік» мұратты шамшырақ
болдырып, ұрпағын өмірге дайындап, тәлім-тәрбиелік кең тынысты, орасан аумақты, заңғар
мақсатты, іс-шара, қимыл-әрекет, жұмыс-шаруа жүргізу, ұйымдастыру, өткізу нәтижесінде:
«Бала бақшадағы гүлің, оны тәрбиелеу үлкен ғылым» деген даналық қорытындыға келген.
Иә, қазақ танымында тәрбиелеу әрі өнер, әрі ілім.
Қазақ – өткенді қадірлеген, жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана
халық. Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы – отбасы,
әулет, ауыл, ата-ру, тайпа, одақ, ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып,
елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемлекет құрып, Ұлы Дала
кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне, текті, байырғы қауым.
Мемлекеттің шаңырағы бірде биіктеп, бірде шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы
Торғытайдан бастап, қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын
судай сапырылған сақ, ғұн, түркі, оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның
ұшымен ғана емес, ақыл-парасат күшімен де, ұрпақ тәрбиелеу ісімен де, ұлағатты үлгі
өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап,
бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.
Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып, іске асу барысында талай ұлық ұстаздар
туып шықты, әулет мектебінің сан түрі пайда болды. Бұл мектептердің бас ұстаздары ана мен
дана, ата мен әже, әке мен шеше, аға мен көке, дос пен таныс, жеңге мен жезде сияқты
ұлағатты ұстаздар есімі, іс-әрекеті ел есінде, халық жадында мәңгі сақталған. Түбі бір, бар
қазақ отау тігіп, орда көтеріп, тамырын тереңге жайып өсіп-өне отырып, бір шаңыраққа
топтасып әулеттік тұғыр, тектік бастау – Қарашаңырақ мектебін дүниеге әкелді. Оның бас
ұстаздары Дана Аналар мен Дана Аталар болды. Ол дамып жетілу барысында Дана
мектебіне ұласып оның барлық түрі мен тармағы, саласы мен бұтағы, бөлшегі мен бөлігі,
тарауы мен бөлімі ұйыса келіп – Әулет мектебіне айналды. Қазақ қауымында осы негізде
пайда болған, әлмисақтан бері, әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп
болған-ды.
Әулеттік мектеп – (қалың қауым, жұрт арасында, ел аузында, ол – қазақтың қарадомбай
мектебі аталады) жеке отбасынан бастап, әулет, ауыл, тайпаға дейінгі адамдарға ортақ,
6жарық дүниеге жаңа келген сәбиден бастап, қарттарға дейін қатысатын, қазаққа тән
(түрік тектес халықтардың барлығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен
6
5.
арасында аздап айырмашылық бар), сан ғасыр бойында қызмет жасаған, күні бүгінге дейінжалғасып келе жатқан, келешекте де болатын, ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы
нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта.
Қазақ танымында адам жасы: балалық, жігіттік және қарттық («Тәңертең төрт аяқпен,
күндіз екі аяқпен, кешке үш аяқпен жүреді. Ол, кім?» - деген жұмбақты еске түсіріңіз.) үш
кезеңнен тұрады. Өмірге келген күннен бастап, қырқынан шыққанға дейінгі бала –
қызылшақа (кей өлкенде шарана, шақалақ) деп аталады. Ит көйлегін шешіп, қарын шашын
алдырған соң, қаз-қаз басқанша – нәресте (кей өлкеде бөбек) делінеді. Тұсауы қиылып, аяғын
басқаннан жеті жасқа дейін – сәби (кей өлкеде балдырған) аталады. Жеті жастан он үш-он
бес жасқа дейін – балалық шақ. Балалық шақтың тіршілік тұрағы, тұрмыс аясы - жанұя
аталған.
Отау иесі болғаннан, немере (не жиен) сүйгенге дейінгі кезең – отағасы (отанасы)
аталып, тіршілік тынысының шеңбері – отбасы делінген. Немерелі-шөберелі болғаннан
бақиға аттанғанға дейінгі кезең – ата (әже) делініп – тұрмыс аясы – әулет атанған. Осы
аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде жүргізілген, мақсатты, жүйелі тәрбелік іс-қимыл
әрекетті, тәлім-тәрбиелік үлгі-өнегені – ӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз. Бұл мектеп – атыжөнін айпарадай етіп маңдайшасына жазып қойған еңселі, ғимарат емес. Алайда, тәрбиелік
іс-әрекет белгілі ортада үйретуші – ұстазы бар, үйренуші – шәкірті бар, айқын бір нәрсені
үйретіп ұқтыратын амал-айла, сабақ-дәріс меңгертетін педагогикалық іс-қимыл. Мысалы,
Сұлтан деген ұстаз, Қожа деген шәкіртке, иен жонда, ат үстінде, шылым шегуді үйретіп
бара жатыр. Әулет мектебі – кім-кімге?, нені?, қалай? үйретіп жатқаны айқын көрініп
тұратын, «тұнық шыныдан жасалған», әулет мүшелерінің көз алдында сабағын өткізетін
мөлдір де, ашық мектеп. Ол талантты да озаттарды бөліп алып, оңаша оқытпайтын, кәрі-жас,
ұл-қыз, бай-кедей, шенді-шекпенді, хан қараша баласы деп алаламайтын көпке ортақ мектеп.
Осындай мектептің қазақ ортасында бар екенін, қазақ баласына тәлім-тәрбие беру амалына
көңіл аударғандар мен арнайы зерттегендердің барлығы да айтқан болатын.
Кейбір әулет өсіп-өніп, рулы елге, тайпа дәрежесіне жеткен. Орталарынан неше түрлі
дарынды, өнер иелері туып шыққан. Осы негізде дамыған, тайпа арасына қызмет жасаған,
өнерлік-кәсіптік мектептер де болған. Олардың ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнер
иелерінің есімімен аталуы. Мәселен, Қорқыт, Ықылас мектебі, Құрманғазы, Тәттімбет
мектебі, Бұқар, Абай мектебі т.б. Сондай-ақ, керейлік үйшілер мектебі, адайлық зергерлік
мектебі, наймандық бақсылар мектебі.
Әулет мектебінің түрі де мол. Мәселен, ата-әже немесе әке-шеше мектебі, жездежеңге мектебі, ақсақалдар мектебі, қарашаңырақ мектебі, ана мектебі, дана мектебі,
ақшам мектебі, бала думаны, құрбы-құрдас мектебі, мереке-мейрам мектебі, еңбек-өнер
мектебі т.б. Әулет мектебі қазақтың тұрмыс салтынан туындағандықтан оны әдет-ғұрып,
дәстүрден айыра тану оңай емес. Былай қарасаңыз, қазақта не көп, той-думан, мереке көп.
Оның бәрі, асып-төгіліп, шашылып-тарату үшін жасалған, мақтаншақ-бөспенің іс-әрекеті
емес, бала тәрбиесі үшін жастарға ұлағат үшін, үлгі-өнеге беру үшін жасалады. Оларды
жалпы алғанда, қазақ – жастар думаны (бала қуанышы) деп атаған. Қазақ қандай да,
салтын, думанын жасаса да, оның тәрбие мектебіне айналуын көздеген.
Қазақ салтанатты адам рухын асқақтату үшін жасайды. Ал, ұлттық рух бала жанына
ділмен, тілмен, дәстүрмен, өнермен сіңетінін аңғарған халық, бала алғашқы мүшелден
асқанға дейін, оның дамып жетілуі, өсіп нығаю әр кезеңін мұқият бақылап, жетістігіне
жігер беріп, табысына талдау жасап, үнемі атап өтіп отырған. Мәселен, құрсақ той, ат
қою, шілдехана, бесікке салу, шаш алу (қию), тұсауқияр, атқа мінгізу, сүндет той, тілашар
т.б. ғұрыптарды осы кезеңдерде өткізген. Ондағы негізгі мақсат: жас баланы
әлпештеумен қатар басқа балаларға берілетін тәрбие мен білімді осы шараларға сіңіріп
беру ісін ұйымдастыру еді. Басқаша айтқанда; балаларға тәлім-тәрбие беру үшін, әулет
мектебін осылай ұйымдастырып, оның пәндерін осылай оқытқан. Ол өз кезегінде, осы
ұйымдастыру нәтижесінде, қазақтың ғұрып салтымен біте қайнасып, әдет-әдебіне
ұласқан, күнделікті тыныс-тіршілігінің қалыбына айналған. Олай болса әулет мектебінің
7
6.
түрлері дегеніміз қазақ салтында, әдет-ғұрпында атқарылған әрбір іс-әрекеттің,ұйымдасқан, бірлескен, белгілі мақсатқа сай жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы
болмақ.
Әулет мектебінің тәрбие құралдары мен тетіктері де ерекше болған. Мәселен, тіл және
сөз, ырым және әдеттер, ғұрыптар, рәсім-тәмсілдер, наным-сенімдер, мұралық және
жәдігерлік дүниелер, атамекен – ел-жұрты, тұтынған ас суы, киім-кешегі, баспанасы,
өскен өлке, ата-баба моласы, зираты т.б. Кей ретте, тәрбие құралдары өз кезегінде әулет
мектебіне де ұласа алады. Мысалы, жұмбақ айту, жасыру тәрбие құралы болумен қатар
«Айтыс» аталатын бала думанының құрамдас бөлігі. Ал, балалар айтысы жай ғана тәрбие
құралы емес. Ол – әулет мектебінің бір түрі. Айталық, балалар айтысы тәжікілесу немесе
қарапайым сөз қағысы, суырып салмалыққа баулу, соған жаттықтыру айтысы, өтірік өлең
айтыс, жаңылтпаш жарысы, мақал-мәтел сайысы, қараөлең айтысы, жұмбақ жасыру
сайысы, сыр ашу сайысы; жұмбақ өлең айтысы, құлдіргі айтыс, аралас айтыс сияқты оның
көптеген түрі бар. Міне, осыларды өткізудің белгілі ережесі, әр түріне сай қойылатын талап
бар.
Қазақ қоғамы аталы сөзді дәріптеп, оны тек қатынас құралы немесе тәрбие құралы ғана
емес, өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған. Осы негізде дала демократиясын
қалыптастырып, жетім-жесір, қарт, мүгедек үйлерін жекелемей, түрме, қамау орындарын
тұрғызбаған. Ол олма, құлдар мен күң, тұтқындар мен олжаланған адамдар тағдыры
ізгілікпен шешілген. Сондай-ақ, қазақ азаматын марапаттаса, «шенді шекпен жаппайтын,
төсіне жылтыратып металл тақпайтын». Қазақтың марапаты да – сөз, жазасы да – сөз. Сол
себепті әулет мектебінде негізгі тәрбие құралы міндетін сөз атқарған. Мысалы, ардақтау,
ұлықтау, мадақтау, дәріптеу, қолдау, қолпаштау, кешірім сұрау, тағзым ету, аяққа
жығылу, көңіл сұрау, естірту, дауыс шығару, көрісу, жоқтау қатарлы әдеттер, өз рәсімтәмсілдерімен ғұрыпқа сіңісіп, қазақтың кім екенін басқаға танытатын ерекше бір ұлттық
нышанға айналған. Оған қоса, тәлімдік сөздер, тыйымдық сөздер, өсиет сөздер, бататілектер, аңыз-әңгімелер, ертегі-хикаялар, шешендік сөздер, өлең-жыр, толғау дастандар
қазақтың телегей теңіз рухани мұрасын құрай отырып, нағыз тәрбие құралы бола алған.
Бұлар ислам хадис шарифімен ұштаса келіп діни тыйымдар мен бұйрықтарға етене қабысып
кеткендіктен әулет мектебінің басты да, нақты тәрбие құралына айналған. Қазақ бір ауыз
сөзбен, тұрғанды отырғызған, жатқанды тұрғызған, есенгірегеннің еңсесін көтерген,
еліргеннің екпінін басқан, бір ауыз сөзбен «тірілтіп», бір ауыз сөзбен «өлтірген». Тіптен,
«Әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де - «Тіл өнері» болған. Осылайша, қазақ деген
халықтың сөзді тыңдау, сөзге тоқтау, сөзде тұру, сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысы,
оның салихалы әдебіне, ерекше қасиетіне, өзгеше мінезіне айналған. Қазақ сөзбен адам
жанын да, тәнін де емдеген. Қазақ тілмен тұлға, азамат тәрбиелеп қалыптастырған. Қазақтың
тілі – қылыш, сөзі сойыл. Әулет мектебінде берілген үлгі-өнеге, білім мен дағдының
мазмұнын пайымдасақ, жекелеген пәндерді үйрету ғана емес, жалпы әлеуметтік білімді
үйрету көзделген.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып,
ұяттылық, әдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан. Міне,
сол қымбат, асыл қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтақ жайған.
ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса да,
өңірлік, рулық, ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді. Шаруа
отбасында тәрбие, үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті, әулет пен тайпаның, рудың шынайы өмір
әрекеттерінен айырмашылығы аз еді. Тәрбие тағылымдарының аясы атам заманнан
қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне, еңбек қимылдарының ауқымында,
ғұрып-салтының шеңберінде жүзеге асырылатын. Ұлттық тәрбие құралдары өз жүйесін
құрай отырып, тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке айналған.
Қазақ қауымының қай кезеңінің алып қарасаңыз да, еңбектің көбін балалар еңсерген.
Олардың тіршілікте алар орыны, әулеттегі қолғабысы орасан зор болған. Қазақ атамыз:
«баланың ісі білінбес, тайдың мінісі білінбес» деген ғой. Әсіресе бақташылар мен
8
7.
бағбандардың, балықшылар мен дихандар үшін балалардың көмегі шексіз еді. Әрі өміргедайындау, осы еңбекке жасөспірімді тікелей қатыстыру жолымен жүргізілетін. Сондықтан,
баланың жасына сай, игертуге тиісті еңбек дағдысын уақытты ұтымды пайдаланып үлгерту
ата-ана үшін қасиетті борыш, әрі парыз болған. Мәселен, бала қозы жасында – қозы бағып,
бұзау қайыруға тиісті болған. Тезек теріп, шөмшек отын дайындау да осы жастағылар
үлесіне тиген. Мал сауып, төл бөлу, қозы көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы
балалардың басты еңбегі еді. Ал, ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке
араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым, қолұшым, қолғанатым,
серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқанат бола бастаған шақта олардың жасы атқаратын
міндетімен аталатын. Қозы жас, қой жас, жылқы жас, патша жас, аңдушы, қағушы,
суқұяр, атқосшы, көрікші, соғушы, аутартар, ескекші. Жыл бойында атқарылатын еңбек
науқаны, балаларға олардың жасына сай еңбек мейрамын (әулет мектебін) сыйлаған-ды. Төл
аяқтандыру, қырқын, төл пішу, шөп шабу, егін ору, соғым сою сияқты еңбек науқандары
бітісімен, қазақтарсалттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айналдырған. Мысалы: сірге
жинар, төстік қаптар, соғым бас, көгентүп жасау, пішен той, сабан той т.б. Әулет мектебінің
қай түрін алсақ та, негізгі мақсат: ЖАС ҰРПАҚТЫ көзі ашық, көкірегі ояу, парасатты
жақсы АТА-АНА болуға әзірлеу, дәуір талабына сай өмірге дайындау екендігі айқын
аңғарылады. Өмірге есті де, епті әке-шеше дайындау қазақ үрдісінің бірінші ерекшелігі: ұл
мен қыздың өмірге келген күнінен бастап, отау тігіп бөлек шыққанға дейін, бір ғана әулет
мектебінің аясында тәрбиеленуі болып табылады. Екінші, қауымдық тәрбие мен
отбасылық тәрбиесі, бірін-бірі қолдаушы ниеттес іс-әрекет арқылы жүзеге асатын.
Үшінші, адамдардың тәрбие ісіндегі мақсат, мұрат сәйкестігі, ұлттық мүдде бірлігі, әдеп,
тіл, дін ұқсастығы ұрпақ тәрбиесінде алалық туғызбайтын. Қазіргі қазақ қауымындағы осы
жағдаят ахуалын пайымдап көрсеңіз ұрпақ тәрбиесіндегі олқылықтардың туу себебін,
қиындықтардың шығу тегі, оны арылтудың амал-әдістері ептеп айқындалары сөзсіз. Қазақ
ұлы онға толысымен қозы жасына келді деп есептейді. Осы жастағы баланың негізгі
міндетін айттық. Қазақ ұғымында, азамат қалыптасу негізі 3-13 жаста қаланады. Қозы
жасындағы бала он беске толысымен отау иесі делініп, қозы бағудан қой бағуға ауысады. Ол,
жай ғана солай ауыстыра салу емес, үлкен оқу, мұқият баулудың нәтижесі. Қозы бағу оңай
болмағанымен, қой бағу тіптен қиын. Бұл жастағы жастар, ата кәсібі-маман иемденуі қажет.
Сондықтан, он бес пен жиырма бес арасын қой жасы деген. Он беспен жиырма бестің
арасын қой жасы деуі – бір қора қойды ит-құсқа жем қылмай, жоғалтпай бағу, жауыншашында, боранда аман сақтау, азаннан қас қарайғанша жалықпай жанында болу, жалғыз
жүру осы жастағы адамдардың ғана қолынан келеді. Бұл қой жасынан еті тірілер,
шыныққандар, сенімділер ғана өтіп, жылқы жасына ауысады. Қашан да болмасын, жиырма
бес жас – белдің бекіп, бұғанасы қатайып, өсіп жетілген, тебіннің күшейген кемел шағы. Ат
құлағы көрінбейтін боранда, түкірігі жерге түспейтін қаңтардың сары шұнақ аязында,
тұмсығына оқтаудай мұз қатқан, кірпігіне ақсүңгі қырау тұрған атпен жүріп үйір-үйір
жылқыға ие болу, күртік қарды белуардан ойып тігілген қоста жатып, жылқы отарлату,
ұтылап тосатын, ұлып артыңнан қалмайтын қалың қасқырға шалдырмай, екі күннің бірінде
тебініп келетін сақадай сай жауға алдырмай жылқы бағатын, жиырмабес пен қырық жас
арасындағы жігіттер ғана. Жылқы жасындағы қазақ, ата кәсіптің ең маңдайлысы – жылқышы
мамандығына қол жеткізуі тиіс. Бірер дарындылары, осы жаста атбегілік өнерін игерген.
Қырық пен алпыс арасын патша жасы деудің өзіндік мәні бар. Қырықты қазақтар әспеттеп,
қынынан суырылған қылышқа теңейді. Осы жастағы өнериелері өрге жүзіп баршаға танымал
болады, таланттылар атағы әйгіленіп, халық алдында көзге түседі, шешендері билік жасап,
бағалана бастайды, көсемдері көзге түсіп, хан, сұлтан, болыс болып, ел басқарады. Алпыстан
асқан соң пайғамбар жасы басталады. Бұл шығыс мұсылмандарына ортақ жас. Осы жастағы
қазақтардың, шындығында, құлшылық жасау іс-әрекеті кемелденіп, нағыз мұсылмандық
жолында қалтқысыз еңбек етеді. Аллаһ таһалаға жақындау ниеті шын пейілмен, адал
көңілмен жүріледі. Ал, жетпіс пен сексен арасы – қазына жасы. Қазақтар бұл жасты әр
қырынан қарап, тым құлпыртып айтатыны да бар. Мысалы, ақылгөй, данагөй, ақылман,
9
8.
білгір ғұлама жас. Тоқсаннан асқандарын, қазақтар, «бала жасындағылар», «маймылжасындағылар» деп теңей айтады. Бұл теңеудің де орны бар. Ол жастағылардан баланың
да, маймылдың да мінезін, қимыл-әрекетін аңғаруға болады Кей өлкеде – абызжас дейді.
Қазақта мүшел жас немесе жыл қайыру амалы да бар.
Қазақ әулет мектебінің ішінде өзгешелегі тым молы жеңге және жезде мектебі.
Балдырған шағында ұл мен қыз тәрбиесі арасында оншама айырмашылық болмаған. Тек қыз
баланың киім киісі сәнді, жүріс-тұрысы әсем, сөз ырғағы биязы, жібек мінезді болудың амалтәсілдерін ойластырып, сол үшін де оның алғашқы дағдыларын игертуге ерекше зейін
қойған. Мәселен, екіден бес жас аралығындағы қыздар киіміне сылдырмақ пен түйме,
түйреуіш-тана тағып, үкі қадап тақия, кестелеп бешпет, кеудеше, бүрмелеп көйлек, сырмалы
жағалы жейде кигізуі, жеңіне желпілдетіп жеңұш, қолына білезік, саусағына сақина салуы,
олардың нәзіктігімен үндестік тауып, әдептілік пен әсемділіктің алғы шарты болған. Себебі
қазақтар, қыз баланы киіміне, әсіресе, саусағына, алақанына, жеңіне қарап өседі деп түсінген
(қазақтар қыз баланың, қай жастағысы болсын, алақанын, білегін, бөтенге көрсетуге,
ұстатуға құлықсыз болған). Бұл қағида – адамтану қазақ ілімінде қалыптасқан, бұлтартпас
ақиқат еді. «...Барша халық 5 пен 7 жас мөлшеріне ерекше мән береді. Бұл кезеңде ата-аналар
оларға кіші балаларды бағып-қағуды, мал-жанға қарауды, басқа да үй-ішілік жұмыстарды
сеніп тапсыра бастаса, балалар бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына жауапкерлікпен
алады...Бес, жеті жаста бала естияр болады деп есептеледі де, жаңа әлеуметтік жүк арқалай
алатындай орнықты мінезге ие болады» - деп жазған И. С. Кон (Ребенок и общество. -М. ,
1988). Мұндағы пікірлер қазақта толығымен бар екенін, оның қалай жүзеге асатынын Х.
Арғынбаев, «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» атты еңбегінде: «Қыз балалар 5-6 жасынан
бастап апаларынан, шешесінен, әжесінен және ауылдас әйелдерден, іс тігу, тамақ пісіру, үй
жығу, үй тігу, киіз басу, өрмек тоқу, кесте тігу шеберлігін үйренеді, үй жиып, кір жуу, ән
салып күй тартуға, айтысқа және қыз келіншектерге тән басқа да әдет-ғұрыптар мен
жағымды қылықтарды үйренеді» - деп тамаша көрсеткен. Мұның екінші жағы, сол жас
шамасындағы балалар тәрбиесінде қыз және ұлға айырмашылықпен қарау қажеттігін
аңғартады.
Иә, қазақтар ұл мен қыз тәрбиесіне тым терең бойлап, олардың жас ерекшелігі мен
табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында ұстап, тамаша табысқа жеткен халық. Қыз бала жеті
жасқа толысымен (жас өспірімдік шақтың басталуы деп есептеген), «ес біліп қалды, етекжеңін жинайтын шақ болды» деп, қолғабыс жасау, даяшылық ету, анасына көмектесу, іс
қылу сияқты еңбекке араластырып, қызға тән білік-дағдыларды игерткен. Ол үшін, олар біз
ұстап кесте тігіп, ине ұстап іс қылған, білік ұстап алаша, өрмек тоқуға араласқан. Жүн түтіп,
майдалап шүйкелеумен қатар ұршық ұстап жүн иірген. Шүйкеден жіп есіп, бау құрастырған
Киімін жамап, түйме, түймебау қадаған. Су әкеліп, самауырын қойған, шәйнек асқан, мосы
көтерген, пеш жаққан, отын терген, кір жуысқан, мал сауысқан. Әрине, балалықтан аттар,
жастыққа бастар аралық – бозбала (бойжеткен) сын кезең ұлға да, қызға да бірдей.
Балалықтан байсалдылыққа өтер басқа өткел де, жол да жоқ. Бірақ олардың сол сыннан
сүрінбей өтуіне сүйеніш болар адамдар: ата-ана, құрбы-құрдас, туыс-туған екені белгілі.
Қазақ ғұрпында, ана қызға ең әуелі ақылшы, әрі жанашыр. Ана ақылынан титтей де аулақ
кету, ауытқу болмаған десе болады.
Қазақта, қызы үшін анасы отқа түсіп, суға батқан. Қыз барлық өнегені анасынан алған.
Сондығы болар, «қыз ұяты шешеге» деген ғой. «Қыз жағадағы құндыз». Ол баршаның
бақыты. Көптің тәлімімен өсетін, нәзік қамқорлықты таңдайтын, талғайтын абзал да аяулы
ұрпақ. Оның тәрбиесі көптің ісі. Қыз елдің көркі. Әдепті, тәртіпті қыз ауылдың мақтанышы,
ал, керісінше болса, ата-анаға сор, ауыл аймаққа күйік. Бойжеткендерге «қырық үйден тию»
қойып, «қыз қылығымен» дегенді ерекше ескерткен. Бірақ мұның бәрі де қыз тәрбиесі үшін
жеткіліксіз (бүгінгі таңда, тіптен орыны толмай жүр). Бойжеткен қыздарға ата-әже, әке-шеше
жас жағынан тым алшақтау, құрбы-құрдас кейбір жағдайды шешуде өзі тәрізді
тәжірибесіздік көрсетеді. Енді кімге иек артып, сүйену қажет? Өмірдің өзі – «Жеңге, жеңге»,
- деп көрсетіп, сыбырлап тұр емес пе?! Осы негізде қазақ әулетінде «Жеңге мектебі» өмірге
10
9.
келген. «Қызы бар үйдің қызығы бар» болатындықтан әр күн өткен сайын, өсіп келе жатқанқыздың физиологиялық ерекшеліктері сезіліп, жаңа тосын жағдайлары көбеюі рас. Осының
бәрін суыртпақтап, білтелеп ұқтыратын кім еді? Әрине жеңге, ол болмаса әпекесі.
Шындығында келін әулетке қосқан асыл жанды адамы, бақ береке нышаны. Сол
шаңырақтың қыздары мен ұлдарына жанашыр жақын жан, жүрек сырын түсінісер ақылшы
адамы. Ал, қыз үшін жеңгенің орыны ерекше. «Қызың өссе қызы жақсымен көрші бол, ұлың
өссе ұлы жақсымен көрші бол» дейтін қазақ атамыз келінін кейде «қызым» дейді. Келін –
қыз баланың табиғи ерекшелігі, жар сүю, бала асырап-күту, отбасындағы еңбектің
дағдыларын үйретуші ұстаз.
Қыз бала әулетте ерекше бағаланады. Ол ең әуелі өріс кеңітер ұрпақ, ауылдың сәні,
шаңырақтың шаттығы, қадірлі қонақ. Дүниеге қыз келіп, ата-анасы: «Ырыс алды – қыз» - деп
қуанған. Әсіресе, қазақтар тұңғышының қыз болғанын қалаған. Оның себебі, «осы отбасына
әлі талай ұрпақ келер, оларды асырап бағуға анасына жәрдемші болар, қыз туса екен!» - деп
армандаған. Сондай-ақ, қазақ қыздары сәннің де, салтанаттың да ажары, табиғат сұлулығын,
өз зейініне сіңіре білген, онымен үн қоса білген жаратылысынан ерекше дарын иелері. Олар
– ән-күй, өлең-жыр, қолөнердің небір баға жетпес туындыларын жасаған, сақтап бізге
жеткізген. Шынайы махабатты өмірінің ақырына дейін қастерлеп сақтап, ғашықтық жолында
жанын пида еткен, өзінің ақ пейілді, нәзік сезімді жігіттері мен қыздарын жыр етіп ұрпақтанұрпаққа таратып, ел есінде мәңгі қалдыру ата салтымыз. Қазақ жігіті мен Қазақ қызын
тәрбиелеп, өмірге дайындаушылар – жезделер мен жеңгелер, балдыздар мен қайындар,
қайынсіңлілер болған. Олар осы салт арқылы жастарды мөлдір махаббатқа тәрбиеледі,
бойжеткендерді жан-жақты түрде өмірге дайындады. Бұл тәрбие жақсы нәтиже берді.
Айталық, қазақ халқында бір елді аузына қаратқан бәйбішелер, ердің құнын екі ауыз сөзбен
бітірген сұңғыла шешен қыздар, жаудың жігерін құм еткен, желігін жүндей түткен адуын,
асқақ, батыл әйелдер қаншама өтті! Он саусағынан өнер тамған қазақ әйелдері біздің бай
қолөнеріміздің төлиесі. Кілемнен бастап түндікке дейін, басқұр мен шымшиден бастап
босағаның бауына дейінгі ғажайып өрнек-оюлар, тоқылған, өрілген, сырылған бұйымдар,
оқаланған, зерленген, көмкерілген, жиектелген, ызылған таспалар мен құрлар, ұлттық киімкешектер, үй жиһаздары бәрі-бәрі әйелдер қолынан шыққан асыл да, бағалы дүниелер. Бұл
жеңге мектебінің сан қырлы іс-әрекетінің табысты нәтижесі, тәрбиелеу жолын тамаша
таңдай білгеннің айқын көрінісі.
Адам танымы ғылыми тұрғыдан тас дәуiрiн ең ежелгi кезең – палеолит, екiншiсi –
мезазой (орталық кезең), үшiншiсi – неолит (ең соңғы кезең) деп үш кезеңге бөледi. Ал
азиялық аумақта алғашқы адамдардың пайда болуы 9-7 мыңжылдықтар шамасындағы ең
ежелгi палеолит кезеңiнде Сiбiр, Қырым, Кавказ, Орталық Азия және кейiннен Днестр, Дон
жағалауларында пайда болған деген пiкiрлер бар. Бұл тұжырым әлi де нақтылана түсуде. Сол
деректерге қарасақ, палеонтроптар еңбек және аң аулау құралдарын жасап, әртүрлi топтықшаруашылық қарекеттермен айналысқан, үңгiрлерге, жер үйлерге паналап алғашқы от жағу,
тағам дайындау, жемiс-жидектердiң дәнiн, тамырын жинау, сақтау, т.б. iстердi атқаруға
үлкендермен қатар балалар да қатыстырылған. Мұндай жағдайларда тәрбиенiң пайда болуы
заңды құбылыс. Жас ұрпақты тәрбиелеуде күнделiктi тәжiрибелерi жинақтала келе, тұрмыстiршiлiгi тәрбиенiң қажеттiлiгiне және оны жетiлдiрiп отыруға талаптандырды. Үлкендер
мен балалардың бiрлестiк еңбектерi бағдарлы үйрету қарекетiмен ұштасты. Тұрмыстық
тiршiлiктiң барысы, алғашқысында аң және балық аулау қауымдастықтарын қалыптастырса,
егiн және мал шаруашылығымен (8-5 мыңжылдықтан жаңа дәуiр аралығы) айналысуда
адамдар өмiрiне мол өзгерiстер енгiздi. Осы аралықта аналық-рулық матриархат
қауымдастығы өрбiдi. Балаларды тәрбиелеу тайпа көсемдерiне, ақсақалдарға жүктелiп, ертегi
айту, ойын ұйымдастыру және өлең айту түрлерi, сол дәуiрдегi тәрбиенiң мазмұндық
құрамына айналды.
Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге
келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ
халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,
11
10.
өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар. Ал,қазақтың педагогикалық негізгі ілімдері тек ауызша ғана емес тасқа, қағазға жазылып бізге
жеткен. Ауызша және жазба түріндегі педагогикалық ой-сана, оларды жүзеге асыру амалайла, тәсіл-әдістерінің тәжірибелік үрдістері мен халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани
тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық ұстаным,
құндылықтар жүйесін халық педагогикасы деп түсіндік. Олай болса, халық педагогикасы
қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми
педагогика дәрежесіне жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың түп негізі
болып, тәрбие жүйесінің құрылымын айқындайтын бірден бір ой-сана қоры, асыл мұра бола
алады. Халықтық педагогика ұғымын біршама талдаған орыс педагогы К. Д. Ушинский:
халық тәжірибесінсіз «педагог та жоқ, педагогика да жоқ» -десе, Аристотель: «Біз бала
тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз» - дейді. Бұл тәлім-тәрбиелік үрдіс – сол
халықтың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал ұлттық
ерекшеліктері сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағрафиялық
жағдайларына, генетикалық, физиологиялық т.б. ұлттық ерекшелігіне байланысты болатыны
белгілі. Тәрбиелеу ұлттық үрдісі: салт-дәстүр, жол-жора ырымдар, салттық рәсімдер мен
ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек түрлері, ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден
басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтың қарым-қатынасынан
берік орын алған. Ол – әбден қалыптасқан, орныққан құндылық. Ол бас-аяғы жүйелі,
ғасырлар бойы қалыптасқан айрықша төлтума дүниетаным кешені. Мынандай сұрау,
алдымызда көлделеңдеп тұрғаны айқын. Жүйелі, арнаулы мектебі болмаған, білім беру,
тәрбиелеудің айқын теориялық негізі жоқ, көшпелі халықта қандай педагогикалық ілімғылым болуы мүмкін? Бұл сұраққа ежелгі көршілес халықтардың мектеп және тәлімтәрбиелік тарихына көз жүгіртіп барып жауап берейік. Ертедегі Индияда мыңдаған жылдар
бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен
қауымдық мектеп өмір сүрді. Тәрбие мен оқыту жанұялық-тектілік сипатта болды, жанұяның
ролі ерекше еді. Ертедегі Индиядағы тәрбие мен оқытудың дамуына касталық құрылыс
өзіндік із қалдырды. Тәрбие мен оқытудың генезисінің екінші негізгі жағдайларының біріне
діни идеологияның (буддизмнің) әсері ерекше. Индияда әлеуметтік жағынан үстемдік еткен
каста – брахмандар. Әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл-ой және дене сапаларын дамыту
қажет болды. Брахмандарда ең негізгі сапалар интеллеутуалдық артықшылыққа, екінші каста
кшатрийлер - мықтылық пен ерлікке, вайшьилер – еңбексүйгіштікке және шыдамдылыққа,
ал шудралар – құлшылық етуге ерекше мән беріледі. Идеялық тәрбие беруге тек ғана
жоғарғы касталардың мүмкіндігі болды. Тәрбиенің мақсаты – ақыл-ой дамуы, рухани тәрбие,
дене жағынан жетілу, табиғатқа, сұлулыққа сүйіспеншілік, өзін-өзі меңгеру және
ұстамдылық. Ертедегі Индияда ерекше қасиетті және сонымен бірге оқу кітабі болып
табылатын «Бхага-вадгита» (б.э.д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады. Ол – шәкірттерді
тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері болып табылады. Қытайда да
алғашқы адамзат өркениеттері сияқты бай және өзіндік педагогикалық дәстүрінің негізіне
түбірімен алғашқы қауымдық құрылысқа кететін жанұялық-қоғамдық тәрбие тәжірибесі
жатады. Әрбір жанұядағы өмір ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен түсініктердің
белгісімен іске асты. Барлық жанұя мүшелері белгілі ережелерді және шектеушіліктерді
сақтау қажет болды, мәселен, жаман сөздер айтуға, үлкендерге және басқа да туысқандарға
зиянды қылықтарға тиым салу. Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол
көп білетін, «өзінің жан-дүниесінде бейбітшілік пен үйлесімділікті қалыптастыратын адамды
тәрбиелеу» мақсатын қойды. Тәрбиелік қатынастардың негізіне жастардың үлкендерді
сыйлай білуін жатқызды. Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б. э. д. 3мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты
пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі
кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу. Қытай – ертедегі өркениеттің
негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан
пайымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің
12
11.
дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті. Конфуций (551-479жж. б. э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта шәкірт даярлады. Конфуций Ертедегі Қытайда
тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын
ұсынды. Конфуцийдің айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары,
шындыққа ұмтылу, әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары
бағалады. Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары
мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға
үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып үйренді.
Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді.
Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б. э. дейінгі 3 мың
жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі
психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы сөзге сараң,
дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады.
Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды. Ертедегі Египетте жанұя тәрбиесі
мен оқыту әйелдер мен ерлердің өзара қарым-қатынасының сипатын бейнелейді. Бұл қарымқатынас тепе-теңдік негізінде құрылды. Сондықтан да ер балалар мен қыз балаларға оқытуға
бірдей көңіл бөлінді.
Ертедегі Египетте қолданылған әдістер мен тәсілдер тәрбие мен оқытудың мақсаттары
мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыға ең алдымен тыңдай білуге үйретті. «Тыңдай білу –
адамның ең негізгі қасиеті» қанатты сөзі кеңінен қолданылды. Мұғалім күнделікті өз
шәкіртіне мынадай сөздерді жиі қолданды: «зейінді бол және менің сөзімді тыңда, менің
саған айтқан сөзімнің ешқайсысын да ұмытпа».
Египеттіктер дене жағынан жазалауға ерекше мән берді. Дене жағынан жазалау табиғи
және қажетті деп есептеді. Көп ғасырлар бойы Египетте әкенің, тәлімгердің ерекше беделін
қастерледі. «Әр уақытта да әкенің және ата-бабаңның адалымен жүр» деген дәстүрмен тұқым
арқылы мамандықты беру дәстүрі тығыз байланысты. Айналамыздағы барлық жұртта ежелгі
дәуірде топтық, жанұялық мектептер жұмыстаған болса, көне дәуірде, ғұндарда, сақтарда,
түріктерде сол санаттағы отбасылық мектеп болған. Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы –
ұлттық мәдениетінің маңызды бір белгісі болып табылады. Осы арқылы ол ұлттың ұлттық
тәрбиесінің ерекшеліктерін айқындап бере алады. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін
байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды
татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты
даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің
басы – әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты
ұлағаттыққа баулап, дауға – дәру, жауға – қару, араздыққа – араша, татулыққа – тамыр,
тазалыққа нәр, пәктікке – пәрмен, дәстүрге – дәрмен, өнерге – тұлпар, көкте – сұңқар етіп
тәрбиелеген. Нақтылы жазба дерек бойынша, түрік дәуірінде, Ұмай Ана мектебі жұмыстаған.
Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері біршама мағлұмат береді
(Ана мектебінің кейбір ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері Батыс және Шығыс
жазба әдебиеттері арқылы бізге жетті). Қазақ мектебінің басы – Ана мектебі. Оның даму
тарихы тым тереңде жатыр. Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен. Қазақтың
жеке ел болып, еңсе көтерген сол бір дәуірде, текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі
орнаған. Әулет, ауыл, ру, тайпа аумағында ақсақалдар мектебі ерте дәуірде қалыптасқанын
жоғарыда айттық. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әжеата, әке-шеше, жезде-женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық ісәрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады, үлгі-өнеге ұқтырды. Оларды жалпысынан
Әулет мектебі деп атадық. Әулет мектебі аумағында жүргізілген педагогикалық-тәлімөнегелік тәжірибесі барысында жинақталған педагогикалық ой-сана қорын – Әулеттік
мектеп педагогикасы деп отырмыз. Европалық үлгідегі мектеп педагогикасы қашаннан бары
белгілі ғой! Қазақтың әулеттік мектебінде педагогика жоқ деп ешкім де дауласа қоймас.
Әулет мектебінде – білім беру, тәрбиелеу ісі әдетте, отбасылық тәрбие делініп келгені
белгілі. Қазақтың ұрпақ тәрбиелеу үлгі өнегесі бір ғана отбасының міндеті болған жоқ және
13
12.
тек бір ғана отбасы шеңберінде жүзеге асқан жоқ. Шындығында, ол іс-әрекет оқшауланғанбір ғана отбасы – педагогикалық процесс те емес. Баланың тәрбиесі мен оның үлгі-өнеге
игеруіне тек әке-шеше ғана емес, ағайын туыс, ауыл-аймақ, көрші қолаң, алыс-жақын бәрі де
жауапты болған. Танысын-танымасын кез-келген ересек қазақ, баланың оғаш қимыл
әрекетіне, құлық-мінезіне ескертпе жасап, тиым қоюға міндетті болған. Дәлірек айтқанда,
әрбір ересек адам, ақсақал қария, ақын-жырау, сері-сал, жүргінші жолаушы, түсел-мейман,
ел кезген диуана, керек десеңіз, дала кезген жиһангер бәрі-бәрі әулет мектебіне қатысып,
ұстаздық етуге тиіс болған. Сонымен қатар әулет мектебі тек жастарға тәлім-тәрбие, білім
беру үшін құрылған жоқ. Жасамыстар да, қарттар да бұл мектепке әрі ұстаз, әрі шәкірт
болған. Қазақта үзіліссіз білім беру, тәрбиелеу ісі, осылай, әулет мектебі арқылы жүзеге
асқан.
Әулет мектебі ата-әже, әке-шеше, жеңге-жезде деген сияқты отбасылық білім беру,
тәрбилік үлгі-өнеге қөрсету үшін тармақтала отырып дамыды. Ол – балалар ойын-сауығын,
ұлттық еңбек мейрамдарын, сайыс-додалар мен ғұрып салттарын қамти отырып, қазаққа
өнер-білім беріп, ұлттық ой-санасын орнықтыратын, кісілік келбетін айшықтайтын
педагогикалық құралдар жүйесін тағайындап өмірге келтірген, керектеніп пайдаланған.
Қазақтың педагогикалық ілімі, қазақ философиясымен бірге қалыптасып, біте қайнасқан.
Дәлірек айтқанда, қазақ педагогикасы қазақтың даналық ой-пікірлерімен, адамтану
білімімен, дүниетанымдық, наным-сенімімен, әдептік үлгі-өнегесімен тікелей байланысты
дамып, бүгінгі ғылыми педагогикаға ұласты. Анығында, қазақ педагогикасы аталған төрт
тұғырдың өзара байланысы мен заңдылықтарына сүйене отырып дамып жетілді.
Қазақ педагогикасы – оқыту және тәрбиелеу ісінде шәкірт пен ұстаз алдына айқын
мұрат-мақсат жүктеген, үнемі басшылыққа алатын, тұрақты да, терең қағидаларға
сүйенген, айқын жолы мен амал-айласы бар, жүйелі, қалыптасқан, ұлық ұстаздардың әр
дәуірде ойлап тапқан ілімдеріне негізделген, сүбелі дүниетаным, ұлтанды мәдениет. Оны
ғылыми тұрғыдан пайымдап, теориялық тұрғыдан саралайтын, оның құрамдас бөліктері мен
ұғымдар арасындағы байланысты, заңдылықтарды ашып көрсететін педагогикалық
ғылымның бір тармағын (Г. Н. Волков үлгісімен) этнопедагогика деседі.
Талай ғасыр талқысынан сүрінбей өтіп, бізге жеткен, қызылшақа жәндікті салып
жібергенде, «өңдеп», «азамат» етіп «өндіріп» беретін Тәңір сыйлаған, ерекше құрылымы бар
– «Электрондық – тәрбиелік қазақ машинасы» - ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісі.
Ұлттық тәрбие үрдісінің ерекше қасиеті – өткенді талдап, қазіргіні анықтап, болашақты
болжауға мүмкіндік беретін, табанға тірек, барша ұстазға бағыт-бағдар болатын шамшырақ
болуында. Ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісіне тап болған, қандайда болсын жеке
адам, егер, ол; әжептәуір басқа ұлт өкілі болуға төселген болса да, тіптен сезім мүшелерінде
қандай бір кемістік болса да, тіптен дүние танымы, наным-сенімі өзгешелеу болса да, белгілі
уақытта қазақ ұлт өкілді болып қалыптаса алады. Тек кейбір жағдайларда, ұлттық тілді
меңгермеген, ойлау жүйесіне басқаның әсері тиген адамның ұлт өкілі болып қалыптасуы
аздап кешігетіні болмаса, бәрі-бір түбінде оңалады. Мұның айқын дәлелін, көптеген басқа
ұлт өкілдерінің, қазақ ұлт өкілін қалыптастыратын «машинасына» тап болып сіңісіп, қазақ
болып кеткенін де білеміз. Мұсылман дінін тарату үшін келген арабтардың қожа аталып,
Ұлы монгол империясы дәуірінде келген монгол текті рулардың – төре, тіленгіт аталып,
Абылай дәуірінде айдалып келген қырғыздардың – қырғыз руы аталып қазаққа сіңіп кеткен.
Бұларды еске алғанда ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісінің мықтылығын, тектілігін,
күштілігін айтып марқаюмен қатар мына жағдайларды еске сақтауды үміт еттім.
Бірінші. Ұлт өкілін қалыптастыратын ұлттық үрдіс – терең дариядай мол қазына бола
тұрып, егер қауым болып, ел болып оның үнемі бекем беріктігіне, толы-түгеліне көңіл
аударып, ой салмаса ортайып қалады. Толық суалып кетпесе де іргесі шайқалып, шашылыптөгілуі әбден мүмкін. Кеңестік дәуірде, «коммунизм құрылысшыларын дайындап, кеңес
адамын қалыптастырып» жүріп, қазақ ұлт өкілін қалыптастыратын тетіктеріміз бен
ұстындарымыздың қайда қалғанын естен шығарып алып, оны ортайтып алғанымызға
кейіннен өкініп те жүрміз.
14
13.
Екінші. Ұлт өкілін қалыптастыратын жүйелі үрдістің жан-жағын, жақсы абайлап, мұқиятбақылап отырмаса, қазына қашанда, қандай бір бүлінуге, тозуға тап болуы мүмкін. Әсіресе,
бүгінгі жаһандану дәуірінде, оның тазалығына, құрам бөліктерінің беріктігіне, сенімділігіне
селкем түсіретін қандай бір құбылыстар мен әрекетке қарсы тосқауыл қою күрес жүргізу
қажет (бұл жағынан, қазіргі халіміз тым төмен). Ақылшы данышпан ұстаз Анахарсистің
басқа жұрттың ғұрып-салтын уағыздағаны үшін, өмірін қидық, жастарды ата салтын бұздың
деп, елден-жерден қудық, өздігінен ата-ананың ақ батасынсыз тұрмысқа шыққан қызымызды
«ғұмыр бақи көрмей» кеттік, әдет-ғұрпымызға немқұрайлы қарағандарды елден аластадық,
әке-шешенің арына кір келтіргендерді, қорқақтарды, қашқындар мен сатқындарды иен
далаға тентіретіп жібердік. Қылмыскерлерді бет-аузын күйелеп, көлікке теріс қаратып
мінгізіп, жұрт алдында масқараладық. Адамға қиянат жасау несі жақсы! Алайда, бұлардытәрбиелік тетігіміздің, үлгі-өнегелік құндылықтарымыздың тазалығы үшін, ар-ұятымыздың
бекемдігі үшін жасаған едік.
Үшінші. Қазақ айтқан ғой. «Бүгін сығалаған адам, ертең кіруді ойлайды» - деп. Мына
заманда, ашық қоғамда, сан қырлы уағыз, ой-сана, пікір, ниет, ағым, лебіздер әр түрлі
жолмен, сағамен, жылғамен жылмиып кіріп, жыртығымызды бітеп үлгермей жатқанымызға
арқа сүйеп, үлгі-өнегелік, тәрбие-тәлімдік құндылықтарымыздың түте-түтесін шығарғысы
келіп тырмысып бағуда. Оны ұлы көршілерімізден бастап, алыс-жақындағы діндес, тілдес,
мүдделес қауымдардың қайсысы да пайдаланып қалуға ұмтылуда. Бұлай болуы асылында,
біздің талап тілегімізге тәуелсіз болуға тиісті заңдылық құбылыс. Алыс-беріс, келіс-кетіс,
аралас-құраластықсыз өмір сүру қазіргі заманда мүмкін еместігі түсінікті. Ол жағдай
дүниенің төрт бұрышын тым жақындатқандықтан, кешегі АҚШ-та болған өзгеріс-құбылыс,
нақты жағдай, ертеңдері Қазақстанда да болатынығы даусыз. Сондықтан, сырттан келген
қандай бір мәдениет, руханият үлгілерінің асылын аршып алатын, жасығын сылып
тастайтын қоғамдық санада «РУХАНИ СҮЗГІ» болу керек. Бұл сүзгі – ұлт өкілін
қалыптастыратын қазақ үрдісінің қақпасына қойылуы тиіс. Осындай үлгі өткен шақта болған
екен. Ол – діл еді. Ділдің кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін зерттеп, баршаға ұсынғандар да
баршылық. Алайда сол сүзгіні қақпа етіп, қазақ ұлтын қалыптастыратын асыл мұраның
есігіне қоя алмай келеміз.
Қазақ педагогикасының тегі – Қазақ философиясы. Қазақ та басқа халықтар тәрізді аспан
денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға
талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы
түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға
ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетаным ерекшелігі өзі өмір сүрген ортамен
тікелей байланысты. Қазақ халқының болмысы көшпелі, жартылай көшпелі, орнықты өмірсалттарынан құралады. Үш бірдей өмір сүру тәсіл-тәжірибелері, бір жағы ашықтық пен
айқындықта тамыр жайды, бір жағы уақыт бойынша да, кеңістік өңірде де бірдей, біртекті
тарала бермеді. Көшпелі жанның мінез-құлық ерекшелігі неде? Ол туған жер мен өскен
ортаның күнделікті тіршілігіне ыстық ықылас, жарқын жүзімен, ақ ниетімен амандасып,
жарық дүниеге тағзым ете мекен-жайымен бірге оянды.
Бірінші. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған
үстемдік етуді мақсат етпеген.
Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол –
қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі.
Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған.
Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен
әлеуметтік топталу аз болған.
Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең
сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе – бар затқа қанағат ету де қазаққа тән
қасиет.
Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік
өмір салтынан шыққан құндылық.
15
14.
Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіпқатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол – ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті.Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан
тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді
той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға
қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған.
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға
риясыз қол ұшын беру – бұл да біздің халықтың асыл қасиеттерінің бірі болып саналады.
Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі – ата-ананы, үлкендерді
сыйлау (Т. Әбжанов, Ә. Нысанбаев). Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым
Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдерінің лұғатында» былай деген: «Ұлы Тәңір (Тенгри)
айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа
қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!».
Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза
бөлігіне қоныстандырып, «Өз қосыным» деп атаған. Оған қоса, «түркілер көрікті, өңі
сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт
және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар» деген.
Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы
қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ
биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлық, жойқын соғыс пен,
қуғын-сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу
ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналасудан қанымызға
сінген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат,
өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақыратқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген»
кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық – біздің ұлттық мінезіміздің
жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы. «Бұрынғы уақытта – деп жазды
Ж.Аймауытов пен М. Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында – қазақ елі
ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел
болған екен. Досымен достасып, жаумен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін
халық екен» дейді. Олай болса, ұлттық мінез бітістерінің кейбіріне қысқаша тоқталу жөн
болар.
Отансүйгіштік. Халқымыз кір жуып, кіндік кескен атамекенін аялап, елінің тілі мен
мәдениетін, әдебиеті мен тарихын, біртуар аяулы перзенттерін мақтан тұтып, қадірлепқастерлеуді ұрпағына аманат еткен. Қазақ елінің кез-келген перзенті жұмыр жердің қай
бұрышында жүрсе де өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген
сүйіспеншілік қасиеттерін тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиіс. Бұл үшін атабабалардың тарихы мен шежіресін біліп, оларды талдап таратуға ерекше мән берген абзал.
Аталас ағайындарының аты-жөнін жүйелеп, оларды саусақпен санағандай айқын ажырата
білу – кім-кімге де болса жарасымды адамгершілік сипат.
Намысқойлық. Бұл – әр этностың өз халқының ар-ожданын, имандылық қадыр-қасиетін
көздің қарашығындай сақтай білуінен, қажетті жерінде бұл үшін жанын пида етуден
көрінетін қасиет. Қазақ халқы өзінің ұлы мен қызын қаршадайынан намысқойлыққа баулып,
Отанына, кір жуып кіндік кескен жеріне дақ түсірмеуді қатты ескерткен, «арым жанымның
садағасы» - деп, ар-намысты бәрінен де жоғары бағалаған. Өз ұрпағын ата-баба рухында
тәрбиелеп, ұлттық намысты ту етіп ұстаған халқымыз «қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс
өлтіреді» дегенді үнемі еске салып келді.
Қазақ жесірін өгейсітпеген, жетімін шеттетпеген аса бауырмал халық. Қазақтың ұлттық
психалогиясында имандылық қасиеттің ерекше бір көрінісі – бауырмалдық. Халқымыздың
бауырмалдығы «бала бауыр етінен жаралған» деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден
басталады. Ата-текті дұрыс ажырата алу – бауырмалдықтың бір көрінісі.
Әдептілік. Бұл – халқымыздың ұлттық психалогиясының өзегі имандылық пен
адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының
16
15.
практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы. Әрине, «Тауына қарай аңы,заманына қарай заңы», дегендей әдептіліктің әр елде тарихи, әлеуметтік өзіндік
ерекшеліктері де болғандығы белгілі. Ал, қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты,
ұлтты, нәсіл мен жыныс айырмашылықтарын алалмайды. Әдеп сақтау отбасында, ауылаймақ, ел-жұртта қалыптасқан мінез-құлық нормаларын бұзбауға міндеттейді. Мұны бұзған
адамға қауымдастық атынан сол ұжымның өкілі өз пікірін айтуға, тіпті тыиым салуға да
ерікті, өйткені әдеп сақтау – әлеуметтік дәстүр. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар.
Әдепті адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да біледі. Табиғаттың әсемдігі мен
сұлулығына, әдемілігіне әрбір адам зиян келтірмеуге тиіс. Әдеп сақтау – мінез-құлық пен
қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтың өзіндік мінез-құлық кодексі. Осы ереже бұзылса,
халықтың дәстүрі де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау – халықтық
рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіпке құлдық етіп, еріксіз бағыну емес, бұл ата-дәстүрді
құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершілік борышты өтеу. «Әдептілік – әдемілік»
дейді халық. Әдептілік: ізеттілік, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз. Қазақ халқының дүние
танымы, мінез-бітісі, әдептілік үлгісі мен наным-сеніміне қысқаша шолу жасай отырып, біз
барлығының бастауы, қоршаған орта, осы дүние екендігін пайымдаймыз. Мұсылман дініне
енгенге дейін қазақта имандық тәрбие болмаған секілді пайымдайтын немесе мұсылмандық
білімсіз имандылыққа баулу мүмкін емес деп зерделейтіндерге тиісті жауап болар деп
үміттенемін.
Ал, біздің ойымызша, қазақ халқының имандылық тәрбиесінде жинақтаған үлкен білік
дағдысына, мұсылмандық иман негіздерін дұрыс қабыстырып, өте сенімді үгіт насихат,
уағыз, үлгі-өнеге, әдеп арқылы бүгінгі жас ұрпақ жанына сіңіре білсек, нәтижесі өте зор
болар еді. Тәрбие тек оқып-білу арқылы ғана игеріліп, жас ұрпақ имандылыққа жаттау
арқылы ғана жетпейді. Бұл туралы әл-Фараби бабамыз: «Оқыту адамдар мен халықтарда
теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие – білім-білікке негізделген өнер
арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге
асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге негізделген қасиеттерден
шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру үйретіледі...».
Қазақ педагогикасы мен қазақ философиясының бастаулары да бір көзден қайнап
шыққан. Оны қазақ философиясының ерекшеліктерінен толық аңғаруға болады.
Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық
(дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.
Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан
қаралады және ол көшпенділік өмір салтымен астарласып жатады.
Үшіншіден, отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек
кездесетін құбылыс – философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын
сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді.
Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік
пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т. с. с. категорияларға терең талдаулар жасалады.
Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке
көбірек назар аударылады.
Алтыншыдан, отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны,
өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді (Т. Әбжанов, Ә. Нысанбаев).
Басқа халықтардың философиясы сияқты отандық философия да өз қайнар көзін көне
аңыздар мен дастандар ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен
гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіпқонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан
дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер.
Қазақтың философиялық та, педагогикалық та ой-санасы оның басы осы халық
даналығы екендігі айқын. Қазақ халқының даналығы табиғаттанудағы, адамтанудағы, өнер
табудағы, ағартушылықты жетілдірудегі ойшылдықтан, талпыныстан құралды, тірлік пен
рухқа сүйенерлік сенімде жалғасын тапты. Көне түріктердің түсінігі бойынша, дүние
17
16.
негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмірмен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т. с. с.
Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны тәңір жаратқан әлеміне жатқызған.
Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел құдай - Ұмай
Ана болды. Ата бабаларымыз білімді осы құдырет күшімен жаралған табиғаттан алды, үлгі
өнегені де, қоршаған ортадан көрді, сұлулық пен сәндікті де, өнер мен мәдениетті де осы
дүниеден тапты. Осы себепті, қазақ педагогикасының негізгі ұғымдарын қазақ
философиясымен ортақтаса пайдаланып келді. Олай болса, қазақ философиясы, қазақ
педагогикасына не ұсынды? Бұл туралы ұлттық тәрбиенің негізгі қағидалары мен
мұраттарында айтылатындықтан қысқаша тоқталамыз.
Бірінші. Әр дәуір, әр заманға сай тәрбелеу мұраты, мақсат бағдарын анықтап, ұсынып
отырған. Айқынырақ айтсақ, алғашқы қауымдық қоғамда, ғұн дәуірінде, түрік заманында,
сақ кезеңінде, оғыз-қыпшақ ұлысы кезінде т.б. заманға сай, дәуір талабына дәл келетін жас
ұрпақты тәрбиелеу мұратын белгілей алған. Мысалы: «бек ұл, пәк қыз», «айдарлы ұл,
тұлымды қыз», «иманды ұл, ибалы қыз», «айбарлы ұл, ақылды қыз», «батыр ұл, батыл қыз»,
«ісмер ұл, істі қыз», «ер жігіт, есті қыз», «шешен жігіт, ақын қыз», «өрелі жігіт, өнерлі қыз»,
«қазақ жігіт, қазақ қыз» т.б. Бұл мұраттардың маңызы мен мәні күллі тәрбиелеушілер мен
тәрбиеленушілерге толық түсіндірілген олар жете ұғынған болуы шарт. Ол - «кімді?», «кім?»
болғызғысы келетінін айқындау еді.
Екінші. Тәрбиелеу ісінің нәтижелі болуы үшін, оның нақтылы табысқа жетуі үшін қажет
болатын тұрақты басшылыққа алып, тұғырлы ұстаным ретінде пайдаланылатын тәрбиелеу
қағидаларын тиянақтап отырған. Мысалы, «Баланы бес жасқа дейін патшадай қара, онбес
жасқа дейін қосшыңдай қадағала, онбес жастан асқан соң досыңдай бағала», «бала алтыға
дейін ауылын танысын, жетіге дейін жерін танысын», «Екі қарттың ортасындағы бала дана
болады, екі бала ортасындағы қарт бала болады» немесе «жұдырық етке батады, сөз сүйектен
өтеді». Егер бұл қағидалар ескерусіз қалса, «кісі» қалыптастыру үрдісінде қандай бір
кемшілік орын алатынын қатаң ескертіп отырған. Адамтану қазақ ілімі – тәрбие тетіктері мен
құралдарын дұрыс таңдауға, тәрбелеу жолын тура әрі ұтымды болуына тікелей көмектесетін
тәрбиелеу қазақ ілімінің тұғырлы тірегі еді. Адамтану қазақ ілімі адамның жас
еренкшеліктері мен жандүниесінің қатпарларын, өзгешеліктерін, ақыл-ойының даму
бағдарын, ойлау жүйесінің артықшылығы мен кемшін тұсын тамаша талдап терең түйін
жасай білген. Қазақтың қай дәуірдегі болмасын, кез-келген ойшыл данасының көзқарасына
көз салсаңыз, ол әуелі – философ, ол әуелі – адамтанушы болғандығы байқалады. Қазақ
адамтанушыларының жеке басқа беретін бағасы, айтатын қорытынды түйіні, қазақ
дүниетанымына негізделген, танымдық ой қорытындысы – философиялық тұжырым түрінде
болып келеді
Ал, тәрбиелеу деген сөздің төркініне келсек, арабтың «тәрбиә» деген сөзінен (қазақша:
өсіру, көктеу, жетілдіру) шыққан деседі. Көне түркі тілінде игдірілген – тәрбиеленген,
баулын ған мағыналы сөз де бар.
Ал, тәрбиелеу дегеніміз: Фараби данамызша: «Оқыту адамдар мен халықтарда
теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие – білім-білікке негізделген өнер
арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге
асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді...».
Қорқыт ата бойынша: «Тәрбиелеу дегеніміз үлгі өнеге көрсету, әдеп, өнер ұқтыру.
Өнердің алды әскери өнер және музыкалық өнері» - дейді.
Баласағұн бабамыз: «Тәрбиелеу дегеніміз - адамдарды адамгершілік мектебінде оқыту» деген.
М. Жұмабаев: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда
өте әлсіз, зағиып, осал болып туады...Адам баласы – туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек
ет. Ақыл, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки, адам
баласы осылай өте әлсіз болып туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық
беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбия қылмай болмайды» - деген еді.
18
17.
Ал, ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбие сөзінің мағынасы қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндемынадай мағына береді: Тәлім – үлгі, өнеге, тҽрбие. Тәлім алды, үлгі алды, дәріс алды, білім
алды. Тәрбие – отбасы, мектеп, қоршаған ортада қалыптасқан адамның қоғамдық және жеке
өмірде байқалатын тәртіп пен мінез-құлық дағдысы.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы –
өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі –
келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты
мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер
қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген
дана халқымыздың мақал сөзі бізге бағыт-бағдар болады. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы
жинақтап, iрiктеп алған озық тәжiрибесi мен iзгi қасиеттерiн ұрпақ бойына сiңiру, өмiрге
деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру.
Діннен туындайтын құнды бағдар мен реттеудің жалпы мойындау фактісін әлФараби, адамның әлемді және өзін-өзі тануындағы қажетті үлгілердің бірі ретінде тарихи
түсінік беруге тырысады. Ол нағыз ақиқат көзқарасқа философияны жатқызса, ал дінді –
адам қоғамын әлеуметтік мінез-құлықтық реттеу үшін бейімделген, философияға тәуелді
туынды көзқарас деп санайды. «Философиялық ақиқат,- дейді әл-Фараби,- жан-жақты.
Көпшілік үшін оның белгілік түсінік әдісі анық және өзіне ғана тән. Сондықтан да әртүрлі
халықтар бір ғана бақытқа сенгенімен, әртүрлі діни көзқараста болады. Даналар бақытты
ұғым арқылы аңғарады. Бұл хақында ойшыл былай дейді: «Өмір сүріп тұрған нәрселердің
бастамаларын және олардың сатыларын, бақытты, қайырымды қалаларға басшылық
етуді - /осылардың бәрін/ адам не ұғымдар түрінде ойлап, ақылмен пайымдай алады немесе
қиялдай алады» [6. 145]. «...Дін қараңғы халықты қайырымдылыққа жетелеудегі жолды
жеңілдету үшін қажет. Бір сөзбен айтқанда, діннің көмегімен халықты ағартушылық, яғни
білім жолына сала отырып, саналық және тәжірибелік заттарды да үнемі іздестіруге
мүмкіндік аламыз. Ол халықтан халыққа өзгереді, дәстүрге тәуелді, даму деңгейі жағынан
ғылымнан алшақ көпшілікті тәрбиелеу мақсаты көздейді. «Дін дегеніміз көзқарастар
жүйесі мен іс-әрекеттер тізбегі және Алланың адамзат баласына салып берген қасиетті
жолы. Діннің арқасында көкірегі ояу адамдардың баршасы да көздеген мақсаттарына
жетуге мүмкіндік алады» [6. 47].
К.Д. Ушинский: «Діннің қажеттілігін, яғни, адамның ішкі дүниесіне үңіле алмайтын,
имансыз адамға бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болмайды.» (Ушинский Д.К. О религиозно
– философском воспитании. Т. 11. М. 1950, -614
Ыбырай Алтынсарин, Ислам дінінің негіздерін терең түсінген, қалың қазаққа оны
түсіндірген, ислам дінінің адам тәрбиесіне берерін әбден зерттеп білген діндар да, сол дінді
насихаттаушы да. Ұлы ұстаз әр қазақтың баласы өзінің мұсылман екенін білгенін,
жүрегімен терең сезінгенін міндет деп санады. Ең бастысы, ол діннің қажеттілігін, оның
тәрбиелік жағын терең түсінді.Ыбырай Алтынсарин «Енді, ей, дін – қарындастарымыз,
бізге ең әуелі керегірек іс-сол, әуелі білмек керек немен мұсылман болатынымыз. Мүмин
(дінге сенуші) мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін киіп,
мұсылман
ара¬сында жүргені емес. Әуелі иманды болып, ол «иман» деген не екеніне түсініп,
түсін¬ген соң, сол иман ішіндегі сөздерді шексіз шын көңілімен дұрыс деп білген кісіні
мұсылман деп атайды. Соның үшін Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелі иман болса керек(39. 10 бет.Ы Алтынсарин. Мұсылманшылықтың тұтқасы.
Алматы. 1991, – 80.).
19
18.
Бірінші тарау§1. 1 Тәрбиелеу қазақ ілімінің тарихына қысқаша шолу
«Тарих дегеніміз – бір халықтың тек қана еркіндікке қарай ұмтылысының тарихы ғана
емес, сол халықтың тәрбиесінің де тарихы» Жозеф Ренан.
Ерте замандағы түркілердің кең таралып, мекендеген кеңістігі өте үлкен аумақты:
Оңтүстік-Шығыс Европа далаларынан Қытайға дейінгі, Сібірден Гималай таулары мен
Гиндукушқа дейінгі, Қара және Каспий теңіздерінен Байқал және Хингань тауларына дейінгі
жерлерді алып жатты. Сондықтан ертедегі түркілердің діндері түркі тілдерінде сөйлейтін:
түріктер, әзірбайжандар, түрікмендер, қазақтар, қырғыздар, өзбектер, ұйғырлар, ноғайлар,
татарлар, қарақалпақтар, құмықтар, қарашайлар, балқарлар, башқұрттар, чуваштар,
алтайлықтар, тувалар, шорлықтар, хақастар, якуттар, гагауздар, қарайымдар, қырымшақтар,
сары ұйғырлар және басқа халықтардың кейіннен түрлі діни-дүниетанымдық жүйелерінің
қалыптасуына негіз болды.
Алғашқы түркілердің шығу тегі туралы өте ертедегі аңыздардың бірінен білуге болады.
Ол біздің заманымызға түркілердің сөзі мен VI ғасырдың ортасындағы қытай жазулары
арқылы жеткен. Негізгі нұсқаға сәйкес, үлкен бір батпақ алқабының шетін ала мекендеген
түркілердің ата-бабаларын көрші тайпаның әскерлері қырып тастаған. Жаулар майып қылған
он жастағы бір бала ғана аман қалған, ал оны кейіннен соның әйелі болған бір қаншық
қасқыр емізіп, асыраған. Ақыр соңында баланы өлтіріп тынған жаулардан қашқан қасқыр
Гаочанның солтүстігі жағындағы тауларға жетіп, сол жердегі үңгірде он ұл табады.
Қасқырдың ұлдары ержетіп, Гаочан қыздарына үйленіп, өз ру-тайпаларын құрған. Оның
ұлдарының бірінің атымен Ашина тайпасы пайда болды. Келе-келе рулардың саны өсіп,
Ашина тайпаның көсемі болады. Оның ұрпағы Асянь-шад өз тайпасын үңгірден шығарып,
Алтайға қоныстандырады, сөйтіп оның тайпасы «түрік» деп аталатын болды. Бұл аңыздың
келесі бір нұсқасында сол қаншық қасқырдың ұрпағы болып табылатын «ақ аққу» мен
қырғыз туралы сөз болады. Ұйғырлардың патшадан тараған яглакар руының рубасы ретінде
қасқыр мен хун әйел-патшасы аталынады. Кейіннен берілген ұйғырдың эдиздер тайпасының
генесалогиялық аңызы бойынша, ру киелі ағаштардан пайда болған. Ежелгі түркі
тайпаларының арғы тегі өгіз бен бұғыдан шыққаны туралы да деректер кездеседі
Геологиялық танымда жердiң тарихы төрт дәуiрге бөлiнедi. Олар: архей, палеозой, мезазой,
кайнозой деп аталады. Жер бетiндегi тiршiлiк сiлемi кайнозой дәуiрiнен басталады. Кайнозой
өз кезегiнде екi кезеңге, бiрi шамамен 60 миллион жылға созылған геологиялық үштiк кезең,
екiншiсi шамамен 1 миллион жылдан бүгiнгi күнге дейiнгi кезең болып ажыратылады.
Сонымен саналы адамның дәуiрiн ең ежелгi кезең – палеолит, екiншiсi – мезазой. Ал
үшiншiсi – неолит (ең соңғы кезең) деп үш кезеңге бөледi. Азиялық аумақта алғашқы
адамдардың пайда болуы 9-7 мыңжылдықтар шамасындағы ең ежелгi палеолит кезеңiнде
Сiбiр, Қырым, Кавказ, Орталық Азия және кейiннен Днестр, Дон жағалауларында пайда
болған деген пікірлер бар . Бұл тұжырым әлі де нақтылана түсүде. Сол деректерге сүйенсек
палеонтроптар еңбек және аң аулау құралдарын жасап, әртүрлi топтық-шаруашылықпен
айналысуда адамдар өмiрiне мол өзгерiстер енгiздi. Мұндай жағдайларда тәрбиенің пайда
болуы – заңды құбылыс. Тұрмыстық тiршiлiктiң қажеттiлiгiне және ұрпақты тәрбиелеуде
күнделiктi тәжiрибелерi жинақтала келе, тұрмыс-тiршiлiгi тәрбиенiң үйрету қарекетiмен
ұштасты. Осы аралықта аналық-рулық матриархат қауымдастығы өрбiдi. Балаларды
тәрбиелеу тайпа көсемдерiне арқалы күшті, ержүрек адамдар бейнелеріне ұқсау, олардан
үлгі-өнеге алу насихатталды. Сонымен ертедегі алғашқы қауымдастықта тәрбие өндірістік
және тұрмыстық қарым-қатынастарда рулық ұжымның табиғи өмір тіршіліктеріне
байланысты бір-бірінен бөлінбеген. Ертедегі еңбек, дене және адамгершілік тәрбиесі,
20
19.
балаларды өмірге дайындауға олардың санасын өсіріп, дүниетанымдық ой-сезімін дамытуғабағытталды. Жас ұрпақты тәрбиелеуде үйрету бағытындағы іс-әрекеттер, амалдар сандық
жағынан да және тарихи мәні тұрғысынан да өзіндік ерекшелігімен сипатталынады. Ертедегі
алғашқы қауымдастықта, оның қарапайым тұрмыс-тіршіліктерінде қол жеткізген
нәтижелерді бағдарлай білуге, одан әрі дамытуға үйрету, балаларды жануарлар мен
адамдардың бейнелерін жартастарға салу, мал сүйектеріне түсіру немесе бояумен бояу
сияқты әрекеттерге дағдырландырды. Кейін, шамамен б.з.д. 8-5 мыңжылдықтарда,
шаруашылықтың күрделенуіне орай адамның жеке басының қамын қанағаттандыру
әрекеттерін (жеміс-жидек, аң аулау) сақтаумен қатар, өндірістік іс-әрекет формалары (егін
егу және мал өсіру) қалыптаса бастады. Қауымдастықтардағы шаруашылық және әлеуметтік
байланыстардың күрделене түсуі мен өзгерістеріне байланысты жаңа жағдайлардың
туындауы, отбасының пайда болуына себепші болды. Отбасын құруда үйлену үрдісін жүйеге
келтіруде, бір рулық топтан тыс тұрмыс құруға рұқсат беру, кейінірек келе екі ру
қауымдастықаралық тұрмыс құру (экзогамия) тәжірибесі рулық қауымдастықтардың қарымқатынастарын жаңа негізде ұйымдастыруға себепші болды. Сонымен кейінгі рулық
қауымдастықтардағы тұрмыс құрудағы топтық форма бертін келе екеуара некелесуге ұласты.
Бұл өз кезегінде рулық қауымдастықтағы қарым-қатынасқа өзгерістер әкеліп, тәрбиенің жеке
әулеттік формасын дүниеге ақсақалдарға жүктелiп, ертегi айту, ойын ұйымдастыру және
өлең айту түрлерi, сол дәуiрдегi тәрбиенiң мазмұндық құрамына айналды. Бұл қазақтар
тұрмысында «Ақсақалдар мектебі» атты әулет мектебін өмірге келтірді. Оның өзіндік даму,
құлдырау, қайта өрлеу қатарлы тарихы бар қоғамдық құбылыс еді.
Кейiнгi алғашқы қауымдағы аңшылық шаруашылықтары адамдардың өндiрiстiк
формадағы егiншiлiк пен шаруашылық еңбектерiмен ұласты. Алғашқы қоғамдағы
шаруашылық және әлеуметтiк байланыстардың күрделенуi және өзгерiске түсуi өндiрiс
құралдарына иелiк ету, отбасының пайда болуына жағдай жасады. Қоғамдағы билеушi
топтар, көсемдер, ақсақалдар, дiн басылары балаларды еңбекке баулу тәрбиесiне, есепшотты пайдалануға үйрету, тәрбие мазмұнын кеңейтуге назарларын бөле бастады. Жер
өлшеу, ауа райын, су тасқындарын болжау, адамды емдеу, т.б. бiлiмдердi үйрететiн арнаулы
мекемелер (мектеп типтес) ашылды. Онда балалардың практикалық iскерлiктерi мен
дағдылары жетiлдiрiлдi. Қауымдастықта қалыптасқан жағдайларға байланысты аңшыны,
бақташыны, диханды тәрбиелейтiн бағдарламалар белгiленiп, жасөспiрiмдердiң бiлiм,
практикалық дағдыларын дамытуға ат салысты. Қыз балаларға арналған бағдарламаларда
оларды үй шаруашылығына, үй кәсiбiне: жемiс-жидек жинау, ас дайындау және сақтау,
қолөнер, бейнелеу өнері, сурет салуға үйретiлдi. Жастардың денесiн шынықтырумен бiрге
ежелгi дәстүр-салттарын сақтауға бейiмдеу қауымдық тәрбиеде басым болды, жастарды
өмiрдiң жалпы ұстанымына қажеттi бiлiмдердi, практикалық iскерлiк пен дағдыларды
меңгеруге, рулық аңыздар, мифтердi және ертегiлердi есте сақтауға ынталандырды. Қорыта
айтқанда, неолит дәуiрiнде тiршiлiк қажеттiлiгiн өтеу шаруашылығынан өндiрiстiк өнiм
шығаруға көшу адамзат тiршiлiгiне өзгерiстер ендiрiп, бала тәрбиесiне тiкелей ықпалын
тигізді. Алғашқы қауымдастықта күнделікті өмір-тіршілікке, шаруашылыққа, елді қорғауға
қыз балалар да қатыстырылды. Қазақстанның территориясындағы таулы-тасты жерлерде
бедерленіп сызылған жүкті, балалы әйелдердің бейнелері, садақ ұстап нысананы көздеген
қыздардың мүсіндері салынған деректер ұшырасады. Рулық қоғамдастықта көсемдердің,
жасы келген қариялардың, ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысқандығын
археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмыстары нақты деректермен дәлелдейді. Жас
ұрпақты тәрбиелеуге қауымдастықтың барлық мүшелері қатысқан, оларды қауымдастықтың
жалпы өмір тіршілігіне үйрету, балаларды ересек адамдардың өмір қарекетіне даярлау
мәселелері ортақ болған. 10-12 жасар балалар үлкендер қатарына қосылу үшін тіршілікке
қажетті іскерлік пен дағдыларды игеруге тиіс болған. Ал бала 13-ке толғанда отбасы иесі деп
саналып, үлкендер қатарына жатқызылып, дене күшін дамыту және шаруашылық ісәрекеттер тәжірбиесін жинақтауға тәрбиеленген. Жастар тұрмыстық құралдарды жасауға
және қолдануға дағдыландырылған. Мәселен, балалар арасында қасиетті аң-құстарды, үй
21
20.
