449.75K
Категория: ПедагогикаПедагогика

Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы

1.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
ҚХА және ӘГП кафедрасы
Жоғары білім берудің қазіргі
парадигмасы
Орындаған: ГДЗМ-23-1 тобының
студенті Серікқызы А.
Қабылдаған: Исмакова Б.С.

2.

КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта педагогикада «парадигма» термині кең тарала бастады, бірақ оның
мағынасына түрлі түсініктемелер береді. Мысалы, «гуманистік парадигмаға» ауысу
насихаттары айтылады, техникалық қоғам парадигмалары негізделеді және т.б.
«Парадигма» терминін (грек. «үлгі») 1962 жылы Томас Кун ғылымға енгізді. Парадигма –
барлығымен мойындалып қабылданған ғылыми жетістіктер, олар ғылыми қауымдастыққа
белгілі бір уақыт аралығында мәселелерді анықтау және оларды шешудің моделін
ұсынады.
Парадигмалық көзқарас төрт онжылдық бойы шетелдік зерттеушілердің назарында болып
отыр: Дж. Агасси, И. Лакатос, Дж. Холтон, П.П. Гайденко, Л.А. Маркова және т.б.

3.

Білім беру парадигмасының мәні
1
Білім беру парадигмасы - білім берудің тұжырымдамалық нобайы. Бұл
ұғымды Колесникова енгізген.
2
Білім беру парадгмаларын қалыптастыру адамзаттың әлеммен өзара
әрекеттесудің әр түрлі тәсілдерін игеру барысында жүзеге асып отырған.
3
Әр парадигма дүниені, педагогикалық нысандарды қабылдаудың,
олардың мәнін түсінудің әр түріне сай келеді.

4.

Н.Н.Еременко келесідей парадигмаларды бөліп көрсетеді:
жалпы ғылымдық, қызмет түріне, білім саласына тәуелсіз
қоғамдық масындалатын;
жеке (арнайы) , білімнің әртүрлі саласына теориялық негізді;
локальді белгілі бір өркениет немесе елдің жеке прадигмаларын
қолдану.

5.

Парадигмалар мыналар бойынша ерекшеленеді:
мектеп
функцияларын
түсіну бойынша
мақсатқа жету
жолдары бойынша
педагогикалық
әрекеттесу сипаты
бойынша
білім беру
мақсаттары
бойынша
оқушының білім
берудегі
позициялары
бойынша

6.

Білім беру парадигмаларының түрлері
1.Дәстүрлі-консервативті (білімдік) парадигма
1) білім беру негізінде базалық білімдер мен соларға сәйкесті икемділіктер мен дағдылар жатуы керек.
2) білім беру жүйесі академиялық сипатқа ие болып, ғылымның негізгі салаларына бағдарлануы керек. Мектеп
уақыт сынынан өткен, білім беру негізін құрайтын мәселелерге баса назар аударауы тиіс.
3) Этикалық құндылықтарға ерекше орын беріледі. Бұл парадигма сақтаушылық функцияға негізделген.
2. Технократиялық (аралық) парадигма
Бұл парадигма ғылыми-техникалық революция құбылыстары мен деректерін қадағалау мен олардың
салдарынан туындады.
Технократиялық парадигмадағы мұғалім ұраны: «Күш - білімде!».
Мұнда шынайылық өлшемі тәжірибе болып табылады. Бұл жағдайда білім нәтижесі «иә-жоқ», «біледібілмейді», «меңгергенмеңгермеген» деп есепке алынады.
Әрдайым белгілі бір эталон, үлгі, норматив болады да, білім деңгейі сонымен өлшенеді.
Адамның сапасы белгілі бір әлеуметтік функцияларды орындауға дайындығын бағалау арқылы анықталады.
Қажетті білім, тиісті құлық туралы түсінік мемлекеттік деңгейде анықталып, бекітіледі. -Ресми түрде
Кеңестер Одағында -Оқулықтардан Конституция, Психология, Логика алынып тасталды.
Орнына техникалық қызмет көрсету, әскери дайындық пәндері енгізілді. Қазіргі еңбек практикасы - сол
парадигманың жаңғырығы.

7.

3. Бихевиористік (құлық) парадигмасы
Бихевиористік (құлық) парадигма негізінде психологиялық бағдарлану жатыр. Бихевиоризм – мінезқұлықты адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясы ретінде қарастыратын мінез-құлықтың
психологиялық теориясы. Мұнда ішкі көңіл-күйге емес, сыртқы стимулға көбірек назар аударылады.
Бұл үлгіде мектеп балалардың мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында білім игеру жолы ретінде
қарастырылады.
Мектеп мақсаты: оқушыларды ортаға, белгілі бір ситуацияларға бейімделген мінез-құлық
қалыптастыру және әлеуметтік нормаларға, мәдени талаптарға сай келетін белгілі бір әрекеттер
жиынтығын беру. Бұл парадигма Австралияда, Бельгияда, АҚШ-та қолданылған.
4. Гуманистік (Феноменологиялық) парадигма
Гуманистік (феноменологиялық) парадигмада басты назар оқушының дамуына, оның интеллектуалдық
қажеттілігіне, тұлға аралық қатынаста аударылады.
Бұл білім беру моделінің негізінде субъектілікобъектілік қатынас емес, оқушының дамуы, өзін-өзі
дамытуы, өзін-өзі қалыптастыруы, шығармашылығы және субъективтілік жатыр.
Бұл парадигманың негізгі қағидаларының бірі – бала мен ересектің құндылықты-мәндік теңдігі, бұл
жерде білім мен тәжірибенің бір деңгейде болуы емес, әрбір адамның әлемді шексіз тану құқығында

8.

Қорытынды
Қай уақытта болмасын қолданылатын білім беру парадигмаларының бірде-біреуін
жақсы немесе жаман деп айту мүмкін емес. Олардың әрқайсысы әлемді және
педагогикалық объектілердің қабылдауына, оның мәнінің түсіндірілуіне, оқу-тәрбиелік
процестің құрылуына жауап береді және негіз болады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, білім берудің парадигмалары білім
берудің мақсаттарына, мектеп функциясына, мақсатқа жету әдістеріне, педагогикалық
өзара әрекет сипатына, білім берудегі оқушының орнына байланысты ажыратылатынын
білдік.

9.

Әдебиеттер тізімі
1.ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //12жыл дық білім. – 2003 ж.
2. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика (для магистратуры) – Алматы, 2006.
3. С.С.Тілеуова Жоғары мектеп педагогикасы, – Шымкент, 2009
4. Ә.Қ.Мыңбаева, А.Б.Айтбаева, Ә.М.Құдайбергенова. Жоғары мектеп педагогикасы негіздері. –
Алматы, 2016. -236б.
5. Ж.Р.Баширова, Н.С.Әліқожаева, Ү.Б.Төлешова, Ә.Ж.Тойбаев, Қ.Б.Жұмабекова. Жоғары мектеп
педагогикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. -190б.

10.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
English     Русский Правила