1.00M
Категория: МедицинаМедицина

Ландгафттану тұжырымынын қалыптасу тарихы

1.

Дәріс 2

2.

Дәріс жоспары
1.Геожүйе туралы түсінік.
2. Геожүйелер иерархиясының схемасы.
Ландшафттану ғылымы қалыптасуының ғылыми
және
тарихи
алғы
шарттары.
Физикалықгеографиялық синтез жолындағы алғашқы қадамдар.
3.
Ландшафттанудың басталуы: Докучаев пен оның
мектебінің еңбектері.
4.
ХХ
ғасырдың
Ландшафттану.
5.
6.
20-50
жылдарындағы
Ландшафттанудың қазіргі даму кезеңі.

3.

Ландшафттану: ғылым мен практика
Ландшафттану – география ғылымының табиғи
кешендердің құрылымдық-серпінділік өзгерістерін
және олардың космостық энергияның әсерінен
болатын кеңістіктік-уақыттық қарым- қатынастарын
зерттейтін бағыты.
Ландшафт өзін-өзі реттейтін жүйе болып табылады
және жанды және жансыз материяның қарымқатынасының белгілі бір шарттарымен сипатталады.
Ландшафттың құрамдас бөліктері бір аумақта
болуымен және оның біртектілігімен, энергияның
ортақ ағынымен, биохимиялық тәртіптемелердің
келбетімен және айналымымен, антропогендік қызмет
жағдайындағы қарым- қатынаспен және өзара
шарттастықпен тығыз байланысты.

4.

Табиғи жүйе тұжырымдамасы
Жүйенің тұжырымдамасы аса маңызды теориялық
қорытындылардың қатарына жатады:
жүйе – тура және кері байланыстармен қандай да бір
бірлестікке біріккен өзара байланысты бөліктердің кез келген
заттық-энергетикалық немесе тұжырымдамалық жиынтығы;
жүйе – бір-бірімен қоршаған ортамен салыстырғанда
берігірек белгілі бір қатынастар мен байланыстарда болатын және
сондықтан қандай да бір тұтастықты, бірлікті құрайтын көптеген
біртекті немесе әртекті бөліктер;
жүйе – өзінде бар, сырттан келетін және жиынтықтың өзі
өндіретін заттардың, энергияның, ақпараттың өзара әрекеттесуі,
бөлінуі және қайта бөлінуінің есебінен бар болатын және
салыстырмалы түрде тұрақты бір тұтастық ретінде басқарылатын
және ішкі байланыстардың сыртқы байланыстардан басым
болуын қамтамасыз ететін белгілі бір тәртіпте өздігінен дамитын
және өзін-өзі реттейтін, реттелген материалдық-энергетикалық
жиынтық.

5.

ТАБИҒИ ЖҮЙЕНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Табиғи жүйе – иерархиялық ұйымның жоғары
деңгейлерінде қызметтік құрамдас бөліктерге
топтасатын табиғи құрылымдардан құралған және
келесі қасиеттері бар жүйе:
ашықтық– жүйенің қоршаған ортамен заттар мен
энергияның тұрақты алмасуы бар болғанда ғана
өмір сүру мүмкіндігі;
тұтастық – жүйенің жекелеген құрамдас
бөліктерінің өзара байланысы мен өзара
шарттастығы;
жұмыс істеуі – жүйенің ішіндегі және жақын
жүйелердің арасындағы зат және энергия алмасу
үдерістері;

6.

серпінділік – жүйенің кезеңді өзгеріп отыратын
сыртқы факторлардың әсерінен құрылымын өзгертпей,
қайтымды өзгеру, яғни қысқа мерзімді әсерлер кезінде
өз қасиеттерін қалпына келтіру қабілеті;
биомасса өндіру – жүйенің бастапқы өндірушілері
– өсімдіктердің күн энергиясын пайдаланып,
атмосферадан көмір қышқыл газын, топырақтан
ерітінді түрінде азотты және микроэлементтерді алуы
болып табылатын аса маңызды қасиеті;
топырақ түзу қабілеті – жер ландшафттарының
тірі организмдердің және олардың қалдықтарының
литосфераның судың, күннің, желдің әсерінен
майдаланған сыртқы қабаттарымен өзара
әрекеттесуінің нәтижесінде ерекше табиғи дене –
топырақты түзу болып табылатын ерекше қасиеті;
-

7.