жануарларын, адамдарды бейнелейтін ойыншықтар жасау кеңінен тараған. Дон дариясыныңжанындағы Костенка ауылындағы ертедегі балалар жасаған ойыншықтар палеолит
дәуіріндегі қорғаннан табылған. Үлкендердің бірлесіп аң аулағандарын көргендерін,
білгендерін, оған қатысқаннан алған сезім-күйлерін балалар осындай ойыншықтарды жасау
арқылы өзіндік ой-саналарын арттыруға мүмкіндік алған. Сонымен қатар Тәңірге табыну
сияқты тотемдік ырым-салтқа байланысты балалардың магиялық ойлау бейнесін дамытқан.
Былайша айтқанда, тотемдік сенім, адамның қабілет-қасиеттілігі хайуанаттың қимыләрекеттеріне ұқсау арқылы дамытуға болады деп есептеді. Тотемдік ырымдарға айырықша
мән берілді, балалар ол ырымдарды игеруге үйретілді. Адамтану қазақ іліміндегі балалардың
құлық мінезін жан-жануардың қимыл-қозғалысына, іс-әрекетіне ұқсастырып ажырату осы
дәуірдің жемісі.
Балалардың үлкендердің басшылығымен атқаратын жұмыстарында олардың талғамсезімдерін, ептіліктерін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Балаға арналған ер-тоқым, киім-кешек,
садақ, т.б. құрал-жабдықтар оның күш-қуатына, жас шамасына қарай бейімделіп жасалды.
Рулық қауымдастықта балаларға бостандық және әр істі өз бетінше орындауға ерік берілді.
Балалардың іс-әрекеттерінде ойын элементтерін пайдалануы, сюжеттік, рөлдік ойындарды
орындауы мінез-құлықты, жүріс-тұрысты дамытудың пайдалы құралдары деп есептелді.
Сонымен үлкендердің еңбектеріне балаларды қатыстыру, балалардың құрбылары
арасындағы үлкендерге ұқсау, т.б. тәрбиелік орта құрау ойындары алғашқы
қауымдастықтағы тәрбиенің ерекшеліктеріне жатады. Сол кездегі сұранысқа сай қарымқатынас нормаларын белгілеу қауымдастық алдындағы күрделі мәселенің бірі болды. Күнге,
айға, отқа табыну және қауымдасаралық салт-дәстүрге, жыл мезгілдеріндегі ырымжоралғыларды орындауға жасөспірімдерді қатыстыруға, балаларға лайықты іс-шараларды
ұйымдастыру, ересектердің өмір тәжірибелерін игеруге, бір-бірімен адамгершілік қарымқатынас жасауға мүмкіндік туғызатын. Мәселен, көне дәуір қазақтары, Наурыз мерекесін бір
айға созып мерекелеген. Бұл шақта балалар ортасына сан түрлі ойын, сайыс жүргізіп,
көлемді мектеп сабағын, үлгі өнегелік шараларды ұйымдастырған. Балаларды тәрбиелеуде
ертегілер мен аңыздар арқылы күшті, ержүрек адамдар бейнелеріне ұқсау, олардан үлгіөнеге алу насихатталды. Сонымен ертедегі алғашқы қауымдастықта тәрбие өндірістік және
тұрмыстық қарым-қатынастарда рулық ұжымның табиғи өмір тіршіліктеріне байланысты
бір-бірінен бөлінбеген. Ертедегі еңбек, дене және адамгершілік тәрбиесі, балаларды өмірге
дайындауға олардың санасын өсіріп, дүниетанымдық ой-сезімін дамытуға бағытталды. Жас
ұрпақты тәрбиелеуде үйрету бағытындағы іс-әрекеттер, амалдар сандық жағынан да және
тарихи мәні тұрғысынан да өзіндік ерекшелігімен сипатталынады. Ертедегі алғашқы
қауымдастықта, оның қарапайым тұрмыс-тіршіліктерінде қол жеткізген нәтижелерді
бағдарлай білуге, одан әрі дамытуға үйрету, балаларды жануарлар мен адамдардың
бейнелерін жартастарға салу, мал сүйектеріне түсіру немесе бояумен бояу сияқты
әрекеттерге дағдыландырды. Кейін, шамамен б.з.д. 8-5 мыңжылдықтарда, шаруашылықтың
күрделенуіне орай адамның жеке басының қамын қанағаттандыру әрекеттерін (жеміс-жидек,
аң аулау) сақтаумен қатар, өндірістік іс-әрекет формалары (егін егу және мал өсіру)
қалыптаса бастады. Қауымдастықтардағы шаруашылық және әлеуметтік байланыстардың
күрделене түсуі мен өзгерістеріне байланысты жаңа жағдайлардың туындауы, отбасының
пайда болуына себепші болды. Отбасын құруда үйлену үрдісін жүйеге келтіруде, бір рулық
топтан тыс тұрмыс құруға рұқсат беру, кейінірек келе екі ру қауымдастықаралық тұрмыс
құру (экзогамия) тәжірибесі рулық қауымдастықтардың қарым-қатынастарын жаңа негізде
ұйымдастыруға себепші болды. Сонымен кейінгі рулық қауымдастықтардағы тұрмыс
құрудағы топтық форма бертін келе екеуара некелесуге ұласты. Бұл өз кезегінде рулық
қауымдастықтағы қарым-қатынасқа өзгерістер әкеліп, тәрбиенің жеке әулеттік формасын
дүниеге келтірді. Осы кезеңнен бастап тәрбиенің мазмұны баланың дене және рухани
дамуына отбасының тікелей жауапкершілігімен толықтырылды. Қазақтың ата-әже мектебі
осы кезеңде пайда болды.
Қыз баланы анасы, әкпелері және рудың басқа да әйелдері тәрбиелесе, ұл баланы
22
21.
тәрбиелеуге ата-анасы және олар жағынан туысқан ер адамдар тәрбиеге қатысты. Әрине, олкезде ананың (матриархат) тәрбиедегі рөлі жоғары болатын. Ер бала 5 жасқа дейін
отбасының ықпалында болса, сонан кейін қауымдастықта өзі қатарлас балалармен бірге
ортақ тәрбие алады. Шаруашылық және әлеуметтік байланыстардың жаңа жағдайларында
үлкендердің өмір тіршілігіне жас ұрпақты қатыстыру өмірге дайындау нәтижелеріне
қоғамдық талап қойылды. Сөйтіп, тәрбиенің қоғамдық мәні бар алғашқы элементтері
қалыптаса бастады. Жеткіншек қыздар мен бозбалаларды үлкендер қатарына қосу ырымдары
орныққаннан кейін, тарихи маңызы бар алдын-ала мақсатқа сай ұйымдастырылған тәрбиелеу
мен үйретудің алғашқы қоғамдық институты (ана мектебі, дана мектебі т.б. әулеттік
мектептер) аяғына тұрды. Адамдардың өмір тіршілігін археологиялық ізденіс пен
этнографиялық зерделеу көрсеткендей, алғашқы қауымдастықтағы балаларды өсіру,
тәрбиелеудің кейбір элементтері осы күнге дейін сақталып (баланы бесікке салу, отпен
аластау, май құю) қалды.
Жастарды өмірге, рулық-салтқа дайындауда ұл және қыз балаларды жеке-жеке
тәрбиелеу рулық қауымдастық тұсында белгілене бастады. Қауымдық орталықтарда арнайы
«үйлер», мысалы, «бойдақтар үйі» сияқты ұйымдар болды. Мұндай орталықтар жастарды
өмірге дайындау мектебінінің міндетін атқарған болатын. Қазақтың жеңге, жезде мектебі
осы кезеңде өмірге келді. Қазақтағы «қыз-ойнақ» ұйымдастыру амалы да осы дәуір жемісі.
Қауымдастықтағы өмір тіршіліктердің қалыптаса бастаған үйрету бағдарламаларын белгілеу,
жасөспірімдерге өмірге қажетті білім беру, мысалы, аңшы, егінші және әскери адамдарға
қажетті тәжірибелік дағдыларын тәрбиелеу іске асырылды. Қыз балалар болса үй
жұмыстарына: тоқу, өру, қол өнерлеріне (қыштан ыдыстар жасау) үйретілді. Олардың
денелерін шынықтыру, рәсімдік дайындықтар жасау сияқты қыз балаларға әлеуметтікадамгершілік тәрбие берілді. Балалар өмірдің жалпы заңдылықтарын білуге үйретілді, өмірге
қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларды игерді. Мәселен, рулық аңыздар мен салтдәстүрлер өмір заңдарын білуге ынталандырады. Кемелденудің аяқталу кезінде жастардың
шыдамдылықтарын анықтау ұйымдастырылды, жасөспірімдердің дене күші, практикалық
икемділіктері, әлеуметтік-адамгершілік және ерік күйлері тексеруден өткізілді, олардың
ересектер өмір-тіршілігіне жеткендігі бағаланды (жыл басын мерекелеу осы себептен бір
айға созылып, ұлдар мен қыздардың сынға түсу, сынақтан өту айлығы ретінде өткізілген.
Балалар ойынындағы, «бала айтысы» деп аталатын сайыс осы мақсатты көздеп өмірге
келген). Сонымен қатар, сөйлеу мәнеріне, биге үйретуде, есте сақтау, жаттықтыру, қайталау
элементтері қолданылды, кейбір кемшіліктері үшін баланы жазалау әдістері (ескерту, зекіру,
ұру) кеңінен пайдаланылды.
Балалардың бойында тапсырмаларды есте сақтау, оларды тиянақты орындау тәртібін
білу, қауымдастықтағы өз орнын сезіну дағдылары қалыптастырылды. Ал, егер тапсырмалар
жеткіліксіз орындалса, баланы жазалау және жастардың кемелге келу жүйесін басқару рулық
қауымдастықта арнайы айналысатын қарт адамдарға жүктелді (ақсақалдар мектебі, қара
шаңырақ мектебі, қазақта осы кезеңде толыққанды жұмыстады, толысып жетілді). Осыған
байланысты рулық қауымдастықта сол ақсақалдар тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың
жаңа әдіс-тәсілдерін ойластырды. Бұл үрдіс кейін келе мазмұндық жағынан мәдени-тарихи,
тұрмыстық және шаруашылық дәстүрлермен сабақтастырыла дамытылды, сөйтіп
педагогикалық қызметтің бастапқы түрлері сұрыпталып шыға бастады. Сонымен, алғашқы
қауымдастықтың ыдырау жағдайында тәрбиенің дербестенуі басталды, оған басты себеп
неолит дәуірінде шаруашылықтың өнім өндіру түріне көшу, адамдардың өмір тіршілігіне
ауқымды өзгерістер енгізіп, тәрбие ісіне де елеулі ықпал жасады.
Ұлы Далада тас, қару-жарақ пен құралдардың орнына қоладан жасалған өндіріс
құралдары (қола дәуірі б.з.д. 4-3 мыңжылдықтарда, қалайы дәуірі 3-2 мыңжылдықтарда және
темір дәуіріндегі 1 мыңжылдықта) жетіле келе, темірдің шаруашылықта қолданылуы өндіріс
сапасын арттырудағы еңбек бөлісуі, егіншіліктің мал шаруашылығынан бөлінуі, қолөнердің
қалыптаса бастауы шаруашылық қызметінің өрбуіне ұйытқы болды.
Алтайдан Днепрге дейінгі Ұлы Даладағы тайпалар мал шаруашылығымен айналысса,
23
22.
қазіргі Кавказ таулары етегі мен Орталық Азия, Украина, Молдава, Еділ бойлары, Сібіртерриторияларында егіншілікпен шұғылданды. Рулық қауымдастықта еңбектің түрлерімен
айналысатын арнайы адамдар тобы қалыптаса бастады. Мысалы, мал және егін, аң аулаумен
қатар, жіп иіріп, мата тоқу, металл өңдеу, қыш ыдыстар жасау дамыды. Рулық
қауымдастықтары араларында тұрмысқа қажетті заттарды айырбастау, сауда-саттық
элементері туа бастады. Әлеуметтік шаруашылық жағдайларда жеке меншіктік бастау алып,
өндірістік құралдар мен өнімдер бір қолға жиналып, ру-тайпалық ауқатты (көсем, тайпа
басшылары, т.б.) адамдар шыға бастады. Неолит дәуірінде Ұлы Дала территориясында б.з.д.
8-6 мыңжылдықта ертедегі жазба, яғни пиктографикалық (тасқа сурет салу) таңбалар
жартастарға түсіріле бастады. Археологтар мен этнографтардың зерттеу материалдары
бойынша Алтайдан Дунайға, Қиыр Шығыстан Балқанға дейінгі аралықтағы өмір сүрген
тайпалар, тұрмыс-тіршіліктен түйген сезімдерін пиктографикалық жазбалармен тасқа, мал
терісіне, сүйектерге, қайың қабықтарына жазып келген. Сонымен қатар еңбекті бөлісу
қажеттілігі әртүрлі қолөнерге арнайы үйретуді талап етті. Сол себептен материалдар, заттар
мен бұйымдардың жекелеген отбасының қолында шоғырланғандықтан, кәсіби мамандыққа
балаларды даярлау отбасының мүмкіндіктеріне байланысты болды. Кәсіби мамандық
икемділік пен қабілеттілікті дамытуға, сақтай білуге талпыныс тудырды. Өйткені, бұл
қажеттілік жеке отбасы мен кейбір әлеуметтік топтарға өте қажет болды. Сондықтан
қолөнерлі шебер отбасы – кәсіби ұстаздық пен қабілетті шәкірттерді дайындайтын
орталыққа айналды. Ал, жасөспірімдерді еңбекке, жауынгершілікке, дене шынықтыруға
және әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, өмірге дайындау оларды арнайы
үйретудің бастамасы деп айтуға болады. Демек, алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің
пайда болуы антропосоциогенетикалық атты кезеңінде пайда болды, социобиогенетикалық
деңгейде әлеуметтік қызмет атқаратын деңгейде қалыптасты. Алғашқы қауымдық
өркениетте тәрбие рационалды-әлеуметтік деңгейде болды. Алғашқы педагогикалық
дәстүрлер адамның балалық шағына ерекше назар аударды.
Ертедегі тәрбие тарихына көз жіберсеңіз, тәрбиелеу ісі ол кездегі адамдардың нанымсенімімен ұштасып жатады. Исламға дейінгі көне қазақ ата-бабаларында, дүние жүзі
халықтарымен бірдей, наным-сенімнің барлық түрлері болған. Оның ішінде Тәңірге табыну
өте жоғары дәрежеге өрістеп, тәрбие іс-әрекетінде қазақ өмірінде күні бүгінге дейін өз орнын
иеленіп келеді.
Шаманизм – алғашқы діни сенімдердің ішіндегі ең күрделісі, шаманизм (бақсылық). Бұл
діни сенім Сібір, Солтүстік Америка, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде тараған. Бақсылар –
жер бетіндегі «жындармен» сөйлесе алатын болғандықтан, қарапайым адамдар бақсыларға
сенетін де, олардан қорқатын.
Фетишизм («ерекше қасиеті бар зат» португал сөзінен) – жансыз заттардың табиғаттан
тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген. Фетишизм пұтқа
табынудан, бойтұмар тағынудан, т.с.с. айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың,
тотемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдыреті,
табиғаттан тыс күштер туралы сенім қалыптасады.
Анимизм – жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық
заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын
жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен оның бір
бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дариды.
Ұлттық тәрбие деп, жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата
тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасатыны
баршаға белгілі. Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда
ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет,
яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал
адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға
жатады.
24
23.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттықсанамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың
тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды
сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз
халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. Өз
ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж. Аймауытов: «Мен халыққа
кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» - дейді.
Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі – өзім, екіншісі – халқым» - дейді.
Тәлім тарихы ұлттың дүние танымы мен наным сеніміне байланысты болумен қатар
оның жазу-сызуына, мектеп-медіресесіне, оқу орнының пайда болып, дамып жетілу
тарихына да тікелей тәуелді. «Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр
ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық – жазу. Одан асқан
жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам
нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын
мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен
ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді» (Ә. Кекілбаев). Қазақ жерінде
жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан
табылған б.з.д. V-IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда
жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай «Ақ сықын» - «Ақ марал» деп
оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған «Алтын адамның» қабірінен жазуы бар
күміс тостаған шыққан. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір
жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына үқсас, екіншіден, Жерорта теңізі
төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, әсіресе грек, арамей әріптеріне ұқсас. Оны да А.
Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмұны мынадай
екен: «Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол
болғай!)!» Зерттеушінің пікірінше, бұл сақ дәуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бұдан 2500
жыл бұрын түркі тілдес сак тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары
Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі
жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан
айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған
болуы керек. Қарлұқтар заманында (VIII ғ.) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа
өздерінің буддалық дұғаларын ойып жазған. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке қосылған
үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бірі түрік-руналық
жазуды ойлап тапқан және пайдаланған. Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас,
Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған. Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды
оқудың «кілтін» тапқан – Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын
сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына ұқсатып, бұл жазуларды да руналық,
яғни «құпия» жазу деп атап кеткен. Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері
Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау
әдісімен тасқа, түрлі бұйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған.
Руналық жазбада 35 әріп бар, бұдан басқа төрт таңба лт, нт, нг, рт деген дауыссыз дыбыстар
тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (УланБатордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады. Қазақстан жерінен табылғандары Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпен тауындағы
тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостағандағы жазу.
1960 жылы Сыр бойындағы Шардара суқоймасын саларда ескі қамал орнынан саз
балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды. Бұрынғы Семей облысының
Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы
бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан
табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна
жазуының тарих үшін маңызы зор. Көне түркі жазуларында, әсіресе құлпытастардағы жазуда
Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жүртының
25
24.
сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады.Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге қаған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен
басталады: «Тәңірідей төңірден жаралған Білге (дана) қаған бұл таққа отырдым. Сөзімді
түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, ұлым, руым, халқым… Көңілдегі қандай сөзім болса,
мәңгі таска жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!» Білге каған түсында түркі елі дәуірледі. Ол
өте жігерлі, қайратты, әділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: «Түркі
халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым.
Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым». Ерте
орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да
пайдаланған. Соғды жазуы дегеніміз – орта ғасырлардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз
тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында «ұйғыр жазуы», кейінірек «найман
жазуы» деп атаған. Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII-XII ғғ.) араб
әліпбиін де қолдана бастайды. Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен
жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмұд Қашқари
«Диуани лұғат ат-түрік», Жүсіп Баласағұни «Құтты білік», Қожа Ахмет Йасауи «Диуани
хикмат», Сүлеймен Бақырғани «Хикмет», Рабғузи «Қиссауыл әнбия» («Әулиелер дастаны»,
«Оғызнама» (IX-X ғғ.), Әбілғазы Баһадүр «Түрік шежіресі», т.б.
Орта ғасырлардағы жергілікті жазушылардың айтуынша, ол кездегі қазақтар мекендеген
Сыр бойындағы, Таластағы қалаларда, қыстақтарда – мектептер, медреселер болған. Олар
негізінен араб жазуын үйренуге ден қойған. Ол кездегі араб жазуын үйрететін үлгілі
мектептер Ташкентте, Түркістанда, Сауранда, Сығанақта, Отырарда, Сайрамда, Шымкентте,
Созақта орналасқан. Бұл медреселерді ашуға Қожа Ахмет Ясауидің ұрпақтары – Жұм Ахмет
Ясауи, Ғамал Хажы, Хож Ахмед ибн Ахмед Шашти, Мухаммед Бабаи (Баба-Ата) Абутараб
Бахши, Абу Язит Бестами, Гузи ора Маргушы (Маргуба) үлкен себепкер болған. Бұлардың
барлығы Ясауидің адамгершілік, шындық, әділет сөздерін қадірлеп, бар өмірін білім
дүниетануға, жұмсаған ғалымдар, халыкты надандықта қалдырмай, ілгері бастыруға
ұмтылған адамдар. Қожа Ахмет Ясауидің өз ұрпақтары салдырған мешіт, медресе,
мектептері олардың ата-бабалары ерте кезден қоныс тепкен Түркістанда, Сайрамда, БабаАтада, «Шашты ордасында» болған (Хожа Ахмед ибн Ахмед Шашти). Бұл Баба-Ата мен
Шашти ордасы Қаратаудың солтүстігіндегі Құмкент қаласымен қатарлас орналасқан.
Олардың тарихи мазмұны халық аузында аңыз ретінде айтылады. «Шашті әзіздің» даңқы
Құмкентпен қатар айтылады (Ә. Марғұлан). Көне түркі тілі, жазуы-бүгінгі өзбек, қазақ,
ұйғыр, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтарына ортақ мұра. Түркі тілі, түркі жазуы
негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты. Солтүстік
көшпенділері – ғұндарды, ертедегі қытай тарихшылары «хасак» деп атайды. Осы ертедегі
қытай жылнамалары көшпенділердің ежелден жазуының болғандығы туралы деректерді аз
қалдырған жоқ. Н. Я. Бичурин (О. Иакинф) өзінің «Ежелгі уақыттардан Орта Азияда өмір
сүрген халықтар туралы деректер жинағында» бірнеше жерде: «Мемлекет адамдары
бейнеленген күміс тиыны бар, пергаминде көлденең жолдармен хат жазады», - делінген
(Бичурин Н.Я.). Және сонда, басқа бетінде: «Түрік жазбалары Ху халқының жазбаларын еске
түсіреді», - дейді. (Бичурин Н.Я.). Бұл жазбалардың бәрі Ғұндар (хундар) империясы тарап,
ал оны құраған тайпалар мен рулар 2-5 ғасырларда Алтайға қоныс аударған аралық уақыт
кезеңіне жатады. Әдетте, жазу оған деген шаруашылық қажеттілігі білінген жерде пайда
болады. Мысалы, ассириялық және вавилондық саз тізімдіктерде негізінен белгілі бір
тауардың бар-жоқтығы, құмыралар саны және басқалары туралы немесе борыш және басқа
жазбалар бар. Ертедегі түріктер бұл жөнінен сонылық таныта алмаған, «жазба» деп аталатын
ағаш тақталарға адамдардың, жылқылардың, салықтардың және малдың саны туралы
жазбаларды пышақпен оятын. Бірақ жазу тек ғұндарда ғана емес, сонымен бірге скифтерде
де болған. Мысалы, византиялық тарихшы Менандр түріктік елші, соғдылық Маннах «скиф
жазбаларымен» жазылған қағанның жолдауын жеткізді деп әңгімелейді». Ә.Марғұлан
атамыздың айтуынша: қазақ мектебі мен оқу тоқуы – керейлер мен наймандардаң, уақтардан
басталатынын аңғарамыз. «Гоби даласында Хара-Хото деген қала болған. Ол, Езен өзенінің
26
25.
төменгі оң жақ жағасына, несториан үлгісімен жасалған. Мұнда кереиттер, үңгіттер (уақтар)наймандар, ойғырлар тұрған. Онда тарса (несториан) дініне табынатын көп аббаттар,
мектептер, көп үйлер болған» (Марко Поло. «Предание о церкви Ионна Крестителя» (Он
хана), 1956). Бұл қаланың өзгешелігі – ерте дәуірде қолданған орхон, ойғыр, Сирия жазулары
көп табылған, қолөнер бұйымдары кездескен. Шіркеу – аббаттардан қағазға, жібекке
жазылған, «тарса» (икон) жазулар шыққан. Оларды түркі мен Сирия тілінде жазған
керейттер, үңгіттер, наймандар, ойғырлар (Пигуевская Н.В. Сирийские и Сиро-тюркские
фрагменты из Хара-Хото и Турана. Л. , 1940). Ә.Марғұлан атамыздың белігілеуіне көңіл
аударсақ: «Сондай крест таңбасы бар құлпы тастың бірі Уюк-Архан өзені бойында тұрған
жазу. Оның бас жағында бұғы, қабанның суретін түсірген. Тастағы орхон жазуы «Марымыз,
Шадымыз». «Мар» несториан дінін үгіттейтін ұстаз, балаларды оқытқан, Шад –
елбасқарушы (Малов, 14). Керейлерден қалған орхон жазуы бар бұл құлпы тас Уюк-Туран
өзенінің бойында тұр. Басына қабанның сүретін түсірген. «Жазудың сөзі: «алтын ілгек кісені
белімке бұғындым». Тастың екінші жақ үстінде керей мен үңгіттердің қолданатын крест
таңбасы тұр. Бұл таңба қазақ керейлерінде осы күнге дейін сақталған (Малов). Мұндай крест
таңбасы бар құлпы тастар Енесей даласында өте көп (Киселев, ВДИ, №3-8, Малов 97).
Керейлер мен наймандар өздері хат танып, оқу-тоқуға жетіп қана қоймай, күллі монғолға
ұйғыр жазуын үйретіп, зердесін ашқаны тарихтан белгілі. Монғолдар оны – 1210 жылдан
күні бүгінге дейін бірнеше рет жаңалап, қолданып келеді. Бұлардан түйетін қорытынды:
қазақта «әліпби» көне дәуірден бері болған. «Әліпби» - ақиқат дүниенің үзігі. Кирилл, латын,
араб, орхон әліпбилері туралы тілдік ұжымның когнитивтік санасында кодқа салынған
ақпарттар жинақтала келіп, білімге айналады. Ал білімнің өзі тұрмыстық деңгейдегі,
энциклопедиялық деңгейдегі білім деп бөлінеді. Әліпби әріптер арқылы белгілі бір тілдің
мағыналық бірліктерінің дыбыстық тұрпатын белгілейді. Бұл тұрғыдан қарағанда, әліпби –
таза лингвистикалық ұғым. Сонымен бірге әліпбиді белгілі бір тілдік қоғамдастықтағы таза
лингвистикалық мәнділік қана емес, мәдени-тарихи ақпараттар (информация) кодқа
салынған концепт (кең ұғым) деуге болады. Мысалы, Орхон әліпбиі V-VIII ғғ. түркі қағанаты
қолданған әліпбидің жазуы.
Түркі қағанатында жазба коммуникация болған және ол бұқаралық сипатта болғанға
ұқсайды, өйткені тек бір ғана әлеуметтік жіктің қаған мен бектердің ғана емес, өзге де
әлеуметтік төмен жікті қамтығанға ұқсайды. Қазіргі түркі халықтары (чуваштардан
басқалары), оның ішінде қазақ тілі де Орхон-Енесей әдеби тілінің мұрагері. Тілдің барлық
деңгейіндегі дыбыстар, грамматикалық бірліктер, лексика– фразеологиялық жүйесі де қазақ
тілімен ортақтықтары бар, сондай-ақ қазақ тілінің жүйесінен (қыпшақтық жүйелері) өзгеше,
басқа туыстас тілдерде кездесетін құрылымдар бар. Түріктердің ата-тегі ғұндардың өз жазуы,
әліпбиі де болған. «Тап осындай ашық пікірді VIІ ғасырдың 30 жылдары Жетісуды аралап
шыққан саяхатшы Сюань–Цян да айтады. Ол кісінің байқауынша Жетісудың мәдениет
өркендеуі биік сатыға көтеріліп, халқының жартысы суармалы егін салып, өзгесі сауда
істейді. Жазу түсіретін алфавиті бар, тарихи шежірелерді баяндайтын шығармалары бар
(Бартольд)».
Енді ғұн жазуына оралайық. Көпке дейін айғақ боларлық заттық деректер табылмаған
болатын. Белгілі түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы ғұн жазуына байланысты
мынадай деректерді алға тартады: «1982 жылы Монғол археологтары Бұлғын аймағындағы
Бабалы (Өвгөнт) бөктеріне жерленген Хунну моласынан қыруар олжа тапты. Олардың
ішінде алтынмен аптап, күміспен күптеген ат әбзелдері, сом алтыннан құйылған 39 қапсырма
сияқты мүліктерге қоса, дөңгелек үстіндегі алтыннан шеніп жасаған пеңгей (пеңгей –
медальон, қаңғай – медаль) де бар еді. Дүние жүзі ғалымдарының зарыға күткені де осы
пеңгей сияқты деректі айғақ болатын» - дей келіп, диаметрі 3,5 см болатын пеңгейдің
ортасында қауметті қоба сақалы, қияқ мұрты бар адамның бейнесі шекілгенін, бейненің екі
жағына көне руниканың 9 әрпінен тұратын 4 сөз жазылғанын айтады. Жазудың
транскрипциясында «Ой – Сеңгір» «Елші ынты» деген сөздер бар екен. Қазақша аудармасы:
1. Ой – Сеңгір. 2. Елшінің найзасы болып шыққан. Осы жазулардан ғалымдар мынадай
27
26.
тұжырымдама жасайды: «1. Хуннулар дыбыс бейнелейтін алфавиттік жазу қолданған. 2. Бұлжазулар хуннулардан бері ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жалғасып, Х ғасырға дейін
қолданылады. 3. Монғолия мен Тува, Қазақстан мен Қырғызстан жерлерінен ұшырасатын
жүздеген руникалық айғақты бұдан былай тек VIІ-ІХ ғасырдағы түркілерге ғана тән деп
емес, енді хунның, Това, Вей, Сяньби, Жуан-жуан қағанатына да қатысты мұра деп
қарастыруға болады. 4. Хуннулар байырғы түркі (баба түркі) тілінде сөйлеген және
мемлекеттік тілі түркі тілі болған. 5. Хуннулар тілінің бірден-бір мұрагері қазіргі түркі
халықтары екені де дау тудырмақ емес». Бақсылық мектебі, қазақта атадан балаға жалғасқан,
әулиелік ерекше талант негізінде қалыптасатын тұқым қуалайтын, оқып үйренуден гөрі
тоқып дағдылануы басым болған, жаратушыдан арнайы жіберілген, аруақ аян беріп, жын
қонғандар игеретін ерекше өнер, арнайы кәсіп. Ш.Уәлихановтың сүреттеуінше, «...бақсы
тылсым дарыған білгіш, оның ой-санасы өзгелерден ерекше тұрады, өзі ақын, өзі музыкант,
өзі болашақты болжайды, әрі дәрігер болады». Қазақ арасында әрбір кісі бақсы бола
бермейді. Бірақ, үш атасынан жалғасқан бақсылар қазақ рулары арасында аз да болса болған.
Бақсы бір ғана күй тартушы керемет иесі болып қалмай, ұлыстың ұлы кеңесшісі, қария сөз
айтушысы, тарихи оқиғаларды жырлап беретін жыраулар болып жүрді. Тәңірімен, аталар
рухымен «тілдесе» білетіні адамның жан күйін өзіне бағындырып, шешен толғайтыны,
болашақты болжайтыны оларды ел басқарушылар алдында қадірлі көрсеткен. Сондай ұлы
бақсылардың бірі – керейлердің (урианқай) атақты жырауы Төбе тәңірі (шын аты Көкше
тәңірі) Шыңғыс ханға кеңесші болған. Атақты бақсы жасырын сырды айыра білетін керемет
иесі саналған, өзін «Мен тәңірінің өзімен тілдесемін, көкке шығып жүремін» деп дәріптеген.
«Бақсы» болушыларды арнайы орындарда, яғни мектептерде дайындайтын болған деген
тарихи деректер кездеседі. Бақсылық шәкірттерге, дәуперім бақсы өнерін жетік меңгерген
ғұлама бақсылар сабақ беретін болған. Оған кейбір деректердегі: «Кезінде күллі көшпенділер
әулетінің бақсыларын дайындайтын орыны, яғни оқу орыны – мекені Байкөл (Байкал) көлі
маңайында, Амар (Жайсаң, Тынық) өзені жағасындағы ну орман ортасында болғаны жайлы да жазба
деректер баршылық. Бұл бақсыларды арнайы халық, үкімет саясатына сай қажетті адамдар деп
көрушіліктен туындаған қажеттілік болмақ. Орта ғасырдағы күллі көшпелілерге аты әйгілі
Көкеші бақсыны осы мектептің түлегі деген де болжам айтылады» (Биқұмар Кәмалашұлы).
Ол, Шыңғыс ханның ордасында отырып, «сен дүние жүзін билейсің» деп сәуегейлік жасаған
делінеді. Қыстың суық айларында Төбе тәңірі Керулен өзенінің мұзына жап-жалаңаш
жатқанда оның денесінің жылуына мұз еріп, буы бұрқырап аспанға көтеріліп жататын
болған. Ханның өзіне қарсы келіп, айтатынын айтып салатын, арынды, тура бақсы болыпты.
Бір соғыста ол жайдың көк тасын өз әскерінің төбесіне түсіргендіктен, хан оны өлімге
бұйырады. Төбе тәңірімен қатар шыққан ұлы бақсының бірі Есей Бұқа Оқтай заманына дейін
жасады. Бұл ұлысқа тәрбие беруші өзі ғалым, өзі ұстаз, жырау. ХІІІ ғасырдың отызыншы
жылдары ол әбден қартайып, әр жерге күймеге отырып барып жүрді. Оның туып өскен жері
осы күнгі Алакөлдің төңірегі (Ә. Марғұлан. Ежелгі жыр аңыздар, А. , 1985. 212-б.) Зерттеуші
ғалымдар Абайдың үлгі-өнегелік мектебін – әдебиет мектебі деп атағаны белгілі. Абай
атамыздың балалық шағынан үлгі-өнеге үйреніп, өсіп-өнген ортасы, азамат болып, ақылойының кемелденген шағында, бар қазаққа бас ұстаз болған дәуіріндегі Құнанбай әулетінде
жұмыстаған мектептердің жалпы атауын «Дана мектебі» - деп отырмыз. Себебі, сол кезеңде,
Өскенбайдан ұласқан Қарашаңырақ ақсақалдар мектебі (Құнанбайдың өзі бас болған), ана
мектебі (Сары апа, Зере, Ботантай т.б.), сауат ашу мектебі (Ғабитхан, Әуез ата бастаған),
ақындық мектебі (Абай бастаған) қатарлы әулет мектебінің барлық түрі толыққанды жұмыс
жасаған. Бұл мектепті жұмыстатқан ұстаздардың барлығы да дарынды адамдар еді. Сондығы
болар, мектеп түлектері ылғи даналар болып шыққан. Алайда, дана мектебі – даналарды
дайындау үшін құрылған жоқ. Ауыл өрендерін, жасөспірімдерді оқытып, білім беру,
қатардағы адам санатына оларды қосу ниетінің нәтижесінде осындай жандар қалыптасқан.
Алланың жазғаны солай болған шығар, Құнанбай әулетіне, дана ұстаздард топтасуы
тегіннен-тегін емес екен, дана мектебінен, шынында ақылгөй дана, ақын, өнерлі ұрпақтар
молынан дайындалған. Дәлірек айтқанда, әулет мектебінің дана ұстаздары тағдырдың
28
27.
тоғыстыруынан бір әулетке топтасса, даналар тәрбиелеуге толық мүмкіндік бар екеніндәлелдеп берген еді.
Қазақ мектебінің алғашқы түрі – Ана мектебі. Оның ұстаздары – мар, қипат, қам,
бітікші, бақсы, абыз, дана аталып келгені де шындық. Ақсақал сөзі де, бір дәуірде ұстаз
мағынасында болған. Ана мектебінің алғашқы ұстаздарының бірі Ұмай ана. «Баланы
тәрбиелеуде, оны өнерге үйретуде, Ұмайға маңызды міндет жүктелді. Ол бала дүниеге
келгеннен бастап кәмелет жасқа толғанға дейін оның қасында болған. Ол балаға өнердің
небір түрін: ән айтуға, сурет салуға, ертегі айтуға, аңыз-әдебиетке үйретті. Ол балаға
шығармашылық бастау беретін әрі оның бойындағы өнерді, дарынды анықтаған, оның
жанын бекзаттандырған, оны тәрбиелейтін болған, жалпы алғанда, балаға жақсылық сезімін,
эстетикалық бастауын сіңіріп, жас ұрпаққа білім беріп, оларды дамыта жетілдірумен
шұғылданған. Әйел құдай Ұмайды өмірлік болмысты тәжірибелік-көркемдік игерумен,
әсіресе, өнермен байланыстырудың маңызы зор. Ол әлемді көркемдік жағынан ой-санадан
өткізіп, ондағы жоғарғы рухани мәнді түсінуге шақыратын ескі заманнан бері келе жатқан
үндеу» (Ә. Қодар).
Көне түріктер күнделікті тұрмыста өз жазбаларын қағазға да жазып отырған.
Зерттеушілер қағаз жасап шығаруда көне түріктердің батыс, я шығыс үлгісі бойынша өз
өндірісі болғандығын, қағаз көбіне тұт ағашынан, сондай-ақ сорадан, мақтадан, күріш
сабағынан да алынғандығын жазды. Қытай шеберлері VІІІ ғ. Самарқанда қағаз өндірісінің
негізін салды. Осы жерден қағаз өндіру тәсілі Жібек жолы арқылы батысқа тарап, онда жазу
үшін қолданылып келген пергамент пен папирусты ығыстырып шығарған. Ал Қытайдың
өзінде және Шығыс Түркістан жерінде қағаз өндіру б.з.д. ІҮ бастаған. Жеке қағаздарды
кітапша етіп тігудің әр түрлі жолдары болған. Ирандық-Сириялық үлгімен жасалған кітапша
дәптерлер немесе көне үнді кітаптары үлгісіндегі пальма, қайың қабықтарынан құралған
кітап (потхи), қытай үлгісіндегі шиыршық-кітап (қағаздың шығырға оралуы арқылы
жасалды), төртінші кітап-бүктірме (гормошка). Қағазды кеңірдектеп бүктемелеу жолымен
әзірленді. Кітап жасау ісі Шығыста ерте кезден басталған. Түркістан б.з.д. ІІ-І ғ. ғ. өзінде-ақ
кітап шығаратын маңызды орталыққа айналып үлгерген. Көне түрік тіліндегі бізге жеткен
алғашқы кітап қатарында 583 ж. жазылған «Нирванасутра» аталады. Дегенмен С. Е. Малов
сияқты ғалымдар түрік тілінде шыққан «Хуастуанифт» Ү ғасырда жазылған деп есептейді.
Шығыс Түркістан жерінен табылған VІІІ-ІХ ғ. ғ. жататын кітаптар мен үзінділердің көбі
ксилографиялық жолмен жасалған. Ксилография (ойып басу) арқылы текстерді көбейтіп,
кітап етіп шығару өзінің арғы бастауын мөр дайындау ісінен алады. Ксилографиялық кітап
басып шығару ісі мынадай жолмен жүрген. Алдымен болашақ кітаптың көлеміне сәйкес
келетін қатты тегіс тақтай әзірленеді, тура осындай өлшемде жұқа қағазға текст жазылады.
Содан соң қағаз тақтайға жапсырылып, әріптер тақтай бетіне бояу жағылады да қажетті
мөлшерде қағаз бетіне түсіріле беретін болған. Қағазға түсірілген руна жазба кітабы - «Ырқ
бітік» деп аталады. Кітаптың аты жоқ, тек бас жағында «Бұл білік-тілік кітабы жақсы» деп
жазылған. Екі түрлі мағынаға ие «ырқ» сөзін (біліктілік және сәуегейлік) зерттеушілер алғаш
сәуегейлік деп аударуына байланысты кітапқа «Сәуегейлік кітабы» (орысша «Книга гаданий)
деген атау берілген. Әйтсе де «Біліктілік кітабы» десе шынайырақ болатын секілді. Кітапша
бүктелген 29 парақтан құралған. Көлемі 13,2 х 8см, тексі 108 жолдан, 65 бөлімнен тұрады,
оның әрқайсысы «бұл жақсы» немесе «бұл жаман» деген ой қорытумен аяқталып отырады.
В.Томсен «Ырқ бітіктің» VІІІ-ІХ ғ. ғ. жазылған деп білген. Көне түрік поэтикалық арнасында
дүниеге келген «Ырқ бітік» түріктердің мұсылмандықты қабылдағанға дейінгі тұрмыстіршілігінің көпшілікке беймәлімдеу тұстары және наным-сенімдері жайлы, оларды
қоршаған орта туралы соны мәліметтерге толы. «Ырқ бітіктің» жазылу стилінде Орхон
жазбаларымен ұқсастық байқалады. Мазмұн мағанасы бойынша «Сәуегейлік кітабын» төрт
топқа бөліп қарауға болады. 1. Адамдар мен жануарлардың тылсым-тіршілігі жайлы
реалистік көріністер; 2. Мифологиялық және ертегілік сюжеттер; 3. Табиғатты суреттеу. 4.
Мінез-құлық туралы нақыл сөздер. Бұл жерде баспа туралы зерттеушінің ой-пікірінен үзінді
келтірген себебім, қазақта жазу-сызу мектеп болумен қатар оқулықтар да, ақыл-кеңестік,
29
28.
тәрбиелік баспалар да болған дегенді айту еді. Бұл үрдіс көне заманнан бері жалғасып кележатқан, пәндік білімдер мен сауат-ашу құралдарын жасау амал-айласын тарихын білуге
көмегі тиері сөзсіз. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, сауат ашу құралдары мен
оқулықтар жасап шығару өте қарқын алғандығы белгілі. Ол, сол кездегі қоғам талабының
нәтижесі. Ал, қазақтың киіз кітабының басы қайда жатқанын да осыдан байқауға болады.
Түркі халықтары кейін араб әліпбиін қолданып жазған, бұл жазу мұсылман дінінің
таралуымен бірге келген. Араб жазуын түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы ұзақ уақыт
қолданған. Алғаш араб әліпбиіндегі әріптер түгел қолданылған, тек 1926 жылы
А.Байтұрсынов оған реформа жасап, ондағы артық әріптерді шығарып тастап, жазуды көп
жеңілдеткен. 1926 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып
келіп, кейін кириллицаға (1940 жылдан бастап) көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің
көпшілігінде қайтадан латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі бел алып келеді.
§ 1. 2 Ұлттық тәрбиенің мұраты мен мақсаты
«Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм – адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның өмiрiне апат әкеледi» - деп әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымы
зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi – тәрбие. Тәрбие адам тағдырын ойластырады,
болжайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс
пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатуға бағдарлайды. Тәрбие
ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың тәрбиелік құндылық-тарын ұрпақтан-ұрпаққа
жеткiзедi. Педагогикалық іс-әрекет мұрат-мақсатсыз ешқашан жүзеге асқан емес. Осы
заманғы педагогикада баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн үш
негiзгi фактор бар деп көрсетеді. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие
(сыртқы жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарымқатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте
зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат
көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын
қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн
мақсатты iс-әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы
түрдегi белсендi iс-әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Осы заңдылықты қазақ
халқы ертеден түсінген. Өзгешелігі – қоршаған ортаны өзгертіп қайта құруға басты мән
беруден гөрі оған икемделіп тіршілдік етуді көбірек ойластырған. Алғашқы қауымдық
құрылыстан біздің заманға шеру тартатын мәдениет дәстүрі сабақтастығын тиянақтап
зерделесек, оның казіргі педагогика жетістіктерінің ілкі бастауында орны бар екендігіне көз
жеткіземіз. Қоғам дамуының заңдылықтары демей-ақ, әдеп тағылымдарының өзі діниимандылық нормалардан бастау алғандары бар. Қай дін болмасын тұлғаның дұрыс
қалыптасуына қажетті тәрбиелік, этикалық, мінез-құлықтық міндет-шарттарды қатаң реттеп
отырған. Тәрбиелеу үшін мақсатты бағытталған белсенді әрекетке ынталандырмай,
жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды. Жаттықтыру мәні – талап етілген
әрекеттерді көп мәрте қайталаумен автоматты орындалу дәрежесіне жеткізу. Жаттығулар
нәтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: әдептер мен дағдылар. Қоғамдық мақсаты бар
әрекеттің бәрі, жас ұрпақты дамытатын және тәрбиелейтін мүмкіндіктерге ие. Сондай кезкелген әрекеттің тек өзіне тән білім, біліктері бар. Бір әрекет түрімен бүкіл дүниені меңгерту
мүмкін емес, сондықтан да тәрбиеде кешенді әрекеттер жүйесі қолданылып келген. Қай
заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы – өзінің
ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие – жас ұрпаққа білік
пен дағды қалыптастыру процесі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және
бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы «кісі» қалыптастыру болып
табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті. «Баланы ұлша тәрбиелесең
– ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы» (А.Байтұрсынұлы).
30
29.
Жер бетіндегі әр ұлттың мақсаты – өз ұрпағының бойында адамдық қасиет, ұлттық рухпен мәдениеттің күш-қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның өмір сүру тәсілі мен
тәжірибесін, тәрбие ықпалының жолы мен бағытын ұғындыру. Мағжан Жұмабаевтың:
«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып емес, келешек заманына лайық қылып шығаруы
қажет», - деген ойы тәрбиені келер күн талабымен ұштастыруды ескерткен. Әзірет Әлі
атамыз: «Баланы өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет», деген екен.
Ұлттық тәрбиенің мұраты мен мақсатын айқындап, жоба көрсеткен, ғалымдарымыздың
ой-пкіріне көз жүгіртелік. Мақсат дегеніміз – бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру және нәтижеге
жету. Тәрбие мақсаты жастарды – өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие
жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. М.М.Тілеужанов өзінің «Қазақ тағылымы» (1994)
атты монографиясында тәрбиенің мақсаттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын
сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан,
көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды,
инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік
болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу;
халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу. Сонымен
дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты «жан-жақты үйлесімді
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп жазды М. Жұмабаев: «Көркем денелі, түзу
ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат
алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» деді.
Әулет мектебіндегі тәрбие ісі, ғалым Ш.Ахметовтың зерттеулерінде негізінен басты-басты
сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуге
үйретуді көздеген, әке-шеше баласына «әдепті бол»дегенді басты міндет етіп қойған.
Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейрімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл
алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден,
өнегелі ұстаз бен көпті көрген карияның сөзін тыңдап, «ақпа құлақ болмай құйма құлақ бол»
дегенді бойларына біртіндеп сіңіре білген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлап
құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспай,
біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол, әсіресе қаріп-қасерлердің табиғи кемдігін
(мұрны пұшық аяғы ақсақ т.б.) бетіне баспа деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр
бол. Халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей-жалықпай айтып
қана қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған.
Ал, ғалым Қ.Жарықбаев: «Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген
ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына
орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің артықша талап-тілектерін өмірге әкелді. Мәселен,
бұлар, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір
сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздерімен қисындады. Осынау аталы сөздің мән-мағынасы
мыналар еді. Көшпелі малшаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік пен қиыншыдлыққа
төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын
қастерлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау» жасы үлкенді
сыйлау, құдайы қонақтың мәселін қайтармақ, көрші қақын жемеу, т.б.)» деген қорытынды
жасаған. Ұлттық тәрбие мұратын анағұрлым терең қарастырған ғалым, С.Қалиев: «Халық
педагогикасының негізгі мақсаты – өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер
ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл-аймақ, Отанның ар-намысын қорғай
білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды» дей келе «сегіз қырлы, бір сырлы»,
мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі-өнерлі, жан-жақты жетілген, «толық адам» тәрбиелеу
дейді. Оны кестелеп көрсетеді.
- Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарастыру;
- Еңбексүйгіш елгезек етіп тәрбиелеу;
- Тән сұлулығын қарастыру, әсемдікке баулу;
- Адамгершілік қасиеттерге (ізгілікке, имандылыққа, қайрымдылыққа, адалдыққа т.б.)
тәрбиелеу.
31
30.
- Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу;- «Жігітке жетпіс өнер аз», «Өнер өрге сүйрейді» деп қарап, өнер мен білімді насихаттау;
- Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу;
- Денені шынықтыруға тәрбиелеу;
Ал, Ә. Табылдиев: «Ер бала әке жолын қуып, «әкеден асып туып», қатарынан қалмай,
алдына қойған мақсаттарын абыроймен орындауға борышты; елін қорғау, еңбек ету, атаанасын ардақтау, өнер үйрену, күш-жігерлі болу, айтқан сөзінде тұру әділетті болу, біреуге
жалынышты кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу, жасық болмау, т.б. қасиеттерді
бойына сіңіру...» деп жазады. Міне, бұлар қазақ ұлт өкілінің бойынан табылуға тиісті негізгі
қасиеттер, ата-бабамыздың арман тілегі, тәбиелеудің түпкі мақсаты.
Қазақ тәлім-тәрбиелік үрдісі бойынша, бірінші мүшелде ұлт өкілі қалыптасудың негізі
қаланып, екінші мүшелде ол нығайып бекіп, адамның қалған ғұмырында дамып жетіледі деп
есептеледі. Бірінші мүшелдің екінші жартысында бала қауымы ұл мен қыз болып екіге
дараланып оларды тәрбиелеу мақсаты мен құралдарында, амал-тәсілдерінде айырмашылық
пайда болады. Түрік дәуірінде: «Бек ұл, пәк қыз» тәрбиелеу мақсаты қойылса, оғуз дәуірінде
«иманды ұл, ибалы қыз», ғұн, сақ дәуірінде «батыр ұл, батыл қыз» немесе «Ер жігіт, батыр
қыз» тәрбиелеу мақсаттары басқа тәрбиеден басымдылық алған . Анығырақ айтқанда дәуір
талабы, тәрбие мақсаттарын айқындап отырған. Осы негізде тәрбиелеу қазақ ілімінде:
«Жұртыңды сақтап қалғың келсе ұлыңды дұрыстап тәрбиеле, ұлтыңды сақтап қалғың келсе
қызыңды дұрыстап тәрбиле» деген қатаң қағида қалыптасқан. «Ұлын тәрбиелей алмаған құл
етеді, қызын тәрбиелей алмаған күң етеді» деп ерекше ескерткен. Ел іргесін жаудан сақтап
қалатын: «сұңғақ бойлы, терең ойлы, қырандай алғыр, көсем жігіт, ел басқара алатын шешен
жігіт, еліне қорған болатын алаберен өнерлі ұл» тәрбиелеп өсіру сол дәуірлерде басты мұрат
болған.
Байырғы қазақ елінің асқақ адамгершілік мұраттарына иек артқан болашақ ұрпақтың
тәлім тәрбиесі мен үлгі өнегесінің ең шарықтау шыңы – жеке бастың таза да, ұятты болуы
екендігі тар мағынасында баршаға белгілі. Ата-бабамыз ар тазалығын бәрінен де биік қойған.
Сондықтан да, қасиетті халқымыз адамгершілік хақындағы асқаралы асыл түйсігін «малым
жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген нақылмен жеткізген. Ұлға отыз
үйден, қызға қырық үйден тыйым сала білген бабаларымыз: «құлықты ұл, қылықты қыз»,
«өнерлі ұл, шебер қыз», «айдарлы ұл, тұлымды қыз», «айбарлы ұл, ақылды қыз», « «ісмер ұл,
істі қыз», «шешен жігіт, ақын қыз» «ер жігіт, есті қыз», «ақылды жігіт, арлы қыз», «намысты
ұл, өрелі қыз», «өрелі жігіт, өнерлі қыз», «аяулы азамат, асыл жар», «Қазақ жігіт, Қазақ қыз»
қатарлы тәрбиелеу мақсаттарын алдарына қойып, өте нәтижелі тәрбиелеп келгендігіне тарих
куә. Олардың бойындағы адамдық асыл қасиеттер мен өнер үлгісі тасқа қашалып, ағашқа
ойылып, қағазға хатталып жазылған. Күллі шығармашылық еңбектерге арқау болып бүгінге
жеткен. Қазақтың осындай аты аңызға, ісі өнеге айналып, өнері қазақ даласының ауасына
сіңісіп, жеріне жұғысқан ұл мен қыздарын мың-мыңдап атауға болады. Мейлі олар аз
болсын, көп болсын ең бастысы, кісілік қасиеттері ортақ болған. Міне осы қасиеттерді
жиынтықтап: «Жігіт сегіз қырлы бір сырлы болсын» деген. Қазақ атамыз әлеуметтікэкономикалық және тарихи географиялық жағдайларға сәйкес қазақ халқының жас ұрпақ
тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктерді де мұқият ескерген. Осыған сәйкес ұлттық тәрбие
мұраттары мен тәрбие мақсатында дәуір талабына сай белгілі дәрежеде өзгерістер болып
отырған. Ал, тәрбиенің түпкілікті іргетасында, дінінде айтарлықтай өзгеріс болмаған. Жалпы
алғанда, ол: өмірге қажетті, маңызды білік дағдыларды игерту, денсаулығын шынықтыру,
еңбекке баулу, табиғатты, туған жерін, өскен ортасын сүюге тәрбиелеу еді. Қазақ тәрбие
ілімінде «Қазақ жігіт, Қазақ қыз» деген ұғым ең қастерлі, ең дәрежелі ардақты, аруақты
рәміз. Бұл атаққа дақ түсірмей, даңқын зорайтып өнеге көрсеткен қазақ ұл, қыздарының аты
тарихта, жүректе мәңгі сақталған. Жігіт деген сөздің шығу тегі біздің ойымызша: түріктің:
иг-ер-жигер, жігер, игдірілген-жігерлендірілген-тәрбиеленген-бозбала болу керек. Бозбалабоз-да-ғым-боз-оқ-тан шыққан. Бір кезде жігіт деудің орнына ер деген сөз қолданылған. Ержігіт тіркесі қазірде қолданыста бар. Ал жігіттің сегіз қыры нені көрсетеді? «Атаның ұлы
32
31.
болма, адамның ұлы бол» - деп уағыздайтын халқымыз жаныған жағы жетіле беретін көпқырлы алмас тәрізді қазақ жігітін қиялында бейнелеп, арманында қазақ азаматының
сұлбасын сызып кескіндеген. Сол, азаматтың – ұлт өкілінің, адамгершілік асыл қасиеттері де
сегіз қырлы болсын деген. Бұл қасиеттерді дана, ғұлама, шешен, би аталарымыз ауызша да,
жазбаша да бізге жеткізе білген. Абай бабамыз: «талап еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап
қой» десе, Шәкәрім атамыз: «таза ақыл, ақ жүрек, адал еңбекті» атаған. Саққұлақ би: «адам
басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, жолаушысы – мінез, сынаушысы – халық» депті. Халық
арасында «алты асқар» деген ұғым бар Олар: ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық,
кеңпейіл. Адамның жеті серігі деген ұғымда: шолғыншысы – ат, қорғаушысы – аруақ десе,
үш қуаты ретінде – тіл, ақыл, жүрек аталған. Ал, адамның үш тоқтамы ретінде ақыл – арқан,
өй – өріс, адам – қазық деп көрсеткен. Міне, осылар мен басқа дәйекті ескере отырып,
жігіттің сегіз қырын; нұрлы ақыл, жібек мінез, тұнық иман, адал еңбек, терең ой,
қаһарман қайрат, өршіл талап, өшпес өнер - деп тұжырымдаймыз.
Қазақтар қолмен, аспаппен, сайманмен, қарумен ғана емес, ақыл-оймен атқарылатын
күллі еңбекті де өшпес өнер деп түсінген. Мәселен, малды мүшелеп сойып, кәделеп жіліктеу
де, қолмен шымши орап тоқу да, жас ұрпақты асырап-бағып тәрбиелеу де, құс салып саят
құру да, ат баптап бәйгеге қосу да, хаттап кітап жазу да, т. с. с. бәрін өнерге санаған.
Сондықтан да, «жігітке жетпіс өнер де аз» деген.
Ал, бір сырлы деген не? Қазақ ұғымында, жұмыр жерде және басқа әлемде (астыңғы,
үстіңгі) адам тектес жануарлар (кісі киік, малғұн-мақұлық, басқа әлем қонақтары, қор
қыздары т.б.), албасты, ібіліс, жын-пері, шайтан-елес, тым көп. Бұлардың бірсыпырасында,
адамдарда болуға тиісті барлық қасиет, іс-әрекет бар. Біршамасында тек рух жоқ. Ал,
қалғандарында рух болғанымен жүрек жоқ. Басқаша айтқанда, жүрексіз рухтар, жын-шайтан,
елес түрінде кезіп жүр.
Қазақ ғұламалары: рухтың мекені – жүрек, хабаршысы – ұят, қанаты – ой екенін, ал,
рухани жетілудің, адамгершіліктің мәні – махаббат пен парасатты, шығармашылық ерікті
дамыту екендігін айтып кеткен. Таза ақылдың тамыры да, ар-ұяттың ұясы да, намыс пен
жігердің бастауы да – осы жүрек. Жүрек – рухтың қамалы. Егер адамның жансарайын жайып
салып, ашып көретін мүмкіндік болса, Жүрек сыры – бірден көзге түсер, алтын сандық
асылы – рух танылар еді. Ол берік қорған ішінде таза да, табиғи қалпында сақталады. Қазақ
жігітінің бір сыры – осы рух. Рух – кісінің бәрінде бар, бірақ, дәрежесі әрқилы. Рух –
жүрекке қонақтамаса, қорғанын таппаса, елеске айналып кетеді. Немесе жанмен бірге
бейіште сая табуы керек.
«Қазақ қызы» үшін осы сегіз қасиетке қоса әсемдік пен ибалықтың болуы шарт.
Қыздың қимасы ары пен ибасы деп қазақ бекер айтпаған. Қыз баланың өмірде алатын
орнының, жаратылысының ерекшелігіне байланысты тәрбие мақсатында да өзгешелік бар.
Қыз бала өзінің әдептілігімен, ізеттілігімен, сезімтал сергектігімен жаныңды жадыратады.
Қыздар жүрген жер көрікті де көңілді, күміс күлкі, әсем ән, асыл нәзік сезім дегендердің бәрі
де соларға тән нәрсе. Сондықтан халқымыз қыз баланы ежелден-ақ ерекше ардақтап,
мәпелеп өсіріп келеді, осы негізде мынандай тәрбие дәстүрі қалыптасқан. Қызды жас кезінен
көздің қарашығындай сақтап, әлпештеп, мәпелеп өсіру, оның ақылды да әдепті болуына
жан салу, ар-намысын қорғауға келгенде маңына жан жуытпайтын қаһарлы да, қалша
етіп шыңдау, балқыған, толқыған, еліктегіш шағында қызға қырық үйден тыйым салуы,
қызды ерекше эстетикалық шеберлік пен нәзіктік тілейтін еңбекке (кесте, өрнек, т.б.)
баулу, әсем киініп, көркем сөз, ән-күй секілді өнермен тәрбиелеу, әсемдіктің ортасында
малшындырып (әшекей тағу, асыл металл ілуден қазақ қыздары үнді қыздарынан кем
түспеген) тұрмыс кештіру қазақтың қыз тәрбиесінде ерекше мақсаты болғандығын
көрсетеді.
Қазақтың қыз тәрбиелеудегі мұратын, негізгі мақсатын Ә.Табылдиев тамаша
тұжырымдаған. «Халық өсіп келе жатқан қыздың алдына өмірлік міндеттер қойып, оны
орындау қыздың абыройы деп санаған; ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау,
дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек
33
32.
айтпау, бала тәрбиесін білу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөзайтпау, арқан есе білу, қой сауа білу, кілем тоқи білу, кесте тіге білу, т.б. іс-әрекеттер мен
мінез-құлықтық қасиеттер иманжүзді, абзал жанды қыздың бойында болу керек деп
есептеген». Қыз бала әулетте ерекше бағаланады. Ол ең әуелі өріс кеңітер ұрпақ, ауылдың
сәні, шаңырақтың шаттығы қадірлі қонақ. Дүниеге қыз келіп, ата-анасы: «Ырыс алды – қыз»
- деп қуанған. Қыз атауы, менімше түрік сөзінен қалған. Көне түрікше: куз-күз-құй-күйкен
тіркестері көз-өріс, шырақ немесе қиз-қиқын, қыз-қырқын болып түрленген. Баланы: құт-қукү-хү-күй–хэд деп атаған. Қазақтар қызды күні бүгінгі дейін өріс, шырақ, көзімнің қарасы
деп теңей айтады. Саян түріктері қызды – күйкін деседі. Көріп отырғанымыздай тәрбиелеу
қазақ ілімінде айқын мақсат, сенімді мұрат, жеткілікті үлгі-өнеге болғандықтан әркез
тұрақты ұлт өкілі – қазақ азаматы қалыптасып отырған. Мұраттар мен мақсатты жұрт
жаппай толық түсініп, барлығы бірдей мойындап, жүрегіне жеткізіп қабылдаған. Сондықтан
да, аталған мұраттар мен мақсаттар қазақтардың сүйегіне сіңіп, қанына жұғысып, рухына
араласып кеткен. Осы негізде бір текті, бір тілді, бір ділді, бір дінді ала-құласыз халық
қалыптасқан. Осы ортаға тап келген шарана да шайқалып, бөгде де бөленіп, ұлт өкілі болып
өңделетін. Бұл жағынан тәлім-тәрбие ісі бір ізді, тұрақты болып, нәтижесі тамаша табысқа
жеткен. Қазақ ілімінің мұрат мақсатының еркшелігі: қысқа да нұсқа, тәрбиелеуші де,
тәрбиеленуші толық түсініп ұғынарлық болған. Мысалы; «өмірге есті де, епті ата-ана
дайындау, немесе аяулы азамат, асыл жар тәрбиелеу» т.б. Мұраты, барлық адамдарға ортақ,
ұзақ уақыт ұстануға, басшылық етіп, бағыт-бағдар болдыруға тұрарлық терең мазмұнға
құрылады. Мақсат – әр жастағы, әр жыныстағы адамдардың ерекшелігін ескерген, тәрбиелеу
амал-тәсілдерін таңдап алуға тікелей көмектесетін айқын болады. Мысалы; «бек ұл, пәк
кыз», «иманды ұл, ибалы қыз» т. с. с. Ұлттық тәрбиелік мақсаттар ұғымды болумен қатар
бұлтарыссыз сенімді келеді. Имандылық тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа –
қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың
да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері. Олар: жалған
айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет
әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен.
Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан
дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға,
өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – имандылықтың басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін
сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап
қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. Қазақ ұрпақ тәрбиесінің
мазмұнын тым ерте кезден терең пайымдап, өте нақты мақсат қойып, мұрат тұтқан. Айталық:
«Егер жеріңнің шетін жау баспасын десең ұлыңды дұрыстап тәрбиеле, егер ұлтыңды мәңгі
сақтағың келсе, қызыңды дұрыстып тәрбиеле деген» аталы сөз қалдырған. Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 01 маусымдағы № 348
бұйрығымен бекітілген, «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» атты құжатта: «Патриот,
білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты
қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының
жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне
танымал және мәртебелі – 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады». Сенесіз бе?
§ 1. 2 Тәрбиелеу қазақ ілімінің қағидалары
Тәрбие әдісі – бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу
үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер – тәрбиелеу санасына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер
ету шаралары. Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс.
Тәсілдер – бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жетуі үшін тәрбиеленушімен бірге
салатын соқпақ жол деуге болады, Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса,
біртіндеп ол үлкен даңғыл жолға – әдіске айналады. Бұл бүгінгі педагогикаға сүйенген
тұжырым. М. Жұмабаев былай дейді: «Әрбір ұлттың бала тарбия қылу туралы ескіден келе
34
33.
жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тарбиясы баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып кележатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тарбияшы, сөз жоқ, ұлт тарбиясымен таныс болуға
тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын
болғандықтан, ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». Осы кезге дейін
Қазақстанда, ұлттық тәрбиеге қатысты, әжептәуір зерттеу жұмыстары жүріліп, қомақты білім қоры
жиналған (4, 8, 15, 24, 31). Көпшілігі арнаулы педагогикалық орта және жоғарғы мектептерде
берілетін этнопедагогикалық білім, пәндік курстар төңірегінде болып келеді. Ал, қалғандарының
ішінде, қазақтың белгілі дәуірінде, кезеңінде өмір сүрген ойшылдар мен ақын-жырау,
ағартушылардың ой-пікірлері сараланады (26, 27, 28, 29. 30).
Жалпы білім беретін мектептерде 3-4 бағытпен жасалған, ұлттық тәрбиелік – арнаулы
бағдарламар мен тереңдетілген сабақтар, факультативтер оқытылады (ұлттық тәрбие ілімін оқыту,
білім беру ісі анағұрлым жүйеленген, жолға қойылған. Бұлай деу, бәрі де болды, жетер енді деген
тоқмейілсіну бола қоймас). Бүгінгі жастардың тәрбиеленген деңгейі, олардың игерген ұлттық әдеп,
мінез-құлық, дағды-әдетінің шама-шарқы тіптен төмен жатыр. Мәселен, «иманды ұл, ибалы қыз»
тәрбиелеген қазақ жолы дінге қатысты делініп, ескерусіз қалған. Ұлттық тәрбиенің ауданды тәрбие
құралы «олар ескі наным-сенімге байланысты туындаған» деген айдар тағылып қолданыстан шығып
қалған.
Ұлттық тәрбиенің негізгі мұраты «сегіз қырлы бір сырлы» қазақ азаматын дайындау;
адамгершілігі, кісілігі мол, өнер білімді, шаруаға епті, іске шебер, шаңырақ иесін, отағасын, кәсіпшілкөпшіл ұлттық тұлғаны қалыптастыру екені белгілі. Осы мақсатқа жету үшін, қандай қағидаларды
басшылыққа алып, іс-әрекетінде нендей ережелерді ұстанған? Ұлттық тәрбиеде ұстанған қағида жоқ,
ол, кездейсоқ іс-қимыл арқылы, болжаусыз түрде, бейберекет жүрілген өмір құбылыстарының
реттеусіз әрекеті деп айтушылар бар болғанымен, «міне, мынандай қағидалар болған» деп, ғылыми
тұжырым жасап, уәж айтушы да жоққа тән. Сондықтан, бүгінгі ата-аналар, ұстаз-тәрбиешілер ұлттық
тәрбие тәжірибесіне бет бұрғанымен «дәл осылай» деп, басшылық ететін, есінен шығармай үнемі
санасатын қағида қалмаған тәрізді. Олар, амалсыздан «нәтижесін Аллаһ біледі», «кезі келгенде
көрерміз», «уақыт көрсетеді», «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп, «әйтеуір зияны жоқ шығар» деп
нені ойға алса, соны жүзеге асыратын болған.
Ұлттық тәрбие нәтижесіне негіз болып, оның нәтижелі болуына тура ықпал жасайтын, ауызданауызға тарап, жазылмаған заңдай қалыптасқан, тәлім-тәрбие игерту, қазақ үрдісіне сіңіскен, қалыптар
мен ережелер жиынтығын, біз, тәрбиенің қазақи қағидалары деп атадық. Ондай ұғымдарды жалпы
және ерекше қағидалар деп екіге топтастыруға болады. Бірінші. Тәрбие-екі жақты әрекет. Ұрпақты
өсіріп, оны айтулы азамат болдырып тәрбиелеу ата-ананың, тәрбиелеуші-ұстаздардың абзал борышы,
өмірдің бұлтартпас заңдылығы екенін түсіну. Ұрпақ алдындағы борышын абыроймен атқару
саналылығы. Ұрпақ тәрбиелеу: ел алдындағы, Аллаһ алдындағы өлшеусіз қарыз, мойындалған парыз.
Атам қазақ ұлым өсіп ер жетсе, есігім жабылмайды, әулетім жалғасады. Қызым бой жетсе, өрісім
кеңейеді, достығым, тірегім нығаяды» дейді. Ал, А. Байтұрсынов: «Балам дейтін жұрт болмаса,
жұртым дейтін бала да шықпайды». «Өсетін ел ұрпағын ойлайды», «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
жақсы-жаман болса да, бала – солардан», «Ата–ана ақылы сайрап жатқан жолмен тең». Ал, ұлы
педагогтар былай дейді: «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған
мұнымен бірге осыған сай қабілет бар». К. Ушинский: «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек
қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.
Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және
болашақ күрескер өсіп келеді». А.Макаренко: «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере
алмайды». А. Коменский: «Қазақ халқы ұлық педагогтардың өсиет-өнегесін естіп білгенбілмегенін айта алмаймын. Алайда, ұрпақ алдындағы тәрбиелеу борышын абыроймен
атқарып келгенін дәлелдей аламын. Кешегі отағасы – әкеде суық қабақ, отанасы – шешеде өр
мінез, қазыналы қарттарда ақылман абыздық болған. Иә, кешегі отбасында; сотқарын
сүмірейтіп отырып, түзеп алатын талқысы, жетесізін желкелеп отырып жөнге салатын
айбары, жалқауын зорлап отырып еңбекке жұмылдыра алатын уыты, дөрекілерді жүндей
түтіп, жібектей мінезді ұл мен қыз жасай алатын тезі, бәрі бәрі болған. Осының бәрінде,
әкенің орны ерекше еді. «Әке – асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ». Әке
әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу ата салтымыз. Отбасында,
әкенің отырар орыны, жатар жайы, ішер асы, сөйлер сөзі, атқарар қызметі бәрі-бәрі айрықша
еді. Оның жаңағы аталған тұтынатын бұйымы, іс-әрекеті бала үшін киелі де, салмақты.
35
34.
Мысалы әкенің бас киімі қайда тұру керек, оны қалай дайындап, ұсыну керек, басқа адамнемесе балалары кіюге болама, жоқ па? Тізе берсек, әкеге қатысты әдептің қалыптары мен
өлшемдері көп-ақ. «Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас», «Өсірген
баптап баласын, әкеден үлгі аласың. Бар өнерін үйреткен, әкелер тіптен салмақты-ақ,
Айтайын шын жүрекпен. Әке деген ардақты – ат. Ту етемін, қашанда, Әкетайым, ардақтап!»
Құрмет пен ардаққа лайық әкені өмірге дайындаған ұлттық үрдісіміз негізі осал емес! Ол –
олма, әкелер, ұрпағының келешекте жан бағып, тіршілік жасар кәсібін, талғажау ететін «нан
– бауырсағын» бала жанқалтасына салып беретін. Иә, біздің аталарымыз, «үй-іші әкеге,
әлеумет рубасына бағынған, тапқа жікке бөлінбеген қазақ ортасында туып өсті». «Әкеге
бағыну – Аллаһқа бағыну» - деген екен Пайғампарымыз (с. ғ. с.). Ал, біздер анамыздың:
«Әкең келе жатыр!» - деген бір ауыз сөзін естігенде, әке алдында мінез-құлық, ісәрекетімізден, емтихан тапсыратын шәкірттей дайындалатынбыз. Әкеміз бізге – пайғампар
еді. Ата-анаға сәбилері періштелер еді. Айналамыздағы туыстар біз үшін сақабалар болатын.
Баршаға жар салып, М.Жұмабаев: «Күн шығыста ақ алтын бір сызық бар: Мен келемін, мен
пайғампар – Күн ұлы» - деді емес пе? Күні бүгін қазақтар өзінен үлкендерді; «Пайғампар –
пейілді, пайғампар – ниетті, пайғампар – көңілді, пайғампар жастағы» - деп сыйлап,
құрметтеп, сөз тәмсілі етеді. Хазреті Хасан Басри қағбаны тәу етіп жүріп, жүк арқалаған бір
жас жігітті көріпті. -Не үшін жүгіңмен бірге тәу етіп жүрсің? - деп сұрапты. Арқалап
жүргенім жүк емес, әкем. Қасиетті қағбаға әкемді жетінші рет арқалап әкелдім. Өйткені
ол менің бойыма имандылық нұрын септі. Мені исламның көркем мінезімен тәрбиеледі, - деп
жауап беріпті. Сонда хазрет: -Әкеңді осылай қияметке дейін арқалап жүрсең де, бір рет
ренжітсең, бұл жақсылықтарыңның барлығы босқа кетеді. Егер әкеңді бір рет қуантсаң,
осыншама қызметтің сауабына жолығасың, - деген екен.
Қасиетті де, киелі, ардақты да, айбарлы – Қазақ Ана – отбасының берекесі, бірлік пен
ынтымақтың ұйтқысы болумен қатар қоғамда үйлесімділік пен қарым-қатынас
жарасымдылығының негізгі тірегі болған. Сондықтан, Ана – ұлттың ұлт болып
қалыптасуына, сақталуына, дамуына тура ықпал етуші – қоғам мүшесі. Ол – ата салттың,
отбасы тәрбие дәстүрінің сақтаушысы, таратушысы, жаршысы, әулет мектебінің тең
дәрежелі - бас ұстазы. Қазақ халқының күллі өнері мен мәдениетінің – падишасы, төл иесі.
Қазақтың күрсескерлік, жауынгерлік, ерлік дәстүрлерінің нағыз майталманы, бірегей
пайғампары. Ана үйдің шырағы, әке үйдің пырағы. «Ана – сая болар бағың болса, әке – асқар
тауың» дейді қазақтар. Отбасының алтын қазығы – Ана. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі
ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың
– қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, Ананың
мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана мен әкенің тәрбиедегі орны туралы
түсінік қазақ халқында ерте қалыптасқан әрі ауқымды-ақ. Ата-ананың борышын орындауда
қазаққа тигізген мұсылман өркениетінің ықпалы орасан зор болған. Адам бойындағы асыл
қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтінен жаралып, күннің нұр шапағынан нәр алып, бүр
жаратынын атам қазақ ерте заманнан-ақ білген ғой. Алаш баласының ананы айрықша
ардақтап, есімін асқақ ұстайтыны да содан болу керек. Шынында да ел бастаған көсем де,
топты жарған шешен де, аузын айға білеген ақын, семсерін көкке суарған батыр да, ой кенін
қазған ғалым да, әлемді аузына қаратқан дарын да анадан туған. Туған халқының атақ
данқын дәуірлетіп, дүйім дүниеге танытатын аналар емес пе? Иә, олар қазақтың алтын
құрсақты, абзал жанды аналары! Атам қазақ осындай аналарды арман етті және сенімді
түрде өмірге дайындады. Олардың арман мұраты тамаша табыспен орындалып отырған. Сол
бір еңбек пен тәрбие негізінде олар өмірге келді және олардың есімі, өнегесі, ғибратты
ғұмыры тарихта қалды. Тіпті Аллаһ тағаланың өзі әз-ананы ерекше жаратты. Аллаһ ананы
барлық жақсылық атаулыны жұдырықтай жүрегіне сыйдырып, жан дүниесі тек мейірімнен
суарылған, жан-жағына күннің көзі сияқты нұр-шуақ сеуіп тұратын, көп қырлы жахут
гауһардай етіп жаратты. Сұлудың сұлуы, әсемнің әсемі, асылдың асылы – Ана ғана. Онымен
теңдесер жаратылыс жоқ! Ананың алдындағы перзенттік парыздың өтелмейтіні рас. Бірақ
өтеу үшін жаныңды да аяма! «Жұмақтың кілті анаңның табанының астында жатыр» деген
36
35.
ұлағатты сөз бар, қазақта. Ананы, барыңды салып бас иіп, алақаныңа салып аяласаң,айтқанын орындап, құрметтеп құлдық ұрсаң, кілтке қолын жетіп қалуы мүмкін. Үмітіңді
үзбе, тырысып бақ! Пайғампарымыз (с. ғ. с.)дың өсиетін әсте есіңнен шығарма. Аллаһ Елшісі
(с.ғ.с.): «бала дүниенің хош иісі» - деген. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне мұсылмандық
әдептің орнығуы, біздің дәстүрлі әдептеріміз нығаюына, оны өмірде басшылық етіп ділімізге
сіңіруде үлкен әсерін тигізді. Мәселен, Құранда: «Біз адам баласына ата-анаға жақсылық
қылуды нұсқадық», (Ганкабут. с. 8) десе, «Мен Нәбиден (с.ғ.с.): АллаһТағаланың ең жақсы
көретін амалы қандай? - деп сұрадым, Ол(с.ғ.с.): «Уақытылы оқылатын намаз», - деді. Одан кейін ше? Ата-анаға жақсылық істеу. -Ал, Одан кейін ше? -Аллаһ Тағала жолында
арпалысу» (Абдуллаһ ибн Масьуд) - деп айтты. Ата-анаға жақсылық істеу исламда өте
жоғары дәрежеде маңызға ие. Пайғампарымыз (с. ғ. с.): «Аллаһ Тағаланың разылығы атаананың разылығында, ал ашуы ата-ананың ашуында» (Абдуллаһ ибн Омар), - деп көрсеткен.
