Похожие презентации:
Трасология. Трасологияның түсінігі
1.
1)2)
3)
4)
Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі
Адамның трасологиялық іздері
Бұзу құралдарының іздері
Көлік құралдарының іздері
2.
Трасология – криминалистикалық техниканың дәстүрлі саласыболып табылады.
Трасология ілімін келесідей ғалымдар ғылыми еңбектерінде жете зерттеген – Б.И.
Шевченко, Г.Л. Грановский, Ю.Г. Корухов, Ю.Г. Василевский, М.В. Салтевский, С.И.
Поташник, Ю.П. Голдованский, В.М. Прищепа, Я. Бергер, Л.Н. Мороз, Г.А.
Мозговых, А.А. Исаев, А.Г. Скоморохова.
Ең алғаш 1938 жылы «трасология» терминін И.Н. Якимов: «Заттай
дәлелдемелер мен іздерді оқу», – деген атаумен трасологияны
криминалистиканың жеке бір бөлімі ретінде бөліп қарастыруды ұсынған.
1945 жылы С.М. Потапов із ұғымын анықтауда: «ізді қылмыстың жалпы
материалдық жағдайының өзгеруі ретінде емес, ол белгілердің көрініс табуы» - деп
іздер туралы ұғымды (түсінікті) шектейді
1942 жылы және кейіннен де Б.И. Шевченко із жөніндегі ұғымдарды «заттардың
басқа да бір материалдық заттарға сыртқы көрініс бейнесін қалдыру (түсіру)
трасологияның объектісі болып табылады» – деп толықтырады
3.
Іздердің көмегімен шешілетін мәселелеридентификациялық
идентификациялық емес
Идентификациялық сипаттағы мәселелер
әдетте трасологиялық сараптама шеңберінде
анықталады
Іздер бойынша анықталатын идентификациялық емес
сұрақтарды негізінен тергеуші мен криминалист-маман
оқиға болған жерді қарау, тінту кезінде шешеді
Іздерді криминалистикалық зерттеудің негізінде пайда болған негізгі қағидаларға мыналар жатады
материалдық дүниедегі
объектілердің жекелілігі, соның
ішінде объектінің сыртқы
құрылысының жекелілігі.
объектілердің сыртқы
құрылысының
салыстырмалы
тұрақтылығы.
пайда болатын ізде объектінің сыртқы
құрылысының көрініс табуы айналы
түрде кері жүретін процестің нәтижесі.
Трасологиялық зерттеудің негізгі объектісі болып табылатын із-бейнелеуші объектілер екі
объектінің өзара қарым-қатынасқа түсу нәтижесінен пайда болады
Із қалған объект – із-қабылдаушы
із қалдырған объект – із-қалдырушы
Іздердің түйісуі кезінде объектілер физикалық, химиялық және биологиялық әсерге түседі.
Физикалық әсер ету механикалық және жылулық болуы мүмкін.
Трасология – механикалық әсерге түсетін іздерді зерттейді
4.
Қалыптасу жағына байланысты іздерді келесідей топтарға жүйелеуге болады: статикалық жәнединамикалық; көлемді және беткі қабатты; локальды және перифериялық.
Статикалық іздер дегеніміз – із қалдырушы
объектінің әрбір бөлігінің (нүктесінің) із
қабылдаушы объектіде дәлме-дәл бейнеленуі
нәтижесінде пайда болатын іздер.
Динамикалық іздер дегеніміз – із қалдырушы
объект нүктелерінің із қабылдаушы объект бетінде
сырғу-жылжу нәтижесінде пайда болған іздер.
Көлемді іздер дегеніміз – із қалдырушы объектінің
із қабылдаушы жұмсақ объектіде шұңқыр түрінде
қалуы, яғни қабылдаушы объектінің
деформацияға түсу (өз қалпын өзгерту)
нәтижесінде пайда болған іздер
Беткі қабатты іздер дегеніміз – тығыздығы жағынан
шамамен бірдей (немесе із қабылдаушы объектінің
тығыздығы көбірек) объектілердің бір-бірімен
қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болған іздер.
