1.11M
Категория: БиографииБиографии

Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы

1.

Мұхтар Шахановтың өмірі
мен шығармашылығы
Орындаған:Марат Адина
Пән мұғалімі:Жибек Кадырхановна

2.

Мұхтар Шаханов - 1942 жылы 2
шілдеде Оңтүстік Қазақстан
облысы, Отырар ауданы, Шілік
ауылында дүниеге келген. Жеті
жылдық мектепті бітірген соң,
трактордың тіркеушісі,
облыстық «Оңтүстік
Қазақстан» газетінде
корректор, әдеби қызметкер,
«Лениншіл жас» газетінде
оңтүстік облыстар бойынша
меншікті тілші, Қазақстан
Жазушылар одағы
басқармасының хатшысы,
республикалық «Жалын»
журналының бас редакторы,
т.б. қызметтер атқардыКСРО
халық депутаты, КСРО Жоғарғы
Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық
депутаты болды. .

3.

Қызмет жолы
"Мектепте бұзық балалардың бірі болдым. Өзен жағалап келе
жаттым, Қасқасу тасып жатқан кез еді. Бір балықты толқын шетке
лақтырып жібергені сол еді, ұстап алдым. Жанымдағы балалар
қуырып жейтін болдық деп қуанып кетті. Білектей балық еді. Мен
оған қарадым да, жаным ашып, өзенге қоя бердім. Содан біраз
жерге барды да, балық бұрылып қарап тұрды. Сол оқиғаны әлі
ұмытқан жоқпын", - дейді ақын бозбала шағы жайлы. Мұхтар
Шаханов 1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық
институтында білім алған.

4.

"Менің негізгі мамандығым – тракторшы. Мамандығымның
төңірегінде елдік ұлттық мүддеге жақын жүретін адаммын.
Қазіргі кезеңде материалдық байлықтың, спорттың, жеңіл
әндердің бірінші қатарға шығуына байланысты шындық керек
болмай қалды. Көп жағдайда ақты ақ, қараны қара деп айта
алмаймыз. Осыған байланысты кім шындығын жоғалтып алса,
сөзі басқа, ісі басқа болса, елдік ұлттық мүддеге терең тамыр
жібере алмаса, үлкен ақын, ғалым, саясаткер, жазушы болсын –
оның құны көк тиын", - дейді Шаханов бір сұхбатында
.

5.

Шығармашылығы мен марапаттары
Ақынның алғашқы өлеңі 1959 жылы
жарияланды, ал "Бақыт" аталатын
тұңғыш жыр жинағы 1966 жылы басылып
шықты. Одан кейін 1968 жылы
"Балладалар", 1970 жылы "Ай туып
келеді", 1974 жылы "Қырандар төбеге
қонбайды", 1976 жылы "Сенім
патшалығы" кітаптары шықты.

6.

Мұхтар Шахановқа 1994 жылы Қырғыз
Республикасының халық ақыны атағы
берілді. 1996 жылы Қазақстан
Республикасының халық жазушысы
атанды.1993-2003 жылдар аралығында
Қазақстан Республикасының Қырғыз
Республикасындағы төтенше және
өкілетті елшісі қызметін атқарды.
English     Русский Правила