636.02K
Категория: ОбразованиеОбразование

Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау практикасы

1.

Тақырып: Қоғамдық қауiпсiздiкке
және қоғамдық тәртiпке қарсы
қылмыстық құқық бұзушылықтар
туралы істерді қарау практикасы
Пән: Қылмыстық істердің жекелеген
санаттарын қарау ерекшеліктері

2.

Жоспар:
• 1) Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық
тәртiпке
қарсы
қылмыстық
құқық
бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігі
жоғары немесе кең тараған түрлерін
саралау
• 2) Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық
тәртiпке
қарсы
қылмыстық
құқық
бұзушылықтар туралы істерді қарау
ерекшеліктері

3.

Тақырып бойынша нормативтік
материал:
• 1) «Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы
ҚР Заңы.
• 2) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999
жылғы 13 шілдедегі ҚР Заңы.
• 3) «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы»
2005 жылғы 18 қаңтардағы ҚР Заңы.
• 4) «Жекелеген қару түрлерінің айналымына
мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998
жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңы.
• 4) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016
жылғы 12 қаңтардағы ҚР Заңы.

4.

Тақырып бойынша нормативтік
материал:
• 5) «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып,
басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы
заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР
Жоғарғы сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы нормативтік
қаулысы.
• 6) «Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе
жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру,
ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау
туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы
сотының 1995 жылғы 21 шілдедегі нормативтік қаулысы.
• 7) «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі
туралы» ҚР Жоғарғы сотының 2009 жылғы 8 қаңтардағы
нормативтік қаулысы.
• 8) «Террористік және экстремистік қылмыстар туралы
заңнаманы қолдану бойынша сот практикасының кейбір
мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8
желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысы

5.

ОБЪЕКТ
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – адамның
және
азаматтың,
қоғам
мен
мемлекеттің
серпінді
дамуын
қамтамасыз
ететін
Қазақстан
Республикасы ұлттық мүдделерінiң
нақты
және
ықтимал
қауiпқатерлерден қорғалуының жай-күйi

6.

Ұлттық қауіпсіздіктің түрлері:
1) қоғамдық қауiпсiздiк
2) әскери қауіпсіздік
3) саяси қауіпсіздік
4) экономикалық қауiпсiздiк
5) ақпараттық қауiпсiздiк
6) экологиялық қауiпсiздiк

7.

ОБЪЕКТ
• Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам
өмірінің
қауіпсіз
шарттарын
реттейтін, сондай-ақ қоғамның
қалыпты
өмір
сүруі
үшін
жеткілікті
деңгейдегі
қорғалғандық
жағдайын
қамтамасыз
ететін
қоғамдық
қатынастардың жиынтығы

8.

ОБЪЕКТ
• Қоғамдық
тәртіп

қоғамдық
тыныштық пен имандылықты, өзара
сыйластықты,
азаматтардың
қоғамдық орындардағы тиісті мінезқұлқын,
әлеуметтік
қарымқатынастарды қолдауға бағытталған
құқық нормаларын сақтау негізінде
қалыптасқан
қоғамдық
қатынастардың жүйесі

9.

ҚР ҚК 10-тарауындағы ҚҚБ-тарды
топтастыру
Топтық объектісі
бойынша
Қоғамдық
қауіпсіздікке
қарсы
Қоғамдық
тәртіпке қарсы

10.

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы
ҚҚБ-ды топтастыру
• 1) Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ҚҚБдың жалпы түрлері (ҚК-нің 255-274
баптары)
• 2) Қауіпсіздіктің арнайы ережелерін
бұзумен байланысты ҚҚБ (ҚК-нің 276282, 292-баптары)
• 3) Жалпыға қауіпті заттармен жұмыс
істеу
ережелерін
бұзумен
байланысты ҚҚБ (ҚК-нің 275, 283-291
баптары)

11.

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ҚҚБ-дың
жалпы түрлері (ҚК-нің 255-274 баптары)
1) Терроризммен және экстремизммен
байланысты қылмыстар (ҚК-нің 255256, 258-261, 269, 270-баптары)
2) Түрлі қылмыстық топтарды құрумен
байланысты қылмыстар (ҚК-нің 257,
262-268-баптары)
3) Жалпы
қауіпсіздікке
қарсы
қылмыстардың өзге түрлері (ҚК-нің
271-274-баптары)

12.