Локальды іздер дегеніміз – объектілердің беткі
қабатының байланысқа түсуі нәтижесінде пайда
болған іздер
Беткі қабатты іздердің өзі екі топқа бөлінеді:
қатпарлану (отслоение) және қабатталу (наслоение)
іздері
Перифериялық іздер – керісінше байланысқа (контактіге) түсетін объект жиектерінің сыртындағы
өзгерістердің нәтижесінде пайда болған іздер.
Көріну дәрежесіне байланысты іздер
көрінетін
әлсіз көрінетін (нашар)
көрінбейтін
5.
Іздерді табу, бекіту және алудың жалпы ережелері.Көптеген іздер, мысалы: аяқ киімнің көлемді немесе боялған іздері, бұзу құралдарының
іздері, көлік құралдарының іздері жәй қарау кезінде анықталады.
Ал ұсақ іздерді табу үшін әртүрлі үлкейткіш шынылар (лупалар) қолданылады.
Егер із түсі бойынша қабылдау объектісінің түсімен бірдей болып бірлесіп жатса, оны
айқындап табу үшін жарықфильтрлері, ултракүлгін жарықтандырғыштары қолданылады
Табылған іздер ең алдымен фотосуретке түсіріледі.
Іздерді бекітудің бірден-бір негізгі әдісі тергеу әрекетінің хаттамасында сипаттау
болып табылады.
Ізді объектімен бірге алу мүмкін болмаған жағдайларда (үлкен қолайсыз болуына,
ерекше құнды болуына байланысты) іздің көшірмесі, құймасы алынады.
Ізі бар объектілер немесе із көшірмелері буып-түйю орауыштары ізге тимей-тіндей етіп
орналастырылады.
Әсіресе, қол саусақтарының іздері бар тез сынып қалатын заттарды (бөтелке, стакан
және т.б.) мұқият буып-түйю қажет.
Оралынған объектіге мөр қойылып, түсіндірме жазбалар жазылады.
Онда: кім, қашан, қандай іс бойынша заттай дәлелдемелер алынғаны көрсетіледі.
6.
Адамның трасологиялық іздеріТрасологиялық маңызы бар адам іздеріне: қол іздері, аяқ, аяқ киім іздері, тістердің іздері,
сондай-ақ папиллярлы өрнектері жоқ басқа да іздер, атап айтқанда: бас (бет) бөлшектерінің
(құлақ, ерін, мұрын, шеке т.б.) іздері жатады.
Қолдың іздері – басқа іздерге қарағанда қылмысты тергеу мен ашу кезінде жиі әрі нәтижелі қолданылады.
Қол іздері арқылы адамның жынысын, шамамен жасын (ересек немесе бала екендігі), қай қолмен және
қандай саусақпен қалдырылған із екендігін, кей жағдайларда кәсібі мен қолдарындағы т.б. кемістік
белгілерін анықтауға мүмкіндіктер болады. Қол іздері арқылы осындай идентификациялық емес
жағдайлармен қатар, адамды жеке идентификациялауға болады.
Ұзындық бірлігіне сәйкес папиллярлы сызықтардың шамамен санын көрсететін кесте.
0,5 см-де орналасатын папиллярлы
сызықтардың саны
12-13
10-12
9-10
6-7
Жас шамасына байланысты
адамдардың тобы
8-12 жас аралығындағы ұл және қыз
балалар
жасаөспірім
ер адамдар
толық адамдар
7.
Қолдың функционалдық маңызыжекешелігімен
Папиллярлы сызықтар
салыстырмалы
тұрақтылығы
майлы-тер заттары
өзгермейтіндігі
Папиллярлы сызықтармен қатар алақанның беткі қабатынан тері бедерінің басқа да белгілерін кездестіруге
болады. Оларға – флексорлық (иілетін) сызықтар, әжім қабаттары және тері саңылаулары жатады. Бұл тері
бедерінің ең кішкентай элементтері болып табылады.
