477.85K
Категория: ОбразованиеОбразование

Қысқа мерзімді жоспар

1.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қабылдаған: Урумова Рахила
Орындаған: Талғат Бекзада
Тобы: ФҚӘ-112

2.

Мектеп бағдарламасындағы жоспардың үш түрі
бар: Қысқа мерзімді жоспар, Орта мерзімді
жоспар, Ұзақ мерзімді жоспар. Оқудың әрбір
кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға
ілгерілеуді қамтамасыз ету қысқа мерзім жоспарда
жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта
мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа
байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ
жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, қысқа
мерзімді жоспар жеке, дербес сабақ жоспары болып
табылады. Қысқа мерзімді жоспарда мақсат қоя
білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже,
модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің
іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және
рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын
бағалау ұсынылады.

3.


Қысқа мерзімді сабақ
жоспарын құрудың негізгі
міндеттері: сабақтың
тақырыбын анықтау, әр
тақырыпты меңгертудің
мақсаттары мен
міндеттерін белгілеу,
оқушылардың
қызығушылығын арттыру
үшін түрлі әдіс-тәсілдер
қолдану, тыңдалым, оқылым,
айтылым, жазылым
дағдылары бойынша түрлі
жұмыс түрлерін дайындау,
уақытты үнемді және
нәтижелі пайдаланудың
жолдарын қарастыру

4.

Жаңаша білім беру бағдарламасы
маңызды үш құжаттан тұрады:
бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар,
орта және қысқа мерзімді жоспар.
Осы күнге дейінгі біздің жасап келе
жатқан «Күнтізбелік- тақырыптық»
жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар
негізгі оқу мазмұнын қамтиды.
Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты негізінде пән
бойынша оқу бағдарламасы құрылады.
Оқу бағдарламасының мазмұны:
Жалпы ережелер; Пәннің мазмұнын
ұйымдастыру; оқу мақсаттарының
жүйесі; қосымша ұзақ мерзімді
жоспар. Ұзақ мерзімді жоспар білім
беру деңгейі бойынша барлық
сыныптардағы пән тарауларын
белгілеп, олардың жалпы ережелерін
анықтайды.

5.

Оқудың әрбір кезеңінің басынан
бастап соңына дейін алға
ілгерілеуді қамтамасыз етуқысқа мерзімді жоспарда
жоспарланады. Мақсат қоя білу,
міндеттерді белгілеу, күтілетін
нәтиже, модульдерді қолдану,
сабақтың барысы, мұғалімнің ісәрекеті, оқушының іс-әрекеті,
бағалау және рефлексия бөлімдері
бойынша мұғалімнің жұмысын
бағалау ұсынылады. Сабақтың
басты міндеті- оқу мақсатын
жүзеге асыру болғандықтан,
сабақ жоспары толығымен оқу
мақсаттарынан туындайды.

6.

«Сабақ мақсаты да, бағалау
критерийлері мен тапсырмалар да осы
бағытта құрастырылады. Бұл туралы
әр пәннің оқу бағдарламаларында
былайша жазылған: «Нақты пән
бойынша күнделікті білім беру
үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына
бағынады және оқушылардың меңгерген
білім, білік және дағдыларын кез келген
оқу үдерісінде және өмір
жағдаяттарында шығармашылықпен
пайдалану даярлылығын
қалыптастыруға, жетістікке қол
жеткізуде қажырлылықты дамытуға
бағытталған, өмір бойы білім алуға
ынталандырады».

7.

Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына
айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары
өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндіруге
болады. «Оқушылардың басым бөлігі» мен «кейбір
оқушылардың» сабақта қандай нәтижеге жететіндігін
көрсету-көрсетпеуді әрбір мектеп өздігімен шешу керек
деп ойлаймын. Ол үшін мектепте ҚМЖ құрастыру
мәселесі жан-жақты талқыланып, содан кейін «ҚМЖ
құрастыру ережесі» қабылданып, ереже педагогикалық
кеңесте бекітілсе, бүкіл мектептің бір сарын мен
ыңғайда жұмыс жасауы үшін жағдай
жасалынатындығы хақ. Жаңаша оқытудағы оқу
үдерісінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болады,
мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермейді, ашық
сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау,
тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса,
сабақ жемісті болады.

8.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!
English     Русский Правила