Похожие презентации:
Ел теңдігін аңсаған Исатай батыр
1.
«Ел теңдігін аңсаған Исатай батырОрындаған:Тұралы Еркенұр
Талдысай жалпы орта білім беретін
мектебінің 11а-класс оқушысы
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі К.С.Мукашева
2.
«Исатай–нағыз батыр. Орынсыз мақтанныңбатыры емес, керек орында батыр.»
Қазақ халқының азаттығын
аңсаған сондай біртуар перзенттің
бірегейі – Исатай батыр
Тайманұлы.
Халел Досмұхамедұлы
Исатай батырдың кіндік қаны 1791
жылы
Атыраудағы
Тайсойған
құмында тамған. Қазір бұл жер
«Тайман жалы» деп аталады.
Әкесі-Тайман, шешесінің есімі Нағибала.
Беріш
тайпасының
Жайық руына жатады.
Тайманнан
Исатай, Төлебай,
Нысанбай, Әлібай
атты 4 ұл туған.
3.
Исатай батырдың отбасы туралы деректер келтірсем, 1810 жылы 19 жасында отауқұрған, бәйбішесінің аты-Мылқым. Исатай Тайманұлының 6 баласы - Жақия,
Оспан, Досмағамбет, Әлпияр, Дінбаян деген ұлдары және Дүлзада деген қызы
болған. Осы балаларынан тарайтын ұрпақтары Исатай ауданында , Гурьев
қаласында тұрады. Жақия, Оспан, Досмағамбет деген балалары «ИсатайМахамбет бастаған көтеріліске» қатысқан сарбаздардың қатарында болған деген
деректер бар.
Батырдың кескін - келбеті туралы ауызша әңгіме, жазбаша әдебиеттерде
Исатайды орта бойлыдан жоғары, аялы қой көзді, дөңгелек қою сақалды адам
ретінде суреттейді. Өзі өте дәулетті, қолы ашық, мырза болған екен.
Сонымен қатар Исатай аузы дуалы шешен адам болған. Ел арасында «Исатай
шешті» деген даулар, «Исатай айтты» деген тапқыр сөздер көп.
Исатайдың өз жанынан сөз шығаратын ақындығы да болған. «Ер Тайман – әкем
аты, ағам -Жабал» деген көлемді толғауы әлі күнге ел ауызында ұмытылмай
айтылып келеді.
Исатайдың немере ағасы Жабал Бегәліұлы – орысшақазақша сауатты, өз заманының озық ойлы адамы
болған. Ішкі Ордаға көшкен соң Жайық Беріш руына
старшын болған. 1812 жылдың бас кезінде Жабал жазым
болды да, оның орнына 21 жасар Исатай старшын
болып тағайындалады, ел басқару ісіне араласты.
4.
«Исатай мен Махамбет-ғажайып бірлікті,ерлікті, елдікті білдіретін біртұтас тарихи
тұлғалар.Бірісіз екінішісі жоқ. Күш пен
рухтың символы.»
Манаш Қозыбаев
«Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған
ұлт-азаттық көтерілісі»
Жәңгір ханмен келіспеушілігі ХІХ ғасырдың 30-жылдарының орта кезінен
басталды. 1833 жылдың маусым айында Жәңгір хан осыған дейін Исатай
басқарған Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы шөбі шүйгін, суы мол
бес аралды Қарауылқожа Бабажановтың билігіне берді. Ал Исатайды
қарауындағы елімен шаруашылыққа қолайсыз, суы да, шөбі де аз, құм басқан
Мыңтөбеге аударады. Алайда бұл Исатай Тайманұлы мен оның қоластындағы
халықтың Жәңгір ханға деген наразылығын туғызды.
Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп
соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік
жасады.
5.
Көтерілістің негізгі себептері:- Ақшалай салықтың өсуі;
- Әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге
міндеттелуі;
- Шаруалардың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып
өткені үшін салық төлеуі;
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
Көтерілістің басты мақсаты:
Хан озбырлығына шек қою;
Шаруалар жағдайын жақсарту;
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту;
Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық және отаршылдыққа қарсы.
