1.35M
Категория: БиологияБиология

Көз аурулары

1.

АП-101 Әжіғалиева Ақнұр
Көз аурулары

2.

02
Жоспар:
Часть 1
Көз аурулары
Часть 2
Ауру түрлері
Часть 3
Алдын алу шаралары

3.

Көз аурулары
- көздің көруінің нашарлауынан,
оның сәуле сындыру күшінің
ақауларынан (алыстан көргіштік,
алыстан көрмеушілік,
астигматтық, дальтонизм) пайда
болатын және іштен туа біткен
аурулар.

4.

04
Көз ауруларының
пайда болуына
бірнеше факторлар
әсер етеді:
мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.)
физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол
тозаңдары мен булары, т.б.)
химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері)
физикалық-химиялық (ультракүлгін,
инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.)

5.

Катаракта
(сарқырама) – көз бұршағының бұлдырап, қарауытып,
ағаруымен сипатталатын көз ауруы.
Салдары:
Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі
қиындайды, көздің көру қабілеті кемиді. Катарактаның
пайда болуы әр түрлі жағдайларға (қарттық, жарақаттану
әсерінен, әр түрлі аурулардың асқынуы салдарынан, тағы
басқа) байланысты. Бұл аурудың туа және жүре пайда
болатын түрлері бар.

6.

05
Суқараңғы (глаукома)
көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын
созылмалы көз ауруы.Глаукома – көзден сулы ылғалдың
шығуының бұзылуымен, көзішілік қысымның (КІҚ)
жоғарылауымен, көру жүйкесінің атрофиясымен және көру
қызметінің үдемелі төмендеуімен жүретін аурулар тобы.
Негізгі белгілері:
көз алмасьның күшейіп өсуі (буфтальмоз), жарықтан қорқу
және көзден жас ағуы, блефароспазм, қасаң қабықтың ісінуі
салдарынан тұмандануы болып табылады, бұл ауру көзді
соқырлыққа дейін апаруы мүмкін.

7.

Конъюктивит — (лат. conjunctіvus – жалғастыратын),
көздің дәнекер қабығының қабынуы – қабақтың ішкі
үстіңгі жағын және көз қарашығының алдыңғы бөлігін
жауып тұратын шырышты қабықтың қабынуы.
Конъюктивит көз қарашығының қызаруы, шырышты
немесе шырышты-іріңді заттардың бөлінуі, жас ағуы,
жарықты ұнатпау, көздің түйіліп ауыруы сияқты
белгілерден білінеді.
Конъюктивит, әдетте, ауру тудыратын микробтардан
(кейде дифтерияның немесе соз ауруының
қоздырғыштары арқылы) және вирустардан пайда
болып, тез өршиді; іріңді заттар бөлінеді, ұйықтағанда
кірпікті бір-біріне жабыстырып тастайды. Шырышты
қабыққа кейде аздаған қан құйылуы мүмкін. Әдетте, екі
көз де зақымданады. Ауру орта есеппен 2 – 4 аптаға
созылады.' Инфекция көзге кір, лас орамал, сүлгі
арқылы түседі.
06

8.

Астигматизм– көз рефракциясының бұзылуы. Бұл дегеніміз
көздің анық көрмеуі.
Ол алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікпен бірге
байланыса дамиды.
Сау көзде көздің жанары мен мүйізгек қабағы тегіс сфералық келеді.
Ал астигматизмде көз жанарының сфералық тегістігі бұзылып, әр
түрлі бағыттағы қисықтық пайда болады.
Астигматизм белгілері
Астигматизм тұқымқуалайды. Сол себепті астигматизмнің
белгілерін бала кезден білуге болады. Балалар көздің нашар
көргіштігіне, көздің шаршауына, көздің сығыраюына
шағымданады.
Егер ата-ананың біреуінде астигматизм ауруы бар болса,
баланың көздерін кішкентайынан тексерткен жөн.
Көздің бұлдырлауы, анық көрмеуі
Аз ғана физикалық күштің өзінде көзде қосақтана көріну болады
Бастың жиі ауруы
Аз физикалық күште көзге салмақ түсуі

9.

09
Амблиопия («жалқау көз») - бұл органикалық
өзгерістер болмаған кезде көздің көру өткірлігінің
төмендеуі. Ол дамиды және сәби кезінде ғана емделеді.
Көздің өткірлігі бір немесе екі жақты төмендеуі оның
рефракциялық ауытқуларын түзетулерге қарамастан
болатын амблиолия деп аталады. Көру
жуйкесінің зақымдалуынан соқырлык бір кезге келеді,
оны амавроз деп атайлы.

10.