Жоғарыда қарастырылған алақанның беткі қабатындағы табиғи бедер іздерінің белгілерімен қатар жасанды
белгілерді де кездестіруге болады. Оларға зақымданған – тыртық, күйік іздері және т.б. әртүрлі іздер жатады
Папиллярлы өрнектердің құрылымын трасология бөлімінің бірі
«дактилоскопия» зерттейді
Папиллярлы сызықтар ананың құрсағында жатқан баланың даму кезеңінде пайда болып, өмір бойы өзгеріссіз
сақталады. Өрнектің өзара орналасуы мен бөліктерінің қалыптары өзгермейді, тек көлемі ғана өзгереді
Дерма зақымдалған кезде ғана учаскедегі мұндай өрнектер қайтадан қалпына келмейді. Дегенмен де, бұл
кезде пайда болған жасанды белгілердің (тыртықтар) өздері папиллярлы өрнектердің ерекше белгілері болып
табылады.
Папиллярлы өрнектердің белгілері жалпы және жеке деп бөлінеді.
8.
Жалпы белгілері бойынша бұл өрнектерді – доға тәріздес, ілмек тәріздес және шеңберлідеп үш түрге бөлеміз
Доға тәріздес өрнек – суретін бейнелейтін папиллярлы сызықтар саусақтың бір жақ шетінен екінші
жағына қарай бағытталып жүреді.
Өрнектің бұл түрі өзінің құрылымы бойынша өте қарапайым болып келеді және де өте сирек (жалпы
санына байланысты 5% - дай ғана) кездеседі.
Доғалар жай және күрделі болып келуі мүмкін.
Күрделі доға тәріздес өрнекте папилярлы өрнек ағымдары өрнектің орталығына қарай келгенде
көтеріліп барып шатырлы доға өрнегін қалыптастыра отырып иіледі.
Доға тәріздес өрнекте дельта болмайды.
Доға тәріздес өрнектердің түрлері
а-қарапайым доға; б-жалған ілмекті доға; в-орталық құрылымы анықталынбаған доға.
9.
Ілмек тәріздес өрнекте – орталық бөліктің суретін қалыптастыратын папиллярлы сызықтар саусақтың бір жақбүйір шетінен орталыққа қарай бағытталып, ол жерге жеткен соң дереу бұрылыс жасап қайтадан келген
жағына қарай жүреді.
Сызықтың ұшы саусаққа қарай бағытталған сызықтар ілмектің аяғы деп, ал дөңгеленген бөлігі ілмектің басы
деп аталады.
Ілмектің бас жақ жағында ілмекті жоғарғы және төмен жағынан иіп және оларды айырып тұратын сызықтар
ағымы орналасқан.
Ағымның айырылатын жері «дельта»- деп аталады.
Ілмектің ашық бөлігі шынашаққа қарай бағытталса ульнарлы, ал бас бармаққа қарай бағытталса радиалды
деп аталады.
Аталған өрнектер, дактилоскопиялық формула жүргізу кезінде және із қалдырған қолдар мен саусақтарды
ажыратып анықтау үшін пайдаланылады.
Ілмек тәріздес өрнектер өте кең тараған, олар жалпы саны 65%-ға жуық өрнектерді құрайды.
Ілмек тәріздес өрнекте бір дельта болады.
Ілмек тәріздес өрнектердің түрлері
г-қарапайым ілмек; д-иіліп келген ілмек; е-жартыланған ілмек; ж-тұйықталған ілмек; з-қосарланып келген
ілмек; и-параллельді ілмек
10.
Шеңберлі өрнекте - өрнектің орталық оң және сол жақ бөлігінде дельта болады (кейде үш,ал кейде төрт дельта (өте сирек кездеседі). Дельталардың арасында: концентірлік шеңбер,
сопақша, спираль, дөңгеленіп келген (егіз-қос сызықтар) ілмек түріндегі суреттер
орналасады. Шеңбер тәріздес өрнектер, сондай-ақ жай және күрделі болып бөлінеді.
