М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
Назарларыңызға рахмет!
812.41K
Категория: БиологияБиология

Жүйке жүйесі

1. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Жүйке жүйесі
Орындаған:Ибраким Аяжан
Қабылдаған:Баубекова Айжан

2.

Жүйке жүйесі - адам мен
жануарлар организмдерінің
қоршаған ортаға бейімделуін
реттейтін жүйе. Жүйке
жүйесін зерттейтін
морфологияның,бөлімін гр. n
eurologia (грек, neuron —
жүйке, жүйке
жасушасы; logos — ілім) деп
атайды. Жүйке жүйесінің
қызметтері рефлекстер
арқылы іс жүзіне асады.

3.

Қарапайымдардың Жүйке жүйесі
Қарапайымдарда (бір жасушалылар) Жүйке
жүйесі болмайды, бірақ инфузориялардың
кейбір түрінде қозулы жасушаның басқа
бөліктеріне өткізетін торшасы болады.

4.

Ішек қуыстылардың Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің ең қарапайым түрі төменгі
сатыдағы ішек қуыстыларды (гидра)
диффузиялы түрде болады. Бұл жүйеде қозу
барлық бағытта тарал алады. Еркін қозғалып
тіршілік ететін ішек қуыстыларды жүйке
жасушалары топтанып, жүйке түйіні (ганглий)
түзелген және олар бір-бірімен ұзын өсінділері
(жүйке талшықтары, нервтер) арқылы
жалғасады.

5.

Буылтық құрттар, буын аяқтылар,
тікен терілілер, моллюскілердің Жүйке
жүйесі
Түйіндердегі жүйкежасушалары, жүйке
талшықтары арқылы бір-бірімен және
тиісті рецепторлармен, орындаушы
органдармен байланысады. Белгілі бір
қашықтықтан әсер қабылдау қабілеті
дамып, дистантты рецепторлармен - сезім
органдарымен байланысты болып,
организмнің бас бөлімінде орналасқан
жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене,
ерекшелене түседі.

6.

Омыртқалы жануарлардың жүйке
жүйесі
Омыртқалы жануарлар жүйке
жасушалары негізінен орталық
Жүйке жүйесіне біріккен жұлын мен
мидан тұрады. Омыртқалылардың
эмбрионалдық дамуында Жүйке
жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы эктодермадан (алғашқы жүйке
пластинкасы түрінде) дамып, кейін
науашық, ал одан әрі қауыса келіп
түтікке айналады.

7.

Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері:
Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке
ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі
орналасу орындары (топографиясына) мен
құрылысына
сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып
екіге бөлінеді.

8.

Ми құрылысы мен қызметі
Ми — сүтқоректілерде мінез-құлыққа
жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру
торабы. Ми баста бассүйек қуысында
орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады:
сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми,
аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

9.

Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады.
Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының
өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см,
салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен
жалғасады, төменгі шеті екінші арқа
омыртқаға дейін созылын жатады.

10.

Рефлекс
Сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне
организмнің жауап қайтару реакциясы.
Шартсыз рефлекс-тума, тұрақты, жұлында, ми
бағанасында жасалады.

11. Назарларыңызға рахмет!

English     Русский Правила