4.10M
Категория: ЭкологияЭкология

Теоэкологияның теориялық және методологиялық негіздері

1.

2.

• Геоэкология – экосфераны қоғаммен өзара
әрекеттесу үдерісіндегі геосфераның өзара
байланысты жүйесі ретінде зерттейтін пән
аралық ғылыми бағыт.
Геоэкология" термині гректің "ге" - жер, "ойкос" - үй, мекен және "логос" –
ілім ғылым деген үш сөзінен құралған. Атынан көрініп түрғандай, геоэкологияжерді адамзат мекені ретінде қарастырып зерггейтін ғылым. Адамзат тіршілік
ететін ортаның, яғни геологиялық ортаның жағдайы оған табиғи геологиялық және
адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне байланысты. Сонымен, геоэкологияың
тақырыбы - екінші жағынан антропогсндік (техногендік) жүйе өзгеріске түсуін
зерттеу болып шығады.
Геологиялық орта - Жер планетасындағы геоэкологияның негізгі нысаны
ретінде карастырылған бөлігі. Геологиялық орта Жердің сыртқы қабықтары атмосфера, гидросфера және биосфера литосферадан тұрады.
Континенттер мен мұхиттар, тау массивтері мен теңіз-көлдер, өзеңдер,
жерасты сулары мен суқоймалары, таужыныстар мен минералдар. Қазір
геологиялық ортаның құрамбөліктерінің барлығы адамдардың әрекетгілігінен
әртүрлі өзгерістерге түсуде. Геологиялық ортаға кейбір жағдайларда табиғи
геологиялық процестер мен құбылыстардан антропогендік әрекеттің әсері артық
түсіп жатады.

3.

• Қоршаған ортадағы жағымды экологиялық
жағдайларды сақтау немесе қайта қалпына
келтіру жөніндегі ұсыңыстары ара қарай
әзірлеу үшін табиғи және антропогендік
геожүйелер щекарасандағы қоршаған
ортаның кеңістіктік экологиялық аясын
зерттеу геоэкологиялық зерттеулердің
мақсаты болады.
• Геоэкологияның зерттеу нысаны – табиғи
антропогендік геожүйелер

4.

Геоэкологияның негізгі міндеттері
1)Табиғи антропогендік жүйелердің құрылымын, динамикасын, заттықэнергетикалық балансын зерттеу
2)Адамның шаруашылық қызметінің әр түрлі форма нәтижесінде орын алған
құбылыстар мен экзодинамикалық үдерістердің бағытын және үрдісін тану.
3 Табиғаттағы техногенезбен байланысты ықтимал тізбекті реакцияларды
олардың адам тіршілік ететін ортадағы көрінісін аңықтау.
4 Табиғи антропогендік жүйелердің соның ішінде бұзылған жүйелердің өзін
өзі реттеу үдерістерін олардың тіршілік ету ортасына және адамның
денсаулығына әсерін зерттеу
5 Техногенезге ұшыраған геожүйелердегі экологиялық тепе тендікті сақтау
жағдайларды зерттеу
6 Әр түрлі геожүйелер шегіндегі қоршаған ортаның табиғат жағдайларын
сақтау және қайта қалпына келтіру жөнінде ұсыңыс кеңестерді әзірлеу

5.


Геоэкология – экологиялық заңдылықтардың географиялық құбылыстарда
қолданылуына негізделген география мен экологияның пән аралық байланысы
ретінде қарастырылады.
Геоэкология немесе ландшафтты экология ХХ ғасырдың 30-40 ж.ж.
экологияда (географияда) белгілі геожүйемен шектелген адамды қоршаған
ортаны сипаттау мақсатындағы ғылым түрінде қалыптасты. «Геоэкология»
терминін 1939 жылы неміс ғалымы, географы Карл Тролль ұсынған.
К.Тролль бұл түсінікті тірі ағзаның ландшафтты ортамен өзара әсерлесуі
сферасындағы географиялық зерттеулердің приоритетті міндеті ретінде
пайдаланды.
Геоэкология Германияда эколог-ландшафттанушылар мектебінде белсенді
дами бастаған. Ландшафттық экологиялық көзқарастар: Э.Неефа, Б.Хазе және
басқалардың еңбектерінде зерттелді. Геоэкология саласындағы жалпылама
жазылған еңбек Л.Байнхауэр мен Х.Вайничко «Забота о ландшафте и охрана
природы» (1971) болды.
Геоэкологиялық идеяларды отандық географияда В.Б.Сочава (1971),
В.М.Котляков (1987), С.Б.Лавров (1989), В.С.Преображенскийлер (1988, 1992)
дамытты.

