Похожие презентации:
Өрт сөндіру құралдарымен таныстыру және оларды іс жүзінде қолдану
1.
Өрт сөндіруқұралдарымен
таныстыру және
оларды іс жүзінде
қолдану
2.
Өрт сөндіру техникасыӨрттен адамдарды құтқаруға,
материалдық және табиғи
байлықтарды қорғап қалуға
арналған техникалық құралдар.
Өрт сөндіру техникасының негізін
өрт сөндіру машиналары (өрт
сөндіру автомобилі, өрт сөндіру
пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт
сөндіру ұшағы мен тікұшағы)
құрайды. Өртенген жерлерге от
сөндіргіш заттар шашуға
арналған өрт сөндіргіш орнықты
қондырғылар, өрт сөндіргіштер,
өрт гидранттары, т.б. өрт
сөндіру құрал-жабдықтары Өрт
сөндіру техникасы қатарына
жатады.
3.
4.
ҚОЛМЕНСӨНДІРУГЕ
СӨНДІРГІШТЕР
АРНАЛҒАН
ӨРТ
Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған
құралдар.
ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты
және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең
еселікпен әсер етеді, ұзақтығы 60 секундқа жақын.
Баллондардың сиымдылығы - 8,7 және 9 л. Осы өрт
сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық
бөліктерден тұрады. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер
қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне
этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады.
ОХП-10 өртсөндіргіші (1-сурет) ішінде стақан
орнатылған (2), шойыннан пісірілген корпустан (1)
тұрады. Стақан күкірт қышқылды темір тотығымен
толтырылған.
Корпус мия экстракты бар екікөміртекті натрий
қышқылының (сілті) қоспасымен толтырылады.
Тұтқаны (3) 180°-қа бұрған кезде, соташық (4) резенке
тығынды жоғары көтереді де, түбін жоғары қаратып
аударғанда қышқылдық және сілтілік бөліктері
араласады. Нәтижесінде, көміртек қос тотығы көбік
1-Сурет. ОХП-10 типті химиялық түрінде түзіліп, шашырау арқылы жану ошағына
бағытталады. Ағынның ұзындығы 8 м жетеді.
көбікті өртсөндіргіш.
5.
ОВП-5 және ОВП-10 типті (2-сурет)қолмен сондіруге арналған ауа-көбікті
өрт сөндіргіштердің, сиымдылығы 5
және 10 л сәйкес 5% көбіктүзуші
қоспамен толтырылған сұйыққоймасы
бар.
Балонның (2) қысу тұтқасын (3)
бұрған кезде көміртек қос тотықты
көбік cұптама (4) арқылы жоғары еселік
қоспа шашырайды. Өрт сөндіргіштің
жұмыс істеу уақыты 20 секунд, ағын
ұзындығы 4-5 м дейін жетеді.
2-сурет.
сөндіруге
өртсөндіргіш
ОВП-10
типті
қолмен
арналған
ауа-көбікті
6.
3-сурет. ОУ-2 қолменсөндіретін көмірқышқыл
өрт сөндіргіш
.4-сурет. ОУБ-7 көмір қышқыл
– бромэтил өрт сөндіргіші
7.
Жоғары еселі ауа-механикалық көбік түзу үшін ПГП-50, ПГ-100, ГВП-20,ГВП-600 және ГВП-2000 (6-сурет) көбік генераторлары қолданылады. Көбік
генераторы – иілгіш құбыр соңына орнатылған су ағынды эжекторлы
аппарат. Ол тор таспалары бар металл корпустан тұрады. Көбік түзуші ауаны
сору арқылы сулы ерітіндінің ағынын үлестіргіштен шашыратады. Көбік
тор арқылы өткен кезде ұсақ көпіршіктерге бөлінеді.
6-сурет. ГВП-600 көбік генераторы
1) тозаңдатқыш; 2) сырты; 3) тор пакет; 4) қондырғы
8.
Стационарлы ауа-көбікті ОВПС-250а өрт сөндіргіші(7-сурет) оңай жанатын сұйықты сөндіру үшін
қолданылады.
7-сурет. Стационарлы ауа-көбікті ОВПС-250а өрт сөндіргіші
1) ыдыс; 2) кронштейн; 3) катушка; 4) жең; 5) көбік генератор; 6) өрт
сөндіргіштерді зарядтауға арналған құрылғылар; 7) қысылған ауа
баллондары
9.
Өртсөндіру
автомобилі(ӨСА)
Өрт шыққан орындарға
өрт
сөндіру
күзеті
бөлімшесінің мүшелері
мен
өрт
сөндіруге
арналған
құралжабдықтарды жеткізеді.
ӨСА негізгі, арнаулы
және көмекші деп үш
түрге бөлінеді.
10.
Өрт сөндіру автомобилі(ӨСА)Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері
мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА
негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не
автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы
станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа,
ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер
жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады.
Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш
заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт
сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады.
Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т.б.
мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль
арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына
өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза
ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т.б. құралжабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт
сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды,
жөндейді, тех. қызмет көрсетеді) көрсетеді, т.б. мақсаттар үшін
пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату
үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі
шамшырақпен және сиренамен жабдықталады
11.
Өрт сөндіру сатысы (ӨСС)Өрт сөндіру сатысы (ӨСС) – өрт болып жатқан үйдің
үстіңгі қабатына өрт сөндірушілерді және құралдарды
шығаруға әрі ол жердегі адамдарды өрттен құтқаруға
арналған ұзын саты. ӨСС-ның қол саты, автомобильдік
және орнықты саты деп аталатын түрлері бар. Қол
сатысы жиналмалы және аспалы болады. Жиналмалы
қол сатысы созылған кезде 10 метірге дейін ұзарады.
