Похожие презентации:
Астана қаласы. Өмірі мен шығармашылығы
1.
Астана қаласы№ мектеп-лиицей
тақырыбы:өмірі мен шығармашылығы
Орындаған:Шахизада Алдияр
Сыныбы:7Д
Жетекшісі:Жібек Кадырхановна
2.
Жоспар1)Мұхтар Шаханов
2)Кластер
3)Өмірбаяны
4)Шығармашылығы
5) Өлеңдер мен балладалар тізімі
6)Нарынқұм зауалы
7) Өлең мазмұны
8)Идеясы
9) М.Шаханов "Нарынқұм зауалы"сюжеттік композициялық құрылым
3.
Мүхтар ШахановМұхтар Шаханов (2 шілде 1942 жылы туған, Түркістан облысы, Төле би ауданы,
Қасқасу ауылы) — қазақ ақыны, драматургі. Қазақстан халық жазушысы.
4.
Кластер5.
ӨмірбаяныҚыпшақ тайпасы торы руы Көкмұрын бөлімінен шыққан.[2][3].
Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969).
"Оңтүстік Қазақстан" (1960-65)
"Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде
республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді.
1976 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік
комитетінде бөлім бастығы.
«Жалын» альманахының (1984) бас редакторы
«Жалын» журналының бас редакторы (1986)
1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде
болды.
2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
"Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты
халықаралық элита клубының Президенті.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы
6.
ШығармашылығыАлғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды.
Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді.
"Балладалар" (1968 ж.)
"Ай туып келеді" (1970 ж.)
"Қырандар төбеге қонбайды" (1974 ж.)
"Сенім патшалығы" 1976 жылы атты кітаптары шықты.
Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары
дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. Өлеңдерінде философиялық ой басым. Мәтінін де,
музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері
жүртшылыққа кеңінен таныс.
"Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел
театрларында қойылған. Ш.Айтмановпен бірлесіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты
еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы
негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.
М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты
романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің
50-ден астам тілдеріне аударылды.
7.
Өлеңдер мен балладалар тізімі«Эверестке шығу»
«Ғашықтық ғаламаты»
«Еркектер жыры»
«Әйелдер»
«Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме»
«Арман»
«Шың басындағы оқиға»
«Алтын, күміс және қалайы»
«Жайықпен жүздескенде»
«Байқаймысың»
«Жалын»
«Жанерке»
«Достық өлкесінің заңы»
«Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап»
«Өзендер»
8.
Нарынқұм зауалы"Нарынқұм зауалы" – ақын Мұхтар Шахановтың Махамбет Өтемісұлы туралы
жазған жыры. Бұл поэма Махамбеттің күрескерлік айбынын, ұлттық болмысын,
ақындық тереңдігін, азаматтық парасатын танытатын ілгері шығарма саналады.
Поэманың І бөлімі "Махамбеттiң соңғы сөзi" деп аталады. Өлеңнiң сюжет желiсi
Махамбеттiң өмiрiнiң соңғы күндерi туралы өрбейдi. Өлеңдегi трагедиялық образ –
Махамбет. Ол өзiнiң түсiн айту арқылы ақындық пен батырлықты дәрiптеп, өзiнiң ел
болашағына деген зор сенiмiн бiлдiредi. Автор өлеңдi Махамбеттiң өз аузынан
сөйлеу арқылы оқырмандардың зор ықыласын айтқан.
9.
Өлең мазмұныӨлең мазмұнын ерекше тереңдетiп тұрған-антонимдердiң
стильдiк қолданысы: бақ пен зорлық; оттыотсыз; тұлпаресек. Басқалай қолданғанда бұл сөздер бiр-бiрiне қарама
қайшы емес, еркiн түрде айтылуы да мүмкiн. Бiрақ ақын
бұларды жағымды жағымсыз етiп, эмоциямен ұштастырып
көрсету арқылы өз өлеңiн нәрлендiрiп тұр.
10.
ИдеясыАқын өлеңнiң негiзгi идеясы ретiнде батырлық, әдiлеттiлiк, ақындық зор махаббатты ту етiп
көтередi. Азаппенен өтсе дағы таңдарым Қайрағам жоқ қығаныштық қан жарық. Ақын
метонимияны орынды қолдану арқылы iзгiлiктi, алыптықты қызғанышқа жеңдiрмеу керек
деген ұғымды басты идея ретiнде ұстанған. Шаханов ақындық деңгейi философиялық,
толғаныстармен ұштасқан ақын. Оның дүниетанымдық дәрежесiн мына бiр шумақтан-ақ
байқауға болады. Жауап берiп жататын сан қылыққа, Бiр заңдылық жатыр сол жаңғырықта
Иә, оған күмән жоқ, сондықтан да Басымды ием мәңгi сол заңдылыққа. Поэма ханның
озбырлығынан бастау алған. Бұл жерде ақынды лирик десек те жарасымды; яғни екеуiне де
негiз бар. Эпик деуiмiз өлеңдерi сюжетке құрылған, сонымен қатар лириканың да тiлегiн
ағыта бiлген, адамды терең сезiм тұңғиығына тартып әкететiн, өлеңдегi барлық оқиғаны көз
алдыңа тiрiдей бейнелеп берер шебер суреткер. Ақынның сөзбен сурет санар қасиетiн осы
поэмасынан да байқаймыз. Тарихи тақырыптарды, аңыз-әңгiмелердi негiзге ала отырып
жүретiң нәзiк қыл тамырларын тербеп оқиғаны көз алдыға елестету шеберлiгi-Шаханов
поэзиясына ғана тән.
11.
М.Шаханов "Нарынқұм зауалы"сюжеттіккомпозициялық құрылым
1.Шығарманың басталуыМахамбеттіңтүс көруі
2.Шығарманың байланысуышомбал жігіттің мақтануы
3.Шығарманың дамуы-әкесінің
Махамбеттің өлімі жайлы естуі
4.Шығарманың шиеленісуіәкесінің сөзі
5.Шығарманың шарықтау шегіәкесінің шешімі
6.Шығарманың шешімібаласыныә өлуі