Шеңбер тәріздес өрнектердің түрлері
к-қарапайым шеңберлі; л-сопақша шеңберлі; м,н-спиральді шеңберлі; о-ілмекті шеңберлі;
п,р,с,т-қарама-қарсы ілмектері бар шеңберлі.
11.
Сондай-ақ папиллярлы сызықтардың әртүрлі күрделі өрнектері де кездеседіу-домалақ ілмектер; ф-ілмек ілмекті айнала орналасқан; х-ілмек спиральді айнала орналасқан; цілмек ішіндегі шеңбер; ч-аралас өрнектер; ш-доға ішіндегі шеңбер; щ-ілмектегі сопақша болып
келген өрнектер; э-әр жаққа қараған домалақ ілмектер; ю-шеңберлі өрнектің ерекше қалыптасу
формасы.
Осы аталған өрнек түрлерінің негізгі үш типі мен әртүрлілігі қол саусақтары іздерінің жалпы белгілері мен
бірыңғайлылығын ажыратуға мүмкіндік береді. Сараптамаға іздерді жіберу үшін бұл түр белгілерін тергеушілер
мен жедел-қызметкерлері ажырата білулері қажет.
12.
Папиллярлы өрнек бойынша сараптамалық идентификация жүргізу кезінде өрнектердің жалпы белгілері(өрнек түрлері, сызық ағымдарының бағыты) бойынша ұқсас келуімен қатар жеке белгілерінің де
сызықтардың басталуы мен аяқталуы, олардың қосылуы мен айырылуы, сызықтардың үзілуі; «байланыстыратын», «көпірше» нүкте сызықтарының және иілетін, үзілетін, жіңішке сызықтарының ұқсас келуі
ескерілуі тиіс.
Осы немесе басқа да белгілердің болуына (болмауына) және олардың өзара орналасуына байланысты
жекеленген жинақтар қалыптасады.
Вариациялы – статистикалық анықтаулардың нақтылауы бойынша саусақ іздерінің кемінде 12 – жеке белгілері
бір-біріне сәйкес келсе, ол ұқсастыққа жатады, яғни дәл өзі деп танылады.
Ал тәжірибе жүзінде аса маңызды және өте сирек кездесетін ұқсас 7-8 ғана белгі бойынша да идентификация
жүргізіле береді.
Папиллярлы өрнектердің жеке белгілері көрсетілген:
1-папиллярлы сызықтар; 2-айыр; 3-нүкте; 4-ілгек;
5,6,7-көзше; 8-көпіршелер; 9-қысқа сызықтар; 10үзікті жақын орналасқан сызықтар; 11-сызықтың
үзілуі; 12-жіңішке сызық; 13-қарама-қарсы сызықтар;
14-өтпелі сызық; 15-ішкі сызығы бар айыр; 16қосылған айырлар; 17-қарама-қарсы келген айырлар;
18-қосарланған айырлар; 19-қатарланған айырлар;
20-иілген айырлар; 21-көзшесі бар айыр; 22-ішкі
сызығы бар ілмек; 23-екі ішкі сызығы бар ілмек; 24қосарланған ілмек; 25-шырша тәріздес сурет.
13.
Табылған із қылмыскердің қалдырған ізі ме, жоқ па деген сұрақтарды анықтау үшін міндетті түрде басқа датұлғалардың да (жәбірленушілердің, дүкен қызметкерлерінің және т.б.) қол таңбаларын зерттеу қажет.
Қол іздерін табу мақсатында оқиға болған жердегі қандай объектілерді қылмыскер ұстауы мүмкін деген
заттардың беткі қабаты мұқият қаралады. Бұл заттар: есік және сейф тұтқалары, тұрмыстық заттар, электр
сөндіргіштер, автокөлік рульдері және т.б. болып табылады.
Сонымен қатар, папиллярлы сызықтар қатты заттардың (әйнек, кафель, жылтыратылған жиһаздардың) беткі
қабатында жақсы бейнеленіп түсетіндігін ескеру керек.
Қолдың папиллярлы іздерін беті тегіс емес және майлы беткі қабаттардан іздеудің қажеті жоқ.
