Похожие презентации:
Холестерин алмасуы. Липидтер алмасуы мен регуляциясының бұзылыстары
1.
Семей мемлекеттік медицина университетіС.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық
пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Холестерин алмасуы.Липидтер
алмасуы мен регуляциясының
бұзылыстары.
Тексерген:Динжуманова Р.Т.
Дайындаған:Қапсеметова Т.С.
232-топ,ЖМФ
Семей, 2018
2.
Жоспар:• І.Кіріспе бөлім.
• ІІ.Негізгі бөлім:
• 2.1.Холестерин туралы жалпы түсінік.
• 2.2. Холестерин құрылысы және ұлпада
таралуы .
• 2.3. Холестериннің маңызы.
• 2.4.Холестерин биосинтезі.
• 2.5.Липидтер алмасуы реттелуі.
• 2.6.Липидтер алмасуы бұзылыстары.
• ІІІ.Қорытынды бөлім.
• IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
3.
Жалпы түсінікХолестерин
(холестерол) (көне грекше: холе — «өт», стереол
— «қатты») —— стериндер тобына жататын
органикалық зат.
Ең маңызды стерин.
Жасуша мембранасының құрамына енетін
жоғары май қышқылдарымен күрделі эфирлер
түзеді. Жануарлар организмінің барлық
жасушаларында әсіресе бүйрек үсті безі, ми,
бауыр, жұмыртқаның сарыуызында көп болады.
4.
Холестерин құрылысы және ұлпадатаралуы .
Адам организмінде 140-350 г.
Оның 90% жасушаларда, қалған
10 % қанда
Суда ерімейді, майлы ортада
ериді.
Ағза жасушаларына, ақуыз және
май комплексінен тұратын,
липопротеидтер тасымалдыайды
Бауырда холестериннің 50%
Ащы ішекте 15-20 %
қалған мөлшері теріде, бүйрек
усті безінде, жыныс бездерінде
синтезделеді
Холестерол
5.
Холестериннің (ХС) маңызы1.Құрылымдық ролі- биологиялық мембрананың
липидтерінің 30% құрайды. Оның сұйық күйін
қамтамасыз етеді.
2. Диэлектрик қызмет атқарады- нерв тінінде миелин
қабығын түзе отырып нерв импульстерінің жылдам
берілуіне қатысады.
3. ФЛ-тер құрамындағы КҚМҚ пероксидтік тотығудан
қорғайды.
4. Пластикалық қызметі-холестериннен өт қ-ры,
стероидты гормондар, Д3 витамині түзіледі.
5. ХС-нен канцерогенді қосылыстар түзілуі мүмкін.
6. ХС алмасуы бұзылғанда атеросклероз, өт-тас ауруы
дамиды.
6.
Холестериннің көздері• Экзогендік холестерин: 0,3 - 0,5 г / тәул.
• Эндогендік холестерин: 0,3 - 0,5 г / тәул
• Экзогенді холестеринді қорыту:
• Холестерол азық-түліктен еркін немесе
байланыстырылған (холестерид түрінде) ағзаға түседі;
• Асқорыту трактындағы бос холестерин
қорытылмайды
• Байланысқын холестерол төмендегідей жіңішке
ішекте қорытылады:
• Холестерид холестролэстераза холестерин +ЖМҚ
• Холестерин холециндік кешендер түрінде жіңішке
ішекте сіңеді
• Холециндік кешендер - холестерин мен өт
қышқылдарының қосылыстары.
7.
Холестеринніңтасымалдаушы формалары:
• ЛПНП (β-липопротеиндер)
• ЛПОНП (пре-β-липопротеиндер)
• ЛПНП+ЛПОНП
Атерогенді
липопротеиндер
8.
Холестерин биосинтезіШартты түрде холестерин
биосинтезінің 5 кезеңге бөледі:
1. Мевалонат синтезі;
2. Изопентенилпирофосфат синтезі;
3. Сквален синтезі;
4. Ланостерин синтезі;
5. Холестерин синтезі;
9.
І. Мевалонат синтезі10.
11.
ІІ. Изопентенилпирофосфатсинтезі
12.
13.
ІІІ. Сквален синтезі14.
15.
ІV. Ланостерин синтезі16.
V. Холестерин синтезі17.
18.
Липидтер алмасуы реттелуі.Инсулин май қышқылдарының биосинтезін
арттырады, көмірсуларды майға айналдырып,
май қышқылдарының ыдырауын тежейді.
