«Астана» медицина университеті» ;№1 қалалық балалар ауруханысы кафедрасы»
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Мешел немесе рахит— негізінде фосфор-кальций алмасуының бұзылуы жататын, қаңқа сүйектерінің қалыптасуының және ішкі мүшелер мен жүйелер
Мешелдің жіктелуі /И.М.Воронцов және т.б. 1990
ҚОЛДАНЫЛҒАБИЕТ ТІЗІМІ
Лукьянова Е.М. (1988г.) классификациясы:
Мешел кезінде жасалатын массаж
ҚОРЫТЫНДЫ
1.87M
Категория: МедицинаМедицина

Мешел тәріздес аурулар жіне бой өсудің , тіс дамуының өзгерістері

1. «Астана» медицина университеті» ;№1 қалалық балалар ауруханысы кафедрасы»

«АСТАНА» МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
;№1 ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНЫСЫ КАФЕДРАСЫ»
СӨЖ
Тақырыбы: Мешел
тәріздес аурулар жіне
бой өсудің , тіс
дамуының өзгерістері
Орындаған: Байанбаев Р.
Топ:303
Мамандық: Стоматология
Тексерген:
Астана 2017

2. ЖОСПАР

I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
a)
Мешел анықтамасы, этиологиясы
b) Патогенезі және Д дәруменінің қызметі
c) Мешел ауруына әсер ететін факторлар
d) Мешел ауруның жіктелуі және клиникасы
e) Диагностикасы
f) Профилактика
g) Емі
ҚОРЫТЫНДЫ
I. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

3. КІРІСПЕ

Рахит – ерте жастағы балалардың сүйек тініңдегі
минерилизация процесінің бұзылысынан және витамин
«D» дефицитінен пайда болатын полиэтиологиялық
ауру. Ең алғаш рахит ауруы 17 ғ.Англияда пайда
болған. Бірақ, ол кезде аурудың неден пайда болатыны
және дамуы анықталмаған еді. 20 ғ. отызыншы
жылдары витамин «D» құрылысының ашылуы.
Сонымен қатар, УК сәуленің әсерінен витамин «D»
терідегі синтезі жүретіні анықталды. Қазіргі кезде
витамин «D» дефициті аурудың негізгі себебі
болғанымен, ағзадағы Ca және P алмасуының
бұзылыстары аурудың дамуына әсер етеді.

4. Мешел немесе рахит— негізінде фосфор-кальций алмасуының бұзылуы жататын, қаңқа сүйектерінің қалыптасуының және ішкі мүшелер мен жүйелер

Мешел немесе рахит— негізінде фосфоркальций алмасуының бұзылуы жататын,
қаңқа сүйектерінің қалыптасуының және
ішкі мүшелер мен жүйелердің
функциясының бұзылуымен жүретін ерте
жастағы балалардың ауруы. Н.Ф.Филатовтың
анықтамасы бойынша мешел дегеніміз
организмнің жалпы ауруы болып табылады
және сүйектегі өзіндік өзгерістермен
сипатталады. Қазіргі кездегі көзқарас
бойынша мешел — өсіп келе жатқан
организмнің Са мен Р қажеттілігі мен оны
организмге жеткізетін
жүйелердің арасындағы уақытша
сәйкессіздік әсерінен болатын ауру. Мешел –
2 жасқа дейінгі балалардың арасында жиі
кездесетін ауру. Мешел кезіндегі негізгі
механизм бұл Д витаминінің тағаммен
түсуінің және теріде түзілуінің жеткіліксіз
болуы, сонымен бірге бауыр мен бүйректе
фосфор-кальций алмасуының бұзылуы

5.

Этиологиясы
Теріде
холькальциферол
түзілісінің бұзылуы
Бауыр мен бүйректе
P-Ca алмасуының
бұзылысы
Тағаммен Д
витаминінің кем
түсуі

6.