Террористік қылмыстар:
Терроризм актісі (255-бап)
Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария
түрде шақыру (256-бап)
Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне
қатысу (257-бап)
Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және
терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап)
Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында
адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру (259бап)
Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту (260-бап)
Адамды кепiлге алу (261-бап)
Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс
құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (269-бап)
Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап
әкету, сол сияқты басып алу (270-бап)

13.

Экстремистік қылмыстар:
• Террористiк немесе экстремистiк әрекетті
қаржыландыру және терроризмге не
экстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап)
• Террористiк не экстремистiк әрекетті
ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып
көндіру немесе даярлау не қаруландыру (259-бап)
• Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту
(260-бап)
• Заңсыз
әскерилендiрiлген
құралымды
ұйымдастыру (267-бап)

14.

Түрлі қылмыстық топтар құрумен
байланысты қылмыстар:
• Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның
әрекетіне қатысу (257-бап)
• Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға
басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (262-бап)
• Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол
сияқты оған қатысу (263-бап)
• Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық
ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға
қатысу (264-бап)
• Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған
басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (265-бап)
• Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты
мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу
(266-бап)
• Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру (267бап)
• Бандитизм (268-бап)

15.

Терроризм
• күш қолдану идеологиясы және халықты
үрейлендіруге байланысты және жеке
адамға, қоғам мен мемлекетке залал
келтіруге бағытталған күш қолдану және
(немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді
жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен
мемлекеттік органдардың, жергілікті өзінөзі
басқару
органдарының
немесе
халықаралық
ұйымдардың
шешім
қабылдауына әсер ету практикасы

16.

ТЕРРОРИСТIК IС-ӘРЕКЕТ – ТӨМЕНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ КЕЗ
КЕЛГЕНІН ЖАСАУ:
- терроризм актiсiн ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау,
қаржыландыру және iске асыру;
- терроризм актiсiн жасауға айдап салу;
- терроризм актiсiн жасау мақсатында заңсыз әскерилендiрiлген
құралымды, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды),
ұйымдасқан
топты
ұйымдастыру,
сол
сияқты
осындай
құрылымдарға қатысу;
- террористердi азғырып тарту, қаруландыру, үйрету және
пайдалану;
- терроризм актiсiн ұйымдастыруға, жоспарлауға, дайындауға
және жасауға ақпараттық тұрғыдан немесе өзгедей жәрдемдесу;
- терроризм идеяларын насихаттау, террористiк материалдарды
тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе
телекоммуникация желілерін пайдалана отырып тарату;
- көрсетілген әрекеттер террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не
террористік ұйымды қамтамасыз ету үшін пайдаланатынын ұғына
отырып, террористерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес іс-әрекеті террористік деп танылған
ұйымдарға қаржылық, құқықтық көмек көрсету немесе өзге де
жәрдемдесу.

17.

Терроризм актісі
(ҚК-нің 255-бабы)
Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою
немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк
залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де
зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де
әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық
қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан
Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет
мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның
шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа
арандату не халықаралық қарым-қатынастарды
шиеленiстiру мақсатында жасалса, сондай-ақ
аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау
қатерін төндіру

18.

Терроризм актісі (ҚК-нің 255-бабы)
Элемент
Объект
Белгі
Негізгі
Мазмұны
Қоғамдық қауіпсіздік
Қосымша а) өмір мен денсаулық
ә) меншік қатынастары
Объективт. Іс-әрекет
жақ
а) жарылыс жасау
ә) өрт қою
б) адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал
келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың
туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау
в) аталған әрекеттердi жасау қатерін төндіру
Субъект
14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Жалпы
Субъектив. Кінә
жақ
Мақсат
Тікелей қасақаналық
а) қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу
ә) халықты үрейлендіру
б)
Қазақстан
Республикасы
мемлекеттiк
органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық
ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету
в) соғысқа арандату
г) халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру

19.

