Азық-түлікті, суды және жемшөпті қорғау АҚ мүшелерінің, жергілікті әкімшіліктің ғана жауапты міндеті емес, сонымен қатар оған
Қорғау қаситеттеріне байланысты ыдыстар 3 категорияға бөлінеді: 1. Жоғарғы категорияға – РЗ, КӘУЗ, УЗ, БЗ қорғайтын герметивті
І. Төтенше жағдайлардан тұрғындарды қорғау Азаматтық қорғаныстың басты міндеттерінің бірі. Қорғау шараларының көлемі мен сипаты
Қаптамадағы тығыз консистенциялы және түйіршікті тағам өнімдері мен қаптамалы медикаменттердің сыртқы беттері ғана ластанса,
Тағам өнімдері мен суды қорғау шараларын өткізуге жауапты сол территориядағы администрация жетекшісі, ол шараның өтуіне жоспар
Ұйымдастыру шаралары: - ТЖ қауіпі болса тағам өнімдері қорын қаладан тыс зонаға орналастыру; - Тағам өнімдері мен суды
Инженерлік-техникалық шаралар: - Азық-түлік қоймасын, элеваторларды қаладан тыс зонаға салу, ескілерін жөндеу; - Қоймаларда
Санитарлық-гигиеналық шаралар: - Азық-түлік өнімдерін сақтау және тасымалдау, су қоймасындағы санитарлық норма мен талаптарды
Үй жағдайында азық-түліктің жеке қорын қорғау үшін қорапша, жәшік және өзге қақпағы тығыз жабылатын ыдыс, сондай-ақ тоңазытқыш
Жабық су көздері қоршауын қорғау : - скважина төңірегін балшықпен немесе цементпен мұқият қымтау, - труба түйістеріндегі және
Жаппай зақымдау құралдары қолданылған аудандағы су мен азық-түлік, жемнің зақымдалғаны туралы күдік туындаса, оларды
Дезактивация – радиоактивті заттардан тазарту. Дегазация – улы заттардан тазарту. Дезинфекция – микроорганизмдер,
5.90M
Категория: ПромышленностьПромышленность

Төтенше жағдайлар кезінде суды және азық-түлікті қорғау

1.

№ 7 Дәріс
Тақырып:
Төтенше жағдайлар кезінде суды және
азық-түлікті қорғау
2021 ж.

2.

ЖОСПАР:
1. Төтенше жағдайларда су мен азықтүлік тағамдарын қорғау.
2. Апат ошағында жұмыс істеу тәртібі.
3. Үй жағдайында су мен азық-түлік
тағамдарын қорғау.
4. Дезинфекция, дезактивация,
дегазация жөнінде түсінік.

3.

Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс пен
төтенше жағдайларға байланысты арнайы заңдар бар. Онда
тәуелсіз мемлекетіміз үшін, халық, қоршаған орта,
шаруашылық жүргізуші объектілер аса маңызды екенін
көрсеткен.
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңында: «Халықты,
қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді
төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау
мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі» деп
атап көрсеткен.
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс
туралы» Заңында: «Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен
жүргізу – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, оның
қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі» деп жазылған.
3

4.

Негізгі міндеттері:.
- туындаған төтенше жағдайларға жедел мән беру;
- өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- бейбіт және соғыс уақыты жағдайында халық үшін
төтенше жағдайлар зардаптарының қауіп-қатерін азайту
және жеңілдету;
- төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін қаржылық,
материалдық және ақпараттық ресурстарды тиімді
пайдалану;
- зардап шеккен халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау
үшін қажетті жағдайлар жасау және оны ұстау;
- әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық мүддесі үшін
су және азық-түлік сақталатын объектілерінің қауіпсіздігін
қадағалау мен бақылауды іс жүзінде жүзеге асыру;
4

5. Азық-түлікті, суды және жемшөпті қорғау АҚ мүшелерінің, жергілікті әкімшіліктің ғана жауапты міндеті емес, сонымен қатар оған

барлық
тұрғындар да жауапты. Әрбір ересек адам РЗ,
КӘУЗ, инфекциялық ауру қоздырғыштардың
қауіпті әсерінен азық-түлік пен суды, жемшөпті
қорғауға алдын-ала шаралар қолданбаса, көп
мөлшердегі азық-түліктер жарамсыз болып
қалатынын білулері қажет.
Біздің барлығымыз ТЖ кезінде азық-түлік
пен суды, жемшөпті қорғап қалуды білуге тиіспіз.
5

6. Қорғау қаситеттеріне байланысты ыдыстар 3 категорияға бөлінеді: 1. Жоғарғы категорияға – РЗ, КӘУЗ, УЗ, БЗ қорғайтын герметивті

жабылатын металл, шыны,
кейбір ағаш және полимерлі ыдыстар жатады.
Барлық ластану түрінен қорғайды.
6

7.