«Пайғампардан (с.ғ.с.): Я, Расулуллаһ, жақсылықты алдымен кімге істейміз? - деп
сұрағанда. Ол (с.ғ.с.) - «Анаңа!» - деді. Онан кейін ше? –Анаңа! -Ал, онан кейін ше? –Анаңа!
Ал, Онан кейін ше? –Әкеңе! (Әбу Һурайра) - деп, анаңа деген сөзді үш рет, ерекше мән беріп
қайталаған. Ата-анаға жұмсақ сөйлеу, ата-ананың өсіріп жеткізген қарызын қайтару туралы
әдептер хадистерде тым ашық көрсетілген. Егер ата-ананы қадірлемесе тартатын азап,
көретін жамандықтарын да, әдепсіздіктің алдын алу және жою жолдарын да нұсқап берген.
Мысалы ата-анаға жақсылық істегеннің ғұмыр жасын ұзақ етсе, ата-анасын кәдірлемесе,
оның көз жасын төксе, дөң айбат сөз айтса, ата-анаға қарсы келсе, қарттарға қарамай қойса
тым ауыр күнәға жазылып, тозаққа кіретіндігі нақты дәлелдермен ұқтырылады. Айталық,
«Нәби (с.ғ.с.) үш қайтара; «Қор болсын! Қор болсын! Қор болсын! - деген. Маңайындағылар;
«Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.), кім? - деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с.) «Ата-анасы немесе ата-анасының
бірі қартайған шағында (оларға қарамаудан) тозаққа кірген адам». Ұрпақ ата-анаға
борышты екенін түсініп, ағайын туыс, ата-баба намысына, абырой-атағына кір келтірмей
мейлінше оны әспеттеп ардақтау зор міндет, үлкен бақыт. Жақсы бала ата-ананың
аңсаған қуанышы. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың
тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар. Бала ата-анасын қуантарлық іс-істеген кезде
олардың төбесі көкке жеткендей болады. Ата-ана баласына кішкентай кезінен бар
жақсылықты үйіп-төгіп өсіреді. Бала бақыты үшін қолынан келгенін аямайды. Міне, бірінші
кезекте бала ата-ананың осы бір еңбегін жете түсінуі керек. Бала дайын тәрбиені үнсіз
мәжбүрлі игеруші жасық, әлжуаз, талапсыз, керенау жан емес. Ол өсіп жетіліп келе жатқан,
ұшқыр ойлы, терең сезімді, ынталы, дамуға құмар, көруге қырағы, естуге алғыр, жалын атқан
жас болғандықтан тәрбиені саналы игеруге тиіс. Ондай қарым-қабылыт бар балада бар.
Тәрбие біреудің екіншіге сыйға тартар мұрасы да емес, көзсіз қабылдар сүйекке сіңірер уыты
да емес, тәрбиешінің еңбегін ақтар жемісі бар, тәрбиеленушінің арымен ақталар қайырымы
бар, саналы жолмен жас өспірім бойына жұғысқан ырыс, басына қонған бақыт. Сондықтан,
тәрбие мейірімділік алақанында әлпештеніп, жүрек жылуы бесігіне бөленіп, жүрек қылына
тербеліп, рухтан үндестік табатын рухани нәзік құбылыс, жан сезімінің жайдарлану, рахат
табу, адам талғамына сәйкестіктігін көрсететін асыл мұраттың орындалуы. Тәрбие ісінде,
мұрат мақсатың орындалса, одан асқан қуаныш болмайды. «Басына бақ қонатын қазақтың
ұлы құлықты, қызы көрікті келеді» деп неге айтты дейсің. Баланың ата-ананы ардақтап,
өзінің перзенттік қарызын бір сәт естен шығармауы, тіпті олар келмес сапарға аттанған соң
да олардың рухы мен аруағы алдындағы міндетін ұмытпауы – адамгершіліктің белгісі. Бұл –
жас болсын, жасамыс болсын баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы, парызы.
Қазақ: –Ей балам! Сен әуелі ата-анаңды құрметтеп, олардың қас-қабағына қара. Оларды
шын пейілмен сүйе біл, ренжітпе. Атаң қорғаның, анаң қазығың екенін есіңнен шығарма.
«Атаңа не істесең алдыңа сол келеді». Ата-анаңның абыройы үшін күрес. Олардың атына кір
келтірме. Ал, Киікбай шешен: «Ақылым – атам, білімім – бұрыңғы бабам, салтанатым –
сабырым, сүзіп сөйлейтін сөзім. Нан табарым – нарым, жанашырым – анам мен жарым, деген. Тәрбиеде тәрбиеленуші де, тәрбиелеуші де бірдей міндетті, бірдей жауапты болу
керек деген қағида осыдан туындаған. Ата-әже, әке-шеше өз міндетін атқара алатын, бала
37
36.
да тәрбиеленуге келетін, оны саналы түрде бойына сіңіре алатын болуы шарт. Көлгіртәрбие дәру болмайды.
Екінші. Тәрбие нәтижесі ортаға байланысты, орта тәрбиелі болсын. Балапан ұяда
нені көрсе ұшқанда соны алады. Ағаға қарап іні өседі. Алдыңғы арба қайдан жүрсе, соңғы
арба соңынан жүреді. Екі қарттың ортасында бір бала дана болады. Екі баланың жанындағы
бір қарт бала болады. Қатарына қарап бала өседі. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым,
жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» – Абай. Қоршаған ортаға,
адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы,
ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын
қалыптастыру – тәрбиенiң өзегi. Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге
байланысты болады. Иә, қазақтар ұл мен қыз тәрбиесіне тым терең бойлап, олардың жас
ерекшелігі мен табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында ұстап, тәрбиелеу жолын тамаша таңдай
білген. Психолог, С. А. Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: «Адам өзiнiң ерекше
қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам қоршаған ортаға
өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке бас». Сондықтан адамды өзiн
қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға
қарым-қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен
қатынасынан, ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т. б) көрiнедi. Үлгі-өнеге – өте әсерлі
тәрбие әдісі. Бұл әдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез әрі жеңіл
бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ.
Үлгі – бірінші, ол сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде әсер етеді. Үлгі еліктеу үшін
нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс-әрекетке қозғау салады.
«Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа» - деген байырғы Рим ғұламсы Сенека. Бала өміріндегі
тұңғыш жанды өрнек – ата-ана, тәрбиеші, дос-жаран. Үлгінің психологиялық негізі –
еліктеушілік. Осыған орай бала әлеуметтік және инабаттық тәжірибе жинақтайды. Жас
өспірімдер өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік
дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет.
Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға әсер етуші кері
өрнек аяқ астында. Жастар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып, болымсыз
қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару – міндетті шарт. Мезетімен орынды
пайдаланған ұнамды үлгі тәрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жәрдем беретінін
де ескерген жөн. Тәрбие тәрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-әрекетіне,
қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына
тәуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың
бәріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тәрбиешінің беделіне, ол бастаған
істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты. Сонымен, сана қалыптастыру әдістері
тұлғаның ізгілену тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай әдістер түрі: әдептілік
әңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, әдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі
тәрбие әдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, ұстаз таңдаған гуманистік
бағытқа тәуелді. Бұл айтып отырғанымыз, бүгінгі педагогикадағы нұсқаулар. Осыны Фараби
бабамыз былай өрнектеген. «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары
кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды
және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын кажет етеді, осы қауымдағы
адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты
тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ
осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да, бір-біріне көмектесіп жаңа өмір жолында
жасампаз рухани күштердің біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін
тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің
жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады» .
Ата-аналар балаларына тәрбиелі болуды үнемі уағыздайды, теріс қылығын көріп қалса,
ұрысып жекиді, кей жағдайда қол да тигізіп жатады. Іс жүзінде дұрыс үлгі, жақсы өнеге
көрсетуге шамасы жетпей қалады. Ата-ана, ағайын-туыс, ата-әже нағыз тәрбиелі азамат
38
37.
(«жақсы ұл, жақсы қыз») қандай болу керектігін іспен, өнегемен көрсетуі тиіс. «Баланыбұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге» (Ж. Аймауытов).
Үшінші. «Тәлім мен білім кілті – тіл», «Тәрбие басы – тіл», «Үлкеннің тілін алған жас,
сүрініп қабынбайды. Көрініп тұрғандай тіл мен тәрбие егіз. Ұлт қасиеті тілінде. Тілі өлген
ел – тірі өлген ел. Тіл – қай халық үшін өнер, байлық, әдеп, үлгі, өнеге. Ж. Баласағұн (ХІ),
«Кісіге құт – тілден» - деген А. Йүгінеки (ХІІ), «Әдептілік басы – тіл» - деген. Тіл жүйріктен
де озар. Сөз адамның айнасы. Өткір сөз – өлмес ерлік, өшпес мұра. Тіл – жаның, діл – арың.
Тіл айтуға оңай, естуге қиын. Сөз байлығы – тіл байлығы. Тіл байлығы – ой байлығы. Қазақ
қоғамы: серт сөзді, семсер тілді, сегіз қырлы аталы сөзді дәріптеп, оны тек қатынас немесе
тәрбие құралы ғана емес, өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған. Сондай-ақ,
қазақ азаматын марапаттаса, «шенді шекпен жаппайтын, төсіне жылтыратып металл
тақпайтын». Қазақтың марапаты да – сөз, жазасы да – сөз. Сол себепті, әулет мектебінде
негізгі тәрбие құралының міндетін сөз атқарған. Мысалы, ұлықтау, ардақтау, бағалау,
кешірім ету, тағзым ету, көңіл айту, тыйымдық сөздер, ескертпелік сөздер, естірту,
жоқтау, т.б. Тіптен, әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де – «Сөз өнері» болған. Бұл
жағдай, қазақ деген халықтың сөзді тыңдау, сөзге тоқтау, сөзде тұру, сөзді ұғып оны
қадірлей білу дағдысын, оның салихалы әдебіне, ерекше қасиетіне, өзгеше мінезіне.
айналдыра алған. Қазақ сөзбен адам жанын да, тәнін де емдеген. Қазақ тілмен азамат,
тұлға тәрбиелеген. Қазақтың тілі – қылыш, сөзі – сойыл. Тәрбиелеу қазақ ілімінің басты
қағидасы – ұлттық тілді жете меңгертіп, сол арқылы тәрбиеле!
Төртінші. Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – осы заманғы оқыту және тәрбие
беру жүйесіндегі негізгі принциптерінің бірі. Ал, қазақ ілімінде: тәрбие ісін әр баланың жеке
бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады
екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаға үміт
арту – әкенің парызы, ақтау – баланың қарызы» деп ой түйіндеген. Адамтану қазақ ілімінде
баланың даму ерекшелігі өте дәл, әрі өте қызықты сараланған. Мысалы; нәрестенің кіндігі
түскенге дейін; қырқына дейін; тұсауын қиғанға дейін: жетіге дейін; ұл және қыз жасы;
бозбала, бойжеткен жасы: күйеу жігіт, қалыңдық (жар болар жасы) кезеңі т. с. с. Ал, мұның
өзін еңбекке араласуына сай: қозы жас, қой жас, жылқышы жас т.б.), нәресте, сәби,
балдырған, жас ұлан, жеткіншек деп, баланың ақыл-ой, денесінің дамуына сай жіктеп
қарастырады. Міне, осы жас кезеңдерінің жеке өзгешеліктерімен санасып тәрбиелеу
қағидаларын қалыптастырған. Мысалы, «Алтыға дейін атаң ды(кей өлкеде ауылыңды таны)
таны, жетіге дейін жеріңді таны», «Жетіге дейін жерден таяқ жейсің!», «Балаңа бес
жасқа дейін патшаңдай қара, онбеске (он үшке) дейін қосшыңдай сана, онбестен асқан соң
досыңдай бағала!». Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес
жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі – жас сатылары немесе биологиялық
жетілу шақтары екендігін халық ерте ұққан. Жас ұрпақ тәлім тәрбиесінде, қазақ: «Балаға –
Тоқта! - деген сөзді дер кезінде айтпаса, кейін кеш болады» деген қағида ұстанған. Басқаша
айтқанда: «Балапан басында, тұрымтай тұсында» демекші, әр нәрсе дер кезінде әсерлі,
ықпалды болмақ. Уақыт барлық құбылысқа есепші әрі сарапшы. Балаға берілуге тиісті тәлімтәрбие, білік-дағды оның жас шағында іргесі қаланбаса, негізі қалыптаспаса, уақыт өткен
соң, қисық ағаштай қыңырлық көрсетуі мүмкін. Сондықтан, мына қағида өмірге келген.
«Жастай берілген тәрбие, жас шыбықты игендей». Баланы уыстан шығарып алып, опық
жеудің өзі қайғы. Айталық, бес жас ойын баласының жасы екені рас. Алайда, жеті жасқа
келсе де, ойын баласының ортасында, тайраңдап жүрген ұланға: «Қойсайшы-ей,
...жарбақтамай, балдырған емессің ғой!» - деу арқылы оларды тия қоятын. Қазақ баласының
өсіп даму әр кезеңінде оларға арнап жасалатын жол-жора, рәсім тәмсілдер бар. Айталық
«Алтыға дейін атаңды таны» деген болғандықтан қазақ баласы бұл міндетін қайткен күнде
атқаруға тиіс. Жетіге дейін жеріңді таны дегендіктен қазақ баласы жерін тану дағдысын
игеруі парыз. Ата-анасы сол баланың міндетін атқаруына басшы болуы керек, әрі мүмкіндік
жасауы қажет. Өмірлік білім беру, тәрбиелеу дегеніміздің өзі – нағызында осы! Ал, ағайын,
балаңыздың осы міндеттері орындалып па еді? Еске түсіріп қойғаныңыз жөн ақ. Бұлай
39
38.
деуімнің екінші ұшы, баланы – адам ретінде құрметтеп қадыр тұтудың, олармен тіл табысыптүсінісудің басты шарты осы ғұрыптарды атқару болып табылады. Мысалы, атқа мінгізу,
тоқым қағу, сүндетке отырғызу, тырнақалдысын белгілеу, тілашарын атап өту т.б.
«Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол –
кез-келген нәрседе үлгіні қажет етеді. Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары да жоқ»
(Ғ.Мұстафин).
Қазақ халқы өте балажан халық. «Артымда қарайып ұрпағым қалсын, шаңырағымда
шырақ жансын, ошақтың оты сөнбесін» деп ұрпақ жалғастығына зор мән берген, баланың
азамат болу жолында күш-қайратын аямаған. «Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге»
деп ұл-қыздарының өнегелі де, ұятты, тәрбиелі де текті болуына ерекше назар аударып, әрбір
ата-ана бұл жауапкершілікті өздерінің міндеті деп санаған. Сондықтан да олар, тәрбиелеудің
ұлттық қағидаларын тамаша меңгерген-ді. Ол үшін үнемі ғибрат алған, ізденіп үйренген.
Осының нәтижесінде әке мен шеше, әже мен ата отбасының жүрегі, бас ұстаздар саналған.
Олардың түсінігі негізінде мынандай қағидалар да қалыптасқан. Бұлардың кейбірі бүгінгі
педагогикаға сәйкес келмеуі мүмкін. Бірақ қазақ әулет мектебінде, оқыту тәрбиелеу ісінде
бұларды ұстанғаны рас, басшылық еткені шын, қазірде, қолданыста екені анық
болғандықтан, арнайы атап көрсетілді. Ұлттық тәрбиенің негізгі мұраты «сегіз қырлы, бір
сырлы» қазақ азаматын дайындау; адамгершілігі, кісілігі мол, өнер білімді, шаруаға епті, іске
шебер шаңырақ иесін, құт береке дарытқан салиқалы отанасын дайындау екені анық.
Сондығы болар, құт ұғымы қазақта тәрбиелік қағида ретінде қалыптасқан.
Халықтық әдет–ғұрыптарда: а) Құтты үлкеннен бата алу, ата қонысын әулиедей көріп
қастерлеу адамның басына қонатын «Бақыт Құсы» немесе Қыдыр деген рәсіммен бекіді; ә)
отбасының, мал–жанның өсіп–өнуі, абырой–беделдің жоғарылауы басқа қонған Құтпен
байланыстырылды. Содан әулеттің, шаңырақтың берекесін ұстап тұрған қарапайым адамдар
(аналар, әйелдер) бүкіл тайпаның, халықтың Құтына айналған тұлғалар болады деген ырым
орнықты. Тіпті ата–бабаларға қонған Құт оның ұрпақтарынатарына көшетініне, содан
аруақты сыйлау, ата–баба өсиетін қатаң ұстану дәстүрі күш алатынына кәміл сенушілік
туды. Құт ұғымына қарама–қарсы түсініктер, ырым–нанымдар – апат, сор, жұт, аштық,
жоқшылық, құлдық, қорлық, бейнет жағымды нәрсенің құлдырауын, кері кетуін білдірді.
Құтқа деген дәмеден қалың жұрттың басынан бағы тайған кезде, жаңа заманды аңсау сарыны
да жан–жақты көрініс тапты, жаманнан жирену, үмітке ұмтылу құлшынысы білінеді.
Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді.
Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның,
үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, сөзінің үніне
бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы. Діни ұғым бойынша жетесіз баланы «бисмилласыз»
жаралған деп түсіндіреді. Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа
түсуі. Бала әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін,
табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің
суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы. Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның
ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез
ерекшеліктерінің орны ерекше. Имандылық негізінде кезігетін «Төрт ана» туралы ұғым, соның бір
нұсқасы болмақ. Ол, Пайғампарымыз (с.ғ.с)-дың атында айтылатын тәмсіл еді. «Тәңірі Тағала
жаратқан табиғатта төрт түрлі нәрсенің – төрт түрлі анасы бар. Бірінші – ауруға қарсы
жасалатын ем-домның анасы. Екінші – кішіпейіл адамның ажарын аша түсетін әдемі әдептің
анасы. Үшінші – жаныңа жарық беріп, ақылыңды арттыратын құлшылықтың анасы.
Төртінші – адамды алаңдатып, кісінің көңілін Құдайдан үнемі бұрып тұратын түпсіз армантілектің анасы болады Олар: біріншісі – денеңе жабысса, жүйкеңді жұқартып, көңіліңді су
сепкендей басып тұратын аурудың – Анасы. Ол – денеге дарыған кез-келген дертті
ауыздықтап айла табудың тәсілі – тамақты тартынып жеп, асты өлшемге түсіру. Сонда ғана
дымыңды құртып бітетін дертіңе дауа болатын амал табасың. Екіншісі - қоғамдағы қарымқатынасты түзеп, кісіні көрікті етіп көрсететін әдемі әдептің –Анасы. Адам абыройын
арттырып, кісі қадірін келтіретін қасиет – аз сөйлеп, көп тыңдау. Үшіншісі – жан сарайыңды
жаңалап, кез келген ортада яғни, тұрмысында Құранды қолданып өлшеулі өміріне дінді
40
39.
демеу қылмайтын пенденің бәрі үнемі ана дүниенің бар қызығынан құр қалғандай, одан басқажұрттың бәрі шалқып жүргендей көңілі алаңдап, уайымдап жүреді. Бұл желік адамның
салиқалы ой ойлап, парасатты пікір түюіне мұрша бермейді. Бұл желікті жоюдың жеңіл
жолы – жоққа сабыр, барға қанағат етіп, Тәңірге тәуекел етіп, рухани өмір сүру ғана.
Оларға іш тартпау, ыңғайына иілмеу. Төртіншісі адамды алдап, көңілін арбап тұратын ана
баласының тәрбиелі де әдепті болуын қалайды. Алайда барлығымыз сол тілекке жете
бермейміз. Себебі біз өз тілімізбен балаларға бірдеме айтқан боламыз. Бірақ, олар түсінбейді.
Басқаша айтқанда біздің кеңесіміз балалардың жүрегіне жетіп, жан сезімін толқытып, ойын
баулап алатындай болмайды немесе бала тілімен сөйлей алмаймыз.
«Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген қағиданы алайық. Бала жасының
ерекшелігін есепке алып, ақыл-кеңес беретін кезінде айтып, дағды игерілетін жерінде
көрсетіп, жаман оғаш қылығын «көрмей, елемей, байқамай» қалып, үлкен жүрек, кең пейіл
көрсетудің орнына үнемі жол сілтеп, жоба көрсеткеннің жөні осы екен деп уағыз айтып баскөзге шұқылап, баланы мүлдем жалықтырып жіберетін ата-аналар аз емес. Бұл қағиданы
қай-қайсысымыз ескере бермейтініміз өкінішті-ақ. Баланың ойы ұшқыр, қайрат–жігері
жеткілікті, талап-тілегі жоғары болғанымен тәжірибесі аздау. Ал, өмір тәжірибесі әрекетпен,
еңбекпен, тура бетпе-бет келгенде, оның қиындығын жеңіп, асуын асқанда ғана жиналмақ.
Үнемі біреудің жетегінде жүрген, өз басында еркіндік, билік, шешім жоқ болса ондай жан
ешуақытта тәжірибе жинақтамас еді. Сондықтан баланың кей нәрсені, кей сұрақты, кей
мәселені өз бетімен шешуін, тәжірибе жинақтауына мұрсат берген абзал. «Балаңды бес
жасқа дейін патшаңдай қара, он бес (он үш) жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан
асқан соң досыңдай бағала» деген қағиданың маңызы зор. Баланы асырап күтудің ең ауыр
кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім. Бала бес жасқа толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке
отырғызып, еңбекке араластыруға дайындайды. Бала қызығының негізгі рәсімдері осы шақта
атқарылады. Жалпы алғашқы мүшел балаға адамдық негіз, мінез-құлықтық әдет-дағды
қалыптасар кезеңі болғандықтан оның даму әр сатысын қазақтар жіті бақылап, терең талдап,
мұқият бақылап отырған. Әр басқышын аттаған нәрестелердің жеткен жетістігін, асқан
асуын «тойлап» атап өтіп отырған. Беске толған соң, «боқ-сідіктен арылып, қол-аяғын тауып,
адам болған деген осы», - деп, шүкірлік ететін. Енді өздігінен киініп, тамағын алып ішіп жеп,
төсек орнын салып, жинап, дұрыс жатып, дем алып, уақытылы тұрып, ел қатарлы тірлікке
араласатын қабылет игерткен. Егер, бала бұл дәрежеге жетпесе, жеткізбеген әке-шешені
кінәлап, «бет алды өбектедің» - деп жазғыратын. Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне,
денінің сау, денесінің ширақ болуына, ақыл-ойының ұшқыр болуына ата-анасы, ағайынтуысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап, мұқият қарайды. Солай етуге ата-анасы ғана емес,
тайпалы ел, ауыл-аймағы міндетті болған. Бұл бұлжымас ғұрып. Сондықтан, қазақ баласы
тірі жетім, тұлдыр жетім, тастанды аталмаған. «Жетім» деп атаудың өзі қорлаумен тең
болған-ды. Бес жастан кейін ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге жүктеледі. Әке көрген оқ
жонуы, шеше көрген тон пішуі шарт. Қыз бен ұл әке-шешенің көлеңкесіндей, жанында
болуы міндет еді. 5-10 жасқа дейінгі бала әке-шеше назарынан тыс қалуға бірде-бір жағдаят
болмауға тиіс. Оларды әке-шешесі қосшысындай бағалауы тиіс. Ал, он бестен асқан соң
олардың «дос» болуы абзал. Солай болған да еді. «Алтыға дейін атаңды таны, жетіге дейін
жеріңді таны» деген қағида ұлттық тәрбиенің шынбайлы ережесінің бірі еді. Осы жаста бала,
өзінің, кіндік қаны тамған жерін біліп (барып аулауға міндетті), әке-шеше, ата-баба туып
өскен жер, өлкесін тануға тиісті болған. Ата-бабасының жайлауы мен қыстағын, зиратын,
мекендеген жерлерін аралауға мүмкіндік туғызған. Ағайын туыстарының кімдер екенін,
олардың қайда тұрып, нендей кәсіппен шұғылданатынын, ру-тайпасының арғы тегін,
олардың таңба ұранын білу, малға салатын ен, басатын таңбасын ажырату осы жастағы
балаларға міндеттелген.
Нағашы жұртын да білуге тиісті болған. Қазақтар отбасының рулық құрамын байқасақ,
нағашысына рулас қызға үйлену, тұрмысқа шығу өткен дәуірде көп болған. Оның себебі
жастар ең әуелі нағашысымен танысатын, оның жегжатқа қатынасуы содан
басталатындығында. Қазақта «әкесі мен баласы бажа болу» осыны дәлелдейді. Өмірмен,
41
40.
айналасымен танысып білуге, мына таудың аржағында, анау өзеннің арғы бетінде кімдертұратынын, не барын танып білу 6-7 жас сәбилеріне тән болғандықтан ата-әжелер оларды
ертіп қысқа сапарға шығатын, ел аралайтын болған. Той-думанда, мереке салтанатқа
қатыстырып, өнер білімге құштарлығын арттырып, қызығушылығын оятатын. Балалар
қуанышында ойналатын күллі ойын-сауықтар тек балаларға арналатын.
Жас өспірімнің тума талантының не екенін білу үшін, бейімділігін пайымдау үшін, атаәжесі, әке-шешесі, білгір-тәуіп, сыншы-әулиелерге ертіп апарып, келешегіне болжам
жасататын болған. Қазақтың адамтанушылары бала келешегін жан-жақты (алақан сызығы,
маңдай әжім бедері, табан сызық сұлбасы, құлақ күнқағар тамыры, саусақ тұяқтары, мең мен
түйме, үн мен дыбыс, саусақ, аяқ, мойын, шаш бітімі, түр түсін т.б.) бақылап өте дәл айтатын
болды. Қытайлардың бала алдында зат қою ғұрпына ұқсас іс-әрекет қазақта да болған. Ал,
ұлды тану нағашысын білуден басталған. Қызды білу шешесін танудан бастау алған».
Жігіттің жақсы болуы нағашысынан», «Шешесін көріп қызын ал» деген нақылдар осының
айғағы. Балаларды бұл жасында атақты адамдарға апарып аузына түкіртетін. Ұста, зергер,
құсбегі, атбегі қатарлы өнерлі адамдарға апарып шәкірт болдыратын. Бейімділігі мен
ептілігін байқап көріп, алғашқы қадамын бажайлап, бетін ашатын, талпыныстағы тұсауын
қиятын. Ұлттық тәрбиеде: «Өзімізді-өзіміз тәрбиелейміз» - деген қағида бар. Онда: «бек ұл,
пәк қыз», «айдарлы ұл, тұлымды қыз», «иманды ұл, ибалы қыз», «айбарлы ұл, ақылды қыз»,
«батыр ұл, батыл қыз», «ісмер ұл, істі қыз», «ер жігіт, есті қыз», «шешен жігіт, ақын қыз»
«өрелі жігіт, өнерлі қыз», «Қазақ жігіт, Қазақ қыз», «ұлықты ұл, қылықты қыз», «аяулы
азамат, асыл жар», «Намысты ұл, өрелі қыз», «Ақылды жігіт, арлы қыз», т.б. қатарлы ұл,
қыздарды өздері тәрбиелеп келгендігін, орысты, қытайды және де арабты әкеліп немесе
оларға апарып тәрбиелетпегені көрсетілген. Бұл қағиданың екінші мағынасы: бала тәрбиесі,
жеке дара отбасының міндеті емес әулет, ауыл, ру, тайпаның барлық мүшесіне ортақ міндет,
парыз екенін көрсетеді. Сондай-ақ, бір әулеттің өзінде бала неғұрлым көп болса, тәрбие
татымды болатындығын анғартады. «Өзімізді-өзіміз тәрбиелейміз» - дегені, ағасы-інісін,
әпекесі-сіңлісін, үлкені кішісін тәрбиелей алады деген сенім еді. Осы негізде, көп балалы
отбасын, ананы ардақтау салты өмірге келген («Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар,
екі баласы бардың арты бар да, алды бар, үш баласы бардың – Орынборда жұрты бар, төрт
баласы бардың – Қарғалыда құты бар, бес баласы бардың – Қазанда қазынасы бар, алты
баласы бардың – Мекержада малы бар!», «Алты ұл тапқан ананы, ханым десе болады, жеті
құрсақ көтерген ананы жаным десе болады», «Мал таппайтын еркек болмайды, құрарын айт,
бала таппайтын әйел болмайды, тұрарын айт» дейді халық. «Жақсы ұл тапқан ананы жаным
десе болмай ма, алты ұл тапқан ананы ханым десе болмай ма» деп ананың сол ауыр да
ардақты үлесін бағалай білгендікті аңғартады. Сондықтан, «атасыз жетім – жарты жетім,
анасыз жетім - бүтін жетім», - деген). «Бала тәрбиесі – баршаның ісі» - деген қазақ тәрбиелеу
қағидасы осы негізде өмірге келіп, тұрақтанған. Осы күнде, бала өзін-өзі тәрбиелейді немесе
өмірге келісімен отбасы, балабақша тәрбиелейді, олардың тәрбиелік үрдісін тереңдетіп не
олардың жіберген қателіктерін жойып, мектеп қайта тәрбиелейді деген ұғым қалыптасқан.
Қоршаған орта мен қауым осы шақта көмекке келу керек деген ұстаным айқын басымдылық
алған. Бұл жағдай, қазақ қауымында бүгіндері жүріліп жатқан тәрбиелік амал-тәсілдерінің,
іс-әрекеттер мен шаралардың ауқымынан анық аңғарылады. Олардың ортақ уәжі: «Отбасы –
шағын мемлекет дейтін болсақ, әрбір отбасы құралып қоғамды, сол арқылы іргесі берік елдің
негізін құрайды. Иманды, ұлтжанды отбасыларынан құралған қоғам сыртқы күштердің
бүйірден келіп тиген соққысына болсын, іштен құрту пиғылындағы жымысқы әрекеттеріне
болсын төтеп бере алатын күшке ие болады». Иә, сөз жоқ, орынды пікір! Бірақ, жаттанды ой!
Бүгінгі, қазақ қоғамы – иманды, ұлтжанды отбасынан құралып тұрған жоқ қой. Бұрындары
бір отбасындағы тәрбиесіздік бір рулы елдің сүйегіне түскен таңба болған. Жеке жүріп адам
өмір сүре алмасы белгілі. Бақытты, бейбіт елде өмір сүруді қалаған жан өз отбасының
тәрбиесіне, әсіресе ұрпағының имани тәрбиесіне көңіл бөлетіні анық. «Иманды бол» деп
үлкендер бата беріп жатады. Бірақ сол имандылықтың жолын үлкендер жастарға, ата-ана
балаларына көрсете алып отыр ма? Мүлдем жоқ демесең де, күмілжіп қалатынымыз рас.
42
41.
Әулет мектебінде тәрбиенің екі түрі өте басым болған. Ол, әуелі – имандылық, екіншісі –әдептілік. Бүгінгі күнде от басында болсын, мектепте болсын, қоғамдық орындарда болсын
жетпей тұрған, тіптен ескерілмей қалған осы екі тәрбие. Оның себебі, тәрбиелеуді
«тәрбиелеу туралы білім берумен» ауыстырғандықтан болған. Имандылық пен әдептілік
дағды – машық игерту арқылы бойға қонады. Жұрттың бәрі білетін, «қызға қырық үйден,
ұлға отыз үйден тиым» - деген тәрбиелеу ұлттық жолы бар. Бүгінгі күндері осы «қырық-отыз
үйлерің» қайда?, нелер?, кімдер? Олар тыйым қоя алып жүр ме? Ойлану керек-ақ!
Қазақтың тәлім-тәрбие үрдісіндегі ең қызықты қағида – тәрбие біртұтастығы туралы
ұғым. Ол бойынша адамда бір ғана тәрбие бар. Адам не тәрбиелі болады, не тәрбиесіз болып
өседі. Тәрбиелі адамды жақсы (көргенді) кісі, тәрбиесіз адамды жаман (көргенсіз) дейді.
Орташа, нашарлау, тәуір тәрбиелі адам немесе социалистік педагогикадағы тәрізді адамды
саяси тәірбие, дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбие т.б. (осылай жіктегенде бір адамда 18-20 түрлі
тәрбие болатын сияқты!) деп шашыратпаған. Алайда сезімдер мен түйсіктерді, ақыл-ой
зерделігін, парасаттылық дәрежесін, адамдық асыл қасиеттерді ажырата білген. Баулу мен
жаттықтыру жолына, құралына негіздеп еңбекке баулу, дене шынықтыру, табиғатты аялау,
ақыл-ой, зердесін ашу әрекеттерін кең көлемде жүргізіп, жан-жақты қарастырған.
Біртұтастық қағида бойынша тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай келген, орынды амалтәсілдермен жүргізілген қандай да бір, тәлім-тәрбиелік іс-әрекет жас ұрпақ бойына барлық
қасиетті бірдей сіңіре алады. Мәселен, ойын ойнатсаң да отаншыл сезімін оята аласың, өнер
үйретсең де адамгершілік асыл қасиетке қол жеткізесің, жыр жаттатсаң да ақыл-ойын дамыта
аласың дейді. Тек, қазақ тілі арқылы да тұлға қалыптастыруға болады екен. Сондықтан да
қазақ атамыз: «Ей, балам! Балаларыңды ата тегін, ел тарихын, шежіресін білетін, елін
қадірлейтін елжанды, ұлтын сүйетін ұлтжанды, туған жерін қадірлейтін жержанды етіп
шығар» деген өсиет қалдырған. Осы өсиет орындалса, олар жан басынан табылса,
адамгершіліктің басқа қасиеттері, әрқашан, оларда қалыптасқан деп сенуге болады. Қазақ
қатты айтсаса да, жақсы айтатын халық. Әкемін деп қайтесің, тіліңді ұлың алмаса, адаммын
деп қайтесің, жүректе жылу болмаса. Ақылды ұрпақ өсірсең алып шығар құлдықтан,
ақылсыз ұрпақ өсірсең, булыққаның булыққан!
§ 1.4 Әулет мектебінің әлеуметтік пәндері
Әулет мектебінде оқытылатын пәндердің ішінде «Сөз өнері» ерекше дараланатын, әрі жанжақты дамып, кемелденген. Себебі, бұл пән адамғұмыры бойында оқытылатын, тілі шыққан сәбиден
бастап қарттарға дейін қатысатын, ұстаз бен шәкірт жасына шек қойылмайтын, аралас
тыңдаушылары бар, ұстаздары да әрқилы сабақ. Әр қазақ бұл пәнді игерту үшін әулет мектебінде әрі
ұстаз, әрі шәкірт. Ал, ата-ана, әке-шеше, құрбы-құрдас, құдай-қонақ, құрметті жолаушы, ел кезген
диуана, әнші-сері, ақын-жырау, күйші-қобызшы кімде-кім болсын осы пән сабағына қатысып,
ұстаздық етуге міндетті, әрі борышты жауапты болған. А. Сейдімбеков: «Егер ХХ ғасыр
табалдырығын аттағанға дейін қазақ халқына ең мол рухани жұбаныш болған өнер түрлері
қайсы?! - деген сұрақ қойылар болса, онда алдымен сөз өнері, музыка өнері және қолөнері
тілге оралар еді» - дейді. Осы үш өнерді жас ұрпақ әулет мектебінде оқып үйренген «Өнер
алды – қызыл тіл» деп маржан сөздің қадірін терең түсіне білген халқымыз: «Сөз өнері»
пәнінің оқытылу, үйретілу әдістемесін адамның жас ерекшелігіне үйлестіріп тамаша жасаған.
Мәселен сәбидің аузынан шыққан дыбыстарды икемдеп сөзге келтіру үшін сұрамақ, санамақ,
және таныстыру тақпағын пайдаланса, бұрмаланған сөзбен дыбыстарды түзету үшін
мазақтама, жаңылтпаштарды қолданған. Осы сияқты тіл дамыту, тіл ширатудың көптеген
құралдары мен тетіктерін өмірге енгізген. Балалардың ойлау қабілетін дамытып, зерделеу
дәрежесін көтеру үшін жұмбақтар мен өрнек сөздерді, сөздік ойындар мен әндердің нелерін ойлап
тапқан. Осы пәннің жүйелі әрі үзіліссіз оқытылуы арқасында әділдігі қара қылды қақ жаратын, ердің
құнын екі ауыз сөзбен шешетін майталман шешендер, от ауызды орақ тілді сөз зергерлері, суырыпсалма ақындар қазақтан ғана шыққан. Ал, кәсіби маман сөз зергерлері өсіп жетілуге қажетті, ақындар
мен шешендердің ерекше мектебі де халық арасында болған. Айталық, көне ғасырларда өмiр сүрген
қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрiн, ой-арманы
43
42.
мен тiлек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткенi, жыраулар толғауларынан халықтың небiрнәзiк сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүйiнiшi, келер ұрпаққа айтар өнегелi
өсиетi өзектi орын алған. Яғни, олар халықтың тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұлағатты
ұстаздарының рөлiн атқарды. Қазақтың тәрбие мектебi – ақын-жазушылар мен билердiң
өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-мәтелдерi, тыйым сөздерi мен ұлттық салтдәстүрлерi, әдет-ғұрпы, ішіп жеген ас суы, киген киімі, баспанасы т.б. болғаны баршаға
белгілі. Халықтық осы қағидалар шын мәнiсiнде жас ұрпақ түгiлi, ересек адамдарға да үлкен
әсерiн тигiздi, ұлттың сана-сезiмiн оятты, тәлiмдiк-тәрбиелiк, танымдық мектебiне
айналды. «Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз
өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тәрізді. Бірі – өмір, заман жайын терең толғанатын
шешендік, фәлсафалық, данышпандық мектеп. Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі
атасы Асанқайғы, одан бұл өнер ғасырлар аттап Абайдың қолына тиді. Екіншісі – өлеөлгенше көмейі күмбірлеп жағы талмайтын дария-даңғыл жыраулар мектебі» (М.
Жолдасбеков). Талантты жастарды сөз өнеріне баулитын әдіс-тәсілі, ынталандыру құралы,
олардың еңбегін бағалау жолы бәрі бәрі де қалыптасқан. Талантты жастар сана ілімінен
ешқашан кенже қалған емес, өмірден алар несібесін қашан да ала білген. Шын өнер иесіне
оны қоршап, қолдап, оқытып баулитын орта қазақта қашан да болған-ды. «Сөз өнері» пәнінің
мазмұны тереңдеп, оқытылу амалы жетілуіне оны өткізу, ұйымдастыруына еркіндік,
бостандық қажет болған. Сол себепті әулет мектебінің барлық түрлері, ғұрып-дәстүрлік
рәсімдер толық пайдаланылған. Мысалы, бастаңғы жасау, ұйқы тастау, сірге жинар, төстік
қаптар т.с.с. барлық ұлттық ғұрыптарды атқару іс-әрекеттері «Сөз өнері» пәнімен ұласып,
бірігіп жүргізілген. Сөз бостандығы – сайын далада еркін өскен ер халық, сері халықтың ең
озық жетістігі болған. «Бас кеспек болса да тіл кеспек болмау» себебі осында жатыр. Осы
пәннің оқытылуы нәтижесінде жалпы қарапайым халық мынандай қасиеттерге ие болған:
бір-бірінен көргенін көз жазбай үйреніп, жадында ұстайтын, естігенін лезде жаттап алатын,
өзінің ойын, білгенін біреуге жедел де жеңіл түсіндіре алу, қараңғы түн, ну орман, ақ боран,
құм дауыл сияқты табиғат құбылыстарына тап болғанда өзін-өзі билей алатын, бағытбағдарын дұрыс жобалау т.б. Мысалы, күйді, әнді бір рет тыңдап нотасыз бәз қалпында
қайталап, сол қалпынан ауғысыз орындай алу, сызбалық ешбір құралдарынсыз неше түрлі
ою-өрнектерді симметриялы түрде сызатын, екі адамның сөз қағытпасын, айтысын, өлеңжыр, терме, арнау, толғауын күй-таспа, күйтабақ, бейнетаспасыз, тіптен, жазып хаттамай-ақ,
құймақұлақтар қағып алып, зейінде сақтаған. Кей ұлт өкілдері сияқты 2000-6000 жолдық
жыр өлеңдерін жаттап алып, кез-келген жерінен ауызша айтып беретін қазақтар да көп
болған. Бұл туралы бүгіндері ғылымның жеке саласы дамып, қазақтың ежелден шешіп
қойған амал-тәсілдерін, әдіс-айласын шыт жаңа проблема етіп көтеріп жүр. «Асыл маржан
ару мойнына, алмас қылыш ер қолына» жарасатыны сияқты сөз асылы да өз орнында құнды.
Сөзді орынды қолданып, дұрыс керектене білсек, ол адам жанын балқытып, жүрегін тербеп,
ет жүрегін елжіретер тәрбие құралына айналады. Осыны аңғарған поляк жорналшысы А.
Янушкеевич: «Қазақтардың ақыл-ой қабылетінің зорлығына барған сайын менің көзім
жетуде. Сөздері қандай жеңіл! Әрқайсысы айтайын деген ісін түсіндіруге де,
қарсыласының дәлеліне тойтарыс беруге де шебер, тіпті, балаларының ақыл-есі де тез
жетіледі» - деп жазды. Әр ұрпақ өкілдері адамдардың бір-бірімен қатар өмір сүріп, жұмыс
істеп, бірге демалып қана қоймай, өндірістің, қоғамдық өмірдің, ғылымның өнердің,
тәрбиенің күрделі мәселелерін бірлесіп шешеді. Өмірлік маңызы бар осы мәселелерді
бірлесіп шешу барысында әр түрлі ұрпақ адамдарының әлеуметтік-психологияық
айырмашылықтарының салдарынан олардың өзара түсінісуіне кедергі жасайтын қиындықтар
аз болмайды. Қоғамның осы тектес маңызды әлеуметтік мүдделерін шешу үшін ғасырлар
бойында қазақ халқы адамгершілік-әдептіліктің тамаша ережелерін қалыптастырған.
Мәселен, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет ету – қазақ әдебі. Мұндай үлгі-өнеге
нұсқалардың қалыптасуына қоғамдық сананың құқықтық пәлсапалық, діни т.б. әсері тым
күшті болған. Біздің арғы тегіміз, түп-тұқиянымыз халық болып қалыптасқанға дейін және
онан кейін де, көптеген наным-сенімдерді жүрегінде сақтап, оларға шын ықыласымен
44
43.
сенген, ден қойған. Ең әуелі көзіне көрінген, қолы жеткен айналасындағы денелер мен жанжануарлардың ерекше түріне, бітім болмысына тәубе еткен еді. Мысалы, Көкқошқар,Ақұсерке сияқты үй жануарларын, үкі, бүркіт, сұңқар тәрізді құстар мен оның жеке
мүшелерін (тұяғы, тұмсығы, қанаты, қауырсыны) қасиет тұтса, жеке өскен ағаш, биік шоқы
тас, төбе, асқар шың, Ай, Күнге табынды. Тәңірге, аруаққа, Аллаһқа сыйынды. Қазақ халқы
тотемдік сенімдерді басынан өткізді, исламды ертеден (VІІІ-ІХ ғ. ғ.) қабылдады. Мұның бәрі
адамзатқа ортақ көптеген үлгі-өнеге, нұсқа, қалыптарды өмірге әкелді. Осыларды жас
ұрпаққа игерту үшін қазақ халқы. «Кісілік кеңес» атты пәнді әулет мектебінде оқытты. Оның
«Адамды сыйлау» деген жалғыз ғана тақырыбын алып көрсек; үлкен мен кішіні сыйлау, ана
мен баланы сыйлау, кемтар мен кемшін, жүргінші жолаушы, жоқшы мен жаушыны сыйлау,
елші мен құрметті қонақты сыйлау, туыс пен бейтанысты сыйлау қатарлы көп салалы екенін
байқаймыз. «Кісілік кеңес» пәнінің қамтыған арнасы да ауқымды. Ең басты екі тарауыимандылық пен әдептіліктың дағды мен машығын игерту болған. Түр сипатына келсеңіз; әке
мен ұлдың, шеше мен қыздың, сыбырласып, күңкілдескен кеңесінен бастап, ауыл
ақсақалдарының ақылдасып, мақұлдасқанына дейін, қаласаңыз, халық болып, ел жұрт болып,
Көктөбенің басында жасаған кеңесіне дейін қамтыған аумақты басқосуларға барып
қосылады. Қазақта жеке отырып та, жаңғыз қалып та, өз жүректерін өздері тыңдап, іштей
толқып сырласатын шақтары да бар. Түрік жұртында бектері мен қағандары, хандары мен
сұлтандары, төрелері мен билері, шешендері мен ақылмандары бас қосып кеңесетін жұмбақ
сырлар мен кеңестер де болған. От басы ошақ қасынан тым алшақтап кете алмағанымен
абысын-ажын, ене-келін, күндес-мұңдас кеңестері, қысыр қеңес, кемпір кеңесті де біздің
қазақ ұмытпайтын. Тіптен, нағашы-жиен, жезде-жеңге, құрбы-құрдас кеңестері мен
сұхбаттарының өзі тәрбиеде ерекше орны бар – «Кісілік кеңес» пәнінің бірер сабақтары
болатын. Біз осылардың ішінен имандылық және әдептілік туралы ақыл кеңесті толығырақ
талдауды жөн көрдік.
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір
қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік,
кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі
ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. «Бұрынғы уақытта - деп жазды Ж. Аймауытов пен
М.Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында, - қазақ елі ұйымшыл, ері
жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен.
Досымен достасып, жаумен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен» дейді. «Адамгершілік» – адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық», «кісілік»
сөздерімен мәндес. Ұлттық тәрбие ілімінде адамның жағымды мінез-құлықтарын осы
ұғымдардан таратады. Мінез-құлық пен қарым-қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге
болады: адамды сыйлау, ар-ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б.
Адамгершілігі ар-ұяты бар адамның бет бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы өзі парасатты
келеді. Ондай адамды халық иманжүзді кісі деп құрметтейді. Қазақ халқының ата-баба
дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ, ұлттық психологиялық салтқа,
халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Халқымыздың түсінігінде иман сөзінің аясында
сенім мағынасымен қатар, барлық асыл қасиеттерді (ұят, ар-намыс, сабырлық, жомарттық,
шыншылдық, адалдық, мейірімділік, кішіпейілділік т.б.) қамтитын түсініктер көрініс тапқан.
Дінге сенуге байланысты бұл ұғым қазақ арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін
беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір
заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері
мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды
адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық
ойлайды, оларға мейір – шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады,
әркімге әдеппен, ізетпен, инабат-тылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет
бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді. Бұрынғы дуалы ауыз аталарымыздың
сөйлеген сөздері мен істеген амалдарынан имандылықтың желі есіп тұратын. «Жастары
иманды елдің – болашағы зор» - деген Ж. Баласағұн. Жас адамды имандылыққа баулу үшін
45
44.
олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік,қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-психологиялық қасиеттерді олардың бойына
сіңіру – әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің, жоғары оқу орындарының
парызы. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен
баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық,
инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде
ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің
кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай
көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың,
имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік
асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін,
әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп
атаған. Адамгершілік пен имандылық. Бұл егіз ұғым адамзат тарихында қатар өмір сүріп
келеді. Өйткені адамдардың өмір сүруінде сенімділік пен турашылдық айрықша маңызға ие.
Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін
беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір
заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері
мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды
адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық
ойлайды, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады,
әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет
бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді. Егер бұл екі сөздің беретін мағынасы іс
жүзіне асса әрбір адам, қоғам, мемлекет баянды, берекелі өмір кешкен болар еді. Мұндай
сипатқа қоғамды, жалпы жұртшылықты ие қылу, әрине оңай шаруа емес. Дегенмен көп
уақыт алса да, бұл сипаттарға қол жеткізуге болады. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен
ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік,
мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал-мүлкінен, дәулетінен иманын
жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының
тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Имандылық қасиеттің сырына
тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен. Ол,
біріншіден, наным-сенім, дін. Имандылық мағынасы иман сөзінен бастау алады. Тілімізде
иман сөзіне қатысты иман жүзді, иманды адам, иманы бар т.б. бірнеше тіркестер бар. Иман
сөзі – « اإليمانәл-Иман» араб тілінде «сенім» деген мағынаны береді. Яғни, иман келтіру, шын
болмысымен сену, илану. Аллаһтың жалғыз екендігіне, оның пайғамбарларына, түсірілген
кітаптарына, ақырет күніне шынайы сенуді білдіреді.
Біз, мұсылман халықтары, көбіне-көп Пайғамбарымыз өмір сүрген заманнан, сол бақыт
ғасырынан үлгі аламыз. Мұсылманшылық келмей тұрып, Араб түбегіндегі бүкіл дүниеде бұл
сөздердің мағынасына аса мән берілмейтін, тіпті қоғам бұл сөздердің беретін мағыналарына
қарсы мағынадағы амал-әрекеттерге толы болатын. Сол кездің өзіңде, әлі Пайғамбарлық
келмей тұрып-ақ Мұхаммед әрбір ісімен жұрттың назарын өзіне аударып, турашылдығы мен
әділдігі және сенімділігі арқылы «тура, дұрыс, сенімді адам» деген бірнеше мағына беретін
«мин» есімін алған болатын. Көпшілік оны «Мұхаммедуләмин» деп атайтын. Ислам діні
қазақ даласына келіп жеткенше де, пайғампарымыздың үлгілі адамгершілігі мен
имандылығы басына қонған, тура да әділ, иман жүзді, сенімді, ру тайпаның, ұлт қауымның
ұлағатты үлгі өнегесі болған абыз-ақын, хан-қаған, батыр-ер, шешен-би, сал-сері, дана ана
мен ата қаншама адамдар өмірден өтті. Солардың қазақ халқына қалдырған асыл рухани
мұрасын исламның имандылық қағидалары мен ұстындарына етене араласып, тонның ішкі
бауындай қабысып тамаша табысқа жеткендігіне тарих куә.
Адамдар қай дініне, қай ұлттан, қандай тектен шықса да Ислам діні олардың бәріне
бірдей қарайды және өмірлерін баянды өткеру үшін белгілі тәртіпке, қағидаларға сүйенеді.
Исламдағы тәртіптің адамзат үшін еш зияны жоқ. Жоғарыда атап өткен сөздердің беретін
мағыналарын адам саналы түрде ұғынып, көңіліне орнықтыру және өмірге енгізуі тиіс.
46
45.
Сенімділіктің беретін мағынасы: аманатты, яғни адамға берілген материалдық және руханиигілікті қорғау, оларға игілік ете алу дегенді білдіреді. Әрине, бұл сипаттың адам бойында
қалыптасуы адамға материалдық және рухани жағынан белгілі бір күштің, қуаттың әсер
етуімен болады. Адам әрдайым бақылауда екеніне, әрбір жасаған ісі үшін жауап беретініне
сенуі тиіс. Біреудің өзіне жасаған жамандығына қиналатыны сияқты, өзінің біреуге қиянат
жасамау керектігі бойына сіңу қажет. Бірақ мұндай әдеп нормаларын зорлықпен қабылдату
да мүмкін емес. Әрбір адамның басына бір күзетші қойсаң да, бар адамды сабаздық пен
сенімділік аясында тұрақты, әрдайым ұстай алмайсың. Әркімнің жауапкершілігі өз
ұжданында ғой!. М. Жұмабаев: «Діни сезімі күшті адам Тәңірдің барлығына, құдіретіне
сеніп, оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға, ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан
безбек». Қайсібір ұлт оқу-тәрбиеде, ұрпақ өсіруде, әдет-ғұрпында дінін сақтайтын болса, сол
ұлттың болашағы да зор болмақ. Ұрпақ өнегелі тәрбиеленетін болса ұлтына деген сенімі
нығая түседі. Адамның іс-әрекетінің, сөзінің тура болуы тек тәрбие арқылы ғана санаға әсер
етіп жүзеге асырылады. Сенім мен турашылдық егіз ұғым. Адамдардың бойында бұл
сипаттарды қалыптастыру сенім, намыс пен иман арқылы жүзеге асады. Көңілінде иманы,
сенімі бар адам жалған сөйлемейді, алдамайды, аманатқа қиянат жасамайды. Иман адамға
өтірік айтқызбайды, өзгені алдап, мал табудан сақтандырады. Тәрбиелі, сенімі бар адам,
Алла тағала мені әруақытта көруде деп ойлайды. Сондықтан жамандық ойламайды, өзгенің
мүлкіне қол сұқпайды, қиянат етпейді. Жұрттың өзін сыйлауы үшін алдымен өзі өзгеге
құрмет етеді. Мұндай имандылықтың жолдары мұсылмандылықтың бес парызын толық
орындау барысында жүзеге асатындығын бүгінде иманжүзді, мол адамгершілік сипатқа ие
болғандар дәлелдеп отыр. Адамның нәпсісі – бойдағы пендеге тән құмарлық сезім. Жалпы
адамның адамгершілік шыңына жетуінің негізгі көрсеткіші мен имандылығының
қалыптасуы – өзінің нәпсісіне ие болуы. Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға
аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес,
жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Иман – қазақ халқының
рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым.
Ата-бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бетболмысының, мінез-құлқының айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай:
Кімде болса шын мінез,
Болмас онда екі сөз.
Өлтірсе де көзбе-көз
Иманын сатып алмас бөз, - дегендегі иман.
Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл
жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса,
«бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де
сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі
имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «имани-гүл»
деп ат береді:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жол осы деп әділетті.
Дәстүрлі қазақ руханиятынан тамыр тартып, нәр алған данышпан тұлғалардың елді
жақсылыққа үндеудегі көптеген ой-пікірлерінің имандылық маңына келіп тоғысатыны
шындық. Кешегі «...біз барлық қайратымызды ел үшін еселеп жұмсайық. Халық түзеуді жол
қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін
имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн
деп есептеген. Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі Мұхтардай даналар ұлт болмысының
дәнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас тартуымызға мүлдем жол жоқ. Екінші,
тірегі – әдет-ғұрпы, салт-санасы. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін
қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі – салтынан, әдет-ғұрпынан қол
47
46.
үзбеген жұрттың, кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым-зерттеушілерді тамсандырғанынбілеміз. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке
сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан-ғайыр жерде
бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды. Рухани тұлғаны
рухани құндылықтар тәрбиелейді. Халықтың танымы мен пайымы қазіргі ұрпақтың
иммунитеті болмағы керек. Мысалы, «Бесік жырының» өзі осы, ана арманы Алладан тілектілеумен ұштасып жатыр. Ана тілі – рухани тәрбие бастауы. Барша құндылықтарды халық
тіл арқылы жеткізеді. Ал қазақ үшін, ана тілі – ең алдымен бесік тербеткен әйелдің тілі. Ал
қазақ әйелі бесікті қандай жырмен тербетті? Бесік жырын қазақ «әлди» дейді. «Әлди» деген
сөз «Алла» деген сөздің өзгерген түрі екенін тілтанушылар әлдеқашан дәлелдеген. Бесікті
Алла атымен тербетуді қазақ әйеліне ешкім үйреткен жоқ. Ол оны өзі ойлап тапты.
Перзентіне имандылықты ана сүтімен сіңіру үшін ойлап тапты. Біздің әжелеріміз бесік
тербеткенде: «Алла деген ар болмас, Алланың жолы тар болмас. Алланы айтқан адамдар
Ақыретте қор болмас», - деп Йасауи хикметтерімен тербететін. Қайырмасында «Лә илаһа
илла алла, Мухаммад Расулалла» деп шаһадат кәлимасын айтып отыратын. Қазақ арасында
ең кең тараған бесік жырлары діни жырлар екен. Бөбегім менің, бал бөпем, Тәңірім болсын
жар, бөпем. Иманды боп өссін деп, Иллалла деп тербетем, – деген бесік жырын да қазақ
әйелі шығарған (А. Әбдірасылқызы).
Міне, осындай басты-басты үш қасиетті берік ұстаған ата-бабалар біздерге, кейінгі
ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә,
келер ұрпақ алдында қарабет те біз болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «атабабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең,
әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен… Екіншісі намысқор келеді
екен», - деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік (Мұхит
Төлегенов).
Иә, атамыз қазақ ежелден мәдениетті, байсалды, ұстамды, әдет-ғұрпы белгілі бір жолға
түскен, ұлттық сана-сезімі бар иманжүзді халық. Сол кездегі жастарымыз үлкеннің алдынан
кесіп өтпейтін, сөзге тоқтайтын, сөз қадірін бағалай білетін иманы жоғары жандар еді.
Соның да нәтижесі болса керек, ел ақсақалдары тәрбиелі бір қызметті бітіргенде немесе бір
қайырымдылық іс жасағанда: «тәңірі жарылқасын», «иманды бол шырағым», «көп жаса»,
«көсегең көгерсін», «жаныңа жамандық бермесін» деп, тілек айтушы еді. Тіпті сәбилердің
ізгілі ниетін көргенде: «Таудай бол!, Молла бол!...» - деуші еді ғой! Абай атамыз айтқандай,
«біздің ақсақалдарымыз – тіл ұстартушылар, қартайса да, қайғы ойласа да, ұйқысы сергек
болса да – ұлы армандар иесі». «Жиғаныңа сенбе – иманыңа сен. Иманды адам – арлы адам.
Имансыз адам – сорлы адам. Үстіңнің кірін – сабын кетіреді, Жаныңның кірін – иман
кетіреді», «Имандылық қастерлі қасиет», «Имандылық – инабаттылық айнасы»,
«Имандылық – ізгілік негізі». Ал халық – қазір сөйлеу тіліміздегі сіңісіп кеткен ұғым
бойынша ұлы педагог, яғни, сан ғасырлық қалыптасқан қазақы ұғым бойынша, «ұлы
тағылым иесі». Өкінішке орай, кеңестік дәуірде тамырын тереңге жайған тоталитарлық
саясаттың үстемдік жүргізуінің салдарынан біз осындай ұлы қасиетімізден айырылып қала
жаздадық. Тіліміздің шеңбері тарылып, дініміз аяққа тапталды. Ұрпақтарымыз мектептерде,
тіпті, отбасында да еуропалық деңгейде тәрбиеленетін болды. «Дін – улы апиын» деп,
халықты оған қарсы қойды. Имандылық иірімдері жойыла бастады. Ал иман – жүректегі нұр,
нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем
мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп
саналған. Адам – Аллаһтың көркем түрде, ерекше махаббатпен жаратқан жаратылысы.
Барлық әлемдердің Раббысы жаратқан мақұлықтарының ішінде адамға ғана ой-сана, ақыл
берді. Сөйлеу қабілетіне ие қылды. «Аллаһ сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе
білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабылетін берді. Әрине
шүкіршілік етерсіңдер» (Нахыл сүресі, 78 аят). Адам – ардақты жаратылыс. «Расында Адам
баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды
жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым
48
47.
артық жараттық» (Исра сүресі, 70 аят). Ардақтылығы сол Аллаһтың бұйрығымен әлемдегібүкіл жаратылыс адамға сәжде қылады (лағнет шайтаннан басқа). «Сол уақытта
періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс
бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды» (Бақара сүресі, 34 аят).
Аллаһтың алдында керемет жоғары дәрежеге ие адамның қасиетсіз, қадірсіз атануы
мүмкін емес. «Атымды адам қойған соң, қайдан надан болайын!» (Абай). Сол дәрежеге
лайық болуы үшін адам өз бойына адами асыл қасиеттерді дарыту керек. Барлық ізгі
қасиеттерді тізбелегенде, «кісілік» деген бірақ ауыз сөзге саяды. Өйткені, бұл сөздің өзі
адамның бүкіл болмысын ашып беретін ұғым. Яғни, адамгершілік адамға ғана тән сипат.
Әрбір ақыл иесі бойындағы адамгершілікті басты ізгі қасиет деп санаса, сол адамгершіліктің
тұғыры имандылық болып саналады. « Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас
күнде көрген өнеге. Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды» (Ж. Аймауытов). Иман
амалдарының бірі – ұялу. Бұл мінез адамды жақсылыққа бастайды, жаман істерден
алыстатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Иманның алпыстан астам тармағы бар, ал
ұят-иманның бір тармағы» деген. Халықта «ұят кімде болса, иман сонда» деген мақал да бар.
Ендеше, сол ұят сөзіне терең зер салып көрелікші. Қазақ балаларын «ұят болады» деген бірақ
сөзбен ұятсыздықтан тиып, имандылыққа тәрбиелеген. Қазірде осы сөздің мәні қалмай бара
жатқан секілді. Ұят болады деген сөзді ұқпайтын жастар бар. Ал, тәрбиелеу ұлтық үрдісінде
– «Ұят арқылы тәрбиелеу» - деген арнаулы жол да бар. Пайғампар(с.ғ.с.): «...инабаттылық
дініміздің (бір) тармағы» болатынын айтып: «Инабаттылық тек ғана игілікке бөлейді» деген. Иба игі қасиеттердің біріне жатады. Тәрбиелеу қазақ ілімінде жас ұрпақты ұят арқылы
тәрбелеу жолы көрсетілген, әрі оны өте ұқыптылықпен жүзеге асырған. «Өлімнен ұят күшті»
деп түсінген халық, «анау мынауды білгенше, жақсы мен жаманды біл ажыратып, немесе
«кінә мен күнәні, сауап пен обалды», «жанашырлық пен қатыгездікті» ойласаңшы бетін
ашып» - деген ғой. Адамның ұяты бетінде, адамгершілілігі – ниетінде дейтін аталарымыз –
ұят деген киелі абыройдан аттамауды ерекше ескерткен. Ұят – ізгіліктің ұясы, инабаттың
ырысы. Ұяты жоқ адам – ұясыз құстай. Есті бала ұяттан қорқады, ессіз бала таяқтан қорқады.
Қыз баланың қимасы мен қымбаты – ұяты мен ибасы. Осы негізде қазақтың биязы, нәзіқ
сұлу арулары, аяулы қыздары өмірге дайындалған жоғарыда айттық. Сондықтан да, ол
қағиданы заң деп түсінген қазақтар қыз тәрбиесіне ерекше мән берді. «Қыз өссе елдің көркі»,
«Қыз жағадағы құндыз», «Қызы бар ауылдың қызығы бар» - деп білген халқымыз, оларды
ерекше сыйлап: «Қыз – қонақ» - деп, төріне отырғызды, мәпелеп бақты, «қыз қылығымен» деп ибалы, инабатты бойжеткен тәрбиелеу ісі сахих хадистерге сүйеніп жүргізілгендіктен
өнегелі болды. Оларға арнап талай қызықтар мен ғұрыптарды, мерейі өссін деп неше түрлі
мерекелерді жасады. Киім-кешегінен тартып, жасауына дейін жабдықтады. Рухани қасиетті
білдіретін «Ұят» (хаййа) сөзінің мағынасы жиіркенішті әрі келеңсіз қылық жасау арқылы
жаман атқа иелендіруден адамдарды сақтандыру болғандықтан, харам етілген күнәлі
істерден бойыңды аулақ салуға үндеу болмақ. Иба игі қасиеттердің біріне жатады әрі адам
негізінен осы сезімнен аттамау үшін ұят істерден қашып керісінше игі істерге ұмтылуы қах.
Пайғампарымыздың(с.ғ.с.) айтқандай: «Иба – жаман амалдарды жасаудан сақтандырады,
осы қасиеттен ада адамдар білгенін істеп, ұятсыздыққа барады». Қазақ ұғымында, иба
қанымызға сінген, ұлттық мінезіміз. Ол ұл қыздың қайсысына болсын ортақ құндылық. Бұл
қасиеттің осындай сипатын мұсылман діні де қуаттайды. Ол бойынша, иба – кейбір адамның
дәлірек айтқанда, Аллаһ Тағаланың сүйген құлына жаратылысы нәсіп еткен кіршіксіз таза
рухани тазалықпен ерекшеленетін белгі. Сондықтан әлгіндей туа біткен қасиеті барлар
күнәлі істен бойын аулақ салып, ұнамсыз қылықтар мен әдеттерге қарсы күресе алады.
Осылай иба имандыға тән игі іс. Ал, Пайғампарымыз (с.ғ.с.): «Иба – иманнан» - деумен қатар
өзі де беті ашылмаған жас қыздай ибалы болған екен. Халқымыз «иманды ұл, ибалы қыз»,
тәрбиелеу барысында, осы белгілері кемшін және жүре бүлінген ұрпағын да, жібек мінезді,
нәзік ибалы, үлбіреген бүлдіршін қатарына қосып алатын пәрмені, амал айласы болған.
Ислам діні де бұл жолдың бар екенін көрсеткен, оған өткен тарих дәлел. Ибалы қыз
тәрбиелеп, асыл аналарды өмірге дайындауда, қазаққа, ислам дінінің тигізген оңды ықпалы
49
48.
зор болған. Сондықтан, неке қию, қыз ұзату, келін түсіру қазақ салты, ежелгі әдет-ғұрыппенұштастыра отырып ислам діні негізінде атқарылған. Ал бозбала, бойжеткен, иманды ұл
ибалы қыз тәрбиелеу ісі өте нәтижелі болды.
Әдептiлiк. Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен
адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының
практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық
астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың
әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды
ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу,
құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, ата
тегіміздің жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу,
қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. «Адамның ең биік жетістігі - адамдық
борышты атқару» (Н.Мандела). «Әдептiлiк – әдемiлiк» дейдi халық. Яғни, әдептiлiк,
iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз. Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар
бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк
салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған. Әдеттер физиологиялық
тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының
тек оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған
алаптарында да пайда болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi
тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: «Қылық ексең
– әдет орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың». Әдет адамның
мiнез-құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасады, - деп,
А.С.Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен. Әдеп
адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бермейді. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше
топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, үлкендер
тiлiн алу, т.б.). Мәдени мiнез-құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап құрметтеу,
дұрыс сөйлеу, т.б.). Гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т. б) еңбек, ақыл-ой әдеттерi.
Атақты ағылшын драматургы В.Шекспир: «Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын
перiште» десе, орыс педагогы К.Д.Ушинский: «Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр
бойы оның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет-борыш, адам өмiр бойы сол борыштың
өсiмiнен азап шегедi» дейдi. Ал, қазақта: «Тіпті күш арқылы жете алмайтын жеңіске әдептің
арқасында жетуге болады. Қайда барса да, құрметпен қарсы алатын адам – әдепті адам», деген аталы сөз бар.
Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне-бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа,
екiншiсi жамандық жаққа тартады Фараби бабамыз, «Бақытқа жол сілтеуінде» былай дейді:
«Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер
осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен
кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам
боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады. Біз мінезқұлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады дейміз. Адамда
қалыптасқан мінез-құлық болмаса, онда ол жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда,
қарама-қарсы мінез құлыққа өз еркімен кешіп кетуі мүмкін. Адамның белгілі бір мінезқұлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез-құлықтан басқа бір
мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе – әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір
әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын. Мінез-құлықтың қалыптасу
жолдары өнерді үйрену жолдары сияқты. Мысалы, жазу өнеріне шебер жазғышқа тән
әрекеттерді сол адамның орындап машықтануы арқылы жетеді. Басқа өнерлердің де келу
жолы дәл осындай. Абзал әрекет жөнінде де істің. жайы осылай сияқты ол адам жақсы мінезқұлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін
мүмкіндіктерді іске асыру қажет. Адамда белгілі бір мінез-құлық қалыптасуы үшін осыған
сай келетін әдеттер берік орын алулары керек». Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани
бет-пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері еді. Фарабидің пікірінше,
50
49.
тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге келмейтін жас болмайды. Тек ретін тауыпүйретуден, баулудан жалықпау керек. «Жаман қылық – ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру
үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек» - дейді ғұлама. Ал, Ж. Баласағұн:
«Ақмаңдайлы ұл-қыз туса алдыңда, Үйіңде өсір бөтен жерде қалдырма. Ұл-қызыңа әдеп
үйрет, білім бер. Қос жалғанды бірдей көріп, күлімдер. Бала өсіргің келсе дана жүректі,
Қатты ұста, үйрет білім ізетті». Адам баласы жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері,
ол, табиғатпен және өзара қарым-қатынас жасады. Осы негізде жалпы адамзаттық және жеке
ұлттық инабаттық қалыптар пайда болып, дамып жетілді «Мораль және этика» деген атаулар
бір мағыналы грек, латын сөзінен шыққан. Философия «моральды» адам жүріс-тұрыс әдебі
туралы қалыптасқан көзқарастар жиынтығы десе «этиканы» оның тоеориясы немесе үлгіөнеге туралы ілім деп түсіндіреді. Бұқара қауым өз қалауымен ешкімнің қысымынсыз,
азаматтық мақсат-мүддеге сай келетін қазаққа ғана тән (біршама қалыбы баршаға ортақ)
әдептілікті, әдеп сақтау жүйесін қалыптастырған. Ал, ұлттық тәрбиенің мәні мен мақсаты;
әдептілік пен әдеп сақтау қазақ жүйесін ұрпақ бойына сіңіру әдіс айласын жолы мен
жосығын, құралы мен тәсілін айқындап беру. Қазақ әдебі, әуел бастан-ақ, наным-сенімдік,
діни әдептермен біте қайнасып, тәрбиелеу мәнін байытып отырған және ұлттық тәрбиенің
тірегіне айналған. Матриархатта пайда болып, тұрақтанған дін, тұңғыш рет өнегелікпарасаттық қалыптарды, наным-сенімдік әдептерді (діни этканы) жасап шығарды. Қазақ
халқы бірнеше наным-сенімді басынан кешіре отырып, ислам дінін қабылдау нәтижесінде
ислами әдепті алға шығарып, дәстүрлі әдебіне тиянақ етті. Пайғампарымыз (с. ғ. с.)
хадисінде: «Ешбір әке баласына көркем әдептен артық сыйлық берген емес» (Тирмизи, 33),
«біреулердің баласына әдеп үйретуі оған әрбір күні садақа бергеннен артық» - дейді (Жәбр
ибн - Сумрадан). Қазақтың әдептік қалыптарын адамның табиғатпен қатынасу негізінде
туып, өмірге келген және адамдар арасындағы қатынасқа сай қалыптасқан деп екіге топтауға
болады. Табиғат және адам қатынас әрекеті негізінде туындаған әдептерді:
- наным-сенім сырлы әлем денелері мен табиғат таңғажайыптарына байланысты
туындаған әдептер;
- үй жануарлары мен қолға ұстаған құс, аң және жәндіктерге қатысты қалыптасқан
әдептер;
- қоршаған ортаны қадір тұту, табиғатты аялауға байланысты әдептер деп
саралаймыз.
Ал адамдар арасындағы қатынастарды реттеу үшін туындаған қазақ әдептерін:
- алашты ардақтау, адамды қадір тұтуға қажетті әдептер;
-кішіні тәрбилеу, жасты жаттықтыруға арналған деп жіктеуге болады.
Қазақ ұғымында: «Бағасы жоқ қазына – алтыннан артық әдеп бар!». «Киім суықтан
сақтайды, әдептілік ұяттан сақтайды», «Әдептілік – әдемілік», «Әдептілік, ар, ұят
адамдықтың белгісі. Тұрпайылық, жат мінез надандықтың белгісі», «Әдепсіз өскен адамнан,
тәртіпті өскен тал артық», «Әдепсіз бала, ауыздықсыз атпен тең. Әдепті бала – арлы бала,
әдепсіз бала – сорлы бала», «Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма!» деген сияқты терең
мағыналы өмірден жасалған түйіндер, қорытындылар бар. «Сіз» деген – әдеп, «Біз» деген –
көмек», «Көргендіде үйренетін әдеп бар. Көргенсізде жиренетін әдет бар», «Мейрімділікті
анадан үйрен. Әдептілікті данадан үйрен», «Әдептің не екенін, әдепсізді көргенде ұғарсың»,
«Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар», «Ардагер аға алдыңда тұрсын, әдепті іні
артыңда тұрсын», «Әдепсіз әйелдің қолында, әдепті қыз өспейді». Осылай жаман әдеттен
жирену, жақсы әдепті үйрену, игеру жолдары сараланумен қатар әдеп сақтау, ар-ұят, намыс
абырой туралы мол мағлұмат береді. Ал игерту әдісіне келсек: сөзбен жетектеп, сүйегіне
сіңіріп, көкейіне құйып ұғындыру. Қазақ түсінігі бойынша, адамдар арасындағы қатынас
негізінде туындаған әдептер адамгершілік деп есептеліп, кісілік қасиеттер оның көрінісі
ретінде ұғынылған. Бір ғана мысал келтірілелік. Ән айту әр қазаққа үлкен қуаныш, тамаша
табыс, терең құрмет. Алайда, аузыңа түскенді, ойыңа келгенді, есіңде қалғанды кез-келген
жерде, жасыңның, жынысыңның ерекшелігіне сай орындамасаң, мұның өзі – әдепсіздік.
Сондай-ақ, төсек, жүк үстінде, есік алдында, керегеге сүйеніп ән орындалмайды. Қазақта
51
50.
ауқаттану, сусын ішу, тамақтану әдебі бар. Осы негізде қонақкәде, сый-сыбаға қатарлығұрыптар мен әдептер қалыптасқан. Айталық, ешкі етін жеген соң суық су ішуге, қоңыр аң
етін жеген соң қымыз ішуге немесе сорпаны сорып, айранды жұтып, көжені сіміріп, сүтті
сораптап ішпейді. Асты алақ-бұлақ жеп, сасқалақтап шайнамайды, тамақты тойымсыз
алмайды, аузынан шыққанша құнығып жемейді. Киімді де, жас мөлшері мен жыныс
ерекшелігіне, дене тұрқына сай киінген. Қызылды-жасыл, әлем-жәлем киім жасқа
жарасымды болғанымен қарттар ақ, қоңыр, қара өңді бір түсті киімдерді тұтынған. Мүның
бәрін айтып отырған себебім, қазақ, сөйлеуде ғана жүйелілікті ұстанып қоймай, іс-қимыл
әрекетте де реттілік пен жүйелілікті ерекше ескерген. Міне, осыларды қалай айтып, қалай
істеп орындауды ұқтыру – қазақ әдебін игерту болмақ. Осы жүйелілік пен реттіліктің
шоғырланған, тұрмыс-салтқа сіңіскен ережелер мен тәмсілдер жиынтығы қазақ әдебі
делінеді. Қазақ тәлім-тәрбиесі дегеніміз – қазақ әдебін жас ұрпаққа игерту амалы, жолжобасы болса; әдептілік жеке бастың оны орындай алу, игеру дәрежесі, кісілік өресі болмақ.
Қандай бір салт пен ғұрып, өзінің әдебі арқылы бекем ғұмыр кеше алады. Ешбір ережеге
симайтын салт та жоқ, ғұрып та жоқ. Әдептің жазылмаған заң түрінде болуына болады, заң
әдепке негізделмей шығарылмайды. Мысалы, «Жеті жарғы» – тұрмыстық-әдептік заң.
Жазылмаған кейбір заңдар, үкіметтен қолдау тапқан, жазылған заңдардан күшті болады
деген қағида да бар. Айталық, шариғат кесімдері, хадис шарифтер әуелі ауызша
таралғанымен, ешбір ереже, заңдардан кем емес. Қазіргі шақта фиқһ үкімі кеңінен жайылып,
асқақтаған мерзімде оның қуаты толыса түсуде.
Имандылықты, әдептілікті, жібек мінезді жас ұрпақ тек арнаулы үлгі-өнеге көру арқылы,
ұзақ уақыт жаттығып, дағдыланып, машықтану арқылы игере алады.