6.


«Геоэкология» термині Н.Ф.Реймерстің «Табиғатты пайдалану»
(«Природопользование») (1990) сөздігіне енді. Сонан соң «Экологиялық
энциклопедиялық сөздікке» («Экологический энциклопедический словарь»)
(1999) қосылды. Термин Қазақстан Республикасының ғылыми мамандықтары
тізімінің номенклатурасында 25.00.36 - геоэкология деп белгіленді. Бұл
геоэкология ғылымының географиялық профилі ретінде тағайындалғанын
көрсетеді. 25.00.36 - Геоэкология шифры бойынша ғылыми диссертациялар
қорғалады. «Геоэкология» термині «геологиялық экология» орнына да
қолданылады.
«Геоэкология» терминін пайдалану географтардың приоритетін ескере
отырып, ландшафтты немесе географиялық экология деп тек географиялық
ғылымдарда айтылады.
Геоэкологиялық зерттеулер әсіресе ХХ және ХХІ ғасырда ерекше қарқынды
дами бастады. Геоэкологиялық ойлар А.Г.Исаченко, Т.А.Демина (1996),
Б.В.Виноградов (1998) және т.б. авторлардың еңбектерінде көп келтіріледі.
ЖОО-ның студенттеріне арналған Х.М.Петров (1994), Г.Н.Голубев (1999),
Н.Н.Редзевич (2003), Н.Г.Комарова (2003), И.А.Карлович (2005)
монографиялары мен оқу құралдары бар. Қазақстан зерттеушілерінен
А.В.Чигаркин (1995, 2000, 2003), М.Е.Белгібаевты (2001) атауға болады.

7.


Ғылыми әдебиеттерде геоэкология синонимдері ретінде ландшафтты
экология, адам экологиясы, географиялық экология, кейде геоэкологиялық
экология түсініктері қолданылады.
Геоэкология ландшафттың және басқа да физико-географиялық
аудандастырылған ірі токсономиялық бірліктердің экологиялық жағдайларын
оқып-зерттейді.
Геоэкологияның міндетіне адамдардың белгілі геожүйемен шектелеген
өндірістік еңбегі мен өмір сүру жағдайын оқып-зерттеу жатады. Геоэкология
үшін антропогендік әсерлерге ландшафтты табиғи ортаның орнықтылығын
оқып-зерттеу маңызды.
Антропогендік нақты формаларға қоршаған ортаның жауабы – ландшафттар
мен басқа да географиялық жүйелердің толық табиғи қасиеттерімен
анықталған. Геоэкологиялық зерттеулердің мақсаты табиғи және
антропогендік геожүйелердің қоршаған ортасының экологиялық кеңістіктік
аясын және олардың сақталуы немесе қалпына келуін зерттеу. Геоэкология
үшін биологиялық жоғары өнімділікті және геожүйенің тұрақтылығын сақтау,
ландшафтпен шектелген қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздық
құбылысын болдырмау приоритетті болып табылады.

8.

• Бұл мақсаттарды іске асыру үшін белгілі геожүйелерде әртүрлі
өнеркәсіптік өндірістерді орналастыру мүмкіндіктері мен ісшараларын жан-жақты экологиялық бағалаулар жүргізу арқылы
ұйымдастыру қажет. Геоэкологиялық зерттеулердің ғылымипрактикалық мүмкіндіктері ландшафттармен шектелген табиғи
ортаның және табиғи-антропогендік геожүйенің экологиялық
тұрақтылығының бұзылуы ықтималдылығын анықтаумен белгіленеді.