құрылымдылық – жүйелер кеңістіктік-уақыттық
тәртіптелген (ұйымдасқан), оның бөліктері белгілі
тәртіппен орналасқан;
орнықтылық – жүйенің сыртқы жағдайлар
өзгерген, оның ішінде антропогендік әсері болған кезде
де өз құрылымын сақтау қабілеті;
дамуға қабілеттілігі – жүйелер эволюциялық
жолмен өзгереді, яғни құрылымның түпкілікті қайта
құрылуына, өзгеру жылдамдығы жүйенің дәрежесіне
байланысты болатын жаңа геожүйелердің пайда
болуына алып келетін бағытталған қайтымсыз
өзгерістер жүреді;
жүйенің құрамдас бөліктері қасиеттерінің
кеңістікте өзгергіштігі – ол реттелген және кездейсоқ
болуы, яғни қандай да бір қасиет бір нүктеден екінші
нүктеге дейін қандай да бір заңдылыққа бағынбай
өзгеруі мүмкін;
-

8.

табиғи үдерістердің сызықтық еместігі – өзгеру және
зат пен энергия алмасу әрқашан төмендей беретін
жылдамдықпен жүреді, ол жүйенің орнықтылығын
жоғарылатады;
эволюция – жүйенің құрылымы мен жекелеген
құрамдас бөліктерінің өзгеруіне байланысты қайтымсыз
өзгерістер;
жүйенің эмердженттігі (ағылшынша – кенеттен пайда
болатын) – жүйенің қасиеттерінің оны құрайтын элементтер
қасиеттерімен бірдей болмау дәрежесі;
элементтердің қажетті сан-алуандығының қағидасы –
кез келген жүйе бірдей элементтерден құрала алмайды,
элементтердің сан-алуандығы жүйенің жұмыс істеуінің
қажетті шарты болып табылады;
тепе-теңсіздік қағидасы – тірі организмдердің
қатысуымен жұмыс істейтін жүйе ашық болып табылады,
сондықтан оған энергия мен заттардың келуі және кетуі тән,
оны тепе-теңділік жағдайында жүзеге асыру мүмкін емес.
-

9.

Географиялық жүйе
1963 ж. В. Б. Сочава физикалық географияның
зерттеу объектісі ретінде «географиялық жүйені»
қолдануды ұсынды.
Бұл термин табиғи-аумақтық кешен (ТАК)
терминінің синонимі ретінде түсінуге болады.
«Геожүйе» деген ұғым табиғи географиялық
бірліктердің географиялық қабықтан бастап ең
төменгі элементарлық (қарапайым) бөліктеріне
дейін қамтиды.

10.

Геожүйелердің даму құрылымы

өздерінің
орналасуында өзара
байланысты және бір тұтастың бөлігі ретінде
дамитын өзара шарттастықты табиғи құрамдас
бөліктерден құралған ерекше материалдық жүйе.
Ол іс жүзінде фациядан (бар аумағында біртекті
литологиясы, рельефі, климаты, топырағы және
биотикалық құрамдас бөліктері бар, табиғи
жиынтықтылық тұрғысынан одан әрі бөлуге
келмейтін
жер
телімі)
бастап
Жердің
географиялық қабығына дейінгі кез келген
физикалық-географиялық құрылымдар.
Геожүйе

11.