Қазақтар «Адамның күні адаммен» деген қарапайым қағиданы тіршілікте шынайы
басшылық еткен. «Сүйек сүйкеніп, жекжат жұғысып, туыс демесіп» күн көретіндіктен
адамдар бірін-бірі жатсынбай, біріне-бірі арқа сүйеп, өмір сүру қажет екенін ұлы дала
табиғаты, ауа-райы, өмір салты қазақтың сүйегіне сіңіріп ұқтырған екен. Сондықтан да,
туыстық-қандастық жүйені тарата білу, саралай алу, тарихын талдау атам қазақ үшін өмір
талабы болған. Осы негізде әулет мектебінде оқытылатын негізгі пәннің бірі – «Шежіре –
тарих» еді. Бұл пәннің негізгі мақсаты; ата-бабасының кім екенін, олардың кімдермен
достасып, кімдермен жауласып, кімдермен қатар көрші тұрып, қандай қатынас жасап,
байланыста болғанын жас ұрпаққа ұқтыру еді. Өткен өмір – бәрі сабақ. Ұрпақ үшін тарих пен
ата-баба шежіресі өте маңызды оқу. Қазақ әр нәрсенің «арғы тегін», «шыққан тегін» білуге
үлкен мән берген-ді. Көшпелі үшін тұтас нәрсе – құдіретті күш, қастерлі құбылыс, құпиялы
тылсым дүние, әсерлі де әдемі әлем. Осыдан арғы текке деген – Тәңірге, Ұмайға, Жер-Суға
табынушылық (культтық өмір сүру), олардың арақатынасына ритуалдық (ғұрыптық) рәсімсалттар қалыптасты. Көшпелі жер кезіп, ел кезіп жүріп, бұрынғымен бүгінгінің бөгде мен
жаңаның кәрімен жастың, көргенмен ойдағының арақатынасын білуге тәнті болған. Неге?
Өйткені ол дүниені тұтас қабылдаған. Өмірге тура жолды іздеген. Адам болмысында оның
жан дүниесі мен рухының ықпалын жоғары қойған. Адамның қабілет-қасиетін жетілдіруді
ашық арна ретінде қарастырған. Аруақ пен адам рухын тіршіліктің мәңгі, лаулап тұрған қос
қайнар көзіндей қабылдаған. Содан қазақ табиғатпен әр түрлі үндестікте болды. Осыдан
«қазақтың ата-тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы-олардың бақылайтын,
қабылданатын, дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы, бұл болмыспен тамырластығы
уақытты, кеңістікті, адамның ішкі дүниесі, тіршілік етудің басқа да жақтарын, болмыс мәнін,
ар-ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты. Мұның бәрінің нақты өмірде нақты түп
тамыры бар, осыдан келіп басқа ешбір дүние түсінігімен шатыстыруға болмайтын дүниенің
ұлттық образы, дүниетанымы пайда болады». (Т. Әбжанов, Ә. Нысанбаев, 27-6). «Жеті
атасын білмеген жетімдіктің белгісі» дейтін қазақ туыстық барлық бағытын тәптіштеп
түсіндіретін. Төрт құбыласын тең көрген қазақ, жастарға, өз жұртын, нағашы жұртын,
жиендерін, өз ұрпақтарын толық білдіру үшін тамаша әдіс ойлап тапқан. Мысалы, адамның
төс сүйегінен бастап, санағанда қолұшына дейін 7 буын болады. Осы жеті буынды әр атаға
сәйкестіріп: иық буыны – әке; шынтақ буын – ата; білезік буынын – баба; алақан буын – ұлы
52
51.
ата; саусақ буын –ұлы баба (еліката); саусақ орта буынын – әзата (құланат), саусақ ұшыбуыны – әз баба (жуажат) кімдер болғанын, оны төрт жаққа таратып айтатын болған.
Осы күнгі аға буын, жас буын деу содан ұласқан (Қазіргі этнографтар баланы атаға
жатқызып жүр. Ол жансақтық). Түп-тұқиянына дейін жатқа білетін қазақ атамыз, тегін
таратқанда, олар кімдер болғанын ғана айтпаған. Әкесі ұлына кеудесін нүсқап; бұл – сен, оң
қолын – өз жұртын, сол қолың – нағашы жұртың, сондықтан, әр буынға бір ата сәйкес
келеді, баяндай бер дейтін. Баласына ата-бабасын айтып қана қоймай, олар қайда
қоныстанғанын, нендей өнері, даңқы, атағы болғанын, дәулеті қалай болғанын, тіпті, немен
шұғылданып, руына несімен қадірлі болғанын айтып беретін және қайырып айтқызатын.
Бұлардың шаңырағы қазір қайда, кімдер басып отыр, олардан тараған ұл мен қыздар
кімдер, олардың алдында – сенің міндетің, борышың қандай?» - дегенді де айтатынды. Әке
айтқандарын, бала жадында жаңылмай сақтау үшін ағайындар үш шеңбер аумағында
талданатын. Мұнда:бірге туғандар – бір әке балалары; немере ағайындар (бір атаның
балалары, ); жамағайындар (үш атадан қосылғандар, баба – балалары); қалысағайындар (әз
ата, әз баба балалары). Осыларды толық тоқып үйренген ұл мен қыз – жеті рудың қамын
жейтін халге жеткен. Рулар шежіресі жинақталып, қорытындала келе тайпа, халық тарихы да
жазылған. Мұндай тарих-шежірелердің қолжазба түрінде сақталғандары мен қоса тасқа
басылған, матаға жазылған, ағашқа ойылған, көнге шабылған түрлері де бар. Осыларды бұл
пәннің оқулығы ретінде пайдаланған. Әулет мектебінің келесі әлеуметтік пәні – «Зерде және
сауат ашу» сабағы. Әр отбасы өзінің балаларының ойлау жүйесін дамытып, ақыл-ойының
терең болуы үшін санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі аңыз-әңгімелерді қолданумен қатар,
бала ойыншықтары, есеп тақпақтар, ауызша есептер, есеп-өлеңдер, есеп-жұмбақтар, қазақ
дойбысы, тоғызқұмалақ, құрастырмалы ағаш және өрмелі баулар мен жіптер, түйілген,
өрілген таспалар мен түйіндер, тұйықталған және ашық жіптермен ойнатқан. Бұлардың
түрлері өте көп және мазмұны бай, мағынасы кең көлемді болған. Олардың негізгі мақсаты;
қазақ балаларының ақыл-ойын дамытып, зердесін ашу еді. Осылардың ішінен балалар
ойыншығын алып қарастысақ, оның өзінде үш түрлі ерекшеліктің бар екенін байқаймыз.
Бірінші. Бала қолына өте оңай түсетін, тым мол кезігетін заттардан жасалатын. Мысалы,
тас, ағаш, сүйек, мүйіз, қайыс, былғары, тері, киіз, жүн, жіп т.б.
Екінші. Әр бала өз ойыншығын өзі жасаған. Ағасынан, әпкесінен мұра болып қалған
ойыншық өте аз болды. Дайын ойыншықты дүкеннен сатып алу мүмкіндігі шамалы еді, әрі
оны ұнатпаған. Бұл жағдай баланың жас шағынан өздігінен ойланып, мәселені өздігінен
шешуге бейімдеу еді. Әрі еркін еңбектеніп, дербес шешім жасауға, шығармашылықпен
жұмыстануға негіз қалаған.
Үшінші. Қазақ балаларының жасы сәбилектен өтер шағында ойыншықтарды жасаумен
айналыспай қажетке жарарлық, тұрмыста тұтынарлық заттарды жасауға ауысатынды.
Халқымыз «баланы ойын өсіреді» деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады,
жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен жақсы
араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына
адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан
қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын
баланы жан-жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойынды шыншыл ойнауға әңгімелейді. Кейде
аяғының астындағы жолжелкен мен бақбақтың қасиетін білмей тұрып, Африка өсімдігін
баяндау жарамсыз.
Үшіншісі. Бүгінгі табиғаттану сабағының көпшілік пайызы сыныпта, кабинетте өтеді.
Кешегі табиғаттану пәні тікелей өмір тіршілік аясында үйретеді. Алайда, мұндай сабақ қазір
де бар. Дегенмен кабинетте отырып төрт түлік малдың ішкі құрылысы, дене бітімін сызба,
фото сурет арқылы оқытылуы, шалқан, күләбә, қызанақ, құлпынай, қиярдың өсіп-өнуін кітап
оқып игеру жеткілікті емес-ақ. Қазақ шаруасы шөптер мен өсімдіктер, сулар мен
бастаулардың шипалық қасиетін танып-біліп, жан-жануарлардың ішкі ағзаларының емдік
әсерлерін сезіне жүріп, оны жас ұрпағына ұғындырып түсіндірген. Біздің қазақ бұл жағынан
тибеттерден де асып түскен. Алайда, осы үрдіс кейініректе үзіліп, қазір білімсіз соқыр әулие,
53
52.
бәдік емшілер көбейіп кетті. Егер, адамдар олардың білгенін бәрі білсе, ешкім де олардытыңдамас еді.
Тәрбиелеу қазақ ілімі –төрт құбыласы тең ілім.
«Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілікке ақсап жатса, ондай адамның алға
басуынан гөрі кері кетуі тезірек» Аристотель.
Я.А.Коменский: «Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады», «Адам болу үшін ол білім
алуы тиіс», «Құлақ көру мен сөзді байланыстырады – қолмен де жалғастырады», «Үйрену
сыртқы сезім мен ақылдың арақатынасын айқындайды», «Алдымен, әрине, ана тілі, содан
кейінгі ана тілінің орнына жүретін, атап айтқанда, көрші халықтың тілін үйрету дұрыс».
Мектеп – «барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін» адамгершіліктің шеберханасы».
«Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру
арқылы олардың жақсы болып шығуы – біздің қолымыздағы нәрсе». Мұғалім – «мәңгі
нұрдың қызметшісі.
А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен оған ақыл-кеңес берумен ғана
шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде балаға әркімнің өз жеке басы
арқылы үлгі өнеге көрсетуінде».
Конфуций: «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», «Біз
өз көзімізге сенеміз – бірақ оларға сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ
оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, шәкірттерім: ақиқатында адамды тану оңай емес!».
К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген.
Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса
алмайды».
Л.Н.Толстой: «Өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда
сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар!».
Б.Байрон «Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды».
Песталоцции: «Моральдық тәрбиенің негізгі бір мақсаты балаларды адамгершілікке
жататын қылықтарға жаттықтыру. Осының нәтижесінде олардың еркі дамиды, ұстамдылыққ
үйренеді. Песталоцции моральдық тәрбиені діни тәрбиемен байланыстырады. Ол дінді
сынағанымен, «...егер құдайды қадірлесе бір-біріне туыс болып табылатын барлық
адамдарды да қадірлейді», - деп есептеді.
К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс
материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен
салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді
біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді
Қазақ тәлімгерлер ілімінде бұд тұжырымдар толығымен сақталып, орныққан. Ч
«Адам да гүл сияқты жақсы күтіп- баптап тәрбиелемесе,қурап қалады.». Тәрбие мен
дағдыны қатар қоя отырып Фараби "тәрбие дегенміз білім негізінде адамға ізгі қулық, ісәрекеттерді дағдыландыру, оның жанына әсер етіп, рухани күш беру" деп түсіндіреді.
"Дағды" деген ұғымға ол төмендегідей анықтама береді: "Дағдылану деп мен бір әрекетті
жиі-жиі ұзақ мерзімге қайталап отыруды айтамын". "Көркем немесе ұнамсыз адамгершілік
қасиеттерді адам жүре келе игеретіңдіктен, ол соның қайсысына дағдыланса, сонысы оның
іс-әрекетінің, мінез-құлқының негізі болмақ. Жақсы мінез, іс-әрекеттер, жиі-жиі қайталана
отырып, адам дүниесінің рухани азығына айналса, ал жаман іс-әрекеттер қайталана отырып,
оның азғыңдауына немесе, "аюан тектес" жексүрындыққа үрындырады", - деп жазады ол.
“Жаман мінез-құлық рухани кесел”. Ол кеселді жеңу үшін, әдептілікті (мәдениеттілікті)
үйрену керек дейді. (“Әлеуметтік этикалық трактаттар” А, 1975ж. 12-27 б)Фараби үстаздың
мінез-құлық нормасы қандай болу керек деген сұракқа: "... ол тым қатал да болмауға тиіс,
тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің үстазына қарсы
қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен
ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады", - деп түсіндіреді. Оның ойынша тәрбиеші адам
54
53.
(қазіргі мұғалім) «мәңгі нұрдың қызметшісі»/2, 12-б/ Григорян С.Н Великий мыслителиСредней Азий. Москва, 1958. 12-бет.М.Жүмабаев : «Егер адам баласына осы төрт тәрбие
тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық
сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу
ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден
ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны
тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам
болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…»
«...баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып
шығару», «Тегінде жаратылыспен бауырласып, құшақтасқан, алдындағы малымен бірге
жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар
еді. … қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл».“Ұлт тәрбиесi – деп
жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi
сөз жоқ, ұлт тәрбиесi мен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесi мен тәрбие қылуға мiндеттi”
деген. « Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бұл ұлттың тілінде сол
ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың
сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайратты, біресе желсіз түндей тымық, сар
далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр»,- «Адамның
шын мағынасымен «адам» болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай жалпы
адамзатты сүю шарты...» Бұл адамның жаратылысындағы негізгі мінез». «… адам баласын,
әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек… Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны
терең… Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға
алады. Ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ…
Сондықтан баланың маңындағы адам дұрыс мінезді болуы керек… Адамның өзін – өзі
тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне қажетті бірінші шарт…»
Біздің білім беру жүйеміз, қоғамдық ғылымдар әлі күнге еуроцентристік рельспен
жүріп келеді. Сол модельден шықпаймыз. Біз Тәуелсіз елміз, өзіміздің салт-санамызға
негізделген ұлттық білім беру жүйесін қалыптастырып, жаңа модельде білім беруіміз керек.
Егер Еуропаның педагогикасы мықты болса олар азбас еді. Біз балаларымызды әлі сол
Еуропаны аздырып, тоздырған педагогикасымен оқытып келеміз. Дереу арада
педагогикамыз ұлттық шығыстық рельске түсуі тиіс. Түптің түбінде біз бұған саналы түрде
барамыз».Мекемтас Мырзахметұлы «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын
киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе
нәтижеге ие бола-ды». Мәлік Ғабдулли«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген
ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды »
Мұстафа Шоқай «Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын
мақсатын түсіне алмайды .»Мұхтар Әуезов.
А. Жүсіпбек: «Күн көру тәсілін сырттан
жұқтырып үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды.
Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар дәулетті жарыққа
шығарып, іске жаратуға талпыну керек".«Білімді орнына жұмсайтын не? Ол - тәрбие".
Сонымен, білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен.
Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай
беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін
өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды...»
55
54.
Екінші тарауТәрбиелеу ілімдері
§ 2. 1 Қорқыт Ата ілімі
Қорқыт Ата – халық ұстазы болды. Оның асыл мұраларын – ұлттық тәлім-тәрбиенің
алтын бастауы деп білеміз. Қорқыт Ата өз денгейінде, алғаш адам тәрбиелеу жүйесін
ұсынған, тәрбиелеу ілім негізін қалаған – ұстаз. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген
Қорқыт Ата – ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші,
тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы, елінің ұлағатты ұстазы.
Ұлттық мәдениеттің алтын арқауы болып табылатын әдеби мұралар мен күйлерді қалдырған.
Қорқыт Атаның 12 жырдан тұратын поэзиялық кітабының қолжазба көшірмелерінен Қорқыт
Ата өмір сүрген дәуірдегі ұлттық мәдениеттің көріністерін, тәрбие дәстүрлерін байқаймыз.
Қорқыт Ата дана-ақылшы ретінде оның тағылымдық көзқарастары ең алдымен даналық
тұжырымдар арқылы берілетін өсиетнамалардан, ғибратнамалардан тұрады. Әрбір жыр
соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңес пен батасы, тәлімдік-тәрбиелік ой
толғаныстарын байқатады. Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның
ішінде ата-салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан
қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұя тәрбие,
тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамаларымен қатар жырларында да жақсы айтылады.
Қорқыт атадан қалған бір сөз мынандай: «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл
болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не
жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген
тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып,
бір күн тыным көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана
жейді. Су тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды.
Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі
бақ бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер
жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиеленген адамға көрдімбілдім деген сөзді де айтпас». Осы тектес, баланы балғын шағынан бастап оқытып, жақсылап
тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу, сияқты тәлімдік идеялар ұшырасады. Өскелең
ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі. Жол қиындығын
көрмеген, жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ. Адам ішпес
ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке
омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Анадан өнеге
көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала өз басын құрап, үйінен
дәм беруге де жарамайды», «Ананың көңілі балада болар», «Ақылсыз баладан ата дәулетінен
қайран жоқ».
Қорқыт Ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан:
Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі.
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық.
Ұлдың күні қараң, ата өліп мал қалмаса.
Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса.
Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас.
Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас.
Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас.
Ескі қамыс біз болмас, ежелгі дұшпан дос болмас.
56
55.
Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас.Ер малын қимайынша, аты шықпас.
Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас.
Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес
Ұл-атаның ері, екі көзінің бірі.
Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар.
Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.
Мықты, жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне алмас, ол мінгенше, мінбесе игі…
Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық.
Ат жемейтін ащы шөп біткенше, бітпегені игі.
Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша, ақпағаны игі.
Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі.
Баба атын шығаратын дәулетті ұл болғаны игі.
Жалған сөз бұл дүниеде болғанша болмағаны игі.
Жердің соны шөбін киік білер.
Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер.
Айырым-айырым жол сүрлеуін түйе білер.
Жеті бұлақтың хош иісін түлкі білер.
Түнде керуен көшкенін қараторғай білер.
Ердің батқанын ат білер.
Ауыр жүктің салмағын тұлпар білер.
Қапелімде бастың ауырғанын ми білер.
Қыл қобызын арқалап, елден-елге, бектен-бекке жырау кезер…
Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.
Самай шашы ағарған баба көрікті.
Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.
Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті.
Өнегелі бала көрікті.
Қорқыт ата ұлттық тәрбиенің мәнді болуы отбасынан басталатынын, ал отбасының құты
әйел адам екенін айта келіп, отбасының мәдениетін ұстанатын әйелдерді төрт түрге бөледі:
1. Әйелдің бірі үйдің тіреуі «Ол алыс қырдан, жапан түзден» үйге бір жолаушы келсе,
ері болмаса да, ішкізіп жегізіп, сыйлы жандарын үйден шығарып салар.
2. Әйелдің бірі кепкен ағаш секілді. «Таңертең жатқан жерінен тұрып, беті қолын
жумастан тоғыз тоқашты бірден ауызға салып, толтыра тыққыштап, тойғанынша асап
жейді». Бір көнек айранды ішіп, жалап-жұқтап, екі бүйірін таянып алып, әлгі әйел былай
дейді: «Қараң қалғыр осы үйдің қожасына келгеннен бері қарным бір тоймады аяғымнан
жыртық шәркей түспеді, жүзіме рең кірмеді. Ерім өлсе, басқа біреуге тисем қандай жақсы
болар еді».
3. Әйелдің бірі үрген қарын секілді. Ол «жұлқылап оятқан-ша орнынан тұрмайды, беті
қолын жумайды». Үйінің ол жағынан бұл жағына бір, бұл жағынан ол жағына бір шығып
бұрқыратып жатады. Өсек айтып есік тесіктен сығалай тыңдап, түске дейін ауыл қыдырады.
Түстен кейін үйіне оралады. Келсе, үйге ит кіргенін, тайынша-бұзау жүргенін көреді. Тауық
пен сиыр қораның да ұйқы тұйқысы шыққан.
4. Қанша айтсаң да бәз баяғысындай мелшиген қырсық әйел. «Алыс қырдан, жапан
түзден» бір сыйлы қонақ келсе, қожасы үйде болса, былай дейді: Бұл қараң қалғыр үйде ұн
жоқ, елек жоқ, түйе диірменнен келмеді. Не әкелсе де, берерім жоқ, - деп, теріс айналып
қожасына қос саусағын көрсетеді», деп кейбір әйелдердің мәдениетсіздігін қатты сынайды.
«Тәкаппарлықты Тәңірі сүймейді», «Көңілі пасық елде дәулет болмас» т.б. мақалдары
арқылы Қорқыт ата жеке тұлғаның мәдениеттілігі оның мінезінен көрінетіндігін дәлелдейді.
«Қорқыт ата кітабындағы», «Қазанбектің баласы - Оразымбектің жауға қалай тұтқын
болғандығы туралы жырдан» ғұн, түрік дәуіріндегі ұлдарға қойылған талап, мақсатмұраттың дәрежесін айқын аңғарамыз. Ежелгі түркілер бала тәрбиесіне ерекше мән берген.
57
56.
Оны әскери өнерге үйретуді әке міндеті санаған. Ол кезде әрбір адамның азаматтықмәртебесінің ел қорғау ісіне қосқан үлесіне қарай бағаланған. Оғуз-қыпшақ дәуірінің дәстүрі
бойынша, он бес-он алты жасқа жеткен ер балалар міндетті түрде әскери өнерді үйренетін
болған. Бозбалаларды ересектер өздерімен бірге қан майданға ертіп апаратын. Қолына қару
ұстап, жаудың қанын төкпеген жігіттерді ешкім сыйламаған, тіпті адам санатына қоспаған.
(Қорқыт атаның: «Ол заманда, жауын жеңіп, бас кеспеген ұлға ат қойылмаған» - дегені
осыдан шығар). Ең жаман қасиет қорқақтық, опасыздық саналған. Жаудан қорқып
қашқандарды өз әкелері-ақ қатал жазалап отырған.
Әйелге деген құрмет барлық жырларда кездеседі. Кей жерлерде әйелдер алдыңғы
орында көрсетіліп тіпті матриархаттық дәуірді елестетеді. Жырдың алғы сөзінде Қорқыт
атаның айтқан: «Ұлдың кімнен туғанын ана білер» деген сөзінен әйелге деген құрметті
көруге болады. Жырларда ананың балаға, баланың анаға деген сүйіспеншілігін жиі көреміз.
Қазан Салор гәуір қолындағы тұтқындар арасынан тек қана анасының босатылуын сұрап,
әйелімен баласынан бас тартады. Гәуірлер болса Қазанның анасын Жайханның баласына
беріп, одан ұл туса сенің аманатың етеміз дейді. Гәуірдің өш алу үшін анасын қолданғаны,
бұған қойшының көрсеткен наразылығы, баласының анасына деген сүйіспеншілігі мен
құрметін ең салиқалы түрде көрсетіп отыр. Дирсеханның әйелі баласының алғашқы
аңшылығы үшін дайындық жасайды, баласының кері қайтпағанына шарасыз қалып, іздеу
салып жолға шығады. Ана баласы үшін қандай қиындық болса да дайын еді. Осы сияқты
Бөрлі сұлу да баласы аңнан кері оралмағандықтан баласы мен күйеуін іздеп ауыр жолға
шығады. Иекенктің анасы болса әкесінің тұтқынға түскенін баласынан жасырып, оның
амандығын ойлайды. Дәл осындай жағдай Секректің бауыры Екректің тұтқын болғанында да
айтылады.
Екі баласының біреуін Төбекөзге жем қылған бір ананың жалғыз баласын аман сақтап
қалу үшін Басаттың алдына барып жалынуы – ананың балаға деген сүйіспеншілігін
көрсетеді. Пері қызы да сырттан келетін қауіп қатерден қорғану үшін ұлы Төбекөзге сақина
берген болатын. Жырларға ортақ сюжеттік сарын, ұлағаттық өнеге ретінде әйелдердің
күйеулеріне деген құрметін айтуға болады. Бегіл мен Дирсе ханның әйелдерінің күйеулеріне
қолқанат болғандығын, ержүрек Думрулдың әйелі өз жанын күйеуі үшін пида етуі, Селжан
сұлудың ұйықтап жатқан Қан Тұралыны жаулардың шабуылынан қорғап күзетуі, Бөрлі
сұлудың Қазанға көрсеткен көмегінен күйеулеріне деген құрметті көреміз. Жырдағы
кейіпкерлердің бір-бірінен айырылу сарындары да ұқсас болып келеді. Мысалы: елден,
анадан, атадан, сүйіктісінен, тайпасынан, бауырынан айрылу. Бірақ Байбөрі баласы БәмсіБайрақ туралы жырдан басқа жырдың соңы қуанышпен, тоймен, үйленумен бітеді. Бұл
қуаныштар Қорқыт атаның суреттеуімен аяқталады. Жырларда оқиғалардың баяндалуы қара
сөзбен, кейіпкерлердің диалогтары өлең жолдарымен берілген. Жырлар қуанышты
жағдайлармен, Қорқыт атаның сөздерімен аяқталады. Бірі ұзын бірі қысқа жыр болса да,
арасында өзгеше оқиғалар болып тұрса да барлығына ортақ ерекшелік – Қорқыт атаның
келіп жыр жырлап, күй шертуі, бата беруі. Бұл ортақтастық негізінде Қорқыт атаның
тәрбиелеу ілімінің жүйесі тұр. Ш.Уәлиханов: «Қорқыт – қазақтың тұңғыш бақсысы,
шаманист, бақсы – моңғол сөзі, ол ойшыл, ақын, емші болған. Қобыз өнері, бақсылар
сарыны, содан қалған дейді».
Салт жырлары, ертегі эпос табиғатында шаманизм сарыны басым. Оғыздар қобыз
культіне табынған деген болжам бар. Осы белгілер «Қорқыт» жырларында да кездеседі.
Жалпы, Қорқыт өмір сүрген кез – ол бақсының жын-перімен тікелей араласатын сәті,
қобызбен күй тартып, бақсылық шырғаланға түсетін кезі десе болады. Халықтық
орындаушылар бұл аспапты пайдалана отырып, оның негізінде өзінің жеке ойларын,
толғаныстарын, басынан кешкен қайғы-мұңын, сезімдерін, қуанышы мен қасіретін жеткізе
білді. Белгілі болған ғылыми деректерге сүйенер болсақ, Қорқыт сегіз қырлы бір сырлы,
қасиетті тұлға, бақсы, көріпкел, әулие, асқан күйші, емші, жырау, тайпа кеңесшісі,
қиындықтарға қарсы тұра білген адам. Бақсылық кез-келген адамға қона бермейтін қасиет.
Ол жоғарыдағы «иелер» немесе перілердің таңдаған адамы болады деген ұғым бар. Әлемдік
58
57.
діндерге дейін Евразияға тараған түркі халықтарының ортақ діні Тәңірлік дін болды. Олкөшпелілер қоғамының өмір салтына айналған Тәңірлік дінінің аса көрнекті өкілі болатын.
Ш.Уәлихановтың сөзімен айтқанда: «Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуды үйреткен ең
бірінші бақсы». Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел және шебер күйші болған. Ол
қобызды тек бақсы-балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде
емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.
В.М.Жирмунскийдің айтуынша, Қорқыт ата жыраулар мен жыршыларға тән көне халық
поэзиясының ерекшеліктерін бойына сіңірген әнші-жырау әрі болжағыш ақылгөй болған.
Оғыз-қыпшақ қогамының ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес
хандықты басынан өткізіп солардың бәрінде де бас уәзірлік қызмет атқарып отырған. Олар:
Инал хан, Дойлы хан, Көл Еркі, Тұман хан және Каңлы-қожа. Хандарға күшті ықпал
жасағандықтан, олар Қорқыттың ақылды кеңесінен аса алмаған. Осы пікірді шығыс тарихын
зерттеуші Әбілғазы да баса айтқан. Әр турлі аңыз-әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен
жасы жөнінде әр түрлі пікір айтылады. Қорқыт ата (VІІ-VІІІ ғ) «өлмейтін өмір кілті өнерде»
деп өнерді халық мәдениетінің қасиетті белгісі деп таныған болатын. Сөйтіп әулие
бабамыз «Арыстанбаб», «Ұстаз», «Аққу», «Ұшардың ұшуы», «Кілемжайған», «Әуіпбай»,
«Башпай», «Желмая», «Елім-ай», «Тарғыл тана», «Қорқыт ата күйлерін» қалдырды
(Жиырмадан астам күйі белгілі екен). Ол қолына қасиетті аспабын алып Тәңірдің ерекше
жаратылысы болып табылатын дін, өнер, философия, музыкалық дәстүрін, ұрпақтарына үлгі
етіп жалғастырған, қобыздың қасиетті әуені мен ауыру мен дертті емдейтін бақсылардың
дем беруші піріне айналған. Түрік халықтарының өткен-кеткен тарихында Қорқыттың мәні
өзгеше орын алады. «Ол ең ақырында дүниеде өзгермейтін ешнәрсе жоқ, сынбас темір жоқ,
өтпес өмір жоқ деп, мәңгілік өмірді халықтың ән-күйінен іздейді» - деп пайымдайды
академик А. Жұбанов. Ол музыка күшімен қасиетті қобыз үнімен өлімге қарсы тұрған
абыздың тірлігі арқылы көрініс табады. Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық
педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері,
күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып
қосылады. Қорқыт әулиенің батасы. Ертеде қазақта Қорқыт деген аузы дуалы бір қарт өтіпті,
сол кісімен замандас Бөрі деген әрі бай, әрі би өткен екен. Сол би бала көрмей жүріп, бір жылы ұлды
болады. Бұған жарыла қуанған Бөрі би ырым ғып баласының атын Қорқьгг атаға қойғызады,
соңдағы Қорқыт атаның батасы мынау екен:
Сөзімді тыңда Бөрі бай,
Тәңірі саған ұл берді.
Жастайынан бақ қонып,
Ұзын болсын өмірі,
Баса берсін ілгері,
Қолынан туы түспесін!
Талықпасын білегі!
Ел қорғайтын ер болсын,
Мұсылманның тірегі.
Аспақ болып барса қарлы тау,
Бөгемей асу берсін!
Өтпек болса қанды өзен,
Бөгемей кешу берсін!
Ұран сап жауға шапқанда,
Жолын тәңірі ондасын!
Жаратқан ием Бамысқа
Жар болып өзі қолдасын!
Батырдың қайрат күшіне
Еш көлденең болмасын!
Баланың аты Байшұбар –
Аты Бамыс Байрақ болсын,
Атын мен қойдым,
Жасын Алла берсін!
59
58.
Бамыс Байрақ арыстандай азамат болып, жауын жеңіп оралғанда Қорқыт Ата тағы да былайбата берген екен:
Қара тауың құламасын,
Бәйтерегің жығылмасын.
Ақсақалды бабаңның
Топырағы торқа болсын.
Ақжаулықты анаңның
Жатқан жері жәннат болсын.
Ұлың менен бауырыңнан
Құдай айырмасын,
Ақырғы күніңе иманың жолдас болсын.
Әумин дегендер Тәңірдің жүзін көрсін.
Аты ардақты Мұхаммедтің құрметі үшін,
Күнәларыңды Құдай кешірсін!
Қара тауға жолықсаң асу берсін.
Қаңды суға жолықсаң кешу берсін.
Ерлік істеп бауырыңның кегін алдың,
Құдіретті Оғыз бектерін ауыр жүктен құтқардың,
Жаратқан Алла жүзінді ақ қылсын.
Өлім уақыты келгенде иманнан айырмасын,
Күнәмізді Аты ардақты Мұхаммед
Мұстафаның құрметіне Құдай кешірсін!
***
Елші ердің төрт құбыласы тең болсын!
Елде-кісі, сыртта бүтін ел болсын!
Наны-тұзы, ішер асқа бай болсын,
Киім-кешек, бес қаруы сай болсын.
Әскер басы талай істі меңгерсін,
Жауға шапса, сол білгені дем берсін.
Бек білімді ақылды, адал болсын, ақ болсын,
Парасаты, ақылы ізгілерге жақ болсын!
Бек бесеуден бойын аулақ қылсын,
Білсін сонда, басынан құс ұшпасын.
Жақсылардың ісін Құдай оңдасын,
Құт дарытып, ырыздық беріп қолдасын.
Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын,
Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын!
Тауып сөйле сөзің оңды, жөн болсын,
Сөзің, басыр адамдарға көз болсын!
Ел сайлады – қылық, ісің сай болсын!
Көңіл, діл, іс, сөз шындығы – сый болсын.
Содан халқы білсін бектің бағасын,
Бегі игі боп, атақ даңқы тарасын.
Тірлігіңде ізгілік көп болсын,
Еншісін ал, құр өткен күн жоқ болсын!
Көп сөйлеме, сөзің су боп кетпесін,
Жұрт зерігіп, сөзден жапа шекпесін!
Босқа қарап әр нәрсеге телміріп,
Құр қалып, ғаріп боп өмір өтіп кетпесін!
(Болат Бопайұлы Жота Қажы).
60
59.
§ 2.2 Абу Насир әл-Фараби іліміФараби ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген,
Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі,
тарихшы болған. Туған жері – Отырар (Фараб) қаласы. Отырар (Фараб) ойшылдарының ең
атақтысы, ұлы ғұламасы – Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз», «Шығыстың Аристотелі».
Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді.
Халық даналығы туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне
ден қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның педагогикалық
тұжырымдамасы дидактика мен тәрбие теориясының мәселелерін бірге қамтитын іргелі
жүйе болып табылады. Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан
кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі адамзат
қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі
педагогиканың жетекші идеясы болып отыр. Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас
жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ұстанымды басты қағида
ретінде ұсынды.
Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның еңбектерінде
қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары неғұрлым нақтылай түседі.
Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге ғұлама мынадай
түсініктеме береді: «Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту
болады, ал тәрбие – білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық
дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен
халыққа білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға
айналдыру үйретіледі...». Осы анықтамалардың астарлы мағынасы қазіргі педагогикадағы
«оқыту» мен «тәрбие» ұғымдарына берілген анықтамалармен сабақтасып, өзара байланысып
жатқандығын айқын аңғаруға болады. Фарабидің мұрасында педагогиканың негізгі ұғымы
болып табылатын «білім беру» ұғымы да қарастырылған. «Оқу бастамасы біздерге болмыс
бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан шығарылатын қорытындылар –
ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы» деген ғұламаның анықтамасы қазіргі
педагогикадағы «білім беру – оқыту нәтижесі, тура мағынасында ол оқып-үйретілетін пән
туралы алғашқы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді» деген анықтамамен өзара
байланыс табады.
Қазіргі кезде педагогиканың негізгі ұғымдарына «тұлғаны қалыптастыру» ұғымы да
жатқызылады. Себебі, бүгінде білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты, бірінші
кезекке оқушыларда пәндік білім, білік, дағдыны емес, оның тұлғасын қалыптастыру
қойылып, тұлғаға бағдарланған оқыту мен тәрбиелеуді іске асыру көзделуде. Ізгілендіру
Фарабидің педагогикалық идеясының негізгі өзегі болған, ғұлама білім берудің ізгілендіру
принципіне негізделуі қажет екендігін өз уақытында ғылыми тұжырымдалған ойпікірлерімен айқындап кеткен. Міне, бүгінгі таңда Фарабидің көрегендігі мен ғұламалығы
дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа білім беру парадигмасы ретінде ізгілендіру
танылып отыр. Әл-Фарабидің педагогикалық ілімі бойынша тәрбие мен тәлім, білім беру
мәселелері өзара тығыз байланысты бір-бірін толықтыра жургізілуі тиіс. «Философияны
үйрену үшін алдын-ала нені білу қажет?» деген еңбегінде ол ғылым мен философияны жетік
меңгеру үшін бірінші алғы шарт етіп адамның жан тазалығын, ар тазалығын, әдептәрбиелігін қояды. Әл-Фараби балаларды жүйелі оқытуға 7-8 жасынан беруге нұсқаған.
Басқа ғылымдарда оқып үйренуде ғұлама ең әуелі тіл мен логиканы біліп алуды ұсынады.
Әл-Фараби ғылым, білімді қалай болса солай жаппай жүйесіз үйрене бермей, адамның ақылпарасатына, мінез-құлқына әсер етіп, практикалық іс-әрекетіне пайдалы болатын жақтарына
баса көңіл бөлуді ұсынады.
61
60.
Ғұлама тәрбие кезінде тәрбиеленушінің ерекшелігін ескеріп, әрбіріне жеке әдіспен дарақатынас жасауды талап етеді. Адамдардың, әсіресе, жастарды тәрбиелеу жүйесінде Фараби
бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды.
Фараби мінез-құлық тәрбиесінің құрал, әдістерін белгілеуде Аристотельдің адамдағы барлық
мінез-құлық, қасиеттерді туа біткен емес, жаттығу, әдеттену машықтану нәтижесі деген
қағиданы басшылыққа алып, ары қарай дамытып әкетеді. Ол адамда жақсы әдет-мінез
қалыптастыруда ерік-қайратына көп мән береді, өйткені сезім мен рухани нәпсі мен парасат
мұқтаждықтары бір-біріне қарама-қарсы келгенде санамен шешу ерікке, өзін-өзі билеуге
тіреледі. Мұндай жақсы ниет, оң істер бара-бара адамның дағдысына, жақсы қасиетіне
айналып, ол тәрбиелі жақсы мінез-құлықты болып өседі. Бұл айтылғандар Фарабидің
«Бақытқа жол сілтеуінде» былай дәйектеледі: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші – бұлар
адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз
бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің
арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды,
ал, мінез-құлқымыз мақтаулы болады. Біз мінез-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да
жүре-тұра пайда болады дейміз. Адамда қалыптасқан мінез-құлық болмаса, онда ол жақсы
немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда, қарама-қарсы мінез құлыққа өз еркімен кешіп
кетуі мүмкін. Адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың
арқасында бір мінез-құлықтан басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе –
әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын
айтамын. Мінез-құлықтың қалыптасу жолдары өнерді үйрену жолдары сияқты. Мысалы,
жазу өнеріне шебер жазғышқа тән әрекеттерді сол адамның орындап машықтануы арқылы
жетеді. Басқа өнерлердің де келу жолы дәл осындай...Абзал әрекет жөнінде де істің жайы
осылай сияқты ол адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен
әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет. Адамда белгілі бір мінез-құлық
қалыптасуы үшін осыған сай келетін әдеттер берік орын алулары керек». Фараби мұнан
басқа жүйелі түрде жаттығу, машықтану, сендіру, еліктіру, үлгі көрсету т.б. тәрбие және
өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін қолдануды ұсынады. Практикалық дағды, шеберліктерді, жақсы
мінез-құлықты дарытуда ол тәрбиеленушінің мінезін және басқа жағдайларды ескере отырып
екі педагогикалық әдісті – жұмсақ және қатаң әдісті ұштастыруды көздеді.
Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет-пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы
қоғамдық орта, тәрбие әсері, адамның еркі ауру сияқты көптеген объективтік және
субъективтік себептердің әсерімен қалыптасады, өзгереді. Фарабидің пікірінше, тәрбиеге
көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден,
баулудан жалықпау керек. «Жаман қылық – ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән
ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек» - дейді ғұлама. Фараби «Бақытқа жету жолы»
атты трактатында жастарды батырлық, жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық,
шешендік, т.б. қасиеттерді қалай тәрбиелеу жолын баяндайды.
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан ұлы
бабамыздың педагогикалық мұрасы да тілегей-теңіздей мол дүние. Данышпан ойшыл өз
еңбектерінің көпшілігін ұстаздық тұрғыдан тәлім-тәрбиелік мақсатқа орайластыра жазған.
Оның арифметика, геометрия, астрономия, музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни
тәрбиелік ғылымдар дейтін жүйеге жатқызуы да, сондай-ақ педагогика, методика мәселелері
жөнінде арнаулы еңбектер жазуы да жоғарыда айтылғанның айғағы. Оның оқу-білім, тәлімтәрбие мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы адам атаулыны
гуманистік, ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. Адам деген ардақты атты
лайықпен алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Нағыз бақыт осы дүниеде ғана, оны басқа
жерден іздестірудің қажеті жоқ. Әлемдегі жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана
ажыратады. Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет. Осы жолда өмір бойы
еңбектеніп, әрекеттенген абзал, мұның өзі адамға зор бақыт. Бірақ дүниеде жалғыз жүріп
бақытқа жетуге болмайды. Ол үшін бірлесіп, қоғамдасып әрекет ету керек. Адам алдымен
ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойының жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет,
62
61.
парасаттылық адамға өзінен өзі келмейді. Ол ұлан-ғайыр еңбек етіп, ғылым-білімменмолынан сусындаған кісіге ғана қонады. Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті
жақсарту барлығы да білімділікке байланысты. Шын мағынасындағы білімділік үлкен
адамгершілік сипат. Зиялылық адамның жақсы мінезінен, білім, дағдысынан, имандылық
қасиеттерінен туындайды. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз
бетінше әрекеттену (инициатива) одан соң парасаттылық пайда болады, адам біртіндеп
логикалық ойлауға машықтанады, теорилық ғылымдарды өз бетінше меңгеруге әдеттенеді.
Педагогикалық тұрғыдан оның адамдар арасындағы достық, қастық қарым-қатынастар
жайлы айтқан пікірлері ерекше маңызды. Мәселен, адамда достықтың екі түрі болады. Оның
бірі – адал дос, екіншісі – айнымалы, алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап,
одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс, достар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық
жасауы тиіс. Жақсы достың сенімін қастерлеп, ақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұщыны
бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін болады. Фараби нағыз шынайы достықты
дәріптеп, жұртты осындай адамдардан үлгі алуға шақырады. Достықтың екінші бір түрі –
алдау-арбау негізінде құрылады. Мұндай «досқа» адам өзінің құпиясын, мінез-құлқындағы
кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ. Бірақ жалған достарды да тәрбиелеуге болады,
оларды адал жолға түсіру үшін қажымай-талмай жұмыс жүргізу қажет.
Фараби жастарға ғылым – білімді қалайша меңгерту керектігі жөнінде көптеген ақылкеңес береді, ғалым адамның моральдық бейнесінің қандай болуы керектігі жайлы пікірін
ортаға салады. Ғылым-білім үйренемін деген жас адамның ақыл-ойын айқын, ерік-жігері,
тілек-мақсат тек ақиқат пен шындық жолында ғана болуы тиіс дейді. Онда ғылымнан жәй
ляззат іздеу, нәпсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет болмауы қажет. Адам көздеген мақсатына жетуі
үшін бұған жетудің тәсілін, жүрер жолын жақсы білуі шарт. Сонан соң барып қана оны
меңгеруге кірісуі қажет. Шын қызықтырған нәрсе ғана адамды өзіне ие етеді, бір кәсіпке, не
өнерге талпыну үшін адамға бәрінен бұрын табандылық керек. Сонда ғана ол белгілі білім
саласында сындарлы пікір айта алатындай жағдайға ие бола алады.
Ғылымды ұғу үшін үнемі сол ғылымның жолында болу қажет...Ғылымнан басқамен
шұғылдануды азайту керек болады. Әрбір нәрселермен шұғылдана беруде істе тәртіпсіздік
пайда болады. Арада мың жыл өткеннен кейін дәл осындай пікірді өзінің отыз екінші сөзінде
Абай да айтқан ғой. «Көңілің өзге нәрсеге болса, - деп жазды ол, - білім, ғылым қонбайды.
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға
түседі...Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек». Фараби нағыз
ғалым принципшіл, қулық-сұмдықпен, ұсақ-түйекпен, өсек-аяңмен ісі жоқ, жұртты алдапарбауды білмейтін, басқаларға асқан ілтипатпен қарайтын, ерекше кішіпейіл болуы керек,
білімділік оның өнегелі мінез-құлқымен ерекше безендіріліп тұрмаса болмайды, - дейді.
«Білімді болу деген сөз -, деп жазды ол, - белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген
сөз...білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді
өз бетінше аша алады». Адамға ғылым қандай жағдайда ұялайды, ол миға қайткенде қонады
дейтін сұраққа Фараби былайша жауап береді: «Қандай бір ғылым болмасын көңілге дербес,
ерекше мәндерді (негіздерді деген мағынада) ұғыну арқылы ұялайды...Бізге осы ерекше
мәндердің кейбіреулерін ғана, ал кейде олардың көпшілігін сезінудің өзі жеткілікті. Осы
жағдайларды біздің сезіміміз қабылдап, ұғымымыз жинақталғаннан кейін ғана барып біздің
санамыз өзіне тән рөлді атқара бастайды».
Фараби еңбектерінде ұстаз бен шәкірттің ара қатынасы, бұл екеуінің психологиялық
қасиеттернің қандай болуы керек екендігі жайлы де аз айтылмаған. Ұстаз өз шәкіртінен
адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерді көргісі келсе, онда оның
өзінде де осы аталған қасиеттері болуы шарт. «Пәлсапаны үйрену үшін алдын-ала нені білуі
қажет?» дейтін еңбегінде ол былай дейді: «Мұғалімдік (ұстаздық) еткен адамның өлшеуі
(әдісі) тым өктем (қатаң) болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын.
Егер тым қатты, үнемі ызғарымен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін халге жетеді.
Егерде өте босатып жіберген кішіпейілділік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімді кем
санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі туады. Ұстаз ескерер тағы бір жәйт, - дейді
63
62.
Фараби, - бұл шәкірттің міне-құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдыртпау,онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру». Мінезділік – бақытты болудың
шарттарының бірі. Кейбір адамдар қолдағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, тіпті
кейде бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін – сол адамның нашар мінезі.
Сондықтан жастардың жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесігінен бастаған абзал, ал оқу
орындарында бұған ерекше назар аударып отырмаса тағы болмайды.
Ғұламаның ғылыми-педагогикалық шығармаларында әдемілік, әсемдік пен үйлесімдік,
гармония сезімдерін тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Олар эстетика-этикамен,
қылықтылықпен тығыз байланыста. Фарабидің педагогикасында музыкалық тәрбие көп орын
алады. Музыканың эстетика жағынан, басқа адамның жаны мен тән күйіне әсері жоғары
бағаланады, өйткені бұл өнер асқақтардың арынын басатындығы, кемеліне келмегендерді
кемелдендіретіндігі және өз шамасын білетіндерді өз дәрежесінде сақтайтындығы жағынан
алғанда өте пайдалы болып табылады. Ол денсаулық үшін де пайдалы, себебі тән ауырғанда
жан да ауырады, тән азап шеккенде жан да күйзеледі. Сондықтан да жағымды дыбыс көңілді
көтеріп, жанды жадыратады, субстанцияға (асылына) лайықты күш тудырып, тәнді кеселден
арылтады. Шәкірттерге эстетикалық тәрбие беруде математика ғылымдары, яғни арифетика,
геометрия, астрономия, музыка теориясы едәуір қолқабыс тигізе алады, өйткені олар
«өлшем, рет, үйлесім және сымбаттылық қасиеттері» бар нәрселерді зерттейді.
Фараби жастарға эстетикалық тәрбие беруде яғни көркемдікке баулуда поэзия, бейнелеу,
мәнерлеп жазу (каллиграфия) өнерлерін назардан тыс қалдырмайды. «Көркем жазу, - дейді
ғұлама, жазудың кемелділігінің жемісі болады, ал адам бұл әрекетті кемел меңгеріп, оны
тамаша орындай алатын дәрежеге жеткенде ғана жүзеге асады». Фарабидің ілімі бойынша
тәрбиеші де, тәрбиеленуші де денсаулығы мықты болуын қадағалауы ләзім, яғни кісінің жеке
басын жан-жақты дамытуда дене тәрбиесі маңызды фактор болып табылады. Ғұламаның
айтуынша «адам тәнінің кемелдігі – ол денсаулық, егер денсаулық бар болса, оны сақтау
қажет, ал ол жоқ болса, оған түрлі әрекеттер жасап жету керек». Еңбек, еңбексүйгіштік те
адам баласын жетілдіретін, бақытқа кенелтетін ізгі қасиеттерге жатады, мысалы, байсалды,
бірқалыпты еңбек кезінде, адамға күш қосылады.
Фарабидің анықтауы бойынша педагогика тәрбиеленуші адамның ерік-ниеті белгілі
бағытқа сәйкес, тиісті құралдар мен әдістер арқылы басқару, билеу өнері. Ал басқарушы
адам-педагог, ұстаз, тәлімгер. Оның педагогикалық жүйесіндегі темірқазық болып саналатын
философиялық-этикалық категория – ол әрбір адамды бақытқа жеткізу мұраты. Бақытқа
жетудің негізінде философия, ғылыми білімдер арқылы дүниедегі әдемілікті, кіршіксіз пәк
тазалықты бойға сіңіру, ойға, жүрекке ұялату, дарыту әрекеті жатады. «Біз бақытқа тек
әдемілік, пәк тазалықты бойға сіңіру арқылы жетеміз, ал ондай кемел тазалық пен әдемілік
философия өнері арқылы келетіндіктен біз бақытқа нақ философия арқылы ғана жетеміз».
Фараби – философия ұғымына бүкіл ғылым, білім, өнер игіліктерін жатқызады, яғни
философия – шынайы білімпаздық, өнер-паздық, кемеңгерлік. Фарабидің педагогикалық
системасында тәрбие мен тәлім, білім мәселелері бірінсіз-бірі жоқ органикалық, ажырамас,
диалектикалык байланысы косарланып жүреді. Фараби де Аристотель сияқты адамды
қоғамдық жан деп қарап, өзінің бүкіл педагогикалық-этикалық және баска гуманитарлық
көзқарастарында осы қағиданы басшылыққа алады. Өзінің «Ізгі қала тұрғындарының
көзқарастары» атты трактатының адамзаттың өзара бірлестік пен өзара көмекке зәрулігі
туралы тарауында Фараби былай деп жазады: «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі
үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз
жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын кажет етеді, осы
қауымдағы адамдардың әрқай-сысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай
да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам
жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да, бір-біріне көмектесіп жолында
барлық халық бір-біріне қалтқысыз көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды
мекен болар еді». Бұл Фарабидің адамзатты болашақ бақытқа жеткізу жөніндегі ең басты
гуманистік принципі, халықтар достығы – ырыстың басы – ғұламаның түпкі ойы, мынадай
64
63.
сыры міне осы қағидада жатыр. Басқаша айтқанда, адамдар бақыт жолында өзара көмек,достық, бейбітшілік қатынаста өмір суруі ләзім. «Адамдар туралы айтсақ, - деп жазады
ғұлама, - оларды қосатын, байланыстыратын дәнекер тұтқа – адамгершілік болып табылады.
Сондықтан адамдар адамзат тегіне жататын болғандықтан өзара бейбітшілік, татулық
сақтауы ләзім. Педагогиканың мақсаты, мұраты туралы Фараби ұсынған гуманистік идеялар
мен қорытындылар адам өмірінің қазіргі кезеңінде де ағартушылықтың маңызды тіректерінің
бірі болып отыр. "Біздің міндетіміз – бақытты адам тәрбиелеу. Бақыт материалдық және
рухани игіліктерді өзімшілдік мақсатта тұтынуда адамзат мұраттары мен құштарлықтарынан
тыста оқшау өзіне ғана тән жан рахатын беретін кішкене дүние жасауда емес. Азаматтың
бақыты – асқақ та биік мақсат – жаңа өмір жолында жасампаз рухани күштердің гүлденуін
терең сезінуде. Ойшыл ғұлама өзінің философиялық толғаныстарында, пайымдауларында
үнемі әрбір адамды өзінше жеке-жеке бақытқа жеткізетін жолдарды іздестіреді. Бұл
жолдардың тоғысқан торабы ретінде Фараби толық құнды теориялық білім мен қастерлі
адамдық-ақлақ (мораль) ұштасуын көрсетеді, яғни әрбір жас кісінің шама-шарқынша:
гармониялық, жан-жақты дамуын ойластыруы қажет. Бұл үшін белгілі бағытта үзбей де
жүйелі түрде жүргізген тәрбие мен оқыту таптырмас құрал болып табылады.
Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым
жасауға батылы бармайтын, білімі телегей теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік-жігеріне де
ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге
көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін орындай алады. ӘлФараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық қадірлісі. Медресе
балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты
ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де «сегіз қырлы, бір сырлы» қай жағынан
да болса барша халықтан көш ілгері тұрған кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де мынадай 12
түрлі қасиет сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр болған болар еді:
1. Тән ерекше жетілген түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы бейім болуы;
2. Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;
3. Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне жақсы сақтай алатын;
4. Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;
5. Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын шешен;
6. Ілім-білімді, оқу-ғылымды жан тәнімен, ұңғыл-шұңғылын ақыл-ой жұмысының үлкен
бейнетін тек ләззат санайтын адам;
7. Қайда жүрсе де өте ұстамды;
8. Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп, шындықты, әділдікті бар ынтасымен сүйе
білу;
9. Өр кеуделі, жан мен арын бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;
10. Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;
11. Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;
12. Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе алатын
байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам.
Сонау Орта ғасырларда адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуін, оқуағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын анықтауда орасан зор еңбек сіңірген
ғұламалардың бірі, еңбек тәрбиесінің және оның теориясын жасаушылардың бірегейі Әбу
Насыр Әл-Фараби екені мәлім. Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің
теориясы ғылымға негізделуі қажет деп санады. Ол ғылымды тарихи үрдіс деп түсініп,
ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама берген. Фараби
өмір сүрген дәуірде педагогика ұғымы болмағаны белгілі. Алайда ол оқу-ағарту мен тәрбие
туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі – өнер. Ал еңбек тәрбиесі сол
өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың
еңбек ету дағдысын қалыптастырады, - деген болатын Фараби. Ол еңбек өмір сүрудің негізі,
адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп қарастырды. Адам еңбегі бағытталған
нәрсенің бәрі еңбек заттары деп аталады. Демек, ол қандайда болсын құбылысты түсіндіруге
65
64.
бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір саласының мәнді байланыстары мензаңдылықтары жөнінде толық түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең жоғарғы
формасы деген қағиданы ұдайы басшылыққа алған Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын
«Өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын біртұтас білім
жүйесін құрайды» деп тұжырымдайды. Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, бұл тұжырым –
«оқушыларға саналы тәртіп, сапалы білім беру, пайдалы қоғамдық еңбекке баулу» деген сөз.
Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің адамның жан-жақты дамуы
үшін маңызы зор деп көрсетеді.
Фараби «еңбек ету, сапалы болу, адамгершілік, ақылдылық табиғаттан туындауы қажет»
- деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамды табиғат, адам, жер бетіндегі тірі
организмдер дамуының ең жоғары сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз
қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы ортаның мүшесі дейді. Фараби
адам еңбек ету арқылы жоғары сатыға көтерілетінін алға тартады.
Фараби: «Философияны үйрену үшін алдын-ала не қажет» деген еңбегінде: «...Ешбір
жанға бағынбайтын басшы – адам, міне, осындай. Ол – имам, ол – қайрымды қаланың
бірінші басшысы, ол – халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы. Өз
бойында туа біткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана осындай бола алады. Кімде-кім
туған кезінен бастап және жас жеткіншек шағында жоғарыда аталаған шарттарды бойына
дарытқан болса және есейгеннен кейін басқа алты шартқа сай келетін болса, біріншісінің
орнын басатын екінші басшы сол болады:
Бірінші шарт – дана болу.
Екінші шарт – қалаға арнап бірінші имамдар белгілеген заңдарды, ережелер мен әдетғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс-әрекетін осыларға сәйкес жүргізу.
Үшінші шарт – бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші имамдардың
үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық көрсету.
Төртінші – бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді, бұрыннан қалыптасып қалған
жағдайды да, болашақ оқиғаларды да қалаған кезінде танып-біліп отырарлықтай тапқыр да
білгір болу, өзінің осындай іс-әрекетінде ол халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етуге
тиіс.
Бесінші – бірінші имамдарының заңдарын және солардан кейін, солардың үлгісі
бойынша өзі белгілегензаңдарды орындауға жұртты өз сөзімен жігерлендіре білу.
Алтыншы – әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер
жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде біліп алу...
Ұстаздың негізгі мақсаты – өз шәкіртіне білім беріп, ізгілікті мінез-құлыққа тәрбиелеу
деп білсек, сол тиянақты білім, ізгілік ұстаздың өз бойында болуы шарт. Егер де өзінің
бойында кездеспейтін болса, онда логика саласында надан деп есептелініп, қайсыбір
мәселеде кімдікі жөн екенін, оның қалайша жөн екенін ажырата алмайды. Бұл жағдай ұстаз
бойында кездесетін болса, сөзсіз оның беделін түсіріп, өз шәкірттерінің мінез-құлық, ісәрекеттеріне дұрыс баға бере алмағандықтан, олардың арасында түсінбеушілік, кейде бірбіріне деген дөрекілік, жүрген жерде әрине, логика, парасаттылық туралы дұрыс түсінік
болуы мүмкін емес. Сол себепті шәкірттің ой-талғамын жетілдіру, оның іс-әрекет жасауына
көмектесу – ұстаз парызы. Фараби ең әуелі ұстаз, ағартушы, оның бүкіл философиялық,
ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған.
Ол – адамдарды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтады.
Ұстаздың айтуы бойынша адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жетеді.
Ол шартты түрде адамды нағыз бақытқа, мұратқа бастайтын негізгі кредосы – адамдар бақыт
жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік қатынаста өмір сүруі ләзім. Бала тәрбиесі қоғам
мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі қамқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты
білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп шын жүректен
қамқорлықты қарым-қатынас мұның бәрі ұлы ұстаздың педагогикалық жүйесінің құрамды
бөлігі. Халықтан алып пайдаланылған көптеген ережелер оның ілімінің демократикалық,
гуманистік өзегін құрады және оның педагогикасының озық бағыттылығын күшейтеді.
66
65.
Әрине, ұлы педагогтің ұлттық тәрбие дәстүрлерін алып пайдаланып және өз жүйесіне негізінсалып қана қоюымен шектелмеуі әбден табиғи жағдай. Ол педагогикалық құбылыстардың
жиынтығын байыптады. Кемеңгер ұлы ғалым ұстаз туралы былай деген екен: «Ұстаз
жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені
ұмытпайтын, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны жақындарына да
жай адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақындық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен
жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек». Сонымен, Әл-Фараби бабамыз
шәкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың тиімді әдістерін пайдалана білгендіктен,
оның ұстаздық шеберлігі жоғары деңгейде бағаланып, оны «ұлы ұстаз» деп танимыз. ӘлФараби жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін адамды
(ұстаздық ететін адамды) өте жоғары бағалаған. Оның ойынша, тәрбиеші адам (қазіргі
мұғалім) – «мәңгі нұрдың қызметшісі».
§ 2.3 Ж.Баласағұнның адамгершілік ілімі
Түркі тілдес халықтардың ХІ ғасырдағы аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл шығыс елдеріне мәлім
болған данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, белгілі қоғам қайраткері Ж. Баласағұнның моральдықэтикалық мәселелерді көтеретін «Құтты білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік
принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын
қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады.
Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару
тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін
айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Ж.
Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң
(Конституция) қызметін атқарған. Дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен
елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың,
т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері
қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен
бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен
өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін
айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік,
кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір
құлағы «хас хажиб», яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір
халықтың талап-тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп
отыруы тиіс.
«Құтты білікте» елшіге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше
зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори
білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, «елші
ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!» – дейді. Дастанда осылайша
елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдік-этикалық талаптар сипатталып
көрсетілген. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс
басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі
ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақдәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат.
Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеуметтік рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі
арқылы әңгіме болады. «Құтты білікте» өмір мәні пайымдалып, жалпы адамзаттық рухани байлықтар
– мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Ж. Баласағұн ақиқатқа жету жолын адам
мен әлемнің, ұлы ғалам мен микро-ғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт
құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл
әлем осы төрт-тағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрт-таған: әділет,
бақыт, ақыл және қанағат ерекше бейнеленіп, жырдың төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Бұл
жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік
негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән
берген. Жалпыға ортақ парасаттың, танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің
67
66.
жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатт ісәрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көпнәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. «Құтты
білікте» ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық
табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақ-таудағы адамның өз рөлі,
таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ойлау қызметі тек адамға ғана
тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге
болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. «Құтты біліктің»
негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды
қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен
негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз
адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы «өзіңді сақтау», «өзіңді
ұмытпау» қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге
бағытталған. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі
жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге
өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Ж. Баласағұн. шығармалығына ізгілікке
құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға
ұмтылушылық белгілер тән.
Жүсіп Баласағұн ұлттық мәдениетті өркендететін адам білімді, ақылды болу керек дейді: «Ақыл
– шырақ қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылды, білімді адам
қылмыс ісіне (мәдениетсіздікке) бармайды» деп, ұлы ұстаз тәрбие мен білімнің біртұтастығы жеке
тұлғаның әдептілігін (әдебін) қалыптастыратынын баса айтады. Ақын надан адам әдептілікті қор
етеді деген ойын:
«Наданға төрден орын тисе, қор етеді,
Данышпанға босағадан орын тисе, төр етеді», деп жетелі сөзбен жеткізеді.
Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас,
Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас, - деп, ұлы ғалым, философиялық ой түйінінде білімді адамның
мәдениетті қасиеттерін жоғары бағалайды.
Ж. Баласағұнидің ойынша, ұстаздық ететін адамдары аз, оқып-үйренуге ұмтылатын шәкірт
жастары жоқ жұрт ешқашан надандықтан құтыла алмайды. Нағыз надандық хат танымағандық және
оқып-танымағандық емес, көңілдің жандүниенің көрсоқырлығы. Сондықтан ақынның ойынша, әрбір
адам үшін қараңғылықтан, надандықтан құтылудың ең дұрыс жолы – адам ешбір басқадай жолмен
емес, тек қана дұрыс өмір сүру арқылы өз әлемін таба алады. Мысалы: От парызы – жану. Қант
парызы – оның тәттілігі. Сол сияқты біздің парызымыз да ар-ұжданымызға құлақ түру. «Құтты
білік», бір сөзбен айтқанда, адамшылық мектебі. Бұл мектепте адам баласының басындағы ақылсезімнен ажалға дейінгі жақсылы-жаманды жай-жағдаяттардың сан қатпар қалтарыстары өлең
өрнегіне түскен. Адамды адамға надандық емес, адамдық қана ұқтыра алмақ. Дана халық қашанда
надандыққа, тасырлыққа ежелден ақыл, білім, тілді, сезімді қарсы қойған. Ақылды арқа тұтқан.
«Құтты біліктің» дәстүрі де осы дәстүр. Бұл өсиет кейін талай-талай ірілі-ұсақты шығармалар да
жалғасын тапты. Бұл еңбек өз уақытында Қытай, Үндістан, Араб, Парсы ғұламалары тарапынан
жоғары бағаға ие болды. Баласағұнды – «түрік Конфуциі» атандырды.
Ж. Баласағұн өз шығармасында заманның бұзылғандығы, достардан жапа шеккендігі туралы
баяндайды. Ол адамдардан кісіліктің жоқтығы, ағайын – достық арасындағы қарым-қатынаста жаттан
айырмашылығының болмауы, халық арасында иман, сенім мен жақсы қасиеттің қалмағанын өкіне
баяндайды. Сонымен бірге, жігіттікке ашынып, өкініп, қарттық туралы да айта келе, ол өзіне ақылкеңес беру арқылы, қоғам мүшелеріне ықпал еткісі келеді. Ақынның дастан жолдарында айтылған
мына сөздері:
«Сөзді тура, ащы, қатты сөйледім,
Түзу сөзді ұғар түзу ел дедім.
Оқушыға аса ауыр келмесін,
Ашық айтып, көрінгенді термедім!» (Құтты білік / Көне түрк тілінен
аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубай. –А, Өлке, 2006. – 622 б.), - оның шын
мәнінде ел жағдайына немқұрайлы қарамағандығын көрсетеді.
Жалпы, ақын адамның кемелдену жолдарын айқындайды. Оның барлық көріністері өлең
жолдарында айтылады және оның сапалық белгілері мынада деп ойлаймыз:
1. Адам баласының қадір-қасиеті – білім мен ақылда. Ол адам кемелденуінің алғашқы жолы.
Ғылым іздеу – мұсылманның бір парызы;
68
67.
2. Тілдің пайдасы мен зияны бірдей;3. Ізгілік – адамзат үшін ең қажетті қасиет;
4. Даңқ пен дәулетке мастанба, ол бір орнында тұрмайды;
5. Әділеттің жолын қу, шыншыл бол;
6. Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол;
7. Иттердің басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай күркірер, ал арыстандардың басшысы
ит болса, иттің тірлігін қылар;
8. Тексіз кісі уәзір бола алмайды. Бек қандай болса, уәзірі де сондай;
9. Намысшыл ер бол;
10. Өз пайдаңнан гөрі ел пайдасын ойла. Қайырымды бол (Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. 5
томдық шығармалар жинағы. 2 том. –Алматы, 2008).
«Құтты білік» дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара
әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің
символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаһарман қоғамның көкейкесті мәселелері
туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқубілімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-философиялық тұрғыдан
сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл
әдептілігі деген түйін жасайды. Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір
ойын келтіре кетпесімізге болмайды: «Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр
ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы
болмас едік».
Жүсіп Баласағұни өзі туған түркі дүниесі халқының салттарын әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін
жақсы білді, оның рухани өміріне тереңдей енді. Қандай да бір ұлы педагог секілді ол
энциклопедист-философ, психолог, тарихшы, лингвист, этнограф, фольклорист, әдебиеттанушы
болатын. Ғалымның айтуынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ
болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың қарамақарсылықтарының ұлттық түсіндірмесі мыналар:
біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді.
екіншісі – достық, оны күншілдік бұзады;
үшіншісі – ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;
төртіншісі – жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін;
бесіншісі – бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.
Тәрбие дәстүрлерін жетік білген Баласағұн мінез-құлық әдептерін жүйелеген.
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық – бір, екіншісі – сараңдық,
Үшіншісі – ашу, оған егіз надандық.
Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,
Бесіншісі – өтірік, жерге кіргізер.
Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,
Білсін сонда басынан құс ұшпасын.
Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық, көрсетеді:
Олар жұқса, азғаны тек қаныңның, - деген үзіндіден адам бойындағы ғұлама
көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды айқын
көреміз. Адал достық пен амал достықтың сипатын былай саралайды:
Екі түрлі достықтың бар есебі,
Сол үшін жұрт табысады, сенеді.
Бір достық бар Тәңірді алған араға,
Болмайды онда қалтарыс та, нала да.
Тағы бірі тек пайда үшін достасар
Мұнда адамдық болмас түбі қоштасар.
Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,
Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.
Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,
Алда Құдай берер, кетпес ешқайда.
Егер пайда үшін дос боп табысса,
Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,
69
68.
Соларға сен, болмас қайғы, ауырлық.Дос, туыс сол қуанышта қуанар,
Қайғы келсе, қасында боп уатар.
Ақын жеке тұлғаның мәдениеттілігі оның мінез-құлқынан, іс-әрекетінен, әсіресе тілінен айқын
көрініп тұратынын айта келіп:
«Тіл – арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды»…
Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,
Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл.
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.
«Тілімнен көп жапа шектім, есебім,
Бас кесілмес үшін тілді кесемін.
Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!».
«Тіліңді бақ, басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады», - деп тіл мәдениетін сақтай білмеген
адамның қайғылы қасірітке ұшырайтынын ескертеді.
«Құтты білік» поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда
автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары
дамыған Мавераннахр , Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге
тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым,
мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы
мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық
дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық
үрдіс еді. Екінші бір қыры – исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер
көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов:
«Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» поэмасы – ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман
идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақалмәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген Жүсіп Баласағұн ғибратында суреткерлік, ойшылдық,
ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан
көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен
толысқан ойшыл өз шығармасында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз
қоғам жайындағы өзінің биік философиялық мұраттарын баяндайды.
Жүсіп Баласағұн ХІ ғасырдағы ұлысты кемелдендіру үшін ең әуелі отбасындағы әдептілік
қарым-қатынасты қалыптастыру керек дейді. «Әкені сыйламаған ұлдан без, ананы сыйламаған
қыздан без» дейді. Әдеп отбасындағы тәрбиенің алтын арқауы екенін айта келіп: «Кісілік қымбат
емес, кішілік қымбат, ұлық болсаң кішік бол», - деп түйіндейді. Ғұламаның адамзат қоғамы
алдындағы маңызды үлесі – тұлғаны тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі бойынша барлық
құндылықтарды игере отырып, ізгілендіру идеясына негізделген педагогикалық ілімді жасауы. Қазақ
педагогикасының қайнар көзі болып табылатын оның ілімі өзі өмір сүрген қоғам үшін де, қазіргі
қоғам үшін де, болашақ үшін де өміршең, ешқашан құндылығын жоймайтын, аса бағалы еңбек.
§ 2.4 М.Қашқари(1029-1101) ілімі
Махмұд Қашқаридің толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол ХІ ғасырда
Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым, Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан.
Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның
уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім
алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады. Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл,
фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызықтыра
бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басты еңбегі – «Диуани лұғати-аттүрікте» зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы
есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, ХІ ғасырда өмір сүрген көптеген түркі
тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген.
Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, тағамдар мен сусын
70
69.
атаулары, үй, жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбесі, дәрілік жабдықтар, астрономия,әскери, медициналық, діни т.б. атаулар қамтылған. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені
қабылдауы, этикалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдебі тілге тиек етіледі. «Түркі
тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді. Түрік, түрікмен, оғыз,
жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым.
Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы мұра боп
қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат
қойдым. «Жинақты» сегіз бөлімге топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір
сөздерін ғана алдым. Түркі халықтарының бәйіт-жырлары мен мақалмәтелдерінен мысалдар
келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген
ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым...». «...Мен істі оңайлату үшін әрі кітапты
ықшамдау үшін, менен бұрын ешкім түзбеген уа ешкім ешкімге мәлім болмаған ырым жасап, өзгеше
бір тәртіпте түзіп шықтым. Бұл жазған еңбегім талапқа сай болсын, пайдаланушыларға анық,
қолдануға қолайлы болсын деген ниетпен бірқатар қағидаларды түзіп, өлшем үлгілерін жасадым.
Сондықтан, сөздің қысқасы жақсы, ілгері кеткендерге тура нышан көрсетіп, кең жол ашып беру үшін,
өрлеп-өсу ниетіндегілерге саты қойып беру үшін осыларды істедім. Түрік халықтарының көргенбілгендерін толғайтын ақын-жыраулардан, қайғылы да қуанышты күндерде шыққан мағынасы терең
мақал-мәтелдерден мысалдар келтірдім, енді мұны пайдаланғандар кейінгілерге, олар өзінен
кейінгілерге жеткізсін» - деп, өз заманының ойшыл қоғам қайраткері болған ұлы ұстаз М.Қашқари
педагогика ғылымының алдына тың міндеттер қоя білген. Ғұламаның еңбегіндегі танымдық және
тәрбиелік маңызы зор материалдарды күнделікті іс-тәжірибеге енгізіп, өскелең ұрпаққа білім беру
мен тәрбие ісінде пайдалану әрбір ұстаздың азаматтық борышы болып табылады. «Түрік сөздігінде»
242 шумақ өлең, жыр, 200-ден астам даналық сөз бен мақал-мәтелдер, қанатты сөздер болса,
солардың барлығы да оның педагогикалық сипатын айқын танытып, Махмұт Қашқари есімін
педагогика ғылымының негізін салушылардың қатарында атауға мүмкіндік тудырады. Орасан зор ұлт
педагогикасының бай тәжірибесін өз зерттеуінде топтастырып беруі оның тәрбие мәселесі бойынша
білімділігін байқатып, ұстаздық ерен еңбегінің нәтижесі екендігін көрсетеді. XI ғасырда
туындағанымен, одан ерте кезеңдік түркілер тыныс-тіршілігінен хабар беретін «Түрік сөздігінен»,
ондағы тәрбиелеу қағидаларынан өмір шындығы айқын көрінеді. Ал мұндай көріністің зерттеуші
еңбегінде бой көрсетуі оның құндылығын арттырмаса, кемітпесі анық. Бұл еңбекте даналық бастауы
мен оның адам өмірінде алар орны, тәлімдік-тәрбиелік тағылымдар мен олардың
тұлғақалыптастырудағы жетекші ролі, қаһармандық рух пен діни таным-түйсіктер, дүниені
танудағы алғашқы ой-тұжырымдар мен табиғат тылсымына бас ию – бәрі-бәрі өзіндік орнын
тапқан. Педагогиканың негізгі қағидаларын қамтыған осы секілді мәселелер «Түрік сөздігіндегі» сан
тараулы ғылым арналарының бірінен саналады. Көкірегі ояу, көңіл көзі қарақты әрбір түркі ұрпағы
«Түрік сөздігіндегі» бәйіт-жырларды оқи отыра, мақтаныш сезіміне бөленіп, ризашылдық, тәубе ету
секілді күйді бастан кешірері хақ. Себебі, батырлық-ерлік жайындағы жырлар өршілдікті, өзгені
жеңіп, аспаннан қараған асқақтықты танытса, дидактикалық мәндегі бәйіттер бабаларымыздың тұла
бойлары ақылға тұнған данагөй болғандығынан хабардар етеді. Ал имандылықты паш етер өлең
жолдарынан жаны таза, рухы биік жандардың, бар дүниені Алла жолына тәрк еткен адамдардың
таным-білігі танылады. Ал, ең бастысы ғұламаның негізгі ой-пікірлері жеке тұлғаны қалыптастыруға
және дамытуға бағытталған, яғни педагогиканың негізгі өзегі тәрбие мәселесіне арналған.
Мәселен:«Бақпас халық сүйкімсіз, Сұрықсыз жүз сараңға. Түзулікті ал, ұлым, Қалсын даңқың
соңында – мәңгілік өмірге біржола жолдама алды», - деп жазды. Бұл «Сөздікте» мысал ретінде
келтірілген көптеген мақтау, жоқтау түріндегі өлең үлгілерінің қадым замандарда, алғашқы қауымда,
сақтар, ғұндар дәуірінде, өмірге келгенін аңғару қиын емес. Мысалы: бақыт нышаны – білік;
елгезектің ерні май болар, еріншектің басы қан болар; еріншекке есіктен аттаудың өзі асудан
асқандай; ұлан жасында қатуланса, ұлғайғанда сүйінер; егілмейінше өнбес, тілемейінше бермес;
арпасыз ат қыр аспас, арқасыз батыр жау алмас. Осы мақал-мәтелдер бүгінгі күнге дейін сақталып,
тәрбиелік мәнін жоймаған педагогикалық тұрғыдан қарағанда құнды шығарма екенін дәлелдейді. Ал
көне жырларда алғашқы қауымдағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімі, әдет-ғұрпы, салтсанасы бейнеленген. Алғашқы қауым адамдары Күнді, Айды, Бұлтты, Жұлдызды адам сияқты «тірі
жан» етіп, бірде «ашуланатын», бірде «көңілденетін» құбылыс ретінде суреттейді. «Сөздікте» табиғат
көріністеріне қатысты жыр жолдары көп. Мұнда «бұлттар ойнай бастағанын», «сай салаға су
толғанын», «түрлі түсті бәйшешек өсіп шыққанын», «арқар-киік асыр салғанын» бейнелейтін өлеңдер
жиі ұшырайды. «Сөздікте» –«Қыс» пен «Жаздың» айтысына құрылған өлеңдер де бар. «Қыс» пен
«Жаз» адамдар бейнесіне түсіп, өзара айтыса бастайды. Әрқайсысы өзінің артықшылығын мақтан
71
70.