Көтеріліс үш кезеңге бөлінді.
1833-1836 жылдары Көтеріліске дайындық жүрді.
1836-1838 жылдары Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды
1836 жыл 14 сәуір күні «Қиялымола көтерілісі», Тастөбедегі шайқас»
1838 жылы 12 шілде күні Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырады. Исатай
ерлікпен қаза тапты.
Исатай батырдың жерленген жері – Ақтөбе облысы Қобда ауданының аумағындағы
Шейітсай қорымы.
6.
7.
«Арыстан еді – ау Исатай!Бұл фәнидің жүзінде.
Арыстан одан кім өткен?!»
Махамбет
«Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі»
Махамбет Өтемісұлының жалын атқан отты өлеңдерідегі басты ірі
тұлғалардың бірі- Исатай бейнесі. Махамбет Исатайды ірі көтеріліс
басшысы , әрі батыр, әрі ақылды, халық мүддесін жеке бастың тілегінен
жоғары қоятын кісілігі зор адам етіп көрсетеді.
«Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар...»,- деп көкірегін керіп жігерлене жырлайды.
Сондай –ақ , «Исатай-басшы, мен –қосшы..» сенімді серігі Исатайды өзінен
артық санап, сөзбен суретін салып, санамызға өшпестей етіп сіңдіріп кетті.
«Мұнар күн», «Соғыс », «Әй,Махамбет , жолдасым», «Мінгені Исатайдың
ақтабаны-ай», «Исатай деген ағам бар» толғауларындағы батыр тұлғасы
шынайы сомдалып, айырықша суреттелген.
8.
«Тарланым»Таудан мұнартып ұшқан
тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме,
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды – ау
Саған да менің арманым!
Кермиығым, кербезім!
Керіскедей шандозым,
Құландай ащы дауыстым!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым!
Тебіренбес ауыр мінездім,...
«
«Исатай деген ағам бар»
Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар.
Хан ұлымен қас болып,
Қара ұлымен дос болып,
Хан үстіне барғанда,
Шабайық ханды дегенде,
Шапқандай ханды амал бар, Амал барда хан шаппай,
Тәңірім қылды - не амал бар?!
Ат туады байталдан,
Айт десең - лебіз қайтарман.
Төрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем
Ханның бір тауын қайтарған.
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суармай?!
9.
«Исатайтанушылар еңбектері »Исатайтануда қазақ тіліндегі алғашқы басылым
1924-1925 жылдары Алаштың ардагері, ғалым
Халел Досмұхамедұлының тарихи естеліктері
десе болады. Көлемі жағынан шағын бір-екі
мақаласында «Қазақ батырлары: Исатай,
Махамбет», «Тайманұлы исатайдың қозғалысы
турасында қысқаша мағлұмат» жазып кеткен.
Халел Досмұхамедұлының жеткізуінде Жәңгір
ханның тұсында батырлармен қатар , ақынжыраулардың да көп болғаны айтылады. Сол
замандағы танымал болған Шернияз
Жарылғасұлының өлең –жырларында ИсатайМахамбет бастаған шаруалар көтерілісінің жайжапсары, қайшылығы, батырлардың ерлік
болмысы сөз етіледі.
Сағынам ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел бағына ондай жайлы,
Қарадан халқы сүйіп ханым деген,
Жігіт еді төрт тұрманы түгел сайлы,- дейді.
10.
