Похожие презентации:
Білім, ғылым, техника және технологиялар
1. Білім, ғылым, техника және технологиялар
2. ЖОСПАР:
1.2.
3.
4.
5.
6.
Ғылымның пайда болу тарихы.
Ғылымдардың классификациясы
Ғылымның функциялары
Ғылымның демаркация мәселесі
Сциентизм және антисциентизм
Ғылыми-техникалық прогресс
Ғылым этикасы
3. Ғылымның пайда болу тарихы
Ғылым – бұл сезімталәлемнің "ретсіздік көп
түрлілігін" «ойлаудың
бірыңғай жүйесіне»
сәйкестендіруге
ұмтылыс.
(А.Эйнштейн)
Ғылым – бұл рухани
және материалдық
шындық туралы
объективті, жүйелі және
дәлелденген білімдерді
қалыптастырумен
байланысты теориялық
та және практикалық та
саладағы іс-әрекеттің
ерекше нысаны.
4.
Қазіргі кезеңдегі ғылымның нақты отаны ЕжелгіГреция болып табылады. Ғылымның іргетасы –
математиканы, астрономияны, механиканы,
оптиканы, биологияны, медицинаны гректер
қалаған. Грек астрономдары мен математиктері
тұңғыш рет ғылыми болжам (гипотеза) мен
дедуктивтік дәлелдеуді қолданған.
5.
Антикалық философтар математиканыңдамуының теориялық жолына өтуге қажетті
құралдарды өңдеп, математикалық білімдерді
дәлелдеулер әдісін қолданулар арқылы
жүйелендірудің алуан түрлі қадамдары
қабылданды.
6.
Математикадағы рациональдықойлаудың тұңғыш өкілі Фалес (625-548
б.з.д.) болып есептеледі.
Фалес – мемлекеттік қайраткер,
инженер, астроном, философ,
математик.
7.
Пифагор Самостық (580-500 б.з.д.)ежелгі грек математигі. Пифагордың ілімі
бойынша, сандар заттардың мәні болып
табылады. Сандар – бүкіл тіршіліктің
бастамасы, дүние туралы түсініктің кілті.
8.
VI ғ. өмір сүрген Боэций орта ғасырлықоқу орындарында оқытылатын жеті
міндетті пәнді тұжырымдады. Өз
кезегінде «жеті еркін өнерді» екі бөлікке
бөлу қабылданды: тривиум (үш бастапқы
білім – грамматика, риторика және
диалектика), және квадривиум (төрт білім
жолы: геометрия, арифметика,
астрономия және музыка).
9.
Бірінші университеттер Болонияда (ХІ ғсоңы), Кембриджде, Оксфордта (ХІІІ ғ.
басы) және басқа европа орталықтарында
пайда болды.
10.
IX-XIV ғ.ғ. билік жүргізген философия схоластика,орта ғасырлық діни философия деген атқа ие
болды, оның негізгі мақсаты – діни дүниетанымға
теориялық негіздеме беру, дәлелдердің логикалық
әдістерімен діни догмаларды ұтымды дәлелдеу.
Атауы «схола» деген (мектеп) сөзден шыққан, бұл
оның мектептік-дидактикалық сипатын көрсетеді.
ХІІІ ғ. схоластиканы жүйелендіруші белгілі
философ Фома Аквинский болды.
11.
Универсалийлер (лат. universalis - жалпы)- орта ғасырлық философияда жалпы
ұғымдар осылай аталды.
Реализм жалпы ұғымдар заттардан тыс өз
бетімен болады және әлем мен танымда
оның алдында болады деп тұжырымдаған.
Номинализм жалпы ұғымдардың өз
бетімен өмір сүруін теріске шығарды және
тек жалғыз заттарды ғана мойындады.
12.
ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану немесе философиялық
мұрасымен кең танысады. Аристотель
философиясы басты назарда болады.
Орта ғасырлық араб философиясы –
«шығыс перипатетизмінің» басты бағыты
ілімінің негізі болды. Осы бағыттың негізін
қалаушы араб философы, астрологы,
математик және дәрігер әл-Кинди болды.
