3.60M
Категория: БЖДБЖД

ҚР ТЖМ Ұлытау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ (Жезқазған қаласы)

1.

2023 жылдың 1 тоқсанындағы
«ҚР ТЖМ Ұлытау облысы ТЖД
ӨСжАҚЖҚ (Жезқазған қаласы)» РММ №6
өрт сөндіру бөлімінің жұмыс қортындысы
бойынша баяндамасы

2.


2023 жылдың 1 тоқсанында №6 өрт сөндіру бөлімінде басшы
құрамның тарапынан тәртіптілікті және бөлім жеке құрамының кәсіби
шеберлігін арттыруды күшейтуге бағытталған шаралар іске асырылды.
Жеке құрам қызметтік міндеттерін адал атқарды. Өрт сөндіру кезінде
өжеттілікпен көзге түсті.
1-ші тоқсанында
қызмет көрсету
ауданымызда
кезекші
қарауылдардың келген сәтінде болған өрттердің өршіп кетуіне жол
берілген жоқ. Өртте зардап шеккендер болған жоқ.

3.


1-ші тоқсанында №6 ӨСБ кезекші қарауылдары 29 рет дабыл бойынша
шыққан. Соның ішінде 10 рет шығу ауданымыздағы өрттерді сөндіруге
шықса, басқа аудандағы өртті сөндіруге шыққан жоқ. Барлығы да
тұрғылықты мекендерде. 19 рет авариялық құтқару жұмыстарына шыққан.
Өрт тактикалық сабақтар барлық жеке құрамның қатысуымен әр түрлі
нысандарда 3 рет өткізілді. Оның ішінде 2 күндізгі уақытта болса 1 түнгі
уақытта.

4.

• 2024 жылдың 12 наурызында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қарасты НОРП
өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп арнайы өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

5.


Ауданымызда Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Наурыз
мерекесін ұйымдастыру іс-шарасына байланысты бөлімнің техникасы мен
жеке құрамы 2 мәрте қызметтің күшейтілген түрлеріне көшірілсе, 4 мәрте
Байқоңыр ұшу айлағынан әр түрлі әуе аппараттарының ұшуына байланысты
күштер мен құралдарды жауынгерлік әзірлікте ұстау жұмыстары жүргізілді.
Басты назар жеке құрамды тәрбиелеу мен жауынгерлік дайындық
жүйесінде оқытуға жұмсалады. Күн тәртібі бойынша кестеге сәйкес арнайы
тактикалық дайындық жүйесінде басшылық тарапынан 34 тақырып бойынша
136 сабақ өткізілді. Оның 8-і арнайы-тактикалық дайындығы сабақ жүйесінде,
16 қосымша сабақ жүйесінде және 12 құқықтық дайындық сабақ жүйесінде.
№6 ӨСБ жеке құрамының кәсіби білімін және құқық мәдениеті деңгейін
арттыру мақсатында 2024 оқу жылы «ҚР ТЖМ Ұлытау облысы ТЖД
ӨСжАҚЖҚ» РММ №6 ӨСБ қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене
шынықтыру даярлығын ұйымдастыру туралы бұйрығы шығарылып,
жұмыстар атқарылуда. Әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері дене
шынықтыру дайындығы бойынша 23 сабақ өткізілді.

6.


Наурыздың 27 мен 30 жұлдызы аралығында №6 ӨСБ жылдық
жоспарына сәйкес жеке құрамның жауынгерлік дайындығы бойынша 2024
жылдың 1 тоқсанына қорытынды жасалынды.
• Әр қарауылда жеке тәрбиелік жұмыстар жүргізілді. Қызметтің күшейтілген
түрі күндері жеке құраммен бірге болып, басшылық тарапынан әңгімесұхбаттар өткізілді. Жеке дара жұмыстардың кестесіне сәйкес от басылық
жағдайымен танысу мақсатында басшылар 7 қызметкердің үйіне бардық.
Бөлімде бәрі қолайлы. Қызметкерлердің от басылық жағдайлары бойынша
қолайлы.
Бөлімге ҚР ТЖМ, Ұлытау облысы ТЖД және «ӨСжАҚЖҚ» РММ келіп
түскен барлық басқару құжаттары, бұйрықтары және нұсқаулары жеке құрамға
саптық түзілістерде жарияланып, қосымша сабақ барысында оқытылды.
Күнделікті саптық түзілісте сыртқа жол жүру туралы үнемі ескерту
жасалынып, нұсқаулықтар өткізіледі.
Наурыз айында аудандық салық басқармасының кестесіне сәйкес №6
ӨСБ жеке құрамы мен олардың жұбайларының 2023 жылға жеке кіріс салығы
мен мүлкі бойынша деклорациялары тапсырылды.