Геожүйе – табиғаттың барлық құрамдас бөліктерінің
өзінің орналасуында өзара байланысты, өзара
шарттастықты және бір тұтас дамитын уақыттық
кешені.
Бұл ұстанымдардан қарағанда Жер ғаламшары бірегей
геожүйе – эпигеосфера немесе жаhандық геожүйе, яғни
литосфераның, гидросфераның, атмосфераның және
биотаның ғаламшар ауқымында бір-біріне өзара кіру
және өзара әрекеттесу сферасы болып табылады.
Аталған құрамдас бөліктер ыңғайлы үйлескен
жерлерде геожүйеге литосфераның жоғары
қабаттарының жансыз және жанды организмдердің
әсерінен эволюциялық дамуының өнімі ретіндегі
топырақ та кіреді.

12.

Геожүйелердің иерархиясы
Геожүйелердің иерархиясы, яғни олардың жіктелуі
немесе физикалық географияда бір-біріне
аумақтық қосылып жатқан әртүрлі
геоөлшемдерден құралған кез келген ауқымдағы
әркелкі кеңістіктік-жүйелік денелерді сипаттайтын
таксонометриялық геохоралар қатары
Ландшафттануда жүйелік тәсіл негізгі әдіснамалық
тәсілдеме болып саналады

13.

Геожүйелер қатарын жіктеу
Өлшемдік тәртібі
Геожүелер қатары – типологиялық қатарлар
Ғаламшарлық
(планетарлық)
Эпигеосфера (1910 П.И.Броунов)- Ғаламшарлық
геожүйе (географиялық қабық)
Физикалық-географиялық белдеу
Физикалық-географиялық облыстар тобы
Субконтинент және оны құрайтын мегажағдайлар
Өңірлік
Физикалық-географиялық облыс:
ендік белдемдігімен;
вертикалдық белдеулілігімен;
Табиғи немесе ландшафтылық белдем
Физикалық-географиялық елдер
Ландашафтылық немесе физикалықгеографиялық провинция
Ландшафтық округ
Ландшафт (түрі, классы, типы)
Локальдық Топологиялық
Жергілікті жер (түрі, классы, типы)
Мекен, мекенше (түрі, классы, типы)

14.

Ландшафт
Ландшафт
нем.
Л.С.Берг

15.

Ландшафттанудың негізін салушылар:
Л.С.Берг
Г.Н.Высоцкий
Г.Ф.Морозов

16.

Географиялык ландшафт
Географиялык ландшафт — құрамындағы
табиғат құраушылары (жер бедері, климат,
су, топырақ, өсімдік бірлестіктері мен
жануарлар) мен морфологиялық бөліктері
(фация, қоныс, жергілікті жер) өзара
үйлескен,
өзіндік
құрылымы
бар,
географиялық қабықтың салыстырмалы
түрдегі біртектес бөлігі.

17.

Ландшафт жіктелуі
тип
тип
тармағы
түр

18.

Жер шарындағы барлық ландшафтардың
жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды

19.

Географиялық ландшафт - геожүйе түрлерінің бірі.
Барлық негізгі құрамбөліктері:
бедер,
климат,
су,
топырақ,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзара күрделі әрекетте
және өзара шарттылықта болып, біртұтас үздіксіз жүйе
құрайтын табиғи географиялық кешен. Ландшафттануда
географиялық ландшафтының бірнеше топтық анықтамалары
қалыптасты.
Қоғамдық
іс-әрекетте
географиялық
ландшафтының жүйенің ресурс өндіруші, орта құрушы
және генетикалық қорды сақтаушы жүйе ретінде және табиғи
ресурстарды жайғасты пайдалану мен қоршаған органы
қорғаудың ең басты нысандарының бірі ретінде көрінеді.

20.

Ландшафттану – физикалық географияның өңірлік
және локальдық табиғи аймақтық кешендерін
(геожүйелерді) зерттейтін ғылым саласы. Бұл
терминнің соңғы кезде региондық физикалық
географияның синонимі ретінде колданылуы басым
болып барады

21.