ІС-ӘРЕКЕТ
Адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға
қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де
әрекеттер жасау деп зардаптары жағынан жарылыспен немесе өрт
қоюмен салыстыруға болатын қасақана іс-қимылдарды түсіну керек:
- авариялар мен апаттарды ұйымдастыру
- бөгеттерді қирату
- су құбыры жүйесін, электр беру желілерін және халықтың тыныстіршілігін қамтамасыз ететін басқа да объектілерді зақымдау
- эпидемия немесе эпизоотия тудыруға қабілетті микробтарды тарату
- жерлерді радиоактивтік, химиялық, биологиялық (бактериологиялық)
және өзге де улау
- әкімшілік ғимараттарды, әскери қызметшілер немесе құқық қорғау,
арнаулы немесе өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлері
орналасқан (орналасқан) орындарды басып алу және (немесе) қирату
- ғимараттарды, вокзалдарды, порттарды, мәдени немесе діни
құрылыстарды басып алу және (немесе) қирату).

20.

Қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау
қаупiн төндiретiн ӨЗГЕ ДЕ ӘРЕКЕТТЕР:
- бірнеше
адамдардың
денсаулығына
ауырлығы орташа зиян келтіру
- кәсіпорынның
(кәсіпорындардың)
және
(немесе) мекеменің (мекемелердің) жұмысын
ұзақ уақытқа бұзу
- мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі
басқару
органдарының
қызметін
ұйымдастыруға іріткі салу
- экологиялық ахуалды айтарлықтай нашарлату
(мысалы, суды, атмосфераны ластау, жерлерді
деградациялау және ауқымды материалдық
шығындарды және олардың салдарларын жою
үшін ұзақ уақытты талап ететін қоршаған
ортаны өзге де келеңсіз өзгертулер)

21.

ТЕРРОРИЗМ АКТІСІН ЖАСАУ ҚАТЕРІН
ТӨНДІРУ – кінәлі адамның арнайы
мақсаттарда жарылыс жасау, өрт қою
немесе адамдардың қаза табуы,
елеулi мүлiктiк залал келтiру не
қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың
туындау қаупiн төндіретін өзге де ісқимылдар жасауға анық көрінетін
ниетін
куәландыратын,
кесімді
мәлімдемемен сүйемелденетін ісқимылдары

22.

Зардап
Адамның қаза болуы, елеулі мүліктік залал
келтіру не өзге де қоғамдық қауіпті
зардаптардың туындау қаупі НАҚТЫ болуы
тиіс, бұл әрбір нақты жағдайда қылмыс жасау
орны, уақыты, қаруы, құралдары, тәсілі және
істің басқа да мән-жайлары (жарылыс орны
ауданында болған адамдардың саны туралы,
пайдаланылған жарылыс құрылғысының
қуаты мен зақымдау қабілеті туралы
деректер және т.б.) ескеріле отырып
айқындалады.

23.

Мүліктік залалдың ЕЛЕУЛІ болатыныболмайтыны туралы мәселені шешу
кезінде
жойылған
немесе
бүлінген
мүліктің, материалдық құндылықтардың
бағасын және маңыздылығын, сондай-ақ
бүлінген
мүлікті
қалпына
келтіру
(жөндеу) үшін қажетті нақты шығыстарды
негізге алу керек.
Террористік актінің салдарынан елеулі
мүліктік залал келтіру ҚК-нің 202 және
203-баптары
бойынша
қосымша
саралауды талап етпейді.

24.

Мақсат
ХАЛЫҚТЫ
ҮРЕЙЛЕНДІРУ

өзінің
сипаты бойынша адамдарда өз өмірі
мен
денсаулығы,
жақындарының
қауіпсіздігі, мүліктің сақталуы және т. б.
үшін қорқыныш тудыруы мүмкін ісәрекеттер.

25.

Мақсат
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
органдарының, шет мемлекеттiң немесе
халықаралық ұйымның ШЕШIМДЕР
ҚАБЫЛДАУЫНА ЫҚПАЛ ЕТУ – тиісті
субъектілерді белгілі бір шешімдер
қабылдауға не оларды қабылдаудан
бас тартуға итермелеу.

26.

