Похожие презентации:
Қуық несепағар рефлюксы. Пиелонефрит
1. Қуық несепағар рефлюксы. Пиелонефрит
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіМедицина факультеті
Педиатрия кафедрасы
2. Жоспар:
I. КіріспеII. Негізгі бөлім
Этиологиясы
Патогенезі
Жіктелуі
Клиникалық көріністері
Диагностикасы және емі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
3. Зерттеу сұрағы:
Қазіргі таңдағы пиелонефриттіңэтиопатогенезін, жіктелуін, клиникасын,
дифференциалды диагностикасын
талдау
4. Зерттеу мақсаты:
Қазіргі таңдағы пиелонефриттіңэтиопатогенезін, клиникасын,
диагностикасы мен емін сараптап ұсыну.
5. Кіріспе:
Пиелонефрит – бүйректің тостағанша-астаушажүйесінің және тубулоинтерстициалдық тінінің
инфекциялануынан асқындаған бейспецификалық
микробтық қабыну ауруы. 1000баланың 20-22 пиелонеф
ритпен ауруы ықтимал. Ер балалардан қыз балалар 5-6 есе
жиі ауырады.
6. ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ БАЛАЛАРДА КЕЗДЕСУ ЖИІЛІГІ
30%20%
50%
Емшектегі
сәбилер
4 жасқа дейінгі
сәбилер
4 жастан асқан
балалар
7. Этиологиясы
1.2.
3.
4.
5.
6.
7.
Ішек таяқшасы
Протей
Стафилококктар
Энтерококктар
Микоплазмалық инфекция
Хламидийлер
Вирустар
8. Этиологиясы
7,20%3,70%
E. coli
5,70%
Proteus spp.
P. aeruginosa
8%
Enterococcus spp.
K. pneumoniae
53,10%
8,50%
Enterobacter spp.
Staphylococcus spp.
Тағы басқалар
5,40%
8,50%
9. Патогенезі
Микробтар бүйрек тканіне гематогенді жолмен (жиіемшек жасындағы балаларда) немесе өрлемелі жолмен (жиі
ересек балаларда) түседі. Бүйректе бактериялардың
таралуы тек қана қабынуға алып келмейді, ол үшін басқа да
жағдайлар әсер етеді: иммунитеттің төмендеуі және туа
пайда болған ақауларға, зәр тас жүйесіне, іш қату, ішек
құрты инвазиясы, зәр пассажының бұзылуы.
Кейбір авторлар инфекцияның гематогенді таралуын
негізгі жол деп есептейді, бұл жағдайда, инфекция әр түрлі
ошақтардан /кариес, баспа, отит, өкпе, асқорыту
жолдарының аурулары т.б./ қанға өтеді де интерлобарлы
артерияларға, одан әрі милы қабатындағы капиллярлар
торына, интерстицияға тарайды. Бүйрек табақшалары мен
оны қоректендіріп отыратын артериялары арасындағы
байланысты атап өту керек. Түбекшенің және форникальды
аппараттың ішкі беті уротелиймен қапталған ол
табақшаның күмбезінде босаған кезінде олар уротелийдің
клеткаларымен жанасып отырады.
10.
Форникальды веналар өте жұқа жәнезақымдалады, сондықтан, венаның қабырғалары
зақымдалған кезде инфекциялар тамырлар жағынан
да, түбекшелердің форникальды бөлігі жағынан да, өте
бастайды. Бірақ, микробтардың түсіп қана қоюы
пиелонефрит емес. Ол үшін несептің іркілісі, яғни
уродинамиканың бұзылуы қажет.
Уростаздың себептеріне – табақшалардың
алқымының дискинезиясы, мойынның тарылуы,
түбекшелердегі тас, қосымша тамырдың болуы, несеп
жолының тасы, несеп жолын басып жатқан ісік, несеп
жолының ахалазиясы, қуық дивертикулы, уретроцеле,
ішектің, қуықтың аневрозы, қуық түбі безінің туа болған
аурулары, үрпі каналының құрылысы, несеп жолының
құрылысы, үрпі каналының сыртқы тесігінің тарылуы,
фимоз және т.б. жатады.
11.
-Бұнда рефлюкстің маңызы үлкен. Рефлюкс дегеніміз –
несеп жолы жүйесінің тонусының нервтік реттеуінің әсерінен
немесе анатомиялық мүкістіктерінің әсерінен несептің кейін
түсуі (қайтуы). Кедергі болған кезде пиеловенозды және
пиелолимфатикалы рефлюкстер пайда болады да, микробты
денелер, түбекшедегі қысым көтерілгендіктен, форникальды
бөліктен, оған жақын орналасқан веналар мен лимфа
тамырларына түседі. Микробтар әуелі уротелий арқылы
табақшаларға, сосын табақшалардан интерстиций
(форникальды рефлюкс) немесе өзекшелер /тубулярлы
рефлюкс/ арқылы бүйректің дәнекер ткандеріне өтеді
ВУР нәтижесінде пайда болған Рефлюкс- нефропатия
сипатталады:
фокальды склероздың қалыптасуы;
тубулоинтерстициальды функциясының тұрақты бұзылуы;
тұрақты протеинурия;
гломерлярлы үзілудің бұзылуы;
болашақта артериялық гипертензия дамып, созылмалы бүйрек
жетіспеушілігінің даму мүмкіндігі жоғары болады.