Ландшафттанудың негізгі мақсаты — табиғи және
мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құралымын,
өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып
табылады.
Ландшафтанудың басты міндеті –
ландшафттүрлерінің жаралуын, қасиеттерін,
құрылымы мен динамикасын, даму заңдылықтарын,
орналасуын және адамның шаруашылық әрекеттерінен
оның өзгеруін зерттеу. Сонымен бірге ландшафттану
төменгі сатыдағы геожүйелер (жергілікті жер,
мекен, фация, т.б.) және жоғары сатылық геожүйелер
(табиғи өлке, провинция, т.б.) мәселелерімен де
айналысады.

22.

Ландшафттанудың міндеттері қазіргі
кезде тек жер бетіндегі
геожүйелерді зерттеумен шектелген
Мұхиттық және мұхит-түбіндегі
геожүйелер әлі толық дамымаған, және ол
океанология ғылымымен бірлесіп
зерттейді

23.

Геожүйенің қасиеттері
Біртұтастық – геожүйенің барлық
компоненттері бір-бірімен тығыз өзіра
байланысты
Биологиялық өнімділігі – геожүйе күн
энергиясын пайдаланып биомассаны
өндіреді (мысалы, топырақ)
Ашықтық – энергия мен заттар айналымы
Заттар, ақпарат пен энергия алмасуы мен
өнделуі

24.

Геожүйенің қасиеттері
Іс-әрекеттілік (функционирование) – күн
энергиясы трансфромациялануы, ылғал
айналымы, геохимиялық айналым,
биологиялық метаболизм мен тартылыс
күші нәтижесіндегі заттардың
механикалық қозғалысы.
Геожүйенің құрылымы – вертикальді
(компоненттер арасында) және
горизонтальді (әртүрлі жүйелер арасында).

25.

Уақыт ырғақтылығы және динамика
Тұрақтылығы және өзгерісі
Эволюциялық өзгерістер мен дамуы

26.

Ландшафтанудың даму кезеңдері:
1. Ландшафт ілімінің тарихы (XVIII ғасырдың
ортасына дейін).
2. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін
3.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең
4. Қазіргі (жаңа) кезең

27.

1. Ландшафт ілімінің тарихы (XVIII ғасырдың
ортасына дейін).
Ғылыми ландшафтық-географиялық идеялар пайда болғанға дейін әр түрлі
халықтар әртүрлі жергілікті табиғи кешендер туралы идеяларды жинақтады.
Көптеген халық терминдері ландшафттанудың ғылыми сөздігіне енген
(мысалы, шатқал (урочище), арқалық (балка), жайылма, тундра, тайга және т.б.).
Ландшафт ілімінің екінші көзі географиямен тікелей байланысты. Көптеген
географиялық теориялардың бастауын Ежелгі ғалымдардан табамыз.
Аристотель (б.з. д. 384-322 ж. ж.), ол жердің сфералық идеясын ұстанады. Тағы
бір ежелгі ғалым Эратостен (б.з. д. 286-194 ж. ж.)
Жер шарының мөлшерін дәл есептеді. XV - XVI ғасырлардағы ұлы
географиялық ашылулар географиялық ойға әсер етті. голландиялық ғалым
Бернард Варенаның (1622-1650)
XVIII ғасырдың бірінші жартысында ғылыми географиялық сипаттамалар
пайда болды: С.П. Крашенинников "Камчатка жерінің сипаттамасы". В. Н.
Татищев және М. В. Ломоносов (климат және геоморфология).

28.