7.

• Бөлімдегі іс-шаралар мен жұмыстар «ӨСжАҚЖҚ» РММ бастығының бекіткен
жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар орындалды. Басшы құрам жиындарында
және кезекші қарауылдар жеке құрамының жиналыстарында талқыланған
мәселелер жүзеге асырылды. 1 тоқсанда 3 рет жеке құраммен әр түрлі
сұрақтарды шешу бойынша жиналыстар өткізіліп, хаттама толтырылды.

8.


2024 жыл басынан №6 Өрт сөндіру бөлімінде 1-наурыз Азаматтық қорғау күніне
орай 3 рет ашық есік күні ұйымдастырылды. Балалардың қызығушылығын арттыру
мақсатында Өрт сөндіру құралдарымен таныстырылып, әңгімелер жүргізілді. Іс шара
барысында 113 оқушы, 5 мұғалім қамтылды.

9.

• 2024 жылдың 21 ақпанында Жаңаарқа ауданының ТЖБ жеке құрамы, №6-ӨСБ
жеке құрамы, Жаңаарқа ауданының патрульдік полиция тобының қызмет
инспекторы полиция аға лейтенанты К. Ахмедиев, Жаңаарқа ауданының
орталық халық мешітінің наиб имамы Ә. Әдіхан, Жаңаарқа ауданы бойынша
кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімінің
басшысы Ж. Накипбеков.

10.


Қоғамдық топтар жұмыстарын толық көлемде атқарды. Редколлегия жеке
құраммен бірлесіп, Наурыз мейрамына орай безендіру жұмыстарын дайындады және 4
жауынгерлік парақтар шығарды.
Өткен кезеңде бөлімде тәртіпті бұзу фактілеріне бой алдырмау бойынша
жұмыста қалай болса, қызметтен тыс уақытта да жүйелік шараларды қолдану
белсенділігі бойынша жұмыстар жүргізілді. Бөлім қызметкерлері функционалдық
міндеттерін орындауда қателіктерге бой алдырған жоқ. Қаңтар айында бөлім
қызметкерлерінің функционалдық міндеттері бекітілді. 2023 жылдың сәуір айында
өтетін кешенді тексеріске жеке құрам жан-жақты әзірлену үстінде. Барлық бағытта
жұмыстар жеке құрамның ынта ықыласымен атқарылуда.
Сыртқа жол жүргенде қызметкерлер басшылыққа айтып, баянат жазып, нұсқаулық
алу арқылы шығады.
Жұмыста аурудың себебінен келмеген қызметкерлер болған жоқ. Жұмыста және
қызметтен тыс уақытта әртүрлі жарақаттардан сақтану үшін жеке құраммен үнемі
сақтық шаралары бойынша нұсқаулық өткізілуде. Басқармадан келген нұсқауларға
сәйкес ауа райының қолайсыздығына, су тасқынына, жол жүруге байланысты жеке
құраммен 2 рет техника қауіпсіздігі нұсқаулығы өткізілді.

11.


Бүгінгі таңда штатық кестеге сәйкес – 33 бірлік, қазіргі кезде 30
қызметкерді құрайды. Қазіргі уақытта 1-орын бастықтың орынбасары, 1 орын
– қарауыл бастығы, 1-орын ГТҚҚ аға шебері, лауазымы бос тұр.
Қазіргі таңда бөлімде 7 техника бар, оның 4 негізгі және 3 қосымша 1 УАЗ
авто көлігі, 1 қосымша Камаз (вахтовка), 1 қосымша Камаз (водовоз) барлығы жарамды күйде.

12.


2024 жылдың 1 тоқсанында «ӨСжАҚЖҚ» РММ қоймасынан бөлім техникасын
жауынгерлік әзірлікте ұстау мақсатында түрлі қосалқы бөлшектер, санитарлық
тазалықты ұстау мақсатында түрлі тазарту заттары, қағаз құжаттарымен жұмыс істеу
мақсатында концелярлық заттар, құрылыс жөндеу жұмыстарын жалғастыру мақсатында
құрылыс материалдары мен заттары алынды.
Шаруашылық жұмыстары бойынша 1-ші тоқсанында жеке құрамның күшімен
айтарлықтай жұмыстар жасалынды. Бөлімнің тұрмыстық бөлмелерін жақсарту
мақсатында тазалық жұмыстары жүзеге асырылды. Қыс мезгіліндегі жылыту маусымын
жеке құрам өз күштерімен атқарды. Жалпы жылдың басынан бастап келесі жұмыстар
атқарылды:
- бөлімнің бекітілген аумақтарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді;
- гаражға қосымша электр жарық бергіш шамдары орнатылды;
- наурыз мерекесіне орай ғимарат сыртына билворд каркасы орнатылды;

13.

