Тақырып 4: Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы  
Әдебиеттер
Ерік - адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті
Ерік сапалары мен амалдарын талдау
Ерік сапалары:
Шешім қабылдау – бұл белгілі бір мәселені шешу үшін ең тиімді әрекет бағытын таңдау процесі. Ол адамның ойлау, талдау, бағалау
Таңдау мәселесі – бұл бірнеше мүмкін нұсқаның ішінен ең жақсысын анықтау қажеттілігі
Стресс-менеджмент - бұл стрессті жеңудің көмекші әдісі, оны кез келген өмірлік жағдайларда басқару мүмкіндігі. Көптеген табысты
Стресс — бұл адамның ағзасы мен психикасының сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге (факторларға) жауап реакциясы
Назарларыңызға рақмет! Сұрақтарыңыз / пікірлеріңіз / ұсыныстарыңыз ? e-mail: gulmira.beysenbekova@mail.ru
1.97M

Тема 4

1. Тақырып 4: Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы  

Тақырып 4: Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы
1.Психологиядағы ерік түсінігі.
2.Ерікті актінің құрылымы.
Жоспар
3.Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.
4.Ерік және тұлға.
5.Тұлғаның
өзін-өзі
реттеу
психологиясы
(стресс менеджмент).
6. Өзін-өзі бақылау.
7.Стресс түсінігі.
8.Стресс түрлері.
9.Стресстің даму кезеңдері.
10.Стресстің белгілері.
11.Стресске жауап берудің жеке стилдері.
12.Стресске тұрақтылық түсінігі.

2. Әдебиеттер

Негізгі
1. Жақыпов С. Жалпы психология негіздері. Оқулық –
Алматы: Алла прима, 2012. - 203 б.
2. Шульц Д. Қазіргі психология тарихы = A History оf
Modern Psychology: монография / Д. Шульц, С.Э.
Шульц; ауд. Б. Қ. Ақын және т.б. - 11- бас. - Астана:
"Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 447 б.
3. Жалпы психология: оқу құралы / Ә. Алдамұратов, Қ.
Рақымбеков, М. Бапаева, Г. Нығыметова, Ж.
Түрікпенов. - Алматы: Нур-Принт, 2020. - 236 б.
Қосымша
Қосымша:
1. Әбеуова И.Ә., Бапаева М.Қ., Бапаева С.Т. Тұлға
психологиясы: Оқулық. -Алматы, 2020
2.
Алдамұратов,
Ә.
Жалпы
психология
[Электрондық ресурс] : оқу құралы / Ә
Алдамұратов. - Алматы : Білім, 1996. - 224 б.
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология негіздері. –
Алматы,
2005
//
Psihologiya
negizderi
Zharykbaev.pdf

3. Ерік - адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті

Ерік пайда болу үшін ең алдымен себеп, түрткілер болу керек. Адам
алдына мақсат қояды. Сол мақсатты жүзеге асыру үшін әр түрлі әрекеттер
жасайды. Мақсатты жүзеге асыруда адамда пайда болатын бір көмескілеу
түрткілер пайда болады. Оны психологияда тілек деп атайды.
Ерікті қозғалыстарда орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде
сыртқа шығуы

4.

Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін ішкі немесе сыртқы
кедергілерді, адамда туатын күштің арқасында жеңіп өтудегі
психологиялық процесс - ерік деп аталынып жүр.
Адамның жеңіп өтетін сыртқы кедергілері деп - сол істің
өзінің объективтік қиындықтарын оның күрделілігін, әр
қилы бөгеттерді, басқа адамдардың қарсылықтарын, жұмыс
жағдайындағы қиыншылықтарды т.б. есептейді.
Ішкі кедергілер - бұлар адам өзіне жұмыс істету қиынға
соғатын, жалқаулық, шаршап-шалдыққандық, алдында
тұрған міндетке ешқандай қатысы жоқ басқа бірдеңелермен
шұғылдануға құштарлық ететін, белгіленген мәселелерді
орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен
туатын кедергілер. Ішкі кедергіге құштарлық, тілек сияқты
жат әдеттер жатады. Адамдар олардан ерік күшінің
арқасында құтылады.

5. Ерік сапалары мен амалдарын талдау

Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді
жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т.б.).
Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке
мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда
көрінетін ерік сапалары).
Үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын
сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік,
жинақылық т. б.).

6.

