202.66K
Категория: ПсихологияПсихология

Өнегелі ұрпақ - берекелі отбасында тәрбиеленеді

1.

Өнегелі ұрпақ - берекелі отбасында
тәрбиеленеді.
«Отбасында қатігездікке жол жоқ!»

2.

Сабақтың мақсаты: Ата-аналарға құқықтық кеңес
беру, бала тәрбиесіндегі ата-ана міндеттері мен
жауапкершіліктерін арттыру. Отбасындағы
қатігездікке жол бермеу. Оң тәрбиенің мәнін,
принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы
ата-аналар мен балалар арасындағы оңтайлы
қарым-қатынасын дамыту.

3.

1.Ата-аналарды өз құқықтары мен міндеттерін білуге,
игеруге ынталандыру.
2.Ата-аналарды жаксы ата-ана болудың мәнімен,
қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру.
3.Ата-аналардың балаларға деген дұрыс тәрбиесі мен
оңтайлы қарым-қатынас жасау дағдыларын игеруге
көмектесу.
4. Ата –аналарды ұлттық құндылықтар негізінде
тәрбиелеу.
4. Отбасындағы зорлық- зомбылыққа, қатігездікке жол
бермеу.

4.

Психологиялық нейрожаттығу,
«Блиц тур», «Мен өз баламды
қаншалықты жақсы білемін?»
Cұрақ-жауап әдісі, Пікірталас,
Кейс стади әдісі,
«Мадақтау- жазалау» жаттығуы,
Тренинг «Төрт шырақ»

5.

Блиц тур:
«Мен өз баламды қаншалықты
жақсы білемін?»

6.

«Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар
одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем
қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны
күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен
жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан
қорықпауы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
https://youtu.be/jAzMcMTfCDs?si=lwq3IrFvceSPzwFK

7.

3. «Отбасында қаталдық климатын орнату оң
емес»
Ғалымдардың зерттеуінше, қылмыскерлердің 80
пайызы – балалық шағында зорлық құрбаны болғандар.
«Балаға деген қатал қарым-қатынас оның психикасына
ауыр жарақат салып, келешегін тұмшалайды» деседі.
Шұғыл түрде сол баланың сана саулығымен айналысқан
абзал. Көрнекті ғалым Жерар Бернарден: «Жануарларға
қатыгездік жасау – адамдарға да дәл солай жасау
жолындағы алғашқы тәжірибе», - депті.

8.

Ұлы Жазушы Лев Толстой «Әлемде болып
жатқан қатыгездік, мейірімсіздік қайдан
болады деген сұраққа жауап іздеумен болдым,
көп іздендім, көп жүрдім, көп оқыдым,
ақырында осының түп-тамыры –
имансыздықта деген тұжырымға келдім»
деген, қандай көрегендікпен айтылған сөз.
Имандылық – ол адамгершілік қасиет, адамда
иман болу керек. Иманды адам адамгершілігі мол
адам деп есептелінеді.

9.

4. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл
болып өспесін десеңіз…..бала тәрбиесі туралы
ой қозғау.
СҰРАҚ-ЖАУАП-1
Қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан қатігездік,
мейірімсіздік қайдан болады.?????

10.

Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып
өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге
жол бермеңіздер.
1. Балаларды орынсыз еркелету, сөзін сөйлеу
2. «Не істесең оны істе,маған бәрібір» деп айту.
3. Аса қаталдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың
керек,өйткені мен сенің ата-анаңмын»деп айту.
4. Егер сен мен қалағандай болмасаң,мен сені жақсы
көрмеймін деп айту.
5. Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»- деп айту.
6. Балаңызды баршылыққа баулымау.
7. Балаңыздың ісіне, көңіл-күйіңізге қарап баға беру, яғни
көңіл-күйің нашар болса, оның қуанышына ортақтаспау,
әңгімесіне құлақ аспау т.с.с.

11.

Мақсаты: ата – ананың балаға деген көңіл бөлуін
байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы
мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші
жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын
сөздерді жазыңыз. Қай бөлікте сөздердің көп
болғандығы жайында сараптама жасалып,
қорытынды жасау ұсынылады.

12.

Отбасындағы зорлық зомбылық қайдан
туындайды?????
Зорлық-зомбылыққа көбінесе отбасында кімдер
ұшырайды????

13.

«Енді ұрып соғудың бәрі қылмысқа жатады. Жауапкершілік
қатаң болады. Сәбилерді өлтіргендер мен педофильдер
Қазақстандағы ең ауыр жазаға тартылады» деді Мәжіліс
депуттары. Әйелдердің құқықтары мен балалардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жаңа заң жобасының
таныстырылымы өтті. Заң жобасы аясында Отбасы
институтын нығайту бойынша Дәстүрлі отбасылық
құндылықтарды қорғауға, сақтауға, нығайтуға және
ілгерілендіруге негізделген қағидаттарды бекіту
нормалары қарастырылады. Мемлекет басшысының
нақты, әрі айқын позициясының, тапсырмасының
шеңберінде бұл бастамалар Үкімет қорытындысында
қолдау тапты.
https://www.instagram.com/reel/C2xEtNctOZX/?igsh=ZjFkYzMzMDQzZg==

14.

Тренинг
«Төрт шырақ»
Шырақ жағылады. Ой тасталады. Осы шырақ
ненің белгісі, не себепті жағу керекпіз. Не себепті
отбасында жанады.

15.

Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала –
адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай
ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты,
мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды.
«Бала – өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ
иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген.
Жанған отын сөндірмей түтінін түтететін артына
ұрпақ қалдыруды көздеген. Ұрпақтарының
шырақтай жанып, жарқырап тұрғанын қалаған.
Яғни балаларымызға, болашақ ұрпағымызға
жарқыраған шырақ отын сыйлайық.
English     Русский Правила