Похожие презентации:
Қазыбек би
1.
Қаз дауысты Қазыбек биОРЫНДАҒАН: АБДУЛЛА МЕРУЕРТ
2.
Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқыныңXVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің
бірі, көрнекті қоғам және мемлекет
қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының
қаракесек руына кіретін болатқожа
атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр
бойында дүниеге келген. Арғы аталары
Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек –
есімдері елге белгілі әділ билер болған.
3.
Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәттежасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп
отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке
жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты
4.
Ертеде ас беріліп ат жарыс болып жатқан да бір ат баска аттардың озыпкеледі.Тойханада жүрген бір жігіт мынау менің тай күнімде жоғалтқан
жылқысы деп оның шылауына орала кетеді,бәйгеге қосып турган адам
өзімнің қала биемнен туған атым деп женыстык бермейды.Сонда
Қазыбек қандай дәлелдерің бар айтып көріңдерші дит.Сонда атты
бәйгеге қосқан кісі енесін бір көрсем одан туған төлді дәл айта аламын
дейді .Тай кунынде жоғалттым деген жігіт мал бағып өскен қазақпызғой
енесыне қарап төлін,төліне қарап енесін айнытпай табамын деп
айтады.Анау турган қозы лактар екеуің қозы әкеліңдер дейді .Сосын
екеуын осы екы козының енесын тауып әкеліңдер деп айтады.Қозыны
енесіне салыңдар диды Қазыбек .Ат қосудан жыгыт қозысын енесыне
салса қозы да қашып саулығы алмайды,кышкентай кезынде жоғалттым
деген жыгыт иыскылеп орнында тура калады.Осылай Қазыбек дөп,әділ
шешім шығаратын би бола бастаған
5.
Қаз дауысты Қазыбек бидің толғаулары, нақыл сөздері, өмірдегі сыйластық,татулық, қадір-қасиет, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға
арналған. Мысалы, «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сұраққа
Қазыбек би аса тапқырлықпен былай жауап берген екен:Тату болса,
ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асын –.
Ұят пенен ар қымбат,
Қимас жақын қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
6.
Қазыбек бидің шешендік сөздері бата, тілек түрінде де келеді. Мысалы,Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер
басыңа.
Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!