Қылмыстық жауаптылықтан
босатудың арнайы түрі
• Терроризм
актiсiн
дайындауға
қатысатын адам, егер ол мемлекеттiк
органдарға дер кезiнде ескертуiмен
немесе өзге тәсiлмен терроризм
актiсiн болғызбауға ықпал етсе және
егер
оның
әрекеттерiнде
өзге
қылмыс
құрамы
болмаса,
қылмыстық
жауаптылықтан
босатылады

27.

Бандитизм (ҚК-нің 268-бабы)
Элемент
Объект
Белгі
Негізгі
Мазмұны
Қоғамдық қауіпсіздік
Қосымша а) өмір мен денсаулық
Объективт. Іс-әрекет
жақ
а) Банданы құру
ә) Бандаға басшылық ету
б) Бандаға қатысу
в) Банда жасаған шабуылдарға қатысу
Субъект
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Жалпы
Субъектив. Кінә
жақ
Тікелей қасақаналық
БАНДА – қаруды не қару ретінде пайдаланылатын
заттарды қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп
азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын
көздейтін алдын ала біріккен екі немесе одан да көп
адамдардың тұрақты тобы (ұйымдасқан топ)

28.

Бандитизмнің объективтік жағын
құрайтын әрекеттер:
• БАНДАНЫ ҚҰРУ – кез келген белсендi де мақсатты
iс-әрекеттердi жасаудың нәтижесiнде банданың
шын мәнiсiнде құрылуы
• БАНДАҒА БАСШЫЛЫҚ ЕТУ – банданың қылмыстық
iс-әрекеттерiн
жоспарлауға,
материалдық
қамтамасыз
етуге
және
ұйымдастыруға
байланысты, сондай-ақ нақты қылмыстарға
дайындалуға және оларды жасауға байланысты
шешiмдердi қабылдау
• БАНДАҒА ҚАТЫСУ – банданың құрамына кiру және
жоспарланған қылмыстарды қаржыландыруға,
қарумен, көлiкпен қамтамасыз етуге, нысандарды
iздестiруге, ақпараттарды жинастыруға және т.б.
• БАНДА ЖАСАҒАН ШАБУЫЛДАРҒА ҚАТЫСУ

29.

Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу
(ҚК-нің 292-бабы)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз
қоғамдық қатынастар
Объективт.
жақ
Ісәрекет
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу
Зардап
а) адамның денсаулығына ауыр немесе
ауырлығы орташа зиян келтіру
ә) азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал
келтiру
Субъект
Арнайы
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты
адам
Субъектив.
жақ
Кінә
Абайсыздық
ету
жөніндегі

30.

Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс
құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу (ҚК-нің 291-бабы)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі
Заңды қару айналымы
қоғамдық қатынастар
Заты
а) Атыс қаруы
ә) Атыс қаруының құрамдас бөліктері
б) Оқдәрі (патрон)
в) Жарылғыш заттар
г) Жарылыс құрылғылары
Объективт.
жақ
Ісәрекет
1) Жымқыру:
а) Ұрлау
ә) Алаяқтық
б) Иемденіп алу
в) Ысырап ету
г) Тонау (күш қолданусыз)
2) Қорқытып алу
Субъект
Жалпы
14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Субъектив.
жақ
Кінә
Тікелей қасақаналық
саласындағы

31.

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс
құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау
немесе алып жүру (ҚК-нің 287-баб. 1-бөл.)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі
Заңды қару айналымы
қоғамдық қатынастар
Заты
а) Суық қару
ә) Қару-жарақ
б) Қару-жарақтың оқ-дәрілері
Объективт.
жақ
Ісәрекет
- Алып жүру (аңшылық кәсіпшілікке
байланысты жағдайды қоспағанда) (а)
- Өткізу (а)
- Тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға,
ұйымдарға сату (ә, б)
Субъект
Жалпы
Арнайы
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам (а, ә)
Сауда ұйымдарының жұмыскерлерi
Субъектив.
жақ
Кінә
Тікелей қасақаналық
саласындағы

32.