2. Бірінші категорияға - РЗ, БЗ қорғайтын ағаш
бөшкелер мен ағаш жәшіктер ішінде полиэтиленді
қапшықтары бар, банкілер мен пакеттер,
полихлорвинилден жасалған бөтелкелер.
7

8.

3. Екінші категорияға - РЗ шаңынан қорғайтын ішінде
полиэтиленді қапшықтары жоқ жәшіктер, көп
қабатты қағаз қапшықтар, сүт құйатын шыны бөтелке аузы
фольгамен жабылған, холодильник.
8

9. І. Төтенше жағдайлардан тұрғындарды қорғау Азаматтық қорғаныстың басты міндеттерінің бірі. Қорғау шараларының көлемі мен сипаты

жеке аудандар мен объектілердің химиялық,
биологиялық және басқа ластап- жарақаттаушы
заттармен зақымдану нәтижесінде пайда болған
жағдайдың ерекшелігімен анықталады.

10.

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерінің бірі 1997
жылы 7 мамырда қабылданған № 100-1
«АҚ туралы ҚР Заңының» 3 бабында көрсетілген, онда:
- “Азық-түлікті, су көздерін, тағам өнімдерін, малды
және өсімдіктерді радиоактивті, химиялық,
биологиялық ластап-жарақаттаушы заттардан қорғау”
қажет деген.

11.

Азық-түлікті, су көздерін, тағам өнімдері
мен медициналық құрал жабдықтарды төтенше
жағдайдың алдын ала шаралар өткізу арқылы
КӘУЗ, радиоактивті, химиялық, биологиялық
ластаушы заттардан қорғауға болады.
Азық-түлікті қорғау – ауыр міндеттердің
бірі, бірақ оларды ластану мен зақымданудан
сақтау, залалсыздандырудан жеңіл.
11

12.

Азық-түлік пен суды қорғау – деп, олардың РЗ,
КӘУЗ, УЗ ластануы мен БЗ зақымдануының алдын
алуға бағытталып жүргізілген шараларды айтады.
Радиоактивті заттардың (РЗ), КӘУЗ, БЗ жерге
шөгуі ашық су көздерін, су қоймаларын, өрісті,
ауылшаруашылығы егістіктерін, бау-бақша, тағам
өнімдері қорларын және т.б. ластайды.
Азық-түліктің РЗ, КӘУЗ, УЗ, БЗ ластаныпзақымдану дәрежесі, оның түрлеріне, қаптамасына,
қаптама сапасының герметизациялық дәрежесіне,
агенттің тұрақтылығы мен әсер ету уақыт мөлшеріне
тәуелді.

13. Қаптамадағы тығыз консистенциялы және түйіршікті тағам өнімдері мен қаптамалы медикаменттердің сыртқы беттері ғана ластанса,

сұйық
заттардың – барлық көлемі ластанады.

14.

Қорғалмаған тағам өнімдерінің түрлеріне байланысты
радиоактивті заттар шаңының ену қабілеті әртүрлі шамада
ауытқымалы, мысалы:
Қаптағы бидайға – 30 мм дейін;
Қаптағы Ұнға
- 15 мм дейін;
Тары, қарақұмыққа - 20 мм дейін;
Нан түрлеріне
- 10 мм дейін.
Қорғалмаған сұйық тағамдар (сүт, өсімдік майы) және
ауыз су барлық тереңдігіне дейін ластанады.
Зақымдану ұзақтығы РЗ ыдырау жылдамдығына
байланысты.

15.

КӘУЗ мен УЗ тағам өнімдеріне ену қабілеттері мен ластапзақымдау дәрежелері, олардың түрлеріне, концентрациясына, әсер
ету ұзақтығына, тамшы көлеміне, химиялық құрамына тәуелді,
Мысалы, фосфорорганикалық УЗ пар күйінде енеді:
Нан мен картошка түйініне – 20 мм дейін;
Етке
- 70 мм дейін;
Қатты майларға
- 80-100 мм дейін;
Қантқа
- 80 мм дейін;
Макарон өнімдеріне
- 140-160 мм дейін.

16.

Азық-түлік пен суды жалпы зақымдау заттардан сақтау
16

17. Тағам өнімдері мен суды қорғау шараларын өткізуге жауапты сол территориядағы администрация жетекшісі, ол шараның өтуіне жоспар

құруды, қаражат
бөлуді ұйымдастырып, нақты орындалу мерзімін
анықтайды.
Тағам өнімдері мен суды қорғау шаралары
келесі негізгі бағыттармен жүзеге асырылады:
1. Ұйымдастыру шараларын жүргізу,
2. Инженерлік-техникалық шараларды жүргізу,
3. Санитарлық-гигиеналық шараларын жүргізу.