Мешел дамуының негізгі патогенетикалық тізбегі
фосфор-кальций алмасуының бұзылысы болып табылады.
Бала қанындағы кальцийдің физиологиялық мөлшері 2-ден
2,8 ммоль/л дейін, ал фосфор 1—ден 1,4 ммоль/л дейін
(қандағы кальций мен фосфордың ара қатынасы 2:1 болуы
тиіс)болады. Фосфор-кальций гомеостазын реттеуді
негізінен Д витамині, паратгормон және кальцитонин
жүзеге асырады. Д витамині адам ағзасына тері арқылы
холекальциферол (D3) және тағаммен эргокальциферол
(D2) түрінде түседі. Қалыпты жағдайда Д витаминінің 80%ке дейін мөлшерін теріде ультракүлгін сәулелерінің
әсерінен 7-дегидрохолес- териннен (провитамин D})
синтездей алады.

7.

Са-байланыстырушы
ақуыз синтезіне әсер ету
арқылы жіңішке ішекте
Са мен фосфор
сіңірілуіне ықпал етеді
Остеобласттар қызметін
белсендіреді, яғни
остеобласттармен сүйек
ақуызы остеокальциннің
синтезіне ықпал етеді.
Бүйрек каналшаларында
фосфор және кальций
тұздарының
реабсорбциясын
күшейтеді.
Бұлшықеттердегі
кальций рецепторларын
белсендіру жолымен
бұлшықеттер
жиырылуына ықпал
етеді.
Сүйек минерализациясы
процессін реттейді.

8.

9.

Мешелдің пайда болуына әсер ететін факторлар
Күн сәулесінің жеткіліксіздігі;
Тағамдық факторлар: ерте жасанды және аралас тамақтандыру,
қосымша тағамды кеш енгізу, жеміс-жидектер мен ботқалардың
жетімсіз болуы;
Шала туғандық;
Қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіз болуы;
Жүктілік барысының асқынуы;
Бір жасқа дейінгі балалардың аурулармен ұзақ және ауыр
дәрежесімен ауруы;
Ұзақ уақыт дірілге қарсы ем қабылдау;
Сіңірілудің бұзылу синдромы ;
Тұрақты ацидозбен жүретін аурлар;
Терінің пигментациясы;

10. Мешелдің жіктелуі /И.М.Воронцов және т.б. 1990

Ауырлық дәрежесі
Өту барысы
Клиникалық варианттары
1 дәреже-жеңіл
жедел
кальципениялық
2 дәреже – орташа
жеделдеу
фосфоропениялық
3 дәреже — ауыр
рецидивті
Кальций мен фосфор
мөлшерінің өзгеруінсіз

11.

Жеңіл дәрежедегі мешел (1 дәреже): Нерв
жүйесі жағынан /мазасыздық, ұйқысының
бұзылуы, тершеңдік және басқа да нейровегетативті белгілер/ және сүйек жағынан
/тершеңдіктің әсерінен желке шаштарының
түсуі, үлкен еңбектің қырларының жұмсаруы
және басыңқы болуы, жеңіл краниотабес,
сонымен бірге аздаған бұлшықет
гипотониясымен сипатталады. Баланың
психомоторлық дамуы жасына сай, репарация
соңының толық сауығу болады, өтуі тек жедел.
Жеңіл дәрежедегі мешел процеске тек бас
сүйектерінің қатысуымен жүреді.

12.

Орташа дәрежедегі мешел (2 дәреже):
Cүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен
мадайдың дөңестігі ,5-8 қабырғаларда « рахитік таспих»
Сүйек жүйесінің айқын көріністерімен (остеопороз, остеомаляция,
остеоидты гиперплазия, сүйек өсуінің гипоплазиясы),
бұлшықет гипотониясымен, нерв және қан түзу жүйесінің өзгеруімен
(гипохромды анемия)
ішкі органдардың қызметінің бұзылуы болады /өкпеде жиі қабыну
аурулары, асқазан-ішек трактісінде– тәбеттің бұзылуы, аздаған
гепатоспленомегалия және т.б./,
қанда – гипофосфатемия, гипомагниемия,
гипокальциемия.
Көп жағдайда баланың физикалық дамуы бұзылмайды, бірақ
психомоторлық дамуы кешігеді. Өтуі жедел, жеделдеу, рецидивті
болуы мүмкін.
Гаррисон сайы
О және Х тәрізді аяқтар
Қабырғалар жұмсақ,иілгіш, көкірек қуысының шет жақтары жалпайып
,кеуденің тқменгі апертурасы ұлғаяды.