9.

Геоэкология географиялық, биологиялық
(экологиялық) және әлеуметтік-өндірістік жүйелердің
өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым ретінде
түсіндіріледі. Бұл жағдайда геоэкология табиғатты
пайдаланудың экологиялық аспектілерін, адам мен
табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселелерін
зерттейді, ол жүйелік және синергетикалық
парадигмаларды, эволюциялық көзқарасты белсенді
қолданумен сипатталады. Мұнда геоэкология
география мен экологияның түйіскен жерінде ғылым
ретінде қарастырылады.
Геоэкология геологиялық орта экологиясы ретінде
қарастырылады. Мұндай тәсілмен геоэкология
геологиялық ортаның табиғи ортаның басқа
компоненттерімен — атмосферамен, гидросферамен,
биосферамен табиғи байланыстарын (тікелей және
кері) зерттейді, адамның экономикалық қызметінің
оның барлық алуан көріністеріне әсерін бағалайды
және Геология, геохимия, биология және экология
түйіскен жеріндегі ғылым ретінде қарастырылады.

10.

• Бүгінгі ғылым табиғатты барлық құбылыстар мен пәндерді бірбірімен тығыз байланысқан толық біртұтас жүйе түрінде
қарастырады. Біртұтастық концепциясы, яғни табиғи ортаның
бөлшектеуге келмейтіні геоэкологияның методологиялық негізін
анықтайды. Геоэкологияда экологиялық мәселелерді шешуші
негізгі қағидалар олардың өзара табиғи байланысқан
құбылыстарынан құралатынын көрсетеді. Табиғаттың табиғи
немесе антропогендік факторлар себебінен қандай да бір бөлігінің
өзгерісі табиғи орта құрылымының әр түрлі бүлінулеріне әкеліп
соғады. Яғни, табиғи ортаның қандай да бір компонентінің
өзгерісі географиялық жүйенің басқа компоненттеріндегі
өзгерістерге себепші болады.

11.

Қарама-қайшылыққа қарсы күрес және біртұтастық заңы.
Бұл қағида табиғаттағы қарама-қайшылықты туғызатын элементтерді
анықтау қажеттілігін меңзейді. Табиғи ортаның қозғалмалы (өзгермелі)
элементтерін анықтау және оқып-зерттеу табиғи ортаның дамуы мен
территорияның экологиялық жағдайларын дәл мерзімінде анықтауға
және бағалауға мүмкіндік жасайды. Соның негізінде маңызды ісшараларды ұйымдастыруға ұсыныстар жасалынады.
Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өзара ауысу заңы.
Бұл заң экожүйенің экологиялық жағдайындағы кез-келген өзгерістерді ескеруге
ұсыныс жасайды. Қоршаған ортаның экологиялық аясында (фон) сандық өзгерістердің
туындауы – табиғат кешені құрылымындағы табиғи-антропогендік жүйені түбегейлі
өзгертіп жіберетін, анықталған сапалы өзгерістердің пайда болуын болжауға мүмкіндік
жасайды.
Геоэкологияның методологиялық негізін «терістеуді терістеу» заңы толықтырады.
Жаңаны ескісіз қарастырудың мүмкін еместігін, табиғи орта элементінің
консервативті (кертартпа) өмір сүретін бөлігінің жойылатынын айтады. Табиғатта
болашақ пен өткен шақта дәлме дәл қайталанатын жағдайларды мүмкін емес деп
көрсетеді. Табиғаттың өзгерісін туғызатын себеп-салдарлар да үнемі өзгертіп
отырады. Осы аталған геоэкологияның метедологиялық принциптерін анықтайтын
қағидалар ғаламдық, территориялық және нақты кешенді сипаттамалар бойынша
географиялық зерттеулер барысында ашылады.

12.