12. Пиелонефриттің патогенезінің звеноларына төмендегілерді жатқызуға болады:
1. Бактериурия2. Жергілікті және жалпы имунитеттің бұзылуы
3. Бүйректегі гемодинамиканың бұзылуы
4. Уростаз, яғни уродинамиканың бұзылуы
5. Рефлюкс, ол ацидоздың, эксикоздың, анемияның дамуына
әсерін тигізеді, ал олар бүйректің зақымдануының
экстраренальды белгілері болып есептелінеді.
13. Инфекцияның уриногендік тарауы қуықтық-несепағарлық рефлюксте жиірек болады және бұл рефлюкс везико-уретралды рефлюкс(ВУР) деп те атайды.
Инфекцияның уриногендік тарауы қуықтықнесепағарлық рефлюксте жиірек болады және бұлрефлюкс везико-уретралды рефлюкс(ВУР) деп те
атайды. Оның 5 дәрежесі бар.
І. дәреже
Цистографияда контраст тек несепағарға
түседі.
ІІ. дәреже Контраст сырт пішіні бүлінбеген несепағарды,
астауша мен тостағаншаны толтырады.
ІІІ.
дәреже
Несепағар мен астауша кеңейген,
тостағаншалардың суреті айқын емес.
ІV. дәреже Несепағар, астауша, тостағанша біршама
кеңейген не айналған, суреттерінде тікше
бұрыштары жойылған.
V. дәреже Несепағар, астауша, тостағанша өте кеңіп,
бұрылған.
14. Пиелонефриттің жіктелуі. (Мәскеу, 1980ж)
Пиелонефрит түрлері
Аурудың
белсенділігі
Бүйрек қызметі
Біріншілік
1. Белсенді кезең
(обструктивсіз) 2. Симптомдардың кері
даму кезеңі
3. Толық клиниколабораторлы
ремиссия
1. Бүйрек қызметі
сақталған
2. Бүйрек қызметі
бұзылған
Екіншілік
(обструкивті)
1. Бүйрек қызметі
сақталған
2. Бүйрек қызметі
бұзылған
3. Созылмалы
бүйрек
жетіспеушілігі
1. Белсенді кезең
2. Жартылай клиниколабораторлы
ремиссия
3. Толық клиниколабораторлы
ремиссия
15. Клиникалық көрінісі 5 негізгі синдромдардан тұрады:
I. ИнтоксикацияII. Су электролиттік бұзылыстар
III.Ауырсыну синдромы
IV.Зәр шығарудың бұзылыстары
V. Зәрлік және бүйректік синдром
16. 1. Интоксикация белгілері:
Біріншілік пиелонефритте дене қызуысубфебрильді, екіншілікте фебрильді болады.
Қызбаның деңгейі инфекцияның қасиетіне
байланысты.
• Терінің бозаруы, көгергіш тартуы, тәбеттің
төмендеуі;
• Шаршағыштық, лоқсу, құсу;
• Мазасыздық, ұйқының бұзылуы, диспепсия,
тырысулар;
17. 2. Су-электролиттік бұзылыстар белгілері:
• Шөлдеу, сусынға аурудың шөлі тез қанбайды;• Ісіну (беттің, көз айналасының, қабақтыңасты
және үстінің, жіліншік аймағының), көбіне
таңертеңгі уақытта білінеді;
• Диурез кемуі;
• Қанның А/Қ жоғарылауы(біртіндеп)
Бүйректік гипертензия аурудың
прогриссирленгенін білдіреді.
18. 3. Ауырсыну синдромы
• Бріншілік ПН байқалатын интенсивтіауырсыну ісінудегі гемо- және
уродинамиканың бұзылуына байланысты
болады;
• Кездейсоқ ауырсыну,(гидронефроз,
мегауретер) б.е спазмында туындайды;
• Қозғалысқа туындайтын ауырсыну,
бүйректік несепағарлық рефлюкстерде
көрінеді;
• Ауырсыну іш аймағында болады.
19. 4. Зәр шығаруының бұзылыстарының белгілері:
• Дизуриялық жағдайлар(поллакиурия, зәршыққанда уретра аймағының ашуы, никтурия).
ПН аурулардың сыртқы пішіндерінің
дизэмбриогенездік стигмалар жиі кездеседі.
Олар:
1. Сыртқы құлақтың ақаулары
2. Туа біткен кіндік жарығы, макроглассия
3. Сүйек дисплазиясы
4. Сүйектің рахит тәріздес өзгерістері
5. Жақ-бет аумағының дамуының ақаулары
6. Жүрек ақаулары
20. 5. Зәрлік және бүйректік синдром:
Протеинурия (1%-ге дейін)
Нейтрофильдік лейкоцитурия
Микрогематурия
Эпителий мен тұздардың көбеюі
Тәуліктік зәр ↑
Зәр тығыздығы ↓
21. ПН диагнозын қою үшін:
1.2.