13.

14.

15.

Ауыр дәрежедегі мешел (3 дәреже):
бассүйек онан әрі жұмсарып, ол мойын
омырткаларын
қысады,кеңсірік
батыңқыланып,маңдай және төбе сүйек
бұдырлары сыртқа өседі,сөйтіп сәбидің бас
« төртбұрышы» тәрізденеді( олимптік
маңдай, «шаршы» бас) көкірек қуысының
алдыңғы жағы төспен бірге ілгері
майысып, құс төсі сияқтанып тұрады.
Кифоз, лордоз, сколиоз пайда болады. 6-8
айдан кейін түтікше сүйектердің өзгеруі –
білек және балтыр сүйектерінің
бас
жағының
(рахиттік
білезік),
саусаө
буындарының
жалпаюы
(інжу
жіптер).Сүйектегі
айқын
деформациялармен, нерв жүйесі жағынан
(әлсіздік, апатия, психомоторлық дамуда
біршама артта қалу, тәбетінің төмен болуы,
ұйқысының бұзылуы) ауыр бұлшықет
гипотониясы,
орташа
және
ауыр
дәрежедегі анемия, зат алмасу жағынан
/декомпенсацияланған
ацидоз,
гипостатура/, ішкі органдар жағынан
айқын гепатоспленомегалия, рецидивті
пневмония, ішек дисфункциялары т.б

16.

ТАУЫҚ ТӨСІ
РАХИТТІК БІЛЕЗІК

17.

18. ҚОЛДАНЫЛҒАБИЕТ ТІЗІМІ

Мешел ауруы кезіндегі кифоз және
мойындағы лордоз

19.

Құрбақа іші

20. Лукьянова Е.М. (1988г.) классификациясы:

1) Д- дефицитті рахит.
2) дәрумен-Д- тәуелді мешел
3) дәрумен-Д-резистентті
мешел(тубулопатиялар,
гипофосфатазия).
4) Бауыр аурулары,мальабсорбция
синдромындағы екіншілікті
мешел.

21.

Д дәруменге
тәуелді
Аутосомды рецессивтік ауру. Гені 12
хромосомада. Көбінесе 3-6 ай шағында
басталады,
клиникалық
және
биохимиялық
сипаты
рахиттен
айнымайды. Қанда –гипокальцемия ,
фосфор деңгейң төмен, сілтілі фосфотаза
белсенділігі
жоғары,
гипераминоацидурия.
Минералдану
бұзылыстары айқын: жүйелі остеопороз,
кортикалдық қабаттың
жұқаруы,
метафиз бен эпифиз жолағындағы
рахитке тән өзгерістер. Сүйектерде ЛозеМилкманның
жалған сынықтары
болады.Ауысып шыққан тістерінде тіс
эмалінің гипоплазиясы айқын.
Д витаминге
тәуелсіз
Көбінесе 1 жас 3 ай -1,5 жас кезінде
білінеді. Ауру аутосомды-рецессивті
жолмен беріліп , бүйрек өзекшелерінде
фосфаттардың қайта сорылуының туа
болатын
бұзылысына
байланысты.
Айқын
гипофосфатемия
мен
фосфатурия, Са
деңгейі
қанда
қалыпта,сілтілік фосфатаза белсенділігі
аздап жоғары. Рентген көрінісінде
метафиздегі бокал тәрізді тұрпайы
өзгерістер , ұзын түтікті сүйектердің
қисаюы мен жуандауы( периостық сұр
қабаттың
медиалды
толысуына
байланысты)

22.

