274.37K
Категория: ИсторияИстория

Дополнительные материалы (мультимедийные материалы, ссылки на электронные ресурсы и т.д.)

1.

Дәріс №5 Шыңғыс хан және Монғол
империясының құрылуы.

2.

1 Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды
басып алуы. Монғолдардың Орта Азия мен
Қазақстанды басып алуы.
2 Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында. Бату
ханның Шығыс Еуропаға жорығы.
3 Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы:
территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.

3.

ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қиятбөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы
Темучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды.
Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында
Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер
бұрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар
деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша)
белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты
Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да,
бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болады.
Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп
аталған, осы атау араб, парсы, орыс және батыс европалық
деректерге ауысқан. Жалпы «татарлар» атауының шығысмонғолдық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татармонғолдар» және «монғол-татарлар» атауы кейін пайда болған.

4.

1207-1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің
оңтүстігіндегі «орман халықтарын» бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған
ұйғырлар монғолдарға бағынды. 1211 ж. Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215
ж. олар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы
Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.
Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен
Кавказды, Шығыс Европаны басып алу болды. Батыста монғолдар 1211 жылы алғаш рет
Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады. Бұл жылы монғол әскерін Жетісуға Шыңғыс
ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастап келген болатын. 1216 жылы Шыңғыс хан
өзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата
талқандауға аттандырды. Жошы Торғай даласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен
жорыққа шыққан хорезмшах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы
шайқасты, ал түнде монғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.
Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Осы жылы қаңлы, найман
және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бұл кезде Жетісуды
наймандардың Күшлік ханы билеп тұрған еді. Оған қарсы Шыңғыс хан өзінің таңдаулы
қолбасшыларының бірі Жебені жіберді. Монғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария
түрде ұстануға рұқсат етіп, Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың
наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін
Шыңғыс хан бұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер,
соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдар Бадахшанда ұстап,
өлтірді.

5.

1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін
1235 жылы Қарақорымда монғол ақсүйектерінің
құрылтай жиналысында Шығыс Европаға жаңа
жорық жасау туралы шешім қабылданды. Монғол
әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый
басқаратын болды. Шығыс Европаны бағындыруға
аттанған Батый басқарған монғол армиясының
көпшілік бөлігін қыпшақтар құрады.

6.

Алтын Орда алғашқы кезде Монғол империясының бір бөлігі болды,
сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың ұлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан
(1242-1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде ұстады. 1260 ж. Монғол
империясы тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батыйдың інісі
Берке ханның (1256-1266) тұсында дербес мемлекетке айналды. Ол
елді басқарған кезде Алтын Орда Монғол империясынан біржолата
бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266-1280) тұсында Алтын
Орда тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады. ХІІІ ғасырдың 80-ші
жылдары Алтын Ордада беклербек Ноғайдың есімімен байланысты
дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір ұрпағы ретінде Батый
мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің
дербес мемлекетін құру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындағы
елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298-1312) алауыздық
өзара күреске ұласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін
ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді.
Өзбек ханның (1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357)
тұсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан
исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.

7.

Ақ Орда. ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ
Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол монғол шапқыншылығынан кейін
Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың
негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280
жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ ғ.), Жошы ұлысының
шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен
ұлы Орда Ежен алады.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы
ханы – Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ
Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен
мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344
жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.
Шымтайдың (1344-1361 жж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361-1376
жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып
жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды.

8.

Моғолстан хандығы. ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс
Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғ.
ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс
Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан
мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы.
Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері
әулетінің негізін салды.
Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші
мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы өте көп
болған. Тоғылық Темір 1361 жылы Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы
Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына 1362-1385 жж.
Моғолстанның билеушісі болды. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары
басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат әмірі Қамар ад-Дин –
Жетісуды, Енке төре – Іле мен Тарбағатайды биледі.
Осыны пайдаланған Әмір Темір ХІҮ ғасырдың 70-80-жылдары Моғолстанға
оншақты рет шапқыншылықтар жасайды. Қызыр Қожа хан (1385-1399 жж.)
өзін Темірдің вассалы деп мойындайды. Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед хан
тұсында (1408-1418) елдің жағдайы біраз нығайды.

9.

Әбілқайыр хандығы. ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық,
батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық
иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (14281468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария
бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ
соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын
қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.
Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап,
шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі
жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен
Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда
Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар,
наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40
жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын
тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтанбасқарылмай бірнеше
иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып,
олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.

10.

Ноғай Ордасы. Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік
бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның
бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі,
әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен
байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың
бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс
аударып, Ноғай елі атанды.
Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай
Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан
сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің
кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440)
тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп,
дербес мемлекет болды.
ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,
саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап,
екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің
батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның
ішінде Кіші жүз құрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген
тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
English     Русский Правила