Атыраулық белгілі исатайтанушы-ғалым, профессор АманкелдіШамғонов 2018 жылы «Ағатай» баспасынан «Ұлы дала батыры –
Тайманның ұлы Исатай» атты тарихи-ғұмырнамалық кітап
шығарған болатын . Кітаптың жаңа нұсқасынан байқағанымыз,
біріншіден А.Шамғоновтың осыған дейінгі академиялық «Қазақстан
тарихы» көптомдығында көрсетіліп келгендей, көтеріліс 3 кезеңнен
емес, 2 кезеңнен тұрады деген жаңа тұжырымы. Дәлірек айтқанда, І
кезең 1836-1837 жылдарды қамтиды. Көтеріліс Бөкей Ордасында
басталып, дамиды және Тастөбе шайқасымен аяқталады. ІІ кезең
Кіші жүздің батыс бөлігінде өрістеп, Ақбұлақ қырғынымен
аяқталады. Тарихшы-ғалымның ұсынған көтерілістің ІІ кезеңі мектеп оқулығына да енгізілген. Атап айтқанда, 8-сыныпқа арналған
орыс тілінде жазылған «Қазақстан тарихы» оқулығының (авторлары
З.Е. Кабульдинов, Ж.Н. Калиев, А.Т. Бейсембаева) 23-24-параграфта
былай деп жазылған: «Восстание состояло из двух этапов: на
первом, с февраля 1836 г., оно имело место на территории
Букеевской Орды. На втором этапе – с первой половины 1838 г.
протекало в азиатской, или зауральской, части Младшего жуза».
11.
Кезінде Х.Досмұхамедов өз еңбектерінде Исатай батырдың атабабалары туралы мәліметтер қалдырған болса, АмангелдіШамғонұлы «Исатай Тайманұлының ұрпақтары» атты шежіре
дайындап, кітап етіп бастырды. Айта кету керек, «Исатай-Махамбет»
атты зерттеу кітаптарымда мен де осы еңбектің қысқартылған
нұсқасын пайдаландым. Автордың соңғы шыққан «Ұлы Дала
батыры – Тайманның ұлы Исатай» атты кітабынан Исатай батырдың
көптеген ұрпақтарының көршілес Астрахан облысында
тұратындығы анықталғанын көреміз және олардың өздерінің
батырдың ұрпақтары екендігін осы шежіре арқылы білгенін
байқаймыз. Исатайтанушы ғалым А.Шамғонов И.Тайманұлының
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы аумағындағы Шейітсай қорымындағы
Исатай батыр жерленген орынға кесене тұрғызу идеясын ұсынушы
болғандардың бірі . Шейітсайда Исатай батырға биіктігі 11,5 м
кесене тұрғызылды.
«Мінгені Исатайдың ақтабан-ай» атты деректі фильмнің түсірілуіне
А.Шамғоновтың көп көмегі болған.
12.
Исатай Тайманұлы- қазақ тарихында өзіндік орны бар тарихитұлғалардың , ел қорғаған батырларымыздың бірі. Исатайды Кеңес уақыты
кезінде тек «Махамбет-Исатай » көтерілісіне ғана қатысты сөз еткен.
Ал қазіргі таңда екі түрлі көқараспен бағалауымызға болады. Бірі-Исатай
қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрін, өмір салтын сақтап , қазақ жерін
бөлшектемей, жерінің тұтастығын сақтап тұру мақсатында күрескен батыр.
Екіншіден, Исатай- билеуші таптың әділетсіздігіне қарсы шыққан тұлға.
Қара халықты қанауға наразылығын ашық білдіріп, атқа мінген саяси тұлға.
Ұсыныстарым:
- Исатай Тайманұлының ерлік істерін , қажырлы батырлығын тек Махамбеттің
отты өлеңдерін оқумен ғана шектемей, өз заманының көшбасшысы, биі , ақыны,
нағыз батыры болғанын тың деректер мен зерттеулер арқылы мектептерде
«Исатайтанушы» курстары қосымша оқытылса ;
- Батырға тағзым жасау мақсатында Исатайдың соңғы шайқасы өткен Ақтөбе
облысы , Қобда ауданының Ақбұлақ аңғары жеріне және Қобда ауданы
аумағындағы Шейітсай қорымындағы Исатай батыр жерленген кесенеге
экскурсиялар ұйымдастырылса;