513.34K
Категория: ПравоПраво

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ
ЖАНЫНДАҒЫ СОТ ТӨРЕЛІГІ АКАДЕМИЯСЫ
<ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ФИЗИКАЛЫҚ
ТҰЛҒАЛАРҒАІС ЖҮРГІЗУДІ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫН
ҚОЛДАНУ>
1 ТОП

2.

IС БОЙЫНША ІС ЖҮРГIЗУДI ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ ШАРАЛАРЫ ДЕГЕНІМІЗ
• Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан
Республикасы кодексінің 785-бабының бірінші және
екінші бөліктерімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық
туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары
әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеудің айрықша құралдары
болып табылады.

3.

IС БОЙЫНША ІС ЖҮРГIЗУДI ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ ШАРАЛАРЫ МАҚСАТЫ
• Оларды уәкілетті лауазымды адам өзінің өкілеттіктері шегінде әкімшілік
құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасағаны үшін сезікті болған
адамның жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы
хаттаманы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған, адамдардың өміріне
немесе денсаулығына тікелей қауіпті, аварияны немесе техногендік апатты
болдырмаған жерде жерде жасау мүмкін болмағанда және осындай
шараларды қабылдамау істің мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық
және объективті анықтауға, оны заңға сәйкес шешуге, шығарылған
қаулыны орындауды қамтамасыз етуге кедергі келтіретін жағдайда
қолданады

4.

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ
• әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге
жеткiзу;
• жеке тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алу;
• күштеп әкелу;
• жеке басын жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге
алып жүрген заттарын жете тексеруді;
• көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді жете тексеру;
• құжаттарды, заттар мен тауарларды алып қою;

5.

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ
• көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттету және
оның алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан масаң күйiн куәландыру;
• көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстап алу, жеткiзу және
пайдалануға тыйым салу
• қарап-тексеру;
• жеке тұлғаның алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң
күйiн медициналық куәландыру;
• осы Кодекстің 48-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген
түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу.

6.

ЖЕТКІЗУ (ДОСТАВЛЕНИЕ)
• iшкi iстер органдарының қызметкерлерi iшкi iстер органына
(полицияға) немесе өзге де мемлекеттiк органға жеткiзудi,
яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады
• Жеткiзу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүргізілуге тиiс
• Жеткiзу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық
бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстап алу туралы хаттамаға тиiстi
жазба жазылады.

7.

ӘКІМШІЛІК ҰСТАП АЛУ
• Әкiмшiлiк ұстап алуды, яғни құқық бұзушылықтың жолын кесу
немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның,
заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас
бостандығын қысқаша мерзімге шектеу.

8.

ӘКІМШІЛІК ҰСТАП АЛУ ТӘРТІБІ
• Әкiмшiлiк ұстап алу жөнiнде хаттама жасалады
• Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның атаанасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар
етілуі мiндеттi.
• әскери полиция органдары дереу хабардар етіледі.
• оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгi болмайтын үйжайларда ұсталады
• кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.

9.

ӘКIМШIЛIК ҰСТАП АЛУ МЕРЗIМДЕРI
• үш сағаттан ұзақ болмауы керек
• қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау және құқық
бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшiн бұл жөнінде ұстап алынған
кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша
хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн.
• Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне
байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi
iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi немесе әскери
патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал өзімен бірге
құжаттары жоқтарды – олардың жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ
қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.

10.

ЕСКЕРТПЕ!!!
• Әкімшілік жазалау шарасының бірі ретінде әкімшілік қамаққа алуға әкеп
соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс
жүргізу қозғалған адам, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс
қаралғанға дейін, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын әкімшілік ұстап
алуға тартылуы мүмкін.
• Ұстап алынған адамның бас бостандығы ұстап алған адамға қандай да
бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдер
орындалуына қарамастан, шын мәнінде шектелген кезде, минутына
дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстап алу мерзімінің басталуы болып
табылады. Масаң күйдегі адамға қатысты әкімшілік ұстап алу мерзімі –
медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап
есептеледi. Нақты ұстап алу уақытынан бастап үздіксіз есептелетін үш
сағаттың өтуі осы мерзімнің аяқталу кезі болып табылады.