Ұлытау облысының өртке қарсы қызметінің топан су басқан жағдайдағы зардаптарды
жою дайындығын қамтамасыз ету мақсатында бөлімде келесі іс-шаралар жүргізілді.
Мотопомпалар, су соратын ӨТЖ дайындалды, жеке құрам қосымша жауынгерлік киіммен
қамтылды, ББП резервтегі қоректену көзі дайындалды. Наурыздың айында Жаңаарқа
кентіндегі күннің күрт жылуының салдарынан ағынды судың деңгейінің көтерілуі М.
Жумажанов, Ақтүбек, Талдыбұлақ, ауылдық округтер су басу қауіпін тудырды. Аталған
авариялық -құтқару жұмыстарына №6 өрт сөндіру бөлімінен Камаз (вахтовка) және УАЗ
авто көлігі, 1 қосалқы мотопомпа және резервтегі жеке құрамнан қызметкерлер
жұмылдырылды.
Наурыз айында қардың күрт еруіне байланысты өрт депосының айналасы, сондай-ақ
төбе мен шатыр үстіндегі қарларды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Өрт сөндіру автокөліктерін жазғы дала өртіне дайындау жұмыстары жүргізілетін болады.

14.

Бірінші
кезектегі
өрт
сөндіру
гидранттарын
жөңдеу
жұмыстары
туралы
БАЯНДАМА
Жаңаарқа ауданынында 2023 жылдың жыл басынан тоқсанындағы өрт
сөндіру гидранттарын жақсарту шаралары бойынша Жаңаарқа ауданының
ТЖБ және №6 ӨСБ лауазымды тұлғаларымен бірлесе отырып «Бірінші
кезектегі өрт сөндіру гидранттарын жөндеу» жоспары құрылған болатын.
Жоспар кестеге сәйкес Жаңаарқа аумағында 10 өрт сөндіру гидранттарына
жөңдеу жұмыстары жоспарланған, алайда Жаңаарқа ауданының әкімшілік
тарапынан өрт сөндіру гидранттарының жөндеу жұмыстарына қаржы
қарастырылмағандыған, қай уақытта жұмыс істеуге қабылданатындығы
белгісіз. Өртке қарсы су көздерінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде емес.
Өрт сөндіру гидранттар жанындағы ғимараттың қабырғасында гидрант
бағытын көрсететін көрсеткіштері орнатылмаған.
Жаңаарқа аумағындағы аумағындағы магистральды жүйелерінде
орналасқан 169 өрт сөндіру гидрантының ішінен:
- толық техникалық жарамды өрт сөндіру гидранттар саны – 109 бірлік;
- техникалық жарамсыз өрт сөндіру гидранттар саны – 60 бірлік;
- толық техникалық жарамды өрт сөндіру мұнараларының саны – 5 бірлік.

15.

Өрт сөндіру жарақтары
Талдау бойынша ӨСЖ және өрт сөндіру киімдері «ӨСЖ 2024 жылғы санақ
тізімі» деректерге негізделген бойынша (76 жабдық), алдыңғы жылдар секілді
норма бойынша бөлімді толық қамтамасыз ету үшін, арнайы өрт сөндіру құрал
жабдықтары жеткілікті.
2023 жылдың 3 тоқсанында ӨСҚ жақсарту мақсатында төмендегіндей
жұмыстар атқарылды, атап айтсақ:
-ӨСҚ барлық инвентар номерлері жаңартылды;
-Тізім жанартылды;
-Өрт сөндіру калонкалары тексерілді;
-Өрт сөндіру ломы ұшталды және түзетілді, өрт сөндіруші белдік балтасы мен
балталар жүздері қайралды;
-Уақытылы өрт сөндіру құтқару арқаны тексеріліп тұрады және «Өрт сөндіру
құтқару арқаны журналына» жазылады;
-Әр тоқсан сайын диэлектрлік жабдықтарды сынақтан өткені туралы қатаң
бақыланады;

16.