Шығыс перипатетизмнің әрі қарай дамуы
әл-Фараби және Ибн Сина есімдерімен
байланысты.
13.
Абу Насыр Әл Фараби (870, Фараб – 950,Дамаск) - Шығыс философы, ғалымэнциклопедисті, шығыс аристотелизмінің ірі өкілі.
Фараби Аристотель (осыдан оның «Екінші ұстаз»
атты құрметті атауы шыққан) мен Платон
шығармаларына берілген комментарийлердің
авторы.
14.
Орта ғасырдағы атақты ғалым тәжік философы,дәрігер, жаратылыстану ғылымдарын жетік
меңгерген, ақын және белгілі музыка танушы –
Абу Әли Ибн Сина (Батыс Европада Авиценна
деп атаған).
Философиялық шығармаларының ішінде ең
белгілісі - "Китаб-аш-шифа" («Сауығу кітабы»).
Ибн Сина философ-рационолист болған. Ол
тәжірибеге, шындықты фактілермен,
практикамен сынап тексеруге үлкен мән берді.
15.
Орта ғасырлық араб ғылымыныңорталықтары Бағдат, Куфа, Басра, Харон
қалалары болды. Бағдатта өмір қызу
қайнап жатты, онда «Ғылым үйі» академиялардың, обсерваториялардың,
кітапхана мен аудармашылар алқасының
өзіндік бірлестігі құрылды.
16.
Араб сәулет өнері ерекше дамиды, оларабтардың ең алдымен барлық грек, рим, иран
көркем дәстүрлерін қайта өңдеу негізінде
дамыды. Сол кезеңнің ең белгілі сәулет
ескерткіштері Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII
ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы
кезеңде мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен
өңделген Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы
салынды.
17.
18.
«Шах-намэ» («Патшалар кітабы») өшпесэпопеясын жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.)
шығармашылығы. Ең басты кейіпкер - өз
халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам.
Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы.
X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі
«Мың бір түн» жазылды. Оның негізін парсы,
үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген
сюжеттері құрады
19.
Парсы ақыны, математик, философ ОмарХайямның (1040-1123 ж.ж.)
шығармашылығы көпшілікке белгілі.
Философиялық төрт жол өлең – рубаилар
оны танымал етті.
20.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдерінің біріЛеонардо да Винчи (1452-1519) болып табылады.
Итальяндық суретші, ойшыл, ғалым, өнертапқыш.
Ленардо математика ғылымын жоғары бағалады.
Леонардоның ғалым ретіндегі ең басты сипаты –
болашаққа деген ұмтылысы. Ол жаңа
экспериментальдық жаратылыстану
бағдарламасын ойластырып ғылымның дамуына
айтарлықтай үлес қосты.
Қазіргі кездегі аэроплан, геликоптер, автомобиль,
парашюттердің жобасын жасады.
21.
Николай Коперник (1473-1543) көрнектіполяк ғалымы, астроном, астрономия мен
математиканы қайта құрушы, дүниенің
гелиоорталықтық жүйесін жасаушы. Ол ірі
астроном ғана емес, сонымен бірге
математик, дәрігер, заңгер әрі дипломат.
22.
Птолемей Клавдий (100-178) – ежелгі грекастрономы, метематик, географ. Ол өзінің
жетістіктер негізінде арабтар “алмагест” деп атап
кеткен математикалық үлкен шығарманың авторы.
“Алмагест” арабша - “алмаджисти” яғни, “аса ұлы”
шығарма дегенді білдіреді. Бұл еңбекте сол
кездегі барлық астрономиялық білім, мағлұматтар
жинақ талып қорытылған. Птолемей әлем жайлы
геоцентрлік жүйені жасаушы.
23. Ғылымдардың классификациясы
"Science" (ғылым) және "scientist" (ғалым)терминдері ХХ ғасырдың бірінші жартысында
еуропалық университеттік практикада
тұжырымдалды, олармен математика, физика,
химия және басқа жаратылыстану ғылымдар
саласындағы қызмет белгіленді. Әлеуметтік
ғылымдар саласындағы қызмет үшін кейінірек
"social science" термині пайдаланыла бастады.