Адреналин және глюкокартикоидтар
липолизді белсендіреді
Гипофиз және жыныс бездері
гормондарының гипофункциясы кезінде
майдың синтезі артады, демек, липолиз
тежеледі, нәтижесінде ағзаның майлану
үдерісі артады.
19.
Липидтер алмасуыныңбұзылуына әсер ететін факторлар:
1) гипофиз гипофункциясы;
2) қалқанша без гормондарының гипофункциясы, салмақтың кемуі;
3) өт секрецияларының кемуі, липидтердің қорытылу және сіңірілу
үрдісінің бұзылуы;
4) азық қорымен майдың мардымсыз түсуі, мұнда майда еритін
витаминдердің а- және гиповитаминозы;
5) ағзада липотропты (холин және метионин) заттардың
жетіспеушілігі. Метионин бауырдың майлануынан сақтайды;
6) кетонурия (ацетоурия) және кетонемия (ацетонемия), май
қышқылдарының ыдырауының соңғы өнімдері (ацетон, ацетосірке
қышқылы, β-оксимай қышқылы) қанның, зәрдің құрамында артып
кетуі;
7) липотропты факторлардың жойылуы, яғни бауырдың майлануы;
8) холестерин алмасуындағы ауытқулар жатады.
20.
Липидтер алмасуыныңбұзылыстары.
Май тінінде ұдайы қарқынды алмасу процесстері жүріп
жатады. Онда майдың артық жиналуы тамақта көмірсулары
басым болғанда болады. Үш глицеридтердің түзілуі мен
ыдырауы қандағы глюкозаның деңгейімен реттелінеді. Онда
глюкоза көп болғанда май қышқылдары энергия түзілуге
пайдаланылмай қорға жиналады. Керісінше, глюкоза деңгейі
төмендегенде майдың май тінінен шығуы байқалады. Ұзақ
эмоциялық зорлану май тінінен оның шығуына, адамның
азып-ауруына әкеледі.
21.
Майдың тасымалдануы менқаннан тінге ауысуының
бұзылуы.
• Майлардың тасымалдануы бұзылыстарының бір көрсеткіші болып
гиперлипемия есептеледі. Бұл кезде қанда майдың мөлшері литріне
8 граммнан асады. Гиперлипемия ауқаттық (қоректік), тасымалдық
(май қорларынан оның бауырға тасымалдануы күшейгенде) және
ретенциондық (грек. retentio — бөгелу, кідірту) немесе бөгелулік
(майдың қаннан тінге шығуы кідіріп қалғанда) болып көрінеді.
22.
Ауқаттық гиперлипемия. Майлы тамақты көп ішкеннен кейін 2—3сағаттан соң дамиды да, 4—6 сағаттан соң ең жоғары деңгейге
көтеріледі. 9 сағаттан кейін қандағы май мөлшері қалыпты деңгейге
жетеді. Ол көк бауыр алынып тасталғанда, гепариннің өндірілуі
бұзылғанда ұзақ және жоғары деңгейдегі гиперлипемия байқалады.
Ac тұзы, өт қышқылдары гиперлипемияның дамуына әкеледі.
Тасымалдық гиперлипемия бауырда гликогеннің қоры азайғанда
(ашығу, қантты диабет ж. б.) байқалады. Бұл кезде май қорларынан,
өкпеден, сүйек кемігінен, майлардың бауырға бағытталуы көптеген
гормондардың әсерлерінен болады. Ашыққан организмге глюкоза
жібергенде бауырда гликогеннің қоры қалыптасып, майлардың
бауырға тасымалдануы (тасымалдық гиперлипемия) азаяды.
Бөгелулік (ретенциондық) гиперлипемия —қаннан майлардың
тіндерге ауысуы бегеледі. Босаған май қышқылдары альбуминмеп
байланысып (альбуминнің I молекуласы май қышқылының 6—7
молекуласын байланыстырады), қаннан жасушаларға ауысады.
Осыдан қанда альбуминнің жеткіліксіздігі (ашығу, бүйрек, бауыр
аурулары)
кездерінде
майдың
қанда
ұсталып
қалуына,
гиперлипемияның дамуына әкеледі. Осындай жағдай гепариннің
жеткіліксіздігі кездерінде байқалады (атеросклероз, қантты диабет ж.
б.).
23.
гиперлипидемияауқаттық
тасымалдық
бөгелулік
Көп майлы тамақ
Ашығу
Қантты диабет
Стресс
Атеросклероз
Қантты диабет
Невроз
24.