етеді. Ақыры адамдарға берер ырзығы да, қуаныш-шаттығы да мол жаз жеңіп шығады. Жазмаусымының бұл «жеңісі» – адамдардың жеңісіне айналады. Мұның өзі түркі халықтары арасында
айтыс өнерінің қадым заманда кең тарағанын аңғартса керек. «Түркі тілдерінің сөздігінде» ерлікті,
батырлықты мадақтайтын өлең-жырлар көп. Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамы
үрейлі аңдармен арпалыста немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар
күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған. «Сөздікте»
ерлік тақырыбын жырлаған көлемді дастандардан келтірілген үзінділер жиі ұшырайды. Солардың
бірі «Мыңлақ елін алғанбыз» деген жыр үзіндісі. Бұл жырдан үлкен шайқастан кейінгі жеңіс
салтанатының құдіретті дабылы естіліп тұрғандай сезіледі. «Диуани лұғат ат-түркте» мақтау,
жоқтау түріндегі өлең үлгілері де жиі ұшырайды. Жоқтау айту дәстүрі түркі халықтары арасында
күні бүгінге дейін сақталған. «Диуани лұғат ат-түркте» аңшылық, еңбек тақырыбына арналған өлеңжырлар көп. Мұндай өлеңдерде тайпа мүшелерінің бірігіп аң аулауға шыққаны, егін салғаны, мал
баққаны жырланады. «Диуани лұғат ат-түркте» ежелгі түркілердің наным-сенімінен туған
тұрмыс-салт жырлары, әсіресе, төрт түлік мал туралы өлеңдер, бата, тілек, бесік жыры, жаржар, сыңсу, естірту, т.б. жиі ұшырайды. Бұл еңбектер болашақ ұрпақ тәрбиесінде аса зор
педагогикалық мұра, асыл қазына болып табылады. Сондай-ақ, «Сөздікте» қадым замандарда халық
арасына кең тараған мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер көп. Солардың бірқатары қазіргі
қазақ тілінде айтарлықтай өзгеріске ұшырамай, сол күйінде айтылып жүр. Белгілі түркітанушы ғалым
Кононовтың сөзімен айтқанда, М. Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» – «ежелгі түркі
халықтарының өмірі, олардың материалдық және мәдени байлықтары, тұрмыс жайлары, этнонимдері
мен топонимдері, туыстық және жекжат-тық терминдері, қызмет адамдарының титулдары мен
аттары, үй жануарлары мен жабайы аңдар атаулары, астрономиялық терминдер, халық күнтізбесі,
айлардың және аптадағы күндердің аттары, аурулар мен дәрілердің атаулары, анатомиялық
терминдер, металдар мен минералдар, әскери, спорт және әкімшілік терминологиясы, түрлі тарихи
және мифтік қаһармандардың есімдері, діни және этнографиялық терминология туралы көп жағдайда
бірден-бір деректеме болып табылады.
Біртуар ғалымның туған өлкенің географиялық жағдайларына халықтық астрономиялық
білімдеріне қатысты талдауларынан осы жайды айқын байқаймыз. Ел тұрмысын үңіле зерттеген
ғалым еңбектің түгелдей бір тарауын түркілердің уақыт есебін жүргізу, жыл маусымдарын белгілеу
мәселелеріне арнаған. «Түркілер он екі жыдды он екі хайуанның атымен атайды. Балаларының жасы
мен өткен күндердегі соғыс тарихын, сол сияқты түрлі есте тұтар шақтарды жылдардың айналуымен
есептейді», - деп көрсетеді. Энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым халықтың тіршілік әрекеті мен
тарихи тәжірибесі негізінде туып, қолданысқа түскен білімдерінің танымдық қызметін жоғары
бағалайды. Табиғатқа жоғары құндылық деп қараған әлеуметтік бағдардың қорғаушысы ретінде
көрінеді. Халқымыздың өмірінде аса зор тұрмыстық-шаруашылық мәні болған астрономиялық
түсініктер мен аспан жұлдыздары ілімінің көне түрік дәуірінен бері жалғасып келетін тарихи
бағалылықтар екендігін қисынды дәлелдейтін нақты мөліметтер осы жазбада жүр. «Үркер»,
«Жетіқарақшы», «Темірқазық» атаулары мен Аспан Әлемін арнайы тақырыпқа айналдырған өзге де
бірқатар материалдар Қашғари үшін түркілердің табиғатты тану мәдениетін кейінгілерге жеткізу
құралы болғандығын байкатады. «Іңір – жарық пен қараңғының түйісетін сәті. Оғыздар «імір»
дейді», - автор бабаларымыздың тәулік ішіндегі аралықты белгілеу үшін қолданған ұғымдары
жайында. Әрі кәрай – таң, Таң сәрі, ақшам, түс атаулары келтіріліп, олардың мән-мағынасы ашып
көрсетілген талдаулармен жалғасқан. Қоршаған ортамен тіл табыса білген әлеумет бейнесі, оның
жаратылысты ұғыну ерекшеліктері көрініс берген.
«Тәңірім аспанды кең жаратыпты,
Жұлдыз бар онда ғажап дара тіпті.
Асылды ауаменен оратыпты,
Адамды болмысымен таңырқатып» - деп жырға қосады табиғатты нақты да
ғажайып шындық деп түсінген көне көз бабаларымыз. Заманындағы түркі ұлыстарының тұрмыссалттық ұғымдары, эстетикалык талғамы, айналамен қарым-қатынасы, одан алған сезім-әсерлері аса
ұтымды бейнеленген. Әсіресе, табиғатты, жаратылысты әсемдіктің тұтқасы ретінде карастырған әдет
үлгілердің білімдік, тәрбиелік қызметі айрықша. Қоршаған ортадағы сұлулықты сезіну тамаша
көрініс берген. Кейбіреулерінен мысалдар келтіре кетелік:
Жаз шығып, түйін тастап бүр ашылды,
Аспаннан түрлі гүлге нұр шашылды.
Құс сайрап, сай-саладан су тасыды
Сұлулық көзді тартты таңғажайып.
72
71.
...Жарық жүлдыз шықкандаҚұс бар кейбір сайрайтын
Оның үні ұққаңда
Жүрегінді қайрайтын.
Келесі бір өлең жолдары жыл мезгілдеріндегі табиғат тіршілігін былайша баяндайды:
Сарқырап сай-саладан ағады су,
Бөлеген ақ моншаққа жағаны бу.
Жамылған жасыл жапырақ бағалы ну,
Қанатын көк жүзінде қағады қу.
...Жазғы жайлау жасылды
Тұман түсіп, ашылды.
Жылқы үйездеп қасынды,
Құлын-тайы кісінеп.
«Табиғат суреті кешегі Абай, Ыбырай дәуіріне дейін өзгеріссіз келді деуге болады. Табиғатты,
тіршілікті, дүние болмысын қабылдау, сезіну және тануы тым ұқсас», - деп жазады белгілі ғалым Қ.
Өміралиев шығармадағы табиғат мәселелерінің сөз болуы, оның келесі дәуірмен байланысы,
сабақтастығы жайында. Бұл пікірдің дәйектілігі мен тұжырымдылығына анықтық енгізе түсетін
мысалдар «Сөздікте» жеткілікті. Бұлардың бірқатары табиғатқа сүйіспеншілік сезімін оятудағы
ықпалдылығы ғана емес дүниетанымдық, білімдік түрғыдан да үлкен мән-маңызға ие үлгілер:
Тау-даланы жайқалтқан Еділ суы,
Көлшік-көлдер маңайда оның суы
Ақ шортандар жүзеді айдынында
Жағалары көз тартқан қалың нуы.
...Құлан қырда жосылды,
Арқар-құлжа қосылды.
...Жайлап жасыл төсіңді,
Ойнақтайды ор киік.
Туған өлкенің табиғат жағдайлары көркем суреттелген шумақтар әрмен қарай былайша
жалғасады:
Қанатын қақса қалың құс, үйрек көлде жылжиды,
Аздығын ақтың білгендей, қасқалдақ суға сүңгиді.
Біртуар ғалым өз еңбегінде халық өмірінен, шаруашылық кәсібінен, оның өзін қоршаған дүниеге
көзқарасынан, әдет-салтынан мол мағлұматтар беретін терең мағыналы, шешен тілді нұсқаларды көп
қолданған. Мәселен,
Төрт аяғын билетіп,
Құр атқа басын үйретіп,
Қырық кез құрық сүйретіп
Киікке тазы қосайық
Түлкіге қыран салғанда
Тазыны қосып арланға,
Жеткенде мәз боп арманға
Ерлік жоқ сірә, жігіттер
Осыдан асқан жалғанда! - деп келетін шумақтардың әлеуметтік көңіл-күйді
дөп басып, асқан шеберліклен суреттейтіні соншалық, сол заманның әдет-ғұрып, өмір-салтын көз
алдымызға елестетуге мүмкіндік береді. Көне замаңдарда туып, Қашғари мұрасы арқылы бүгінге
жеткен дүниетанымды. кеңейтуде, айналамен ұқыпты қарым-қатынаста болудың маңыздылығын
түсінуге көмектесетін деректердің бірқатары – мақал-мәтелдер. Табиғатты қастерлеудің тәрбиелік
ережелері ретінде қалыптасқан бұл сөз үлгілерінен талай-талай педагогикалық ойлар мен
оригинальды идеяларды кездестіреміз. «Күздің келуі жазда білінер» - дейді, мәселен, халық
тағылымы, табиғат игіліктерін пайдалану үшін, алдымен оның ерекшеліктері мен заңдылықтары
жөніңде нақты біліммен қарулану қажеттігін ескертіп. Көптігіне орай қамтыған тақырыбы да мол
мақал-мәтелдермен таныса отырып, табиғатқа өзінің тұрмыстық-шаруашылық қажеттіліктеріне
біліктілікпен пайдалана білген бабалар іс-әрекеті, олар кәсіп еткен түрлерінен жан-жақты хабардар
боламыз. Мәселен, төрт түліктің адам үшін тұрмыстық мәнін жоғары бағалаған түркілер былай дейді:
Қой, түйе, жылқы болса қолыңызда, Дәулеті жарар өмір жолыңызға. Келесі бір тұста бақташылықтың
өте жауапты, күрделі іс екендігін ескерген халық малды күтіп-баптаудан асқан шеберлік, ерік, жігер
қажеттігін айтып бағыт-бағдар сілтейді:
73
72.
Арпасыз ат қыр аса алмас,Арқасыз батыр әскер басқара алмас
Ізгілік болса - ер өлмес /арымас/,
Ішпек болса ат жауыр болмас.
Түркілер өмірінің сан-саналы тіршілігін кеңінен баяндап, халық арасында еңбекті сүюге
тәрбиелеу мақсатында қолданылған бүгінгі күні де өз мәнін жоймаған нақыл-сөздердің бірқатары
қолөнер, диқаншылық, аң аулау секілді кәсіптерге байланысты болып келеді:
- Тікпейінше өнбес, талпынбайынша болмас /жетпес/.
- Жер жыртарда ұқыпты болса,
Қырман уақытында жанжал болмас.
- Адаспайтын аңшы болмас,
Жаңылмайтын данышпан болмас.
Қашғари жазбасы көне көз бабаларымыздың осы мазмұндас қоғамда, тұрмыс-тіршілікте, көргентүйгені, айналамен қарым-қатынастан жинақтаған білім, тәжірибе, дағды, өнегесі тамаша көрініс
берген материалдарды топтастыруымен ғана емес, оларға берген автор түсініктемелері, ғылыми
тұжырымдарымен де аса құнды. Табиғат пен қоғамның өзара әрекет ету сипаты айқын көрінген
мазмұны жағынан әрі қызықты, әрі келісті этногеографиялық-тарихи деректер, сыртқы дүниемен
үйлесімді қатынаста болған халық болмысы, өмір салтын өте шебер суреттейтін алуан түрлі
фольклор материалдары, ата-мекеннің жер-су атауларының сырын ашып, ғылыми талдау жасалған
топономиялық, тілдік деректер автор ізденісінің аса ауқымдылығын байқататын белгілер.
Бүгінгі күннің талап-тірліктеріне орайлас келіп, ұштасып жатқан білім мен тәрбие беру
жағдайында ескерілуі аса қажет деректердің бірқатары өлкеміздің өсімдіктер мен жануарлар
дүниесіне қатысты деректер. Мысалы, бұлан, қызғыш, арқар, суыр, күзен, лашын, қасқалдақ, құлан,
қараған, жантақ, т.б. Табиғат жағдайларындағы жан-жануарлардың белгілеріне айрықша назар
аударып, олардың мазмұнын ғылыми тұрғыда байытып, тереңдетіп түсіңдіруге әрекет жасаған
Қашғари бағыт-бағдары қашанда керек-ақ.
«Иірі болса ер өлмес». Иір – іш ауруына пайдалынатын емдік тамыр - деп хабарлайды келесі бір
түста автор оның ерте кезден-ақ адам баласы қажетіне жаратып келген шипалық қасиетіне тоқталып.
Шығарма беттерінен ата мекенімізде кездесетін қарсақ, дуадақ, бүркіт, өлең шөп, қамыс, бұлғын,
құндыз секілді өзге де аң, құс, ағаш, шөп атаулары, олардың табиғат пен адам тіршілігіндегі орны
жайлы сан түрлі материалдарды кездестіруге болады. Өлкетану жайында түсініктер қалыптастыруда
өзіндік орны бар біртуар ғалым мәлімдемелері осылайша жалғасып кете береді.
Қорыта келгенде, ортағасырлық дерек көзі табиғаттың адам тіршілігіндегі ролін жете бағалап,
онымен үйлесімді өмір сүре білген бабалар іс-әрекетін айқын бейнелеп, олардың күнделікті еңбек
және тұрмыстық қызметінде басшылыққа алған табиғатты аялаудағы мінез-құлық ережелерімен
таныстыруда тендесі жоқ оқу-тәрбие құралы. «Сөздік» материалдарын оқып үйрену жастардың
халықтың табиғатты қастерлеу салт-дәстүрлерінің тарихи мәнін терең түсініп, оны жалғастырушы
лайықты мұрагері болуын өзінің басты парызы ретінде сезінуіне ықпал ететіндігі даусыз. Еңбектің
ауыз әдебиеті үлгілері мен этнографиялық материалдарын пайдалану бүгінгі күннің талап-тілектеріне
орай қалыптастырылуы тиіс, «табиғат-адам-қоғам» бірлігі жөніндегі ұғымды тереңдетіп түсіндіруде
белсенді роль атқарады; табиғаттағы адам әрекетін нақты мысалдар арқылы ашып көрсетуге
мүмкіндік береді. Қашғари келтірген географиялық мәліметтер XI ғасыр ескерткішін туған өлке
жайлы ғылыми білімдерді кеңейту көзі ретінде қарастыруға жағдай туғызады, олардың мазмұнын
оқып үйрену Отанға сүйіспеншілік, табиғатқа, оның түрлі байлықтарына жауапкершілікпен қарау
сезімін тәрбиелеуте жәрдемін тигізеді. «Табиғат-адам-қоғам» қарым-қатынасы процесіндегі
эстетикалық, өнегелілік құндылықтарды идеялық тірек еткен Қашғари шығармашылығының бүгінгі
заман адамдарының экологиялық білімін, сана-сезімі мен мінез-құлық бірлігін қалыптастырудағы
практикалық мәңділігі де аса көңіл қоярлық. Демек, осындай педагогикалық ғылыми мәнге ие тамаша
туындыны білім мен тәрбие берудің қазіргі кездегі міндеттерін шешуде пайдалану кезек күттірмейтін
мәселе. Бұл өз кезегінде «Сөздіктің» бүгінгі оқылатын түрлі пәңдер құрылымы мен мазмұны, оқу
бағдарламаларымен үндесетін білімдік-тәрбиелік қызметке ие материалдарын іріктеп, жүйелеу, оның
оқу-тәрбие процесінде қолданылу тәртібін белгілеу міндетін жүктейді.
Профессор А.Н.Кононов озінің еңбектерінде Махмұд Қашғаридың ең алдымен туған халқына
жақын болғандығын әділ атап көрсетеді. Шындығында да халықтың өмірін жан-жақты және терең
танып білуге ықпал еткен факторлардың бірі Қашғарлық ғалымның түркілер өмір салтына
зерттеушілік тұрғыдан келуі болатын. Ұлы педагог халықтар өмірін оқып үйренудің, халықтардың
этникалық ерекшеліктерін оның этникалық тәрбиесімен байланыста қарастырудың тамаша үлгісін
74
73.
қалдырды. Бала және оның тәрбиесі, тәрбиемен байланысты салттар мен әдет-ғұрыптар, халықтықмейрамдар, адамға туған табиғаттың көркемдік ықпалы – мұның бәрі Қашғари ерекше назар аударған
тақырыптар. Ұстаз халықтың ауызша шығармашылығын және мұнда көрініс тапқан педагогикалық
тәжірибені жоғары бағалады. Ол ғылыми көзқарастың өкілдері халыққа білім таратып, идеялық
жоғары дәрежеге жеткізем десе, алдымен оның «ішкі өмірін» білуге міндетті екенін тура көрсетті.
Бұл тұрғыда ғалым өзі өнеге болған еді, оның халыққа деген ыстық сезімі мен ықыласы, ең алдымен,
«Түркі тілдерінің ерекшеліктері» жөніндегі шығармасында белгі берді. Әрбір келтірілген осы
мысалдарды автор түркі фольклоры – мақалдары мен мәтелдерден алынған мінез-құлық қағидалары
үлгілермен толықтырып отырды.
Этнопедагогикалық тұрғыда автордың этностық мінез сипаттарын қозғалмалықта дамуда
тәрбиемен, халық өмірінің тарихи жағдайларымен тығыз байланыста қарастыруы қызығушылық
тудырады. Түркілерге сүйсінушілік қарым-қатынастың қисындылығы жайлы Баласағұнның ойын
толық қуаттаушы ол былай деп арнайы атап көрсетеді: «Түркілер көрікті, өңдері ұнамды, жүздері
мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл, уәделеріне берік түратын мәрт және сол
сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар». Аса бай рухани мәдениетті
автор қоғамдық өмірдің жоғары дамуымен байланыстырады, өмір құқықтарын жаңғыртуға ұмтылыс
пен әрекетшілдікте деп бағалайды. Халықтық қағидасын жүзеге асырып дамытуда Кашғаридың
сіңірген еңбегі үлкен, ол педагогикалық қазынаға тек түркі халықтары үшін ғана емес, әлемнің өзге
халықтары үшін де мәні зор үлес қосты (З. Әбілова, Қ. Қалиева).
Қорыта келе, М. Қашқаридің еңбектеріндегі педагогикалық мұраны болашақ ұрпақтың оқутәрбие жұмыстарына пайдалану – олардың құзіреттілік деңгейлерін көтеріп, үлкен жетістіктерге
жеткізетіні даусыз. Сөздік – бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл
қазына, педагогикалық мәні бар тілдік, әдеби, тарихи тұрғыдан мейлінше бай мұра.
§ 2.5 Қожа Ахмет Йасауи (1094-1167) ілімі
Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер
ақын ағартушы Ахмет Йасауи 1093 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның
ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Араб, парсы
авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы
болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат
қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын,
әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз
жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шайырлар секілді араб, парсы тілдерінде
емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Әзірет Сұлтан атанған бабамыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы – «Диуани хикмет» (Даналық кітабы)
қыпшақ диалектілерімен көне түркі тіліңде жазылған. «Диуани хикмет» мұсылмаңдық жолының
негізігі ережелері мен қағидаларын көрсетіп береді. Ұлы кітапта ақын исламдық төрт ұстынға –
шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат мәселелеріне назар аударады. Шариғат – ислам дінінің заңдары,
дәстүр-салттары. Тарихат – сопылық ілім. Хақиқат – құдайға жақындау, қосылу. Мағрипат – дінді
танып-білу. Ахметтің ойынша, шариғат, тарихат, мағрипатсыз хақиқатқа (Аллаға жақындау) жетпек
жоқ. Адамның өзін-өзі айқындауы оның рухани өмір танымынсыз, тіпті, қажет болса, жанын берер
шынайы берілусіз мүмкін емес. Йасауи тақуалық пен сабырлылыққа, тәубешіл болуға үндейді.
Пайғамбардың «иман жаны – ұят» деген хадисін санаға құяды. Бұл о дүниеде жұмаққа апаратын
алтын көпір екен. Адамдарды әділдікке, қайырымдылыққа шақырады. Оның жолын ұстанған
шәкіртгері мен сопылықты уағыздаушылар түркістандық ғұламаны күллі әлемге таратты. Қожа
Ахмет түркі халықтарының жаңа исламдық өркениеттегі халықтық ағымының арнасын анықтап
берді. Ол жаңа діни идеологияны тәңірілік шамандықпен, зорастризммен біріктіре отырып тамаша
тиянақтай білген. Иасауи көзқарасының негізі қоғам мен адамның бақытына бағытталған.
Осы тұрғыдан алғанда Қожа Ахмет Иасауи былай дейді: «Жол бастаушы тұлғалар мен
көсемдерді үш топқа бөлуге болады. Шариғат көсемдері – ғұламалар мен қағандар; тариқат көсемдері
– шайхтар мен сопылар; хақиқат көсемдері – арифтер». «Егер ғұламалар мен қағандар шариғаттың
қоғамның игілігі үшін рұхсат еткен және тыйым салған бұйрықтары мен принциптеріне бағынса және
75
74.
өзгелердің де осы жолдан адаспауларына жарлық беретін болса, олар ешқашан тура жолдан азбайды.Олардың соңынан ерген қауым, бұйрықтарды орындаушылар да шариғат бағытынан азбайды. Егер
осы шарт орындалмаса, олар шариғат жолынан азады».
Иасауидің жетпіс мақам және жетпіс ілім тұжырымдамасының негізі пайғамбардың сүннеті мен
«Құран» аяттарынан алынған. Мысалы ол, «Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) миғраж түні Алла тағаламен
«тікелей» тоқсан мың тақырыпта сөйлесті. Оның отыз мыңы шариғат бойынша, отыз мыңы тариқат
және қалған отыз мыңы хақиқатпен байланысты болатын» Қожа Ахмет Иасауи көзқарасында қоғам
мен адамның игілі үшін руханият шарт. Оның ойынша, руханият дегеніміз – Хақ тағаланың
құлдарына берген бұйрығы бойынша – екі түрлі болады: Құрандағы бұйырылған игі істер – фарз
және тыйым салынған жаман істер – харам (Амри би’л ма‘руф және нахий ани’л мункар). «Сіз
адамдардың игілігі үшін (туған) жаратылған, (қоғамды) «жақсылыққа шақырып, жамандықтан
қашырған» ең қайырлы үммет болып табыласыз». Бұл мүмин, мұсылман атанғандар бүкіл «амри’лби’лма‘руф-ты»орындап, «нахий ани‘л мункардан» ұзақ тұратын болса, шариғат жолындамын
дегендері дұрыс тура және сонымен қатар мүмин, мұсылмандықтары да рас болғаны …Хақ
тағаланың шынайы құлдары болғаны «Алла иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтан (түзу
жолға) нұрлы жолға салады». Егер «амри’л-би’л ма‘руфты» орындамай, «нахий ани‘л мункардан»
ұзақ тұрмайтын болса, мүминмын, мұсылманмын, шариғат жолындамын деушілік бекер болғаны
және өзі (екі жүзді) жалғаншы, өтірікші. Игілікке шақырушы – шариғатқа сай болған істерді өзі
қабылдап, орындап қана қоймай, оны басқаларға да айтып түсіндіру, қабылдату деген сөз. Тыйым
салынған, шариғатқа сай келмейтін істер – күпірлік, екіжүзділік, шек келтіру, Аллаға серік қосу,
өзімшілдік, риякерлік, зұлымдық, арамтамақтық арам жолдармен күн көру (парақорлық), өтірікжалған сөйлеу, өсек-ғайбат, зинақорлық, арақ ішу, «бенк жеу», яғни наркотик қолдану және
мүминдерге хақсыз қиянат ету, азарлау – бұларға түгел тыйым салынған. Ахмет Йасауи арқасында
сопылық ілімнің философиялық жүйе ретінде түркі халықтары рухани дүниетанымында шешуші
маңызы болды. Егер түркі халқы оған дейін Тәңірге сыйынса, енді олар бір Аллаға табынды. Осы
арқылы олар Шығыс философиясы мен әлемдік діни пәлсапаны танып білді.
Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбірсөзің дертке дәрмен;
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрмені мен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен, - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық
секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға,
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға
Кекірейген кердеңдерден қаштым міне.
«Диуани Хихметте» діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі
қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты
қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың
айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ,
дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың хикметтері толған ғибрат,
мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
«Бес жасымда шариғатқа бетім бұрдым,
Дін жолында ораза тұтып әдет қылдым.
76
75.
Күндіз түні зікір айтып рахат қылдым.Жеті жасымда Арыстан бабам іздеп тапты.
Әр сырымды пердеменен бүркеп жапты.
Он үшімде нәпсімді қолға алдым.
Тәкаббарды аяқ астына басып алдым».
Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі
ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа, қызықпа, оның бәрі өткінші,
мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз
қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын
ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына
енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан
үйренгендігін жасырмаған». Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін» деп
санаған, басқаларды соған шақырған. Сопылық исламда жаңа мистика-аскетикалық ағын болды.
Орталық Азияда сопылық IX-X ғғ. кең таралған, ол, жеке сопылық мағынадағы мектептер
құрумен көрінді, олардың басында араб тілдес елдерде – шейхтар, иран тілдестерде –
шейхтар мен пирлар, ал түркі тілдестерде шейхтар, пирлар, ишандар, баба, ата деп аталатын
тәлімгерлер тұрды. Орталық Азияда анағұрлым кең таралған ордендер – накшбан-дийа,
йасса-вийа, кубравийа. Осыған орай мубайлықтар исмайылдықтар, караматтардың діни
бағыттары шафиттік, ханафиттік мазхаба және т.б. ғалымдарымен бір мезгілде өмір сүрді.
Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал,
халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ
сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке
жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. «Дертсіз адам адам емес,
мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда». Осы хикмет жолындағы «дертсіз
адам» адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз,
мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. «Ашқсыз адам» – илаhи фитраттан, яғни Алла
тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай
алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының
бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Яссауи дәрежелері
мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде
«Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май» болсын дейді. Дертті, шерлі адам
пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын
көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт
арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде
адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол «Сізді, бізді Хақ жаратты
ибадат үшін» – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам.
Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Яссауи
дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді
парыз деп қарайды. «Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай
бизар» деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет
көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде
танытады. Өйткені Қожа Ахмет Яссауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ
(махаббат) жолы. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам»,
77
76.
«кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам»тұлғалары да дәріптеледі. Ғарип адамды кемелдікмәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа
Ахмет Яссауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: «Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм
пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде» - деп рақымды тек Алладан
ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип
қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ
жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп,
санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз
психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Яссауи «Қай жерде ғарип көрсең һем дем
болғын» дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. «Құл
Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар
тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани…». Бұлар – «өлмес бұрын
өлу» философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Яссауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа
барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы
бойынша, «шынайы өмір» деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын
айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды «өлілер» және «тірілер» деп қарауға болады. Бұл
жердегі «өлі» және «тірі» ұғымы рухқа байланысты. «Өлілер» – дүниеде нәпсінің құлы
болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. «Тірілер» – нәпсілерін жою арқылы
рухтарына «өмір» сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи
мәртебесіне жеткендер.
Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен
айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани
өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан, Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі еркіндік мәселесі де
адамның «ішкі еркіндігі» шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында
«моральдық еркіндік» дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат.
Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы – Хақ
алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып,
адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды.
Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Яссауи әдісі бойынша, рухты
еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында өмір мен өлім
мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали «өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек,
ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың» дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың,
рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен
рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені
өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын
мақсат тұту шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын
тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде
ұтымды пайдаланды.
Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып,
Яссауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен
Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Яссауи сарыны байқалды. XII ғасырдан бері түркі
халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Яссауи сарыны Асан Қайғыдан
Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.
Қожа Ахмет Яссауи XII ғасырдың басында өзінің алғашқы шәкірттерін түрік әлемінің
түрлі қиырларына жібереді. Қызынан туған өзінің жиенін Ахмет Сопы – Қайалыққа, Хәкім
ата Сүлеймен Бақырғаниды Үргенші қаласына жібереді. Ахмет Яссауидің сыбайластары мен
шәкірттері: Хәкім ата (582/1183 ж. қайтыс болған) және Саид Ата (615/1218 ж қайтыс болды)
өз шейхтарының рухани әдісін Сырдария мен Жайық бассейндеріне, Хорезмде және Шығыс
Түркістанға таратты. Яссауи ілімінің таралу процесі Орталық Азияның далалық аудандарын
исламдандырумен қолма-қол жүрді. Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрген кезде оның
шәкірттерінің арасында 12 мың таңдаулы және 99 мың қарапайым халықтан шыққандар
болды. Оның Яссы қаласында 40 ханаках-чилляханы («шіркеу», сопылық үшкіруге оқытатын
78
77.
40 күндізгі курстардан өтуге арналған арнайы оқу орны) болды, онда түрік әлемінің әртүкпірінен келген көптеген зерттеушілер оқыды.
Қожа Ахмет Яссауи ілімінде ішкі еркіндікке жету рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге
асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа «ішкі құлдықтан»
құтылу және «ішкі еркіндікке» жетудің жолын көрсететін, Алла тарапынан берілген илаhи
жолдағы көрсеткіштер.
Қожа Ахмет Яссауи ілімі бойынша, «өлілер» мен «тірілер» ұғымына сәйкес, еркіндік
мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – «еркіндікті
аңсаушылар». Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – «еркіндіктен
қорқатындар». Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық
ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу. Қожа Ахмет Яссауи адам баласы
осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы
ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп
біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам
– микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни
белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай «Зікір» арқылы үнемі
есте сақтаушы. Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер
Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша «инсан», яғни
«ұмытшақ» екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу)
адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста
«қалу бәла» серті («мен сендердің Жаратушың емес пе едім» деген Тәңірінің сұрағына
рухтардың «Ия, әлбетте» деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтологиялық және туыстық
бірліктің адамзат арасында осы кезге дейін жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың,
тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялытұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Яссауи түркілік дүниетаным негізінде
жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда
болған «сопылық ағым» ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой
көрсетті. Қожа Ахмет Яссауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып
табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес,
Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу
әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда. Алла-ғашық (сүюші), мағшуқ
(сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең
негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл
құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің
негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, «адамша тіршілік ету өнерін» меңгере алады.
«Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсызқамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады». Қожа Ахмет Яссауи ілімінің
танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ –
хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы
адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына
сіңіргенде ғана «шындыққа», «жан тыныштығына» қауышады. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде
«жантыныштығы», «шындыққа жету» адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы
тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей
ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы
жетіп, «Кемел адам» тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын түркі халықтары
мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық
(мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды
ерекшелігін қалыптастырудағы, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен
жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын
табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен
тұтасып, «халық діндарлығы» түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін
Қожа Ахмет Яссауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның «құрма»
79
78.
символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстанбабтың «себеп» болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың
ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей «жерасты
мешітіне», яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды
таратудағы маңызды әдістемелік, ерекшелік әрі жаңалық болып табылады. Жергілікті
халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін дінимистикалық мектептің негізін қалаған Яссауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік
дәстүріне даңғыл жол салды. «Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады» деген
түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай
тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың
қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында
хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет
Яссауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем
шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі
шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі
әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келді. Ақынды – билеушілер тағдыры да, халықтың
өзінің тағдыры да толғандырды. Ақылды адам бола тұрып, ол өмірді барлық тұрғыдан
түсінді: сырлы ойшыл ретінде, ішкі табиғаттың жоғары рухымен байланысы бар рухани
тұлға ретінде түсінді. Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары – өлеңдер, жинақтар, рисаль дар
жергілікті тұрғындар арасында кеңінен белгілі болды. Ол тек рухани тәлімгер ретінде ғана
емес, сондай-ақ, дана мемлекеттік қайраткер ретінде де қатысты. Өзінің рухани
уағыздарында, өлеңдері мен трактаттарында, халыққа өзінің ашық сөзін айта алатынын
сезген кезде қазіргі қажеттілікке үн қатты. Аңызға сәйкес Яссауи Тәңірге қызмет ету үшін
қауымдық қарбаластан кетуге мәжбүр болады. Ол Яссы қаласының жер асты кельясына,
мешіттің жанына қоныстанады, онда қалған өмірін өткізеді. 1166/67 ж. Қожа Ахмет Яссауи
қайтыс болады және ұлы киелі адам ретінде Яссы қаласында ол үшін жабдықталған кесенеде
жерленеді, ол соңында мұсылмандардың жаппай қажылықтары мен табынатын орнына
айналды.
Қожа Ахмет Яссауи құрған бата беру мектебі білімге шөлдегендердің тартылыс
орталығы болды. Оның беделінің арқасында Түркістан Қазақстанның ең маңызды орта
ғасырлық ағарту орталығы болды.
Атақты «Диуани Хикмет» – түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы, олар ауыздан
ауызға, ұрпақтан ұрпаққа таралды, халықты адалдыққа, әділдікке, мейірімділікке және
шыдамдылыққа шақырды. Осы шығармада Яссауи тарикатының негізгі ережелері
жалпыланған. Хикметтерде ислам уағыздары және халық арасында мұсылмандықтың
нығаюына ықпал етті. Түркі тілдес халықтардың арасында «Диуани хикметті» «Құраны
түркі» деп атады, себебі нақ солар Құранды Қожа Ахмет Яссауи «Хикметтері» арқылы
қабылдады, сондықтан түріктер оны – «Хазірет Сұлтан» – «Қасиетті Сұлтан», ал
Түркістанды екінші Мекке деп атады.
«Бісміллә» деп баян еттім хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып,
Мен «дәптер сәни» сөзін аштым, міне.
Сөзді айттым кімдерге де етсе талап,
Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап.
Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап,
Діні қатты халайықтан қаштым, міне.
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл,
Көре қалсаң мүсәпірді дәмдес болғыл.
Махшар күні құзырына жақын болғыл,
Менменсінген халайықтан қаштым, міне.
Ғашық есігін Мәулім ашты, маған сыйлы,
80
79.
Топырақ қылып әзір бол деп мойнымды иді.Қара нөсер қарғыс оғы келіп тиді,
Найза алып, жүрек, бауырым тестім, міне.
Осылайша Яссауи – Алланы исламда мистикалық танудың «түркі» жолдарының
(тарикат) негізін салушы. Оның барлық тіршіліктің тұтас мәні туралы, жақындық және тіпті
Құдайды өз санасымен тану процесінің тепе-теңдігі туралы, пайымдау Құдаймен қарымқатынас, бірігу жолдарында жеке рухани тәжірибе қажеттігі туралы идеяларының
маңыздылығын, мойындай отырып, зерттеушілер осы идеялардың халықтық дүние
танымдарына бейімделуін атайды. Бірақ барлық айтылғандардан басқа, Яссауи қарапайым
халыққа түсінікті және жақын көркем сөздердің үлкен шебері ретінде араб-парсы-түркі
тілдік өзара әсер етісу процесіне қатысу тұрғысынан рухани мәдениет тарихына енді. Яссауи
шығармалары – барлық түркі халықтарының жалпы рухани игілігі. Әлі күнге дейін түріктер
«Хикметтер» мәтінін аудармасыз түптұсқада оқи алады. «Хикметтер» өздері құрған қауымды
біріктірудің идеологиялық негізі болды. «Хикметтерден» алынған үзінділер Яссауи зікірі
(сопылық үшкіру) кезінде ән боп айтылды, олар жиі белсенді дене қимылдарымен және
қатысушылардың экстатикалық тәртібімен (асма) қатар жүрді. Хусам-ад-дин Сығнақи
«Рисалада», «шейх Ахмет Яссауи жүз жетпіс маңдай алды және нағыз ұстаздар қызметінде
болды және олардан иджаз немесе өз бетінше уағыздауға рұқсат алды. Сол дереккөзіне
сәйкес ол олардың (яғни осы ұстаздардың) жарлықтарының иесі болды және олардың
әрқайсы оған өз хиркаларын кигізді – сопылық мектептердегі сабақтастық символы. Ол
олардан «зикр-и-джахр» (қатты зикр), «самаў и ракс» – салттық билердегі музыкалық
үшкіруді қабылдады».
Яссауи мектебінің келесі ерекшелігі – еркектермен бірдей діни әрекеттер жасаған
әйелдердің үшкіруге қатысуы. Бұл ортодоксальдық орталарда жағымсыз реакция тудырды,
бірақ Яссауи бірлескен зікірдің қабылдарлық екенін дәлелдеді. Яссауи мен оның
шәкірттерінің арқасында сопылық арқылы ислам Орта Азия аумағына кеңінен таралды.
§ 2.6 Ыбырай Алтынсарин ілімі
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім
беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа
талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен,
орыстың қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу
әдіс-тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам-талдаусыз, сол күйінше ала салған
жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік-танымына сәйкес етіп алды,
өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып құрастырған хрестоматиясына қосты. Ұлы ағартушыұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға
бойыңдағы бар күш-қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл
саналы өмірін арнады.
Ыбырай 1857 жылы Орынбордағы жетіжылдық орыс-қазақ мектебін үздік бағамен
бітіріп, әуелі атасы Балғожа биге (нағашы атасы) хатшы, кейін Орынбор облыстық
басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылдан өмірінің ақырғы күніне дейін
(алғашқыда Торғайда мұғалім, кейін уездік басқарманың мектеп инспекторы болып) оқуағарту саласында аянбай еңбек етеді. Ауыл-ауылдарды аралап, халықтан қаржы жинап,
Торғайда, Ырғызда, Тобылда, Қостанайда орыс-қазақ бастауыш мектептерін ашады.
Қостанай, Торғай, Ақтөбе өңірінде қолөнер училищесін, қыздар пансионатын, Красноуфимскіде мұғалімдер мектебін ашып, бар күш-қайратын, ақыл-парасатын халық ағарту ісіне
жұмсайды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген, Ы.Алтынсарин өз ойын іске
асыру жолында екі бірдей кертартпа күшпен алысып бақты. Оның бірі – қазақ даласындағы
ислам дініне негізделген татарша оқу болса, екіншісі – патша өкіметінің отарлау саясатына
негізделген қазақ балаларына христиан дінінің заңдарын оқытуды көздеген миссионерлік
81
80.
саясат еді. Миссионерлік саясатты қолдаушылар мүмкін болғанша қазақ жастарын орысшаоқыта отырып, өз ұлтының тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен мүлде бездіріп, орыстандырудышоқындыруды көздеді.
Ы.Алтынсарин
демократиялық-ағартушылық
бағыты
оның
педагогикалық
көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп
ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу
құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға
күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында
қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді
жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал,
шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген. Білім сапасы мұғалімге байланысты.
Оқыту мен тәрбиелеуде басты күш – ұстаз тұлғасы. Ыбырай айтқандай «Халық мектептері
үшін мұғалім бәрінен де қымбат болып табылады. Олармен ешбір керемет педагогикалық
басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау да теңесе алмайды». Ыбырай Алтынсарин
өзінің ардақты борышын – халқының көзін ашу, қазақ балаларына өнер-білім беру - деп
түсінген. Осы жолда 30 жылдай аянбай ағартушылық еңбек еткен. Алтынсарин өз ойын іске
асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз
мақсатын іске асыра білді. Ыбырай діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді
насихаттауға бейімдеу керек деп қарады. Осы мақсатпен ол 1883 жылы өзінің
«Мұсылмандық тұтқасы» атты оқу құралын жазып, Қазан қаласында араб әрпімен, өзінің
досы Н.И.Ильминскийдің көмегімен бастырып шығарды. Ы.Алтынсариннің «Мұсылмандық
тұтқасы» кітабын жазып шығаруына екі түрлі жағдай себеп болды: біріншіден, сол заманда
қазақ ауылдарында оқытылатын діни кітаптар («Иманшарт», «Кәлем шариф», т.б.) араб
тілінде жазылғандықтан, оның мазмұнын не молда, не оқушы түсінбей, құрғақ жаттаумен
болды. Ал діни оқулықтардың мазмұнын жете түсінбеген дүмше молдалар дін-шариғат
қағидаларын өздерінше бұрмалап, теріс түсініктер беретін. Ыбырай ислам дінінің
аяттарындағы адамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылық қағидаларын өзінің
педагогикалық көзқарастарына негіздей отырып түсіндіруді көздеді. Ол діннің өзін
тәрбиенің құралы деп қарады. Мысалы, Ыбырай осы кітаптың кіріспесінде: «...Имансыз
еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне
көңілі дұрысталмаса, әлбетте, ол намаз болып табылмай-ды...». Құдай тағала ешкімді
жамандық жолға бұйырмайды, мынау жамандық, мынау жақсылық деп көрсетіп, адам
баласына қай жолға түссе де ықтияр береді», - деп адамның жамандық, яки жақсылық ісәрекетін Алла тағала істетті дейтін молдалар насихатына қарсы шығады.
Өзінің ағартушылық, тәлімгерлік ісінде Ыбырай талай қиыншылықтарға кездесті. Оның
елден қаржы жинап, орыс-қазақ мектептерін ашып, дүнияуи пәндерді оқытуды енгізіп,
мәдениет атаулыны насихаттауын көре алмай өшіккен ел ішіндегі кейбір қожа-молдалар оны
«шоқынған кәпір» деп өсек таратса, енді біреулер 1884 жылы Ішкі істер министрлігі мен
Орынбор генерал-губернаторына «үкіметке қарсы ойы бар», «социалист» деп, өтірік арыз
жазып, қаралауға дейін барды. Ы.Алтынсарин болса, өзі ашқан орыс-қазақ мектептерін
миссионерлік бағыттағы жат пікірден де, шығыстың жаттамалы діни оқуынан да қорғап
бақты. Жастарға шынайы білім беретін дүнияуи пәндерді (жаратылыстану, география, тарих,
есеп, т.б.) оқытуды іске асырды.
Ол орыс-қазақ училищелерінің шәкірттеріне сол кездегі прогрессивтік, гуманистік
идеяда жазылған К.Д.Ушинскийдің «Балалар әлемі», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу
кітабы», Б.Ф.Бунаковтың «Әліппе мен оқу құралы», Тихомировтың «Грамматиканың
элементарлық курсы» атты оқу құралдары қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлеріне
негізделген екі төл оқу құралын («Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің
бастауыш құралы») 1879 жылы жазып бастырып шығарды. Ол қазақ жастарын оқытыптәрбиелеу ісіне ең басты мәселе деп қарады. «Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың
қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды
82
81.
оқытып-тәрбиелеу ісінен артық еш нәрсе жоқ», - деп ой түйді. «Туған елге пайдалы іскеқолдан келгенше үлес қосу – әр қайсысымыздың міндетіміз» - деп, халқы үшін жар құлағы
жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен Ы.Алтынсариннің ғылыми және
әдеби еңбектерінің бүгінгі жастарға берер ғибраты мол асыл мұра. Ыбырай Алтынсарин
қазақ даласында дүнияуи мектептер ашу, оқушыларға арнап тұңғыш оқулықтар жазумен
бірге, мектептің материалдық базасын күшейтуге баса зер салды. «Мектеп дегеніміз шын
мектепке ұқсас болуы үшін оған қаржыны көбірек бөлу керек… Өйткені мектеп – білім
берудің басты құралы» деп қарады. Ол оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді
ұялатуға бар күшін жұмсады. Ол өзінің досы Н.Н.Ильминскийге жазған бір хатында
«Шәкірттер кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге
бар күшімді салып отырмын. Мен балаларды жазалауды сүйетін онша қатал адам емеспін.
Бірақ, кейде, балаларды тентектіктен тыймай да болмайды. Тентек етіп өсірсең, балалардың
адамгершілік қасиетін бұзып аласың» деп өзінің педагогтік ұстанымын айқын көрсетеді.
Ыбырай Алтынсарин өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салт-дәстүрлерінің
ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей
география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тапсыруы бойынша «Орынбор
ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі»
мен «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда тұсу, қыз ұзату және той жасау
дәстүрлерінің очерктері» атты екі еңбегін жазып тапсырды. Бұл еңбектер орыс зиялы
қауымына қазақ қоғамының әр алуан тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы түсінік берген
тұңғыш жазба еңбектер еді. Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі
мақсаты – дәстүрдің ұлттық реңін ғылыми түрде талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып,
мән-мағынасын ашу, дәстүрді тәрбиенің құралы ету болатын. Қазақтың салт-дәстүрін жанжақты зерттеп, жинақтаумен бірге, әр ауыл мен болыс сайын мектеп ашып, мектеп жанынан
монша, кітапхана салып, қайтсем қазақ елін мәдениетті елдердің қатарына жеткіземін деп
арпалысқан. Ыбырай «қазақ халқы деген оқу-білімге сусап отырған халық, әттең, бұл іске
оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде, кейде күйінесің» деп, ел билеуші
орыс әкімдеріне қатты реніш білдіреді. Ы.Алтынсарин өзінің ориенталист досы
В.В.Катаринскийге жазған хатында: «...ең жаманы халықтың қараңғылығымен емес,
қоғамның әл-ауқаты мен мәдениетін көтеруге көмектесу үшін үкіметтің өзі қойған білімді
адамдармен күресуге тура келеді» деп қынжылуы да тектен-тек емес еді. Ыбырай орыс
мәдениетінен нәр ала отырып, патша өкіметінің отарлау саясатына, патша чиновниктерінің
қарапайым халыққа жасап отырған қысымына ашық наразылық білдірген. Ол жөнінде өзінің
«Орынбор листогы» газетіне (1880 ж. 4 сәуірде) жазған мақаласы туралы В.В.Катаринскийге
жолдаған хатында: «...Осы мақаламда қазақ еліне орыс переселендерін (көшіп-қонушы
орыстар) әкеп орнатпақ болған пікірге қарсы екенімді білдірдім», - дейді.
Ыбырайдың Орынбор генерал-губернаторы Проценко тарапынан қуғынға ұшырауы,
оның Ыбырай ашқан мектептерді жауып, өзін инспекторлық қызметтен босатпақ болып, ісін
сотқа беруді ұйғаруы да осы кез болатын. Ыбырай өзінің орыс достары Н.И.Ильминский мен
В.В.Катаринскийлердің қолдауымен ғана бұл істен аман қалған еді.
Ыбырай жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы
аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің
тағдырына терең үңілген ағартушы ұстаз.
Ыбырай Алтынсарин балаларға сапалы білім ғана беріп қойған жоқ, саналы тәрбие
берді. Тәрбиенің әртүрлі бөліктеріне – адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесіне баса назар
аударды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпты алғаш рет талдады. Ы.
Алтынсаринның ұстанған басты қағидасы баланың жеке басын қадірлей отырып, оны
ізгілікке, қайырымдылыққа жұмылдыру болды. Ағартушы ұстаз елге үлгі боларлық
шығармалар жазу барысында алдына мақсат қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа,
тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік
мәні бар жұмыс деп білемін» - дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу
идеясын көтеріп, оны шешудің жолдарын іздестірді. Шығармаларының идеясы – шыншыл,
83
82.
еңбексүйгіш, әдепті, қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді.Ата-ананы сыйлау, құрмет тұту ана қадірін түсіну, жақын достарын сыйлай білу керек деген
жалпыхалықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті
дейді. Хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыстіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципі көзделсе, екіншіден, оқушыларды
адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы
қасиеттерді олардың бойына дарыту көзделді, үшіншіден, жастардың, әсіресе, бастауыш
сынып оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруге тырысты. Ыбырай
аударып, хрестоматияға енгізген орыс жазушылары Пауэльсонның, Ушинскийдің,
Толстойдың әңгімелерінде де қайырымдылық, кішіпейілділік, талаптылық, еңбексүйгіштік
сияқты зор адамгершілік қасиеттер дәріптеліп, оған қарама-қарсы жауыздық, екіжүзділік,
дүниеқорлык, т.б. жексұрын мінез-құлықтарды әшкерелеу өзекті орын алады. Ыбырай осы
арқылы жастардың ізгі жүректі, инабатты, талапты, ел-жұртына пайдалы азамат болуын
көздейді. Тұңғыш ағартушы, рухани ұстаз Ы. Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда
ой-санасына қозғау салып, дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін көп
ізденген. Аудармашылықпен айналысудағы басты мақсатын педагог «Қырғыз
хрестоматиясына» арналған «Сөз басында» былай түйіндейді: «…екіншіден, бұл кітапта
келтірілген әнгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздедім, … пайдалы нәрсенің
бәріне жаны құмар халқымызға шамасы келгенше қызмет ету». Ой қозғаған осындай
түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту үрдісінің психологиялық,
педагогикалық негіздері, мұғалім – ұстаз мәселесі, қоғамдық психология мәселелерін т.б.
жатқызуға болады. Ы. Алтынсарин «Хрестоматия» атты еңбегінде жас өспірімдердің жан
дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу, мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті
деп есептеген. Ыбырай шығармаларындағы қысқа-қысқа әңгімелер баланың сана сезімін
оятып, дүниетанымын кеңейтеді. Ағартушы, ғалым-педагог адам өмірінде әртүрлі әдеттің
алатын орны ерекше екендігін, істеген істің, жүріс-тұрыстың, демалыстың, яғни өмірдің сан
алуан саласының қай-қайсысы да біртіндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке айналып
отыратындығын, яғни адамда жарамды, жақсы әдеттермен қатар жарамсыз жаман әдеттер де
болатындығын ескертеді. «Әдептілік – адам көркі», «Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
әдепсіз бала ата-анасын қақсатар». Осындай нақыл сөздер ұлттық тәлім-тәрбиенің бастау
бұлағы. Халқымыз жақсы мінез-құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды әдепті бала
екен дейді. Әдептілік – барлық адамға жарасатын қасиет. Ағартушы-педагогтың «Әдеп»
әңгімесі соған дәлел. Салақтық – жаман әдет. Одан тәнге де, жанға да пайда жоқ.
Ы.Алтынсариннің «салақтық» атты әнгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиянды екендігін
айқын көрсетеді. Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде
ағартушы-ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу
мақсатын көздейді. Еңбек етсең ғана көздеген мақсатыңа жетесің. Өмірдің ащысы мен
тұщысын еңбек еткен адам ғана біледі. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде
әрқайсысы өзінше тамақ табумен шұғылдануда, еңбек етуде, өмір сүру үшін күресуде.
Әңгімеде атасы өзінің кішкентай баласымен осы жөнінде кеңеседі.
- Анау өрмекші көремісің не істеп жүр?
- Көремін өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқа көремісің?
- Көремін аузында бір нанның уалшығы бар. Жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспанда не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
- Сонда атасы айтты: -Олай болса шырағым, бұл кішкентай жәндіктер саған әбірет.
Өрмекші, маса шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне азық етуге, құмырсқа балашағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей аузына тістеп, қуанып
үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр.
Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жаратпаған жұмыс, жұмыстауға
әдеттенуге керек» - деді. Ы. Алтынсариннің негізгі тақырыптарының бірі – талап. «Сәтемір
84
83.
хан», «Талаптың пайдасы», «Лұқпан әкім» сияқты әңгімелерінде талап етіп талпынбаса адамбаласы алға баспаған болар еді, деген тұжырымға келеді. Жастық шақ жігер қайраттың толы
кезінде бойдағы жасырын талант, өнерді жарыққа шығарып қалатын кез болады. Ол үшін
талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өз қабілет ыңғайыңды таны. Кейде талаптың,
жігердің жоқтығынан жап-жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі мүмкін. Сондықтан өз
талабыңмен өрге шық дейді. Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсаң да оқушысының
санасын оятып, жасөспірімдерге үлгі-өнеге берерлік, болашағына жол сілтерлік, оларды ісәрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю,
талаптылық, жігерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат қайырымдылық,
адамгершілік, жинақылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез құлыққа тәрбиелеуге
қажетті мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар, Ыбырай қазақ ауыз әдебиетінің
шығармаларын да тәрбие мақсаттарына пайдалана білді десек артық айтпаған болар едік. Өз
кітабының мазмұнын балаларға саралай отырып, Алтынсарин қазақ халқының бай
қазынасына үлкен назар аударды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті творчествосынан өзінің
кітабына ертегілер мен батырлар жырын, аңыз әңгімелерді ұтымды пайдаланады.
Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерінен мазмұн әсерлілігін стильінің жанды
тартымдылығы кейде юмордың кездесетіндігін анық байқауға болады. Иесіне қайсысы көп
пайда келтіретін жануарлардың дауласқаны деген атақты шығарма өзінің өңдеуімен ауыз
әдебиеті материалымен әдемі үйлескен. Жан-жануарлар туралы осы әңгімесінде ескі қазақ
халқының жыл есебі туралы мағлұмат берілген. Жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, тышқан
және басқа жан-жануарлардың бәрі жыл басы болуға таласады дейді. Олар жыл басын кім
бұрын көрсе сол жыл басы болсын деп ұйғарды. Таласта түйе күшіне, бойына және
шаруашылықта бәрінен көп пайда келтіретініне сеніп, менен өзге кім жыл басы бола алады
деп тәкаппарланады. Тышқан не дерін білмейді. Сөйтіп тұрғанда тышқан өрмелеп түйенің
өркешіне шығып алады да 12 жылдың жыл басы «тышқан» аталады. «Ыбырай Алтынсарин
балаларға сабақты қызықты, тартымды әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен діни
мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың
алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды». Оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо,
К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ
даласына енгізетін тұңғыш педагог болды. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық
көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын дінгегі гуманистік көзқарас, яғни
шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық
принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептерінің
меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда
оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ
сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру
керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады
да жалықтырып жібереді...Оқушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ
сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек», деп жазған еді, ал
Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «...мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам
емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» - десе,
«Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң анау
тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап өсесің деп әке баласына берген ақыл ғибратын
келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. Алтынсариннің мектептегі татарша
діни жаттамалы оқудың орнына балаларды ана тілінде оқытуға ерекше мән берді, олардың
халықтық дәстүр, аңыз әңгіме, мақал-мәтел негізінде оқытып тәрбиелеуге ерекше назар
аударып, аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетінің материалдарын атап айтқанда
жастарды ерлікке, өнерге жақсы адамгершілік қасиеттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп
енгізеді. Ы.Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық
көзқарасының үш саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға,
қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын
85
84.
жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға күнделіктіғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден шығармаларында қазақ
халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде, болған саяси әлеуметтік мәселелерді жанжақты қамтып жазуға жұмсады. 1879 жылы Орынбордан шыққан ұлы ағартушы Ыбырай
Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығында «Қазақ халқы азбаған, табиғи таза
халық. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды: ой-пікірі
еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді
үйрену керек болып отыр» деп жазған. Ы. Алтынсарин бұл тұжырымында қазақ халқының
рухани болмысын, тарихи санасын жоғары баға беріп, аса дарынды ел, аса талантты халық
екендігін айқын көрсеткен. Ол кез-келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл,
еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық зорлық жатып ішер
жалқаулық сияқты жаман әдет жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады. Қазақ
халқының келешегі тек өнер білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі
тосқауыл, кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатына
жете білді. Ол қазақ даласында татар молдалары таратқан діни оқуға, сондай-ақ патша
өкіметінің отарлау саясатына негізделген христиан дінін таратуға қарсы болды. Ы.
Алтансарин қазақ тілінде кітаптар жазып, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін
ықпалын бірте-бірте бәсеңдетуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері - деп
жазды ол - қазақтарға татар фанатизмнің ықпалын тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару
үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды
асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен
шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар татар
кітаптарымен қатар, зор күш болар еді». Ұлан байтақ қазақ даласында дүнияда мектептер
ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның ең асыл арманы болатын. Осыған орай ол:
«Орыс-қазақ мектептері – қазақтарға білім берудің басты құралы...біздің барлық үмітіміз,
қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы (бір жөні тәуір)
білім беретін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ
арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда ғана татар фанатизмнің де күлі көкке
ұшады» деп дала халқына ағартушылық идеяның нұрын себе бастады.
Ы. Алтансарин қазақ тілінде кітаптар жазып, оларды халық арасына тарату арқылы ғана
дін ықпалын бірте-бірте бәсеңдетуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері деп жазды ол - қазақтарға татар фанатизмнің ықпалын тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару
үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды
асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен
шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар татар
кітаптарымен қатар, зор күш болар еді». Ұлан байтақ қазақ даласында дүнияда мектептер
ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның ең асыл арманы болатын. Осыған орай ол:
«Орыс-қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы...біздің барлық үмітіміз,
қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы (бір жөні тәуір)
білім беретін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ
арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда ғана татар фанатизмнің де күлі көкке
ұшады» деп дала халқына ағартушылық идеяның нұрын себе бастады.
Ыбырайдың оқу-ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына кәсіби мамандық
беру мәселесін қолға алуы болды. Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер училищесін,
Қостанайда ауылшаруашылығы училищесін ашып, қазақ жастарына қажетті мамандар
даярлау ісіне зер салды. Ыбырай Алтынсариннің ұсынысымен және Орынбор оқу округінің
белгілі қайраткері В.В.Катаринскийдің қолдауымен қолөнер мектебі 1883 жылы Торғайда
ашылды. Бұл мектеп Орскіде де ашылды. Қазақ жастарын орыс мәдениеті мен біліміне
тартуда Ы.Алтынсаринның басшылығымен қазақ қыздары үшін ашылған пансионаты қыздар
училищілерінің маңызы зор еді. Қазақ қыздарына білім беру ісіне жол ашқан да Ы.
Алтынсарин болды. Ол, Ырғызда қазақ қыздарына арнап интернаты бар мектеп аштырды.
Мұнда негізгі оқу пәндері - тігіншілік өнері болды, онымен бірге қазақ қыздары орыс тілін
86
85.
және арифметиканы оқыды. Ыбырай Алтынсаринің педагогикалық жүйесінің жетістігібарлық типті мектептердегі қазақша-орысша оқытудың сабақтастығы еді.
Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі бойынша: мектеп, ең алдымен
халықтық мектеп болуы керек, халықтың тұрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы
болып құрылуы керек. Ауыл мектебі ауыл өміріне, болыстық мектеп – болыстағы жағдайға
сай құрылуы керек. Ауыл мектептері үлгілі, тәртіпті, көрнекті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл
мәдени-ағарту жұмысының орталығы «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс.
Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтардың бәрі де орыс тілін жақсы біліп шығуға арналды,
сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді. Ыбырай мұғалімдер жөнінде өте жоғары пікірде
болды. Ол ағартушылық жолына түскен күннен бастап, қазақ балаларын ана тілінде оқыта
алатын мұғалім кадрларын даярлау ісіне белсенді кірісті. Патша өкіметі Ыбырайдың бұл
тілегін қабылдамады. Керісінше, Ыбырайды қудалай бастады. Ыбырай өзінің тағы бір
хатында «оқушылар даярлайтын училище ашуға талпынамын деп басыма пәле іздеп алдым,
өкімет орындары маған теріс қарай бастады, «жер» аударылуға аз-ақ қалдым» деп күйініп
жазды. Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мәселелердің бірі-белгілі
педагогикалық даярлығы бар мұғалім кадрлардың жетіспеуі Ыбырай ол мәселені екі жолмен
шешуді көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер
мектебін ашу арқылы, екіншіден, жаңадан ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің
арнаулы мұғалімдік оқу орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы
мақсатты іске асырмақ болды. Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп
жүргенде Қазан мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийге жаңадан
ашылып жатқан екі сыныптық орыс-қазақ мектептері үшін мұғалім кадрларымен
көмектесуді сұрап әлденеше рет хат жазған болатынды. Бұл кезде Қазан мұғалімдер
семинариясы Қазан, Орынбор округтары ұлт мектептері үшін мұғалім кадрларын бірден бір
оқу орны еді. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында әдейі қазақ жастары үшін педагогикалық
оқу орындарын ұйымдастыру мәселесін жедел күн тәртібіне қойды. Ыбырай Орскіде
ашылған педагогикалық мектептің оқу жұмысын жетілдіріп отырды. Ыбырай Алтынсарин
Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін қалауда және қалыптастыруда ерекше роль
атқарды. Сондықтан да Ы.Алтынсарин Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін
салушы «Ұстаздардың ұстазы» ретінде бағаланады. Ы.Алтынсариннің тәрбиеші-ұстаз,
мұғалімдік өнер жөніндегі айтқандарында психологиялық түйіндер аз емес. Ол оқу-тәрбие
үрдісіндегі мұғалім рөліне айрықша маңыз береді, мектеп ісінің сан-саласындағы
жетістіктері мұғалімнің білімі мен іскерлігіне, беделі мен өз жұмысын жан-тәнімен сүйе
білуіне байланысты деп түсінген. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының өзіне тән ұлттықтәрбие үрдістерін ағарту ісімен ұштастыра отырып, бүгінгі педагогика саласындағы бірнеше
бағыттардың негізін салды. Халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесі негізінде ол Қазақстандағы
ұлттық мектептердегі оқыту ісінің әдістемесінің іргетасын қалады. Ол Қазақстандағы
мектептердегі оқыту, білім беру ісін бір жүйеге келтіруді талап етіп, соны белгілі жолға
қойды. Оның жаңашыл әдістерінің бірі – оқытудағы оқу үрдісін ана тіліне негіздей отырып,
орыс тілін меңгеру болса, оқу үрдісіндегі жаңашыл идеясының бірі – оқулықтар мен оқу
құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде жасау еді. «Оқыту
процесінде
қалай
болса
солай
оқытпай
–
ғылым,
білім
беру жүйесі
сақталу керек».
Ы.Алтынсариннің тәрбиеші-ұстаз, мұғалімдік өнер жөніндегі айтқандарында психологиялық
түйіндер аз емес. Ол оқу-тәрбие үрдісіндегі мұғалім рөліне айрықша маңыз береді, мектеп
ісінің сан-саласындағы жетістіктері мұғалімнің білімі мен іскерлігіне, беделі мен өз
жұмысын жан-тәнімен сүйе білуіне байланысты деп түсінген. «Қашанда бір істі істегіңіз
келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз
дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз».
Ы.Алтынсарин халықтың мүң-мұқтажын білдіруші ағартушы-педагог ретінде өз халқының
білімі мен мәдениетін, тұрмыс-жағдайын жақсартуды игі мақсат етті, оны жүзеге асыру
қазақтың озық ойлы және білімді азаматтарына байланысты деген ой түйді.
Тәрбиелеу қазақ ілімі – төрт құбыласы тең ілім.
87
86.
Джон Локк: «біз олардың тумысынан болатын мінез-құлық қасиетін толық өзгертеміздеп есептемеуіміз керек, яғни, көңілді кісінің тұйық болуына, ал меланхоликті көңілшек бол
деп үгіттей алмаймыз. Құдай әрбір адамның жанына арнайы мінез-құлық мөрін басқан, біз
оның тек жағымсыз қасиеттерін түзете аламыз, бірақ тұтастай өзгертуге ұмтылу кері
үдеріске әкелетінін естен шығармағанымыз жөн», «қандай тәрбие берілді нәтижесі де сондай
болмақ».
И.Г.Песталоцци: «Моральдық тәрбиенің негізгі бір мақсаты балаларды адамгершілікке
жататын қылықтарға жаттықтыру. Осының нәтижесінде олардың еркі дамиды,
ұстамдылыққа үйренеді. Песталоцции моральдық тәрбиені діни тәрбиемен байланыстырады.
Ол дінді сынағанымен, егер құдайды қадірлесе бір-біріне туыс болып табылатын барлық
адамдарды да қадірлейді», - деп есептеді.
Исламдағы сайру-сулук ілімінде кемелдікке құштар адам Хаққа рухани сапар шегеді.
Хақиқатты толық танып білгеннен кейін халыққа сол хақиқатты таныту үшін қайтып
оралады. Бұл жолы кемел мінез-құлықтың иесі бар ынты-шынтымен халыққа қызмет етіп,
хақиқатты паш етеді.
Конфуций: «Дана-қобалжуды білмейді, адамгершілігі бар қам жемейді, батыл қорқынышты
білмейді. Ұстаз айтты: - Ізгі кісі мына ойды есінде тұтады: қараған кезде анық байқады ма;
естіген кезде дұрыс естідіме; өзінің бет-әлпеті тартымды ма; сөзі шын ба; іске дұрыс
көңілмен қарай ма; күмән туса, ақылдасуға дайын ба; ашуланса, соңы теріске айналып
кетпей ме; қандай жетістіктерге болса да жеткенде, онысы әділетті бола ма?».
§ 2.7 Абай Құнанбаев ілімі
Абай Құнанбаев (1845-1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін
салушы ғана емес, соны мен бірге ұлы ойшыл педагогы. Оның поэтикалық шығармалары
мен «ғақлия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және
педагогикалық ой-пікірлерге толы. Ұлы ойшыл адамдар жаратылысында бірдей емес дейтін
нәсілдік көзқарасқа қарсы шыға отырып (отыз төртінші қара сөз), «адамның туысы, дене
бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей… Адам баласы анадан туғанда екі түрлі
мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмарлығы.
Екіншісі – білсем екен деу-жан құмарлығы»… деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан
құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол талаптылықпен ерінбей
еңбек еткен адамның қолына түседі…» деген қорытынды жасайды. Ол табиғат
құбылыстары бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адам қоршаған
ортаны – табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы танып біледі – деп қарады.
Абай өзінің бүкіл шығармалық еңбектерінде, өлеңдері мен қара сөздерінде де, адам
тіршілігіндегі – ж ү р е к т і ң ықпалы, адамның т ә н і мен ж а н ы н ы ң падишасы ж ү р е к
екенін – дәлелдеп көп жазған ғұлама еді. Жүректің ізгілікті және махаббатты болу себептері
– «...әуелі хауас сәлим (ішкі сезім, жақсы сипат) һәм тән саулық, бұлар туысынан болады...»
– деп жүрек тәрбиесінің тым ерте қалыптасатындығын меңзейді. Абайдың бұл мағынадағы
меңзеуін төмендегі өлеңнен де көруге болады:
«Алла деген сөз жеңіл Аллаға ауыз жол емес.
Ынталы ж ү р е к, шын к ө ң іл Өзгесі хаққа қол емес.
Дененің барша қуаты Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты Махаббат қылса тәңірі үшін.
Ақылға сыймас ол алла, Тағрипқа тілім қысқа аһ!
Барлығына шүбәсіз, Неге мәужүт ол куә.
Ақылмен х а у а с барлығын Білмейдүр, жүрек сезедүр.
Мутәкәллимин мантикин Бекер босқа езедүр», - деп шығыс
философиясындағы мәнді сөздермен сілтеме жасай отырып із тастап жазады. Міне, осы
өлеңімен (түсіну, білу, анықтау; бар нәрсе; түйсік, сезім сипаттары; дінді дәлелдеушілер;
қисынсыз сөз;) данышпан Абай терең-терең ағымдарды меңзеп қана қоймай, неше алуан
88
87.
ілімдердегі тұжырымдарға да мән береді. Осылайша, шығыс философиясындағы көнеілімдермен ұштастыра отырып, өзінің жандүниесімен құптаған – жүректің тендессіз
ықпалын (культін) үнемі алдыңғы қатарға қоюдан айнымайды. Абайдың осы көзқарастарына
сүйене отырып, біздін ұлттық педагогикамыздың арқауы мен арнасы да, осы маңайға
көмбесін қалдырғанын аңғаратын мезгіл жетті. Тек, осы құдіретті жүрекпен сезіп, а қ ы л м е
н аша ұғынсақ екен. Арнайы тоқталып сөз етіп отырған, адам мінезіндегі қанағаттылық
сипаты, адамдардың адамгершілігі мен кісіліктерін сақтап, аса үлкен мұраттарға
жетелейтіндігін ұлт педагогикасының қағидаларынан да анық байқауға болады. Мәселен,
халық даналығы: «Қанағат – қарын тойғызады, қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады», деп өз тұрмысының, жай-күйін тұтас алып сипаттайтын ой түйеді. Егер, қанағатсыздыққа
салынып, бір шаңырақтың астындағы жандарда ғана емес, бүкіл ауылды асырап отырған
жалғыз атты сойсаң, бірдің, емес, жүздің тіршілігін солдырғанмен бірдей болатындығын
ашық айтып тұр. Міне, бұдан көп толғаныстармен толыса, қаншама ілімдермен салыстыра
жетілдірген Абайдың педагогикалық көзқарастарының бастауы да халық педагогикасымен
біте қайнасып жатқанын аңғару қиын емес. ӘДІЛЕТ-ШАПҚАТ. Жоғарыда айтылған ж ә у а
н м ә р т л і к ілімнің бір көрінісі – Әділет. Содан тарайтын шапқат пен адамдардың бірбірлеріне деген мейірімдері көрінбек. Ұлы Абай осы мәселелерді өзінің көсіле толғанып
жазған 38-ші қара сөзінде толып жатқан инабаттық (этикалық) сипаттармен салыстыра
қарастырып, аса терең рухани ұғымдарға үңіледі. Өз уақыты үшін тым биік те аса
көрегендікпен жаңа тұжырымдар жасайды. Мәселен, ол осы 38-ші сөзінде: «Ей, жүрегімнің
қуаты, перзенттерім?! Сіздерге адам ұғымының мінездері туралы біраз сөз жазып ядкар
(ескерткіш) қалдырайын. Ықлас-бірлән оқып, ұғып алыңыздар, жаның үшін махаббатың
толады. Махаббат - әуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселер – бірлән. Мұның
табылмақтығына себептер - әуелі х а у а с с ә л и м (ішкі сезім, жақсы сипат) һәм т ә н
саулық, бұлар туысынан болады, қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы
ұстаздан болады. Талап, ұғым – махаббаттан шығады.
Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. Ғылым-білімді әуелі
бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен, яки алдауменен үйір қылу керек,
үйрене келе өзі іздейтіндей болғанша», - түбегейлі нәрселерді түре айтып, күллі
педагогикалық тәлім мен тәрбиенің негізгі әдістеріне жөн сілтейді. Бүкіл шығыс
мәдениетінің терең сезімталдық (хауас) пен ойшылдыққа құрылған ілімдері мен ойын
өрнектеп және замана өзгерістеріне лайықтап жетілдіріп те отырады. Абайдай кемеңгердің
педагогикалық еңбектерінен, иісі Түркі халықтарынан шыққан ғұламалардың еңбектерінің
ізін көріп, Фараби мен Баласағұн шығармаларын тебіренген тереңдікпен зерттегендігін
байқау қиын емес. Сондықтан да оның ұрпағына сыр ғып қалдырған, «Жүрегімнің түбіне
терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» дейтін мұңға толы өсиетінің сипаты да,
сол өзінің алдыңда өткен ілімдерді түбегейлі зерттеп білгендігінде жатса керек. Осы
айтылғандардың айқын айғағындай, тағы да Абайдың өзін тыңдап көрелік: – «Қашан бала
ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты – а д а м болады. Сонан
соң ғана алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын
бұзбай ғана жәліб мәнфағат (пайдалыны алу) .... дәфғы музарратларны (залалдыдан қашу),
айырмашылық секілді ғылым-білімді үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады. Болмаса
жоқ...ең болмаса шала. Арың үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа
салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, иә ол балалары өздері барған болады –
бірақ ешбір бәһра (пайда, нәтиже) болмайды. Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға
да, ұстазға да, хаттә иман иғтиқатқа да (нану, сену), қиянатбірлән (қиянатшыл) болады.
Олардың адамшылығының кәмеләт (жетілу, толығу) таппағы – қиынның қиыны...» - дей
келіп, соншама үлкен тәлімдік тұжырым ұсынады да, телегей теңіз тереңдікте жатқан
тәрбиенің мәнін суыртпақтай түсіп: «...Себебі, алла тағала өзі – хақиқат жолы. Хақиқат
бірлән растық - қиянаттың дұшпаны, дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілде өзге махаббат тұрғанда-хақылықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа
құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады...» - деп, біз
89
88.
ұсынып отырған жүрек тәрбиесінің жүйесі ғана жетілдіретін инабат пен имандылыққа қоса,физиологиялық әр кезеңнің өзіне тән тәлімі мен тәрбиенің ақ жолын көрсетіп отыр (СоветХан Ғаббасов)». Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени жағынан артта
қалушылығы – оның феодалдық-патриархалдық қатынасынан, рулық талас-тартыс етек алған
көшпелі тұрмысынан деп қарайды. «Күнде ұрлық, күнде төбелеспен күн кешкен» алты бақан
алауыз елінің «жақсыларына» налыған Абай «малыңды жауға, басыңды дауға» салып,
өміріңді қор қылмай татулас, бірлесіп ел боп «егіннің ебін, сауданың тегін» үйрен, «жан
аямай кәсіп қыл» деп өсиет айтты. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын көре білді, сол таптық
қанаудан құтылудың жалғыз жолы оқу, ағарту мәселесі деп қарады. Ол оқудағы мақсат
халыққа адал қызмет ету деп ұқты. Жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды. Сол
кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып,
парақорлықпен, алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына қатты ызаланған. Абай жанжақты, кемел тәрбиелі адам ғана «толық адам» санатына қосылады деп есептейді. Ал
кемелдікке жетудің тура жолы – адам бойында имандылық қасиеттердің туындауынан
басталады. Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек сияқты тәрбиенің бәрі де осындай
мұсылмандылыққа ден қойған жастың бойына тез үйіріледі деп пайымдайды. Абай
поэзиясын тұтастай қарастырғанда, одан баға жетпес мынадай үш асыл қазынаны бөліп алар
едік:
1) Алланы сүю, оның «хикметін сезіну», «Алланы жаннан тәтті» сүю.
2) «Әділетті сүю, оны Алланың хикметі деп сүю».
3) Адамды, бүкіл адамзатты сүю. Оны жай сүю емес, хақ жолы деп сүю, яғни Алла махаббатпен
жаратқан Адамды сүю.
«Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп тахқиқ біл.
Ойландағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл», - деген өлең жолдарының өзі осыны көрсетеді. Абай қазақтың
мінін, жаман әдет-мінезін айнадан көргендей, терең психологиялық дәлдікпен жіктеп, талдап
береді. Қазақ арасындағы бірлік деген қастерлі ұғымның жойылғанына жаны жылап, мұңаяды.
Қазақтың өз арасында бітім, келісім деген жақындық, намыс атымен жоқ.
«Орыссыз жерде топ болса,
Шақырған кісі бармайды.
Бас қосылса орысқа,
Кім шабады намысқа? - дейді, Абай. Бұл өте терең құлдық психология, «бас басына би болып,
өздерінен шыққандарды көзге ілмей, жатқа паналау, өз ішіндегі мәселені шешу үшін орысты төреші
қылып сыйынудан асқан халыққа, мәдениетке, ұлтқа қиянат жоқ. Осындай дертті ойлап, уайым
жеп, ұялатын жан жоқ. Абай «Имансыз елден ұят қашады» деген Хз. Мұхаммед пайғамбардың
хадисін келтіріп, қазақтың хәлі осы – имансыздық» - дейді. Көп ішінде жалғыз қалып күңіренген,
«Ішім толған у мен өрт, сыртым – дүрдей» деген Абайдың мұңы «…көкірегімді тесіңдер, қан мен
мұңға толды әбден» деген Иасауидің жанайқайымен үндесіп жатыр. «Имансыздың сыртын қанша
жусаң да, іші оңбайды».
Абай осындай дертке шалдыққан елге дауа іздейді. Оның дауасы – «Құран», түгел сөз, адам бойына
имандылық дарытатын ар түзейтін ғылым. Абайдың түзу сөзі – «әуелі аят, хадис – сөздің басы”,
яғни, елді түзейтін сөз әрі қисынды, әрі өлеңмен (бәйіт-мысал) жазылған Алланың сөзі, «Құран».
«Құран» – ақылды сөз бен терең ой, терең ғылымның көзі, сондай-ақ ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр,
талап сияқты адамдық құндылықтардың кені.... Мақтанқұмар, малқұмар, арамдық, ұрлық,
пайдакүнем, нені ұға алсын» - дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:
90
89.