24.
Аристотель философияны бірыңғай ғылымретінде "теориялық философия" және
"практикалық философия" мен
"шығармашылық философия" деп бөлді.
Бәрінен бұрын, "теориялық философияны"
ол физикалық, математикалық және
теологиялық философияға, поэтика мен
риторикаға бөлінеді. Логика ғылымның
барлық жүйесінде пропедевтика (кіріспе)
ретінде баяндалады.
25.
Әл-Фарабидің "Сөз ғылымдарыныңклассификациясы туралы" деп аталатын
трактаты 5 тараудан түрады. Олар: "Тіл
туралы ғылым", "Логика", "Математика",
"Табиғат ғылымдары жөне тәңірілік
ғылымдары", "Азаматтық ғылым, заң
ғылымдары және догматикалық діни ілім"
т.б.
26.
Осы трактаты туралы Әл-Фараби: "Бұлкітаптағының бәрі пайдалы, өйткені, егер
адам осы ғылымдардың бірін қарастырып,
зерттегісі келсе, онда ол неден бастаудың,
атап айтқаңда, нені зерттеу керек екенін,
зерттеу үшін ненің жарамсыз екенін және
өзінің оған қай дәрежеде қолы жете
алатындығын білетін болады. Сөйтіп, оның
ғылымға баратын жолы қараңғылық пен
надандыққа емес, білім мен парасатқа
негізделетін болады",- деп жазды.
27.
«Логика» деп аталатын бөлімінде Әл-Фарабибылайша анықтама береді: "Логика өнері
интеллектінің (ақылдың) кемеліне келуіне
туғызатын және қатеге ұрыну мүмкіндігі бар
интеллект объектілерін танудың барлық
жағдайларыңда адамды дұрыс жолға
бағдарлайтын зандар жиынтығын үйретеді...
адамды кателесуден, мүлт кетуден жөне ұсақ
күнәлардан сақтап, қорғайтын зандарды үйретеді",
ягни, логика өнері - адамның ақыл-парасатын
жетілдіруге көмектесетін, қате жіберсе, оны
мойындап, кайталамауға, басқаның ісіне әділ баға
беруге кемектесетін құрал.
28.
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшынфилософы, ғылыми зерттеудің
тәжірибеге сүйенген методологиясын
ұсынған. Эмпиризм бағыттың негізін
салушы, саяси қайраткер. «Білім - күш»
деген қанатты сөз айтқан.
29.
Бэкон ғылымдар классификациясынжасауға тырысты. Классификация негізі –
адам ақылының қасиеттері: ес, қиял,
пайым (рассудок).
Еске – тарихи ғылымдар,
қиялға – поэзия,
пайымға – барлық ғылымдардың негізі –
философия сәйкес келеді.
30.
Позитивизм өкілі О. Конт, ғылымды дамытудың«үш сатысы» доктринасын, атап айтқанда
теологиялық, метафизикалық және позитивті
доктринасын ұсынды, бұл ретте оның пікірі
бойынша белгілі ғылымдардың әрқайсысы
белгіленген сатылармен біртіндеп өтеді. Сәйкес
сатылардан тек қана жаратылыстану ғылымдары,
астрономия, физика, биология және т.б. ғана
емес, сонымен бірге гуманитарлық ғылым –
социология да өтеді.
31.
Гегель ғылымды (философияны) терең жіктеудіұсынды. "Нақты философия" оларды "табиғат
философиясы" және "рух философиясына" бөледі.
"Табиғат философиясына" механика, физика,
органикалық физика енгізіледі. "Рух
философиясы" "субъективті рух" - антропология,
феноменология, психология; "объективті рух" құқық, мораль, адамгершілік және "абсолюттік рух"
- өнер, дін, философия деп бөлінеді.
32.
Ф. Энгельс бойынша ғылыми білімқұрылымы мынадай түрде болады:
механика, физика, химия, биология; еңбек
теориясы арқылы (антропогенез) әлеуметтік
ғылымдарға және ойлау туралы ғылымдарға
өту байқалды. Олар әзірлеген жіктеуде
техникалық ғылымдарға да орын табылды.