Ерекше метедологиялық принцип ретінде табиғатты қорғаудың ландшафттық
принципі және адамзаттың қоршаған ортаға әсерлерінің себеп-салдарларын
алдын-ала болжау қарастырылады. Бұл принцип нақты табиғи-тарихи
аймақтарға қолданылатын өзара әсерлесетін барлық табиғи компоненттерді
кешенді ескеру қажеттілігін ұсынады. Атап айтқанда, физика-географиялық
аймақтар, облыстар, провинциялар, ландшафттар және олардың
категориялары. Белгілі бір ландшафт құрылымындағы кез-келген бүліну
ландшафты сырттай (физиономиялық) және іштей (литогендік,
гидроклиматогендік, биоталық) өзгерістерге ұшыратады.
• Геожүйе құрамындағы экологиялық өзгерістер зиянды және
пайдаланушы болуы мүмкін. Бұл өзгерістерді ескеру және дер
кезінде болжап отыру қоршаған ортаны қорғау және табиғат
қорларын тиімді пайдалану процестерін басқаруға мүмкіндік
жасайды. Геоэкологиядағы маңызды методологиялық
мағынаны келесі фундаментальды заңдар мен заңдылықтар
толықтырады:

13.


1. Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңы табиғи ортаның кез-келген өзара тығыз
байланысқан компоненттің өзгерісі оның қарсы тұру қабілетін оятады.
Сондықтан кез-келген экологиялық өзгерістер
эволюциялық көбінесе қайта қалпына келмейтін жағдайларды туғызады. Бұл
заң «табиғаттың түрленуі» мүмкіндігін және табиғат қорларының түрленуден
пайда болған кез-келген түрін қабылдауға тура келетінін ескертеді.
2. Табиғат қорларының шектелгендігі (сарқылатындығы) туралы заң. Барлық
табиғи қорлар және адамды қоршаған орта міндетті түрде сарқылады. Бұл заң
табиғи қорларды экономдаудың және оларды пайдаланғанда қалдықсыз
технологияларды қолданудың қажеттілігін айқындайды.
3. Өмір сүрудің барлық түрлерінің маңызының бірдейлігі туралы заң.
Адамның өмір тіршілігіне және қоғамға толық қажет табиғи орта жай күйінің
биосферадағы қызметі бірдей екенін анықтайды. Адамның экологиялық өміртіршілік қауіпсіздігі қоршаған ортаның барлық компоненттерін қорғау арқылы
қамтамасыз етіледі.

14.


4. Қалдықтардың жойылмайтыны немесе өндірістің зиянды әсерлері туралы
заң. Өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтары жойылмайды. Олар бір физикохимиялық күйден екіншісіне түрленіп отырады. Өнеркәсіптік өндірісте
қалдықсыз абсалюттік таза өндірістің болуы мүмкін емес. Сондықтан
табиғатта өнеркәсіптік тұрмыстық қалдықтардан құтылу мүмкін емес.
5. Б. Коммонердің «экологиялық заңдары» табиғатты пайдалану табиғаты
мен практикасында адамзат басшылыққа алуға тиіс келесі ережелер бар:
- барлығы бір-бірімен байланысқан;
- барлығы бір жаққа жоғалуы тиіс;
- табиғат бәрін «біледі»;
- ешнәрсе жайдан-жәй берілмейді.
Яғни адамзаттың табиғатпен өзара қарым-қатынасы табиғи ортаның барлық
компоненттерімен өзара тығыз байланыста болатынын ескерту қажет;
өнеркәсіптік өндірісте қалдықтарсыз өндірістің болуы екіталай.
Табиғаттың «түрленуіне» аса сақтықпен қарау қажет. Табиғат процесіне кезкелген әсер міндетті түрде өзгеріс туғызады :

15.