2. Физикалық-географиялық синтез жолындағы алғашқы
қадамдар (XVIII ғасырдың ортасы - XIX ғасырдың соңы).
Көрнекті ғалымдардың ішінде Александр Гумбольдт (1769 - 1859) және оның
жердегі табиғи құбылыстардың бірлігі мен өзара байланысы идеясын дамытқан
"Ғарыш" еңбегін бөліп көрсетуге болады.
А.Ф. Миддендорф 1843 - 1844 жылдары Шығыс Сібірде үлкен географиялық нәтижелер алды.
Ол бір жағынан өсімдіктер мен жануарлар әлемі, екінші жағынан климат пен жер бедері
арасындағы қатынастардың алуан түрлілігін зерттей алды.
Биік географиялық аймақты зерттеуге П.П. Семенов-Тянь-Шанский және бізге бұрыннан белгілі
Н.А. Северцов өз үлестерін қосты. К.И. Габлица (1785) және П. С. Паллас (1795) - Қырымға
арналған. XIX ғасырдың ортасынан бастап жалпы табиғи аудандастырудан бастап жеке
компоненттер бойынша аудандастыруға көше бастады. 1851 жылы Р. Э. Траутфеттер Еуропалық
Ресейдің алғашқы ботаникалық-географиялық аудандастырылуын жариялады, оны кейіннен
жетілдіруге тырысты Н.А. Бекетов (1874) және ф. п. Кеппен (1885). 1871 жылы сол аумақты
зоогеографиялық аудандастыру схемасы м.н. Богдановты атап өтті. 1871 жылы Кавказдың
Климаттық аудандастырылуы жарияланды. 1886 жылы Еуропалық Ресейдің алғашқы
геоморфологиялық аудандастыруын С. Н. Никитин жүргізді (Исаченко, 1991).

29.

3. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары
ХІХ ғасырдың соңына қарай Ресейде мықты географиялық мектеп
құрылды.Оның негізін қалаушысы Петербург университетінің профессоры
В.В.Докучаев (1846 – 1903) еді. Оның атақты ғылыми еңбектерінің бірі жер
туралы ғылым ашуы. Докучаевтың жерге көзқарасы – географиялық: жер –
географиялық компоненттерінің, оның ішінде жылу, ылғалдық, рельеф және
организмдердің өзара әрекеттесуінің нәтежиесі, ол ландшафтының шикізаты,
әрі оның айнасы болып табылады. Ол ең алғаш тәжірибе жүзінде Нижегородская
(1882 –1886), Полтавская (1888 – 1894) және ерекше жазық дала атақты
экспедицияларын ұйымдастыру арқылы нақты аймақтардың кешенді зерттеу
принциптерін ашты. Соңғы экспедиция жұмыстарының барысында зерттеудің
жаңа әдісі табылды, ол – стационарлық.Докучаевтың ғалым ретінде маңызды
жері,ол зерттеудің жоғары теориялық деңгейін практикамен ұштастырды.Оның
экспедициялықпен қоса ғылыми еңбегі орыс ауыл шаруашылығына тәуелді
еді.Оның басты мақсатының бірі – жазық даладағы құрғақшылық пен тағы
басқа табиғаттың қолайсыз жағдайларымен күресу әдістерін табу және әртүрлі
табиғи жағдайларда ауыл шаруашылығын рационалды түрде жүргізудің
ғылыми негізін ашу

30.

4. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең
Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта ландшафттанудың теориялық мәселесіне
қызығушылық арта түсті. Жетекші университеттердің оқу жоспарларына
«Ландшафттар туралы оқу» курсы енгізілді. Ландшафттық
түсірілім мен ландшафттық карта жасауға: ландшафт морфологиясы, фаций мен
шатқалды бөлу принциптері, олардың жүйелілігі, ландшафттың көлемі мен
критерийі, ландшафттық шекара мәселелері және т.б. байланысты мәселелерге
ерекше назар аударылды.
1944-1946 жылдары Б.Б.Полынов ғылымның жаңа бағыты -ландшафттағы
химиялық элементтердің миграциясын зерттеуге қатысты ландшафттың геохимия
негіздерін жасап шығарды. Ландшафттануға жақын келетін екінші бір жаңа бағыт,
атап айтқанда биогеоценология В.Н.Сукачевтың (1880-1967) атымен байланысты.
Оның 40-жылдары енгізген «биогеоценоз» түсінігі фациймен ұқсас, бірақ басты мән
биокомпоненттерге және олардың қоршаған ортамен заттық-энергетикалық
алмасуына берілген. В.Н.Сукачев биогеоценозды зерттеудің маңызды әдісін
стационарлық деп есептеді және оның бастамасы бойынша биогеоценологиялық
стационарларды ұйымдастыру басталды.

