-
-
-
-
-
-
-
-
2.30M
Категории: МедицинаМедицина ЭкологияЭкология

Қоршаған орта мен халықтың денсаулығы

1.

2. -

Елбасымыз Н.Назарбаевтың
биылғы халыққа арнаған Жолдауында еліміздің қуат
көздері ресурстарын әлемдік
рынок деңгейіне жеткізудің,
мұнай-газ кешендерін осы
заманғы инженерлік озық
үлгілермен байытудың
және халықаралық
стандартқа сай қоршаған
ортаны
қорғаудың маңыздылығы
айрықша атап көрсетілген.

3. -

Ғалымдардың зертеулеріне қарағанда, адамдардың денсаулық
жағдайына әсер ететін факторлар өте көп. Соларды талдағанда,
сол факторлардың 50-52 пайызы өмір сүру салтына, 20-25
пайызы тұқым қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы қоршаған
ортаға, тек 7-12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының
деңгейіне байланысты болатынын анықтаған.
-
Халықтың денсаулығының нашарлауына және демографиялық
көрсеткіштердің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептердің
ішінде климаттық, жағырапиялық, әлеуметтік, экономикалық
ахуалдармен қатар, экологиялық қолайсыздықтар да ерекше
орын алады.

4. -

Қазіргі кезде жер шарының көптеген аймақтарында
- өмір сүруіне қауіп
табиғатты бүлдіріп, адамның
төндіретін зиянды әрекеттер көбейді. Жер бетінде
тұтас экологиялық апат аймақтары пайда болды.
Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда
қоршаған орта қатты ластануда. Осы бүлінген
қоршаған ортада адам ағзасына залалды заттар
молайды. Мұндай кеселді заттар қан және лимфа
айналымын бұзып, адам өміріне қауып төндіреді.

5. -

Адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Кез келген басқа тіршілік
иелері сияқты қоршаған ортамен тұрақты өзара қарым-қатынаста болады.
Адам ағзасы қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық
факторларының әсерін қатты сезінеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің
денсаулығымыз — қоршаған ортаның жағдайына тікелей тәуелді. Күннің
сәулесі, құнарлы жер, ауа және таза су — бұл тіршілік атаулыға қажетті бірденбір алғы шарт. Алайда, адамзат баласының жер бетінде үстемдік жүргізуі
адамның табиғатпен үйлесімділігін бұзды Жер-ананың
тағдырына жанашырлық жоқ, керісінше өктемдік күшті. Соңғы кездері
ғалымдардың дабыл қағып жүргеніндей, қоршаған ортаны бүлдірудің
асқынғаны сондай, оның енді адамдардың генетикалық құрылымына әсер ету
қаупі бар.
-

6. -

Әлем бойынша радиоактивтіліктің және
химиялық ластанудың нәтижесінде
ананың
құрсағындағы шарананың дамуы кезінде пайда
болатын патологиялардың, қатерлі ісік
ауруларының, психикалық ауытқулардың және
тағы басқа ауыр сырқат түрінің саны артып келеді.

7. -

Біздің елімізде де қоршаған ортаның ластану салдарынан жүрек-қан
тамырлары аурулары, қатерлі ісік, өкпе-тыныс жолдары сырқаттары
көбейіп отыр. Ас қорыту жүйесінің және әртүрлі аллергиялық
аурулардың көрсеткіштік деңгейінің өсуі де осының бір дәлелі.
Экономиканы экологизациялау процесі ғана бұдан құтқарады. Елбасының
әлдене рет атап көрсетіп жүргеніндей, қоршаған орта көздің қарашығындай
сақталуы керек. Бұл ретте табысқа жетудің жолы — қоршаған ортаға
жүктемені азайту болып табылады. Жаңа өндірістер ашу кезінде бұл мәселе
қатаң ескерілуге тиіс. Экономикалық жағынан тиімсіз, экологиялық
жағынан залалды өндіріс орындары жабылуы немесе шектелуі қажет.
Оларға құрылымдық қайта өзгерту жүргізуге, жалпы айтқанда, өндірісті
қайта салаландыруға тура келеді.
-

8. -

Сондықтан, өзіміз өмір сүріп отырған ортаны қорғау — тек
тиісті мекемелердің немесе құзырлы орындардың ғана
емес, баршамыздың міндетіміз. Ең болмаса әр
адам жылына бір ағаш ексе, өзі жұтып отырған ауаны
тазартуға, қоршаған ортаны қорғауға қанша пайда тигізер
еді. Ел ішінде экологиялық білім мен тәрбиені нығайту —
болашақ жас ұрпақтың өмір сүріп отырған ортасына
жанашырлықпен қарауына жетекші болар еді. Бұл —
Елбасы Жолдауының талабы.
-
English     Русский Правила