7. Ерік сапалары:

Тоқтамға келгіштік.Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп,
оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.
Батылдық - жеке адам еркінің жоғары дәрежеде екендігін көрсететін қасиет. Батылдық қабылданған шешімді
жүзеге асыру барысында айқын көрінеді.
Табандылық. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен
көрінетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды.
Ұстамдылық. Адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу
қабілеті.
Тәртіптілік пен жинақылық. Адамның өз қимыл қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына
бағындыра алу қабілеті.
Ерлік. Алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы
жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет.
Дербестілік. Бұл ерік-жігері күшті адам, кім болса соның айтқанына жүре бермейді. Ол өзінше ойлайтын,
өздігінен әрекет ететін кісі. Басқалардың айтқанын, істегенін қайталамай, соларға жай ілесе бермей, әр нәрсеге
сын көзбен қарап, өз қатесін кезінде біліп, түзетіп отыратын адамның тамаша сипаты.
Шыдамдылық. Адам өзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың көптігіне, не болмаса өзінің әрекетінің,
жұмысының сәтсіз болуына қарамастан алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас
тартып қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық көрсетіп, қайткен күнде де
мақсатына жетпей тынбауын айтамыз.

8. Шешім қабылдау – бұл белгілі бір мәселені шешу үшін ең тиімді әрекет бағытын таңдау процесі. Ол адамның ойлау, талдау, бағалау

және болжам жасау қабілеттеріне негізделеді.
Шешім түрлері
Жеке шешім -
Бір адамның өз атынан қабылдауы.
Ұжымдық шешім -
Бірнеше адамның пікірталас, келісім арқылы ортақ шешімге
келуі.
Рационалды шешім
- Деректер мен
қабылданады.
Интуитивті шешім-
Тәжірибе мен ішкі сезімге сүйеніп қабылданады.
Стратегиялық шешім
- Ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталған.
Тактикалық шешім
- Қысқа мерзімді, нақты міндеттерге арналған.
логикаға
сүйеніп,
дәлелді
түрде

9. Таңдау мәселесі – бұл бірнеше мүмкін нұсқаның ішінен ең жақсысын анықтау қажеттілігі

Таңдау кезінде ескерілетін факторлар:
Мақсаттар мен басымдықтар;
Ресурстардың шектеулілігі (уақыт, ақша, энергия);
Құндылықтар мен моральдық ұстанымдар;
Қауіп-қатер мен белгісіздік деңгейі;
Сыртқы жағдайлар мен салдарлар.

10. Стресс-менеджмент - бұл стрессті жеңудің көмекші әдісі, оны кез келген өмірлік жағдайларда басқару мүмкіндігі. Көптеген табысты

адамдарда стрессті басқару дағдылары
бар.
Стресс-менеджмент екі негізгі бағытты қамтиды: эмоцияны басқару
әдістерімен байланысты қысқа мерзімді стрессті басқару және
эмоционалды құзыреттілікті дамытуға, қисынсыз сенімдер жүйесін
өзгертуге және оң көзқарасты қалыптастыруға негізделген ұзақ мерзімді
(немесе стратегиялық) стрессті басқару.

11. Стресс — бұл адамның ағзасы мен психикасының сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге (факторларға) жауап реакциясы

Сельенің пікірінше, стресс — бұл міндетті түрде
жағымсыз құбылыс емес.
Ол позитивті (эустресс) және негативті (дистресс) болып
бөлінеді:
Эустресс – адамды әрекетке ынталандыратын, күш
беретін оң стресс.
"Стресс" ұғымын ғылымға алғаш
енгізген канадалық физиолог Ганс
Селье. Ол стресс деп ағзаның кез
келген сыртқы әсерге бейімделу
реакциясын атаған.
Дистресс – адамның психикалық және физикалық
қажуына әкелетін зиянды стресс.

12.

Стресстің белгілері – адам ағзасы мен психикасының стресс факторына реакциясын көрсететін сыртқы және
ішкі көріністер. Белгілер бірнеше топқа бөлінеді:
1. Физиологиялық белгілер
Жүрек соғысының жиілдеуі, қан қысымының көтерілуі;
Тыныстың жиілеуі, ентігу;
Бас ауруы, бұлшық ет кернеуі;
Ұйқының бұзылуы, шаршау;
Ас қорыту жүйесінің бұзылуы (іш қату, іштің бұрылуы).
2. Психологиялық белгілер
Алаңдаушылық, қобалжу;
Көңіл-күйдің жиі өзгеруі, ашулану;
Шешім қабылдауда қиындық;
Өз-өзіне сенімнің төмендеуі;
Негативті ойлар мен мазасыздық.
3. Әлеуметтік белгілер
Қарым-қатынастың бұзылуы (адамдардан алыстап кету);
Жұмысқа немесе оқуға қызығудың төмендеуі;
Мінез-құлықтағы агрессия немесе төзімсіздік.

13. Назарларыңызға рақмет! Сұрақтарыңыз / пікірлеріңіз / ұсыныстарыңыз ? e-mail: gulmira.beysenbekova@mail.ru

English     Русский Правила