Дальтонизм
— көздің көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде түсті
ажырата алмаушылық. Түсті бірқалыпты сезетін адам
негізгі үш түсті (қызыл, жасыл және көк) қабылдай алады
(Көру мақаласын қараңыз). Дальтонизмге шалдыққан
адамның қызыл және жасыл түстерді сезінуі төмендейді
немесе мүлде жойылады, соның салдарынан айналадағы
әлемнің түрлі-түсті көріністерін теріс қабылдайды. Көк
түске сезімталдықтың кемуі өте сирек байқалады. Түсті
мүлде айыра алмаушылықты түс танымау деп атайды;
мұндайда айналадағы барлық заттар қара-ақ реңді болып
қабылданады.
10

11.

Қылилық
Қылилық - көздің көру осінің бекіту нүктесінен үнемі немесе кейде
ауытқуы, бұл бинокулярлық көру қабілетінің бұзылуын тудырады. Қылилық
сыртқы ақау арқылы – көздердің/көздің мұрынға немесе самайға қарай,
үстіге немесе астыға қарай ауытқуы нәтижесінде байқалады. Сонымен қатар
көзі қыли науқастың көзі қосарланып көрінеді, басы айналып, басы
ауырады, көру қабілеті төмендеп, амблиопия туындауы мүмкін. Қылилықты
тексеру әдісіне офтальмологиялық зерттеу (көздің қырағылығын,
биомикроскопияны, периметрияны, офтальмоскопияны, скиаскопияны,
рефрактометрияны тексеру, көзді биометрикалық зерттеу және т.б.),
неврологиялық зерттеу кіреді. Қылилықты емдеу көзілдірік немесе
байланыс коррекциясы, аппараттық ем-шаралар, плеоптикалық,
ортоптикалық және диплоптикалық әдістемелер, хирургиялық коррекция
арқылы жүргізіледі.
Қылилықтың белгілері
Паралитикалық қылилық кезінде қыли көз сал болып қалған бұлшықетке
қарай қозғала алмайды немесе қозғалмайды. Диплопия және бас айналу
байқалады, көзді жұмған кезде бұл белгілер жоғалады.

12.

Миопия (сығырлық) мектеп жасында өте жиі
кездесетін рефракцияның ауытқуы болып табылады.
Миопия кезінде денеден шыққан сәулелер жарықты
сындырушы аппарат арқылы өткеннен соң торлы
қабықта емес, оның алдынғы жағында бір нүктеде
жиналады. Бұл көздің сындырушы күшінің көптігіне
немесе көз алмасының ұзындығының үлкендігіне
байланысты болуы мумкін. Жақын орналасқан денені
миоп-адамдар аккомодациясыз кереді, ал алыстағы
денелерді бұлдыр етіп кереді. Мұны түзету үшін қос
ойыс линзасы бар көзілдіріктер қолданылады.
Миопия өсу кезенінде пайда болады, кейде жасы
өсуне қарай күшейе туседі.
Гиперметропия кезінде алыс орналасқан денелерден
шыққан сәулелер торлы қабыктың арт жағында
фокусталады. Бұл көздің сындыру күшінің қабілетсіздігінен
немесе көз алмасының ұзындырының аздығынан пайда
болады. Алыстан орналаскан денелерді осындай адамдар
аккомодациянын зорланушылығымен кереді. Оның
салдарынан кірпікті бұлшық еттердің гипертрофиясы пайда
болады. Гиперметропия физиологиялык түрде мектеп
жасына дейінгі аралыкта, 6 жасқа дейін байқалады.

13.

Алдын алу шаралары
13
Көз ұқыптылықты талап етеді, сол себепті жиірек таза ауада серуендеу керек. Сонымен қатар төмендегі көрсетілген
жаттығуларды күніне бірнеше рет жасап тұрған жөн.
• Түзу отырыңыз, назарыңызды алға қарай бағыттап, көзіңізді жұмыңыз да айналмалы қозғалыстар жасаңыз.
Мысалы, солға, жоғарыға, оңға және төмен қарай (5-10 рет).
• Саусақтардың ұшымен көзді аздап басып тұрыңыз да алып тастаңыз. Бұл тәсілді 5 рет қайталаңыз. Одан соң көзді
ашып, жылдам ырғақпен 15 рет жыпылықтатыңыз.
• Оң қолыңызды алға созып, назарыңызды ортаңғы саусақтың тырнағына аударыңыз. Қолыңызды оң жаққа
максимальді бағыттаңыз, бірақ басты бұрмаңыз және назарды саусақтан алмаңыз. Оң жақ қолыңызды қайтарып,
енді сол жақ қолыңызбен жасаңыз. Мұны да 5 рет қайталаңыз.
• Көзіңізді жұмып, оны қатты қысыңыз. Мұны да 5 рет қайталаңыз. Жаттығуды жасап болғаннан кейін 15 рет
жыпылықтатыңыз.
• Бірнеше рет терең дем алыңыз да тынысты ұстап, белді бүгіп, басты алға қарай түсіріңіз. Содан соң 5-ке дейін санап,
қайтадан түзу тұрыңыз. Терең дем алып, жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.
14

14.

Рахмет!
English     Русский Правила