Түбінде баянды еңбек егін салған,Жасынан оқу оқып білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған, - дейді.
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып, білім
алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салады. Өнер-білімсіз
қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да
балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері
дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі…» - деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге
етті. Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды. «Ақыл – ардың сақтаушысы» деп
қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы
ағартушы:
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, – деп кейбір жастардың іс-әрекетіне кейістік білдіреді.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз, – деп, ел қамын ойлаған жастардың бойында қандай қасиеттердің болуы
керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің қалыбы үш
нәрсеге байланысты екендігін айтады:
«...Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек», - деп адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық,
жалқаулық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын
айта келіп, естігенді еске сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдылардан бойын аулақ
ұстау, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қастерлейді. Абай
жаңа өмірге бастар жол оқу ағарту, адамның рухани жағынан, азат болуы деп түсінді. «Адамның
білімі, өнері-адамшылықтың таразысы» деп санаған Абай білімді барлық атақ, құрмет пен бедел,
байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі – жастық шақты оқуға, ғылымға
жұмсауды еске салады. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден,
білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс дей келе: «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл
бөлсеңіз...», - деген тұжырым ұсынады. Абайдың ұстаздық ойларының ішінде білімді өмір бойы
игеру, оны кітаптан іздеу, өз бетінше оқу, естіп білгенді есте сақтау мәселелері айқын көрініс
тапқан. Абай әр шәкірттің өзін-өзі ғылым мен білімге жетелейтін жолдарын көбірек сөз етеді.
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он
тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып,
естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау,
ғибрат алу ғана есті етеді», - деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми
тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүтпен біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс
көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған әлеуметтік орта
әсерінен өзгеріске енеді, ол іс-әрекет арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің
түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман
деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге
жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т.б. жаман
мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса
жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал» –
91
90.
дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай:«Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен
оздым ғой демектің бәрі ақымақтық», – дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің
ерекшелігін саралап көрсетеді. «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің
замандастарының бәрі виноват», - дейді. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты
екенін дәлелдей келіп, өзінің отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам,
адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – деді.
Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін қуаттайды. Өзінің отыз үшінші қарасөзінде
«Егер мал керек болса, қолөнерін үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп, жастардың
сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі азамат болуын, белгілі бір өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын,
адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы ақын оларға:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болса, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан, - деп өмірден өз орныңды таба біл, қоғамның пайдалы азаматы бол деп
өсиет айтады. Абай адам болам деген әрбір талантты жастың бойында адамшылықтың қандай
нәрі, ізгілікті сипаттары басым болу керектігін алғаш рет «Ғылым таппай мақтанба» атты
өлеңінде саралап берді.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз, - деп, толық адам немесе инсанияттың кәмелаттығы туралы тезис жазған –
ұстаз. Абай дана, қазақтың педагогика тарихында алғаш рет тәрбие оқулығын жазып қалдырған.
Оның ерекшелігі – жасқа да, жасамысқа да, қарттарға да қажет бәріне ортақ – оқулық. Абай
махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік
сезімімен қарауға шақырады. Өзінің «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» (1891) деген өлеңінде
отбасы өмірінің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте келіп,
күнделікті тіршілікте кездесетін қиындық атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың
әзір болуын талап етеді. Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның
баласы болма, адамның баласы бол… жақсылығың көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген
гуманистік ой-пікірді қуаттауы еді. Осы жерде Мекемтас Мырзахметұлының мына сөзі еріксіз
ойға оралады. «Абай неге өмір бойы зарлап өтті? Пенделік көзбен қарағанда, олай ететін жөні жоқ
еді ғой. Ештеңеге мұқтаж болған емес, сонда неге зар иледі? Оны қынжылтқан халқының қасіреті,
бодандық тағдыры. Он сегіз жыл би, болыс болған ол биліктің ішкі құпиясын, бізді сорлатқан саяси
әдісін терең танып білген. Содан кейін патшаға телеграмма жіберіп: «Мынау сайлау елді бүлдіріп
жатыр. Сіз генерал-губернаторларға бұйрық беріңіз, болыстарды тағайындап қойсын», деген ойын
жеткізді. Патша олай істемейді, өйткені ол «сексеуіл әдісін» қолданып отыр. Бұл әдісті Батыс
Сібірдің генерал-губернаторы Сперанский ұсынған. Ол патшаға жазған қызмет хатында:
«Қазақтың даласында сексеуіл деген ағаш өседі екен, балталаса жарылмайды, шеге қақса кірмейді,
бірақ сексеуілді сексеуілге ұрса быт-шыты шығады. Осы сексеуіл әдісін қазаққа қолданайық» депті.
Міне, Ресей империясының бізге қолданған басты саясаты осыған негізделген. Әр болыста 12 ауыл
болады, ол 12 ауыл әр түрлі рудан болуы шарт, содан кейін 4 ауылнай, 4 би сайланады, тағы да
онбасы, елубасы лауазымдарын қосқанда, шамамен 270-тей қызмет орны болады. Қазақтарды
соған таластырады. Аш иттерге майлы сүйекті лақтырып жібергенде бәрі бірден бас салады емес
пе?! Дәл осы секілді қазақтар да қызмет үшін итше таласты, осыдан келіп қазақтың мінезі
бұзылды. Мұны көріп, сезген Сұлтанмахмұт Торайғыров: Абай тұсы қазақтың бұзылғаны,
Қаралыққа айналып қызыл қаны… Ақ пейіл бауырмалдық қалып кетіп, Желбуаз «сұрқия» боп
қызынғаны. Мас болып партияға қызып алған, Даланың табиғатын бұзып алған, Елдігіне, жеріне әм
дініне, Құрылды талай тұзақ, талай қақпан», - деп қамыға жырлады. Мұндағы тұзақ дегені –
миссионерлік саясат. Яғни шоқындырып, орыстандыру болды. Ал қақпан дегені – бізді қасіретке
ұрындырған сексеуіл әдісі. Мінез-құлқымыз түзелер емес, Абай осыны көрді. Қалай еліме жәрдем
92
91.
етемін деп, халқына ем үшін толық адам ілімінің негізін сала бастады, бірақ аяқтай алмай кетті.Тек рухани өзегін жүйелеуге ғана үлгерді. Әуезов білсе де айта алмады, себебі бұл ілім тікелей
дінмен байланысты болатын. Абайдың толық адам ілімінің формуласы үш сөзден ғана тұрады: бірі
– ақыл, жай ақыл емес, нұрлы ақыл. Содан кейін, нақылия, ғақлия дәлелдерге сүйеніп, әділетті
алады. Үшіншісі – рахым». Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті
таным бар. Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қ.Яссауи кемел адам
жайлы ой-пікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады. VIII-IX
ғасырда түрік халықтарының мінез-құлықтары, ой-танымын жолға салу әрекеті Әл-Фараби
ұстанған моральдық-этикалық ілімінде парасатты адам (инани фазыл) туралы танымында
жатты. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық
трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек –
басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты
мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес» - дейді. Әл-Фараби түрік әлемінде өз танымының негізі
ретінде жүрекке шешуші мән беруі – Абай негізін қалаған «толық адам» ілімінің түп төркіні қайда
жатқандығын білдіретін құнды дерек көздеріне жатады. Әл-Фарабидің осы философиялық
тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан. Абайдың осы
сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып,
ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: - Сен
үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл,
сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны – діні құмар
болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып
шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді.
Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, - депті. Осы
үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік
қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды
сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды» - деген қорытындыға келеді. «...Үш-ақ нәрсе
адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп Абай айтқандай, жүректің
жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені-тәлімгердің жүрегі
болуға тиіс. Бір қызығы «он жетінші» қара сөз бен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі ақыл, қайрат,
әділет, шафқат (жүрек) секілді басты ұғымдардың барлығы да Жүсіп Баласағұнның «Құтты
білігіндегі» «жауанмәрттілік» (ақыл) деп аталатын төрт түрлі кейіпкерге балама ретінде
суреттелетінін байқауға болады:
1. Әділет Күн-туды.
2. Дәу-лет(қайрат) – Айтолды уәзір.
3. Ақыл Өгдүлміш уәзір.
4. Шафқат – Одғұрмыш (қанағат, рахым).
Ал А. Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Халыққа, ұлтына
қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін
халқына арнау кемелдікті білдіреді. Осылайша А. Ясауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ
адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары дәріптеледі. Хикмет жолындағы «дертсіз
адам» адамдық сезімнен жұрдай, қара басының қамын күйттейтін жан. Дертті адамның А. Ясауи
іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің-шырақ, халің - пілте, көз жасың – жағатын
май» болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, қоғамның кемшілік тұстары мен
ақсаған руханиятын көріп, қайрат-жігерімен одан шығар жол іздейді. А. Ясауи ілімінде адамның
жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету. Бұл ибадат – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы
мақам. Өйткені А. Ясауи ілімі – ойдін мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашық (махаббат) жол.
Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде
бағалайды. Сондықтан да А. Ясауи «Қай жерде ғарип көрсең һәм дем болғын» дейді. Яғни оларға дем
бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Міне, Абайдың «толық адам» туралы
танымы да Сократтан басталатын Платон, Аристотельдегі «сүюді сүйеніш еткен адам»,
Қытайлардың дао іліміндегі «әбден жетілген адам», Шығыс ойшылдары мен суфизмдегі
«пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам», атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі «Кемел адам»,
93
92.
Ж.Баласағұнның дастанында көрініс тапқан «Жауанмәрттілік» ілімі және А.Ясауидүниетанымындағы «дертті адам», «топырақ адам», «ғарип адам» секілді тұлғаларымен сабақ
тасып жатыр. «Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігер мықты адам ғана адамдықтың шыңына
жете алады» (И. Гёте). Көне қытай ойшылдары адамның адамдық қасиетін сыртқы көрінісінен
іздейді. Ұлы ойшыл Конфуцийдың пікірінше адам үш түрлі болады:
Дана адам – асып таспайды,
Жақсы адам – күй талғамайды,
Батыл адам – қорықпайды, - дейді. Сонымен қатар қытай жұртының ғұламасы, дао ілімінің негізін
қалаушы Чжан-Цзы: өзінің арғы тегінен ажырамайтын адамды «Аспан адамы», рухани
бастауынан бөлінбеген адамды «Қасиетті адам», шындықтан бөлінбеген адамды «Кемел адамға»
жатқызған екен. Тағы да осы шығыс ғұламаларының даналық өсиеттерінде:
1. Ештеңе білмейтін, бірақ, ештеңе білмейтінін түсінбеген адам ақымақ. Оны айналып өт.
2. Ештеңе білмейтін, бірақ, өзінің білмейтінін түсінген адам – шәкірт. Оған ілім үйрет.
3. Барлығын білетін, бірақ, білгенін іске асырмайтын адам – ұйқыдағы жан Оны оят.
4. Барлығын білетін білгенін іске асыратын адам – данышпан. Оны ұстаз тұт – деген кемел ойлар
айтылады.
Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай –
толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген тезисі
негізінде ары қарай жүйелеп таратылып, жыл өткен сайын күрделене түсуде. Толық адамның тұла
бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер малшашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жаман мен жақсының ара жігін бөліп, талдау жазған. Мүмкін дәл солай қабылдау керек шығар...?
Бірақ мен өзімше бір талдау жасадым. Өлеңде бір реттілік заңы байқалады. Мысалы: Өсек, өтірік,
мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ...Бәрі осы өсектен басталады. Әңгіме болсын деп өсек
айтамыз. Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам
мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар
адамның өсек айтуға да уақыты болмасы сөзсіз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар
адам баласын». Тағы да Абай! Жұмысссыз, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді. Талап,
еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой...Таудай талапсыз армандарға жету екіталай. Талап
бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жай еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек. Осы
94
93.
үшеуі болған жерде нәтиже де болуы сөзсіз. Сол нәтижеге қанағат етіп, адамдарға қол созып,рақым ойлап қоюды да ұмытпау керек. Әрине тек бұл тек өз ойым ғана...» (Болатбекқызы А.). Адам
болу туралы ой пікірін «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсе төркінінен хабар беру себепті
М. Әуезов бұл өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп қорытпай айтқан мағыналы да програмдық бір өлеңі», деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Осылайша Абай жас өркеннің бағдар түзер
айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды. Абай атаған бес қасиет
негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек – қайратты танытса,
терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы
үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан
басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп
нақтылай түседі. «Ыстық қайрат» – бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу,
жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» – елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек
жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» – иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау,
олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта
пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады. Ақыл, қайрат,
жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек», - дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің
басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам.
Абайдың арманындағы толық адамның іргетасы дінмен ұштасып, дін мен дамиды және дінмен
жетіледі. Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп,
өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында
жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы. (Болатбекқызы А.
Абай шығармаларындағы «толық адам»әселесі// Молодой ученый. 2015. -№8. 1. -С.).
Абай қазақтың мінін, жаман әдет-мінезін айнадан көргендей, терең психологиялық дәлдікпен жіктеп,
талдап береді. Қазақ арасындағы бірлік деген қастерлі ұғымның жойылғанына жаны жылап,
мұңаяды. Қазақтың өз ара сында бітім, келісім деген жақындық, намыс атымен жоқ. «Орыссы жерде
топ болса, Шақырған кісі бармайды. Бас қосылса орысқа, Кім шабады намысқа? - дейді, Абай. Бұл
өте терең құлдық психология, «бас басына би болып, өздерінен шыққандарды көзге ілмей, жатқа
паналау, өз ішіндегі мәселені шешу үшін орысты төреші қылып сыйынудан асқан халыққа,
мәдениетке, ұлтқа қиянат жоқ. Осындай дертті ойлап, уайым жеп, ұялатын жан жоқ. Абай «Имансыз
елден ұят қашады» деген Хз. Мұхаммед пайғам-бардың хадисін келтіріп, қазақтың хәлі осы –
имансыздық» - дейді. Көп ішінде жалғыз қалып күңіренген, «Ішім толған у мен өрт, сыртым-дүрдей»
деген Абайдың мұңы «…көкірегімді тесіңдер, қам мен мұңға толды әбден» деген Иасауидің
жанайқайымен үндесіп жатыр. Абай осындай дертке шалдыққан елге дауа іздейді. Оның дауасы –
«Құран», түгел сөз, адам бойына имандылық дарытатын ар түзейтін ғылым. Абайдың түзу сөзі –
«әуелі аят, хадис-сөздің басы», яғни, елді түзейтін сөз әрі қисынды, әрі өлеңмен (бәйіт-мысал)
жазылған Алланың сөзі – «Құран». «Құран» – ақылды сөз бен терең ой, терең ғылымның көзі,
сондай-ақ ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап сияқты адамдық құндылықтардың кені.
«...мақтанқұмар, малқұмар, арамдық, ұрлық, пайдакүнем, нені ұға алсын» - дейді. Ислами тәрбие көре
алмай, ұлттық құндылықтардың мөлдірінен сусындай алмаған ұрпақ кез-келгеннің қолшоқпарына
айналып кете барады. Оның дәлелі, әлемде болып жатқан азғындық, мейірімсіздік, қатыгездік
имансыз тәрбиенің нәтижесі. Жүрегінде иманы жоқ адам – бақылаусыз адам. «Күзетшісіз, ескерусіз
иман тұрмайды» (Абай). Құдайдан қорықпаған, имансыз адамға сенім артуға болмайды. Ал иманды
адамның жүрегінде әрбір әрекетін қадағалап, бақылап тұратын ішкі сенім бар. «Иман сақтауға –
қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. Құдайшылық – жүректе. Қалпыңды таза сақта.
Құдайдан – қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! Ғылымды, ақылды
сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз
сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады».
Өзінің атақты «Қара сөзінде» ол болмыстың мәндік қабаттарын өзінің қайғы мен бақытқа толы
өмірлік тәжірибесі арқылы ашады. Бізге солай көрінетін, бірегей тұтас мәтін ретінде түсінілетін,
қазақтың дәстүрлі мәдениетіне Абай герменевтикалық түсіндіру береді. Осындай өнімді тәсіл Абай
философиясының ұлттық төлтумалығын айқындай алады, бұл оның мұрасын дүниежүзілік мәдениет
кең мәтінінде айрықша маңызды етеді. Абай – «адам – әлем» қатынасының тұтастығына негізделген,
қазақ ділінің көрсеткіші. Осында – ерекше тұлғалық тип те, ақыл мен жүректің арасындағы
айырылудың жоқтығы да, жүрекпен ойлау шеберлігі де тұр. Жүрекпен ойлау дағдылығын
қалыптастыру – ХХІ ғасырдың маңызды міндеті. Абай бәрінен көп жалқаулық пен надандықты жек
95
94.
көреді. Ол ағартушылыққа, ғылымдардың негіздерін оқып-үйренуге шақырады. Бірақ ол сол уақытта,ар-ұят және жүрек жарығынан ажыраған, ғылымның қауіптілігі туралы да ескертеді. Оның ұстыны –
ақылды жүрек немесе арлы ақыл. «Кімде махаббат пен әділеттілік сезімі билік жүргізсе – сол дана.
Халқына ем үшін толық адам ілімінің негізін сала бастады, бірақ аяқтай алмай кетті. Тек рухани
өзегін жүйелеуге ғана үлгерді. Әуезов білсе де айта алмады, себебі бұл ілім тікелей дінмен
байланысты болатын. Абайдың толық адам ілімінің формуласы үш сөзден ғана тұрады: бірі – ақыл,
жай ақыл емес, нұрлы ақыл. Содан кейін, нақылия, ғақлия дәлелдерге сүйеніп, әділетті алады.
Үшіншісі – рахым». Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар.
Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қ. Яссауи кемел адам жайлы ойпікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады. VIII-IX ғасырда түрік
халықтарының мінез-құлықтары, ой-танымын жолға салу әрекеті Әл-Фараби ұстанған моральдықэтикалық ілімінде парасатты адам (инани фазыл) туралы танымында жатты. Әл-Фараби өзінің
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат»,
«Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің
ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі
бірінші емес» - дейді. Әл-Фараби түрік әлемінде өз танымының негізі ретінде жүрекке шешуші мән
беруі – Абай негізін қалаған «толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды
дерек көздеріне жатады. Әл-Фарабидің осы философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара
сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан.
§ 2.8 Шәкерім Құдайбердиев ілімі
Шәкерім Құдайбердіұлы (1858-1931). Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған,
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің
дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол тәрбиелік ілім қалдырған – ұлт
ұстаздарының бірі. Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші
ағартушы, ғұлама болды. Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан
басым бола алатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға «Адамды дүниеге келген
күннен бастап тәрбиелеу керек», - деген Шәкәрім атамыз. Шәкәрімнің «Кісіге адамшылық неге
керек?» өлеңінде адамдық пен айуандық бір-бірімен бетпе-бет келіп, адамдық қасиеттің орны
белгіленеді.
Кісіге адамшылық неге керек,
Адамдық өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әлі келгенді жұлып жемек, - деп оқырманға ой тастайды, пікір сұрайды.
Мейірім жақсы, зұлымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп,
Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам,
Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек, - деп адамды адам ететін, адалдық пен азаматтыққа жеткізетін
амалды, түрлі жолдарды іздестіреді. Адамның түзу жолда жүруіне, ар тазалығы мен жан тазалығына
ақылдың ұнемі көшбастаушысы болып отыруын қалайды.
Білімділер сөз жазып зарлағанда,
Ой кезіп, жердің жүзін шарлағанда,
96
95.
Алдаусыз адам өмірін түзетерлік,Әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда, - деп толғанып, өз заманының, қоғамын сынап, адам
бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарға жиіркене қарайды, басқаларды да жиіркендіреді. Ұлы
ақынның бұл өлеңдері жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят өзін-өзі бағалау, қамқорлық,
қарапайымдылық, кішіпейілділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Шәкәрім
Құдайбердиевтің азаматтық рухты жоғары көтеретін, эстетикалық сезімге баулитын өлеңдерінің бірі
– «Насихат». Бұл өлеңнің идеясы тұнып тұрған өсиет, ақыл мен нақыл. Ақын жастарға өнер, ғылымға
жету жолардарын көрсетіп, оқуға шақырды.
Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сезімді әбден ұқ,
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.
Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер, - деген жолдарында ғылым мен білім, адамдық пен
азаматтыққа жеткізетін бірден-бір құрал екенін айтып, шәкірттік пен ұстаздық арасын айшықтап
көрсетеді. Шәкәрімнің оқу-білімге, өнерге, еңбекке, биік гуманизм, адамгершілік идеясына көзқарасы
үнемі Абаймен үндес келіп отырады. Шәкәрім поэзиясының биік тұғыры – гуманизм, туған халқына
деген махаббат, жан мен тән тазалығы. Шәкәрім еңбек тәрбиесіне ерекше мән бере келіп, өз
шығармаларында еңбекті адам бойындағы қасиеттердің ең керектісі деп түсінеді. Еңбектің тек жеке
адам өмірінде ғана емес, бүкіл адамзат дамуындағы тарихи маңызына көз жеткізе білді.
«Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру – ұтымды боларына айрықша ден қою
керек, өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде адастырмас темірқазығымыз. Екі ой алыбы өз
туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық тақырыпты
көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.
Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып білу жолында
жүрек культін көтере жырлау арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға
ұмтылды. Бұл ұмтылысты Шәкәрім дәстүрлі жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX
ғасыр басындағы әдебиетте философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді. Ұстазы
хакім Абай мен шәкірті Шәкәрім түп иені (хақиқатты) танып білуге жантану ілімі арқылы бару
жолын ұстанды. Әсіресе, бұл өте күрделі, шешуі қиын, салмағы зіл батпан мәселені Шәкәрім XX
ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны таным, тың
ойлар желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып, зерлеп,
зерттеп терең мән бере қарады» (Мекемтас Мырзахметұлы).
Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын
тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты. Шәкерім өте білімді адам. Әкесі өмірден өткен
соң Шәкерім Құнанбай тәрбиесінде болады. Ұлттың дәстүр-өнегесін көріп өседі. Шәкерім Абайдың
ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген. Бірнеше тілді (араб, түрік, парсы, орыс) еркін
меңгерген. 1905-1906 жылдары Меккеге барып, мұсылмандық жолды мұрат еткен. Стамбул
кітапханасында болып, ежелгі әдеби, тарихи мұраларға назар аударған. Шәкерім пәлсапалық өлеңпоэмаларымен елге танымал болған. Ол өлеңді өнер деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған
Шәкерім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық бар екенін дұрыс
түсінген. «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі,
дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсайматын бір түрлі өмір бар.
Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын
қылу керек дейді. Мұны ақырет – өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық
нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң
тірілетін жан жоқ дейді» - деп жазды Шәкәрім «Үш анықта». Ғалым идеализм, материализм демесе
97
96.
де соларды анықтап отырғаны түсінікті. Осы екі ұстанымды түсіндіре отырып, ақыр аяғындаШәкәрім өзінідік концепция ұсынады. Оның пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның
мәңгілігін мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды. Екінші ақиқат – сезімдік қабылдаулар мен
рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми ақиқат. Үшінші ақиқат – бұл жан ақиқаты, оның
субстанциалдық негізі – ұждан. Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын
жүрекке сүйенуі тиіс. Шәкәрім ұждан ұғымының философиясы туралы: «бұған нана алмаған
адамның жүрегін ешбір ғылым, ешбір заң тазарта алмайды…, ұжданы сол жанның (адамның) азығы
екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш-нәрсе қарайта алмайды», - деп тебірене ой толғаған.
Шәкәрім: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді… Өлімнен соң бір түрлі
тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс-ұждан» - деп, тұжырымдаған. Шәкәрімнің «Ар ілімі»
философиясының негізінде адамның дүниетану туралы көзқарасының қалыптасу тарихының
жолдары алуан түрлі екендігі айтылған. Ол өз ойларын былайша тұжырымдаған. «Барлықтың
(Шәкәрімше - дене) түп себебі – жаратушының білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім:
Ғылым жолында бұл барлықтың ешнәрсесі өздігімен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Бұған
себеп керек. Сол себеп жаратушы болады. Егер, сол себепсіз бар болған нәрсе емес, дәлелім – оларда
қозғалыс бар, қозғалуда жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес. Егер қозғалыс
(притяжение, отрицание) өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол қозғалысқа да себеп керек» - деп
қорытқан.
Шәкерім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық бар екенін дұрыс
түсінген. «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі,
дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсайматын бір түрлі өмір бар.
Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын
қылу керек дейді. Мұны ақырет – өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық
нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң
тірілетін жан жоқ дейді» - деп жазды Шәкәрім «Үш анықта». Ғалым идеализм, материализм демесе
де соларды анықтап отырғаны түсінікті. Осы екі ұстанымды түсіндіре отырып, ақыр аяғында
Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады. Оның пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның
мәңгілігін мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды. Екінші ақиқат – сезімдік қабылдаулар мен
рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми ақиқат. Үшінші ақиқат – бұл жан ақиқаты, оның
субстанциалдық негізі – ұждан. Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын
жүрекке сүйенуі тиіс. Шәкәрімнің ойшылдығының, ақындығына тән фәлсафашылдығының сыры не
десек, бұл алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Сонымен қатар ол
көп ізденіп, өте көп оқыған. Қазақтың белгілі ақын, жыршы-жырауларымен қатар арғы-бергі түрік
ақындарының, шайырларының, араб, парсы, орыс және Батыс ақындарының шығармаларын өте
жақсы білген. Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану, салаларындағы түрік
тіліндегі, орыс тіліндегі, араб тіліндегі ғылыми еңбектерді ұзақ жылдар жалықпай оқып, қыруар
мағлұмат жиған, жан-жақты энциклопедиялық білімі бар ғұлама оқымысты, дана адам болған.
Дүниетанымның, ғылымның да негізгі тірегі – ақыл-ой, ойлау қабілеттілігінің қуаттылығы, ойтұжырымдарының логикалық қисындылығы деп санайды. Бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен
ойлану Шәкәрім дүниедегі «сансыз кереметті кім жаратса – тәуірі сол» дейді. Тәңіріні іздеу, жаратқан
Аллаға сену – ақиқатты іздеу, сол арқылы «ең түпкі жаратушы – мінсіз ие» деп түйіндеуінен айқын
аңғара аламыз. «Тау бойындағы ой» деген өлеңінде дөңгеленген жердің күнді айналып жүретінін
көзбен көру арқылы емес, ойлау, топшылау арқылы анықталған дегенді айтады. «Ей, жастар, қалай
десек, бұл дүние» деген және басқа да өлеңінде Шәкәрім дүниеде таңқаларлық және өте көп, алайда
бәрінде де заңдылық, қисын бар деген пікір айта келіп, «себебі тойымдының ісі толық» дейді. Яғни,
бұдан дүниенің кереметтігі шексіз болса, жаратушының құдіреті де шексіз деген мағына туады.
Шәкәрімнің философиялық өлеңдері ой тереңдігі, пікір сынылығымен, танымдық және моральдық
адамгершілік мәселелерін ұштастыра, білуімен оқымысты ақынның өнерпаздық тұлғасына сай
98
97.
интелектуалдық сипат алған. Шәкәрім философиясының негізгі өзегі – адам. «Адамның мәні – оныңдүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді.
Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын «Үш анық» трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің
28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырына үлкен өзгеріс
әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан
революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар
Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмайды. Халқы туралы толғаным болашағы ойшылды
қиналдырып, осы тоқыраудан шығу жолына итермеледі. Өмірдің мәні не? - деген сұрақпен ол көне
ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің
философиялық ойының тереңдігін көрсетеді. Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ
қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл-ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат – әрбір адамның
жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет
ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан,
совесть орысша айтқанда совесть бар» дейді. Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік этикалық жағынан
ғана емес, оны философиялық категория, әлем құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде
жоғары қарастырған. Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды:
Шәкәрімнің «Ар ілімі» философиясының негізінде адамның дүниетану туралы көзқарасының
қалыптасу тарихының жолдары алуан түрлі екендігі айтылған. Ол өз ойларын былайша
тұжырымдаған. «Барлықтың (Шәкәрімше – дене) түп себебі – жаратушының білім, құдірет
шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: Ғылым жолында бұл барлықтың ешнәрсесі өздігімен бар бола
алмайды да, қозғала алмайды. Бұған себеп керек. Сол себеп жаратушы болады. Егер, сол себепсіз бар
болған нәрсе емес, дәлелім – оларда қозғалыс бар, қозғалуда жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі
бар болған емес. Егер қозғалыс (притяжение, отрицание) өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол
қозғалысқа да себеп керек» - деп қорытқан бұл барлықтың ешнәрсесі өздігімен бар бола алмайды да,
қозғала алмайды. Бұған себеп керек. Сол себеп жаратушы болады. Егер, сол себепсіз бар болған
нәрсе емес, дәлелім – оларда қозғалыс бар, қозғалуда жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар
болған емес. Егер қозғалыс (притяжение, отрицание) өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол
қозғалысқа да себеп керек» - деп қорытқан.
Шәкәрім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық бар екенін дұрыс
түсінген. «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі,
дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсайматын бір түрлі өмір бар.
Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын
қылу керек дейді. Мұны ақырет – өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық
нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң
тірілетін жан жоқ дейді» - деп жазды Шәкәрім «Үш анықта». Ғалым идеализм, материализм демесе
де соларды анықтап отырғаны түсінікті. Осы екі ұстанымды түсіндіре отырып, ақыр аяғында
Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады. Оның пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның
мәңгілігін мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды. Екінші ақиқат – сезімдік қабылдаулар мен
рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми ақиқат. Үшінші ақиқат – бұл жан ақиқаты, оның
субстанциалдық негізі – ұждан. Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын
жүрекке сүйенуі тиіс.
Шәкәрімнің ойшылдығының, ақындығына тән фәлсафашылдығының сыры не десек, бұл алдымен,
әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Бірінші – мәңгі өзгерістегі
Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске
жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді. Үшіншісі –
жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды
осыған шақырады.
99
98.
Шәкәрімнің дүниетанымдық ой жүйесінде философиялық терең бағыт-бағдар байқалады. Оған«Тіршілік, жан туралы» деген философиялық өнеріндегі жаратылыс тарихи тіршіліктің шығуы өз
түсінігін баяндайтын мынадай жолдар куә:
Өсімдік күннен алады ас,
Күн суық болса түпке қаш,
Дым тиіп, нұр кеп жылатса,
Өс тағы жайнап көңіл аш,
Дейтұғын жанда мән болар –
Жұмыртқада ұрық жатпай ма?
Олар да тамақ жатпай ма?
Жылынса, яки егілсе
Оның да тағы таңы атпай ма?
Яғни, Шәкәрім органикалық тіршіліктің біртіндеп себеп-салдар принципі бойынша дамитындығын,
жәндіктін өсімдіктің, адамның жәндіктен таралу идеясын құптап отыр. Адамгершіліктің ақ туын
жоғары ұстаған бабаларымыздың тәлім-тәжірибесінің, ұстаған қағидаларының жас ұрпаққа берері
мол. Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алар тақырып –
рухани адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары. Ол адамгергершілік ар-ұяттты жоғары
қояды. Оның өлең жолдарынан кісіліктің келбетін танытар асыл қаситтерімен сусындауға тұту,
бауырыңа тарту бұл да адамгершіліктің жоғары түрі. Ол – Шәкәрім өлеңдерінде қалай көрініс
тапқан? Бұл тұрғыда Шәкәрім атамыз: «Ойлансаң, барша адамзат – туған бауыр» - дейді. Ол
өлеңдерінде қазағым, ұлтым, алашым деп өз жұртын бүйрегіне бұрса, барша адамзатты бауыр
тұтады. «Анадан алғаш туғанымда....» өлеңінде:
Еңбекке шыда, ебін тап та,
«Сабырдың түбі – сары алтын».
Өзімшіл болма, көпті ардақта,
Адамның бәрі – өз халқың.
Ынсап пен мейірім, әділетті,
Жаныңдай көріп, жан сақта.
Ол жолда өлсек неміз кетті,
Мақсұтқа жетпей қалсақ та, - деп туған жұртына өнерді ұсынады. «Ақын кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал
еңбек анық бақ» деп білді. Оның өзі де «Жолама қулар маңайға» өлеңінде:
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін
Серт бергем еңбек етем деп,
100
99.
Алдағы атар таң үшін – деп өз өмірінің бүкіл мәнісі еңбекте жатқанын айтады. Ал, «Адамдықборышың» өлеңінде бұл идеяны тиянақтай түседі. Шәкәрім шығармашылығын оқығанда Абайдың
терең ойлы маржан сөздерін еріксіз еске түсіреді. Ол – заңдылық. Абай атамыздың «Рақымдылық,
мейірбандық, әр түрлі істе адам баласына өз баласына өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да
болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі» деген афоризм боп қалыптасып кеткені. Осы өзгеге жақсылық
жасау, мейірімді болу идеясы. Бұл ой, әсіресе, ақын өлеңінде айқын білінеді. Ол су, от, жел секілді
ұғымдардың екі жағын, екі түрлі қасиетін салыстырмалы түрде жырлайды да, айналаңа пайдасы
болар жағын қала дегенді айтады. Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп-сұйық. Бірақ ондай болма
салқын ел көңілін қалдырып, От сықылды жылы болсын сөзіңіз бен жүзіңіз. Бірақ ондай махаббатсыз
болма өртеп жандыры. Жел сықылды желпі жұрттың шаршағанын талғанын. Жықпа үйін, болма
құйын, қылма жаман аманын. Жер сықылды пайдалы бол, пайда алсын ел сенен. Тасты жердей болма
қатты, тілме жұрттың табанын, - деп насихат айтады.
Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегінде ынсап, әділет, мейірім үшеуі қосылып, ұждан, ар, ақыл
ұғымдары талданса өлеңдерінде олар жеке сараланады.
Ақыл білім осындай ар жақтарлық
Айласыз, өтіріксіз жан сақтарлық
Үзіп – жұлып ұятсыз атанбай – ақ,
Ақылмен жол табалық ел бастарлық.
Немесе,
Ғылымсыз болса ақыл тұл
...Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр.
...Дұрыс деме құр сөйлеп
Ақылға санат, сабыр қыл, десе ар туралы
Ақ жолдан айнымас
Ар сақта, оны біл.
Немесе:
Арың сатпа, теріңді сат, адалды ізде
Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп адамды нұрландыратын ақылы, не нәрсені де ақылға
жеңдірсең адаспассың, бірақ ғылымсыз ақыл кем десе, ар-ұжданның ақ жолдан айнытпас серігің
болатынына сенім білдіреді. «Ақылды болсаң арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта» деп арожданды қастерлеп, оны адамгершіліктің туы санайды.
Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен:
101
100.
Білімсіз. Өнерсіз. Болады ақыл тұл,Мақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қып өлгеніңше,
Ғибрат алар артыңда із қалдырсаң,
Шын бақыт, Осыны ұқ.
Мәңгілік өлмейсің!
Шәкәрім адамның өмірін үш кезеңге бөледі, Өмірдің басы – бала, ортасы – жастық, содан соң –
қарттық шақ. Осының ішінде ең қуатты шақты ғылымға арнауды насихаттайды.
Ең керекті дегенің ортаншы өмір
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Қапы өткізбес сол кездің бір сағатын
Өкініші қалмайды кетсе ағаттық
Күні-түні дей көрме ғылым ізде
Қалсын десең артыңда адам атың – дейді
Қай ғылымды білсеңіз де
Қазір оны елге жай.
Құр ішінде кеткеніңше
Пайдалансын өзгелер, - деп Шәкәрім атамыз жас ұрпаққа алған білім, ғылымыңды келешекте
халқыңа қызмет етуге жұмсау адамдық борышы екенін баса айтады.
Ақынның адамгершілік туралы ойларының қай-қайсысы да өсиет, үлгі ретінде келеді. Абай айтқан:
Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, - дегендегі талаптың Шәкәрім орынсыз жерге
ұмтылмайтын алты түрлі ноқтасы бар екенін айтып, олардың қызметін жайып салады.
...Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Ынсап деген аспайды, кем қалмайды,
Орнын таппай ол, сірә, қозғалмайды.
Рақым жақсы көреді аяғанды,
Адамға қаттылықты ойға алмайды.
102
101.
Ар демек – адамшылық, намыс деген,Арың кетпес жағыңа қарыс деген.
Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,
Сөз емес күншіл болып, алыс деген.
Сабыр деген – әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық
Қол жетпей талай жан ізденеді,
Осыдан көп шығады адамшылдық.
Сақтық деген – әрқашан байқап жүрмек,
Пайда ма, не залал ма, ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Шәкәрім өлеңдері уағыз, насихат ақыл-кеңес түрінде келеді. Көбіне бұйрық райлы формасында көп
кездеседі. Мысалы: «еңбекке шыда», «ебін тап», «өзімшіл болма», «көпті ардақта», «сусыны бол»,
«арың сатпа» тағы басқалар.
Еркіндік аңсап шын сүю,
Жирену, мақсат, ой түю,
Қуаныш, қайғы, күлкі ашу,
Денесі сау боп, жанып-күю.
Жансыздан бұлар шығар ма? - деп адамның барлық әдемі және қуатты қасиеттері оның жанын да
орналасқандығын, ол адамның барлық сырлы сезімдерінің асыл қасиеттері мен қабілеттерінің қайнар
көзі екендігін дәлелдейді. «Адам немене?» өлеңінде Шәкәрім былайша ой сабақтайды. Білімі
кемелденген, ғылымы зымырап алға кеткен Еуропа жұртын азғындық билеп, әділетсіздік өршіп
айуандықтан ұзай алмай тұрғандығын көлденең тартады алдыға.
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес, - деп түйеді.
Өмір және ақындық тәжірибесі толыққан кезде Шәкәрімнің ерекше тоқталатын тақырыптарының
бастысы адам тағдыры, адам өмірінің мәні. Бұл тақырып «Адамшылық», «Адамнан артық жәндік
жаралмаған», «Адам немене?» деген өлеңдерінде көрініс тапқан. «Адамшылық» өлеңінде:
...Мейірім – жақсы, зұлымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп?
Жаны ашып жәрдем қылмай өткен адам –
Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек, - деп түйін жасайды.
103
102.
Ақынның «Ғайсадай жан беретін таңның желі», «Дүние мен өмір»өлеңдерінде дүниенің өзіндікерекшеліктері, адам дүниетанымының өзіндік даралығы көрінеді.
Ғайсадай жан беретін таңның желі,
Қайғымды желге ұшырып, тірілт мені!
Ақылым кәрілікке жабырқама,
Талпынып тағы да ақтар дүниені, - дейді ол. Бұл өлеңінде өзінің өмірге деген пікірін, көзқарасын
айналадағы ортамен, табиғатпен байланыстыра отырып суреттейді. Таңғы желге қайғысын
жоғалтуды, ақылына кәрілікке жабырқамауды, қайратына әр нәрсеге қарсы тұруды, тіліне барша
жанға пайдалыны айтуды тапсыра отырып, ақын заманға үн қатады.
Не үкімет, немесе қауымды алдап, Арсыздықпен не болар алған шені?! - деп аяқтай келіп, қоғамға да,
адамға да қажетті сауалды жолдай келіп, заманындағы қулық сұмдық, бетперделік көріністерді жария
етіп, оны шешудің жолы – адамгершілік пен әділеттілікте деп меңзейді. Күнделікті өмірде кездесіп
қалатын мейірімсіздіктен, қатыгездіктен, дөрекіліктен құтқаратын киелі кітап Абай, Шәкәрім
жырлары болмақ. Бұл сұраққа Шәкәрімнің төмендегі өлең жолдарымен жауап беруге болады:
Жаман әдет тастауға ұнасалық!
Мына мінез қалай деп сынасалық!
Тұп-тура бетімізге айтысалық!
Ашуланбай, ақылмен шыдасалық!
Кейде бірге жүрелік, кейде ойналық!
Ойнап, күліп кешікпей ой ойлалық!
Ойынымыз аз болсын ойымыз көп!
Ойдан талап етпеген іс қоймалық!
Демек, келешек жас ұрпақ идеялы да берік, еңбек сүйгіш те ақжарқын, күрескер де батыл, абзал
жанды имандылық, адамгершілігі мол мұрагер етіп, тәлім-тәрбие беру ісінде ақын өлеңдері құдіретті
құрал ретінде қолданыла береді.
Адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған Шәкәрім атамыздың тәлім-тәрбиесінің, ұстаған
қағидаларының жас ұрпаққа берері мол. Сонау атадан келе жатқан ұлттық құндылығымыз руханиадамгершілік байлығымыз. Міне, осы сипаттың бәрін өмірдегі шынайы бейнесі, жан дүниесі, кеудесі
шалқақ, асқақ пенде, мейірімді, әділ, адамгершілігі мол жас ұрпақтың бойында қалыптасқанын
тілеген Шәкәрім өлеңдерінің тұнығы – рухани тәрбие. «Адамның жақса өмір сүруіне үш сапа негіз
бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал – еңбек, мінсіз – ақыл, таза – жүрек. Жоғарыда
айқанымыздай қозғалыс-материяның өмір сүру тәсілі. Құран сөзі бойынша, әлемнің пайда болуы –
құдайдың ықылас, еркіне байланысты кенеттен жасалына салған, сондықтан кез келген уақытта
өзгеруі немесе жойылуы мүмкін. Шәкәрімше, жер мен аспан, табиғат құбылыстарын бәрін бірдей
көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін емес:
Радийді бұрын біліп пе ең?
Электр ұстап көріп пе ең?
104
103.
Бәрін де жатқан таза ақылАспанда ұшып жүріппе ең?
Көрінбес зат бірталай.
Оларды танып білетін бір-ақ нәрсе таза ақыл. Таза ақылдың арқасында адам абстрактіні меңгерді,
жақсыны жаманнан, сұлулықты ұқыпсыздықтан, пайдалыны зияннан ажыратады. Өйткені
Шәкәрімнің түсінігіне адамның жануардан айырмашылығы таза ақылы мен жанында.
Дін айтты: «Маған нан», - дейді,
Адасқан дінді пән дейді.
Мағынасын анық біле алмай,
Рух деген сөзді жан дейді,
Осыдан жаман әуре жоқ.
Рух деген – мінсіз таза ақыл,
Мінсіздің ісі шын мақұл.
Айуандағы ақыл ол емес,
Аз ғана сөзім – аз тақыл,
Құраныңды оқы нанбасаң».
Адамның жаны ол туылғанда егілген дән жүрегінде болады да қолайлы жағдай жасалғанда ғана
жайқалып өсіп, көркейе түседі. Шәкәрім өзінің «Үш анық» деген еңбегінде «Ар ілімін» былай
тұжырымдайды: Бірінші – әрбір адамда діни таным болуы қажет, екінші – ғылыми танымы болуы
керек, үшінші – «Ар ілімін» меңгеруі тиіс және оны үшке бөледі: 1. Мейірімділік. 2. Ынсаптылық. 3.
Әділеттілік, міне осы үшеуі бойында болған адам, нағыз «Толық адам» бола алады деген.
«Халық мектептері үшін мұғалім бәрінен де қымбат болып табылады. Олармен ешбір
керемет педагогикалық басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау да тенесе алмайды», «
мұғалім-мектептің жүрегі.» «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды
кінәлауға тиіс емес. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық
етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау
керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді... Оқушыларды
бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау
керек»,
«Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес. Ол балалармен
сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де
ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер
оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді... Оқушыларды бағалағанда олардың іске
...Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне
көңілі дұрысталмаса, әлбетте, ол намаз болып табылмай-ды...». Құдай тағала ешкімді жамандық
жолға бұйырмайды, мынау жамандық, мынау жақсылық деп көрсетіп, адам баласына қай жолға түссе
де ықтияр береді», мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек»,
105
104.
«Шәкірттер кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге баркүшімді салып отырмын. Мен балаларды жазалауды сүйетін онша қатал адам емеспін. Бірақ, кейде,
балаларды тентектіктен тыймай да болмайды. Тентек етіп өсірсең, балалардың адамгершілік қасиетін
бұзып аласың» «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың
артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» «Қазақ халқы
азбаған, табиғи таза халық. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды:
ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді
үйрену керек болып отыр» қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде
жақсы (бір жөні тәуір) білім беретін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс
көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда ғана
татар фанатизмнің де күлі көкке ұшады» «Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі
ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз
көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз». " Ыбырай атамыз:
«бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым болса,
оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу,
тұлға болып өседі» деп, сонау заманда айтып көрсетіп,ескертіп түйіндеген екен.
Қазақтың ұлттық тәлім –тәрбие ілімінің негізін салушы М. Жұмабаев
бұл жөнінде
былай деген: «...Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым
болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін, әркімнің өз тәжірибесі
жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек...».
§ 2.9 Ахмет Байтұрсынов ілімі
Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты
жалғастырушы – Байтұрсынұлы Ахмет 5 қыркүйек 1872 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді
ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Ол қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, педагог,
аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы
жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін
салушы ғалым, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына,
ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру
саласында өзіндік өшпес ізін қалдырып, жаңа ғылым негіздерін қалаған ғұлама еді. «Әліпби», «Тіл
құралы», «Әдебиет танытқыш» т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың
әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб
алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды. Оның 1926 жылы Баку
қаласында өткен түркологтардың Бүкілодақтық І съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен сол
тілдерде қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы бірнеше комиссияның жұмысын
басқаруы, Қазақстан Оқу-ағарту халық комиссариатындағы, баспа ісін басқарудағы жұмыстары оның
қоғамдық, мәдени-ағартушылық, ғалымдық қызметінің алуан арналы қомақтылығын танытады.
А.Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің мысалшыл классигі
И.А.Крыловтың туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петерборда
бастырып шығарып, оқулық ретінде ұсынды. Ахмет Крылов мысалдарын аударуда да белгілі
ағартушылық мақсат көздеді. Ол қазақ халқының әлеуметтік өміріне, тұрмыс-тіршілігіне сай келетін,
надандығын, жалқаулығын, алтыбақан алауыздығын әшкерелейтін мысалдарды таңдап, талғап
106
105.
аударды. Патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының хал-ахуалын әбден төмендетіп,шымбайына батқанын көре білген Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы «Жиған-терген» атты өлеңінде:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып,
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың! – деп қалың елі қазағының хал-ахуалын тебірене жыр етті.
«Айқап» журналына жазған «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында «Өзге жұрттар өнер-білім қуғанда,
қазақтың хандары да, халқы да ғылым, өнерді керек қылмаған. Ханы надан, халқы надан жұрт мықты
мемлекет жанында өз алдына хандық құрып тұра алмайтын болғандықтан...хандарымыз халқыменен
Ресейге қосылған» деп тарихи шындықтың бетін ашады. Қалың елі қазағына ұлы ақын Абайша өсиет
айтып, «Шаруаңды түзет. Жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет, кәсіп үйрен, тер төк...Дүниеде елге
теңдік, кемге кеңдік беретін, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді үйренейік ағайын!» – деп көпке
жар салды. Ал 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» атты мақаласында мәдениетті
елдермен мәдениетсіз, оқу-білімсіз елдерді салыстыра келіп, «Оқусыз халық қанша бай болса да,
біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі бұл
заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын көкке құстай ұшырған, суда балықтай
жүздірген ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған да ғылым. Отарба,
откемелерді жүргізген ғылым» деп өнер мен ғылымның жасампаздық күшін паш ете келеді де,
қазақтың басқа жұртқа жем болуының, теңдіктен құр алақан қалуының басты себебін А. Байтұрсынов
оқусыз надан қалуынан деп санайды. Сондай-ақ, өзінің 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған
«Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден
бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі...қазақ ішіндегі
неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқу-біліммен түзеледі» - дейді. Оқудың қоғамды
өзгертуші күш екенін, жауыздық пен надандық атаулының бәрі білімсіздіктен, надандықтан туындап
отырғанын тап басып тура айтты. А. Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр
қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш
мектепте үйренетін білім де сондай керек», – деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл
мектебінің сол кездегі хал-күйі оның қабырғасына қатты батты. Бұл жөнінде: «Осы күнгі ауыл
мектебінде оқуға керекті құрал жоқ. Оқыта білетін мұғалім аз. Сонда да хат білетін қазақтардың
проценті мұжықтардан жоғары...Бұл мектептің халыққа жақындығы, балалардың білімді ана тілінен
үйренетіндігі...» деп ауылдық қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, «орыс школдарында
тәртіп те бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар – бәрі де бар. Сонысына қарай пайдасы аз. Олардың
пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікірі бүлдіріп отыр» – деп
қазақ даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатының қалай іске асырылып жатқанын
әшкерелейді. Ол патша әкімдерінің оқу-ағарту ісіндегі бұл саясатының түпкі мақсатын одан әрі
айқындай түсіп, «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы,
әр халыққа керегі өз дінін, тілін, жазуын сақтау. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі
миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек...Қазақты басқа дінге аударамын деу құр
әурешілік. Қазақты дінінен аударуға болмаса, жазуынан да аударуға болмайтын жұмыс» деп, өз
107
106.
пікірін батыл білдірді. А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 62-санында «Мектеп керектері»деген мақаласында «...Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта
білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы, һәм сайлы болуы. Құралсыз іс
істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші – мектепке керегі
белгіленген программа» - деп оқытуға қажетті мәселелерді ғылыми тұрғыда талдап береді.
Автор қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек дегенге де арнайы тоқталып, ол
пәндерді: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыс
болуы керек деп саралап көрсетеді. А. Байтұрсынов осы пәндердің оқулықтарын шығаруды қолға
алынғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан, кейбір оқулықтарды шығару ісіндегі
қиындықтарды қынжыла баяндайды. «Қазақтың өмірі орыс халқымен тығыз байланысты» деп
келешекке көрегендікпен қарап, «орысша оқу орыс қол астында тұрған жұртқа керек. Жаңа жолдың
көшбасшысы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында. Бұлардың күштері тың, білімдері соны,
пікірлері жаңа-ниетті, жұртына қызмет ету...» екенін атап көрсетеді. Қазақ арасына білім нұрын
шашуға нағыз қолайлы деп ауыл мұғалімдеріне үлкен үміт артады.
А. Байтұрсынов Қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де дұрыс көрсете білді.
«Бұлардың кемшілігі сол – деді ол – бала оқыту ғылымын (методикасын) меңгергендер, оқығандар
ішінде кем болуы. Дыбысты жақсы білмей тұрып, усул төте (жаңаша буындап оқыту) жолымен
жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы
көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік – тәжірибесіздік» деп оқытудың әдістемелік
мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды. Ол осы пікірін әрі қарай
жалғастырып, «Оқыту жайынан» атты мақаласында «...оқу жұмысы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға,
бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамайды, ауытқымайды, түзу
жүреді...» дегенді айтты. Ол осы пікірін іске асыру жолында нақтылы еңбек етті. А.Байтұрсынов 1912
жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған
1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914 жылы, ал
синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта
басылып, пайдаланылып келді. Ол осы оқулықтарда қазақ грамматикасына қатысты категориялардың
әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім,
сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай, бастауыш, баяндауыш т.б. сан алуан
лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі. Оқулықтың тағы бір
құндылығы – қазақ тілі грамматикасының басты салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым,
морфология – сөз құрамын зерттейтін ғылым, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттейтін ғылым
деп, тұңғыш рет қазақ тіл білімін ғылыми зердемен саралап берді. Ол қолданбалы грамматиканы да
жазып, «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп ұсынып, 1928 жылы Қызылордада бастырып
шығарды. Бұрынғы қадім жазуы бойынша әр әріптің таңбасы сөз басында біртүрлі, сөз ортасында
біртүрлі, сөз аяғында біртүрлі болып белгіленетін. Және бас әріп, кіші әріп таңбасы болатын, сөйтіп
28 әріптің 145-150 таңбасы бар еді. Ал ол баланың тез сауаттануына үлкен кедергі келтірді. А.
Байтұрсынов осы әріп таңбаларын 56-ға түсіріп және жаңартып, мүлде жеңілдетті. Бұдан балалар тез
сауаттанып, жылдам оқи, жаза алатын болды. Сондай-ақ, А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің»
жаңа суретті түрін кітап етіп қайта бастырып шығарды. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына
қарай, мемлекеттік білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шықты. Әңгімелері балалар
үшін қызық, жеңіл, заманға лайық болды. Жаңа «әліпбидің» тағы бір ерекшелігі қазақтың ежелгі ауыз
әдебиеті үлгілері, төрт түлік туралы өлең-жыр, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз, әңгімелер үзінділерін әр
әріпті өтуге байланысты орынды пайдалануы және олардың тәлімдік те, танымдық та маңызын
ескере отырып іріктелуі еді.
А.Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін қарастырумен бірге, ол
пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы болды. А. Байтұрсынов 1928 жылы «Жаңа
108
107.
мектеп» журналының 8-санында жарияланған «Қай әдіс жақсы» деген көлемді мақаласында орыстыңұлы педагогі Л.Н.Толстойдың «Үйрету әдістері туралы» деген еңбегіне талдау жасай отырып, «Әдіс
деген қатып-семіп қалған догма емес. Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың
белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» деп тұжырымдайды. Ол
балаларға жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын жаттықтыру әдіс-тәсілдерін терең
қарастырды. Сауаттылықтың негізі жазуға жаттықтыру деп қарады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу
дегендер жазу ісі мен оқу ісінің жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды. А.Байтұрсынов
методикалық бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы қазанда «Баяншы»
деген атпен тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік құрал шығарды. Онда автор
мұғалімдерге «Әліппені» оқытудың, сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.
А. Байтұрсынов оқытудың білімдік-танымдық жағымен бірге, тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді.
Оның жазған «Әдебиет танытқыш» атты оқулығы көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының
негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік терминдерді тұңғыш тілімізге енгізген аса
құнды ғылыми еңбек болды. «Өнер дүниесі ғылым арқылы да жасалады. Ол адам еңбегін
жетілдіруге, жаңалық табуға, табиғатты меңгеруге, адамдардың әлеуметтік-өмірлік қажетін өтеуге
қызмет етеді...Мұнан басқа адамның рухани қажетін өтеу үшін қызмет ететін түрлері бар. Ол
көркемөнері (искусство), ол беске бөлінеді: біріншісі – сәулет өнері, екіншісі – сымбат өнері,
үшіншісі – кескін өнері, төртіншісі – әуез (музыка) өнері, бесінші және ең бастысы сөз өнері («өнер
алды қызыл тіл»)» - дей келіп, бұлардың бәрі адамды әсемдікке бөлеуге, табиғаттың тамаша
сырларын танып білуге тәрбиелейтіндігіне тоқталады.
А.Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін қарастырумен бірге, ол
пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы болды. Ол балалар жылдам хат таныту үшін
дыбысты ажырататын жаттықтырудың әдіс-тәсілдерін терең қарастырады. Сауаттылықтың негізі
жазуға жаттықтыру деп қарады, сауаттылықты оқу мұқтаждығы емес, жазу мұқтаждығы тудырған.
Жаза білуге үйрету әдісі, оқи білуге де үйрету әдісі болады. Жазу дегеніміз – әріптердің суретін салу,
ал оқу дегеніміз – суреті салынған әріптердің дыбысын айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген
соң, сол дыбыстың таңбасы – қаріпті көрсету керек. Оны меңгергеннен кейін, оқу, жазу,
жұмыстарының бәріне сол тіреу болады. Жазу да, оқу да бір істеліп қана қоятын іс емес, мектепке
күнде керек болық, күнде іске асырылатын жұмыс. Сондықтан мектептен шыққанша жазу мен оқуға
балалар төселмек түгілі барған сайын қайсысын болса да өнерге айналдырып, әдістемелеп жазуға,
безендіріп оқуға төселіп алады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің
жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды. А.Байтұрсынов: «Бала білімді тәжірибе арқылы
өздігінен алуы керек. Мұғалім балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленген
мақсатқа қарай түзетіп отыруы керек» – деп кеңес берген. Сондай-ақ А.Байтұрсынов 1927 жылы
«Жаңа мектеп» журналының №11, 12 сандарында «Жалқылау (индуксия) және жалпылау (дедуксия)
әдістері» деген көлемді мақала жазды. Жәнеде Ахмет өзінің «Баяншы» деген атпен тілді оқытудың
методикасына арналған әдістемелік құралында, мұғалімдерге «Әліппені» оқытудың, сауат ашудың
әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді. Ол оқытудың білімдік танымдық жағымен бірге,
тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді. Оның жазған «Әдебиет танытқыш» аты оқулығы көкемсөз
өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік
терминдерді негіздеді. Мысалы: көрнек өнері, сымбат өнері, айтыс, кескін өнері, саз өнері, т.б.
тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек болды.
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу, оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету,
мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін таппаған аса күрделі мәселелердің бірі болатын. А.
Байтұрсынов бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, оны шешудің жолын көрсетіп берді. А.
Байтұрсынов мұғалімдерге педучилищелерді ашып, арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың
тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орындарының әзірге қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс
109
108.
мектептерін, не қазақ медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын таңдап алып, мұғалімдікжұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. Олардың білімін жетілдіру мақсатында жаз
айларында бір-екі айлық қысқа мерзімді курстар ашуды ұсынады. Кеңестік дәуірдің алғашқы
жылдарында ауылда сауаташу, оқыту үлкен қиыншылықтарға кездесті. Мектеп салуға, мұғалімдер
кадрларын даярлауға қаржы жетпеді. Оқу құралдары тапшы болды. А.Байтұрсынов 1923 жылы
«Еңбекші қазақ» газетіне «қазақ арасында оқу жұмысын қалай жүргізу керек» деген мақала жазып,
бұл проблеманы шешуге де үн қосты. Школдың расходынан қашпай, школ ашу керек...школдың
жанынан балалар жатып оқитын үй жатахана, не болмаса интернат ашылуы қажет» деді.
А.Байтұрсыновтың елінің көне мәдениетін жанындай сүйенетін қайраткерлігі, әсіресе 1918-1928
жылдары арасында, араб әрпінен латынға көшіруге байланысты шыққан дау-дамай, айтыста ерекше
байқалды. Ахаң бұл мәселе жөнінде бірнеше мақала жазып, ақыры түркологтардың 1926 жылы
Бакуде өткен Бүкілодақтық І съезінде жасаған баяндамасында өзінің табандылығын көрсетіп бақты.
Онда ол араб алфавиті мен латын алфавитінің мәдени-экономикалық тұрғыдан қайсысы тиімді
дегенді жан-жақты сөз ете келіп, «тұтынып отырған әліпбиді тастап, бөтен әліпбиге көшкенде, қанша
сауатты адамдар сауатсызға айналмақшы, қанша мұғалімдер қайтадан хат үйренбекші, қанша
баспаханалардың қаріптері жаңадан жасалып, жаңадан құйылмақшы, қанша қаржы шықпақшы,
қанша еңбекті сарп етпекші. Ең сорақысы – халықтың ғасырлар бойы араб әрпімен жазылып,
жиналған бай мәдени мұрасынан кейінгі ұрпақ «қол үзіп мақұрым қалмақшы» деп дәйекті дәлелдер
келтірді. Кейін Ахаңның осы пікірлері өзіне кесел болып жабысып, “халық жауы”, “панисламист” деп
айыпталып, атылуына себеп болды. А. Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде
ұлттық педагогика мен оқу-ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін М.Әуезовше бағаласақ, «Ахаң
түрлеген ана тілі», «Ахаң салған әдебиеттегі орны», «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916
жылы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, оқу ағарту, саясат жолындағы қажымас
қайраты...тарих ұмытпас істер болмақ» (Серғазы Қалиұлы).
А. Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан «Айқап» журналы мен
1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне
бастады. Ол туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім
алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қадай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім сондай
керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал күйі оның
қабырғасына қатты батты. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу, оқушыларды
оқулықпен қамтамасыз ету, мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін таппаған аса күрделі
мәселелердің бірі болатын. А.Байтұрсынов бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, оны шешудің
жолын көрсетіп берді. «Қазақ байлары өркениетті елдердің байлары сияқты ұлт намысын қорғап,
оқулық шығарушыларға бәйге жарияласын. Бәйге берілетін кітаптарды бір-екі рет ақы иесі бастырып
шығарып, ақшасын өндіріп алатын болсын» деді. Ахмет мұғалімдерге педучилищелерді ашып,
арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орындарының әзірге
қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерін, не қазақ медреселерін бітірген жастардың
талаптыларын таңдап алып, мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасады. Олардың
білімін жетілдіру мақсатында жаз айларында бір-екі айлық қысқа мерзімді курстар ашуға ұсыныс
жасайды. Қазақ халқының асыл азаматтарының бірі және бірегейі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі
демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көшбасшы-көсемі А. Байтұрсыновтың
қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде ұлттық педагогика мен оқу ағарту ісіне сіңірген
өлшеусіз мол еңбегін ілімдік тұрғыда түйіндесек: «Қазаққа білім-тәрбие беру ұлттық жүйесінің
ғылыми негізін қалыптастырды». Өз сөзімен түйіндесек:
1. Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
2. Бала тәрбиесін үлкендерден бастау керек.
110
109.
3. Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін баласы бола қоймас.4. Білім – бір құрал. Білімі көп адам – құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
5. Өзге жұрттар өнер-білім қуғанда, қазақтың хандары да, халқы да ғылым, өнерді керек қылмаған.
Ханы надан, халқы надан жұрт мықты мемлекет жанында өз алдына хандық құрып тұра алмайтын
болғандықтан...хандарымыз халқыменен Ресейге қосылған.
6. Шаруаңды түзет. Жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет, кәсіп үйрен, тер төк...Дүниеде елге теңдік,
кемге кеңдік беретін, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді үйренейік ағайын!
7. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халықтардың
қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын
көкке құстай ұшырған, суда балықтай жүздірген ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң
хабар алғызып тұрған да ғылым. Отарба, откемелерді жүргізген ғылым. Білімді болуға оқу керек. Бай
болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек.
8. Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік
те, халықтық та оқумен түзеледі...қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқубіліммен түзеледі.
9. Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
10. Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа
керегі – өз дінін, тілін, жазуын сақтау. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік
пікірден, политикадан алыс боларға керек...Қазақты басқа дінге аударамын деу – құр әурешілік.
Қазақты дінінен аударуға болмаса, жазуынан да аударуға болмайтын жұмыс.
11. «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық
құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында
жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға,
синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ
прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін
ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым».
12. «Өнер дүниесі ғылым арқылы да жасалады. Ол адам еңбегін жетілдіруге, жаңалық табуға,
табиғатты меңгеруге, адамдардың әлеуметтік-өмірлік қажетін өтеуге қызмет етеді...Мұнан басқа
адамның рухани қажетін өтеу үшін қызмет ететін түрлері бар. Ол көркемөнері (искусство), ол
беске бөлінеді: біріншісі – сәулет өнері, екіншісі – сымбат өнері, үшіншісі – кескін өнері,
төртіншісі – әуез (музыка) өнері, бесінші және ең бастысы сөз өнері («өнер алды қызыл тіл»)» –
бұлардың бәрі адамды әсемдікке бөлеуге, табиғаттың тамаша сырларын танып білуге
тәрбиелейді.
13. Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім.
Екінші – оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы, һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм
құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші – мектепке керегі белгіленген
программа.
14. Жаңа жолдың көшбасшысы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында. Бұлардың
күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа – ниетті, жұртына қызмет ету...
15. Қасқыр күшігін жеуге баулығанда, қорадан қозы ұрлап апарып баулиды. Мысық баласын
тышқан ұстауға баулығанда, тышқанды тірідей әкеп беріп, қашырып ұстатып, баулиды. Қазақтың
111
110.
ескі жырларынан, ескі сөздерінен батыр болғандарды қалай баулып батыр қып өсіргендерінкөреміз, батырлар басқалардың балаларын қалай баулып өсіргенін көреміз. Мәселен, Шыңғыс
ханды жасында баулыған Шолақ қол батыр тас атудан бастап, садақ пен құс атуға дейін
баулыған. Адам арқасына мініп қару қылудан бастап, ат арқасында қару қылуға дейін баулыған.
О заманда би болғандар би мектебінде баулынған, яғни биге атшы болып, бірге жүріп, бірге
тұрып, бітірген істердің ішінде бірге болып, баулынып, би болған. Үйрету бастапқы кезде қайда
да болса, «БАУЛУ» түрде болған.
16. «Бұл заманда қолы, жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін - өнер, білім,
сол өнерге, білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп басқалардың аяқ астында жаншылмас едік,
бізде өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білер едік».
М.О.Әуезов Ахмет туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» мақаласында: «...Кешегі күндерге дейін
бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша
заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі әлі күнге дейін
үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» - деп жазған.
«Ахаң өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын
іскер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты
теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын
адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы
жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете
алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын
төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты». «Ахаң
ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, «Қырық
мысал», «Маса», «Қазақ» газеті, қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат
жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың
бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды». Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет
Байтұрсынұлы туралы былай депті: «Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа
шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын
жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез,
губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде,
Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі
үшін бір басын бәйгеге тікті». Сәбит Мұқанов: «Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері
дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет
Байтұрсынов» А.Байтұрсынов – қазақтың рухани көсемі, ұлт ұстазы.
Абай ең жоғары, аса шарапатты адамгершілік қасиетті «махаббат» деп атаған. «Ей,
жүрегімнің қуаты перзентлерім! ...Ықыласпен ұғып алыңыздар, оның үшін махаббаттың
төлеуі –махаббат. Әуелі адамның адамдығы , ақыл, ғылым деген нәрселермен. Мұның
табылмақтығына себептер - әуелі хауас сәлим (арабша өзіндік дұрыс қасиет) һәм тән саулық.
Бұлар туысынан болады, қалмыс (қалғаны) өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы
құрбы, жақсы ұстаздан болады «Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі –
ғалым, сол – ғақил» дейді Абай. Махаббат пен Әділет әрқашан тең және қатар жүруі керек.
«Махаббатпен жаратқан адам-затты,Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.Адамзаттың бәрін
сүй «бауырым» деп,Және «Хақ жолы осы» деп әділетт...»«Бұлардың (махаббат пен әділеттің)
керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан Тәңірінің ісі». Осылайша
Абай бізге он сегіз мың ғаламның махаббат-әділет заңымен басқарылып, реттелетінін
ашықтап беріп отыр.«Талап, ұғым махаббаттан шығады», − дейді. Махаббат, ол− адамның
112
111.
өн-бойындағы мейірім мен сүйіспеншілік. Абайша пайымдасақ: ақыл мен ғылымнан бастауалған махаббат – адамгершілік негізі.Иә, махаббат! Махаббат, ол – мейірім! М.Әуезов бізге
былайша білдіреді: «…Ылғи ғана таза адамшылық жолын үгіттейді. Әділдік, шыншылдық,
махаббатты – бауырмалды арлылық, ойшылдық, сыншылдық сияқты адамды адам қылатын
жан тәрбиесінің барлық негізін қолданады». ? Гәп мынада: махаббат – күллі әлемге нұрын,
шуағын төккен қуат, ал әділет – тұтастай ғалам құбылыстарын реттеуші құдірет. Қос
қуат,құдырет
қосылғанда ғарыштық күрделі қатынастар ғажайып үйлесімін табады.
Сондықтан да,Абай ілімі әділет-махаббат педагогикасы аталуы тиіс.
§ 2.10 Ж.Аймауытов ілімі
Ұзақ жылдар бойы «ұлтшылдық» әдебиеттің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ
әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ
топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдары саласында қалам тартып,
құнды-құнды ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуымен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының
авторы болуымен дараланған ірі тұлға. Ж.Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағытбағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық «Абай»
атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: «…қазақ сахарасында мыңмен
жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға,
отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді» - деп жазады. Ол Абай ұстанған
ағартушылық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алды. Абай журналының 1918 жылғы 1, 2
сандарында Аймауытовтың «Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ғылыми
тұрғыдан терең баяндалған. Ж. Аймауытов «адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы
тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан… Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі
сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен» дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі
болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.
Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медресе (мектеп) және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды. Автор ең
алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. «Баланы бұзуға, яки түзеуге себеп
болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Атаананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты. «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны
іледі» деп атамыз қазақ тауып айтқан. Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілділікті,
күйгелектікті, шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол, әрине, ата-ананың тәрбиесі. Баланың
бойына басынан сіңірген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен
кетеді» деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді…» - деп автор бала мінезін
қалыптастырудағы жанұя мүшелерінің, әсіресе әке-шешенің ықпалын айқын ашып берді. Ол
отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады. Ж.
Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да
тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас,
жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді. Тәлімгерғалым бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін
ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен. Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім
болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен
ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге
тигізетін ықпалына тоқталады. Ж. Аймауытов «Тәрбиенің негізгі мақсаты – мінезді түзеу,
адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» деген қағиданы қуаттай келіп, «Баланы
тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, айтып ұқтырғаннан гөрі, бала
113
112.
көргеніне көп еліктегіш болып келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсетукерек» – дейді. Ол халық ағарту комиссариатында педагогикалық оқу орындарында қызмет iстей
жүрiп, жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуге, олардың ғылымның әр саласында жан жақты бiлiм
алуын көздеген еңбектер оқу құралдарын жазды. Олардың iшiнде «Тәрбиеге жетекшi» (1924 )
Психология 1926, Жан жүйесi және өнер тандау 1926 атты елеулi кiтаптары бар. «Психология»
кiтабы 12 тарау, 102 параграфтан тұратын оқу құралы үлгiсiнде жазылған, бұл зерттеу қазақ тiлiндегi,
осы бағыттағы алғашқы жемiстi iзденiстердiң, олжалы табыстардың қатарына жатпақ. Ғылым
тарихына, пәлсапа тарихына терең бойлай отырып, көптеген мысалдар, деректер келтiрiп, сан алуан
оқымыстылар туындыларына сүйенiп, кейде келiсiп, кейде келiспей, психология ғылымының пәнiн
зерттеу обьектiсiн анықтайды, жан, дене, сана, ой, ақыл, сезiм, қиял, түйсiк, қайрат, серпiлiс, ынта,
қабiлет т.б. ұғымдардың мәнiн ашады.
Психологияның сан алуан түрлерiн айта келiп, нақтылы зерттеу үшiн бақылаудың, анкетаның,
сұраудың, математикалық тәсiлдердiң атқаратын қызметi ашылады. Бiздi ерекше таң қалдыратыны –
адам психологиясын зерттеуде математиканы, оның варияциалық статистика дейтiн саласын қалайша
пайдалануға болатындығы жайлы мәселе. Қазақ топырағында мұны Аймауытовтан басқа ешкiм күнi
бүгiнге дейiн көтермеген. Адам мiнезiн анықтауда ым, жүз құбылысы, көз әлпетi, бет әлпетi, қол,
саусақ қимыл ерекше ескерiледi. Аймауытұлы адамның қылығын зерттеуде сұрау-жауап қалайша
пайдаланатындығын және оның кейбiр кемшiлiктерiн байқаған фактiлер мен мәлiметтердi қалай жазу
керек, әсiресе психологияда математикалық әдiстi қалай пайдалануға болады дейтiн мәселелерге
жауап берген.
Үшiншi тарауда «Тiрi заттардың қылығын жалпы мiнездеу» деп аталады. Мұнда психофизикалық
және психо-физиологиялық феномендер, атап айтқанда, организмнiн тiтiркенушiлiк пен сезгiштiк
қасиеттерiнiң ерекшелiктерi, жануар мен адамның дағды, инстинктерi, бұлардың бiр-бiрiнен
айырмашылықтары, өсiмдiктер дүниесiндегi тiршiлiк белгiсi – тропизмдер ғылыми талдауға
алынады. Осы тарауда академик И.П.Павловтың әйгiлi шартты рефлекстер туралы iлiмiнiң негiзгi
қағидалары сөз болады.
«Психология» кiтабының келесi бір көңiлге ұялайтын, қазiргi ғылыми тұжырымдарға өте-мөте жақын
жерi «денедегi мүшелер, олардың қызметтерi» туралы мәлiметтер. Бұл жерде автор жоғары жүйке
саласына арнайы талдау жасайды. Жүйке саласы дегенiмiз ми, жұлын, сол екеуiнен тарайтын
бұтақтар. Бұлардын iшiндегi ең маңыздысы – үлкен ми. Мида үнемi қозғау жүрiп отырмаса, жан
жүйеде көрiнбейдi. Мидағы өзгерiстер әркез алуан-алуан сипатта жүрiп отырады, осыған байланысты
жанның аңысы да түрлi-түрлi болады. Егер ми зақымданса, жан шындықты дұрыс бейнелей алмайды
деп айтқан. Бұл тарауда ол жүйке, ми туралы әр замандағы оқымыстылардың түрлi пiкiрлерiне
дәйектi ақпарат бере отырып жазған. Ол тағы бiр тарауында адамның саңылау мүшелерi жайлы
түсiнiк берген. Саңылау мүшелерi – деген ұғым қазiргi психологияда сезiм мүшелерi деп берiлген
Аймауытұлының психологиясында беттегi әр түрлi ым-ишаралардың, дене қозғалыстарының адам
психологиясының тандаулы рөлi де тамаша көрсетiлген. Осы тарауда автор көру, есту түйсiктерiне
байланысты Гельмгольц қисынның, яғни оның резонанстық теориясының мәнiн қазақ
оқырмандарына түсiндiрiп бередi. Сондай-ақ түске соқырлық ( цветовая слепота) деген мәселелерге
бесiншi тарауда тоқтаған. Автор адамның келбет бiтiмiне тағыда тоқталып кетедi. Ол адам жанының
генетикалық жақтарымен қатар оның әлеуметтiк астарларына тоқталып, нақтылап айтсақ, қорқыныш,
үрей, мазасыздану, елiктеу, бәсеке, тағы басқа осы секiлдi психологиялық көрiнiстерiне өзiнше
талдау жасайды. Түйсiк пен қабылдау, перне iлiктестiгi ассоциация, ынта мен iлтипат, ес пен елес,
қиял мен творчество мәселелерi алтыншы, сегiзiншi тараулардын басты тақырыптары.
Алтыншы тарауда – автор зерделi қылық ұғымына тоқталады. Мұнда жекелеген жан қуаттарының
сыр-сипатына, мүддеге, апериепция, қиял, оның жекелеген түрлерiне тоқталып, бұларды қазақ
өмiрiнен алынған нақты мысалдар арқылы баяндайды.
114
113.
Сегiзiншi тарауда автор елестету, ес, ұғым мен сөйлеу, ұғым мен сөздiң арақатынасы, ойлаупроцесiнде тiлдiң атқаратын ролi ойлау тәсiлдерi мен түрлерi туралы түйiндерiн ортаға салады. Бұл
мәселелердi баяндауда автор психология ғылымының сол кездегi жетiстiктерiмен байланыстыра
келiп, оларды тағы да қазақ ұғымына жақын тұжырымдармен дәйектей түседi. Дәлірек айтқанда,
«Адам бол» – Абай ілімінің психологиялық теориясын тұжырымдайды. Тоғызыншы тарауда ерiкжiгер, қажыр-қайратты тәрбиелеу жайлы әңгiме болады. Мұнда сол кездегi психологияда айтылатын
еркiндiк пен лажсыздық секiлдi философиялық мәселелер орын алған. Онда бостандық пен
лажсыздық, жеке тұлғалардың қоғамдағы тарихи орны секiлдi, жалпы психологияға қатысы жоқ
жайттар да сөз болған.
Оныншы тарауда – ұйқы, түс көру, көз байлау т.б. парапсихологиялық құбылыстар жайлы айтылады.
