21.84M
Категория: ИсторияИстория

Қазақстан тарихы XIX ҒАСЫРДЫҢ 50 жылдардағы қазақ шаруалараның азаттық күресі

1.

Қазақстан тарихы
XIX ҒАСЫРДЫҢ 50 жылдардағы
қазақ шаруалараның азаттық күресі
Таунар Ұлан

2.

Сабақтың мазмұны:
1
3
Оңтүстік аймақта
қалыптасқан жағдай
Жанқожа бастаған
көтеріліс
2
4
Ортаазиялық
хандықтарға қарсы
күресі
Есет бастаған көтеріліс

3.

Оңтүстік аймақтарда
қалыптасқан жағдай

4.


ХVІІІ ғ. аяғы-ХІХ ғ. Басы Кіші және Орта жүздің
аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанмен,
бірқатар қазақ жерлері Орта Азия
хандықтарына тәуелді болды.
ХІХ ғ. 20 жылдары - Ұлы жүздің бір бөлігі Орта
және Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа
және Қоқан хандықтарының иелігінде болды.
Ағылшын үкіметінің қолдауына сүйенген Хиуа,
Қоқан және Бұхар хандықтары Каспий теңізінің
жағалауынан Жетісуға дейін шабуыл жасады.

5.

Қоқан бекіністері

6.

Қоқан бекіністері
• 1808 жылы қоқандықтар Ташкентті
• 1814 жылы Түркістанды басып алды.
• 1818 жылы Ақмешіт бекінісін Сырдарияның оң
жағалауына көшірді
Ол Ташкент, Бұхара және Хиуадан Троицк,
Атбасарға, Батыс Сібір қалаларына өтетін
керуендерді бақылауда ұстады.
Қазақтардан әр отбасы жыл сайын салық ретінде
Қоқан үкіметіне 6 қой, 4 арба сексеуіл, 1000 бау
қамыс төлеп тұруға тиіс болды.
1815-1820 жылдары Күмісқорған, Жаңақорған,
Жүлек
1821 жылы Әулиеата
1825 жылы- Мерке, Пішпек, Тоқмақ т.б. бекіністер
тұрғызды.

7.

Хиуа бекіністері

8.

Хиуа бекіністері
1812,1816, 1820 жылдары Хиуа ханы МұхамедРахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы
болды.
1820 жыл ақпанда Хиуа ханы он мыңдық
әскерімен екі мыңға жуық қазақ ауылдарының
қаңыратып кетті.
1835 жылы Қуаңдария өзені бойында Құртөбе
әскери бекінісін салды. Ондағы әскери
гарнизонда 200 солдат болды.
Сырдарияның сол жағалауында Қожанияз және
Жаңақала әскери бекіністер тұрғызды.
1847 жылы хиуаның ірі шапқыншылығы болды.

9.

Қазақтардың ортаазиялық
хандықтарға қарсы күресі

10.

Тентектөре көтерілісі
Қазақ сұлтаны Рүстем төренің лақап аты.
1821 жылғы Орта Азия хандықтарының озбырлығына
қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған.
Қозғалыстың сипаты: Азаттық.

11.

Аумағы
ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Оңтүстік Қазақстан
мен Жетісудағы көтерілістер Қоқан үстемдігіне
қарсы бағытталды.
Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Сайрам өңірін
қамтыды.
Қозғаушы күші
Қазақ, қырғыз шаруалары
Жалпы саны 10 мың көтерілісші.

12.


1830-1840 жылдары Қоқан билеушілерінің қол
астында болған аймақтар: Жетісу, Оңтүстік
Қазақстанның біраз аумағы.
ХІХ ғасырдың 50-жылдары Ташкент билеушісі
Мырза Ахмет енгізген қыздар мен тұрмыс
құрмаған әйелдерден 3 сом 50 тиындық
қосымша салық жиналды.
1858 жылдың наурыз айында Қоқан езгісінде қарсы
ең ірі көтеріліс Әулиеата маңында болды.
ХІХ ортасында тегеуірінділігі мен
ұйымшылдығы жағынан ерекшеленген көтеріліс
аймағы: Шымкенттен Мерке және Пішпекке
дейінгі аймақ.
1858 жылы Тоқмақ, Шымкент бекіністерін қоршап,
Пішпек түбінде қырғыз-қазақ көтерілісшілері
Қоқан әскеріне соққы берді.

13.


Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан көтерілісті басуға
жіберілген әскери топтардың бірін басқарды.
Көтерілісшілер ауылдарын Ресей бақылауындағы
өңірлерге көшуге мәжбүр еткен:Қоқан әскерлерінің
жақындауы
Сарысуға 12 мың шаңырақ
Перовск портына 4700 шаңырақ көшті
1858 жылы мамырда көтерілісшілер Созақ, Мерке,
Шолаққорғанды алып, Жаңақорған мен
Түркістанды қоршады.
1858 жылғы халық қозғалысының тегеуірінен
сескенген қазақ феодалдары: Қоқан билеушілерімен
ымыраға барды. Қоқан ханы Худиярмен жасаған
ымыра бойынша Қоқан ханы ішінара жеңілдіктерге
келісім берді.
Мырза Ахмет орнына Ташкент билеушісі болып
Худияр ханның інісі Мұрат-аталық келді.
Көтеріліс талқандалды.

14.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі

15.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы
• 1780-1860 жылдары өмір сүрген.
• Кіші жүздің Кішкене шекті руының басшысы.
• ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Сыр бойындағы қазақ
шаруаларының азаттық күресінің басшысы.
белгілі қоғам қайраткері М.Тынышпаев: «Барлық үш
жүзге ортақ батыр әрі би, қазақтардың бостандығы
жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр
орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да
мойындамады» деп жазды.

16.

Көтеріліс себебі
Хиуа ханының ұлы Мұхаммед-Рақым
Аллақұлдың Жаңадария мен Қуандария
аудандарында көптеген қамал тұрғызуы.
Көтеріліске қатысушылар
Кіші жүздің шекті, шөмекей, төртқара,
қарасақал рулары

17.

Хиуа хандығына қарсы күресі
• Батыр ХІХ ғасырдың І жартысында Хиуаның қатаң
тепкісіне қарсы күрескен хан Арынғазы
Әбілғазыұлының ісін жалғастырып, алға алып барушы
болды.
• 1835 жыл Хиуаның Бабажан бекінісін шауып алды.
• 1836 жыл Хиуаның Бесқала бекініс-қамалын тасталқан етті.
• 1843 жыл Төменгі Сыр қазақтарының Хиуаның
Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.
• 1845 жыл Жанқожаның қолы Қуандария бойындағы
талқандалған бекіністі қалпына келтіруге жіберілген
екі мыңдай хиуалықты жеңді.
• 1847 жыл көтерісшілер Сырдарияның сол жақ бетіне
өтіп, Хиуаның бекінісі Жаңақаланы басып алды.

18.

Қоқан хандығына қарсы күресі
1845 жыл Қоқан хандығының Жаңақорған,
Күмісқорған, Қосқорған әскери бекіністеріне
шабуыл жасады.
Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен
белсенді байланыс жасап тұрды.
Кенесары ханмен туыстық қатынас орнатты. Хан
оның қызына үйленді.
Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ бекінісін
басып алуға қатысты.
1851 жыл Ақмешітке дейін жорық жасады,
қоқандықтардың әскери жасағын талқандады.
Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті
қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді.

19.

Ресейге қарсы күресі

20.

Патшалық Ресейдің өз жағына
тартуы
• Хиуалықтарға және
қоқандықтарға қарсы
күресте Жанқожа батыр
ресейліктермен
уақытша одақ құруға
мәжбүр болды.
• 1847 жылы Хиуа қарсы
күресін пайдаланып,
патша үкіметі батырды
өз жағына тартуға күш
салды.

21.

Патшалық Ресейдің өз
жағына тартуы
• Шекара комиссияның
есебінен жыл сайын 200
сом жалақы белгіленді.
Қарақұм мен Борсыққұм
қазақтарының
басқарушысы деген
лауазымды қызмет ұсынды.
Жасауыл атағы берілді.
Бірақ Жанқожа батыр патша
үкіметі ұсынған барлық атақ,
жалақы, қымбат бағалы
сыйлықтан үзілді-кесілді
бас тартты.

22.

Көтеріліс барысы
• Ресейдің Райым бекінісі салынды.Райым бекінісінің
қазіргі атауы Қазалы.
• 1853 жыл орыс әскерлері Ақмешітті алып, Сырдария
әскери шебін құрды
• 1856 жыл төменгі Сыр бойы қазақтарының көтерілісіне
себеп болған жағдай Бекіністерді салуға қазақтарды
күшпен тартуы
• 1856 жыл желтоқсан айында көтеріліс басталды.

23.