31.

1947 жылы КСРО Ғылым академиясының мамандарының «КСРОнытарихи – жаратылыс аудандастыру» еңбегі жарыққа шықты және осы жылы
С.П.Сусловтың (1893-1953) аудандастыру кестесімен бірге «КСРО физикалық
географиясы» (азиалық бөлігі) атты үлкен еңбегі басылып шықты. Осы
жұмыстарда алғашқы дәстүрлі зоналық жіктеумен қатар, елді ірі өңірлік
бірліктерге жіктеу түріндегі бейзоналық принциптің көрінісі бар. 1946 жылы
А.И.Яунпутининь материктерді физико-географиялық секторларға және елдерге
жіктей отырып, жер шарының барлық құрғақ жерлерін аудандастырудың
қызықты тәсілін жариялады. Осы жылдары ландшафт туралы және физикогеографиялық аудандастыру туралы ғылым мағынасына қарай, бірі бірінен
тәуелсіз тұрғыда зерттелді.

32.

5. Ландшафттанудың қазіргі даму кезеңі.
Ландшафттанудың дамуындағы қазіргі кезеңнің басталуын анықтау өте
қиын, өйткені теориялық және практикалық материалдардың жинақталуы біртіндеп
жүріп, осы ғылымның теориясы мен әдістерінің қалыптасуы біртіндеп жүрді.
А. Г. Исаченконың пікірінше, ландшафттанудың дамуындағы қазіргі кезең
өткен ғасырдың 60-жылдарында басталды.
Соңғы жылдары ландшафт туралы ілімдерінің негізгі идеяларға
халықаралық мойындалды.Әр түрлі елдердің мамандары, адамзаттың табиғат
ортасын оңтайландырумен байланысты, қазіргі заманның өзекті проблемаларын
шешу ландшафт – географиялық теорияға сүйену қажеттігін, практикалық
тәжірибемен көз жеткізді.
В. Сочавы (1905-1978) алғашқы ландшафтық-географиялық стационарлар
ұйымдастырылды.
Осы
жылдары
талантты
студенттердің
арқасында
Ландшафттардың дамуы мен геохимиясының белгілі бір деңгейіне жетті және
Полыновтың ізбасарлары-М. А. Глазовская және А.И. Перелман (1916-1998).

33.

Построение профиля речной доли
http://ecosystema.ru/04materials/m
htm
http://ecosystema.ru/04materials/v
08.htm

34.

Сұрақтар
1.Ландшафт зерттеушісінің
халық терминдерін атаңыз.
сөздігіне
кіретін
2.
В.
В.
Докучаев
шығармаларының
ландшафттанудың қалыптасуындағы маңызы?
3.
20-50 жылдардың
қосқан үлесі.
ғылымның
дамуына
4.
Ландшафттанудың
ерекшеліктері.
қазіргі
кезеңінің

35.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1. Исаченко, А.Г. Ландшафтоведение и физико-географическое
районирование / А.Г. Исаченко. М.: Высш. шк., 1991.– 366 с.
2. Николаев, В.А. Ландшафтоведение: семинарские и практические занятия
/ В.А. Николаев. – М.: Изд-во Моск. ун-та, 2000. – 94 с.
3. Егорова Н.Т. Основы ландшафтоведения: курс лекций. Учебное пособие
для студентов педагогических вузов / Н.Т.Егорова: РИО КузГПА, 2014. –
122с.
4. Соболева Н.П. Ландшафтоведение: учеб. пособие / Н.П. Соболева, Е.Г.
Язиков. – Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2010. –
175 с.
5. Голованов, А.И. Ландшафтоведение: учебник для студ. вузов / А.И.
Голованов, Е.С. Кожанов, Ю.И. Сухарёв; под ред. А.И. Голованова. – М.:
Колос-С, 2008. – 216 с.
English     Русский Правила