28.41M
Категория: БиологияБиология

Жоғары жүйке әректеі, жүйке жүйесінің гигиенасы

1.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
ИНСТИТУТЫ
4- дәріс
ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ӘРЕКТЕІ,
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ
ГИГИЕНАСЫ
ОРЫНДАҒАН: АП-219
ӘЖІҒАЛИЕВА АҚНҰР

2.

Жоспар
1
Ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі
2
Рефлекс және оның түрлері
3
Шартты және шартсыз рефлекстер
4
Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері
7
Жоғары жүйке әрекетінің топтары
8
Эмоция және оның себептері
9
Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас
ерекшеліктері
10
Ес. Бала есінің дамуы

3.

МИ СЫҢАРЛАРЫ МЕН ОНЫҢ ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Ми сыңырлары- ми қабығы (екі бөліктен оң жақ және сол жақ сыңар деп аталатын) тұрады. Ми
сыңарларының салмағы мидің жалпы салмағының 80 пайызына тең. Ми сыңарлары оң жақ және
сол жақ сыңарлардан тұрады. Оның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп
аталады. Ол қалыңдығы 3-4 мм-лік бірнеше қабаттардан тұрад
Сол жақ сыңары:
логикалық ойлау
мен санауды
қамтиды
Оң жақ сыңары: кеңістікті
бағдарлау мен нақты
бейнелеудің,
шығармашылық (ән, музыка
тағы басқа), эмоциялық
әсерлердің дағды, әдет,
бейсана құбылыстардың
жұмысын айқын реттестіріп
отырады.

4.

РЕФЛЕКС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жүйке жүйесінің негізгі қызметі – рефлекс.
Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің
қатысуымен берген жауабын айтады.
Рефлекс пайда болуына қажетті уақытты рефлекс уақыты немесе рефлекстің
латентті кезеңі деп атайды. Барлық рефлекстер тітіркендіргіш әсер еткенде
пайда болады. Рефлекс аймағында сезгіш рецепторлар болады.
Рефлекс болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, тамақтану, зәр шығару,
жыныс, тыныс, жүрек қан тамырлары рефлекстері болып бөлінеді.
Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды.
Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлық доға;
қос нейронды,
үш нейронды,
көп нейронды болып бөлінеді.

5.

ШАРТТЫ ЖӘНЕ ШАРТСЫЗ РЕФЛЕКСТЕР
И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп екіге бөлді.
ШАРТТЫ РЕФЛЕКС :жеке ағзаның тіршілік ету
барысында пайда болады ,тұқым қуаламайды
тұрақты емес.Шартты рефлекстер - ойлау
қабілетінің, мінезқұлықтың және қоршаған ортаға
бейімделуінің негізі. Шартты рефлекстер ағзаның
жеке дара өмірінде міндетті түрде бас ми
қыртысының қатысуымен түзіледі
ШАРТСЫЗ РЕФЛЕКС: Шартсыз рефлекстер туа пайда
болған ,тұқым қуалайды, тұрақты болады.ы. Оның негізгі
маңызы организмнің сыртқы орта жағдайына
бейімделуін қамтамасыз етуі. Шартсыз рефлекстерге :
көздің қарашығының жарыққа жауабы ,ыстық затқа
саусақ тигенде қолды тез арада тартып алу жауабы,
шөлдеу, ашығу, жұтын.Шартсыз рефлекстер ағзаның туа
біткен реакциялары болып табылады және осы түрдің
барлық өкілдерінде бірдей сипатқа ие.
1. Экстрорецепті- шартты тітіркендіргіштер сыртқы
сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге,
құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері
рецепторына.
2. Проприорецепті- қаңқа бұлшықеттерін
тітіркендіргенде пайда болады.Сонымен қатар,
теңдік рефлекстер жатады.
3. Интерорецепті- ішкі мүшелерді
тітіркендіргенде пайда болады. Қанға химиялық
заттарды жібергенде туатын автоматты шартты
рефлекстер жатады.Ондай жағдайда ішкі
рецепторлар тітіркеніп,ОЖЖ тікелей әсер етеді.