33.
ХХ ғасырдың басында төмендегі ғылымныңанықталған жүйесі түзілді:
- жаратылыстану ғылымдары – табиғат туралы
ғылыми білім жүйесі;
- техникалық ғылымдар – ғылыми жаратылыстану
білімді іске асыруға бағытталған ғылымдардың
техникалық жүйесі туралы ғылыми білім жүйесі;
- әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар – адам
және қоғам, оның әлеуметтік мәдени ортасы мен
тіршілік ету ортасы туралы ғылыми білім жүйесі.
34. Ғылымның функциялары
Зерттеу функциясы. Ғылым нақты шынайылықтызерттей отырып, оның жаңа жақтары мен сапасын
ашады, танымның неғұрлым тиімді әдістерін және
т.б. анықтайды. Ғылыми зерттеудің мақсаты
объективті шындық заңдылықтарын талдау болып
табылады.
Оқыту функциясы. Оның шеңберінде ғылыми
білімді ұдайы өндіру, бір зерттеу жүйесінен
басқасына ғылыми көріністерді беру жүзеге асады.
35.
Коммуникативтік функция. Ғылыми қоғамдастықмүшелерінің арасындағы ақпаратпен алмасу
процесі өзіне, оған нәтижесінде ғылыми
қоғамдастықтың өзара байланысы нығаятын және
ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігі мен
ақпараттылығын арттыратын жарияланымдар,
конференциялар мен пікірталастарды және т.б.
өткізу кіреді.
Әлеуметтік мәдени функция. Ғылым - өркениет
негізін құрайтын мәдениеттің базалық
элементтерінің бірі болып табылады, ғылымды
дамыту деңгейі және сипаты тарихи процесс
динамикасында әлеумет мәртебесін көрсететін,
маңызды фактор болып табылады.
36.
Дүниетанымдық функция. Ғылымныңжиынтықты дамуы объективті шындыққа
мақсатқа сай келуін анықтайтын
принциптер, сенімдер және түсініктер
жүйесі ғылыми дүниетаным негіздеулерін
қалыптастырады.
Ғылымның негізгі мақсаты – объективті
шындықтың пәндік саласының заңдарын
ашу. Ғылым тарихының негізгі міндеті
ғылым дамуын басқаратын заңдарды ашу
үшін қалыптасады.
37. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі
Поппер Карл Раймунд (1902-1994 жж.) –британдық философ.
Карл Поппердің концепциясына тәрізді
келесі ұғымдар:
демаркация мәселесі;
фальсификация мәселесі;
фаллибилизм принципі;
«үш әлем» туралы теория.
38.
Демаркация мәселесі –философияның мақсатығылыми білімді ғылыми еместен ажырату. Ажырату
әдісіне Поппердің пікірінше, фальсификация әдісі
жатады.
Фальсификация мәселесі –бұл принцип бойынша
ғылымға қатысты әр пікірді принципиалдық түрде
жоққа шығаруды қажет етеді.
Фаллибилизм принципі – бұл Поппердің
концепциясының принципі бойынша, әр ғылыми
білім түбінде тек гипотетикалық қасиеті бар және
қателікке шалдығады. Поппердің пікірінше, ғылыми
білімнің өсуі ауқымды гипетезаларды ұсынудан
және оларды кесімді түрде жоққа шығарудан
тұрады.
39.
«Үш әлем» туралы теория – бұл К.Поппердің философиялық концепциясының
теориясы бойынша, бірінші – объект әлемі,
екінші – субъект әлемі, үшінші – 1-ші және
2-ші әлемдермен объективтік білім әлемі
жаратылады және олар бір-бірінен тәуелсіз.
Осы үшінші әлемдегі білімнің дамуы және
өсуін анализдеу – ғылым философиясының
пәні болып табылады.