Жең шаруашылығы
№6 ӨСБ жең шаруашылық жағдайын жақсарту мақсатында жұмыстар
жасалды, оның ішінде:
Барлық өрт жеңдері, өрт автокөліктерінде және қосалқы өрт
автокөліктерінде тоқсан сайын кемінде 1 рет аунатылады және барлық жеңдерге
арналған ағаш төсемелермен жабдықталды.
№6 ӨСБ-нің жеке құрамымен өрт сөндіру жеңдерін пайдалану және
зерделеу бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің
нұсқаулығына сәйкес жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізілді.
Оқу-жаттығу жеңдерді күнделікті өртен құтқару жаттығуларын
қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Өрт сөндіру жеңдерін белгілеуді жаңарту, аунату және жөндеу
нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылды.Жеңдер жүктеу сөресінде тік күйде
сақталады, олар таза және кептірілген күйінде ағаш төсемемен қамтамасыз етілді.
Өрттерде АҚЖ және басқа да жұмыстарда өрт сөндіру құралдарын пайдалану
туралы мәліметтер өрт сөндіру жеңінің паспортына және өрт сөндіру жеңдерін
пайдалану және жөндеу жөніндегі нұсқаулық бойынша, 24 - қосымшаға сәйкес
жеңдердің жұмысын есепке алу журналына есепке алынды.
• Қолданысқа жарамаған қысымды жеңдерді, клейлеп жамап орнына келтірдік.

17.

Жедел жоспарлары мен өрт
сөндіру карточкалары туралы
БАЯНДАМА
№6 ӨСБ-нің жедел жоспарлары мен өрт сөндіру
карточкаларымен жұмысы 2024 жылы нормативті құжаттардың
талаптарына, атап айтқанда ҚР ТЖМ 30.03.2023ж. №5 «Жедел
жоспарлар мен өрт сөндіру карточкаларын жасау, әзірлеу және
ресімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»
бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.
Жаңаарқа ауданың өртке қарсы қызмет бөлімінде барлығы 1
жедел жоспар мен 104 жедел карточкалары есепте тұр. 2024
жылдың жоспарына сәйкес барлығы қайта өңдеу жоспарланған.
Олардың ішінде қазіргі таңда (100%) жедел жоспар және жедел
карточкалар қайта өңделген.

18.

ГТҚҚ бойынша атқарылған жұмыстар
№ 6 ӨСБ "Газ-түтіннен қорғау қызметі" " ҚР ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ГТҚҚ
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығына "(ҚР ТЖМ ӨҚҚК төрағасының 2022 жылғы 08 қыркүйегіндегі № 2
бұйрығымен бекітілген) сәйкес өз қызметін жүзеге асырды.
№6 Өрт сөндіру бөлімінде "MSA AUER AirGo-S"тыныс алу аппараттары қолданылады.
6 ӨСБ -інде жалпы саны - 8 MSA AUER "AirGo-S" тыныс алу аппараттары: оның ішінде 8 дана жауынгерлік
есепте. Сондай-ақ, әуе баллондарының 22 данасы бар. Панорамалық маскалар барлығы - 24 дана, оның
ішінде 20 данасы газ-түтіннен қорғаушыларға бекітілген, 4 дана - резервте. ГТҚ жеке құрамының саны 20
газ-түтіннен қорғаушыны құрайды. Күн сайын жауынгерлік кезекшілікке орта есеппен 1 ГТҚ бөлімшесі
түседі.
2024 жылдың жыл басында аппараттарда практикалық сабақтар басталғанға дейін барлық газ-түтіннен
қорғаушылардан оған бекітілген тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары(ТОЖҚҚ) материалдық
бөлігін білуге, практикалық біліктілік және оларды пайдалану мен техникалық қызмет көрсету дағдыларына
сынақтар қабылданды.
Сонымен қатар, кезекші қарауылдардың газ-түтіннен қорғаушыларының жылу әсерінен физикалық
жүктемелерге бейімделу деңгейіне жедел бақылау жүргізілді.
Тоқсан сайын дайындық қорытындыларын шығару кезінде газ-түтіннен қорғаушылардан ГТҚҚ бойынша
нормативтерді іс жүзінде орындау бойынша сынақтар қабылдау жүргізілді.
ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерінің қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен, шығыс
материалдарымен қамтамасыз етілуі тыныс алу аппараттарына уақытылы қызмет көрсетуге және жөндеуге
мүмкіндік береді, өрт сөндіруді ұйымдастыруға және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары
ТОЖҚҚ-да сабақтарды уақтылы өткізуге қолайлы жағдай жасады. Жалпы алғанда, газ-түтіннен
қорғаушылармен тәжірибелік сабақтар " ГТҚҚ жеке құрамымен сабақ өткізу және оны ұйымдастыру
бойынша әдістемелік ұсынымдарға" сәйкес жоспарланған және өткізіледі. Газ-түтіннен қорғаушылардың
тыныс алуға жарамсыз ортада және таза ауада жаттығу сабақтарының уақтылы өткізілуі (жоспар-кестеге
сәйкес), сондай-ақ № 1 тексерулердің міндетті орындалуы үнемі бақыланады.

19.

Назарларыңызга рахмет,
баяндама аяқталды!
English     Русский Правила