270.77K
Категория: КулинарияКулинария

Билердің шешендігі

1.

Билердің
шешендігі
Орындаған: Жорабек Нұрсұлтанбек Нұрланұлы
Тексерген : Исаева Жанат
Тобы: Ю-21-3

2.

Төребай Пышанұлы (1848-1911) Сыр
бойы, Қармақшы өңіріндегі "Бекет", "Ақши" аралығында
көшіп-қонып жүрген елдер ішінде туып,
ержеткен қазақтың шешен биі.
Төребай бидің шыққан тегі Кіші жүздің Қараманақ Төртқарасы. Одан бірер ата өткен соң Бозғыл. Бозғылдан Қарақожа ұрпағы Қаратамыр. Тағы біраз атадан
кейін Тәттімбет, одан Ерназар, Ерназардан Айтілек,
Жантілес, Айтуар, Күнтуар би, Сары, Байбол, Ізбасар,
Темір би тарайды. Күнтуар биден Тұяқ би, Мұрат би. Мұрат
биден Пышан батыр, Ағытай би, Пышан батырдан Төребай
би туыпты. Ал Қызылорда облысына қарасты Тереңөзек
ауданы әкімінің орынбасары Тынышбек Дайрабаев бізге
жолдаған хатында: Кіші жүздің қаракесегінен Шөмекей,
одан Бозғыл, одан Қаратамыр, Былғақ, Былғақтан Ерназар,
Күнтуар - Мұрат - Пышан. Пышаннан - Төребай деп
таратады. Төребайдың ел арасында Алмат, Самұратқа,
Қалданға айтқан шешен тапқыр сөздері мол таралған.

3.

Төребай шешен бір күні арнайы адам жұмсап Оңғар
Дырқайұлын, Жиембай Дүзменбетұлын, Тұрымбет
Салқымбайұлын шақыртып алады. Бұлар халықтың елге
танымал боп келе жатқан жыраулары еді. Оңғар мен
Жиембай хат танымайды, ал Тұрымбет арабша шала
сауатты кісі еді.
Төребайдын жырауларды шақыртқандағы мәнісі: екі
ағайынды туысқан ел болыстық пен ауылнайлыққа таласып,
бірімен біріні араздасқандарына үш жыл болған көрінеді.
Арада барымта, ұрыс-жанжал да кездескен. Бұл жай
Төребайдай ел ағасын ашындырады. Ашынған би алденеше
барып билік айтса да, әлгілер тоқтамаған. Міне, Төребай би
осы жайды үш жырауға баяндайды. Жыраулар би сөзін
үнсіз тыңдайды. Биедейі сынап отыр. Жыраулардың ен
үлкені Оңғар, ең кішісі Тұрымбет екен. Жаста болса сөзге
жүйрік, өте елгезек еді ол. Сөз басы жасы үлкен Оңғар
жырауға тиеді. Оңғар жырау айтыпты:

4.

О, жаксылар, өтіңдер,
Әр тарапты ойланып.
Өмір деген шоп-шолак,
Ойласаңдар ойға алып.
Біреу жарлы, біреу бай,
Өткен жоқ ешкім бір
қалып.
Бақытты, біреу бақытсыз,
Жүрмін деме құр қалып.
Соңына еріп жастықтың,
Ертеңге ойды бұрмалық.
Еркің бар етсең ерлерім,
Атымтайдай мырзалық.
Аз өмірдің ішінде,
Болмашыға таласып,
Ретсіз етпе қызбалық,
Пендеге нелер кездеспес,
Көргеніңнің бәріне,
Еткенің мақұл ырзалық.
Ер - шаңырақ, ел - уық,
Үстемдік етпе сұрланып.
Көп - құдайдың бір аты,
Сыртыңнан сынап
жүр халық.
Шөлдететін мезгілсіз,
Жемейік ерлер тұз балық.
Әркім кетіп бетімен,
Халықтын гұрпын
бұзбалық.
Жиембай жырау айтыпты:
Анық болса әділдік,
Ағайын тұрар қорғанып.
Елім теңіз шалқыған,
Жарайды етсем жорғалық.
Қайыршы да күн көрген,
Қолына түрлі дорба алып.
Бастағы бақсаң бақытты,
Жақсы көріп достарың,
Сыртыңнан жүрер куанып.
Әуелден жанды жаратты,
Бір-біріне дос етіп.
Дұшпандық етпе ұрланып.
Жамандық жанға ойлама,
Жамандық етсең үлестен,
Жүрерсіңдер құр қалып.
Елемей елдің өсиетін,
Жүрген көп сөніп, бір жанып.
Жұртқа болса сенімің,
Жүрерсің күндей нұрланып.
Өлсең де молаң сайланар,
Халыққа етсең қызмет,
Бар өліңше тырбанып,
Екілік жоқ халықта,
Шындап алса ортаға,
Болмайсыз ба бір ғаріп.
Халқым шебер сынауға,
Ержеткізді ата-ана,
Жүрмейік ойсыз бей парық.
Уақытымыз біткенде,
Көріп кетіп, күл болып,
Жатармыз жерде, уа дарих.
Ерлерім аз күн өмірде.
Сыйласып өтші жалғаннан,
Атанбай жұртқа сөзі арық.