Оларды, сонымен қатар, адамның денесінен (жәбірленушінің немесе сезіктінің), киімінен табу мүмкін емес.
Бірақ кейбір жағдайларда, егер киімнің беткі қабаты жоғары дәрежедегі тегістігімен сипатталатын
материалдан (теріден немесе синтетикалық материалдан) тігілсе, папиллярлы өрнектерді анықтауға
болады.
Қылмыскер қылмыс үстінде былғары қолғап (теріден, матадан жасалған) қолданған жағдайларда да табылған
іздер идентификацияға пайдаланылады. Іздер кейбір жағдайларда адамдардың топтық белгілерін (қолғапқа
сіңіп қалған терді зерттеу және т.б.) анықтау үшін де пайдалануы мүмкін.
Былғары қолғаптарда – оны кию процесінде пайда болған: бүктелу, бырысып қалу, қатпарлары,
дефектілері және басқа да өрнек іздері бейнеленеді.
Ал матадан жасалған қолғаптарда – матаның белгілері, дефектілері, матаның тоқылған түрі, тігу және
т.б. іздері бейнеленеді.
14.
Іздерді табудың әдістері мен тәсілдері олардың бейнелену жағдайларына байланыстыанықталады. Дегенмен де қандай жағдай болмасын алғашқыда әдістер мен тәсілдер сыртқы
түрлері өзгеріске ұшырамаған іздерге қолданылады, содан соң барып олардың өзгеріске
ұшырауына көңіл бөлінеді.
Заттарды қарау үшін резеңкелі қолғап пайдаланылады.
Егер де мұндай қолғап болмай қалған жағдайларда идентификацияға жарамды іздерді бүлдіріп
алмас үшін, мысалы: бөтелке болса оның түбі мен ауызғы бөлігінен ұстау арқылы іздерді қарау
қажет.
15.
Қол іздерін табу үшін ең алдымен заттарды жарық көзіне қарай бұра немесе заттың әртүрлібұрыштарынан жарықтандырулар жібере отырып қарау жүргізіледі.
Табылған іздер қондырғы сақиналарды пайдалану арқылы бірден детальды фотосуретке түсіріледі.
Іздерді жарық түсіру арқылы табу мүмкін емес болған жағдайларда физиқалық және химиялық әдістер
қолданылады.
Табылып айқындалған ізді міндетті түрде масштабты детальды фотосуретке түсіру қажет.
Фотосуреттерде іздердің орналасқан жері мен жалпы көрінісі бейнеленеді.
Одан кейін хаттамаға сипатталып жазылады.
Хаттамада қандай із табылды, қандай заттың үстінен табылды, орналасуы, олардың саны, іздің түрі
(көлемді, беткі қабатты), формасы, папиллярлы өрнектің түрі, ізді анықтау, бекіту және буып-түйю
әдістері көрсетіледі.
Осыдан кейін барып дактилоскопиялық пленкіге түсіреміз.
Ұнтақтарды тегістеп беткі қабатқа жағу нәтижесінде көрініп пайда болған іздерді дактилоскопиялық
пленкілерге (қара немесе ақ түсті) көшіріп аламыз.
Ол үшін пленкінің түссіз қорғаныш қабатын ажыратып, келесі жабысқақ қалыңырақ бетін іздің үстіне
қойып оны тегістеп ауасын сыртқа шығару керек.
Содан кейін пленкіні жаңағы ажыратқан бөлігімен қайта біріктіріп жапсырып шетін айналдыра тігіп
тастау қажет.
Сонымен қатар пленкінің шетіне іздің қай жерден, кіммен табылып алынғандығы көрсетілген бирка
тігіледі.
16.
Әртүрлі ұнтақтар мен йод буын жіберу жолымен іздерді шығару – физикалық тәсілдерге жатады.Зерттелініп отырған беткі қабат қара түсті болса, оған ақшыл түсті ұнтақтар (алюминий, қола, цинк
қышқылы және басқа да) пайдаланылады; ал беткі қабат ашық түсті болса, онда керісінше қара түсті
ұнтақтар (темір, графит, ыс ұнтақтары, қола қосындылары және т.б.) қолданылады.