АтеросклерозҒылымның соңғы кездегі жетістігі атеросклероздың тек бір ғана органның
емес, жалпы қан тамырды қамтитын күрделі ауру екенін дәлелдеді.
Атеросклерозбен қарттармен қатар жасы қырыққа жетпеген адамдар да,
ауратыны анықталды. Организмде қоректік заттардың, онық ішінде
холестериннің алмасуының бұзылуы атеросклероз ауруының басталғанын
дәлелдеді. Холестерин де глюкоза және белоктың химиялық қосындылары
секілді организм тіршілігі үшін керекті, құнды зат, онсыз адам өмір сүре
алмайды. Өйткені холестерин әрбір клетканың құрамына кіреді, әсіресе нерв
тканінің тіршілігі үшін өте маңызды. Сондықтан табиғи жағдайда тағам
құрамынан түзілген холестерин организмнің мұқтажын толық қанағаттандыра
алмағандықтан, оны организм өз қорындағы белок пен углеводтан құрап,
синтездеп толықтырады.
Бауыр мен ішекте организмге керегінше —
тәулігіне 2—3 гр. холестерин синтезделеді.
Адам оның жарты грамдайын тамақтан алса,
қалғанын өз денесінің қорынан жетістіреді.
Адам сау кезде холестериннің белгілі бір
мөлшерде синтезделіп, жұмсалуын реттейтін
организмнің механизмі басқарады.
25.
АтеросклерозХолестерин қан құрамындағы белок және фосфолипиды
(майға ұқсас бөлшек) мен қосылып денеге тарайды. Осы
күрделі қосылысты липопротеин дейді. Бұлардың түрі,
салмағы және қан тамыр астарына жабысып орналасуы
бірдей емес. Зерттеу нәтижесіне қарағанда ірі
липопротеиндердің бөлшектері жабысқыш келеді. Сол
қан тамыр астарының холестерин жиналған жеріне кейін
дәнекер тканьдер өседі. Бұдан қан тамырының тысы
тығызданып қатаяды, қан жолы тарылады, кейде тіпті қан
ұйып (тромба), жолы бітеледі. Бұл жағдай жүрек пен миға
қан келуін бұзады. Тіпті жүрек инфарктысының (жүрек
етінің елжіреуі) басталуы ғажап емес. Ішіп-жеген
тағамның сан-сапасына және режиміне байланысты
атеросклероз бірде тез білінсе, бірде білдірмей баяу
басталады. Айталық майлы тамаққа үйір, қомағай, оның
үстіне қара жұмыс істемейтін, жатып ішер еріншектер бұл
аурумен көп ауырады. Мұндай адамның қанын
зерттегенде холестериннің мөлшері нормадан анағұрлым
артық екендігі анықталды.
26.
Майлардың сіңірілуінің бұзылуы.Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін оның эмулсиялануы (лат. emulsus —
сұйықта заттың ерімеген микроскопиялық тамшылары араласқан жағдайда
сақталу түрі қажет. Ұлтабарға ет түспеуі немесе оның тым аз түсуі майлардың
сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабығының қабынуы
(холецистит) және өт шығару үрдістерінің бұзылыстарымен сипатталатын
бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май эмульсияланбауынан
сіңірілмейді.
Осындай жағдай ұйқы-безінің ферменттері шығарылмағанда немесе тым аз
шығарылғанында да байқалады. Сонымен қатар майлардың сіңірілуі бұзылуы
ішек эиителийлерінің қызметі төмендегенде немесе ащы ішектің
перистальтикасы күшейгенде болуы мүмкін. Бұндай жағдайлар энтериттер, А
және В гиповитамииоздар кездерінде байқалады. Тамақтың құрамында Са2+,
Мg2+ көп болғанда, олармен май қышқылдарының ерімейтін тұздары құрылады
да, майдың сінірілуі төмендейді.
Сіңірілмеген май негізінен ішектер арқылы, аз мөлшерде май және тер
бездерімен тері арқылы сыртқа шығарылады. Май сіңірілуі бұзылуынан нәжісте
ыдырамаған май мен күрделі май қышқылдары көбейеді, ол ақсұр түсті болады.
Бұндай жағдайды стеаторея (грек. stear — май, грек. rһео — ағу) дейді.
Май бездерімен тері арқылы майдың артық шығарылуы (себорея — май ағу)
кейбір тері ауруларында (безеу, экзема жене авитаминоздар кездерінде)
кездеседі
27.