5.

деп бала жырау аталған
Тұрымбет домбырасын тастай беріп, жағалай
отырған халықтың қолдарын жедел ала
бастағанда, үйге кіре алмай, далада есіктен сығалап
тұрғандар лап беріп, ішке ұмтылады. Кім-кімнің
қолын алып жатқаны белгісіз, араздасқан туыстар
да шұркырасып көрісіп жатады. Мына сәтті іске
қуанған Төребай би жыраулар мен халыққа алғыс
айтып, бұлақтай таза сөздердің көзін ашқан, екі
туысты татуласқаны үшін, татуластырғаны
үш жырауға үш нар мінгізіп, үш жібек шапан
жапқан екен.

6.

Малтақан би
Белгілі ақын Тайырдың атасы – Жароқтың әкесі Малтақан сөзге шешендігімен,
табанда тауып айтқыштығымен бүткіл Бөкей атырабына әйгілі би атаныпты. Ол оң
жеті жасында ИсатайМахамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. Өзі сіңірі
шыққан кедей болыпты. Оның Жароқ (Тайыр ақынның әкесі), Сәпек, Қалым, Абош
деген балалары жастайыныан жалшылықта жүрген. Малтақанның бірсыпыра билік
сөздері ел ауызында сақталған. Малтақанды сөзбен жеңе алмаған болыс пен байлар
кедейлігін бетіне басып, ел алдында мұқатқылыра келеді. Бір күні олар былай деп
кеңеседі:
- Осы Малтақан жұрттың төрінде отырып сөйлегенде, ешкімге дес бермейді. Қоңыр
тоқтының басы қолынан түспейді. Біз үйіліп-төгіліп өзінің үйне баралық, сіңірі
шыққан кедей бізді несімен сыйлар екен, сыныап көрелік, - деседі. Сол айтқандарын
істеп, бір күні болыс бастаған топ Малтақанның қараша үйіне сау етіп келе қалады.
Олардың ішінде қонақты ылғи қатқан қалашпен сыйлайтындықтан, «сараң би»
атанған Түсеке де, Малтақан баласының еңбегіне алатың тоқтысын екі жылдан бері
бермей жүрген Жүнісәлі бай да болады. Малтақан оларды көңілді қарсы алып,
жалғыз биесінің құлынын сойып, қонақ етеді. Жас құлынның балбырап піскен уыз еті
алдарына келгенде, Жүнісәлі тұрып: - Малтақанның байлығы болмағанмен пандығы
бар-ау, қонағын құлын етімен сыйлаудын қарандаршы, - деп мысқылдай сөйлепті.
Сонда Малтақан тұрып:

7.

-Сәлем бере келген соң,
-Елдің ылғи еркесі менсеркесі,
-Ақ ниетімді көрсетіп,
- Алдарына тартқаным
-– Жалғыз құлынның шекесі.
-Бұл құлынды соярда
-Бір жерден кемпір күңкілдеді:
-«Қақпыштан құр емес, -деп,- сандығым»,
-Бір жерден бала діңкілдеді:
-«Байдан әкеліп соям», -деп,
-Жаға алатын жандығым.
- Екеуін де дегеніме көндіріп,
- Құрмет үшін құлынның
-Құрбан еттім малдығын.
-Сыйламауым тұзға кепкен қақпышпен Болса болар, бәлкім,
менің пандығым, - депті.
-Сөздің төркінің түсінген Жүнісәлі мен Түсеке ұялғанынан жерге
кіргендей болыпты
English     Русский Правила