Он бiрiншi, он екiншi тарауларда әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр, түрлi оң, терiс қылықтардың
табиғаты, кiсiнi әлеуметтiк-қоғамдық тұрғыдан қалыптастыру, сондай-ақ мәдениет пен өнердiң, дiн
мен пәлсапаның, географиялық ортаның, тап тартысының, тiл мен әдебиеттiң – адамның жан
дүниесiне тигiзетiн әсерi ежелгi дала тұрғындары – көшпелi қазақтардың өмiрiнен алынған. Жалпы
қылық мәселесi бихевиоризм бағытын ұстағандардың, сондай-ақ П. П. Блонскийдiң ерекше мән
берген проблемасы. Ол терiс қылық туралы кезiнде Аристотель мен Абайдың, Леонардо да Винчи
мен Шекспирдiң, Кант пен Дарвиннiң тағы басқа ұлы кемеңгерлердiң айтқандарын мысалға келтiрiп,
терiс қылық кейде есi ауысқан, есi кiресiлi-шығасылы адамдарда кездесетiндiгiне тоқталып, мұны
патопсихология дейтiн ғылым зерттейдi деп түсiндiредi. Ал есi бүтiн ақыл-есi дұрыс адамдардың
тәрбиесiнiң кемдiгiнен, бiлiм мен әдет-дағдысының, икемiнiң аздығынан, өзiн-өзi басқара алу
қабiлетiнiң нашарлығынан деп түйiндедi. Бұл айтылғандардын ғылыми тұрғыдан еш ақаулығы
байқалмайды. Ал он екiншi тарау адам қылықтарының әлеуметтiк шаруашылық негiздерiне арналған.
Бұл тарау сол кездерi болған қоғамдық психологияның ықпалымен жазылғаны байқалады. Мұнда
автор адам қылығының әлеуметтiк-шаруашылық негiздерi, әлеуметтiк дегенiмiз не, оның қандай
түрлерi бар т.б. осы секiлдi мәселелерге түсiнiк бередi. Психологияда термин жағы баршылық.
Олардың жалпы саны 3 мыңнан асады. Ассоциация, аппецепция, тропизм, рефлекс, инстинкт
интеллект т.б. ұғымдар Аймауытов еңбектерiнде де көптеп кездеседi. Мәселен, 6-тараудың бiр
параграфында «Апперцепция» дейтiн ұғымның мәнi баяндалады. Айналадағы түрлi заттар мен
құбылыстарды дұрыс қабылдау кiсiнiң өткен тәжiрбиесiне, жан дүниесiнiң мазмұнына тәуелдi болып
отырады. Мұны психологияда апперцепция деп атайды. Адамның өмiр тәжiрбиесi, тiршiлiк
барысында миына жиған-тергенi айналаны тереңiрек, толығырақ бiлуге жәрдемдеседi. Жүсiпбек
Аймауытұлының жалпы психология туралы айтқандарын қорыта келе айтарымыз – бұл сол кездегi
психологияның бiраз мәселелерiн баяндай алғандығы және бұларды қазақ өмiрiмен байланыстыра
бiлетiндiгi, сондай-ақ ғылымның осы саласының терминдiк жасауымен айналысқан, психологиядағы
жалпы мәселелермен қатар қоғамдық психологиянында маңызы көрiнiс тапты.
ЖАймауытұлының психологиялық еңбектерiнiң тақырыбы да сан алуан екендiгiн атап өтiп, оның
қазақтың педагогикалық психологияның жалпы мәселелерiмен қатар оқу, тәрбие, ұстаз, тәлiмгер
өнегесi шәкiрттердiң, олардың жекедара қасиеттерiмен санасу, мамандық таңдауына байланысты
өмiршең проблемаларды сол кездiң өзiнде-ақ күн тәртiбiне қойғаны көрініп тұр. 1924 жылы мектеп
мұғалiмдерi мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап «Тәрбиеге жетекшi» атты
кiтабы шықты. Абай негізін салып, Шәкәрiм шығармаларында iргесi қаланған, қазақи педагогикалық
психологияның ұғым-түсiнiктерiнiң арнайы тұсауын кескен, бұларды қазақ жұртына тұңғыш паш
еткен осы еңбек. Кiтаптың бiрiншi бөлiмiнде тәрбие негiздерi, оның нақты мақсаты мен мүддесi,
негiзгi принциптерi, бұларды жүзеге асырудың жай-жапсары, сондай-ақ, тәрбиенiң ұлттық және
әлеуметтiк болатындығы, заман ағымына қарай, ол түрлi өзгерiстерге түсiп отыратыны жан-жақты
сөз болады. Кiтаптың дидактика атты екiншi бөлiмiнде бiлiм дегенiмiз не, оны бағдарлау не үшiн
қажет, дидактиканың психалогиалық астарлары, нақтылап айтқанда шәкiрттердi оқуға ынталы ету,
мұның қандай әдiстерi мен жолдары бар, дағдылану, машықтану, оқыту процесiндегi көрнектiлiктiң
115
114.
ролi, сабақтың басынан аяғына дейiнгi жүрiсi, яғни оның түрлi аспектiлерi т.б. осы секiлдi мәселелерi20-жылдары жаңадан түлей бастаған дүнияуи қазақ мектебiнiң нақты өмiрiнен алынған деректер
келтiру арқылы талданады. Үшiншi бөлiмiнде – мектеп басқару мәселелерi, яғни мектептiң тазалығы
мен жинақтылығы, эстетикалық талғамы, деңсаулық сақтау шаралары, мектеп үйiнiң құрылысы, т.б.
осындай жайттар.
Қазақ ұғымына лайықты түсiнiктермен баяндалған, «Тәрбиеге жетекшi» кiтабының он екi
параграфтан тұратын төртiншi бөлiмде жаңа тұрпатты қазақ мектебiн қалай құру керек, ұстаз бен
шәкiрт ынтымағының басты белгiсi қандай болмақ, мектептерде жіргiзiлетiн еңбек, тазалық, дене
тәрбиесi қалайша жүзеге асырылуы тиiс, тiптi сейiл-серуеннiң өзiн қалайша тиiмдi етiп ұйымдастыру
керек т.б. осы секiлдi «ұсақ-түйек» көрiнетiн мәселелерге де автор ерекше мән берiп, бұларға аса
зерделiкпен қарап, олардың әрқайсысына өз пiкiрiн бiлдiрiп отырады. Оқыту баланың табиғатына,
жеке-дара ерекшелiгiне орай жүргiзiлуi тиiс. Ол сонда ғана шәкiрттiң жан қуаттарының өсiп, жетiлiп,
қалыптасуына жағдай жасайды.
Автордың пiкiрiнше, баланың табиғатын ескерiп оқыту дегенiмiз, оның бұрынғы тәжiрбиесiне, аздыкөптi бiлiмiне сүйену деген сөз. Өйткенi, жаңа бiлiм әркез адамның, бұрынғы бiлетiндерiне
сүйенбейiнше тиянақты болмайды. Автор «Оқыту түрi» дейтiн тақырыпта осы мәселеге орай алуан
түрлi әдiс-тәсiлдердi жете бiлудi басты назарға алады. Ол оқытудың басты түрлерiне, сөйлеу және
сұрау түрлерiн жатқызады. Мұғалiмнiң сабақтағы сөздерiн шәкiрттер алаңсыз тыңдап жазып отырса,
бұл – сөйлеу түрi болады. Ал мұғалiм мен шәкiрттер арасындағы сұрақ, жауап төңiрегiндегi
диалогты-сұрау түрiне жатады.
Ж.Аймауытұлы көрнекiлiк мәселесiнде де психологиялық қағидаларды басшылыққа алады. Оқыту
жүйесiнде, әсiресе әрбiр сабақтың көрнектiлiкпен ұштасуы шәкiрттер ой-санасына әрi қонымды, әрi
практикалық мәнi де зор дейдi. Аймауытұлының педагогикалық психалогияға байланысты жазған
келесi еңбегi – 1926 жылы Мәскеуде шыққан «Жан жүйесi және өнер таңдау». Бұл түгелдей
педагогикалық психалогияға қатысты еңбек. Автор жас адамның мамандық талдау мәселесiн сөз ете
отырып, оның өзiндiк психологиялық ерекшелiктерiне сипаттама бередi. Бұларды өзiнiң жүргiзген
тәжiрбиелерiне, сондай-ақ шет ел ғалымдарының, әсiресе америка психологтарының жіргiзген
зерттеулерiне сүйене отыра баяндайды.
Ж.Аймауытұлының тағы бiр еңбегi «Комплекспен оқыту жолдары» атты кiтап. Мұнда да
педоггогикалық психологияға қатысты жекелеген түйiндер жасалған. Оқу құралы шағын 9 тараудан,
бiрнеше парагрофтан тұрады. Оның бiрiншiсiнде оқу бағдарламасының жекелеген түрлерiне түсiнiк
берiледi. Осы еңбегiнде қазақ шәкiрттерiнiң сұлулық талғамының өзiндiк ерекшелiктерi туралы айта
келiп, былай дейдi: «Жерi, тұрмыс жағдайына қарай әр елдiң сазы, ән-күйi де әр алуан. Түркiстан
елiнiң әнi бұлтарысы жоқ, тiк тартар айқай, қайырмасы жоқ келте немесе бiрiңғай текiрек болып
келедi, түйеге, атқа, есекке мiнген адам болсын, ауылдан былай шыға берiп «Ауылың сенiң белде едi,
ариайдай», - деп қозғайды. Арқаның әнi толқынды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайталамалы, қайыруы
ұзын болып келедi. Терiскейдiң, батыстың әнi – мұңды, зарлы, шерлi, желдiрме, көй-көй болып
келедi». Автор бұл жерде этностық ерекшелiктердiң ән, музыка саласында да ерекше орын
алатындығын айтып отыр. Осы айтылғандар Аймауытұлының ұлт психологиясына байланысты
түйiндерiнiң iрге тасы. Осылай, ұлт психологиясының ғылыми негізін қалаған ғалым еді. Ғалым
өзiнiң ұлттық мiнез туралы жасаған тұжырымдарында әр этностың, әр ұлттың өзiне тән мiнез-құлқы
секiлдi қасиеттердiң бiршама тұрақты да, тұрлаулы болатындығын, сондай-ақ, олардың бiртiндеп
қалыптасуына оның өскен ортасы, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы әсер ететiндiгiн, ұлттық қасиеттердiң,
ұдайы бiр қалыпта тұра бермейтiндiгiн, олар баяу болса да, өзгерiп отыратындығын баяндайды. Ең
тамашасы партиялық іліммен, марксизм-ленинизм тоериясымен уланбаған тазалығында. Ұлттық
нақыш пен ұғымға негіздеп, қазақи қалыпты шет ел ғалымдар пікіріне сүйеніп дәл көрсете білген.
Мамандық таңдау, мінез-құлық айшықтарын тәрбиелеу қазақ ілімі негізінде тамаша талдап
116
115.
көрсеткен. «Адам – өзiнiң ыңғайымен, еркiмен қызмет ететiн зат. Кiсi iштен туғаннан-ақ белгiлi бiрөнерге, қызметке икем болып табылады. Басқаша айтқанда, әр адамда бiр нәрсеге талап, ыңғай,
қабiлет яки зеректiк болады. Бiреу бала оқытуға, бiреу етiк тiгуге, бiреу әкiм болуға, бiреу мал бағуға,
бiреу әскерлiкке, бiреу жазушылыққа, бiреу дәрiгерлiкке, бiреу саудаға, бiреу сөзге, бiреу дауға
ыңғайланып жаралады. Өмiрде түк жұмысқа икемi жоқ адам сирек болады. Ең болмаса өтiрiк айтуға
зерек болып жаралады. Кiмде-кiм өз ыңғайымен, өз жолымен жүрiп қызмет етсе ол өзiнеде,
әлеуметке де пайда келтiредi. «Өз орнында» iстеген адамның жұмысы да өнiмдi, берекелi болады.
Қайғы сол: өз жолын тез тауып алатын адам сирек кездеседi. Адамның көбi ана жолға, мына жолға
бiр түсiп өмiр бойы өз соқпағын таба алмай, сенделумен өтедi».
Ғұлама ғалымның психологиялық мұралары туралы айтқанда біз оның осы мәселедегі негізгі желісі
мына төмендегі қисындардың төңірегінен табылады деп ойлаймыз. Бұлар біртуар ғалымның
психология саласындағы өзіндік орнын, қайталанбас ерекшелігін жақсы байқатады. Тіпті автор
түзген түйіндер нақты қағидаға, белгілі заңдылыққа айнала бастаған ұстанымдар секілді. Мәселен, ол
тән қуаты ажарлы болады дейді. Енді бірде «нашар жаннан, осал мінездер туады» десе, «жалынды сөз
– жалынды жүректен шығады», «баланың іспен емес, сөзбен, ақылмен үйреткен адам сорлы» дейді.
«Адамның денесі қандай мысқалдап өсетін, жетілетін болса, пікірі де сондай бірте-бірте жетіліп,
өркендейді». Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күнделікті уақ-түйек жұмыста да көрінуі
керек, тағы басқасы секілді толып жатқан ой-пікірлер мен тұжырымдар «қысқа да болса, нұсқа»
дегендей, қазақы құлаққа бірден ұялайды.
Адам мәселесінің өзегі, Жүсіпбек Аймауытовтың көзқарасы бойынша, мәдениет, оқу-білім, тәрбиеге
келіп тіреледі. Бірақ адамда руханилық пен адамгершілік жетіспесе, қандай жетістіктер де рахат пен
ләззат әкелмейтінін ол былай көрсеткен: «Бұрын адам хайуан қалпында жүргенде тамаққа таласып,
қандай алысып-жұлысса, бұл күнде жетіліп, мәдениетті болған адам да сол халден ұзап шыға алмай
отыр. Мәдениеттің ілгері басқышындағы халықтар ғылымның жемісін зорлық, зомбылық, қиянат,
озбырлыққа жұмсап отыр».
Қазақ елінің ерекшелігі мен болмысын жете түсінген Жүсіпбек: «Еуропаға еліктей бермей, өз
бетімізді, жұртымыздың белгісін көрсеткеннен не кемдік табылады? Қазып тексере берсек,
Еуропаның өнеге қылуға жарамайтын жерлері де бар», - дейді. Әрине. Батыс мәдениетін қазақ
халқына мүлдем керексіз демейді, оны да игеру керек, бірақ соған беріліп, соның жетегінде кетіп, өз
ұлттық нақыштарын жоғалтыл алмауға мегзейді. «Қазақ – мәдениет жөнінде ерте туып, кеш қалған
халық. Кенже қалғанымызда, әрине, көп себеп бар: жер, тұрмыс, ғұрып, әдет, надандық (фанатизм),
партия, өтірік, мақтан, міне, бізді ілгері бастырмаған осы сияқты себептер», - деп жазды ол. Ғылымбілімге дұрыс бағыт беретін тәрбие болуы керек. Оқыту, тәрбие беруді кәсіби мамандығы санаған
қаламгер өз шығармаларында осы мәселелерге де көп көңіл бөліпті. Жазушының мына сөздерінде
көп мән жатыр: «Өнер, ғылым қаражатпен табылады. Өнер, ғылым қаражат табады. Қаражат жан
асырайды, халықтың өнерлі болып жетілуіне де байлық керек, - дейді ол. - Жалаңаш кедейге өнер
үйрен деу – өгізбен жарысып бәйге ал деген сияқты. Надан болсақ та, бай болайық десек, ғылымсыз
байлық баянсыз болмақ, бұлай болған соң, ғылым мен байлық екеуі де керек ғылым білімге қанады.
Ғылымсыз білім сыңаржақ ғылым білімді ұлғайтады, ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнына
жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол – тәрбие». Сонымен, білімнің адамзат игілігіне
жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың
игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық
адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды...».
Педагогикалық көзқарастары адамға, оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімнен басталады. Өзінің
«Тәрбие» деген мақалаларында Жүсіпбек адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай
отырып, адам бойындағы ұнамсыз мінез-құлықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп
қорытынды жасайды. Оның айтуынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болуы керек. Адам
117
116.
өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиеменбайланыстыра отырып, былай деп жазады: «Алғашқы екі ғасырдай афиняндар мәдениетті, ғылымды
күшті жұрт болған, неге? Данышпан Салонның жасаған ережесімен тәрбиеленгендіктен. Рум халқын
атақты, күшті қылған кім? Тәрбие. Ескендірді данышпан хакім қылған кім? Аристотельдің тәрбиесі.
Неронды залым қылған кім? Философ Сенеканың қате тәрбиесі». Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен
маңыз берген жазушы оны дәрігермен ғана салыстырады, тіпті, одан да жоғары қояды: «Адамдық
көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін
сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады», - дейді. Тәрбие
мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін жете түсініп: «Тәрбиешіге Отанның келешек
өмірін тапсыруға болады, себебі, тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе – Отанның күзетшісі,
қорғаны», - деп атап өтеді. Болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеу, оларға білім беру
процесін сол халықтың мінез-құлқы мен тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын еске ала отырып жүргізудің
қажеттігіне Жүсіпбек аса зор көңіл бөледі.
Абайдың көрнекті шәкірттерінің бірі болған Жүсіпбек өзінің туған халқын қатты сүйсе, дәл солай
оның кемшіліктерін де көрсетіп, қатаң сынға алып отырды. Мысалы, «Қазақтың өзгеше мінездері»
деген мақаласында: «...өз халқының бұрынғы уақыттарда ұйымшыл, елі жауынгер, биі әділ,
намысқор, адамы әрі бітімді, қайратты, сауықшыл, досымен достасып, жауымен жауласуға табанды»
болғанын айта отырып, отаршылдық, езгінің әсерінен осы мінездер өзгеріп, «ұрлық, зорлық, өтірік,
өсек, алдау, қулық, айдату, байлату, кісі өлтіру, өтірік, мақтану, ынсапсыздық, тұрақсыздық, настық,
жалқаулық сияқты жағымсыз қылықтар» көбейгеніне қынжылады, сөйтіп, «ұсақтап келіп, жаужүрек
батырларымыздың батырлығы ауыл үйдің малын ұрлауда қалды. Бұрынғы билердің жұрнағы кішкене
дөңгелек жер болып қалды», - дейді. Ал енді осы жағымсыз қылықтардан құтылудың ең басты
құралы, Жүсіпбектің түсінігі бойынша, тәрбие, оқу, білім. Ең жаман нәрсе жалқаулық екенін, еш
қимыл, әрекет жасамай, еңбектенбей, Алла бере салады деп, қол қусырып отырудың бар екенін
сынап, былай дейді: «Қазаққа әлі де бермесең, жақпайсың. Ел еңбекке төселсе, шаруа түрі бірте-бірте
өзгерсе, салт-сана да өзгере бермек. «Алладан» емес, «еңбектен» сұрағанның екі бүйірі шығатынына
көзі жетпек. Әрқашан жылауық, байбалам, жалыншақ, сұраншақ, жағыншақ, жарамсақ елдің жаны
құл болады, ...жоқ болса да, ірі көңіл, сұңқар мінезді бол». Адамның рухына еркіндік беру керек. Егер
рухы еркін болса, жан дүниесі бай болса, адам құлдық психологиядан тез арылып кетуге мүмкіндік
алады деп сенеді Аймауытов. Сондықтан да ол халқының өте бай әдеби, мәдени мұраларын зерттеу
барысында да жан аямай еңбек етті. Адамгершілікті қалыптастырып, дүниетанымды кеңейтуде
әдебиет пен өнердің алатын орны туралы былай дейді: «Баяғыдан қазақ кең далада құр қойын
құрттап, айран ұрттап жатқан жоқ екен, оқымаса да, надан болса да, қиял, сезім байлығы бар екен.
Жүрегінің терең сырын, жанының алуан-алуан нәзік толғауын ән-күй деген айнасына түсіре білген
екен. Енді ол айнаны өнерлі жұрттар көрді...Адамшылықты, өнерді сүйген таза жүректе біреуді олай,
біреуді былай ұстайтын тар мінез болмайды...
Қазақ күнелту жағының мәдениетінен мешеу қалса да, ақыл, қиял сезім жағына, білім тілімен
айтқанда рух мәдениетіне кенде емес екендігі мынау мың әннен танылып отыр. Қазақстан жерінің
астында асыл қазына, кен байлығы мол деп аңыз қылысады. Сондай мол қазына қазақ елінің ішінде
де жатыр. Ол не десеңіз – әдебиет, ән, күй. Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге
болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке
дейін қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек».
Атақты жазушы Ғабит Мүсіреповтің ол туралы мына жазғаны көп нәрсені аңғартады: «Өз басым
қазақта мұндай білімді, жан-жақты дарынды жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек –
тамаша жазушы, драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші, музыкант, ғалым, көркем сынның
негізін салған дарын. Оның драматургиялық шығармалары да шымыр, ...көркемдік шоқтығы биік
болып кеткен...«Бұған Жүсіпбектің ойшылдығын, философиялық ойының даму сатысының биіктігін,
оның терең методологиялық және методикалық ойға негізделген ұстаздық қызметін қоссақ,
Ғабекеңнің мұндай жанды «әлі кездестіргенім жоқ» деуінде үлкен шындық жатқанын аңғарамыз.
Автор білім алуды күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыра білудің қажеттігін, мектепте алған
білімнің келешек өмірдегі мамандыққа қазық болатынын жақсы айтқан. Ж. Аймауытов білім
негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге
118
117.
пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып,өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерек. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен
дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын
қазынасы мол халықтың тілі» – деп оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани-мәдени
байлықты меңгерудің басты құралы екендігін, оны жан-жақты және терең меңгерудің қажеттігін баса
көрсетеді.
Автор адамның жан қуаттарының өсіп-жетілуінде тарих пәнінің алатын орнын былайша сипаттайды:
«Осы заманғы ғылымның көбі тарихпен тікелей байланыста жатыр. Тұрмыс жүйесі, әлеумет заңы,
заң, пәлсапа, әдебиет, мәдениет, өнер – бәрі тарихтан қозғайды. Әр ғылымның тарихы бар. Осы
тарихтың бәрі – жалпы азамат тарихымен байланысты». «Тарихты оқып білу арқылы шәкірттерге
қазіргі өмір мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата білерлік сана туғызамыз», –
дейді.
§ 2.11 Мағжан Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі
М.Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз
нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бірге оның тәлім-тәрбие ғылымының
теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының
тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы «Пелагогика» атты ғылыми еңбек
жазды. Сол кездегі көрнекті қазақ зиялылардың бірі – белгілі ғалым – педагог, публицист
М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: «заманға дәл жаңа кітап шыққанша
малданып», одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрынғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға
Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал…». Өз кітабы жөнінде автор
былай дейді: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқытылған дәрістерден
түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады». Біз бұдан кітаптың басылуы оған
оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін
байқаймыз.
М.Жұмабаев тағы да былай дейді: «Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым.
Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан,
түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстарда оқыған
мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі болып
кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Автор өз еңбегін төрт аяғын тең
басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды
екені хақ. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның
пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі сұлулық пен әдеп құлық
тәрбиесі. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, былай дейді:
«Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық,
суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік
денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен,
әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты
жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы.
Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…», «...баланы тәрбиешінің дәл
өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару», – деу арқылы М. Жұмабаев
тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік
бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі, - деп жазды ол, - баяғыда
119
118.
сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен тәрбиеқылуға міндетті». М. Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп
қабылдаудың қажеттігін ескертеді. «Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып
жатыр», - дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында ұлттық бояу
ерекше байқалады. «Киіз үйдің зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, – пайдалы жағы да бар.
Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда
болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып, құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге
өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. …Қазақ
баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл». Оның ойлары адамның табиғатпен
кіндіктестігін ескере келіп, оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығын меңзейді. Табиғатанадан алшақтап, оған немқұрайды салқындықпен сырт айналудың зардабын ұрпақ көріп отырғаны
белгілі.
Кезінде патша үкіметінің қазақ халқына қарсы жүргізген сол кездегі реакциялық отарлау саясаты,
қазақ зияларын жайбіррақат қалдырмады. Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен «Алаш»
партиясының маңына топтасқан зиялылар бостандық алудың бір ғана жолы халықты сауаттандырып,
қараңғылық бұғауынан босату деп білді. Осы себептен де ат төбеліндей аз ғана топ өздерінің бар
өмірін оқу-ағарту жолына бағыттады. Әрқайсысы әртүрлі пәндерден оқулықтар, әдістемелік құралдар
жазды. Бәрі бірігіп халықты оқу-білімге шақырды. Олар осы жолда бар мүмкіндіктерді пайдалана
білді. Әсіресе, сол кездегі қазақ арасына кең таралған баспа сөзді шебер пайдаланды. Осы орайда
«Қазақ», «Айқап», «Жаңа мектеп», т.б. газет журнал баспа сөз беттерінде оқу-ағарту туралы
жарияланған мақалалардың қазақ арасында рөлі ерекше болды. Әсіресе, оқу ағарту саласында өндірте
еңбек етіп, ұлттық педагогикаға өлшеусіз үлес қосқан адамдардың бірі М. Жұмабаев болатын. Оның
барлық шығармарлары ұлттық нақышта жазылып, патриоттық руһқа толы, отансүйгіштік,
түрікшілдік идеялар өзекті орын алған. Педагог-ақын өзінің әрбір шығармасы арқылы оқушыларды
отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеуге бағыттады. Оның «Педагогика» атты оқулығы тұнып тұрған
ұлттық педагогика мен психологиясы. Онда халықтың мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, бала тәрбиелеу
тәсілдері ерекше нақышпен суреттелген. Педагог-ғалым М.Жұмабаев ұлт педагогикасын
ғылымилықпен баяндай отырып, оларды қолданудың әдіс-тәсілдерін жаңаша жағдайда пайданудың
қажеттілігін ұсынды. Сол мұралар арқылы оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, адами ұлы
қасиеттерге тәрбиелеудің жолдарын көрсетті. Сонымен бірге, М. Жұмабаев ұлт педагогикасының
бәрін оқу-тәрбие ісіне талғаусыз енгізе бермей, оны бүгінгі күн талабына сай жаңаша, өркениетті
жағдайға пайдаланудың жолдарын меңзейді. М. Жұмабаевтың қазақ педагогикасына енгізген ерекше
жаңалығы, оның ұлттық психология ғылымына қосқан үлесі. Ол психологиялық ғылыми
қағидаларды зерттей келе, оны қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық психологиясына
жақындатуды қарастырды.
Пәндерді оқытуда қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, сабақта пайдалану, дамыта
оқыту, бала қиялын, фантазиясын өсіру, өздік ойлау процесіне ерекше мән беріп отырудың
қажеттілігін М. Жұмабаевтың оқытудағы басты тәсілдердің бірі ретінде қарстырады. Әсіресе, тіл
мәселесіне келгенде баланың бастапқы (1-4) сыныптарда тек қазақша оқу керек-тігін дәлелдеді.
Сонымен бірге, баламен жұмыс істейтін үлкендердің таза әдеби қазақ тілінде сөйлеп, тіл тазалығын
сақтау қажеттілігін алдыңғы орынға қоя білді Мағжандай дара тұлғаның шығармашылығын оқытып,
үйрету оны үлгі ету бүгінгі мектептің алдында тұрған келелі іс. Мағжан Жұмабаев – ғасырлар
белесiнде әр заманда бiр қылаң берiп қоятын көркемдiк ойлау әлемiндегi Абайдан кейінгi үлкен бiр
құбылыс. Оған оның «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы», «Жан сөзi», «Жүсiп хан», тағы басқа да
iрi шығармалары куә. Сол құбылыстың сырын ашып, жас ұрпақты шынайы суреттердiң поэзия
бұлағынан сусындата бiлу, жақсы менен жаман, қатығездiк пен iзгiлiк, бiр күндiк пен мәңгiлiк секiлдi
өмiрлiк проблемаларға қатысты көзқарас қалыптастыруда ақын мұрасын шебер пайдалана бiлу – әр
120
119.
ұстаздың асыл мұраты болу керек деп ойлаймыз. Бүгiнгi таңда елiмiздiң жас ұрпағын ұлтжандылықпен отансүйгiштiкке тәрбиелеу проблемасы алдымызда тұрғанда, Мағжан Жұмабаевтың өмiрi мен
шығармашылығын мектептерде оқып үйрену, одан нәр алу ұлы парыз. М. Жұмабаевты қазақ
педагогикасының негізін қалаған және оның көш бастаушыларының бірі деп айтуымызға әбден
болады. М. Жұмабаевтың өнегелі өмірі мен тәлім-тәрбиелік ой-пікірін оқу-тәрбие жұмысына
енгізудегі басты мақсат, оқушы жастардың бойына адамгершілік пен ұлылық қасиеттерді дамыту. Әр
түрлі жаман, теріс пиғылдардан арашалау, ізгілік пен инабаттылық сезімдерді жүректеріне ұялату,
сөйтіп ұлтын, елін, жерін сүйетін арлы азамат тәрбиелеу. Тәрбиеде адамға ықпал ететін білімдер саны
алуан. Солардың ішіндегі ең парасаттысы, өміршең білім – халықтың өзі жинақтаған тәлім-тәрбие
жайлы білімдер. Ұлттық мәдениетімізді, инабаттылықты, имандылықты, қайырымдылықты,
мейірімділікті, ізеттілікті, меймандостықты, тіл өнерін балаға балдырған кезінен бастап үйретуөркениеттік дәстүріміз.
Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және
ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде
дала өмірі мен өзінен бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық
психологиялық бояу, нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Әрине, М.Жұмабаев
сөз етіп отырған психология ғылымының мәселелері 20-жылдар деңгейінде, әсіресе, оның
терминдерінің өзі еуропа, орыс тілдерінде де белгілі бір жүйеге түсіп, топтаса қоймаған кезінде төл
тілімізде ғылыми жағынан сөз болған. Сондықтан да бұл еңбекке қазіргі күн тұрғысынан қарап баға
беру әділдік болмас еді. Ал, бұл еңбек қазақтың ұлттық ғылыми терминдерінің ілкі бастауы төрінен
орын алатыны даусыз.
М.Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинскийше, педагогиканы жан сырының
заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы.
М. Жұмабаевтың – осы кітабындағы педагогикалық ой-түйіндерінің негізгі арқауы «…адам
баласын, әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек… Дүниеде теңіз терең емес, адамның
жаны терең… Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға
алады. Ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, баланың маңындағы адам дұрыс
мінезді болуы керек… Адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу
жолға түсуіне қажетті бірінші шарт…» деген сияқты ұлағатты ойлар көптеп кездеседі.
М. Жұмабаевтың педагогикалық ой-пікірлері мен еңбектерін зерттей, жүйелей келе төмендегідей
қортындылар жасауға болады:
М. Жұмабаев қазақ халқының егемендігі үшін күрескен қоғам қайраткері, патриот, ағартушы – ұстаз,
тәлімгер.
М. Жұмабаевтың ұстаздық идеяларының өзінен бұрыңғы қазақ ойшылдарының Ы.Алтынсарин, А.
Құнанбаевтың озық ойларымен және өз замандастары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. Аймауытовтың
ұстаздық-тәлімгерлік идеялары мен үндесіп жатыр.
М. Жұмабаевтың ұстаздық ой-пікірлерін мектеп мұғалімдерімен орта мектептің оқушылары үшін
оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы сонымен қатар «Сауатты бол», «Жазылашақ оқу құралдары
һәм мектебіміз», «Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту» тағы басқа еңбектеріндегі білімділік,
гуманистік бағыттағы ілімдері, оқу оқыту принциптері мен тәрбие туралы идеяларының бүгінгі
талаптармен, үндес, сабақтас.
Мағжанның ұстаздық әлемі тұңғиық терең. Оны оқып, зерттеу бүгінгі ғалымдар мен ізденушілер
үлесіне тиесілі болмақ. Ойымыздың дәйектілігін дәлелдей түсу үшін, заманның заңғар адамы бола
121
120.
білген, академик, ғұлама жазушы М. Әуезовтың М. Жұмабаев туралы пікірін келтіруді жөн көрдік.«Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы
ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын
көріп-сезгендей боламын. Мағжан – мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне
қарағанда, бұл бір заманның тегімен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек
шыққандай, бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін
терген ақын болмайды, заманынан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын болады. Әдебиет әдебиет үшін
деген таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің бар
жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның
сөзі».
М. Жұмабаевтың ұлттық тәлім-тәрбие, тіл, дін, діл, мәдениет туралы айтқан ойларының осы заманда
да өміршең екендігі даусыз. Мағжан психология пәніне өте кең орын беріп, барынша зер сала
қарастырады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен қазақ қаламгерлерінің
туындыларын, ұлттық психологиялық өзіндік бояу, нақышын нәзік шеберлікпен пайдалана білу тәсілі
де құптарлық. Сыртқы сезімдерді көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен
анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. М. Жұмабаевтың
пікірінше, «Бұл сезімдер сау һәм берік болуына, екінші бұл сезімдердің өткір, терең, дұрыс болуына
ыждаһат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да
тегіс, бүтін болмақ емес». Әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, олардың
әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерге сүйену қажеттілігін
айтады. Мәселен, есту сезімін дамыту үшін сәби жарық дүниеге келген күннен бастап оның есту
сезімін дамытуда түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, бұл жерде бесік жырының тәрбиелік
мәніне ерекше тоқталады.
Жұмабаевтың адамның зейінін тәрбиелеу жөніндегі ой-пікірі де қазіргі кезде де маңызын жоғалтқан
жоқ. Ол оқушылардың зейін дамуы үшін әсердің күшті, жеке, жаңа болуын, жаңа алынған білім мен
ескі білімнің байланыс-уын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып,
оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Адам зейінін ерікті, еріксіз, табанды, табансыз
ішкі, сыртқы деп жіктейді. Бала абайының ерекшелігі мен жасына, тәрбиелеу жолдарына айрықша
мән береді. Адам өміріндегі естің алатын орнын көрсете келіп, оны есту, көру, қозғалу есі деп жекежеке қарастырады. Естің адам жасына байланысты өзгерісі де өзекті мәлесе екендігін айта келіп,
баланың есін дамыту жайлы баяндайды. Жұмабаев қиялды еріксіз және ерікті деп екіге бөледі. Өз
кітабында Мағжан қиялдың жасалу жолдарын көрсетеді: «1. Заттардың өздерін яки олардың бір
мүшелерін зорайту яки күшейту. 2. Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосу. 3. Реті келгенде өздері де
жиыла алатын көріністерді бір суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адамға жиюмен
жасалатынын көрсетеді. Баланың қиял табиғатына көңіл қоя отырып, оны өркендетудегі ертегі, бала
ойындары мен ойыншықтардың ролін де қарастырады. Ойын – балалық шақтың басты ерекшелігі.
Бұл туралы, М. Жұмабаев былай деген: «Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады. Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала айналасындағы тұрмыста нені көрсе, соны істейді.
Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп-тізіп көш
жасайды. Балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап таныстырады, күйеу келтіреді, құда
түседі. «Ойын балалар үшін өмірдің өзімен тең. Сондықтан, қазақ атамыз: «Базар – қаланың ажары,
ойын - баланың базары», «Баланың ойынын бұзба, өнегең болса, ойын қозға», «Бала ойынымен өседі,
дана ойымен өседі», «Қыз – қуыршақ, ұл – құлыншақ», «Бала ішегін сүйретіп жүріп те ойнайды»
деген ғой.
Мағжан Жұмабаев эстетика сезімдері жайлы ғылыми ұғымдарды да әр қырынан ашып, өнер адамына
тән өрнекті бейнелер арқылы түсіндіреді. Кітапта ойлау, ұғым, ой, қорытынды, ішкі сөйлеу
мәселелері де таратыла талданған. Ақын тілдің жеке адам өміріндегі маңызы жайлы айта келіп, оның
ұлттық мәнін де оқырманға жеткізеді. «Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді.
Бұл ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ
122
121.
тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайраты, біресе желсіз түндей тымық,сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр», - деп жазады
Мағжан. Бала темпераментіне байланысты ұғымдарды ұтымды тілмен баяндап, баланың жалпы
жаратылысы, табиғаты туралы түсініктерді қазақ ұғымына түсінікті береді. «Адамның шын
мағынасымен «адам» болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағат танбай жалпы адамзатты
сүю шарты...Адам өз халқының адамдарының сүюінің үстіне басқа халықтардың да адамдарын сүюге
міндетті. Жер жүзіндегі адам адамды сүймек. Бұл адамның жаратылысындағы негізгі мінез».
Әлемдегі тіршілік қауіпсіздігі, жалпы адамзат ұрпағының өзара сүйіспеншілігіне, ынтымақтастығына
тікелей тәуелділікте тұрған бүгінгі таңдағы бейбітшілік мәселесімен жоғарыдағы пікірлері жақсы
үндеседі. Ол дидактиканың психологиясыз, оқу-тәрбие процесінің теориялық қисындарын
баяндайтын педагогиканы әлсіз деп ұқты. Көрініп тұрғандай, Мағжанның әр пікірінің астарында,
Абай ілімінің түйіні жатыр. Мағжан «Адам бол» ілімінің теориялық негізін тиянақтап, оны европа
ілімдерімен ұштастыра алды.
«Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген
адам, әуелі басқаларға үйретпекші нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын
біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп
жеткеніне тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап ішкі
халінен хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала турасындағы ғылымды білерге керек» «Қазақ
ісіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің көбі
біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай отыр. Олар
өтіп, кейінгі жастардың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойын бұрып, қайырылар, халық
түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі — бәрінен бұрын
ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс». . Жат жұрттың шалығы тимесе, кәсіби, ғұрпы
өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол
жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ.
Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір. Дегендер
Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал.
Хүкіметке жағымдысы — қол астындағы жұрттың жазу-сызу, діні бір болу. Россия қол астында түрлі
тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бәрі тілін, дінін, жазусызуын орысқа аударса, хүкіметке одан артық іс болмас», — деп патшалық Россияның ұсақ ұлттарға
ұстанған саясатын ашық, батыл көрсетеді .
§ 2.12 М.Дулатовтың педагогикалық ұстанымы
Дулатов Міржақып 1885 жылы 25-қарашада Торғай уезіндегі Майқара болысының 3-інші ауылында
туған. 1935 жылы 5-қазанда айдауда, лагерьде жүрген кезінде ауырып, қайтыс болады. Әкесі Дулат
қарапайым іскер, қол шебері етікші болған. Міржақып 8 жасқа толған кезінен бастап екі жылдай ауыл
молдасынан сабақ алады. Одан соң ауылдағы орыс мектебінде, ал 1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ
мектебінде оқиды. 1904 жылы ол Омбы қаласында жасырын ұйымға қатысады, қазақ
интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновпен
жақындасады. 1905 жылғы орыс революциясы кезінде Қарқаралыда ереуілшілердің арасында болады.
1907 жылдан бастап оның бірлі-жарым өлең, мақаласы да жариялана бастайды. Міржақып Дулатов
бірден-ақ қазақ халқының арман-мүддесін терең түсіне білетіні, қазақ қоғамында жаңадан өpic алып
келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы екенін айқын танытты.
Міржақыптың «Серке» газетінің («Ульфат» газетіне қосымша) 1907 жылы 2 нөмірінде басылған
«Біздің мақсатымыз» атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын саяси үгіт деп саналып, бұл газет
конфискеленсін деген шешім қабылданады. Оның осы мақаладағы пікірлері «Оян, қазақ!» кітабында
123
122.
әсіресе айқын, әсерлі айтылады. «Оян, қазақ!» 1909 жылы тұңғыш рет жарық көріп, кітап 1911 жылыекінші рет жарияланады. Осы жылы патша үкіметінің бақылау орны «Оян, қазақ!» елді бұзатын,
дүрліктіретін, революцияға үндейтін кітап деп тауып, М. Дулатовты қамауға алады, кітапты таратуға,
. оқуға үзілді-кесілді тыйым салынсын деген сот шешімін, шығартады. Кітаптың қолдан-қолға тарап
жүрген қаншама данасын таптырып, жиғызып, жойып жіберуді қатты қадағалайды. «Оян, қазақ!»
кітабын оқығанда Міржақыптың халықтың мұң-мұқтажын өз мұңындай көретіні әр сөзінен айқын
сезіліп тұрады. Ақын өзінің халық алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Ол өз замандастарына,
көзі ашық зиялыларға тарих, қоғам қандай міндет жүктеп отырғанын анық аңғартады, халықты
ескіліктен, мешеуліктен, зорлық-зомбылықтан, қанау-езушіліктен құтқаратын күшті құрал оқу-білім,
өнер, ғылым, адал еңбек, әділдік, адамгершілік үшін күресу екенін ұға білді. Міржақып Дулатов
патша үкіметінін, қазақ даласы билеу ісін жүргізудегі саясатының кемшіліктерін, кертартпа сипатын
айқын аңғарды. 1916 жылғы оқиғаны, 1917 жылғы ақпан көтерілісі мен Қазан төңкерісі, азамат
соғысы кезіндегі саяси-әлеуметтік жағдайды көзімен көріп, дұрыс бағалай алды. Осындай үлкен
тарихи оқиғалар болып жатқан кезеңдерде алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларының, қоғам
қайраткерлерінің күресі елдің азаттығын сақтап қалуға бағытталды. Сол дәуірдегі тарихтың,
уақыттың өзі қазақ қоғамының алдына тартқан, күн тәртібіне қойған ең маңызды, түбегейлі мәселе
қандай еді десек, халық мүддесін көздеген озат ойлы қазақ зиялыларының қоғамдық, саяси күрестегі
алдына қойған негізгі мақсаты елдің азаттығын қорғап қалу, сол үшін ұлттық мемлекет құру болатын
дер едік. Ел берекелі, беделді болу үшін, халықтың ұлттық мәдениетін өркендету үшін алдымен
азаттық, бостандық керек, ерікті ел болу керек екенін олар жақсы түсінді. Қазақ еліне автономия беру
мәселесін ашық қойған Әлихан Бөкейханов, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін бұл үміттің
ақталмайтынын байқап, ұлттық партия құру ісіне кіріседі. «Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт
автономиясын тікпек болдық», - дейді Әлихан Бөкейханов, бірақ ол ниет қолдау таппады дей келіп:
«Мен сонан соң қазақ Алаш партиясын ашуға кірістім», - дейді («Мен кадет партиясынан неге
шықтым?» деген мақаласында. «Қазақ», 1917. № 256). Міне, сөйтіп қазақ интеллигенциясының
алдынғы қатарлы өкілдері «Алаш» партиясын құрып, «Алаш орда» үкіметін орнатқан кезде
Міржақып Дулатов алаш туын көтерген Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтардың
қатарында болды.
Ақынның «Алашқа» атты өлеңі «реквием» (қазалы жыр) деп аталғанымен, оны тек өткен заманды
аңсау сарынына құрылған демесек керек. Қазақтың бұрынғы өздері ақ киізге көтеріп сайлайтын
хандары, әділ билері, ел намысын қорғай алатын батырлары болған кең сахарада малын бағып, еркін
көшіп-қонып жүрген дәуірі артта қалды дей отырып, Міржақып ол заман өкінгенмен енді қайтып
келмейді, сондықтан уақыттың, қоғамдық жағдайдың өзгергенін түсініп, соған сәйкес әрекет қылып,
қазақ көшін оңға бастайтын адамдар кажет деген ойын аңдатады. Бүгінгі өзінің бас пайдасын ғана
ойлаған малқұмар парақор басшыларға еріп, алданудан сақтандырады. Ежелгі көшпелі дәуірдегі
өмір-тұрмыстың жақсы, жарасымды жақтары, өз артықшылығы аз емес екені ақынның басқа
өлеңдерінде де шебер бейнеленіп көрсетілген. Бұған мысал ретінде «Қазақ халқының бұрынғы
мәгишаты» өлеңіндегі мына суреттемені еске алалық:
«Кетуші ед көшбасшылар ілгері озып,
Жарасып өз формынша саясаты.
Жарысып бозбалалар жүруші еді,
Жаратқан үкі тағып жүйрік аты.
Жайлауға шыға айғыр суытушы еді,
Ыстықтың қалмайды деп зарараты.
124
123.
Тізіліп көл жағалай қонушы еді,Жарасып ақ үйлердің кияфаты.
Көкорай шалғындарға бие байлап.
Байлықтың көрінуші еді ғаләмәті.
Жан-жануар рахатпен бір жасаушы еді,
Кіргендей бөлмесіне жер жәннәті.
Ішкен мас, жеген тоқ боп жүруші еді,
Түзеліп, бозбаламен саяхаты».
Алайда ақын бұрынғыны бірыңғай мадақтаудан аулақ. «Қазақтың бұрынғы һәм бүгінгі халі» атты
өлеңінде ол ерте замандарда да әділеттілік болмаған деп ашық айтады:
Ел шауып, кісі өлтірсе батыр деген,
Батырлар факирлердің хақын жеген.
Біз мұндай бұл уакытта болар ма едік,
Істесе халық пайдасын ғақылменен.
Ел ішінде алалық, барымта, ұрлық бұрыннан бар екенін жоққа шығармай, ал бұл күнде ел билеушілер
«шен алып дәрежеге жеткендей боп» өз пайдасы үшін халықты сатудан тайынбайды деп патша
әкімдеріне жалынып күн көруге ұмтылатындарды қатты шенейді. «Сайлаушылар хақында» атты
өлеңінде:
Шыққалы волост сайлау қырық жыл өтті,
Ол сайлау байқасаңыз, түпке жетті.
Бай болып, мырза атанып мал біткендер,
Таласып болыстыққа ақша төкті.
Болыс болар мал шашып, шығынданып,
Сайлау етер осылай тынымданып.
Әбден болып алған соң расходын,
Бітіреді халықтан жылында алып.
Ақын патша үкіметінің қазақтарды малға жайлы, шұрайлы жерлерден ысыруға бағытталған саясатын
әшкерелейді. Мың жеті жүз отыз бір сәнасында, Біз кірдік Руссияның фанасына. Жылында мын жеті
жүз алпыс сегіз Қазыналық деді жердің һәммәсін да. Айырылсаң қалған жерден осы күнгі, Топыраққа
малды, қазақ, бағасың да, - дейді ол «Қазақ жерлері» өлеңінде. Қазақ даласына енгізілген ел билеу
жүйесінің халық мүддесін жақтауға ылайықталмай, жергілікті әкімдерді әлсіретіп, патша үкіметінің
басқару орындарындағы ұлықтардың өкім жүргізуіне қолайлы етіп жасалғанын Міржақып толық
түсінген. Мұнымен мал шашылып, ар кетеді, Күшті әлсіреп, нашардан хал кетеді. Өтірікті расқа
шығарам деп, Жалған іске ант беріп жан кетеді, - деп, қазақ даласын бөлшектеп, ұсақ-ұсақ
125
124.
болыстарға бөлу, сөйтіп, әлсіз, ұлыққа бағынышты ел басқарушыларды көбейту ел ішінде араздықтықоздыруға себеп болып отырғанын аңғартады.
Бұдан бұрын да, бүгінгі заманда да халықтың аяғына оралғы болып, оны алға бастырмай отырған
бірліктің, бірауыздылықтың жоқтығы деген түйінді ойын ақын мейлінше ашынып айтқан:
Бірлік жоқ, алтыауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Енді елді теңдікке жеткізетін өнер, ғылым дей отырып, оны халықтың керегіне жұмсау, игілігіне
асыру қажет екеніне зор мән береді:
Ғылымың болсадағы ұшан-теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей, - дейді.
Халықтың тағдырын ойлап, толғанып, елдің бірлігін, бірауыздылығын арттыру, заманның ыңғайына
қарай қам жасау, харекет қылу, талаптану, адал қызмет қылу, жастарға білім беру, ғылым үйрету,
мұсылманшылық жолын ұстау, орыс тілін, , өнерін білу секілді аса маңызды қоғамдық мәселелерді
қозғайтын өлеңдерінен азамат ақын, жалынды публицист, батыл күрескер, қажырлы қоғам
қайраткерінің тұлғасын көз алдымызға анық елестете аламыз. Сонда оқырманды елітіп
қызықтыратын, баурап әкететін не десек, ол алдымен автордың шыншылдығы, адалдығы, әр сөзін
ерекше ынта, ықыласпен, қатты құлшыныспен айтатыны дейміз.
Ақын біреулерді кемшілігін тауып сынағандай, кейде ұстаған жерінен айырылмай, қадалып, қатты
айтқандай болса да, сырт көзбен көргендей, сырттан айтқандай болмай, қатар, бipгe отырып
сөйлескендей. Ашынғаны да, ақыл бергені де артық көрінбейді. Бірге ойласып, бірге мұңдасып,
сырласқандай сезіледі. Сондықтан ақынның наз ғып, сипай айтқан сынын да, ашынып ащы мысқылкекесінмен түйреп шенеген сөздерін де орынды демеске амал қалмайды. Ол бірде:
Атаңа дәулет бітсе, бұлғақтадың,
Хисапсыз сөздер сөйлеп ыржақтадың.
Мәз болып «мырза» деген қошеметке,
Буынып мықыныңнан ырғақтадың.
Бояумен сырладыңыз сыртыңызды,
Керіліп сыйпадыңыз мұртыңызды.
Қарасам ішіңізді ашып, дәнеме жоқ,
He дейін надан демей, жұрт бәріңді, - десе, тағы бірде:
Жұмыс көп біздің жұртқа ұнамаған,
Нашар жоқ қорлық көріп жыламаған.
Шортандай шабақ жұтқан жалмауыздар,
Тексеріп өз ғайыбын сынамаған.
Аяғын пайдалы іске бір баспаған,
126
125.
Ұмтылған өлімтікке бір аш таған.Түйені түгіменен жұтсадағы,
Харамнан нәфсі тиып, бір қашпаған, - дейді. Яғни, бір орайда әзіл-қалжыңы аралас сын айтқандай
болса, енді бір орайда озбыр, опасыз адамдардың мінез-құлқын бадырайтып, көзге шұқығандай
батырып айтады.
Қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, жағымсыз істерді сынап, әшкерелеп, әйгілеуге назар аудара
отырып, ақын адалдық, әділдік, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерді уағыздауды ешбір есінен
шығармайды.
Шікірейіп, я жігіттер, кетпелік,
Инсаплыққа ерсі жұмыс етпелік.
Қарастырып халық пайдасын жабылып,
Көмек беріп мұқтаждарға көптелік.
Пайдасы жоқ исрафтан бой тартып,
Керексізге бекер малды төкпелік.
Кәдәри хал біреу шықса талапкер,
Рәд қылып хәсәфлікпен сөкпелік.
Әр іске өнер, хайлә керек болса,
Тіл алсаң омыраулап салма күшке.
Бұл сөзім ілтифатсыз босқа қалып,
Түбінде қалып жүрме өкінішке.
Бұл сөздерінен де ақынның «жігіттер» деп жастарға, әсіресе назарын аударғандай болған тұстарында
олардың іш тартқандай, ашылып, шынайы адал көңілмен ақтарыла сөйлейтінін жақсы аңғарамыз.
1913 жылы Міржақыптың «Азамат», 1915 жылы «Терме» атты өлең жинақтары жарық көрді.
«Азамат» жинағындағы:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі.
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш, - деген сөздер азамат ақынның алдына койған қоғам-дық мақсатын
қалай түсінетінін айқындай түседі, оның алған бетінен, күрескерлік жолынан таймай, қажымай,
талмай туған халқы үшін еңбек етуге белін буғанын аңдатады.
Ақын өлеңдерінің басты сарындары надандық пен топастықты, әділетсіздікті сынап әшкерелеу,
халықты мәдениетке, өнер-білімге, прогреске шақырып, адамгершілік азаматтық идеяларды уағыздау
болып келеді. Міржақыптың азаматтық, әлеуметтік лирика тақырыбы, идеясы тұрғысынан да,
құрылыс-қалпы, айтылу ерекшелігі, жанрлық өзгешелігі жағынан да түрлі-түрлі. Бірде қазақ
халқының тағдырын, күн көрісі, келешегі туралы толғаныстар болып келсе, бірде жастарды өнер127
126.
білімге, талапты, адал, өнегелі болуға шақыратын насихат өлеңдер, бірде өмірдегі нақтылы,күнделікті жай-жағдайға, көпшілікке тікелей қатысты мәселелерді тілге тиек етіп, адамгершілік
мәселелерді сөз қылатын әңгіме-сұхбат түріндегі өлеңдер, кейде патша үкіметінің озбырлығын, жұрт
билеушілердің әділетсіздігін әшкерелейтін өткір сықақ өлеңдер, тағы сондай түрленіп келе береді.
Және назар аударарлық бір нәрсе – қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғайтын туындылары
ақынның өз сөзімен ішкі жан дүниесін танытатын көңіл күй лирикасы сипатын алатын тұстары да аз
емес. «Сырым», «Мұң», «Қиял», «Көңіліме», «Арманым», «Қажыған көңіл» секілді өлеңдерді осы
топқа жатқызуға болады. Соңғысында ақын:
Желігуден жел көңілім басылмай,
Білім артып, жемісі жұртқа шашылмай.
Ерте менен кеш тақылдатып қақсам да,
Әуре қылды бақ есігі ашылмай, - деп тебірене толғанады. Осындай өлеңдер ақынның жан сезімін
танытатыны талассыз. Алайда Міржақыптың көңіл-күйі лирикасында ақыл-парасаттылық күштірек
екені, сезімшілдіктен де ойшылдықтың басым келетіні байқалады. Оның ақындық бітім-тұлғасын
тұжырымды түрде сипаттап беруді мақсат етсек, Міржақыптың өмірі құбылыстарын, адам мінезін, ісәрекетін бейнелеу шеберлігі ойнақшыған отты сезімге бой алдырудан гөрі салқынқанды ойлағыштық
қабілеттің айрықша қуаттылығына негізделеді дер едік. Сонымен бірге Міржақыптың поэзия тілімен
нақтылы өмір көріністерін көз айқын елестетерлік етіп мүсіндеп бейнелейтін суреткерлік шеберлігі
де назар аударарлық. Мысалы, «Наурыз»(«Жаңа жыл») атты өлеңінде ол көктемде бой жазып
жадыраған ауылдың көшпелі тұрмысын анық, айқын, жанды суреттемелер арқылы көкейге қонымды
етіп көрсетеді.
Жайнаған терең сайлар,
Ойнаған құлын, тайлар.
Ел қонып көл жағалай
Өріске малын айдар.
Гүл өсіп гүл-гүл жайнар,
Бұтақта бұлбұл сайрар.
Тіріліп, құрт-құмырсқа,
Жер жүзі быж-быж қайнар.
Сұлу жүр сылаңдаған,
Күлімдеп кылаңдаған.
Ерініп бір басуға
Жас талдай бұраңдаған, - деген өлең жолдарынан-ақ ақынның нақтылы, айқын детальдар, қимыләрекеттер арқылы тұтас өмір құбылыстарын нанымды, әсерлі бейнелейтіні аңғарылады. Осындай
суреткерлікті, нақты өмір құбылыстарын бейнелеп көрсетуге шеберлікті «Жұт» деген өлеңнен де
анық байқауға болады.
Қырылды қосты жылқы сорға түсіп,
128
127.
Омбы қар, терең сай мен орға түсіп.Хал кеткен қайыруға жылқышылар,
Жанымен қош айтысты олар да үсіп.
Үстінде ұзын жолдың қалашылар
Күн бар ма кедей сордың бағы ашылар.
Тоқтаусыз күні-түні соқкан боран,
Біразын қалған басып, қазасы бар.
Балалар боқша арқалап, барын киген,
Сабаққа бармақшы боп шыққан үйден.
Жеткенше аяқ-қолын домбықтырып,
Бетінен тызылдатып аяз сүйген.
Суатқа мал суара барған малай,
Келеді құлақ-мұрнын ол да уқалай.
Кенеттен бір мезгілде боран соғып,
Лағып құба жонға кеткен талай.
Мұндай суреттемелерде ақыннын, әр түрлі жай-жағдайларды баяндай айтуға ұсталығы да анық бой
көрсетеді десек те, сипаттап бейнелеу жағы алдымен назар аударады. Өлеңнің алғашқы жарымында
жұтты осылай бейнелеген ақын, енді сол мәселе төңірегінде пікір айтуға ойысып, мал бағуды ғана
күнкөріс ететін көшпелі тұрмыстың қиыншылығы туралы ой толғайды. Міржақыптың сұлулықты
сұқтана қастерлейтін «Сұлу қызға» атты арнау түріндегі өлеңі, ғашық жанға қимастық сезімге толы
«Айырылу» атты өлеңі сыршыл лириканың әдемі үлгісі дерлік болса, «Таза бұлақ» деген өлеңі
романс деп аталса да, мысал өлең түріне жақын келеді. Түгелдей алғанда Міржақып поэзиясында
маңызды қоғамдық, саяси мәселелерді қозғайтын аааматтық, әлеуметтік лирикаға жататын өлеңдер
басым екенін байқаймыз.
Қазақ поэзиясының бұл саласын дамытып өркендетуде ақынңың сіңірген еңбегі орасан зор. 1910
жылы «Бақытсыз Жамал» атты романы басылып шығады. Бұл шығарма жазушының өз
шығармашылығында ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінде елеулі орын алған көркем туынды болды.
Өйткені ол аса зор әлеуметтік маңызы бар мәселе қозғаған, қазақ әйелінің ауыр жағдайын шынайы
бейнелеген, қазақ әдебиетіндегі роман деп аталған тұңғыш прозалық шығарма болатын.
Педагогикалық тұрғыдан бұл роман қазақта ана мектебі қалай жұмыстағаны туралы әңгімелеген
көркем шығарма еді.
М.Дулатов қазақ педагогикасында алғаш рет дидактиканың негізін қалаған адам. Ол қазақ
оқушыларының гигиенасы мен әдеп, мінез-құлықтары жөніндегі шарттарды жазды, «қирағат»
кітабындағы «Денсаулық жайынан» атты тарау жоғарыдағы мәселелерге арналған. Міржақыптың
бүкіл ағартушылық қызметі оның өзін ғұмыр бойынша бақылауда ұстаған патшалық өктемдікке
қарсы жұмсалды.
129
128.
Міржақып Дулатұлы – тұңғыш қазақ математигі. Ол алғашқылардың бірі болып қазақ шәкірттеріне«Есеп құралы» атты оқулық жазды. Осы кітап жөнінде қазақтың әйгілі ғалымы Ахмет былай баға
берген болатын: «Бұл күнге шейін қазақ тілінде әліппе, қирағат кітаптары болса да, есеп кітабы жоқ
еді. қазақша шыққан ең бірінші есеп құралы осы… Кітап ең соңғы жаңа тәртіппен шығарылып, таза
қазақ тілінде қазақ емлесімен басылған, мысалдары да қазақ тұрмысынан алынған. Бұл жылдары
Міржақып «Жазу тәртібі» («Айқап» 1912, №8 ), «Тіл құралы» («Қазақ», 1915, №93) сияқты өзекті
мәселелерге арналған мақалалар жазады. Дулатовтың тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн
талабы-тілегімен ұштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты имандылыққа
тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесінде көлеңкелі, келеңсіз жақтардың белең алуы тәлімгер
қауымға жас буынды жөргегінен мейірімділік пен имандылыққа баулып трбиелеу қажеттігін күн
тәртібіне қойып отыр. Осы жөнінде мұсылмандардың қасиетті кітабы, «Құранның» үлгі-өнегеге толы
тағылымдарына да баса назар аудару қажеттігі газет-журналдарымызда сан рет жазылып жатыр. Ал
осы мәселені бұдан ғасырға таяу бұрын кемеңгер Дулатов та көтерген екен. «Жалғыз құрғақ білім
үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек» – деген де Міржақып болатын.
М.Дулатовтың жазған «Қирағат» кітабы (1924) өзінің құрылыс жағынан бастауыш класс
оқушыларына жеңіл, түсінікті тілде, табиғатпен байланысты әңгімелерден (жылдың төрт мезгілі, ел
өмірі, тұрмыс-тіршілігі) тұрады, яғни мұнда биология, экология, салт-дәстүрден хабар беру
көзделген. Екінші жағынан, «Адам бол» іліміндегі имандылық тәрбиесінің тоериялық негізін
сомдаған, тиянақтаған.
А.Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтардың бойындағы қабілеті мен зеректігін
былай қойғанда, білімділігі, іскерлігі, әсіресе, аса күрделі тарихи кезеңде өздерінің жеке басының
мұрат-мақсаттарын қазақ халқының экономикалық, әлеуметтік, праволық, саяси және рухани
мүдделерімен жан-жақты ұштастырып, жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын адал перзенттері,
ірі қайраткерлері, жанашырлары, қамқоршылары болуы сияқты моральдық қасиеттердің ең жоғары
биігіне көтеріле білгендіктерінде деп түсінеміз.
§ 2.13 Нәзипаның тәрбиелік тағылымы
Н. Құлжанова (1887-1934). Қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында көшпелі қазақ
отбасында дүниеге келген. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өзінің тәлім-тәрбиелік ойларымен
қазақ әйелдерінің арасынан әлеумет өмірінде алғаш көзге көрінген кісінің бірі – Нәзипа Құлжанова
болды. Ол журналист-публицист, педагог-тәлімгер, екі тілде бірдей жазатын аудармашы. Шығыс
еңбекші әйелдерінің І съезін ұйымдастырушылардың бірі, орыс жағрафия қоғамының Семей
бөлімшесінің мүшесі еді. Ол 1902 жылы Қостанайдағы қыздар гимназиясын бітірген соң Торғайдағы
қыз балалар училищесіне мұғалімдікке тағайындалады. Н.Құлжанова 1904 жылдары Семей
мұғалімдер семинариясына орналасып, сонда 1919 жылдарға дейін оқытушы болып істейді. Қазақ
қыздарының арасында тұңғыш рет «Географиялық қоғамның» мүшесі болған Нәзипа Құлжанова 1914
жылы 26 қаңтар күні Семей қаласында ұлы Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына орай
әдебиет кешін ұйымдастырып, сол кеште орыс тілінде тамаша баяндама жасап шығады. Ақын
Абайдың өлмес даңқының сыр-сипатына терең баға береді. Алғаш рет Абай өлеңдерінің орысша
аудармасынан үзінділер оқиды. Бұл Нәзипа Құлжанованың ең басты тарихи еңбегі болып табылады.
Нәзипа Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін орысшаға аударып таныстырады және 1915 жылы
«Сибирский студент» журналының 3, 4 сандарына бастырады. Ол өзінің мақалаларында әдебиет
жайлы ойларын байқатып отырады. Өзінің «Қазақ» газетінің 1916 жылғы 164 санында
«Әдебиетімізге көз салу» мақаласында Нәзипа «Қазақ әдебиеті болашақ дамуында орыс әдебиетінен
130
129.
үлгі алуға тиіс. Бұл мәселеде мен орыс, Европа әдебиетіне еру мақұлырақ болар деп шештім. Өйткенітатарда – Тоқай, қазақта – Абай орыс әдебиетінің пікірлері, идеяларымен мәлім болады», - деп
жазды. Дәл сол кез үшін оқыған қазақ әйелінің осындай пікір айтып, өзіндік ойын алға тартуы үлкен
ойлылылықпен батылдық іс болды. Өлке тарихын зерттеуші Виктор Белослюдов Құлжанованың
аудармаларына риза бола қарайды.
Ол 1915 жылы «Сибирь студенті» журналындағы «Қазақ поэзиясы туралы» мақаласында «Біз,
орыстар, Абай Құнанбаевты да, Ыбырай Алтынсаринді де білмейміз. Абай Құнанбаевтың төл
шығармалары орыс тіліне аударылмады, әрі басылмады. Алтынсарин өлеңдерінің ішінде орыс тіліне
аударылғанынан маған белгілісі біреу ғана. Ол – «Көктем». Ал Абай Құнанбаев өлеңдері ішінен
белгілісі – «Желсіз түнде жарық ай». Бұл екі өлеңді де қазақ әйелі Нәзипа Құлжанова аударған»
дейді. Нәзипа Құлжанованың Совет өкіметі кезіндегі еңбегі, негізінен, әдеби-журналистикалық
бағытта көрінді. Сара Есовамен бірге «Қызыл Қазақстан» журналында, «Әйел теңдігі» журналында,
«Еңбекші қазақ», «Қазақ тілі» газеттерімен байланысты болып, әңгіме-очерктерін («Қайран қыз-ай»,
«Қадірлі Қайша» т.б.) жариялап тұрды. Нәзипа Құлжанова Семей қаласында оқу-ағартушылық
саласында елеулі еңбектер сіңірді, қазақ баспасөзінде қызмет атқарады. «Қазақ», «Сарыарқа» және
«Алаш» газеттерінде әйел мәселесіне байланысты мақалалар жариялайды. Ол Орыс Географиялық
қоғамының мүшесі ретінде қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарын, ауыз әдебиеті мен
фольклорлық шығармаларын зерттеп, оларды кеңінен насихаттаумен айналысты. 1917 жылы Семей
облыстық қазақ съезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз АКСР Оқу
ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі
комиссияның белді мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі
Орталық Комитеттің құрамына мүшелікке енген. Ол аудармашылық өнермен де айналысты. Оның
бұл саладағы сүбелі еңбектері ретінде Г.В.Короленконың «Күн тұтылғанда» және В. Лавреневтің
«Қырық бірінші» атты повестерінің аудармасын атауға болалы. Нәзипаның өзі көркем проза
саласында еңбек етіп, «Есіл қыз-ай», «Маржан» атты әңгімелер жазды. 1920-22 жылдары Ақмолада
әуелі мұғалім, кейіннен уездік комитетте жауапты қызмет атқарады, одан соң Орынборға
шақырылып, 1923-25 жылдары «Қызыл Қазақстан» журналының хатшысы, ал 1925-29 жылдары
республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде редколлегия мүшелерінің бірі, «Әйел теңдігі» журналының
бөлім меңгерушісі, кейіннен жауапты хатшысы қызметтерін атқарады. Н.Құлжанованың белсене
араласуымен қоршаған ортасының ықпал-әсерінен туындайтын психологиялық өзгерістерді де
кеңінен баяндайды. Мәселен, бұл жөнінде автор былай дейді: «Ойын – оның шын тіршілігі…
Төңіректегі нәрседен өзіне қызықтысы ғана көзіне түсіп, ықылас тартады. Және бір мінезі-сөйлеуге
жалықпайды. Тынымсыз қимылының бәрі сөзімен жалғасып жүреді. Көрген нәрсесіне ықыласы
жеңіл, тұрақсыз… Көрген нәрсесін айтқанда ұмытқан жерлерін ойдан толықтырады»… дей келіп үш
пен жеті жастың арасындағы балдырғандар бойында кездесетін физиологиялық және психологиялық
ерекшеліктерді сөз етеді. Ол ересектер мен сәби, бөбектер арасындағы қарым-қатынас мәселесіне де
ерекше көңіл бөледі: «Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі – баланың
сөйлеуі, білуге құмарлығы. Сұрағына жауап бермей «мазамды алма» деп, үнемі баланың бетін
қайтару арқылы білуге құмарлығының негізін жоғалтып жіберуге болады», – дей келе, автор бала
ойынының айналаны тани-білу құмарлығымен ұштасып жататындығын ескертеді. Н. Құлжанова
баланы жас кезінде көбінде табиғат аясында бағып-қағудың тиімділігін айтады. Ол осы пікірін әрмен
қарай жалғастыра келіп: «Әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын еңбек ету,
көңіл және дене тазалығының машықтары бала әдетіне кіріп, сіңіп қалады, төңіректегінің бәріне
еліктегіш, талшыбықтай икемді, нәзік келеді», - деп автор ойын баласының мектеп жасына дейінгі
бүкіл тыныс-тіршілігі оның мектепте алар тәлімінің әзірлік сатысы болып табылатындықтан осы
кезеңдегі тәлім-тәрбиеге ерекше мұқият қараудың маңыздылығына тоқталады. Н. Құлжанова
мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттарын «Тән саулығы», «Баланың сырт сезімдерінің дамуы»,
«Нәрсенің түр-түсін тану», «Дененің қимылын түзету», «Шеберлігін көтеру», «Баланың білімін
арттыру», «Бала тілінің шеберленуі», «Еңбекке машықтандыру», «Көпшілдік және еңбек», - деп
131
130.
бұлардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама берді. Н. Құлжанованың еңбектерінде Қазантөңкерісінің қарсаңындағы көшпелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыттағы ауыл мен қала өмірінің
шындығынан алынған нақты көріністер айқын байқалады. Әлі де еңбек етіп, көлемді туындылар
жазбақ болған журналист, ағартушы Нәзипа Құлжанова 1934 жылы Алматы қаласында дүниеден
өтеді
132
131.
Тәрбие қағидаларын ұсынған ғалымдар§. 2.14 Шоқан Уәлиханов(1835-1865)
Қазақ топырағында ағартушылық-халықшылдық идеяның туын алғаш көтерген, қазақтың ұлттық
мәдениетін орыс, батыс ғалымдарына танытуға ерекше еңбек сіңірген ғалым Шоқан Уәлиханов
болды. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші,
шебер суретші, жалынды публицист, нәзік психолог, тәлімгер ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі
отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл әлем ғылымдарының көптеген салаларын
терең меңгеріп, шығыс елдері мәдениетін зерттеуде ондаған аса құнды еңбектер қалдырып кетті.
Шоқанның шығыс елдерінің ауыз әдебиеті үлгілерін жастайынан көп білуге, біріншіден, оның өскен
ортасы: әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыс әсер етсе, екіншіден, Шыңғыс ауылдары қазақтың әншікүйші, сал-сері, өлеңші-жыршы, ақындары жиі-жиі жиналып, өнер сайысына түсетін ортасы болды.
Шоқан тіпті Омбыдағы кадет корпусында оқып, еуропаша білім алып жүрген кездің өзінде де қазаққырғыз елінің әдебиеті мен мәдениетінен қол үзбеді. Оған себеп, сол кездегі Батыс-Сібір
губернаторының орталығы Омбы қаласында қазақ-қырғыз сұлтандарына арналып салынған қонақ
үйдің болуы, қазақтың болыс-сұлтандары жандарына ақын, әнші, күйші, сазгер өнер адамдарын ерте
келіп, Омбыдағы қонақұйде жиі өнер сайысын ұйымдастыруы, Шоқанның өзінің орыс достарын осы
жиынға алып барып, қазақ өнерін тамашалауы болды. Оның үстіне, патша үкіметінен қуғын көрген,
орыстың демократ-интеллигенттер тобының саяси сенімсіздігі үшін Сібірге жер аударылып Омбыға
жиналуы, солардың ішінде жан-жақты білімді, озық ойлы И.В.Ждан-Пушкин, Н.Ф.Костылецкий,
А.А.Сотников, В.П.Лобадевский, т.б. Шоқанға сабақ беруі, ал оның өз достары Н.Г.Потанин,
С.Ф.Дуров, Ф.М.Достоевский, А.Н.Майков сияқты ақын-жазушылардың, этнограф, фольклорист
ғалымдардың болуы келешек ғалым Шоқанның Батыс, Шығыс елдерінің әдебиеті мен тарихын, салтдәстүрі мен тұрмыс тіршілігін, діні мен тілін терең зерттеуге әсер етті.
Ш.Уәлиханов Шығысты зерттеуші ұлы саяхатшы П.П.Семенов Тянь-Шанскийдің нұсқауымен БатысСібір генерал губернаторы Госфорттың тапсырмасы бойынша 1856-1857 жылдары Ұлы жүз
қазақтары мен қырғыздардың, Қытайдың Жоңғария даласына бару сапарында ол шығыс
халықтарының, оның ішінде қазақ, қырғыз, ұйғыр, дүнген халықтарының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын,
діни наным-сенімдерін, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен ерекшеліктерін зерттеуге
арнап, «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария очерктері»,
«Қырғыздың Манас жыры туралы», «Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдықтары», «Абылай»,
«Ұлы жүз қазақтары туралы», т.б. деген еңбектерін жазды.
Шоқанның алдына қойған басты мақсаттарының бірі – өз халқының өмірін жете зерттеп, кең даласы
мен дархан халқын, өзіндік көне мәдениетін берісі орыс, әрісі еуропа жұртына таныстыру еді. Шоқан
өз халқының ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын «тағы халық» деп қарау мүлде қате, теріс
түсінік дей келіп, өз халқының тарихын мәдениеті ерте танылған елдермен сабақтастыра зерттейді.
«Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары, реалистік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына
емес, индогермандық эпосқа ұқсайды «Қазақтар да бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және
ақын» дейді. Шоқан өзінің «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы» деген
еңбегінде Ресейде тіршілік ететін тілі, діні, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі басқа бірнеше ұлттар мен
ұлыстардың тұратынын, оларды билеу жөнінде заң жобасын жасау үшін Джон Миль айтқан «Әр
сословиедегі адамдардың ақыл-ой, адамгершілік және саяси саналары туралы дәлме-дәл ғылыми
зерттеулер жүргізіп алу керектігін қостай келе, ел билейтін әкімдердің, әсіресе басқа ұлт өкілдерінің,
133
132.
сол халықтың тарихын, салт-дәстүрлерін, психологиялық ерекшеліктерін жақсы білмей тұрып билікайтуы аса қиындық келтіреді» деді. Шоқан қазақтар арасындағы дау-жанжалдарды өз араларынан
белгіленіп қойылған, сол ұлттың салт-дәстүрін, ел билеу заң жобаларын жақсы білетін билерге
шешкізу керек, тек кісі өлтіру, ел тонау сияқты өрескел қылмыстарды ғана округтік ресми сотқа
қарату керек дейді. Ол қазақ әкімдерін жоғарыдан тағайындау арқылы емес, халықтың өзі сайлап
қоюы керек, тек сөйтсек қана әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігі күшейеді деп қарады.
Оның шығыс халықтарының әдебиеті мен мәдениеті, тілі мен діні, наным-сенімдері туралы тебірене
жазған еңбегінің бірі – «Жоңғария очеркі». Ол Орталық Азия елдерінің бұрын шығыстағы ең
мәдениетті, ең бай ел болғанын, ал бүгінде сопылық пен тағылық үстемдік құрғандығын, соның
салдарынан бір кездегі бүкіл әлемге әйгілі болған Самарқан мен Ташкент, Ферғанадағы кітапханалар,
обсерваториялар мен архитектуралық көне ескерткіштердің тозып, мүжіліп, олардың мұнаралары
ғана қалғанын қынжыла сөз етеді.
Шоқан өзінің «Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдықтары» атты еңбегінде қазақтар мен қырғыз
жұртының арасында шаман дінінің ұзақ уақыт бойы ислам дінімен қатар өмір сүріп келе жатқанын,
тіпті бұл жұрттардың дінге деген сенімінің күшті емес екендігіне назар аударады. Шоқан шаман дінін
ұстаушылар табиғатқа табынғанды жақсы көрген дейді. Ауруларды бақсы-балгерлердің отпен
емдеуін, қазақтардың оларды сәуегей, емші, музыкант, әулие деп қарағанын, Қорқыт пен Көрұғлылар
осы шамандардың мұсылмандар арасындағы өкілі болған деген қорытынды жасайды. Сондай-ақ,
бақсылар аурулардың иесі болады деп қараған, оны ұшықтау, қағу (суық су бүрку, малдың өкпесімен
қағу т.б.) арқылы емдегенін, ал малға топалаң, қарасан, т.б. жұқпалы індет келсе отқа табыну, отпен
аластау арқылы тыймақ болғанын, отқа түкіруге, онан аттауға, басуға болмайды деп қарап, оттың
киесінен қорқатынын, қылмысты істерден адалдығына сендіру үшін «оттың киесі соқсын» деп
қарғанатынын, өлген адамның үйінде жеті түн май шамнан шырақ жағып қоятын ырымдардың бәрі
шаман дінінің қазақ арасындағы қалдығы екенін баса айтады. Шоқан осы мақаласында шаман дінінің
түсінігі бойынша, ырымдар мен әдеттер жамандықтан, бақытсыздықтан сақтайды деп қарағанын, ал
қазақтар арасында осындай ырымдардың көптігін сөз етеді. Шоқан әр заттың, кейбір хайуанаттардың
киесі бар деп санайтынын, қазақтардың үйге жылан кірсе, ақ құйып шығаруын, жас баланың бесігіне
қасқыр-дың немесе бүркіттің тұяғын, үкінің қанатын іліп қоюы, жастығының астына айна, тарақ
жастауы ырымдардың сол затты киелі деп қараудан туған дейді. Шоқан мемлекеттік жауапты
істермен айналыса жүріп, халықты оқу-ағарту ісіне шақыруды үнемі есінде берік сақтаған. Халықтың
келешегі тек оқу-ағарту, мәдениет ісімен байланысты деп қараған.
