Похожие презентации:
География сабағында PISA тапсырмаларын пайдалану
1.
География сабағында PISAтапсырмаларын пайдалану
2.
PISA (Programme for InternationalStudent Assessment) – халықаралық
зерттеудің мақсаты 15 жастағы
оқушылардың математикалық,
жаратылыстану мен оқудағы
сауаттылығын бағалау болып табылады.
Зерттеудің негізі мектептің
бағдарламасын меңгеру ғана емес,
жеке тұлғаның дамуындағы білімін,
дүниетанымын шыңдау, әртүрлі
өмірлік жағдайларда шешім қабылдай
алатын қабілеттерін дамытуға
бағыттау.
3.
Жоба оқушылардың оқудағы жетістіктерінсыни бағалаудың бірегей үлгісін ұсынады. PISA
бағалауы үш бағыт бойынша өткізіледі:
- Оқудағы сауаттылық;
- Математикалық сауаттылық;
- Жаратылыстану ғылымдарындағы
сауаттылық.
PISA бағалауы 3 жылда бір рет өткізіледі.
Бағалаудың әр циклі үш бағыттың біріне
баса назар аударады.
4.
• Жаратылыстану сауаттылығы 15жастағы білім алушының
жаратылыстану құбылыстарын
суреттей, түсіндіре және болжай білуіне,
ғылыми аргументтер мен
қорытындыларды интерпретациялай
білуіне бағытталған.
5.
6 сыныпМазмұндық білім: Жер жүйесінің құрылымы. Атмосфера.
Атмосфералық қысым
Ауаның негізгі салмағы жер бетінің төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл
салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан
ауаның қысымы биіктік бойынша өзгереді.
Асқар ата-анасымен Астана қаласына ұшақпен баруды жөн көрді.Ұшақ әуежайдан
көтерілерде стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм екендігін хабарлады.
Ұшақ 5000 м биіктікке көтерілгенде Асқар ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді
қанша болды екен деп ойлады.
Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз және қорытынды
шығарыңыз.
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
6.
• Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне1кг 33г салмақ түсіреді.Орта бойлы адам
шамамен 15 000 см² , оған түсетін қысым
15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз
мұндай қысымды сезбейміз?
• А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы
атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.
• В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы
атмосфера қысымынан артық келеді.
• С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы
атмосфера қысымынан кем келеді.
• Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы
атмосфера қысымының арасында ешқандай
байланыс жоқ.
• Жауабы: А
7.
Тақырыбы: Атмосфералық жауын-шашынЖаңбыр,қар,бұршақ Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты
күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын дейді. Жауыншашынның түрлері: жаңбыр,қар,бұршақ.
Сіз күз бен көктемде кей күндері мектепке келе жатып жер бетін
қырау шалғанын, кей күндері электр желілерін қылау басқанын, ал
жазда ерте тұрғаныңда ағаш жапырақтарын, шалғынды шық
басқанын байқаған шығарсың. Егер жаңбыр, қар, бұршақ бұлттан
пайда болса жауын-шашынның басқа түрлері қырау, қылау,
шық қалай пайда болады?
8.
Тақырыбы: ЖелЖер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер бетіндегі ауаның
горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Адам
желдің күшін өте ерте заманнан пайдаланып келеді.
Сұрақ1
• Адамзаттың желді пайдалануына үш мысал келтіріңіз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы:
Қуат көзі ретінде (Энергетикалық мақсатта)
• Жер астынан су тарту үшін
• Спорттық мақсатта (желкенді қайықпен, парашютті спорт)
• Ұн,астық (бидай) тарту үшін
• Желкенді кемелермен саяхаттау үшін
• Егінді суғару үшін, егістікке су жіберу үшін
9.
Сұрақ 3• Желдің адамға тигізер пайдалы және пайдасыз жағын талдаңыз.
• Желдің зиянды әрекеттерінен адам өмірін қорғаудың қандай жолдарын
ұсынасыз?
• ______________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы: Пайдалы жағы: ауаны алмастырып тазартуы, таза әрі арзан қуат көзі,
жел диірмені, спорттық мақсатта пайдалануға болатындығы
• Пайдасыз жағы: Апатты дауылдар-тайфун, боран, шаңды дауыл.
• Қорғану жолдары: Ауа-райын алдын-ала болжай білу керек.
• Алыс жолға табиғат аясына шығарда алдағы ауа-райы жайлы ақпараттармен
танысу керек. (Теледидар. ғаламтор, газеттерден)
• Апатты дауыл жақындағанда қауіпсіз жерге кетуге тырысу қажет, үлгермесе
тығылатын пана жер тезірек табу керек.
• Шаңды, құмды дауылға тап болғанда адам басын, бетін бүркеу керек.
Ескерту: Осы мағыналас жауаптар қабылданады.
10.
Сұрақ 2• Желдің пайда болуының себебі – ауа қысымының жер бетінде әркелкі
таралуы.
• «Бриз» және «Муссон» сөздерін пайдаланып, олардың пайда болу
үдерістерін түсіндіріңіз. Екеуінің ұқсастығын табыңыз. Бриз желі
адамға пайдалы ма?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы: Бриз – құрлық пен судың үстіндегі ауаның әр-түрлі
жылынуына байланысты бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін жел.
• Муссон — құрлық пен теңіз арасында тұрақты соғатын маусымдық
жел.
• Ұқсастығы екеуіде — құрлық пен су айдыны арасында соғатын жел.
Бриз желі айналасындағы құрылықтағы күндізгі аптап ыстықты
бәсеңдетеді. Бриз французша жеңіл жел,яғни теңізден соғатын жанға
жайлы самал жел. Рекреациялық — емдік қасиеті бар, теңіз жағасында
демалуға, денсаулығын нығайтуға, таза ауамен тыныстауға пайдалы.
11.
План және картография тақырыптары бойынша тапсырма1-тапсырма. Берілген топографиялық картаны пайдалана отырып
тапсырмаларды орында.
а) Құдықтың абсолюттік биіктігін анықта. Жауабы_________________
b) В нүктесі А нүктесінен қай бағытта орналасқан?
Жауабы_________________
с) А нүктесінің В нүктесіне қатысты азимуты? Жауабы_________________
d) Картаны пайдалана отырып құдық пен А нүктесінің арақашықтығын
есепте. Жауабы_________________
12.
е) Картадағы 3 санымен берілген алаңға төмендегісуреттердегі объектілердің қайсысын салуға болады.
Жауабыңды дәлелде. _
g) А нүктесінен В нүктесіне дейін қима салыңыз
f) төменде берілген графиктерге қарай отырып, топографиялық картадағы А
нүктесінен В нүктесіне жүргізілген қиманы анықта. Өз жауабыңды түсіндір
13.
h) Өсімдік жамылғысы мен жер бедерінің сипатын суреттеп бер.Жауабы____________
• Осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушы дағдыланады:
• - топографиялық карта бойынша арақашықты анықтай білу
дағдысы қалыптасады;
• - бағыттарды анықтай алу дағдысы;
• - топографиялық карта негізінде күрделі тапсырмаларды орындай
алу, талдау жасай алу дағдысы;
• - күрделі мәселелерді шешу дағдысы;
• - график, сурет және картаның көмегімен логикалық ойлау
дағдысы;;
• - суретті, картаны пайдалана отырып мәтін құру дағдысы
қалыптасады;
• - картографиялық сауаттылық қалыптасады.