18. Ұйымдастыру шаралары: - ТЖ қауіпі болса тағам өнімдері қорын қаладан тыс зонаға орналастыру; - Тағам өнімдері мен суды

қорғауға, залалсыздандыруға
жұмысшылар мен қызметкерлер дайындау;
- Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
лабораториясын дайындау.
- Залалсыздандыратын қажетті заттарды дайындау және
жинау.

19. Инженерлік-техникалық шаралар: - Азық-түлік қоймасын, элеваторларды қаладан тыс зонаға салу, ескілерін жөндеу; - Қоймаларда

және өндірістік мекемелерде
герметизациялық жұмыс жүргізу,
залалсыздандыруға және сапалы тазалауға жағдай
туғызу;
- Азық-түлікті сақтау үшін герметивті жабылатын
құралдарды қоймаларға кіргізу;
- Су қоймасын және су өтетін жүйелерді техникалық
дұрыс жағдайда ұстау, ауыз су сақтау үшін
герметивті ыдыстар дайындау.

20.

20

21. Санитарлық-гигиеналық шаралар: - Азық-түлік өнімдерін сақтау және тасымалдау, су қоймасындағы санитарлық норма мен талаптарды

қатаң
сақтау;
- Объектіні және оның территориясын дер кезінде жинап,
тазалықта ұстау;
- Объектіні және оның территориясындағы кеміргіштер
мен насекомдарды жою;
- Азық-түлік өнімдері объектісіндегі жұмысшылар мен
қызметкерлердің жеке гигиена ережесін қатаң сақтауы;
- Өндірістегі тағам өнімдерін өңдеу кезінде кулинарлық,
технологиялық өңдеу ережелерін және санитарлық
норманы қатаң түрде орындалуын қадағалау.

22. Үй жағдайында азық-түліктің жеке қорын қорғау үшін қорапша, жәшік және өзге қақпағы тығыз жабылатын ыдыс, сондай-ақ тоңазытқыш

пен қойма пайдаланылады. Әр
отбасына азық-түліктің консервіленген шағын қорын ұстау
ұсыналады.
Шаруашылық мақсат үшін суды пленкамен
тығыз жабылған бөшкеде, шелекте және жуынатын бөлемеде
сақтауға болады.

23.

Ашық су көздері қоймасын қорғау төмендегіше
жүргізіледі:
- бас ғимаратқа жапсарлас су бассейінін қорғауды
күшейту,
- қоршалған су құбырын төмен тереңдікте орналастыру,
- инфильтрациялық үлгідегі су қоршауын орнату.

24. Жабық су көздері қоршауын қорғау : - скважина төңірегін балшықпен немесе цементпен мұқият қымтау, - труба түйістеріндегі және

басқа жерлеріндегі судың ағуын
тоқату.
Су қоры бар резервуарларды қорғау:
тексеру, байқау (жөндеу) люктерін қымтау және желдеткіш
трубаларда шаңнан және газдан қорғайтын
сүзгілерді орнату.
Суды пленкамен тығыз жабылатын бөшкеде, шелекте
сақтауға болады.
Шахталық құдықтарды қорғау үшін тығыз
жабылатын қақпағы, қымтағыш тығыны бар биік трубалар
(кемінде 1 м) орнатылады.

25. Жаппай зақымдау құралдары қолданылған аудандағы су мен азық-түлік, жемнің зақымдалғаны туралы күдік туындаса, оларды

залалсыздандырады.
Залалсыздандырудың негізгі әдістері – дезактивация,
дегазация, дезинфекция.
Залалсыздандыру кезінде жұмыстар арнайы сақтық
шараларымен жүргізіледі.

26. Дезактивация – радиоактивті заттардан тазарту. Дегазация – улы заттардан тазарту. Дезинфекция – микроорганизмдер,

бактериялардан,
вирустардан тазарту.
26

27.

Азық-түлік пен суды дезактивациялау
27

28.

Ыдыстарды дегазациялау
3-5% күшті натрий ерітіндісімен жақсылап жуу
Хлорлы әктің қаныққан ерітіндісімен жақсылап жуу
5-10% монохлораминнің судағы ерітіндісімен жақсылап
жуу
Асханадағы ыдыс-аяқты дегазациялау
1 – 2 сағат қайнату
28

29.

Қазіргі кезде қолданылатын дезинфекциялық заттар
29

30.

30

31.

Назар аударып,
тыңдағандарыңызға рахмет!!!
31
English     Русский Правила