40. Сциентизм және антисциентизм
Сциентизм (латын scientia — ғылымынан) — өзнегізінде ғылым туралы, ғылыми танымның ең
жоғары мәдени құндылық ретінде және адамның
әлемдегі бағдарының жеткілікті шарты ретінде
түсінікке ие.
Антисциентизм ғылым мүмкіндіктерінің шектелуін
көрсетеді, ал өзінің шеткі формаларында оны
адамның шынайы болмысын, мәдениетін бұзатын
күш, жат және дұшпандық ретінде түсіндіреді.
41. Ғылыми-техникалық прогресс
Ғылыми-техникалық прогресс — бұл жаңатехника мен технологияны енгізудің,
ғылыми білімнің жетістіктері негізінде
өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың
үздіксіз процесі.
42.
Ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі XVIIIғасырдың соңында Англиядағы өнеркәсіптік
төңкерістен кейін басталған машина өндірісінің
дамуымен байланысты.
XIX ғ.ішінде физика-математика ғылымдары
саласында үш негізгі бағыт анықталды: заттың
құрылысын зерттеу, энергия проблемасын
зерттеу, әлемнің жаңа физикалық бейнесін құру.
43.
XIX ғасырдың бірінші жартысында энергетикалықпроцестерді зерттеуде жетістіктерге қол жеткізілді.
Р. Майер, Дж. Джоуль және Гельмгольц Г.
энергияны сақтау және айналдыру заңын жасады.
Бұл жаңалық барлық физикалық процестерді
энергетикалық, деп аталатын энергетизмге
жеткізуге ұмтылды.
44.
1820 жылы Дат физигі X. Эрстед электртогының әсерінен компас стрелкасының
ауытқуын орнатты.
1831 жылы М.Фарадей электр тогы
магнит әсерінен өткізгіште пайда
болады.
Олар болашақ Электротехниканың
негізі — электромагниттік индукция
ашты.
45.
1891 ж. Дж. Электр атомын белгілеу үшін«электрон» ұғымын енгізеді.
1895 жылы Рентген X-сәулелерді ашты. Осы
жылы Лоренц электрондық зат теориясын
әзірлейді.
1897 жылы Дж. Томсон газдардағы электр
разрядтағы электрондар ағынын анықтайды.
1913 жылы Дат физигі Нильс Бор атом
құрылысы теориясын және кванттық
постулаттары бар сәулеленетін энергияны
біріктірді.
46.
Дарвин эволюциясының теориясыныңнегізінде «Адамның шығу тегі және
жыныстық іріктеу» кітабында 1871 жылы
маймыл сияқты ата-бабалардан
адамның шығу тегі туралы гипотезаны
ұсынды.
47. Ғылым этикасы
Ғылым этикасы – ғылыми қызметтіңәлеуметтік-этикалық және гуманистік
проблемаларын зерттейді.
Ғылыми этиканың нормалары:
1) жалпы адамзаттық адамгершілік
талаптарын орындаудан тұрады.
2) этикалық нормалар ғылымға тән арнайы
құндылықтарды корғауға қызмет ету.
48.
Ғылыми ортада көп уақыттан бері өздерініңадамгершілік нормалары тыйым салу, ғылыми
қызметін реттеу сияқты ғалымдар әлемінің өзіндік
этикалық ережелері бар. Олар:
1) Объективті шындықты талап ету. Мұның мәнісі
қатып қалған көзқарас немесе пікірде шыншылдық
болмайды, оған факті мен дәлел керек.
2) Ғылымдағы адамгершілік ұстанымның бірі –
субъективизмді қаралау. Мұның мәнісі әр адамның
өзіндік көзқарасы болады. Өзіндік пікірі болады.
Оған дәлел керек.
Ғылым этикасының қағидаларының бірі – білімді
дәлелдеу.
49.
3) Келесі ғылыми этиканың қағидасы ол ғылымиеңбектегі этикалық талаптар. Мысалы: ол
авторлық мәселе және ғылыми зерттеулерді
жариялау. Басқа еңбектерден алған цитаталарға
дәл, нақты сілтеме (ссылка) жазу.
авторлық мәселесі;
пікір беру;
плагиат мәселелері.