11.81M

Отбасы- адамзат бесігін тербеткен ұя

1.

Отбасы- адамзат бесігін
тербеткен ұя

2.

Мақсаты:
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке
тұлға болып қалыптасуына ата – ана
тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре
отырып, қарым – қатынас орнату және
ұлттық сананы бойына сіңіру.
Ата - аналардың мұғаліммен тығыз
байланысын арттыру.
Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа
тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса
жоғарылауына ықпал ету.
«Бала туғанда ақ қағаздай
болып таза туады, оның үстіне
шимайды қалай салсаңыз, қағаз
бетіне солай түседі, бала
тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай
тәрбиелесең, ол солай
тәрбиеленеді»
Ж.Ж.Руссо

3.

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс –
тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы,
алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан
- жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі,
ынтымақты отбасының ықпалы мол.
Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің
және басқа да отбасы мүшелерінің жылы
қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы
берекелі, тату болу үшін сыйластық,
мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық,
адамгершілік қасиеттер әр адамның
жүрегінен орын алуы керек.

4.

Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ
әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған
жалпы адамзаттық және ұлттық
құндылықтарды, ата - бабасының салт дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді.
Балаларын өздерін қоршаған ортаға және
қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата ананың ең маңызды міндеті.

5.

«Отан оттан басталады» дейді
халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы
адамзаттың болашағы, даму деңгейі
осы отбасынан басталады. Толық
отбасында толыққанды тәрбие алған
баланың келешегі кемел, болашағы
жарқын болары айдан анық.

6.

7.

8.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын
қазығы – туған ұясы, өз
отбасындағы тәрбиесі, тілі.
Қазақтың: «Баланың бас ұстазы –
ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі
кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ
баланы байсалды, ұғымпаз,
тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай
халық болмасын үмітін ең алдымен
ұрпағымен байланыстырады.

9.

Міне, сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» -деген
қағиданы берік ұстаған атабабаларымыз өз ұрпағын «адам»
деген атаққа лайық етіп өсіруді
мақсат еткен.

10.

Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,»
- деген керемет ұлағатты нақыл бар.
Соны әрдайым басшылыққа
алыңыз.

11.

Өсиет әңгіме.

12.

Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей
барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық
технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер,
тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының
бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін
өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша
табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте атаанасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп
жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы
ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала атаанасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған
қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.
(қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)

13.

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!

14.

Тыңдағандарыңыз үшін көп
рақмет!
English     Русский Правила