2.24M
Категория: ПедагогикаПедагогика

Даярлық тобы балаларының мектепке дайындығын жетілдіру

1.

«Даярлық тобы балаларының
мектепке дайындығын жетілдіру »
Педагогика және психология мамандығы
2 курс магистранты Рсалы Г.М.
Ғылыми жетекші п.ғ.к., профессор Сламбекова Т.С.

2.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Даярлық тобы балаларының мектепке дайындығын жетілдірудің
теориялық негіздерін айқындау.
1.1. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі балалардың мектепке
дайындық мәселесінің көрінісі.
1.2. Даярлық тобы балаларының мектепке дайындық процесінің
ерекшеліктері.
1.3. 5 және 6 жастағы балалардың мектепке дайындық деңгейі.
2. Даярлық тобы балаларының мектепке дайындығын жетілдірудің
тәжірибелік – эксперимент нәтижесі.
2.1. Балалардың мектепте оқуға дайындық дәрежесін зерттеу.
2.2. Даярлық тобы балаларының мектепке дайындығын жетілдіру
жолдары.
2.3. Даярлық тобы балаларының мектепке дайындығын жетілдіру
экспериментінің нәтижесі.

3.

Зерттеудің өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балаларды
толыққанды дамыту – қимыл белсенділігіне жағдай жасау, жағымды
қарым-қатынас орнату және дамытушы ортаны ұйымдастыру
арқылы қамтамасыз етілетін баланың физикалық, психологиялық,
әлеуметтік, эмоционалдық денсаулығы мен қауіпсіздігі болып
табылады.
Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2020 жылғы 27
мамырдағы үшінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 наурыздағы
№137 қаулысымен Мектепке дейінгі тәрбие меноқытуды дамыту
моделі бекітілді[1].

4.

Бүгінгі күні жаңа Моделді іске асыру шеңберінде Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348
бұйрығымен Мектепкедейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты [2], Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығымен Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары [3] және Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422
бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) [4] мазмұны қайта
қаралып бекітілді.
Бұл мәселенің өзектілігі, бірінші сыныпқа барған оқушы жүйелі оқу
жағдайларында, оқу материалын меңгеруде, тәртіптің қажетті деңгейін
ұстауда және т.б. белгілі қиындықтарға тап болады. Бұл баланың
мектепке дайындығын қамтамасыз ету үшін оны бастауыш мектепте
оқуға дайындау үшін арнайы жүйе қажеттігін білдіреді.

5.

Балалардың мектепке дайындық мәселелерін зерттеген ғалымдар
Отандық ғалымдар:
С.Балаубаев, Ш.Әлжанов, Қ.Жарықбаев, Н.Құлжанова т.б.
Шетелдік ғалымдар:
Л.А. Венгер, А.Анастази, Б.Г. Ананьев, Л. И. Божович , С.Л. Рубинштейн, және т.б.

6.

Зерттеудің мақсаты: даярлық тобы балаларының мектепке
дайындығын жетілдіруді теориялық негіздеп, оның әдістемесін
жасау және оның тиімділігін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, даярлық тобы
балаларының мектепке дайындығын жетілдірудің теориялық
негіздері айқындалып, оны жүзеге асыратын әдістеме
дайындалса, онда мектепке дейінгі білім беру мекемесінде
даярлық тобы балаларының мектепке дайындық белсенділігі
артады.

7.

Зерттеу міндеттері:
1. Даярлық тобы балаларының мектепке дайындығын
жетілдірудің теориялық негіздерін айқындау;
2. Даярлық тобы балаларының мектепке дайындық процесінің
ерекшеліктерін анықтау;
3. 5 және 6 жастағы балалардың мектепке дайындық деңгейін
салыстырмалы талдау.

8.

Зерттеу жұмысында қолданылатын әдістемелер
1.Керн-Йирасектің баланың мектепке дайындығын анықтау тесті.
2. И. Гуткинаның «Оқушының ішкі позициясын" анықтау сауалнамасы.
3. Д. Б. Элькониннің «графикалық диктант" әдісі.
English     Русский Правила