576.91K

Басқару процесіндегі ерікжігердің орны

1.

Басқару
процесіндегі ерікжігердің орны
Орындаған: Султанахметова Н,Кеншімбаева
Н,Қанатқызы Э,Жолтай Г, Файзуллаева Д,
Амандық А
Тобы: МБЛ-211
Қабылдаған: Торыбаева Ж

2.

Жоспары
01
02
03
Ерік туралы
жалпы түсінік.
Материалистік
ұғым бойынша ерік
Еріктің физиологиялық
негіздері.
04
Еріктік әрекеттер.
05
Ерік
сапалары.

3.

Ерік психикалық процесс ретінде адамның өз мінез-құлқы
мен іс-әрекетін саналы реттеу сапасы ретінде
анықталады. Ол мақсатқа жету кезіндегі қиындықтарды
жеңуді қамтамасыз етеді. Оны сипаттау кезінде еріктік
акт, еріктік күш және тұлғаның еріктік қасиеттері сияқты
ұғымдар басты мәнге ие болады. Алдыңа қойған мақсатқа
жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді,
адамда туатын күштің арқасында жеңіп өтудегі
психологиялық процесс – ерік деп аталады.

4.

Материалистік ұғым бойынша ерікті материядан-мидан бӛліп алу мүмкін
емес. Ерік адамның танымдық және практикалық әрекетінде көрініп, соларды
жүзеге асырудан тұрады. Адамның ерікті әрекетін жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:
3
1
мақсатқа жету жол жолында
қайраткерлік, ерлік,
табандылық көрсету,
қиыншылықтан жол табу,
тәсілқой болу т. б.
алға тұтқан
мақсатты
орындау;
2
жолда
ұшырайтын
кедергі,
бөгеттерді
жеңуі;
4
Қиындықтарға
Day 4
қарсы тұрып,
үрейленбеу,
қорықпау т. б.
Осы шарттарды орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті,
қажыр-қайрат бар кісі деп айтуға болады.

5.

Еріктің
физиологиялық
негіздері
Ерік әрекетінің физиологиялық негізі, өткен
тәжірибенің нәтижесінде ми қыртысында
бұрын құралған нерв байланысының екінші
сигнал жүйесі толады. Ерік іс-әрекет жасау
қарсаңында осы жүйелер қозғалысқа келеді,
сөйтіп, шамалы күш жұмсауға мүмкіндік береді,
сондықтан адам – теледидар өте қызықты
нәрсе беріп жатса да, оны көрмей, өзін жұмыс
істеуге мәжбүр етеді.

6.

Еріктік әрекеттер
Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын
әрекет қылықтардан көрініп отырады. Бірақ жүру, көбейту кестесі
көлеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс адамдармен сөйлесу тағы сол
сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Еріктік
әрекеттер максаттың және сол сиякты, оларды орындау барысында
кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен сипатталады.
Еріктік әрекеттер қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайымы мақсат қою және орындау деген буыннан тұрады.
Оларда бір буыннан соң екінші буын аралық буынсыз келіп отырады.

7.

Күрделі еріктік әрекетте
мақсатты аңғару, жоспарлау және орындау деген үш буыннан
тұрады.
жоспарлау
мақсатты аңғару
Күрделі ерік әрекетінде
шешім қабылдаудан соң
қойылған
міндетке жету жолдарын
жоспарлау басталады.
орындау
Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен,
адам қабылданған
шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі.
Белгіленген мақсаттың жүзеге асуы
кедергілерді игерумен ұштаса жүреді.
Оларды зат, материалдық процестер,
адам, уақыт, кеңістік туғызады

8.

Ерік сапалары
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан алуан.
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе
алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т.б.);
Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке
мүддені
ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік
сапалары);
Үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары
жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т, б.).

9.

Тоқтамға келгіштік. Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиынқыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға
қабілетінің болуы.Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды.
Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет.
Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын аңықтаудың
шапшаңдығы мен ақылға сайлылығынан кӛрінетін жеке адамның
еріктік қасиеттері батылдық деп аталады
Табандылық. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір
мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін
жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды.

10.

Ұстамдылық.Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан,
орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.
Тәртіптілік пен жинақылық. Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл
қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу
қабілеті.
Дербестілік. Бұл ерік-жігері күшті адам, кім болса соның айтқанына жүре
бермейді. Ол өзінше ойлайтын, өздігінен әрекет ететін кісі. Басқалардың
айтқанын, істегенін қайталамай, соларға жай ілесе бермей, әр нәрсеге сын
көзбен қарап,өз қатесін кезінде біліп, түзетіп отыратын адамның тамаша
сипаты.
Шыдамдылық. Адам өзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың
көптігіне, не болмаса өзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына
қарамастан алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш
уақытта бас тартып қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан
қашпай шыдамдылық көрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей
тынбауын айтамыз.

11.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.
2.
3.
Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2010, - 185 бет
https://allrefrs.ru/3-50839.html
https://surak.baribar.kz/679999/

12.

Назарларыңызға
рақмет!
English     Русский Правила