6.

МИ ҚЫРТЫСЫНЫҢ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ
ҚЫЗМЕТТЕРІ
Жарты шарлардың бетін кейбір аймақтарға бөлу
әдеттегідей, олардың әрқайсысы денеде белгілі бір
функцияларды орындауға жауап береді (көбінесе бұл
рефлекторлық және инстинктивті әрекеттер мен
реакциялар).
Сонымен, ассоциация аймақтары - бұл олардың өмір
сүруіне мүмкіндік береді неғұрлым күрделі және дерексіз
психикалық функциялар есте сақтау және тану тетіктері,
сезімдерді меңгеру, ойлау қабілеті және ерік сияқты.
Сонымен қатар, олар тұлғаның және интеллекттің
дамуына әсер етеді

7.

ЖОҒАРҒЫ ЖҮЙКЕ ӘРЕКЕТІНІҢ ТОПТАРЫ
Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара қатынасына байланысты
адамның темпераментін 4 топқа бөлген.
Олар :холерик (грек. холе- сары өт),
сангвиник (сангвине - қан),
флегматик (флегма – кілегей, шырын),
меланхолик (мелайне холе – қара өт).
И.П.Павлов
өзінің
ашқан
жоғары
жүйке
әрекеттерінің 4 тобын Гиппократтың айтқан 4
темпераментіне сәйкес деп есептеген:
1. Холерик- күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым.
2. Сангвиник- күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ.
3. Флегматик- күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
4. Меланхолик- әлсіз топ

8.

ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Эмоция дегеніміз-(фр.т “emotion” , лат.т “emoveo” — толғану) — адам мен
жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы;
қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді
болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты.
Эмоцияның 3 құрамы бар:
Ішкі сезім.
Сыртқы көрінісі.
Соңғы нәтиже
Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады:
1. ақпаратты қабылдау
2. сақтау
3. мезгілінде қайтадан жаңғырту.
Сыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан жақты келеді; көру, есту, сөз,
тері, иіс, дәм сезімдері.
Еске сақтау әдістеріне қарай ес: механикалық және саналы, ерікті және
еріксіз деп бөлінеді. Мәліметті сақтау мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және
қысқа мерзімді ес деп бөлінеді.

9.

ҰЙҚЫ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ЖАС
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1
Ұйқы
адам
организмінің
қалыпты қызмет атқаруы мен
тірлігін сақтауға қажетті жағдай.
Ұйқы кезінде сыртқы ортамен
байланыс нашарлайды, денедегі
зат алмасу, бұлшықеттердің
тонусы,
асқорыту,
жүрекқантамырлар мен тынысалу
жүйелерінің қызметі төмендейді.
2
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның
еңбек қабілеті, есте сақтау қабілеті, ойлау
қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді.
Адам тәуліктің 1/3 ұйқыға жібереді.
Ұйқыны азайтуға, әсіресе балаларда
болмайды. Жаңа туған сәби алғашқы
күндері тәулігіне 21 сағаттай ұйықтайды. 1
жаста – 14 сағ. , 4 жаста – 12 сағ, 7-жаста
10,5-11, 10 жаста – 10-10,5 сағ, 11-13 жаста
– 9-9,5 сағ, 14-17 жаста – 8-9 сағ, ересек
адамдар 7-8 сағ ұйықтайды
3
Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау
үшін жатар алдында ауыр тамақ
ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты
жатардан 2-3 сағат бұрын
қабылдап, жатарда жеңіл тамақ
ішу керек. Баланың төсегі
жайлы, бөлмесінің ауасы таза,
температурасы
20-220С
болғанда ұйқысы дұрыс болады

10.

Түс көру
Түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді
физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша
ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу
қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін
“күзетші пункт” деп атайды.
Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің
бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта
“тіріледі”. Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал
жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске
қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі.
Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген
И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп
фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр
түрлі түс көруге себеп болады.

11.

Назарларыңызға
рахмет!!
English     Русский Правила