6. Табиғат қорларын пайдалану шеңберінің өсуі заңы (заңдылығы ). Тарихи
процесте әлемдік шаруашылықтың дамуы табиғи қорлар (екінші, үшінші
ретті және т.б.) айналысының үздіксіз өсуі негізінде олардың қоғамдық
өндіріске тартылу көлемін салыстырмалы түрде азайтуды қажет етеді .
7. Табиғатты пайдаланудың энергетикалық тиімділігінің төмендеуі туралы
заңдылық. Тарихи даму процесінде табиғи жүйеден пайдалы өнімді алу үшін
энергия шығыны үздіксіз өсіп келеді. Бұл адамзатқа қауіп төндіретін
энергетикалық дағдарысты жоюға бағытталған табиғатты пайдаланудың негізі
болып табылады.
8. Табиғат қорларын алмастыру ережесі. Табиғи қорлардың кейбір түрлерінің
сарқылуы немесе тапшылығының туындауы осы қорларды осы тарихи кезең
үшін анағұрлым экономикалық рентабельді басқа заттармен алмастыруға
көшудің тиімділігін көрсетеді.
9. Табиғаттағы «техногендік басқарудын шарасыз тізбектеген реакция
ережесі. Табиғи процестерді техникалық әдістермен басқару тізбектелген
экологиялық жағымсыз реакцияларды туғызады. Табиғи процестердің
жүруіне техногендік әсер ету экологиялық апаттар туғызуы мүмкін.
Сондықтан кез келген экологиялық жағдайларды мұқият болжау қажет.
10 Геожүйелер мен экожүйелер туралы ақпараттардың толық емес
екендігі қағидасы

16.


10. Гео- және экожүйелер туралы ақпараттың толық еместігі туралы принцип.
Қорлардың түрлері және қоршаған ортаның экологиялық күйі туралы білім
үнемі толықтырулар мен түзетулерді қажет етеді.

17.

Геоэкологияның табиғатты қорғау функциясы.
• Геоэкология табиғатты пайдалану және табиғатты қорғау
барысындағы практикалық мәселелерді шешуге маңызды қызмет
атқарады. Табиғатты пайдалану дегеніміз – адамзат қоғамының
табиғат ресурстарын тиімді пайдалануының жалпы принциптерін
зерттейтін кешенді ғылыми пән болып табылады. Адамды, қоршаған
ортаны қорғау барысында геоэкология келесі ғылыми мәселелерді
шешуге қатысады:
• - табиғатты қорғау және тиімді пайдалану. Табиғатты пайдаланудың
аймақтық заңдылықтарының теориялық негіздерін зерттеу;
• - қоршаған ортаға антропогенездің әсерлері және «қоғам табиғат»
жүйесіндегі өзара әрекет етудің географиялық аспекттерін зерттеу;

18.


- техногенездің әсерлеріне геожүйелердің экологиялық тұрақтылығын зерттеу;
- геожүйелердің табиғи ресурстық потенциалын тиімді пайдалану әдістерін зерттеу;
- табиғи антропогендік геожүйелер шекарасында антропогенездің әсерінен қоршаған ортаның
өзгерістерінің экологиялық модельдеу және болжау әдістері мен принциптерін зерттеу;
- табиғатты қорғау іс-шараларының сондай-ақ геожүйелер шекарасындағы қоршаған ортаның жайкүйін жақсартатын бағыттардың географиялық негіздерін зерттеу;
- қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздығын әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан бақылау
және зерттеу; геожүйелердің табиғи ортасын оңтайландыру стратегияларын әзірлеу
-Ұйымды ландшафтты- экологиялық негіздеу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен
нысандардың жұмыс жасау;
- табиғи антропогендік геожүйелер шектеуіндегі халықтың өмірін қамтамасыз ету үшін экологиялық
қауіп-қатерді бағалау;
- табиғи антропогенді геожүйелердін қоршаған ортасының экологиялық тұрақсыздану процестерін
зерттеу әдістерін жетілдіру және жасау;
- табиғатты қорғауды басқару және қоршаған ортаны сауықтыру барысында ғылыми негіздерге
шешімдер қабылдау мақсатында геожүйелердің экологиялық және табиғи ресурстық потенциалын
зерттеу;
- геоэкологиялық карталарды құрастыру және геоэкологиялық аудандастыру сұлбаларын жасау

19.

Сұрақтар;
1 Геоэкологияның негізгі міндеттері
2 Геоэкологияның мақсаты
3 Геоэкология ғылымының тарихы
4 Геоэкологиядағы фундаментальды заңдар мен
заңдылықтар
5 Геоэкологияның табиғатты қорғау функциялары.
English     Русский Правила