Автомобильдік ӨСС (ұз. 16, 30 және 45 метірге дейін
жетеді) және иінді автокөтергіш (18 не 30 м биіктікке дейін
көтереді) деп екіге бөлінеді. ӨСС-ның жоғары иініне су
атқыш лафеттік оқпан орнатылады. Орнықты ӨСС әр
үйдің сыртына орнатылады.
12.
13.
14.
ӨРТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕРТұрғын үй секторында өрттер жиі болады. Өрттерде адамдар жиі
қаза болады. Сондықтан біздің кеңестерімізді тағы да оқыңыздар,
керегі болар.
Егер сіз өрт көрсеңіз, әрине, бірден өрт сөндірушілерді шақырыңыз,
01 қызметінің телефонистінің сұрақтарына айқын жауап беріңіз.
Қай жерде жанып жатқанын, өзіңіздің телефоныңыздың нөмірін,
аты-жөніңізді және қабатты айқын айтыңыз. Басқа сұрақтар қойса
да ренжімеңіз (мысалы, неше подъезд, қалай жетуге болады), өрт
болған жағдайда қажетсіз сұрақтар қойылмайды. Мүмкіндік болса,
өрт сөндіру көліктерің қарсы алыңыз. Осының бәрі артық
минуттарды сақтайды.
Егер сіз түтіннің исін сезсеңіз, сым немесе электр құралы жанып
жатпағандығын тексеріңіз. Егер түтін подъезден келсе, дереу
шаралар қолданыңыз. Не болып жатқанын анықтауға тырысыңыз.
Бірақ абайлап қимылдау керек: пәтерден шыққан соң есікті
жабыңыз, әйтпесе пәтеріңіз подъездің түтіні шығатын үлкен
түтіндік болады және оның ішінде жөндеу жұмыстарын жасамай
тұруға болмайды. Ал егер түтін демалуыңызға қауіпті болса,
төменге түспеңіз – 01 телефонына қоңырау соғыңыз.
15.
16.
17.
18.
Өрт болған жағдайда адамның үйден жүгіріп шығу әрекеті зардапқаәкеліп соқтырады. Есікті жабыңыз, тесіктерді, желдету
тесіктерді сулы шүберекпен жабыңыз да, өрт сөндірушілерді
күтіңіз. Үйден шығуға тырыспаңыз (тек егер сіз бірінші қабатта
тұрмасаңыз), тіпті лифтпен түспеңіз. Екі-үш баспалдақ
аралығынан өтіп, жану өнімдерімен улануға болады, ал лифтті
өрт кезінде кез келген уақытта сөндіріп тастауы мүмкін.
Егер басқалар өрт сөндіру күзетін шақырған болса да, өзіңіз де
телефон соғып, қай пәтерде отырғаныңызда хабарлаңыз. Бұл
ақпарат рация арқылы өрт орнына беріледі және қажетті жағдайда
өрт сөндірушілер сізге көмегін тезірек көрсетеді: әр пәтердің
(қонақ үй бөлмелерінің) есігін бұзып ашқаннан гөрі нақты адреспен
жүрген тезірек болады.
Егер сіз есінен танып қалған адамды шығарсаңыз, оның үстін сулы
шүберекпен немесе көрпемен жабыңыз. Адамның үстіндегі киім
жанған жағдайда, оның жүгіруіне жол бермеңіз (от тез жанады),
үстіне тығыз шүберекті жабыңыз, аса қажетті болса жығып
құлатыңыз. Өрт сөндіргішті қолданбауға тырысыңыз, өйткені
адамның терісі зақымданады.
Егер сіз қолданған шараларға қарамастан, пәтерге немесе қонақ
үйдің бөлмесіне түтін және ыстық кірсе, балконға шығып,
құтқарушыларға белгі беру қажет.
19.
20.
Өрт сөндірушілердің дәстүрлі кепілдемелері:- ешқашан төсекте жатып шылым шекпеңіз;
- балаларды отты қолдануға үйретіңіз; егер сіз оларға әбден сенбесеңіз,
олардың қолына сіріңкенің түсуіне жол бермеңіз;
- қосылған электрқұралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үтіктерді,
жылытқыштарды, теледидарларды;
- қолдан жасалған электр құралдарын қолданбауға тырысыңыз;
- бір розеткаға үлкен қуатты бірнеше тұрмыстық құралдарды қоспаңыз;
- электр сымдарының жағдайын байқап жүріңіз, өзіңіздің қауіпсіздігіңізге
үнемдемеңіз, электр қалқанында “жучок” қолданбаңыз;
- газ плитаның үстіне лактарды және бояуларды қыздырмаңыз,
плитаның үстінде киімдерді кептірмеңіз;
- шатырларға, жертөлелерге, балкондарға, эвакуация жолдарына бөтен
заттар қойып, шашпаңыз, балкондарда жанатын заттарды
сақтамаңыз – бір пәтерден бірнеше қабаттарға барған тік өрттер
болу оқиғалары белгілі;
- тек өзіңіздің пәтеріңіздің қауіпсіздігіне ғана емес, үйдің, ауланың
қауіпсіздігіне көңіл аударыңыз: шатырлар және жертөлелер кездейсоқ
адамдардан жабық болу керек; тұрғын үйдегі кез келген шаруашылық
жұмыстар (жертөледегі шеберханалар, дәнекерлеу жұмыстары) қауіпті
– бұзушылық жағдайында өзіңіздің өрт қадағалау инспекторынан көмек
сұраңыз.
21.
НАЗАРАУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!