817.40K
Категория: ПсихологияПсихология

Жиренше шешен - қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аңызға айналған ділмәр шешені

1.

• Жиренше шешен –
қазақтың
ақыл-парасатымен,
тапқырлығымен аңызға
айналған ділмәр шешені
білім алушы аты жөні:Джумабаева Асель
оқу тобы: ю-21-3

2.

Ханның серігі
Жиренше шешеннің туған жылы туралы нақты мәлімет
жоқ. Аңыз-әңгімелерге сәйкес, ол әз Жәнібек ханның
тұсында (XIV-XV) өмір сүрген. Бірақ тарихи шығармаларда
ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек
кездеспейді.
Халық аңыздары бойынша Жиренше шешен кедей адам
болған. Оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан
ретінде суреттеледі. Ел жадында Жиреншеге қатысты
аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Соның басым
бөлігі 15-16 ғасырлардан басталатын халық шығармасына
немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өзгертуінен
өткен ортақ мұраға айналып кеткен.
2

3.

Бір аңызда аң аулап жүрген Жәнібек жігіт кезінде 7-8 жасар шамасындағы
аққұбаша жетім баланы кездестіреді. Оны үйіне әкеліп, жуындырып өзіне серік
етіп алады. Аққұбаша бала өсе келе, сол Әз Жәнібек ханның би-шешені болып
кетеді. Халық аузында да, тарихи шежірелерде де екеуінің есімі қатар аталып
отырады. Дегенмен, Жиренше шешен туралы әңгімелерді үш топқа бөледі.
3

4.

Жиренше шешен жайлы қызықты әңгімелер
1.Жәнібек ханның уәзірі,
Week
1 және досы.
ақылшысы
Ол жерде Жиренше
шешен Қазақ хандығын
құруға белсене
атсалысады.
2.әлеуметтік теңсіздікке
қарсы күресуші.
Мұнда ол
Week
2
ханды әшкерелеуші,
ханның зорлығына өзінің
ақыл-парасатын қарсы
қоюшы, тапқыр ақыл иесі
ретінде бейнеленеді.
3.Жиренше шешеннің
Week
көпшілік3арасындағы
күнделікті
қақтығыстарда
айтатын тапқыр
әзіл-қалжың сөздері.
4

5.

Жиренше шешен
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне:
«Дүниеде не өлмейді?» — деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір
ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
5

6.

Жиреншенің айтқаны
Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып
келген екен. Сонда хан Жиреншеге:
— Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін
мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші, — депті.
Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып, әуелі қаздың басын кесіп алып:
— Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сіз тұрғанда кім жейді? — деп,
басты ханға беріпті. Екі аяғын кесіп алып, екі ханзадаға: «Сіздер атаңыздың ізін басып, хан
боларсыздар»,— деп, екі ханзадаға береді. Екі қанатын кесіп алып: «Сіздер жатжұртқа
барсаңыздар, осы екі қанатпен ұшып барарсыздар», —деп, екі қанатын екі қаныкейге береді.
Қаздың көт жағын кесіп, бәйбішеге: «Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз, бұл — қаздың жаясы.
Бұл жаяны сіз тұрғанда, кім жейді?» — деп, ханымға береді.
— Мен бас жейтін хан емеспін, жая жейтін ханым емеспін, аяқ жейтін ханзада емеспін, қанат
алатын қаныкей емеспін, маған қаздың ортасы да жарайды, — деп, қаздың бар етін алып,
үйіне жүріп кетіпті.
6

7.

Zoho Show
Study Guide - Chapter Review.pdf
(Этот файл PDF сгенерирован в Zoho Show)
Загрузите Zoho Show из Play Store https://zoho.to/cy7 для создания привлекательных презентаций
English     Русский Правила