Әкімшілік құқық бойынша тәртіптік-құқықтық мәжбүрлеу. Орындаған: Аманғазина Мадина ҚҚ-311
Назарларыңызға рахмет!
115.40K
Категория: ПравоПраво

Әкімшілік құқық бойынша тәртіптік-құқықтық мәжбүрлеу

1. Әкімшілік құқық бойынша тәртіптік-құқықтық мәжбүрлеу. Орындаған: Аманғазина Мадина ҚҚ-311

2.

Әкімшілік мәжбүрлеу - басқару әдісі
ретінде адамдардың санасына және мінез –
құлықтарына психикалық, материалдық немесе
физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік
басқару сферасында құқықтық
тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы,
амал – тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау
функциясын атқарады.

3.

Әкімшілік – мәжбүрлеудің белгілері:
Заңның негізінде қолданылады. Құқық
нормасымен мыналар реттеледі: қандай
шаралар, қандай жағдайда, қандай тәртіпте,
кім қолдануы мүмкін. Мәжбүрлеу
шараларының айқын регламентациясы жеке
басқа, тұрғын жеріне және азаматтардың
жеке меншігіне қол сұғылмаушылық
қағидаларын сақтау үшін қажет;
Жеке тұлғаларға арналған, яғни әкімшілік –
құқықтық нормаларды бұзған нақты құқық
субъектілерге ғана қолданылады
Юрисдикциялық (іс жүргізушілік), құқық
қолданушылық актілері арқылы жүзеге
асырылады;
Әкімшілік мәжбүрлеуге соттан тыс қолдану
тәртібі тән. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын
қолдану оларды сотқа бармай –ақ тікелей
жүзеге асыратын тиісті атқарушы
органдардың (лауазымды тұлғалардың)
құзырылығына берілген. ҚР заңнамасына
сәйкес әкімшілік мәжбүрлеу шараларының
жекеленген шараларын соттар пайдаланады
(аса қатаң әкімшілік жазаларға тартқанда);
Ведомстволық шектеулері болмайтын (жол
жүру қауіпсіздігі ережелері, санитралық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету) мемлекеттік
басқару сферасында жалпыға міндетті мінезқұлық ережелерін қалыптастыратын
әкімшілік – құқықтық нормаларды
қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

4.

Кейбір жағдайларда Қазақстан
Республикасының ӘҚБтК әкімшілік
жауапкершілікті тәртіп жауапкершілігіне
ауыстыруды белгілейді. Тәртіп жарғысының
немесе тәртіп туралы арнайы ережелердің ісәрекеттеріне бағынатын әскери қызметкерлер,
әскери жиынға шақырылған азаматтар, ішкі
істер органдарының қызметкерлері және басқа
да тұлғалар тәртіп реттеуші тәртіп жарғылары
мен әскери қызметтен өту тәртібін реттейтін
басқа нормативтік-құқықтық актілер негізінде,
әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапқа
тартылады.

5.

әкімшілік мәжбүрлеу – біртекті ұғым
емес, керісінше құқықтық тәртіпті қорғау
мақсатында өкілетті құқық қолданушы
субъектілермен қолданылатын мәжбүрлеу ықпал етудің
әкімшілік – құқықтық амал – тәсілдердің, құралдардың
жиынтығынан құралатын күрделі ұғым.
Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негізі болып, ереже
бойынша, әкімшілік құқық бұзушылықты
жасау немесе әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қандайда
болмасын қауіпті салдарлардың туындауының алдын алу
үшін, ескерту үшін пайдаланатын, құқық нормасында
көзделген ерекше жағдайлардың (мысалы, індет, (эпидемия),
эпизоотия, табиғи апаттар немесе басқа да табиғи апаттар)
басталуы болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу
шараларының кешені алуан түрлі. Олардың
барлығын мақсаттары бойынша, негіздері бойынша және
қолданылу тәртібі бойынша бөлуге болады, осы
аталғандардың барлығы әкімшлік мәжбүрлеу шараларын
топтау үшін объективті алғы шарттар болып
табылады.Қандайда болмасын шаралардың мәжбүрлеу
жүйесіндегі орны ең алдымен, оның сәйкес қоғамдық
қатынастарға ықпал ету тәсіліне байланыстырлыған оның
мақсатымен анықталады.
Ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін
әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқық беріледі,
олар қоғамдық қатынастарды құқыққа қарсы қол
сұғушылықтан қорғау үшін пайдаланылады. Ішкі істер
органдары жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын,
азаматтардың, органдар, кәсіпорын, мекеме және заңды
мүдделерін қорғай отырып, ішкі істер органдарының сендіру
шараларын әсер етпегендеріді, құқық нормаларын сақтауға
көндіру және құқық тәртібіне еріксіз түрде бағынуды
қамтамасыз ету үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға
құқылы. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық
бұзушылықтың алу мақсатында қолданылады.
English     Русский Правила