Клиникалық
берілгендер.
Диагностика
Қанның
биохимиялық
анализі
Р
Концентрациясының
төмендеуі ;
сілтілі
фосфотазаның
белсенділігінің
жоғарылауы
гипокальциемия;
Рентгенограмма
(гипоцитремия).

23.

)

24.

Профилактика
Антенатальды
Постнатальды
Арнайы
Арнайы емес

25.

Антенатальды арнайы емес

26.

Постнатальды профилактика
Бала туғаннан кейін мешелдің
алдын алу шараларының
ішіндегі маңыздысы бұл
баланың ұтымды тамақтануын
ұйымдастыру. Баланың өмірінің
алғашқы 2 жылында маңызды
омыраумен тамақтандыру болып
табылады. Баланың физикалық
дамуы мен шынықтыруға аса
көңіл бөлу керек. Таза ауада
серуендеу, су процедураларынан
басқа мешел кезінде емдік
гимнастика мен массаждың да
маңызы зор.
Мешелдің постнатальды
спецификалық профилактикасы
Д витаминімен жүргізіледі,
оның ерте жастағы балалар
үшін минимальды
профилактикалық мөлшері 400500 ХБ тәулігіне. Бұл мөлшер
күз-қыс-көктем мезгілінде
баланың өмір жағдайын және
аурудың даму қаупін ескере
отырып 3-4 апталық кезден
тағайындалады.

27.

Рахиттің жақ сүйектері мен тіске әсері
Тіс қатары мен
жақ сүйектерінің
деформациясы
Жақ сүйектері
өсуінің
кешеуілдеуі
Тістер
қалыптасуы мен
өткірлігінің
бұзылуы
Эмаль
гипоплазиясы

28.

29. Мешел кезінде жасалатын массаж

МЕШЕЛ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛАТЫН
МАССАЖ

30.

Емі
Мешел кезіндегі емдеу шараларының
мақсаты бұл кальций-фосфор алмасуының
көрсеткіштерін қалыптастыру,
метаболикалық ацидозды жою, витамин Д
жетіспеушілігін жою.
Мешелді емдеу комплексті болуы қажет
және мешелге бейімдейтін барлық
факторларды жоюға бағытталуы керек.
Міндетті түрде балаға оның жасына сай
дұрыс күн тәртібін ұйымдастырып, әр түрлі
тітіркендіргіштерді (қатты жарық, шу т.б.)
жою қажет. Таза ауада жеткілікті болып,
бөлмені жиі желдетіп отыру керек. Емдік
шынықтыру, массаж, гигиеналық ванна
қабылдаудың маңызы зор.

31.

Емі (жалғасы)

32.

Емі (жалғасы)
Бастапқы кезеңде:
эргокальциферол майлы ерітіндісі 500-625 ХБ күнделікті немесе
УФО курсы
цитратты қоспа
Айқын кезеңінде:
вит Д тәуліктік мөлшері
2000-5000 ХБ (курстық мөлшері- 200000-400000 ХБ) Ары қарай
профилактикалық мөлшері (500 ХБ)- күнделікті 2 жыл бойы
Курстық доза мешелдің ауырлығына байланысты.
І дәреже – 600000 ХБ жуық
ІІ дәреже – 800000 ХБ
ІІІ дәреже – 1000000 ХБ

33. ҚОРЫТЫНДЫ

Мешел кезінде болжам оның ауырлық дәрежесі
мен ерте анықталуына байланысты болады.
Бастапқы кезде анықталған және дұрыс емделген
мешел ешқандай салдар қалдырмайды.
Емделмеген мешел қаңқаның ауыр
деформацияларына, нервті-психикалық және
физикалық дамудың тежелуіне, пневмония мен
асқазан-ішек трактісінің ауруларының ауыр өтуіне
әкеледі.
English     Русский Правила