Похожие презентации:
Xix ғасырдың 50- жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
1.
XIX ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресіАрал теңізі маңындағы қазақтарға қарсы шабуылды күшейте түскен мемлекеттердің бірі Қоқан
ханндығы болды. 1808 жылы қоқандықтар Ташкентті, 1814 жылы Түркістанды басып алды. 1818
жылы қоқандықтардың Ақмешіт бекінісі Сырдарияның оң жағалауына көшірілді. Ақмешіт біртебірте сауда
керуен жолдары үстіндегі аса ірі әскери бекіністердің біріне айналды.
• Халық Қоқан хандығының езгісіне қарсы 1821 жылы көтеріліске шықты. Көтеріліс Шымкент,
Әулиеата,
Түркістан қалаларының аумағын қамтып, оған Тентек төре атанған Рүстем төре жетекшілік етті.
Күштің тең
болмауы салдарынан көтеріліс жеңілді.
2.
Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісіЖанқожа Нұрмұхамедұлы (1774-1860) - Кіші жүздің әлім тайпасы шекті руынан шыққан белгілі
батыр әрі би. Қазақтардың патша үкіметіне, Хиуа мен Қоқан хандықтарына қарсы ұлт-азаттық
көтерілістің басшысы.
• Жанқожа батыр Хиуа мен Қоқанға қарсы күресті. Жанқожа шекті руының басшысы еді. Сыр
бойының қазақтары оны ақылды әрі әділетті би ретінде таныды.
• Белгілі ғалым әрі қоғам қайраткері М.Тынышпаев ол туралы былай деп жазды: "Барлық үш
жүзге ортақ батыр әрі би, қазақтардың бостандығы жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр
орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады."
• 1836 жылы Жанқожа жауынгерлерімен бірге Хиуа әскерлеріне қарсы күреске шығып, олардың
ірі
Бекініс-қамалы Бесқаланы тас-талқан етіп қиратты.
• 1845 жылы Хиуаның құрамында екі мың сарбазы бар ірі жасағын ойсырата жеңді.
• 1847 жылы көтерілісшілер Сырдарияның сол жақ бетіне өтіп, Хиуа бекінісі - Жаңақаланы басып
алды
• 1856-1857 жылдары патша үкіметіне қарсы күрес болды.
• 1856 жылы Қазалы қамалы қоршауға алынды. Жазалаушы әскер мен көтерілісшілер
арасындағы
Шешуші шайқас 1857 жылы Арықбалық шатқалында өтті.
• Батырдың өмірден өтер кездегі соңғы сәтін Л.Мейер суреттейді.
3.
Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісЕсет Көтібарұлы (1807-1888) - Кіші жүздің белгілі батыры, Хиуа, Қоқан хандықтарына және Ресей
империясына қарсы бағытталған көтерілістердің жетекшісі.
• Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісін басқарған батырлардың бірі Есет болды.
• 1838 жылы Есет батыр Ресейдің Елек бекінісіне шабуыл жасауға қатысты. Жанқожа
Нұрмұхамедұлымен бірге Хиуа және Қоқан басқыншыларына қарсы белсене күресті.
• 1847 жылдың жазында Жем өзенінің бойында Есет батыр патша үкіметінің жазалаушы әскеріне
тұтқиылдан шабуыл жасады.
• 1858 жылы қыркүйекте жазалаушылардың қыспағымен Есет батыр көтерілісті тоқтатып, патша
билігін мойындауға мәжбүр болды.
• Көтерілісшілердің жеңіліс табуының басты себебі - олардың қару-жарағы нашар, күрес әдісі ескі
болатын.
• Бұл көтерілістер патша үкіметінің Орта Азия мемлекеттерінің
аумағын жаулап алу үрдісін біраз уақытқа тоқтатты.