Ұнтақ кәдімгі шаштан жасалған жұмсақ кисть арқылы беткі қабатқа тегістеле отырып жағылады.
Артық ұнтақтарды ақырын алып тастау керек. Темір ұнтақтары магниттік кисть арқылы жағылады
(магнит пластмасты қорапта сақталады).
17.
Қағаз бетіндегі көзгекөрінбейтін іздер арнайы
түтікшелер арқылы йод буын
жібере отырып алынады.
Йод буын жіберу арқылы
пайда болған іздер дереу
фотосуретке түсіріледі.
Йод арқылы алынған іздерді
йодты-крахмалды немесе
йодекстендірілген
пленкілерге, сондай-ақ
алдын-ала тазартылған суда
0,02%-да өңделген
ортотиллин ерітінділері
арқылы қағаз бетіне көшіріп
түсіріп алуға болады.
18.
1) Тапаншаға қоліздерінің түсу механизімі:
а- оқтаған кезде
ә- қайыра ұстау кезінде
2) Қылмыскер терезе
арқылы кірген кезде қол
ізінің (ұстаған
жердің)барынша мол
ұшырасатын жерлері
19.
Саусақтың ізін алу үшінбаспаханалық қара түсті бояу
қолданылады, ол әйнек бетіне
резеңке білікпен тегіс етіліп
жағылады.
Содан соң тексеріліп отырған
тұлғаның саусағын (тырнақ
бөлігінің астыңғы беті
папиллярлы өрнегі бар
учаскені) әйнек бетіне
қойғызып бір шетінен
екіншісіне қарай дөңгелете
жылжыта отырып оның
саусағына әйнектегі бояу
түсіріледі.
Сөйтіп дактилоскопиялық
тіркеу (карточкасының)
кестесінің тиісті
клеткаларына жаңағы
әрекеттерді қайталау арқылы
ақ қағаздың бетіне саусақтың
таңбасы түсіріледі.
20.
Әртүрлі қылмыстарды тергеу барысында оқиға болған жерде аяқ іздері табылуы мүмкін.Аяқ іздері бойынша ізді қалдырған адам туралы мәліметтерді алуға болады: бойы, жүрістұрысының жекелеген белгілері туралы, аяқ киім белгілері; іс-әрекет жағдайлары
(қозғалыс бағыты мен шапшандығы).
Аяқ іздері – жалаң аяқ іздері, аяқ киім іздері және шұлық (нәски) іздері деп бөлінеді.
Жалаң аяқ немесе шұлық іздері бойынша адамды, ал аяқ киім іздері бойынша аяқ киімді
идентификациялайды.
Идентификациялау кезінде статикалық іздер қолданылады, кей кездерде, нақты адамның аяқ
киімді кию фактісі (мән-жайы) анықталуы мүмкін. Аяқ киім ұлтарағындағы ұзақ кию
нәтижесінде жалаң аяқтан (шұлық немесе нәски киілген) қалған статикалық із зерттелінеді.
Аяқ киім іздері көлемді және беткі қабатты болады.
Аяқ киім іздері
АБ – іздің жалпы
ұзындығы;
ВГ – ұлтан ізінің ені;
КЛ – аралық бөлігінің ені;
МН – аяқ киім өкшесінің
ені;
АД – ұлтан ізінің
ұзындығы;
ДЕ – араның бөлігінің
ұзындығы;
БЕ – аяқ киім өкшесінің
ұзындығы.
Жалаң аяқ іздері:
АБ – іздің жалпы ұзындығы;
ВГ – табан бөлігінің ені;
ДЕ – аралық бөлігінің ені;
МН – аяқ өкшесінің ені
21.
