315.26K
Категория: ПромышленностьПромышленность

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ

1.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ
Мәнісі
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-тың
реттелетін қызметтеріне тұтынушылардың
қол жеткізуіне тең жағдайды қамтамасыз
ете отырып, магистральды мұнай
құбырлары жүйесіменмұнай тасымалдау
бойынша сапалы, уақтылы және бәсекеге
қабілетті қызметтерді ұсыну арқылы
Қазақстан Республикасы үшін мейлінше
пайданы қамтамасыз ету.

2.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ
Пайымы
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – өндірістік қызмет қауіпсіздігін және қоршаған
ортаны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ең үздік тәжірибеге сай келетін
заманауи, әртараптандырылған құбыр жүйесі бойынша мұнай тасымалдау
қызметтерінің кең түрін ұсынатын жария, бәсекеге қабілетті және серпін
дамып отырған компания.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ саладағы өзінің жетекші орнын ұстап тұруға
және Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерде аса ірі мұнай
тасымалдау жобаларына қатыса отырып, Қазақстан Республикасының мұнай
тасымалдау жөніндегі ұлттық операторы болуға ұмтылады.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-тың сөзсіз басымдықтары: қоғам
қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі және қоршаған
ортаны қорғау.

3.

Стратегиялық мақсаты - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ нарықтық құнын (қор жинауын)
көбейту және мынадай міндеттерді іске асыру арқылы магистральды мұнай құбырлары
жүйесімен мұнай тасымалдау саласында мемлекеттің стратегиялық мүдделерін сақтау:
мұнай тасымалы және жүк айналымы, су
беру көлемін ұлғайту және бәсекеге
қабілетті, сенімді және қауіпсіз қызметтер
көрсету;
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-тың және
оның еншілес, бірлескен-бақылаудағы
ұйымдарының қызметі тиімділігінің
тұрақты өсімі және шығындарын
оңтайландыру;
тиімді инвестициялық саясат және аса ірі
мұнай тасымалдау жобаларына қатысу;
тұрақты ақша ағынын қолдауға
бағытталған ойластырылған қаржылық
стратегия;
топтық басқару, тәуекелдерді, адам
ресурстарын басқару, сондай-ақ еңбек
қауіпсіздігі мен еңбек қорғау, өрт
қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау
саласында жоғары стандарттарды ұстап
тұру.

4.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ дамуының стратегиялық бағыттары
Мәніс, Пайым және Стратегиялық мақсаттар негізге алынып, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ
қызметінің секторлары мен салалары бойынша Қоғам дамуының мынадай стратегиялық
бағыттары анықталды.
Мұнай тасымалдау«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ дамуының негізгі стратегиялық бағыты
және оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуші шешуші кәсіптік арқауы.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚөзінің жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымы бар өңірлерде
мемлекетке тұтынушыларды ауызсумен және техникалық сумен қамтамасыз ету саласында
септесетін болады.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-тың басқару тиімділігін көтеру стратегиясы мына бағыттар
бойынша қосымша бәсекелі басымдықтар жасау мақсатын қояды:
қызметтің тиімділігін көтеру және активтерді қайта құрылымдау;
шығындарды бақылау мен оңтайландыру;
топтық басқару;
шетелдік активтерді басқару;
инновациялық-технологиялық даму;
ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару топтық жүйесін дамыту;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау;
адам
ресурстарын
дамыту
және
ынталандыру
жүйесін
енгізу.

5.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмыс істеп тұрған магистральды мұнай құбырлары жүйесін
жаңғырту және мұнай жеткізу бағыттарын әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп
отыр. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-тың инвестициялық жобаларын іске асыру нарықтың
ахуалына қарай мұнай ағынын ішкі нарық пен экспорттық бағыттар (экспорттың Батыс, Шығыс
және Оңтүстік-Батыс бағыттары) арасында жедел қайта бөлуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
бірыңғай құбыр жүйесін жасуға мүмкіндік береді
Мұнай көлік қуаттарын дамыту Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге: мұнай көлік жүйесі нысандарының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға,
мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші салалардың мұнай көлік қуаттарына қажеттілігін
қанағаттандыруға және экспорт бағыттарын әртараптандыруға бағытталған.
Суағызғылар жүйесін дамыту Атырау және Маңғыстау облыстары халқының, өнеркәсібінің және
ауыл шаруашылығының ауызсуға деген өскелең талабын қанағаттандыруға бағытталған.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ инвестициялық жобаларын қаржыландыру бюджеттік (мемлекеттік)
қаражат пайдаланылмай, өз қаражаты және қарыз қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-тың бүкіл жобасы топтық рәсімдерге сәйкес әзірленеді және
экологиялық қауіпсіздік, техникалық шешімдер мен жұмыстар құны қолданыстағы заңнамамен
көзделген сараптамадан өтеді.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Қазақстан– Қытай» жобасын одан әрі өрістетуді көздеп отыр.
Жоба тиісті кепілді ресурс базасы болған ретте «Қазақстан– Қытай» мұнай құбыры жүйесінің
өткізу қабілетін кезең-кезеңмен жылына 20 млн. тоннаға дейін кеңейтуді көздейді.

6.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ

7.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ
English     Русский Правила