Организмде майдың артық жиналуы көптеген тіршілікке маңыздыағзалардың қызметтері бұзылуына әкеледі. Көмірсулары алмасуында
глюкозаның тотығуы шектеліп, бауырда гликогеннің қоры көбейеді.
Энергия түзу үшін организм негізінен май қышқылдарын пайдаланады.
Жүректе май жиналып қалуы оның жиырылымдық қызметін әлсіретеді.
Семіру кезінде атеросклероз, артериялық гипертензия жиі дамиды,
қан ұю артады, тромбоз жиілейді. Бұл кезде өкпеде ауа алмасу
нашарлайды, өкпенің өмірлік сиымдылығы төмендейді, онда қан іркілуі
және тыныс алу жолдарында созылмалы қабыну дамиды. Аз күштенудің
өзінде алқыну пайда болады. Осыдан циркуляциялық және тыныстық
гипоксия байқалады.
28.
Майлардың сіңірілуінің бұзылуы көптеген жағымсызжағдайларға әкеледі. Осыған қарамай тағамда май міндетті
түрде болуы қажет. Өйткені майлармен бірге майда еритін
тіршілікке қажетті витаминдер А, Д, Е, К сіңіріледі.
Сондықтан тамақпен организмге май түспесе көрсетілген
витаминдердің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
29.
Семіру – организмдеүшглицеридтердің тым артық
жиналып қалуымен көрінетін
дерттік жағдай.
• Семіру барлық зат алмасу
бұзылыстарының ішінде ең жиі
кездесетіні. Ересек адамдардың
30%-дан 60%-ға дейіні артық
салмағымен көзге түседі.
Әйелдердің арасында семіздік
ерлерге қарағанда үш есе жиі
кездеседі. Жастардың арасында
семірудің жиілеп бара жатқаны
назар аудартады. Мәселен, 33%
ер адамдардың және 45%
әйелдердің арасында семіру 2035 жас аралығында кездеседі.
30.
Семірудің түрлері:• Біріншілік семіру
• Салдарлық семіру
• Гипертрофиялық
семіру
• Гиперплазиялық
семіру
• Андроидтық семіру
• Гиноидтық семіру
• Араласқан семіру
31.
Біріншілік семіруБіріншілік семірудің негізінде липостаздық жүйенің
шеткері май тіні мен гипоталамустың арасындағы
өзара қатынастардың бұзылуы маңызды орын алады.
1994 ж Дж. Скотт «тоқтық» жағдайда адипоциттер
пептидтік гормон – лептин өндіретінін ашты.
Лептиннің әсерінен аштық сезімі орталығында
нейропептид V өндірілуі азаяды. Бұл нейропептид:
Аштық сезімін туындатып, тәбеттің ашылуына
әкеледі;
Кейбір эндокриндік бездердің гипофиз арқылы және
гипофизден тыс реттелулеріне қатысады;
Инсулин өндірілуін арттырады;
Тамақ қабылдауға түрткі болады;
Адипоциттерде май жиналуына әкеледі.
32.
Салдарлық семіруЖүйкелік-эндокриндік бұзылыстардың дамуы
нәтижесінде байқалатын семіруледі салдарлық
семіру дейді. Қазіргі күні оны май тінінде
өндірілетін лептиннің немесе лептинді
қабылдайтын гипоталамустағы рецепторлардың
жеткіліксіздіктері мен байланысты емес семіру
деуге болады.
Орталықтық семіру
Гипоталамустықгипофиздік
Шеткерілік семіру
Басқа эндокриндік
бездердің қызметтерінің
бұзылыстары
33.
Гипертрофиялық семіруМай жасушаларының
жалпы саны өзгермей
олардың іштеріндегі май
тамшыларының көлемі
ұлғайып кетуімен
көрінеді. Қалыпты
жағдайда олардың
көлемі 0,3 мкл
шамасында
болса,гипертрофиясы
кезінде 1,0 мкл-ге дейін
ұлғаяды. Содан
адипоциттердің
көлденең диаметрі
үлкейеді.
34.
Гиперплазиялық семіруМай жасушаларының жалпы саны
қалыптыдан көбейіп кетуімен көрінеді.
Бұл кезде дене салмағы өте үлкен
мөлшерлерге жетуі мүмкін. Семірудің
бұл түрі гипертрофиялқ түріне
қарағанда тым ерте жаста байқалады.