Табанның аяқ киімдегідей жалпы белгілері хаттамада төмендегілер көрсетіліп бекітілуі тиіс:•табан ізінің құрылысы (өкшесіз, тегіс, жайпақ табан, бөлек өкшесі бар табан, өкшесі бөлек және
ұлтанды табан);
•табан және оның бөлшектерінің өлшемдері (табанның жалпы ұзындығы, ұлтан ұзындығы, өкше
ұзындығы, ұлтанның ең жалпақ жерінің ені; аралық жерінің ені, өкшенің ені);
•табан және оның бөлшектерінің пішіні (тұмсық бөлігінің, табанның сыртқы және ішкі
жиектерінің, ұлтанның артқы жиектерінің, өкшенің алдыңғы және артқы жиектерінің);
•табан және оның бөліктерінің беткі қабатының жалпы сипаттамасы (жалпы, дөңес, тегіс, бедерлі
оюлармен, ою түрі, пішіні, өлшемі);
•табан және оның бөлшектерінің бекітілу тәсілдері (бұрандалы, ағашты-түйреуішті, шегелі,
тігілген, желіммен жабыстырылған);
•түйреуіш, шеге, бұранда қатарларының саны;
•табанда тағаның сырғымау үшін қағылатын бүдірлердің, фабрика желімдері мен белгілердің
болуы.
22.
Із жолағы: АБ-қозғалыс бағытының сызығы; ВГДЕ- жүріс сызығы; ВАБтабанын бұру бұрышы; ВК-адамның ұзындығы; КГ-адамның ені23.
Аяқ іздері бойынша қозғалыс белгілері24.
25.
Аяқ іздерін өлшеу және сипаттау ережесіГИПС құймасын алу барысының кезектілігі
26.
Бұзу құралдарының іздеріМеханоскопия – бұзу құралдарының, өндірістік механизмдердің, құлыптардағы,
пломбылардағы іздерді зерттеуге арналған трасологияның бір бөлімі.
Бұзу деп – кіруге тыйым салынған немесе жабық тұрған объектіге кіру мақсатымен
белгілі бір объектілерді атап айтқанда: қабырғаны, объектінің төбесін, есік-терезені,
еденді (ғимараттарды, сейф, шкаф, бекітілген құрылыстарды) және сол сияқты басқа да
бөгеттерді толығымен немесе жартылай қиратуды айтамыз.
Бұзу құралының іздері – есіктің беткі қабатынан және оның тұтқаларынан, құлыптан,
терезе рамаларынан, объектінің төбесі мен едендерден, сейфтердің қабырғаларынан және
т.б. жерлерден табылуы мүмкін.
“Фомка”
1. Фомканың екіге бөлінген басы;
2. Фомканың негізгі бөлшегі;
3. Фомканың аяғы
Балта
1. Балта жүзінің басы; 2. Балтаның беті; 3. Балта сабының басы; 4. Балтаның басы; 5. Балта басының (обух)
қыры; 6. Балта басының беті; 7. Балта жүзінің беті; 8. Балтаның сабы; 9. Балта сабының аяғы; 10. Балта
жүзінің аяғы; 11. Балтаның жүзі
Пассатиж
1. Ауызы;
2. Ұстаудың кіші қуысы;
3. Ұстаудың үлкен қуысы;
4. Осьтік бекіткіші
1.
2.
3.
Қысқаш
Кескіші;
Кескішті бекіткіш;
Сабы
27.
Қылмыскерлердің бұзу кезіндегі қолданылатын құралдарды келесідей үш түрге бөліп топтастыруға болады:•арнайы бұзуға (жабық жерлерге кіруге, кедергі жасайтын бөгеттердің көзін жоюға) арнап қолдан жасалған
құрал-саймандар: жезбезекті кілт (отмычка);
•жалпы техникалық мақсаттарға арналған құрал – саймандар
•қылмыскерлер бөгетті бұзу үшін қолданған (жерде жатқан темірлер, су құбырының кесінділері және т.б.)
кездейсоқ құрал-саймандары.
Барлық құралдарды олардың санаттарына қарамастан, әсер ету тәсілдеріне
байланысты механикалық және термикалық деп бөлеміз.