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс
құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау
немесе алып жүру (ҚК-нің 287-баб. 2-бөл.)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі
Заңды қару айналымы
қоғамдық қатынастар
Заты
а) жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы
ә) газды қару
б) қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруы
в) олардың патрондары
Объективт.
жақ
Ісәрекет
а) заңсыз иемдену
ә) заңсыз беру
б) заңсыз өткізу
в) заңсыз сақтау
г) заңсыз тасымалдау
д) заңсыз алып жүру
Субъект
Жалпы
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Субъектив.
жақ
Кінә
Тікелей қасақаналық
саласындағы

33.

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс
құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау
немесе алып жүру (ҚК-нің 287-баб. 3-бөл.)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі
Заңды қару айналымы
қоғамдық қатынастар
Заты
а) атыс қаруы (тегiс ұңғылы аңшылық
қаруынан басқа)
ә) оқ-дәрiлер
б) жарылғыш заттар
в) жарылыс құрылғылары
Объективт.
жақ
Ісәрекет
а) заңсыз иемдену
ә) заңсыз беру
б) заңсыз өткізу
в) заңсыз сақтау
г) заңсыз тасымалдау
д) заңсыз алып жүру
Субъект
Жалпы
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам (а, ә)
Субъектив.
жақ
Кінә
Тікелей қасақаналық
саласындағы

34.

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және
жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу,
сақтау, тасымалдау немесе алып жүру
(ҚР ҚК 287-бабы)
• ҚАРУ – конструкциялық жағынан
алғанда тiрi немесе өзге де нысананы
зақымдауға, сондай-ақ белгi беруге
арналған құрылғылар мен заттар
• СУЫҚ ҚАРУ – нысананы тiкелей
зақымдайтын
құралы
адамның
бұлшық
етi
күшiнiң
көмегiмен
қозғалысқа келтiрiлетiн қару

35.

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және
жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу,
сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287бабы)
• АТЫС ҚАРУЫ – оқ дәрi немесе өзге де
заряд қуатының әсерi нәтижесiнде
ұңғы оқпанынан оқты, снарядты,
гранатаны ұшырып шығаратын қару
• ГАЗДЫ ҚАРУ – қолданылуы көз
жасын ағызатын немесе тiтiркендiргiш
заттарды пайдалануға негiзделетiн
қару

36.

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және
жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу,
сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287бабы)
• ОҚДӘРІ
(ПАТРОН)

конструкциялық
жағынан
қарудың тиiстi түрiнен ату үшiн
және
нысананы
зақымдауға
арналған құрылғылар немесе
заттар

37.

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және
жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу,
сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287бабы)
• ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАР – оқдәрiлер, тротил,
нитроглицерин,
пироксилин,
аммонал,
жарылатын басқа да химиялық заттар және
жарылғыштық қасиетке ие олардың алуға
және сақтауға арнайы рұқсат талап етiлетiн
қоспалары
• ЖАРЫЛЫС ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ – жарылғыш
затпен оқталған және атылатын қарудан
атуға арналған және жарылғыш заттармен
жарақтандырылған,
жинастырылған
құрылғылар

38.

Бұзақылық (ҚК-нің 293-бабы)
Элемент
Белгі
Объект
Негізгі
Мазмұны
Қоғамдық тәртіп
Қосымша а) денсаулық
ә) меншік қатынастары
б) ар-намыс пен қадір-қасиет
Объективтік
жағы
Іс-әрекет
Қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзу мен
қоғамды анық құрметтемеу, егер олар:
а) күш қолданумен не оны қолдану қатерін
төндірумен ұштасса;
ә)
бөтен
мүлікті
жоюмен
немесе
бүлдiрумен ұштасса;
б) барынша арсыздықпен ерекшеленетiн
әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасса
Субъект
Жалпы
Негізгі құрам – 16 жасқа толған ақыл-есі
дұрыс адам;
Сараланған құрам – 14 жасқа толған ақылесі дұрыс адам
Субъективтік
жағы
Кінә
Тікелей қасақаналық

39.

Бұзақылық (ҚК-нің 293-бабы)
• Бұзақылықтың НИЕТІ – басқа адамдардың
алдында өзінің артықшылығын, шектен
тыс ерекшелігін көрсетуге ұмтылыс.
• Бұзақылықтың
МАҚСАТЫ

айналадағыларды өрескел дөрекілігімен,
қоғамдық
мораль
нормаларын
пысқырмайтындығымен
таң
қалдыру,
азаматтардың санасына қорқыныш сезімін
ұялату, осылайша бір сәтке болса да
оларды өз еркіне бағындыру.