11.

КҮШТЕП ӘКЕЛУ
• өзiне қатысты әкiмшiлiк іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлға
• заңды тұлғаның өкiлi,
• әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның
заңды өкiлiн күштеп әкелу жүргiзiледi.

12.

КҮШТЕП ӘКЕЛУДІ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТI ҚАРАП ЖАТҚАН
• судьяның,
• Мемлекеттік қызмет істері
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,
• Қазақстан Республикасының ішкi iстер, қаржы министрліктері белгiлеген
тәртiппен көрсетілген органдардың қарауында жатқан әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iстер бойынша iшкi iстер органдары, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі
жүргiзедi

13.

ЖЕКЕ БАСТЫ ЖЕТЕ ТЕКСЕРУДІ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ
ӨЗІМЕН БІРГЕ АЛЫП ЖҮРГЕН ЗАТТАРЫН ЖЕТЕ ТЕКСЕРУ
•Жеке басты жете тексеру
•Жеке тұлғаның өзімен бірге алып
жүрген заттарын жете тексеру

14.

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
• Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып
жүрген заттарын жете тексеруді уәкілетті лауазымды адамдар ғана
жүргізеді
• Жеке басты тексерiп қарауды тексерiп қаралушымен жынысы бірдей
адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзіледі
• Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жеке басты жете
тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете
тексеруді жүргізуге негіз болып табылады
• тексерiп-қарау осы заттардың меншік иесі немесе иелігіндегі тұлғаның
қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргiзіледi

15.

ЕРЕКШЕЛІКТЕР
• жеке басты жете тексеру, заттарын жете тексеру жиырма төрт сағат
iшiнде прокурорға бұл жөнінде хабарланып, куәгерлерсіз жүргiзiлуi
мүмкiн.
• Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба
жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де
тәсілдері қолданылады
• Жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттардың иесi
хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба
жасалады.

16.

КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН, ШАҒЫН КӨЛЕМДI
КЕМЕЛЕРДI ЖЕТЕ ТЕКСЕРУ
• Көлік құралын, шағын көлемді кемені жете тексеру,
яғни көлік құралын, шағын көлемді кемені олардың
құрылымдық тұтастығын бұзбай жүргізілетін зерттепқарау құқық бұзушылық жасау құралдарын не
әкімшілік құқық бұзушылық заттарын табу және
алып қою мақсатында жүзеге асырылады.

17.

ҚАРАП-ТЕКСЕРУ (ОСМОТР)
• Қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жердi, нәрселерді, Қазақстан
Республикасының аумағына импортталған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы өткізілетін құжаттарды, тiрi адамдарды
көріп зерттеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық iздерiн, өзге де материалдық
объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау
үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
• Қарап-тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін
жүргізілуі мүмкін.

18.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІМЕН БІРГЕ АЛЫП ЖҮРГЕН
ЗАТТАРЫН, ТАУАРЛАРЫ МЕН ҚҰЖАТТАРЫН АЛЫП ҚОЮ
• Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген,
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету
шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы не
нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды, Қазақстан
Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қоюды іс
бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға
уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге
асырады.

19.

КӨЛIК ҚҰРАЛЫН, КЕМЕНІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ШАҒЫН
КӨЛЕМДІ КЕМЕНІ БАСҚАРУДАН ШЕТТЕТУ ЖӘНЕ МАСАҢ
КҮЙIН КУӘЛАНДЫРУ
• Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын
жүргiзушi, кеме жүргiзушi масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер
болса, олар көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi
басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн куәландыруға жатады.
• Масаң күйiн куәландыруға жiберу, масаң күйiн куәландыру және оның
нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген
тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен
келiспеген жағдайда, олар медициналық куәландыруға медициналық
мекемеге жiберiледi.
English     Русский Правила