Бірінші, механикалық топқа: кесетін – пышақ, қайшы, әйнек
кескіш (әйнек кесетін құрал), тістеуіш және т.б.; жабатын және
қашайтын – балта, кескіш (металды кесетін қашау), қашау, лом;
егеп кесетін – егеу, ара; бұрғылайтын – тескіш темір, бұрғы
құралдары мен механизмдерін жатқызамыз.
Екінші, термикалық топқа:
қатты металдарды кесуге және
оларды сваркілеуге арналған
газ және электрлі аппараттар
жатады.
Механикалық топқа жататын құралдар әсер ету сипаты мен түріне байланысты:
қысым арқылы түскен іздер; сырғанау, жылжу (үйкелу) іздері; кесу іздері – деп бөлінеді.
Термикалық әсер ету іздері – металдан жасалған кедергілерді (сейфтерді, есіктерді, терезе
торларын) бұзу кезінде пайда болады.
Газды – электрокескішті – бұзу құралы ретінде қолданғанын кедергі учаскілерінде қалған
ерітінділерден, балқыған металдардың тамшыларынан байқауға болады.
28.
1.2.
3.
4.
5.
6.
1.
2.
3.
4.
Оқиға болған жердегі іздерді талдау (соның ішінде сараптамалық зерттеулер) келесідей
жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді:
бұзудың түрін (араның кесу, ойып кесу т.б.);
қатысқан тұлғалардың санын;
шамамен қылмыскерлердің бойы мен оның физикалық күшін;
құралды қолдану тәжірибесінің болуын;
кедергіні бұзуға қанша уақыт кеткендігін,
қылмыскердің денесінде және киімінде (шалбарының қайырылған балағында, аяқ киімінде,
тырнағының астында, құлақтарында, шаштарында) қандай іздер қалуы мүмкін екендігі.
Бұзу құралының іздерін зерттеу кезінде келесідей негізгі сұрақтар шешіледі:
бұзу үшін пайдаланған зат қандай құралдар тобына (түріне, тегіне) жатады;
бұзу жерінде қалған іздер бір құралмен қалдырылған ба, әлде бірнеше құралдармен
қалдырылған ба;
әртүрлі кедергілердегі бұзу құралдарынан қалған (әртүрлі жерлердегі, сонымен қатар, әртүрлі
қылмыстарды жасау кезінде қалдырылған) іздер бір құралмен қалдырылған ба;
із нақты бір құралмен қалдырылған ба?
29.
Есікті бұзу арқылы жасалған ұрлықты тергеу тәжірибесі30.
Терезенің элементтерінің аталуы31.
Есік элементтерінің аталуы32.
Бөлмеге балкон арқылы кірген күдіктінің іздері33.
Көлік құралдарының іздері көліктік трасологиямен зерттеледі, оларға төмендегілер жатады:•қозғалатын бөлшектердің іздері;
•көлік құралдарының сыртқа шығып тұратын бөлшектерінің іздері;
•көлік құралдарынан бөлінген бөлшектер мен детальдардың іздері.
Трасология арқылы келесідей сұрақтар шешіледі:
•із қандай модельді дөңгелектен қалған?
•оқиға болған жерде қалған көлік құралы іздерінің типі (маркасы, моделі) қандай?
•көлік құралынан қалған іздер қай бағытқа қарай қозғалған?
•бұл іздер ұсынылып отырған дөңгелектің ізі ма, жоқ па?
•жәбірленушінің киімінде қалдырылған іздер қандай дөңгелекпен (алдыңғы, артқы, оң жақ, сол жақ)
қалдырылған?
34.
Көліктің іздері35.
Дөңгелек іздерін зерттеу36.
Автомобиль шинасы ізініңсипаттамасы
37.
Автокөлік құралының қозғалыс бағытыныңбелгілері
38.
Жеңіл автомобилтдің қарсы алдынан соқтығысу кезіндегі жарақаталу механизмі және зардаптардың тиісінше орналасуы
39.
Автокөлік құралдарының титік құрылымы;Жеңіл автомобиль;
Жүк автомобилі