Ол іштегі бала туылмай тұрып және
емшектегі балалық шақ кездерінде
кездесуі ықтимал. Бұл түрі дамуында
тұқымқуалаушылықтың маңызы өте
зор. Семірудің гиперплазиялық түрі
ересек адамдарда да кездеседі. Жас
балалардағы гиперплазиялық семіруге
жүкті әйелдердің қантты диабетпен
сырқаттануы, олардың тым артық
тамақ ішулері, балаларды тым артық
қоректендіру және т.б. жағдайлар
әкеледі.
35.
Андроидтық семіру• Майдың дененің жоғарғы бөліктеріне, іште және
іш құрылыстарында жиналуы. Ол еркектерге тән
семіру.
36.
Гиноидтық семіруМайдың бөкседе,
жамбаста, санда және
дененің төменгі
жақтарында жиналуы,
негізінен әйелдерге тән.
Өйткені еркектер мен
әйелдердің жыныстық
гормондары май тінінің
әр түрлі бөліктерінде а2катехоламиндік
рецепторлардың
бөлінуіне әр қилы әсер
етеді.
37.
Араласқан семіруАндроидтық және гиноидтық түрлері біріккен
түрде кездеседі және андроидтық түрге тән
атеросклероз және оның асқынуларына
көтеріңкі қауіп-қатер сақталады.
38.
Семірудің алдын-алу жәнеемдеу
Семірудің алдын-алуда қоректену тәртібін сақтаудың
маңызы өте зор. Тамақтың құнарлығын, ондағы ас
тұзын, тәтті және ащы тағамдарды шектеп, бөлшектеп,
жиі қоректену қажет. Тамақтың құнарлылығын күн
бойына дұрыс бөлу ерекше маңызды. Тамақпен түсетін
энергияның 70%-ы күннің бірінші жартысында, 30%-ы
түстен кейінгі астануларға сәйкес келуі керек. Жатар
алдындағы астану ұйықтардың алдында 2 сағат бұрын
болуы қажет.
Сонымен бірге, гиподинамияны шектеу, дене
шынықтыру мен спортпен шұғылдану қажет. Толық
адамдарда май алмасуы бұзылуын жөнге келтіру үшін
арнайы дәрілер, оның ішінде бүгінгі зерттеліп жатқан
лептин, сонымен бірге балық майынан алынған
«эйконол» қолданылады. Ол қанда майдың мөлшерін,
артериялық қысымды төмендетеді, қан ұюын ретке
келтіреді.
39.
Асқыну белгілеріСемірген адамдардың қан
қысымы көтеріліп және
атеросклероз пайда болуы
мүмкін. Осы себептерден
семіргіш аурудың жүрегі
әлсіреп, оның қызметі
нашарлайды. Семірген
аурулар қомағай келеді.
Олардың өтінде тас көбеюі
мүмкін, холецистит,
панкреатит деген аурулармен
ауырғыш келеді, бауыры
үлкейеді.
40.
Семіруді ескерту мен емдеу тәсілдерінің негіздеріСеміруді ескерту мен емдеу тәсілдерінің
негізінде, қоректенудің тәртібін сақтаудың
маңызы өте зор.Тамақтың құнарлылығын
күн бойына дұрыс бөлу ерекше маңызды.
Тамақпен түсетін энергияның 70%-ы күннің
бірінші жартысына (ауыз ашар, екінші ауыз
ашар, түскі ас) келуі керек. Оның тек 30%-ы
түстен кейінгі астануларға (түстен кейінгі,
кешкі және жатар алдындағы ас) келгені
дұрыс. Жатар алдындағы
астану ұйықтардың алдында 2 сағат бұрын
болуы қажет, Тамақтанудың осындай
тәртібінде организмге аспен түсетін
энергияның негізгі бөлшегі жұмыс
уақытындағы кеткен шығынын толтырады
да, май түрінде қорға жиналуы азаяды.
41.
Қорытынды• Холестерин (холестерол) (көне грекше: холе — «өт», стереол —
«қатты») —— стериндер тобына жататын органикалық зат.
Шартты түрде холестерин биосинтезінің 5 кезеңге бөледі:
1.
Мевалонат синтезі;
2.
Изопентенилпирофосфат синтезі;
3.
Сквален синтезі;
4.
Ланостерин синтезі;
5.
Холестерин синтезі;
Липидтер алмасуының бұзылуына әсер ететін факторлар
және
реттейтін
жүйелер
бар.Липидтер
алмасу
бұзылыстарына:атеросклероз,семіздік, гиперлипидемия және
т,б жатады.Бұл аурулардың алдын алу шаралары бар.
42.
Пайдаланылғанәдебиеттер:
wikipedia.org
kazorta.org
kazmedic.org
aif.ru
jazdorov.ru