Шоқан 1862 жылы өзінің досы Ф.М.Достоевскийге жазған бір хатында Атбасар округіне ағасұлтан
болуға талпынғанын, өкімет қаржысымен орыс-қазақ мектептерін ашып, балаларды тегін оқытпақ
болғанын білдіреді. Шоқан әдебиетші, тарихшы, фольклор зерттеуші, саяхатшы ғалым болуымен
бірге сурет, бейнелеу өнерімен де айналысқан. «Ыстықкөл сапарының күнделігінде» жол сапардан
алған әсерлерін баяндаумен бірге түрлі түсті қарындашпен, қаламұшпен салған суреттерін Ресей
сурет академиясының президенті Ф.П.Толстойға табыс етіп, үлкен баға алған. Шоқан қазақтың
музыка мәдениетін де зерттеп, келелі пікір білдірді. Шоқанның 1855-1856 жылдары жазған «Қазақ
халқы поэзиясының формалары» атты еңбегінде: «Ер Көкше, Ер Қосай» мен «Орақ батыр»
жырларынан мысалдар келтіре отырып, жырдың жалпы сипаттамасын қара сөзбен әңгімелей келіп,
бас кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен ой-пікірін суреттеу өлеңдері қобызбен сүйемелдеп, әнмен
айтылған деп жіктей келіп, қобыздың түркі елдерінің көне аспабы екенін, оның ойнауы өте күрделі,
үні тартымды да әсерлі деп жоғары бағалайды.
1857-1859 жылдары Шоқан өзінің белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат қажырлы саяхатшы
және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды. Сол елдің саяси құрылысы, табиғаты, халқының
кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар жинады. Сол саяхаты үшін арнайы
134
133.
Омбыдан Петербургке шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас штабының жолдамасында: «Бұлмейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек», - деп көрсетілген.
Шоқан ғылымның көптеген салаларында өшпес мұра қалдырды. Шоқан тарихшы, географ, этнограф,
фольклорист болды. Ол тек ғана қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік тектес шығыс халықтардың
тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін зерттеуге атсалысты. Шоқан өз еңбектерінде барлық
ғылым мен мәдениеттің жан-жақты дамуына кедергі келтіретін ислам дінінің реакциялық сипатын
қатты сынады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы Ресейде қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың, орыс
педагогикасының озық идеялары Шоқанның ағартушылық көзқарасына тікелей ықпал етті. Шоқан
арнайы педагогикалық еңбектер жазбаса да, оның қоғамдық және ғылыми еңбектері ағартушылық
сипатта болды. Ол білімі мен мәдениеті озық елдерден үлгі-өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын,
мәдениетінен үйренуге шақырды. Ол өз елінің оқу-ағартуы мен ғылымын дамыту үшін күресті. Қазақ
халқының мәдениет пен экономика саласында артта қалуына қатты қынжыла да қинала ой жіберіп,
халық бұқарасын сол азаптан арылту жолында талмастан үлкен жұмыс жүргізді.
ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш. Уалихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы
академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: «…Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен
құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше
бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының дағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар
ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Бұл Шоқанға
берілген жоғары баға болып табылады.
Белгілі ғалым және саяхатшы П.П.Семенов-Тян-Шанский Уалихановты «ұлттық аймақтардың ішінде
ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді» деп бағалаған болатынды. Шоқан алғашқы білімді ауыл
мектебінен алды, онда арабша жазуға және оқи білуге үйренді. Содан кейін 1847-1853 жылдары сол
кездегі Сібірдегі ең алыңғы қатарлы оқу орындарының бірі саналатын Омбы Кадет корпусында
оқыды. Оны «ағарту ісі мен патриотизмнің дәнін себуші» деп атады, корпусты бітірген түлектерінің
сол кезде Ресейге белгілі саяхатшы, зерттеуші Г.Н.Потанин, белгілі публицист Я.М.Ядренцев, ғалым
А.Ф.Анненский. Корпуста оқып жүрген кезінде Шоқан жағырафияны, тарихты, әдебиетті зерттеуде
қабілеттілігін аңғартты. Ол көп оқыды. Естеліктерін ерекше аталғандай, саяси көзқарасының
қалыптасуы мен әдебиет саласында ерекше өз достарынан, өз қатарынан көп озық жүрді. Кадет
корпусында оқып жүргенде туған өлкесін зерттеу ерекше қызықтырды, сол кездің өзінде ауыз
әдебиеті шығармаларын жазып алып отырды, қазақ даласының тарихын зерттеуге құлшынды,
тарихи-архитектуралық ескерткіштердің суреттерін салып отырды. Г.Н.Потанин Шоқан туралы
былай деп есіне алады: «Шоқанды арман алыстағы жұмбақ қырғыз елдеріне, Тянь-Шань, Тибет
тауларының баурайына апарды… Ол тіпті мектеп қабырғасында саяхатшының қызметін даярланды,
Палластың, Рычковтың, Левашиннің, Вельяминов-Зерновтың және т.б. кітаптарын көп оқыды.
Шоқанға 14-15 жастың өзінде, оған корпустың оқытушылары болашақ зерттеуші және ғалым ретінде
қарады».
1854-1857 жылдары Шоқан Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Қырғыстан жеріне саяхат
жасайды, осы сапарларда ол көрнекті ғалым-географ П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен бірге жүрді, ол
Шоқанның қабілеттілігі мен біліміне ерекше назар аударады, оның ғылыми еңбектерін жоғары
бағалады. Шоқан сол кезде Омбы және Семей қалаларына жер ауып келген орыс революцияшылдемократы, ақын С.Ф.Дуровпен және жазушы Ф.М.Достаевскиймен жақын кездеседі. Сол кезден
бастап ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз айналысқан Шоқан 1855 жылы Омбыда Семей арқылы
Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі жылы Омбыда Ыстықкөлге дейін келген
әскери-ғылыми экпедицияларға қатынасып, Жетісудың, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануарлар
дүниесін, халқын, әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинады,
әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын суреттер салады. Ал мұның алдында ол Қытай
империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып, қайтадан Омбыға оралған
135
134.
болатын-ды. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі»,«Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар»
деген және т.б. құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан
1857 жылдың 27 ақпанында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
1857-1859 жылдары Шоқан өзінің белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат қажырлы саяхатшы
және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды. Сол елдің саяси құрылысы, табиғаты, халықының
кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар жинады. Сол саяхаты үшін арнайы
Омбыдан Петербургке шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас штабының жолдамасында: «Бұл
мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек», - деп көрсетті. Қоғамдық құбылыстарды ол
ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге-прогреске шақырды.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы Ресейде қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың, орыс
педагогикасының озық идеялары Шоқанның ағартушылық көзқарасына тікелей ықпал етті. Ш.
Уәлихановтың орыс-қазақ мәдени-педагогикалық байланысының тарихындағы өшбес еңбегі сол – ол
орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы, насихаттаушы болды, артта қалушылық пен
надандыққа қарсы күресті.
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының
бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің ұлттық
қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің
орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің
ұйымдастыруды арман етті.
Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін
күресті. Ол Қазақстанда «нағыз шынайы білімдер» ұясы болатындай мектеп түрлерін
ұйымдастыруды талап етті. «Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен
материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді», - деді ол Халықтық тәрбиенің. жаңа жүйесін ойластыра
отырып, Шоқан ең алдымен жас өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі
мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлген дүние жүзілік білімдерді енгізуді
жақтады. Қазақтар мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі – Ш. Уәлихановтың
пікірінше, монархиялық тәртіп пен ислам діні.
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының болашағы мистицизмге де, аскетизмге де емес, тек өркениет пен
оқу-ағартудың табыстарына байланысты деп білді. Өзінің бұл талаптарын ол «Даладағы
мұсылмандық» деген мақаласында негіздеді. Шоқан Уәлиханов орыс ғылымы мен
педагогикасындағы халықтық және ұлттық қағиданы негізге ала отырып, қазақ ағартушыларының
ішінен бірінші болып, өз елінің табиғатын, тарихын, өмірі мен мәдениетін зерттеуге баға жетпес үлес
қосты. Шоқан еңбегінің тағы бір өзіндік өзгешелігі – өз елін орыс жұртшылығына таныстырып, екі
халықты жақындастыруға тырысты. Сол халықтардың достығының, бауырластығының және өзара
толық түсінушілігінің дамуына жағдай жасауды ойлады Ш. Уәлихановтың. Көршілес халықтардың
рухани мұрасын зерттеудегі баға жетпес еңбегі оның бауырлас қырғыз халқының ауыз әдебиетін,
тарихы мен этнографиясын жете зерттеуінен айқын көрінеді. Бұған Ш. Уәлихановтың қырғыз
халқының әдеби мұрасы «Манас» жырын зерттеушілердің бірі, белгілі ғалым-академик
Ә.Х.Марғұлан өзінің «Шоқан және Манас» атты монографиясында ол жайлы былай де жазды:
«Манас» – тарихи заманнан таулы Азия қыратында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан
қызықты жыр, қырғыз халқының айтулы мұрасы. Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны
әдебиет дүниесінің белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоқан еді». Оның ойынша, сахарадағы
әлеуметтік прогресс пен демократиялық өзгерістерге жетудің шешуші жолы мен құралы тек ғана
ағарту, «нағыз шынайы білімдерді» тарату, мәдениетті жетілдіру. Ш.Уәлиханов арнайы
педагогикалық еңбектер жазбағанмен, бірақ ол Қазақстанның мәдени өмірінен тыс қалған жоқ.
Ағартушы-ғалым ретінде ол, халықтың арасында ағарту ісін тарату және дамыту үшін күресті.
136
135.
Қорыта келгенде, Ресейдің алдыңғы қатарлы зиялыларының Ш.Уәлихановтың ғалым-ағартушы,қоғам қайраткері ретінде көзқарасының қалыптасуына әсері зор болды. Қазақ халқының тарихымен
мәдениетінің дамуында ерекше із қалдырды.
§ 2.15 М. Әуезовтың педагогикалық тұжырымдары
Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойлары оның өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп
отырады. Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық
ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен
жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан. «Сарыарқа» газетінде 1917 жылы жарияланған
«Оқудағы құрбыларыма!» атты алғашқы мақалаларының бірінде жас жазушы оқуда журген қурбықұрдастарын уақытты бос өткізбей, халықты оқу-білімге бастап, үлгі көрсетуге шақырған.
«Қайсысын қолданамыз» деген мақаласында орысша және ескіше-мұсылманша оқыған азаматтардың
оқу ісін жүргізуде бір ауызды болуы жайында орнықты шешімге келу қажеттігі туралы сөз қозғайды.
Ж.Аймауытовпен бірге шығарысқан «Абай» журналының1918 жылы 11-санында жарияланған «Оқу
ісі» атты мақаласында қараңғылықтың құшағында қалған туған халқын мәдениетке, елдікке
жетелеудің үлкен бір жолы-оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қоюды, бұл үшін бірінші максатта ана
тіліндегі ұлт мектептерін ашуды көбейту қажеттігін тілге тиек етіп, мұғалім кадрларының
тапшылғын, оқу құралдарының жеткіліксіздігін сөз қылады, бұл істерді дұрыс жолға қоюдың бірінші
кезектегі міндеттеріне тоқталып, өз ұсыныстарын айтады. 1919-21 жылы Семей губерниялық атқару
комитеті төрағасының орынбасары және төрағасы болып тұрған кезінде Семейде шыққан «Қазақ
тілі» газетіне ағартушылық жұмысын жолға қою мәселесін көтерген бірнеше мақалалар жариялайды.
1922 жылы 27 тамызда «Қазақ тілі» газетіне жазушының (Орынборда қазақ АССР Орталық атқару
комитетінің басшылығында істеп жүріп) Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне ашық хаты
басылады. Хатта жер-жерде оқыған қазақ қызметкерлерінің халықты сауаттандыру жолында өнербілімге жұмылдыру ісіндегі самарқаулығы сыналады. 1930 жылы Қазақстан Оқу комиссариаты білім
кеңесінің шешімімен Қызылордада басылып шыққан «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған
программа және түсінік хаттар» деген халық ағарту саласы үшін маңызды жинақтың қазақ әдебиеті
пәніне арналған «Суретті әдебиет туралы» атты бөлімін Әуезов Бейімбет Майлин, Әлкей
Марғұланмен бірлесіп жазған. Бағдарламада қазақ шаруа жастарының үш жыл ішінде қазақ
әдебиетінен нені оқып үйрену қажеттігін айтып, қазақ әдебиетіндегі дәуірлеу мәселесін ұсынады.
1957 жылы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған республикалық кеңес қарсаңында «Қазақстан
мұғалімі» газетінде: «Ана тіл әдебиетін сүйіңдер» деген күн тәртібіндегі осы мәселеге байланысты
кезек күттірмес шаралар туралы ой қозғайды. Қазақ әдеби тілі мен көркем әдебиет тілі жөнінде
шынайы жанашырлық сезіммен жазылған көлемді мақалалары қазақ тілінің өрісі, сөз қолдану
сипаты, орыс тілінен аудару мәселелеріне ден қояды. Туған тіл мен әдебиетті сүюге шақырып,
бұрынғы одақтық «Учительская газетада» жарияланған «Орыс тілінің біздің халық үшін маңызы
туралы» мақаласында (1956, 9 мамыр) бұл тілдің қазақ халқы үшін үлкен рөл атқарғандығын тілге
тиек етеді. Әуезов мектептермен, жоғары және арнаулы орта оқу орындары ұжымдарымен тығыз
байланыс жасап, олармен кездесулерінде, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінде оқыған дәрістерінде де халық ағарту, оқу-тәрбие ісі үшін пайдалы пікірлер мен
ұсыныстар айтқан.
М.Әуезов, қазақ халқының асыл қазынасы ауыз әдебиет үлгілерін оқып зерттей отырып біріншіден,
оның көшпелі қазақ елінің ежелгі салт-санасы, әдет-ғұрпы, келе жатқан әлденеше ғасырлық көне
тарихының барлығын байқаған. Халықтың бала тәрбиелеудегі қалыптасқан оқыту жүйесі күнделікті
тіршілікте көрген-білгені, өмірден топшылап түйгені бала тәрбиесіндегі ой-пікірі, ауыз әдебиетіндегі
мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, әңгіме, толғау, арнау, өлеңдер, тұрмыс-салт, лиро-эпос,
батырлық дастандар мен жырлар арқылы балаға деген өсиет-өнеге үлгі, насихаттар ауызша ұрпақтанұрпаққа жалғасып таралып келгендігін пайымдаған.
137
136.
Халық ауыз әдебиетіндегі тәлім-тәрбиелік көріністер қай заман, қай ғасыр болсын, адамзат алдындатұрған негізгі міндеті – адамгершілігі мол, қайырымды әрі еңбек сүйгіш есті адамзат тәрбиелеу. Әр
ұлт өз ұрпағының өнерлі, батыл, ержүрек адам болып, елін-жерін, ұлты мен тілін сақтап, оны
қорғауға баулып, олардың ар-ожданы, ізгі ниетті болып қалыптасуына барын салған. Қазақ халқының
болашақ жалғасы – бала тәрбиесінде қалыптасқан дағдылы, мол тәжірбиесі бар. Бала бойындағы ең
қасиетті деген үлгі тұтарлық жақсы жақтарын ұрпаққа күнделікті тірлік өмірлік тәжірбиеден үйретіп
бойына сіңіріп отырса, бұл тұрғыдан алғанда ананы атқаратын рөлі басым. Баланың бойындағы
ізгіліктің, санасы сау сергек болып қалыптасуы анадан сіңген қасиет десек, әкеден келген батырлық
ептілік іс әрекеттер мен жерін қорғап, қорған болуға бейімделген салт-сана дәстүрлерімізден
қалыптасқан. Осыны танып білген М.Әуезов, «Абай» романын, қазақ әулет мектебінің – «Қарашаңырақ» үлгісінің қалай жұмыстап, жасұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, үлгі-өнеге ұқтырып, білім
игерткенін көрсетуге баса көңіл бөлген. Бұл жайында, ол: «Абайдың жастық шағы жөніндегі
деректер некен-саяқ. Ол өзінің әжесі мен туған анасының қолында тәрбие-ленеді. Басқаша жағдай
болуы да мүмкін еді:төрт әйелді Құнанбай күндес қатындарды өзара қырғиқабақтан арылту үшін,
бірінің баласын біріне тәрбиелеттіруге орайы бар еді. Бірақ Абай өзінің кіші інісі Оспанмен бірге өзі
туған бір ғана семьяның ортасында өседі. Абайдың әжесі Зере жөніндегі материалдарды мен оның
естелігінен алдым:оған қарағанда Зере мінезге бай, таза жанды, жылы шырайлы, байсалды адам
болған; бір жағынган, ол кісі өзін семья ішінде өктем, артықша адам санапты. Оның жөні де бар. Зере
бір кезде бес әйелдің бірі болғандықтан, өз баласының төрт әйелінің бірі Ұлжанның жайын жақсы
ұғып, келіннің көп реттерде шарасыз, мүскін қалпын ақылды, табиғатында адамгершілігі мол
сезімтал әже аянышпен қабылдапты. Бұл әйелдердің басқа байдың өздері сияқты көп әйелдерінен
өзгеше жағдайда тұруына себеп – олардың ауыр азап қиянат астындағы момын шаруалардың
мүддесіне жақын тұрғандығы еді. Бай малының күтушісінің, бақташысының, сауыншысының –
бәрінің ызасы мен ренішін, мұңы мен мұқтажын бұл әйелдер де терең ұққан, сондықтан бұларда
халықтық гуманизмнің көп элементтері жатқан» - деп Өскенбайдан ұласқан Қарашаңырақ мектебінде
жұмыстаған даңқты ұстаздардың дарынды адамдар екенін көрсеткен. Ал, романда, дарынды
ұстаздардың жұмыстатқан «Дана мектебінің» іс-әрекеті шынайы да, шымыр бейнеленіп, көрсетілген.
Әдебиеттің фольклорлық нұсқаларын терең зерттеген белгілі фольклоршы ғалым М.Әуезов көркем
әдебиеттің озық идеялары мен қоғамдық ой суреткердің шығармашылық мұраларының ішіндегі
педагогикалық еңбектерінде өз құндылығымен, молдығымен көзге түседі. М.Әуезов жазушылық
қызметімен қоса елімізде халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері ретінде Қазан төңкерісінен кейін
жас мемлекет азаматтарына арнап бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, сүбелі үлес қосты.
Фольклоршы ғалым ретінде халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, насихаттауда оның жас
өскін ұрпаққа берер тәлімдік мәніне баса көңіл аударған. Халық педагогикасы туралы пікірлерін
алғашқы мақалаларынан бастап, өмірінің соңына дейін қоғамдағы ағымға ілесе отырып тиянақтап,
талдап түсіндіріп береді. Фольклоршы ғалым ретінде халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін ондағы
ұлттық дәстүрлердің жалпы халық ауыз әдебиетіндегі салт-сана, әдет-ғұрыптың көрінісі оның тәлімтәрбиелік мәнін қамти отырып жазған дүниелері кейінгі ұрпаққа тиесілі екендігі «ауызша әдебиеттің
ішінде елдің белгілі ұғымын білдіретін, жалпы дүниеге көзқарасын сездіріп, өткенді қалай түсінуін
көрсететін сөздің барлығы да бір-ақ адамға тиісті өнер емес, ол көптің өнері екендігін» дәлелдей
түскен. Ұлттық жақсы қасиеттеріміздің, ұлттық дәстүріміздің жақсы тәрбиелік мәні бар тұстары
қолданудан қалып, ескерусіз дүниеге айналғанына қинала отырып «әлі күнге халық әдебиетінің
жақсы жақтарын жарыққа шығару туралы аса күрделі іс істегеніміз жоқ» деп сынайды. Ұлттық
тәрбиенің негізгі «Айтыс өлеңдері» (1948) осы тақырыпқа арналды. М.Әуезовтің ағартушылықпедагогикалық көзқарастарының қалыптасуы өзгелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерімен белгілі.
Адам баласының дүниеге келіп өсіп-өнуіне, сана-сезімінің қалыптасып өркендеуіне өскен ортаның
ықпалы айрықша әсер етеді. Жазушының Абай мұрасын дәстүр етіп қалыптастырған жерде дүниеге
келуі, оның тәрбиесіне әсер етпеді дей алмаймыз. «Мен ең алғаш Шыңғыстауға барғанда (1924) ол
жердің адамдарының жай-күйі маған өзге өңірлерден бүтіндей басқаша көрінді. Олардың үлкені де,
кішісі де ойға батқан тұңғиық аса кішіпейіл, лепіріп лағуды білмейді. Сөзді әдейілеп тосып сөйлейді
данышпан қариялар шалқыған ойларын тебіренте, салмақпен құйылтып, ой қозғайтын толғаулармен,
түйін термелері адамды еріксіз өзіне тартып, кейде сөз арасында атақты ойшылдардан мысалдар
келтіріп отыратын үлкендер сөздерінде тәрбиелік мағына мол».
М.Әуезов ұлт, болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл аударды. Сондықтан да біздің қазақтағы
тәрбие көздерінің қатарында ұлттық ойындар түрін қоса атап өтеді. Ол ұлттық ойын түрлеріне
138
137.
ерекше көңіл бөліп, оларды ұтымды пайдалана білген. Ондағы мақсат – баланы тапқырлыққа,шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат бітіріп, ойын ұштау, сол арқылы бала өз бетінше
әрекет етіп, оны қиын жерде дұрыс шешім табуға бағыттайды, яғни даярлайды. Бала жанына өнердің
дәнін себеді. Оған тіпті фольклорлық дәстүрдің бірі – ойын-сауық саласын жатқызуға болады. Мұнда
әлеуметтік терең мән-мағына бар. Онда ұлттық дәстүрдің, тұрмыс-тіршіліктің көрінісі, айнасы бар.
Мұндай ұлттық ойындар бағзы заманнан бері қалыптасқан, тәжірбиеден өткен дүние. Түр жағынан,
ойнау әдісінен де мазмұнға бай құрылған ұлттық ойынның бірі асық ойыны. Ұлы жазушы М.Әуезов
сүйіп ойнаған ойын «Құс бау қағу» көбінесе жеті немесе тоғыз ешкі асығымен ойналады (қойдың
асығы кішкентай, қолға сыйымды). Қолға барлық кенейді жинап, көтеріп алып лақтырып, қолдың
сыртымен асықты қағып алады, қайта лақтырып жерге түсірмей түгел қағып алу керек. Қаққан кезде
асықты төбесінен шүйіліп жерге біреуінде түсірмей түгел алу керек. Қолдағы асықты санап, жерге
шашып жіберіп, лақтырылған асық жерге түскенше жердегі кенейді бір-бірлеп жинап алып, түсіп
келе жатқан асықты сағып алу шарт. Екінші бір сүйікті ойыны «Әйзік». Ол да – асық ойыны.
Алдымен әрқайсысымыз екі-үш кеней тігіп, сақаны иіреміз, кімдікі алшы тұрса, сол бала 20-30 қадам
қашықтықтан әлгі кенейді дәлдеп атады. Сақа кенейге тиіп, алшы тұрса, кенейді түгел жинап алады.
Сақа бүк түссе – сақа тиген кеней, шік түссе, сол кенейді ғана алады. Ал сақа тәйке түссе, құралақан
қалады. Ұлттық ойынның көп тараған түрлері «Ақ сүйек», «Алтыбақан», «Санамақ», «Соқыр теке»
т.б. толып жатқан ойын үлгілерін көптеп келтіруге болады. Ойынның түрлерінің ойналу кезеңдерінің
өзі табиғаттың мезгілдеріне қарай белгіленеді. Қыс мезгілінде ойналатын ойынға «Шекемтас»
жатады. Оның ойналу тәсілі жоғарыда аталған «Құс бау қағуға» ұқсас, бұл тек ұсақ біркелкі таспен
ойналады. Тастың саны міндетті түрде бесеу болады.
М.Әуезов халықтық тәрбие көздерінің бірі – қобыз, сыбызғы, домбыра сияқты ұлттық аспапта
орындалатын ән-күй өнерін қайта түлету деп біледі. Қобыз біздің ұғымымызда бақсы қолында жүріп,
аруақ шақыратын аспап ретінде дәріптеліп келді. Қобыз жайлы әңгіме болса, бақсы соның иесі
ретінде айтылды. Өзінің «Біздің елдің салт-сауығы» деген 1948 жылғы №3 санында жарияланған
«Жаңа өмір» журналындағы берілген мақаласында «Тегі сауық та – салттың түрі. Салтсыз ел
болмағандай, сауықсыз да ел болмайды. Бірақ тарих жаңғырып, өнер-білімі өсе келе, есейіп,
мәдениеттен жаңа буын, жаңа қоғам, өзінің сауығын да нәрлі, өнерлі етіп өзгертеді» деп жазады.
М.Әуезов елдің дәстүрлі сауығының өту мақсатының тарихын түсіндіре келіп, оны үш түрге бөліп
анықтайды. «Олар – үй тұрмыста жеке адам және үй ішінің қызығынан туатын сауық, екіншісі –
қоғамдық сауық, үшіншісі – мемлекеттік сауық-салт түрлері» деп мағлұмат береді де, бала туғанда,
екі жас үйленгенде өтетін қуанышты тойларда берілетін көкпар тарту, құнан шабу, балуан күрес,
бәйге, қыз қуу сияқты өнер сайыстарын бүгінгі күнгі халыққа білім беру саласында үйретіп, ұлттық
өнерді дамытса артық болмайтынын айтады. Сонымен бірге тіл мәселесі үзбей көтеріп жүрген
мәселелердің бірі болды. 1957 жылы жастар алдында сөйлеген сөзі алғаш «Қазақстан мұғалімі»
газетінде жарияланды. «Ана тілі әдебиетін сүйіңдер» деп аталатын мақаласында әрбір саналы,
мәдениетті азаматқа ана тілі мен ана тіліндегі әдебиеттің қадір-қасиетін ұғындыра білді.
М.Әуезовтің әлеуметтік-педагогикалық қызметі мен шығармашылығында ұлттық тәрбиенің негізгі
кезеңінің үлгілері мен тәжірбиелері көп сөз болады. Оның басты көзі халықтың педагогикасы мен
психологиясында жатыр. Осыған қарап ұлы суреткер Әуезов халық педагогикасын насихаттаушы дей
аламыз. М. Әуезов алғаш ғылыммен әдебиетке, ұстаздыққа келген кезде елімізде негізі құрылған,
анық тәжірбиеден өткен үлгі, әдіс, тәсілдер мен оқулықтар жоқ еді. М. Әуезов – педагог-ғалым
ретінде бар қайраты мен білімін, жігері мен күшін ұлағатты ұстаз ретінде осы қызметке жұмсай
білген қайраткер. Оның ұлттық университетте қазақ әдебиеті тарихынан лекция оқып, болашақ
педагог, әдебиет зерттеуші, журналист қауымды баулуға қосқан үлесін атап өтуге тұрарлық еңбек дер
едік (С.К.Майлыбай).
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң –
күш керек, одан соң – тәртіп керек. Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік. Адам көркі – ақыл.
Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады. Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық
қана – шын мәнінде қымбат табыс. Адам ірілігі бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиетерінен
құралады. Адам баласының жақсы құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгіөнегесінен. Тумай жатып – толдым деме, толмай жатып – болдым деме. Қызғаныш - құрт ауруы, мыс
қазанда қайнайтын азап оты. Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ –
ойнай берсең. Маңына ұрық шашпаған жақсылық жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да
139
138.
қалады. Өнерпаз болсаң, өр бол. Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді. Білім –бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы. Көгенкөз қазағыма қаратып, мінбе
құрып, сол мінбеге шығарып: «Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!» - десе, тілімнің ұшында
жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін
сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық. Жігіт қадірі
өнерімен өлшенер. Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет. Берекені көктен тілеме, еткен
еңбектен тіле. Еңбек шыққан жерден төзім де шығады. Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе – білім. Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек. Ар
жазасы – бар жазадан ауыр жаза. Жауға – жалынба, досқа – тарылма. Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.
Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы. Қыл өтпестей
татулықты бір ашуға сатпас болар. Тамыр болдың – айтыс жоқ, Қолдан бердің – қайтыс жоқ.
Аузымен айды алып, қолымен қос-аяқ соға алмайтын жандар бар. Көбікті толқын санама. Әділет
тілесе – атаңның болсын айыбын айт. Бас асауға – жез ноқта. Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам
– менің жүз ғайыбымды кісіге айтар. Сын – шын болсын, шын сын болсын. Іздессең – табарсың,
алыссаң-аларсың. Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан
тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?!
Тәрбиелеу ілімінің алтын арқауы, асыл өзегі
Қазақтың түп тұқияны жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері: «Тән – Тәңірден, Тәрбие –
өзімізден» - деген қағиданы басшылық етіп, «Кісілік» мұратты шамшырақ болдырып, ұрпағын өмірге
дайындап, тәлім-тәрбиелік кең тынысты, орасан аумақты, заңғар мақсатты, іс-шара, қимыл-әрекет,
жұмыс-шаруа жүргізу, ұйымдастыру, өткізу нәтижесінде: «Бала бақшадағы гүлің, оны тәрбиелеу
үлкен ғылым» деген даналық қорытындыға келген. Иә, қазақ танымында: тәрбиелеу әрі өнер, әрі ілім.
Қазақ – өткенді қадірлеген, жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана халық. Ежелгі
ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы - отбасы, әулет, ауыл, ата-ру,
тайпа, топ, одақ, ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі
(шамамен 11 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт
тіршілік еткен көне, текті, байырғы қауым. Ол әулет мектебінің сан түрін пайдаланды. Бұл
мектептердің бас ұстаздары ана мен дана, ата мен әже, әке мен шеше, аға мен көке, дос пен таныс,
жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар есімі, іс-әрекеті ел есінде, халық жадында мәңгі сақталған.
Түбі бір, бар қазақ отау тігіп, орда көтеріп, тамырын тереңге жайып өсіп-өне отырып, бір шаңыраққа
топтасып әулеттік тұғыр, тектік бастау – Қарашаңырақ мектебін дүниеге әкелді. Оның бас ұстаздары
Дана Аналар мен Дана Аталар еді. Ол дамып жетілу барысында Дана мектебіне ұласып оның барлық
түрі мен тармағы, саласы мен бұтағы, бөлшегі мен бөлігі, тарауы мен бөлімі ұйыса келіп – Әулет
мектебіне айналды. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата,
әке-шеше, жезде-жеңге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді,
жас ұрпақты өмірге дайындады, үлгі-өнеге ұқтырды.
Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп, бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан
бастап, қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ,
ғұн, түркі, оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес, ақыл-парасат
күшімен де, ұрпақ тәрбиелеу ісімен де, ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амалайласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап, бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.
Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып, іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты.
Олардың қатарынан онбес ілімгерді жекелей алып, ілімдеріне шолу жасап көрдік. Алайда,
пақырыңыздың көкірек көзі жетпеген, шама-шарқы келмейтін асыл сөздер мен үлгі өнегелер,
қөзқарастар мен пайымдаулар, өте көп. Мысалы, А. Байтұрсыновтың айтқан: «Қазақтың ескі
жырларынан, ескі сөздерінен батыр болғандарды қалай баулып батыр қып өсіргендерін көреміз,
батырлар басқалардың балаларын қалай баулып өсіргенін көреміз. Мәселен, Шыңғыс ханды жасында
баулыған Шолақ қол батыр тас атудан бастап, садақ пен құс атуға дейін баулыған. Адам арқасына
мініп қару қылудан бастап, ат арқасында қару қылуға дейін баулыған. О заманда би болғандар би
140
139.
мектебінде баулынған, яғни биге атшы болып, бірге жүріп, бірге тұрып, бітірген істердің ішінде біргеболып, баулынып, би болған. Үйрету бастапқы кезде қайда да болса, «БАУЛУ» түрде болған.») – би
мектебінің маңына да баса алмадық.
М.Жолдасбековтың айтқан: «Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан
қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тәрізді. Бірі – өмір, заман жайын терең толғанатын
шешендік, фәлсафалық, данышпандық мектеп. Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы
Асанқайғы, одан бұл өнер ғасырлар аттап Абайдың қолына тиді. Екіншісі – өле-өлгенше көмейі
күмбірлеп жағы талмайтын дария-даңғыл жыраулар мектебінің терезе-есігінен де сығалай алмадық.
Күллі түркі жұртына жазу-сызу үйретіп, ұстаздық еткен бақсылар мектебін айналып өттік (Ш.
Уәлиханов, Ә. Марғұлан). Бақсыларды қойдай қырған Әмір Темір мен Өзбек хан олардың ізін де
қалдырмай таптаған. Мар, хипат, бәдізші, багш аталып келген, жұртқа жазу сызу үйреткен, мектеп
ашқан бақсылардың жойылуы, қазақты «сауатсыз, жабайы, надан халық» атандырған.
Алайда, аталған онбес ғалымның тәрбиелік ілімін шолып шыққан бізге, тәрбиелеу қазақ ілімінің,
алтын арқауы белгі беріп қылың етіп, үміт сәулесін жаққандай болды. Асыл өзегі аттап басқан сайын,
айқындалып, тап болып таңдандыра бастады. Мен, осының өзіне қанағат еттім.
Бірінші. Тәрбие ісі қазақта қай кезде болсын алдына айқын мақсат қойып, асыл мұратқа бағыттап
жүргізілген. Мысылы: түрік дәуірінде: «бек ұл, пәк қыз», оғыз дәуірінде «иманды ұл, ибалы қыз»
немесе «құлықты ұл, қылықты қыз» т.б. көптеген мақсат міндеттерді дәуір талабына сай қойып
отырған. Ал, мұраттар, алып ер, батыр ұл, батыл қыз, «азамат ер, асыл жар» «қазақ жігіт, қазақ қыз»
т.б. ұзақ уақыт бағдар етерлік терең мағыналы, өзекті ойларды бекіткен, жалпыға ортақ, әрі түсінікті,
қол жеткізу мүмкіндігі мол тұжырымдар еді. «Өлмейтін адам, Бақытты адам, адамша – адам, «Кісі»
қалыптастыру – ақырғы мұрат. «Адам болу» – жай адам емес арлы адам болу одан білімді адам болу.
Екінші. Мақсатына жетіп, мұратын орындауға жол-жоба, ереже боларлық қағидаларды ұсынып, оны
ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған. Мысалы. «үйретуден жалықпа, үйренуден тартымба»,
«істегенің маған жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы», «жастары иманды елдің болашағы зор», «жігіт
қадірі өнерімен өлшенер». Егер бұл қағидалар бұрмаланса немесе ескерілмей елеусіз қалса тәрбие ісі
тығырыққа тіреледі, қазақи тәрбиенің қаймағы бұзылады. Осы шақта, «қызға қырық үйден тыйым»
деген тәрбиелеу қағидасы елеусіз қалғандықтан небір сорақы қылықтар сорлатып келеді. «Әдепті
бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала» - деген тәрбиелеу қазақ ілімінің қағидасы бар. Бүгінгі
таңда осы қағида бұзылғандықтан (ешкім еш жерде ешуақытта әдепті көрсетіп, үлгі өнеге үйретпейді,
Тек, әдеп туралы бала жалыққанша оқытып, айтып әуреге салады) әдепсіздерді әдейі әзірлегендей,
әдепсіздер мен көргенсіздер тым көбейіп кеткен. Әдепті оқытып, сабақ беріп, айтып үйретпейді, үлгіөнеге көрсетіп ұзақ уақыт қайталатып, машық дағды игертеді. Бұл туралы жоғары да, іліміне шолу
жасалған барлық ғалымдар айтқан. Алайда, оны ескеріп елеп, басшылық етпегендіктер ортасынан,
аумағынан жоғардағы келеңсіз қылықтар туындауда. Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттығудан
тұрады. Ж. Ж. Руссо «Әдет – бір әрекеттің жиі және ұзақ қайталауы». Әл-Фараби.
Үшінші. Тәрбиелеу қазақ ілімі – тамыры тереңнен тартылар, тым тұғырлы, ілімгерлердің өзекті
ойлары мен түйіндері өзара өте мықты байланысқан, сабақтастығына сана марқаятын, ұласпалы
тоерия. Қорқыттан басталатын «Өлмейтін адам», Фарабида «Бақытты адам» болып түрленсе, Абайға
жеткенде, ол «Адам болу» заңдылығына ұласып, Жүнісбек «Адам болу» ілімін жүйелеп, шыңдап ал
міне, енді білім беру, тәрбиелеу ісінде қолдана бер деп қолға ұстатқан екен. Осы педагогикалық
тоерияны ширатып көрелік.
Қорқыттан бастау алған, Фараби негізін қалаған, Абай заңдылығын көрсеткен, Шәкәрім дамытқан,
Жүнісбек жүйеге келтірген, Мағжан мадақтаған, Мұхтар қолдаған «Адам бол» – Абай ілімінің түп
тамыры мен даму өрісіне өз деңгейімде түсінік бергенім дұрыс шығар. Алайда менің сөзімді, кім елеп
ескерсін. Сондықтан, зерттеушілердің түйіндерінен үзінді келтіргенім жөн. Бұл ілімнің түп-тамырына
үңілгенім – оның тірегінің мықты әрі тереңде екенін, даму өрісін шолғаным – Әлемдегі тәрбиелік
ілімдердің ешқайсысынан кем емес екенін, барлығымен иық тіресіп, терезесі тең түсетінін аңғарту
болмақ. Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма,
адамның баласы бол… жақсылығың көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ойпікірді қуаттауы еді. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүние-жүзілік
педагогика классиктері Ж.Руссо, Конфуций, К.Д.Ушинскийдің ой-пікірлерімен терең қабысып
141
140.
жатыр. Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Ол өзінедейінгі Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қ. Яссауидің кемел адам жайлы ой-пікірлерін
әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады. VIII-IX ғасырда түрік
халықтарының мінез-құлықтары, ой-танымын жолға салу әрекеті Әл-Фараби ұстанған моральдықэтикалық ілімінде парасатты адам (инани фазыл) туралы танымында жатты. Әл-Фараби өзінің
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат»,
«Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің
ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі
бірінші емес» - дейді. Әл-Фараби түрік әлемінде өз танымының негізі ретінде жүрекке шешуші мән
беруі – Абай негізін қалаған «толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды
дерек. Ал, Әл-Фарабидің бұл ілімінің түп-төркіні қайда жатыр? «Адамзат ойшылдарының әр кезең,
дәуірлерде айтылып жүрген тұжырымдарының түпкі түйіні, темірқазығы – Аристотель жасаған
қорытынды. Аристотельдің пікірінше, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – ізгілік пен
қайырымдылық. Бұлар – кісіліктің өзегі мен өзі. Өзінің ғана қамын жеу өзімшіл, қайырымсыз
адамдар мен жан-жануар, жәндік, құс атаулыларға тән болса, өзгеге жақсылық, қайырым жасай білу –
адамдықтың белгісі. Демек адам болу қайырымды болу арқылы келеді. Дәлірек айтқанда, ең басты
мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық. Ал қайырымдылық пен адамгершілік
егіз, бірінсіз бірінің бар болуы, болмысқа айналуы мүмкін емес. Әр нәрсе де өзінің мәнімен, өзіндік
қасиетімен қадірлі, құнды әрі бар бола алады. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен,
қайырымдылығымен қадірлі әрі абзал болмақ. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан әуелі
ауаны, одан есі қоректі, кейін киімді, кіре келе ақыл-ой, білімді, дүние, мансапты, тағы басқа өзі
қажет етіп тұтынатын әр түрлі игіліктерді іздеумен болады. Адам өмірі әр түрлі арнайы таңдап
алынған игіліктерсіз жалғаса алмайды. Өйткені Алла ғана ешнәрсеге мұқтаж емес, адамзат баласы
материалдық, рухани игіліктерсіз өмір сүре алмайды. Осы орайда адамзат баласы Абай айтатын жан
қалауы, тән қалауымен түрлі-түрлі игіліктерді қажет ету, тұтыну, иелену әрекетімен өмір сүреді. Ал
адамның қалауына ерік берер болсақ, ондай игіліктер жүздеп саналады. Мәселе өмірді мәнді, адамды
абзал, абыройлы ететін игілікті танып, таңдап, сол оңды, жөнді игілікпен өмір сүре білуде.
Аристотель адамзат баласының қажет етіп тұтынатын көптеген игіліктерін жинақтап үш-ақ топқа
бөледі. Бір ерекшелігі, Аристотельдің игіліктерді жанға қатысты және тәнге қатысты деп жүйелеуі
Абайдың жан қалауымен, тән қалауы туралы іргелі ойына негіз болғанға ұқсайды. Сөйтіп Аристотель
игіліктерді жанға қатысты, тәнге қатысты және сыртқы игіліктер деп үш топқа бөледі. Жанға қатысты
игіліктерге Аристотель ақыл мен қайырымдылықты жатқызады да, тамақ, киім, байлық, мансап, атақдаңқ т.б. секілді өзге екі топқа кіретін игіліктерді ақылдылық пен қайырымдылыққа жеткізер
баспалдақ, көмекші санайды әрі жанға қатысты ақыл мен қайырымдылықты барша игіліктердің
ішіндегі ең абзалы, ең биігі, ең қадірлісі деп біледі. Ал ақыл мен қайырымдылықтың адамдық болмыс
пен адамгершілікті жасайтыны белгілі. Адамның ділін, болмысын құрайтын ақыл мен
қайырымдылықтан өзгелердің бәрі де қосымша, жанама түрде қажет болғанымен, адамның болмысы
мен қасиетін танытатын «кісілігін» қалыптастыра алмайды. Адамзат қауымында киелі, қасиетті
саналатын құт-береке, бақыт ұғымы Аристотель пікірінше, қайырымдылық, адамгершілік ілімімен
табысады.
Әл-Фарабидің жоғарыды көрсетілген философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде
өзінің логикалық жалғасын тапқан. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі
әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл
үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, - депті. Бірақ
билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді:
жақсылық айтқанына жаны – діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа
ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де
еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы
үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, - депті. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай
табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен
«Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды»
- деген қорытындыға келеді. «...Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек, - деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар
рухтың мекені – тәлімгердің жүрегі болуға тиіс Абайдың «он жетінші» қара сөз бен «Әсемпаз болма
әрнеге» өлеңіндегі ақыл, қайрат, әділет, шафқат (жүрек) секілді басты ұғымдардың барлығы да Жүсіп
Баласағұнның «Құтты білігіндегі» «жауан мәрттілік» (ақыл) деп аталатын төрт түрлі кейіпкерге
142
141.
балама ретінде суреттелетінін байқауға болады: 1. Әділет – Күнтуды. 2. Дәулет (қайрат) – Айтолдыуәзір. 3. Ақыл – Өгдүлміш уәзір. 4. Шафқат –Одғұр-мыш (қанағат, рахым). Ал А.Ясауи ілімінде:
«Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты –
топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті
білдіреді. Осылайша А. Ясауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам»,
сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары дәріптеледі. Хикмет жолындағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен
жұрдай, қара басының қамын күйттейтін жан. Дертті адамның А.Ясауи іліміндегі алатын орны
ерекше. Ол хикметінде «Білімің – шырақ, халің –- пілте, көз жасың – жағатын май» болсын дейді.
Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп,
қайрат-жігерімен одан шығар жол іздейді. А.Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа
құлшылық ету (ибадат). Бұл ибадат – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Өйткені А.Ясауи
ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашық (махаббат) жол. Ғарип адамды кемелдік
мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Сондықтан да
А.Ясауи «Қай жерде ғарип көрсең һәм дем болғын» дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет,
қасынан табыл, құрметте дегені еді Міне, Абайдың «толық адам» туралы танымы да Сократтан
басталатын Платон, Аристотельдегі «сүюді сүйеніш еткен адам», Қытайлардың дао іліміндегі «әбден
жетілген адам», Шығыс ойшылдары мен суфизмдегі «пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам»,
атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі «Кемел адам», Ж.Баласағұнның дастанында көрініс тапқан
«Жауанмәрттілік» ілімі және А.Ясауи дүниетанымындағы «дертті адам», «топырақ адам», «ғарип
адам» секілді тұлғаларымен сабақтасып жатыр. «Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам
ғана адамдықтың шыңына жете алады» (Иоганн Вольфганг фон Гёте).
Абай қазақтың мінін, жаман әдет-мінезін айнадан көргендей, терең психологиялық дәлдікпен жіктеп,
талдап береді. Қазақ арасындағы бірлік деген қастерлі ұғымның жойылғанына жаны жылап,
мұңаяды. Қазақтың өз арасында бітім, келісім деген жақындық, намыс атымен жоқ. «Орыссыз жерде
топ болса, Шақырған кісі бармайды. Бас қосылса орысқа, Кім шабады намысқа? – дейді, Абай. Бұл
өте терең құлдық психология, «бас басына би болып, өздерінен шыққандарды көзге ілмей, жатқа
паналау, өз ішіндегі мәселені шешу үшін орысты төреші қылып сыйынудан асқан халыққа,
мәдениетке, ұлтқа қиянат жоқ. Абай «Имансыз елден ұят қашады» деген Хз. Мұхаммед
пайғамбардың хадисін келтіріп, қазақтың хәлі осы – имансыздық» - дейді. Көп ішінде жалғыз қалып
күңіренген, «Ішім толған у мен өрт, сыртым – дүрдей» деген Абайдың мұңы «…көкірегімді тесіңдер,
қан мен мұңға толды әбден» деген Иасауидің жанайқайымен үндесіп жатыр. Абай осындай дертке
шалдыққан елге дауа іздейді. Оның дауасы – «Құран», түгел сөз, адам бойына имандылық дарытатын
ар түзейтін ғылым. Абайдың түзу сөзі – «әуелі аят, хадис – сөздің басы», яғни, елді түзейтін сөз әрі
қисынды, әрі өлеңмен (бәйіт – мысал) жазылған Алланың сөзі – «Құран». «Құран» – ақылды сөз бен
терең ой, терең ғылымның көзі, сондай-ақ ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап сияқты адамдық
құндылықтардың кені. «...мақтанқұмар, малқұмар, арамдық, ұрлық, пайдакүнем, нені ұға алсын» дейді. «Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. Құдайдан – қорық,
пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!».
Ислами тәрбие көре алмай, ұлттық құндылықтардың мөлдірінен сусындай алмаған ұрпақ кезкелгеннің қолшоқпарына айналып кете барады. Оның дәлелі, әлемде болып жатқан азғындық,
мейірімсіздік, қатыгездік имансыз тәрбиенің нәтижесі. Жүрегінде иманы жоқ адам-бақылаусыз адам.
«Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды» (Абай). Құдайдан қорықпаған, имансыз адамға сенім артуға
болмайды. Ал иманды адамның жүрегінде әрбір әрекетін қадағалап, бақылап тұратын ішкі сенім бар.
«Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз» Абай.
Абай өзінің атақты «Қара сөзінде» болмыстың мәндік қабаттарын өзінің қайғы мен бақытқа толы
өмірлік тәжірибесі арқылы ашады. Бізге солай көрінетін, бірегей тұтас мәтін ретінде түсінілетін,
қазақтың дәстүрлі мәдениетіне Абай герменевтикалық түсіндіру береді. Осындай өнімді тәсіл Абай
философиясының ұлттық төлтумалығын айқындай алады, бұл оның мұрасын дүниежүзілік мәдениет
кең мәтінінде айрықша маңызды етеді. Абай – адам-әлем» қатынасының тұтастығына негізделген,
қазақ ділінің көрсеткіші. Осында – ерекше тұлғалық тип те, ақыл мен жүректің арасындағы
айырылудың жоқтығы да, жүрекпен ойлау шеберлігі де тұр. Жүрекпен ойлау дағдылығын
қалыптастыру – ХХІ ғасырдың маңызды міндеті. Ол ағартушылыққа, ғылымдардың негіздерін оқыпүйренуге шақырады. Бірақ ол сол уақытта, ар-ұят және жүрек жарығынан ажыраған, ғылымның
қауіптілігі туралы да ескертеді. Оның ұстыны – ақылды жүрек немесе арлы ақыл. «Кімде махаббат
143
142.
пен әділеттілік сезімі билік жүргізсе – сол дана». Ал, Шәкәрім, бұл ілімді қалай дамытты? Абай өзпоэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып білу жолында жүрек культін көтере
жырлау арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты
Шәкәрім дәстүрлі жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы әдебиетте
философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді. Ұстазы хакім Абай мен шәкірті
Шәкәрім түп иені (хақиқатты) танып білуге жантану ілімі арқылы бару жолын ұстанды. Әсіресе, бұл
өте күрделі, шешуі қиын, салмағы зіл батпан мәселені Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақ
әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны таным, тың ойлар желісін тартты. Әрі оны
философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып, зерлеп, зерттеп терең мән бере қарады». Екі
ойшылды қызықтырған жан мәселесі. Табиғат өлсе де жан өлмес деген Абайдың пікірін Шәкәрім
түрлендіреді. Оның пайымдауынша, дүниедегі барша нәрсенің жаны бар, жан өлмейді, өзгереді,
өзгерген сайын өседі, жоғарылайды: сезімді жан (инстинкт), аңғарлық жан (сознание), ойлайтын жан
(мысль), ақылды жан (ум). Екеуі де негізгі діни қағидаларды жоғары рухани-құлықтық (моральдық)
қағидалар деп түсіндірген (Мекемтас Мырзахметұлы).
Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл-ес көзімен
көріп, қабылдауы керек. Ақиқат – әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп
қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім –
үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан, совесть орысша айтқанда совесть бар» дейді. Шәкәрім
ар-ұжданды адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны философиялық категория, әлем
құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде жоғары қарастырған. Ол адамның рухани өсуіне
мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына
себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген
соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді. Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы
үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім – «Ар ілімін» былай тұжырымдайды: Бірінші
– әрбір адамда діни таным болуы қажет, екінші – ғылыми танымы болуы керек, үшінші – «Ар ілімін»
меңгеруі тиіс, - дейді, және оны үшке бөледі: 1. Мейірімділік. 2. Ынсаптылық. 3. Әділеттілік, міне
осы үшеуі бойында болған адам, нағыз «Толық адам» бола алады деп, тұжырымдайды.
А.Байтұрсынов: «...Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы,
әр халыққа керегі – өз дінін, тілін, жазуын сақтау» - дей отырып, ұстазы Абайдың ілімін басшылыққа
алып «Қазаққа білім – тәрбие беру ұлттық жүйесінің ғылыми негізін қалыптастырды» және оны сол
дәуірде жүзеге асырып, қолдана білді. Ж. Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы
меңгерілетінін айта келе: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.
Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп, түрлене беретін,
мәңгі құламайтын бәйтерек. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның
барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын мол қазынасы – халықтың тілі» деп оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани-мәдени байлықты меңгерудің басты
құралы екендігін, оны жан-жақты және терең меңгерудің қажеттігін баса көрсетеді. Сондай-ақ, Абай
ілімінің психологиялық астарын талдап берді.
Ал, Ж.Жұмабаев, тәрбиелеу ұлттық ілімінің педагогикалық тоериясын негіздеп берді. Мұнда, Абай
ілімінің, барлық қырлары толық қамтылумен қатар, оны европалық педагогикаға жалғастырарлық
жол салып кетті. Ал, Жүсіпбек: «Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге болады. Рух
мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін
қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек». «Білімді
орнына жұмсайтын не? Ол – тәрбие». Сонымен, білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы
тәрбиеге байланысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да
оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ
емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды...» - деп, Абайдың толық адам
ілімін, сол күннен бастап, ұрпақ тәрбиелеуде ұтымды пайдалана беруге болатындығын нұсқаған. Ал,
Мұхтар дана: «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі –ниет керек, одан соң – күш керек, одан
соң – тәртіп керек. Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік. Адам көркі – ақыл. Жігітті жылы сөз
ширатпайды, қатты сын ширатады. Адам баласының жақсы құлқы жаратылысынан емес, өскен
ортасында көрген үлгі-өнегесінен. Тумай жатып – толдым деме, толмай жатып – болдым деме.
Маңына ұрық шашпаған жақсылық жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады. Білім –
бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы. Көгенкөз қазағыма қаратып, мінбе
144
143.
құрып, сол мінбеге шығарып: «Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!» - десе, тілімнің ұшындажүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін
сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық. Жалған
намыс-қасиет емес, ар сақтаған – қасиет. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе –
білім. Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза. Жауға – жалынба, досқа – тарылма. Бас асауға – жез
ноқта» - деп Толық адам ілімін осылай тереңдетеді. Бұларда ешбір таптық, топтық пиғыл жоқ таза
ұлттық мүддеге негіздеп педагогикалық ғылым негінде қорытылған тұжырымдар!
Абай: қалай еліме жәрдем етемін деп, халқына ем үшін толық адам ілімінің негізін сала бастады,
бірақ аяқтай алмай кетті. Тек рухани өзегін жүйелеуге ғана үлгерді. Әуезов білсе де айта алмады,
себебі бұл ілім тікелей дінмен байланысты болатын. Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен
өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан.
Сөз соңында, А.Болатбекқызының мына бір ой түйінін келтіруді жөн көрдім.
«Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
ОҒАН ҚАЙҒЫ ЖЕСЕҢІЗ.
ӨСЕК, ӨТІРІК, МАҚТАНШАҚ,
ЕРІНШЕК, БЕКЕР МАЛШАШПАҚ –
БЕС ДҰШПАНЫҢ БІЛСЕҢІЗ.
ТАЛАП, ЕҢБЕК, ТЕРЕҢ ОЙ,
ҚАНАҒАТ, РАҚЫМ, ОЙЛАП ҚОЙ –
БЕС АСЫЛ ІС, КӨНСЕҢІЗ» - ДЕП, ЖАМАН МЕН ЖАҚСЫНЫҢ АРА ЖІГІН БӨЛІП, ТАЛДАУ ЖАЗҒАН. МҮМКІН
ДӘЛ СОЛАЙ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК ШЫҒАР. . ? БІРАҚ МЕН ӨЗІМШЕ БІР ТАЛДАУ ЖАСАДЫМ. ӨЛЕҢДЕ БІР
РЕТТІЛІК ЗАҢЫ БАЙҚАЛАДЫ. МЫСАЛЫ: ӨСЕК, ӨТІРІК, МАҚТАНШАҚ, ЕРІНШЕК, БЕКЕР МАЛ
ШАШПАҚ...БӘРІ ОСЫ ӨСЕКТЕН БАСТАЛАДЫ. ӘҢГІМЕ БОЛСЫН ДЕП ӨСЕК АЙТАМЫЗ. АЛ ӨТІРІК
ҚОСЫЛМАСА ӨСЕКТІҢ ДӘМІ КЕЛМЕЙДІ. ӨСЕК ПЕН ӨТІРІКТІ ҚАТАР АЙТҚАН АДАМ МАҚТАНУДАН ДА ҚҰР
ҚАЛМАЙДЫ. ОСЫ ҮШЕУІ НЕГІЗІ ЕРІНШЕК, ЖАЛҚАУ АДАМНЫҢ ӘРЕКЕТІ. ТІРЛІГІ БАР АДАМНЫҢ ӨСЕК
АЙТУҒА ДА УАҚЫТЫ БОЛМАСЫ СӨЗСІЗ! «ЖҰМЫСЫ ЖОҚТЫҚ, ТАМАҒЫ ТОҚТЫҚ, АЗДЫРАР АДАМ
БАЛАСЫН». ТАҒЫ ДА АБАЙ! ЖҰМЫССЫЗ, ЖАЛҚАУ АДАМ «БЕКЕР МАЛ ШАШПАҒАНДА» ҚАЙТЕДІ. ТАЛАП,
ЕҢБЕК, ТЕРЕҢ ОЙ, ҚАНАҒАТ, РАХЫМ ОЙЛАП ҚОЙ...ТАУДАЙ ТАЛАПСЫЗ АРМАНДАРҒА ЖЕТУ ЕКІТАЛАЙ.
ТАЛАП БАР, ЕНДІ МАҚСАТ-ҚА ЖЕТУ ҮШІН ЕҢБЕК, ЖАЙ ЕҢБЕК ЕМЕС, ТЕРЕҢ ОЙМЕН ҰШТАСҚАН ЕҢБЕК
КЕРЕК. ОСЫ ҮШЕУІ БОЛҒАН ЖЕРДЕ НӘТИЖЕ ДЕ БОЛУЫ СӨЗСІЗ. СОЛ НӘТИЖЕГЕ ҚАНАҒАТ ЕТІП,
АДАМДАРҒА ҚОЛ СОЗЫП, РАҚЫМ ОЙЛАП ҚОЮДЫ ДА ҰМЫТПАУ КЕРЕК. АДАМ БОЛУ ТУРАЛЫ ОЙ
ТАНЫМЫН «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА» ӨЛЕҢІНДЕ КӨП НӘРСЕНІҢ ТӨРКІНІНЕН ХАБАР БЕРУІ СЕБЕПТІ
М.ӘУЕЗОВ БҰЛ ӨЛЕҢДі «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытпай айтқан мағыналы да програмдық бір
өлеңі», - деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Осылайша Абай жас өркеннің бағдар
түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды.
Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек –
қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. Адам
бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы
жоқ малдан басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек, - деп нақтылай түседі. «Ыстық қайрат» – бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу,
жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» – елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек
жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» – иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау,
олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған
жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек. » - дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы –
145
144.
адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толықадамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат өркениетіндегі
барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық,
қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай
ұсынған «толық адам» концепциясы (Болатбекқызы А. Абай шығармаларындағы «толық адам»
мәселесі // Тәрбиелеу қазақ ілімі осылай дамып, осылай тыянақтады. Алайда өткен ғасырдың
алғашқы жартысында-ақ, ол, тоқырауға түсіп, қолданыстан шығып қалғаны баршаға мәлім.
Тоериялық негіздерін талдамақ болғандар болды (Т.Тәжібаев, А.Нілдібаев, Ситдыков Е.).
Олар, социалистік педагогика мен психология негізінде қарастырды. Ал, жетпісінші жылдарды
қайыра қолға алынғанымен, Қазақстанды мекендеуші этностардың тәрбиелік ілімін қатар көтеру
қажет деген талап қылаң беріп, «жеке қараудан» сескеніп енді оны тағы да бұрмаланқырап, бұл
«халқтық – отбасы педагогикасы» сол аумақта ғана керектену керек деген қөзқарас пайда болды.
Сонымен қатар, сол шақта жазылған педагогикалық-психологиялық еңбектер тағы сол, социалистік
педагогика шеңберінен шыға алмады. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин,
І.Есенберлин, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Т.Ахтанов, М.Әлімбаев, О.Бөкей, С.Жүнісовтар сол
кездегі негізгі үрдіс: бар жасырын сыр мен құндылықты әдебиетке сидырып көрсетуге сүйеніп,
романның бөліміне енгізді, тарауына сыйғызды, жеке әңгімелесе де, әйтеу жазып қалдырды. Шұқшия
оқығандар олардан тәрбие оқулықтарын таба білді. Кейінгі кезде, Волковқа еліктеп, «Қазақ
этнопедагогикасын» зерттеушілердің саны әжептәуір молайды. Көптеген оқулықтар жазылды,
диссертациялар қорғалды. Жалпы бұл жағдай бар қазақты қуантты (Б.Жарықбаев, С.Қалиев,
Ә.Табылдиев, т.б.). Ұлттық педагогикасы бар жұрт екені анық болды. Алайда ұлттық педагогикалық
ілім мен тәрбиелеу құралдарын «этнопедагогикаландырып, ғылымилап» қолдану керек деген
ұғымдар пайда болды. Немесе тәрбиелеу қазақ ілімінің ғылыми негізін «халық педагогикасына»
сіңіріп, бұлыңғырлатып жіберді. Ең қуанарлық жағдай, Қазақстан Республикасының білім беру
барлық саласында, пәндердің мазмұны арқылы тәрбиелеу ісінде ұлттық тәлім тәрбие үлгілерін,
ұлттық тәрбие құралдарын, тетіктерін өте белсенді қолданды, тәрбие жұмысында, тәрбиелеу ұлттық
амалдарын тамаша пайдалану арқылы, өткен бір ғасырда айрылған мүмкіндік, кеткен есесін ширек
ғасырда қайырып алды десек тым артық айтқандық болмас. Осы ұлан қаусар шаруаның, ғылыми
негізіне көз жүгіртіп, зерделеп, кеткен кемшілігі болса, ашып көрсетіп, тамаша табысқа жетер
бағдарын пайымдап, енді не істеу керектігін нұсқап жатқандардың тым аз болуы өкінішті-ақ. Бұл
жұмыс-шаруалар – тәрбиелеу қазақ іліміне сүйеніп атқарылып жатырма, әлде «социалистік
педагогикамыздың» үстемдігі басым ба? Ешкім де, айтпайды. Ал, біздің мақсатымыз – тәрбиелеу
қазақ ілімі, теориялық негізі бар, әлемдік деңгейдегі, бас аяғы тұжырымдалған, іргелі ғылым екенін
айту еді. Өлмейтін адам – Бақытты адам – Кісілік кемелдену – Махаббатқа малшынған, дертті адам –
Кемел адам - Толық адам – Арлы адам – Білімді адам. Бұлар – тәрбиелеу қазақ ілімінің алтын арқауы.
Ол ешқашан үзілген емес. Тіпті коммунизм ілімі салтанат құрған кезінде де жалғасын тауып отырған.
Ал, имандылық – тәрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі. Имандылық – қазақ үшін, жалаң ислами ұғым
емес. Ол наным-сенім ретінде, қашаннан бар, ұласып келе жатқан түсінік. Иманның ислами
түсінігінің қазаққа тигізген ықпалымен көне наным үйлесімдігі, Ғ. Мүсіреповтің мына белгілеуінен
өте айқын аңғарылады. «Ғажап нәрсе – бүгінгі қазақтың әдет-ғұрпында әруаққа, отқа, суға табынатын
әдет сақталған. Мысалы:а) Жазғытұрым бие байлағанда желі қазықтарға айран құяды. ә) Алғаш күн
күрекірегенде ожаумен киіз үйді артынан, жабық тұсынан айнала сабалайды. б) Қыз ұзатарда «Отқа
құяр» деген кәде бар. Соған құрмандық ретінде мал сойылады. в) Қазақтың әдет-ғұрпына өшпейтін
әсер еткен Ислам діні. Әдеп, инабаттық, сыпайылық дәстүріне Ислам көп нәзіктік қосқан. Адам
баласы бірдемеге сенбей, арқа сүйемей тұра алмайды. Сол сенімнің аты – Дін. Ең арғысы саяси сенім
дегеніміздің өзі халықтың басым көпшілігі үшін дін. Қадір-қасиет жағынан қарағанда діннен
төменірек, сенімділігі болса, табанды-тұрақты емес нәрсе Менің атам Кежімбай Мүсіреп баласы бес
уақыт намазды қалдырмай оқиды. Мен молдадан үш жыл оқығаннан кейін атамның оқитын
дұғаларын тексерсем, бір дұға білмейді екен. Жығылып-тұрудың бес уақыт намазда қанша екенін
біледі, неше рет қол жайып, иек сипағанды біледі. Бірақ, бір дұға түгіл, бір ауыз арабша сөз білмейді.
Дегенмен, атам намаз оқығанда мен атамның түсіне ылғи қарайтын әдетім болды. Намаз үстінде атам
керемет ажарланып кетеді. Атамның мұндай ажарлы, мұндай мейірімді, мұндай таза кескінін мен
күнделікті бір көрген емеспін. Ол Құдайға шын жалынып тұр. Күнделікті қандай күнә жасап алғанын
мойнына алып, енді кешірім сұрайды. Соған бет алғанда-ақ ол тазаланып, ажарланып кетеді.
Имандылық – барлық наным-сенімдерге ортақ ұғым. Адамдардың діни сеніміне байланысты,
146
145.
имандылықты алалауға болмайды. Қай діндегі болсын адамдардың баршасын имандылыққа баулуқажет. Имандылық – ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым емес. Қазақстан Республикасында
тіршілік етіп отырған күллі этнос өкілдері, оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары қалуға тиіс
емес. Ешбір ұлт бұған қарсы болған емес.
Тәрбиелеу қазақ ілімінің болмыс бітімі
1. Асқақ мұрат, сенімді мақсат, айқын мүдде.
2. Сүйенер қағида, қалыпты ереже, ұтымды ұстаным.
3. Сенімді құрал, жүйелі тетік, пайдалы ықпалдар.
- Атақоныс, өскен өлкесі, ауыл-аймағы, мекен жайы. Асқар тауы, шалқар көлі, айдын теңізі, орман
нуы, өзен суы сары дала, қырлы құмы, адыр белі, ата баба моласы, т.б.
- Табиғи және мәдени ескерткіштер, қолөнер бұйымдары мен табиғи қорықтар, әулиелі орындар мен
мекендер, қорым, сынтас, балбал т.б.
- Күллі рухани мұралар мен ән-күй, өлең жыр, әдеби және мәдени өнер туындылары, жазу-сызу,
музықалық аспаптар, ойын-сауық, ойыншықтар мен сайыстық дүнеиелер т.б.
- Меншіктер мен асыл мұралар, тұрмыстық тұтынылатын бұйымдар.
4. Жаңылмас жол, айнымас әдіс, бұлтартпас тәсіл. Тәрбиелеудің жеті түрлі ұлттық жолы бар. Олар:
адамды қанаттандырып рухтандыру; нандырып-сендіріп оны қанына сіңіру, табындыра білу; үлгіөнеге көрсету, ақыл-кеңес беру; жаттықтырып-дағдыландыру; ширатып-шынықтыру, талап қойыпөңдеу; бағалап марапаттау, мақтап-қолпаштау, ынталандыру; тиым қою, жазалап-сөгу.
5. Мықты негіз, берік тұғыр, мызғымас тірек.
- Қазақтың даналық ой-санасы-ұлттық философия.
- Наным-сенім жүйесі.
- Адамтану қазақ ілімі.
- Әдептану қазақ ілімі.
Тәрбиелеу қазақ ілімінің: мұрат, мүдде, мақсаттары мен қағида ережелерін, ұстанымдарын жеке-жеке
талдағандықтан бұл жерде қайталап көрсетуді қаламадым. (
Тәрбиелеу қазақ ілімі төрт құбыласын тең ұстап, Батыс-Шығыстың айтулы ұстаздарының асыл
ойларын, басшылық еткендігін, әрі терең сабақтастықтың болғандығын көрсету ниетпен, дана
педагогтардың бірнеше ой түйінін жеке бағана етіп ұсындым.
147
146.
УЧЕНИЕ, ВОСПИТАНИЕ КАЗАХСКОГОС тех пор как казахи начали заселять Землю, они взяли на вооружение принцип: «Тело- от
Всевышнего, а воспитание – от нас», «Человечность»( Кісілік қасиет) стала целью, обучая
подрастающее поколение к достойной и праведной жизни, воспитывая их к достижению
поставленных целей, организуя для этого всевозможные мероприятия, и тем самым достигая
высоких вершин, они пришли к единому согласию «Ребенок (Малыш), -как цветок
сажанного сада, а воспитание его целая наука».
Да, в познании
казахского
народа:«Воспитание– это искусство, учение...»
Также на территории, Великой Степи
открылись и работали многие-многие семейные школы (материнская школа, школы
аксакалов, карашанырак школы, жезде –жеңге мектебі /школа сноха-зиять/ и.др.) и в этой
школе работали великие педагоги-деятелий: дедушки, бабушки, папы,мамы и появились
мудрые ораторы, поэты, ученые-мыслытелий (ойщыл-ақылман, ғұлама- ғалым). Опыт этих
казахски педагогов-воспитателей ,педагогический мысли и учения ученых-мыслителей
казахского народа накопилась как теория воспитания педагогических наук. На этой основе
сформировались казахские учение.А духовность- ядро воспитания казахского драгоценного
учения. Казахские учение воспитания
состоят из следующих составных частей и
компенентов:
1.Идеальная мечта, надежная цель, яркий интерес.
2. Ясные принципы, точные правила, выгодное позиционирование.
3. Надежное средство, системный механизм, полезные содействия.
Средство для правильного воспитания:
Родная земля, широкие просторы, аулы, населенные пункты, высокие горы, быстрые
реки, глубокие озера, густые и зеленые леса и луга и т.д.
Скульптурные и архитектурные сооружения, изделия народного творчества,
природные заповедники, святые места, места погребения святынь и т.д.
Все духовные наследия (язык, религия, литература, культура) и музыка, стихи и
лирические произведения, литературные и культурные наследия казахов, письменность,
музыкальные инструменты, развлечения, игрушки и сувениры и т.д.
Недвижимость и наследие, товары народного потребления. Эти ценности становились
настоящим сокровищем нашего народа.
4. – Прямая дорога, точный метод, необъяснимый подход: Имеются 7 народных способов
воспитания. Это: вдохновлять людей, убеждая их учить поклонению; показывать пример,
давать ценные советы, обучая прививать различные навыки; закалять, учить
требовательности к себе; учить ценить себя и хвалить, мотивировать и стимулировать;
запрещать, наказывать и бранить.
5. Прочная основа, надежная опора, несокрушимый тыл:
- Мудрые мысли казахов- народная философия;
- Поверье- доверительная система;
- Понимание человека (человековедение) – казахское наследие;
- Этика – казахское наследие.
В Мире существуют некоторые теории воспитания и учения. Среди и их особое место
занимает казахское учение и воспитание.Но,мирном пространстве казахские учение
воспитания полным статусом и обширным объёмом до сих пор не познается как теория
воспитания педагогических наук.
148
147.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:1. Абай (энциклопедия). -А. , 1995.
2. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. -А. , 1996.
3. Ж. Аймауытов. Психология. -А. 1995.
4. Ахметов Ш. Бала тәрбиелеу қазақ дәстүрі. -А. 1966.
5. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. -А. , 1997.
6. Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер. -А. 1994.
7. Әленұлы Ш. Халықтық тәрбиенің тағылымдары. -А. 1998.
8. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. -А. 1995.
9. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. -А. , 1985.
10. Мекемтас М. «Абайтану ілімі іргетасқа айналды». Абай әлемі энц. порт.
11. Мекемтас М. Абайтану әлем үшін өзгеріс. -Каз. раб. кз
12. Мекемтас М. Сананы біріктіретін идиология қажет.
13. Өтенияз С. Шоқан. -А. , 1995.
14. Ел аузынан (құр. , Б. Адамбаев, т.б.). -А. , 1989.
15. Жарықбаев Қ. , Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. -А. , 1995.
16. ЖарықбаевҚ. Қазақ психологиясының тарихы. -А. , 1996
17. Жұмабаев М. Педагогика. -А. , 1993.
18. Дулатов М. Шығармалары. -А. , 1991.
19. Дибаев Ә. Тарту. -А. , 1992.
20. Жүнісов А. Бабалар дәстүрі. -А. , 1992.
21. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. -А. , 2005.
22. Сәрсенбаев Н. Обычай, традиции и общественная жизнь. -А. , 1974.
23. Сәдуақасұлы Ә. Дін – тәрбие діңгегі. –А. , 1999.
24.Оразбекова К. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. -А. , 2000.
25. Озғанбаева Ө. О. Халықтан асқан ұстаз жоқ. –А. , 1997.
26. Әлемдік педагогикалық ой-сана. І том. -А. , 2008.
27. Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. І том. -Ас. , 2013.
28. Қазақтың психологиялық ой-пікірлері. -А. , 2006.
29. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. І том. -А. , 1994.
30. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. ІІ том. -А. , 1994.
31. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. -А. , 2003.
32. Қожахметова Қ. Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық
негіздері. -А. , 1993.
33. Кенжехан І. Рухани уыз. -А. , 1995.
34. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. -А. , 2001.
35. Қалиев С. , Молдабеков Ж. , т.б. Этнопедагогика. -Ас. , 2005.
36. Қалиев С. , Оразаев М. , Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. -А. , 1995.
37. Мұқанова Б. , Ильясова Р. , Этнопедагогика. -Ас. , 2008.
38. Қабдыразақұлы Қ. Ғұрып, дәстүр және тәрбие. -Б. Ө. 1979.
39. Қабдыразақұлы Қ. Ұлы даланың үлық ұстаздары. –Қарағанды, 2016.
40. Қобдабай Қ. Халықтық педагогика хақында. -Б. Ө. 1976.
41. Тіл және қоғам №3, 2008.
42. Қадыров Ж. Т. т.б. Сал-серілер поэзиясын солтүстік аймақтағы дәстүрі (ұлт. порт.).
43. Мұқанов Ж. Қайран, шіркін, дүние-ай, десеңізші. (порт).
44. Көмеков Б. , Өтенязов С. , Әбілқайырдың Бопай сұлуы.
45. Қазақтың даңқты Аналары мен Қыздары. atasholy kz.
46. Салтанат Қ. Әже өнегесі. ana tiliqaz qazy kz.
47. Байменова Б. М. Жұмабайұлының педагогикалық мұрасы // Ұлт тағылымы //
149
148.
МАЗМҰНЫТәрбиелеу қазақ іліміне кіріспе...............................................................................................4
Бірінші тарау
§ 1.1 Тәрбиелеу қазақ ілімінің тарихына қысқаша шолу....................................................18
§ 1.2 Ұлттық тәрбиенің мұраты мен мақсаты......................................................................28
§ 1.3 Тәрбиелеу қазақ ілімінің қағидалары...........................................................................32
§ 1. 4 ӘУЛЕТ МЕКТЕБІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПӘНДЕРІ..........................................................................
41
ЕКІНШІ ТАРАУ. ТӘРБИЕЛЕУ ҚАЗАҚ ІЛІМІ
§ 2.1 Қорқыт Ата ілімі............................................................................................................53
§ 2.2 Абу Насир әл-Фараби ілімі...........................................................................................58
§ 2.3 Ж.Баласағұнның адамгершілік ілімі............................................................................64
§ 2.4 М.Қашқари(1029-1101) ілімі.........................................................................................68
§ 2.5 Қожа Ахмет Йасауи(1094-1167) ілімі..........................................................................73
§ 2.6 Ыбырай Алтынсарин ілімі............................................................................................79
§ 2.7 Абай Құнанбаев ілімі.....................................................................................................86
§ 2.8 Шәкерім Құдайбердиев ілімі........................................................................................94
§ 2.9 Ахмет Байтұрсынов ілімі............................................................................................102
§ 2.10 Ж.Аймауытов ілімі.....................................................................................................108
§ 2.11 М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі...............................................................................114
§ 2.12 М.Дулатов ілімі..........................................................................................................118
§ 2.13 Нәзипаның тәрбиелік тағылымы..............................................................................123
Тәрбие қағидаларын ұсынған ғалымдар
§ 2. 14 Шоқан Уәлиханов (1835-1865)................................................................................125
§ 2. 15 М.Әуезовтың педагогикалық тұжырымдары.........................................................129
Тәрбиелеу ілімінің алтын арқауы, асыл өзегі.....................................................................132
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................................142
150