• Түркі болған себеп орыс солдаттарының жергілікті
үш қазақты кірпіш зауытының пешіне тірідей жағып
жіберуі еді.
Көтерілісшілердің жалпы саны 3 мың адамға дейін
жетті
Көтерілістің ошағы Жаңақала болды
Қазалы қамалын қоршады. 1856 жылы Жанқожа
батырдың туы астында 1 500 адам, 1857 жылы 5 000
адамға дейін жетті

24.

Арықбалық шайқасы
1857 жылы 9 қантар Арықбалық шатқалында
Жанқожа батыр мен генерал-майор Фитингофтың
әскері арасындағы шешуші шайқас болды. Нашар
қаруланған көтерісшілер зеңбірек пен мылтықтың қалың
оғына төтеп бере алмады.

25.

1860 жылы Жанқожа көтерілісі жаншылды
Л.Мейер: «Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп, қаружарағын асынып, үйінен шығып үлгерді. Бірақ аты
жоқ екен. Ажалымның жеткен жері осы екен деп, ол
бір төмпешіктің үстіне аспай-саспай шығып алды да,
өз иманын өзі үйіріп, дұға оқи бастады....зулаған
оқтар... көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып
ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның
мойнына дәл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып кетті».

26.

Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс

27.

Есет батыр 1807-1888 жылдары
Шекті руының биі, шешен
XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің
солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған.
• Қозғаушы күштері: халық шаруалары

28.

Бульжер Демитриус Чарлз
«Рас, олардың аттары мен
қаруы бар. Ат пен қару
бізде жоқ деп кім айта
алады? Біздің мұхит
түбіндегі құмның қиыршығы
сияқты көп екеніміз өтірік
пе? Өздерінің мойын бұрып
қараңдаршы: шығыс пен
батыста, солтүстік пен
оңтүстікте де қаптаған
қалың қырғызды
көретіндерің анық. Сөйте
тұра неге біз ат төбеліндей
азғана жатжерліктерге
бағынуға тиіспіз?!»

29.

Көтеріліс барысы
1838 жыл Ресейдің Елек бекінісіне шабуыл жасауға
қатысты.
Жанқожа Нұрмұхаммедұлымен бірге Хиуа және
Қоқан басқыншыларына қарсы белсене күресті.
1847 ж 18 маусым Жем өзені бойында Есет батыр
Орынбор жазалаушы тобымен шайқасып, жеңілсе де
күресін тоқтатпады.

30.


1848 жыл батырдың Хиуамен әскери одақ құру
жөніндегі ұсынысы сәтсіз аяқталды.
1855 жыл 8 шілде Орынбор губерниясының
әкімшілігі Есет Көтібарұлын ұстауды Арыстан
Жантөринге жүктеді
Есет тобы сұлтан Арыстан Жантөрин лагеріне
шабуылдап, сұлтанды сыбайластарымен қоса мерт
қылды.

31.


1858 жылы қыркүйек Есет батыр көтерілісті тоқтатып,
Орынборға барып патша билігін мойындады.
1859 жыл 24 тамыз бір топ сұлтан, билермен бірге
Санк-Петербургке жіберіліп, Александр ІІ патшаның
қабылдауында болды.

32.


1869 жыл Ырғыз уезі бастығының кіші көмекшісі
болып бекітілді
• 1873 жыл Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан
алтын медаль алды

33.

А.И.Добромыслов:
«Кенесары Қасымов қайтыс болғаннан бері
сұлтандар хан билігін қайтадан қалпына келтіруге
тырысқан әрекеттерін қойды және олардың халыққа
ықпалы да қалмай бара жатыр. Біздің бұл
еңбегімізде сондай екі батырдың- Жанқожа
Нұрмұхаммедұлы мен Есет Көтібарұлын атап
айтудың маңызы зор. Жанқожа мен Есеттің екеуі де
қарапайым қырғыздардың қалың бұқарасының
арасынан ерекше көзге түскен тұлғалар. Екеуі ақылойға, дене күшіне бай, ат құлағында ойнайтын
шебер шабандоздар, оның үстіне, Жанқожа қара
қылды қақ жарған әділ би ретінде де кеңінен
танымал. Бұл екі батыр Кенесары Қасымов қайтыс
болып, тарих сахнасынан кете салысымен-ақ шекті
руын өздерінің қалаулары бойынша басқара
бастады. Олар ешқандай да сыртқы билікке
бағынбағанымен қоймай, өздерінің ықпалын көрші
руларға да күшейтуге, кеңінен таратуға тырысуда»

34.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Сабақ аяқталды,
Келесі жүздескенше!
English     Русский Правила