3.
4.
5.
Клиникалық тексеру
Зәрдің жалпы анализі
Қанның жалпы және биохимиялық анализі
Бактериурияны анықтау
Зимницкий сынамасы, тұздардың тәуліктік
экскрециясын анықтау
6. УДТ
7. Цистоуретраграфия және экскреторлы
урография
8. Рентгенологиялық зерттеу
22. Рентгенологиялық зерттеу
Бастапқы
белгілер:
Соңғы
кездегі
бұзылыс
тар:
• Тостаған-астауша жүйесінің спазмы
• Форникстің қалыңдауы
• Астауша мен тостағаншаның деформациясы
Бүйрек көлеңкесінің ұлғаюы, тостағанша
арасының алшақтауы
Зәр шығару жүйесінің гипотониясы
Пиелотубулярлы рефлюкс
Қуықта тастың болуы
23. Диффузды гломерулонефрит пен пиелонефриттің ажырату диагнозы
24.
Ең қиыны зәр шығару жолдарының инфекциясынан(ЗШЖИ) ажырату болып келеді.
ЗШЖИ- бүйректен тыс зәр шығару жолдары
ның, деңгейін дәлдемей, инфекциялық-қабыну процессін
қамтиды.
ЗШЖИ мен пиелонефриттегі зәрлік синдромның
айтарлықтай айырмашалығы жоқ, дегенмен ЗШЖИ-де
пиелонефриттке қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар:
• ересек балаларда ауырсыну қасаға үстінде орналасады;
• дизуриялық белгілер сипатталады:
- зәр шығаруға императивті сезімдер;
- аз мөлшерлі жиі зәр шығару (поллакиуриямен);
- зәр шығарғанда ауырсыну, ерте жастағы балаларда оның
эквиваленті болып зәр шығару кезінде мазасыздану немесе
жылау, кейде зәрін ұстай алмау болып келеді.
• бүйрек функциясының бұзылу белгілерінің, әсіресе тұрақты
түтікшелер функциясының бұзылуларының (Зимницкий,
Реберг сынамалары бойынша) болмауы.
25. Емі:
1.2.
3.
Төсектік режим
Диета: - белок(1,5г/кг) –тұз(2-3г/тәул) тежеледі.
Антибактериалды ем:
• «Қорғалған» пенициллиндер [амоксициллин+клавуланды
қышқыл (мысалы, амоксиклав, агументин), ампициллин +
сульбактам (мысалы, уназин)]:
• Цефалоспориндердің ІІ ұрпақтары (цефураксим және
басқалар).
• Цефалоспориндердің ІІІ ұрпақтары (цефотаксим жҽне
басқалар).
• Аминогликозидтер (амикацин және басқалар).
4. Мембрана стабилизирлеуші заттар:
– Карсил, лимон қышқылы, эссенциале.
5. Симптоматикалық дәрілер:
– Спазмолитиктер.
6. Физиотерапия
26.
Препарат атауы1. Фуразолидон,
Қолдаушы
антибактериа
фуразолин,
лды терапия
2. невиграмон,
неграм
Рецидивке
қарсы
дубльдеуші
жоба
Дозасы
Тәулігіне 5-7
мг\кг
50-60 мг\кг
тәулігіне
3. нитроксилин
8-10 мг\кг 4 рет
1. Нитроксолин
2мг/кг
2. сульфометакозо
л
2-10мг/кг
27. Асқынулары:
1. Апостематоздық нефрит(бүйректегіабцесстер)
2. Паранефрит
3. Қан кетумен көрінетін бүйрек
емізікшелерінің некрозы
4. СБЖ әкелетін нефрогендік гипертония
28. Қорытынды:
Стационардан кейін жедел пиелонефриттеантибиотиктердің 2 апталық циклі жүргізіледі. Жедел
пиелонефритте антибиотиктерді 3-6 ай бойына үздіксіз
тағайындаса, созылмалы пиелонефритте 6-12 айға, ал
кейбір жағдайларда 2 жыл бойына тағайындау керек. Көбіне
химиопрепараттар физиотерапиямен кезек жүргізіледі.
6-9 ай бойына әрбір ай сайын 10 күннен үзіп
жүргізілетін антибиотиктік емнің түрі бар.
Амбулаториялық ем 3-5 жыл бойына жүргізілуі
керек. Антибиотиксіз, толық клиникалық ремиссия 3
жылдан артық болса, есептен шығаруға болады. Бұл
кезеңдерде профилактикалық вакцинацияларды жүргізуге
болмайды
29. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Баймұханбетова Б.Н. Садвакасова М.А. Балаларауруларының пропедевтикасы мен балаларда жиі
кездесетін аурулар(2 басылым).. 2012ж
2. Түсіпқалиев Б. Балалар аурулары. МЖОО
стоматология факультетінің студенттеріне
арналған Оқулық. Ақтөбе. 2013ж
3. Асқамбай К. Балалар аурулары. Оқулық-Алматы.
2011ж
4. http://www.lvrach.ru/2002/11/4529820/