40.

Бұзақылық (ҚК-нің 293-бабы)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
2009 жылғы 12 қаңтардағы №3 нормативтік қаулысы
«Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот
практикасы туралы»

41.

Бұзақылық (ҚК-нің 293-бабы)
Күш қолдану – жәбірленушіні ұрып-соғу,
жұлқу, итеру немесе оның денсаулығына
қасақана жеңіл зиян келтіру.
Күш қолдану әрекеттерін
ҚК-нің 108, 109-баптары
бойынша қосымша саралау
қажет емес.

42.

Бұзақылық (ҚК-нің 293-бабы)
Бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру
әрекеттерін ҚР ҚК 202-бабы бойынша
қосымша саралау қажет емес (егер
ауырлатушы мән-жайлар болмаса).
Азаматтардың ар-намысы мен қадірқасиетін қорлауды ҚК-нің 131-бабы
бойынша қосымша саралау қажет
емес.

43.

Кейс №1
Бұрын жымқыру үшін бірнеше рет сотталған
Куликов азаматтарға шабуыл жасау мақсатында
қылмыстық топ құрады. Ол ТТ жүйесінің
тапаншаларын сатып алады және оларды топ
мүшелері Захаров, Даулетов және Пимановқа
үлестіріп береді. Кештердің бірінде қылмыстық
топ мүшелері кәсіпкер Мавлюдовтың күні бұрын
қарастырылып қойған пәтеріне шабуыл жасайды.
Алайда пәтер иесі оларға пәрменді қарсылық
көрсеткен соң Пиманов оны өлтіреді. Бұдан соң
қылмыстық топ мүшелері пәтерді тінтіп, құнды
заттарды алып кетеді.
• Қылмыстық топ мүшелерінің әрекеттеріне
қылмыстық-құқықтық баға беріңіздер.

44.

Кейс №2
• Диваев Ресей мен Қазақстан азаматтарынан
құралған 500 адамдық қылмыстық бірлестікке
басшылық жасайды. Диваев өз ұйымының
қылмысты қызметінің (қару саудасы, контрабанда,
қорқытып алу) негізгі бағыттарын айқындайды,
қылмыстық
бизнестен
алынған
табыстарды
заңдастырумен,
билік
өкілдерімен
сыбайлас
жемқорлық байланыстар орнатумен шұғылданады,
бірлестік құрамына кіретін жекелеген топтардың
қызметін үйлестіріп отырады. Нақты қылмыстарды
ұйымдастыру міндеті «бригада» жетекшілеріне
жүктеледі.
• Диваевтың әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық
баға беріңіз. Ол басшылық еткен қылмыстық
топтың
түрін
анықтаңыз.
Қылмыстық
әрекеттерді үйлестіру дегеніміз не?

45.

КЕЙС №3
Мас күйдегі Кулекеев өзінің әйелі мен ұлының жағдайын
білу үшін балалар ауруханасына келеді. Кезекші медбике
тынығу сағаты бітпегенін ескертіп, Кулекеевтің күте тұруын
сұрайды. Кулекеев жаңа ғана әйелімен телефонмен
сөйлескенін айтып, 15 минут ештеңе шешпейді деп
медбикемен сөзге келіп қалады, оны балағат сөздермен
«көмкереді». Медбике тәртіп солай екенін айтып, оны
ауруханаға кіргізбей қояды.
Кулекеев ергесіп, балағат сөздер айтуын тоқтатпайды,
үстел үстіндегі келушілерді тіркеу журналын жерге итеріп
тастайды. Медбике журналды көтеру үшін еңкейгенін
пайдаланып, оның жанынан сытылып өтіп кетпекші болады.
Медбике оның күртесінің етегінен ұстап алғанда, Кулекеев оны
күштеп итеріп жіберіп, «малғұн», «бұралқы ит» деп тіл тигізеді.
Сот-медициналық
сараптама
қорытындысына
сай
медбикенің денсаулығына жеңіл зиян келтіріледі.
Күлекеевтің әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға
беріңіздер.
English     Русский Правила