2.91M
Категория: ИсторияИстория

9-сабақ. Көне түркілер.Түрік қағанаттары

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ
МИНИСТІРЛІГІ
ТОО «Арес PetroTehnic Жоғарғы колледжі»
Қазақстан тарихы
Сабақ тақырыбы: Көне түркілер. Түрік қағанаттары
Оқытушы: Даулетбаева Гулбану Сагынбаевна
[email protected]
8701538-91-91
Атырау 2024

2.

• Мақсаты:
Қазақстан аумағындағы VI-XV ғасырлардағы мемлекеттер, көне
түркілер. Түрік қағанаттары, орта ғасырлық мемлекеттер, түрік
қағанаты, батыс түрік қағанаты, Шығыс түрік қағанаттары,
қағанаттың құрылуы туралы, қоғамдық құрылысы, қағанаттың
нығаюы, ыдырауы, саяси жағдайы туралы студенттердің түсінігін
қалыптастыру.
• Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:
Орта ғасырлық мемлекеттер, Түрік қағанаты, батыс және
шығыс түрік қағанаттары, Елхан, Жужан мемлекеті, Ябғу,
шад, Бұдун, Бектер, Иштеми қаған, Земарх қаған,
эфталиттер, Тардуш қаған, нушебилер, бес дулулар, Суяб
қаласы, Тоныкөк пен Білге қаған мен Күлтегін, Ашина
әулеті.

3.

• Сабаққа шолу
• Білуі керек:
Қазақстан аумағындағы VI-XV ғасырлардағы мемлекеттер, Түрік
қағанаттары, орта ғасырлық мемлекеттер, түрік қағанаты, батыс түрік
Шығыс түрік қағанаттары, қағанаттың құрылуы туралы, қоғамдық
құрылысы, қағанаттың нығаюы, ыдырауы, саяси жағдайына,
қағанаттарға жалпы сипаттама.
•Үйренуі керек .
Студенттердің өз ойын айтуға, өзгенің пікірін тыңдауға дағдыландыру,
шығармашылық қабілетін дамыту
• Негізгі түсініктер:
Түрік және батыс, шығыс түрік қағанаттары, халқы және мемлекеттік
құрылымы,қоғамдық құрылысы, түркілер мәдениеті, қағанаттың
нығаюы, ыдырауы, саяси-жағдайы,шаруашылығы.
Сабақтын жоспары.
1. Түрік қағанаты. Батыс және Шығыс қағанаттары.
2. Түрік қағанатының құрылуы.Халқы және мемлекеттік құрылымы.
3. Қағанаттардың қоғамдық құрылысы.
4. Қағанаттың нығаюы,ыдырауы.
5. Қағанаттың саяси жағдайлары, шаруашылығы
6. Қағанаттың құлдырауы.

4.

Көне түркілер. Түрік қағанаты.
Батыс және Шығыс түрік
қағанаттары.

5.

Түрік қағанаты. 552-603 жж.
Батыс және Шығыс түрік қағанаттары.
603-704 жж.
682-744 жж.
Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылы қытай
жылнамасында жазылған. «Түрік» сөзі «берік,күшті»
деген мағынаны білдіреді. Түрік қағанатының негізін
салушы-Бумын қаған. 552 жылы Анағұй жужандар
әскерін талқандап, Бумын түркі елінің қағаны болып
жарияланады. Осы жеңістен кейін, Елхан деген атағын
алды. Жужан мемлекеті V ғасырда Моңғолия мен Батыс
Маньчжурия аумағында көшпелі тайпалар одағынан
құрылған. Аумағы-Қытай шегарасының батысында,
Алтай, Хуанхэ тауларының етегінде жағалауларында
өмір сүрген.

6.

Түрік қағанатының қоғамдық құрылысы:Түркілердің билеушілері шыққан
әулеті-Ашина руы. Ашина терминін әрқилы саралайды, бұл сөзді «текті
қасқыр», «аспаннан жаратылған» деп түсіндіреді. Ұлы қаған ордасы
түркілердің байырғы қонысы-Алтайда орналасты. Қаған мемлекетті басқарды,
жоғары сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда
тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді. Әскери және азаматтық билікті
басқаратын жүйе-ябғу, шад құрылды. Бұдун сөзі ел, халық деген ұғымды
береді. «Бектер» ақсүйектер билік тобын құрады. Соғыста ерлік
көрсеткендерге қатардағы жауынгер немесе ақсүйек тобынан болсын «Ер»
жауынгер атағы берілді. Бектің ерлерден тұратын тұрақты жасағы құрылды.

7.

Қоғамдық құрылысы: Түркілердің батысқа жылжуы тек жаулап
алушылық қана емес, түркі тайпаларының ірі көші-қонына ұласты.
Қағандар тек қолбасшы ғана емес, аса көрнекті билеушілер болды.
Түрік қағанатында егіншілік пен қолөнер дамыды, түрлі діндер бірбірімен үйлесім тапты. Түріктер негізінен көшпелі және жартылай
көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.

8.

Түрік қағанатындағы егіншілік пен қолөнер. Діні-түрік қағанатында дала
тайпалары мен тұрғындары, будда,христиан дінін ұстанғандар және
Тәңірге табынушылар болған.

9.

Түрік қағанатының нығаюы.
Мұқан қаған (553-572) тұсында жужандарды талқандауды аяқтайды.
Осы кезден бастап Түріктер, Ұлы даланың шығыстағы қожасына
айналады. Мұқан қаған тұсында Қытайлар түріктерге салық ретінде
жылына 100 мың метрге тең жібек матасын төлеп тұрған. Мұқан қаған
түркілердің Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі үстемдігін бекітті.
Иштеми Істеми қаған 554-576жж. Түрік қағанатының батыс
территорияларының билеушісі болды. Қазіргі, Қазақстан орт Азия
аумағын бағындырып, Еділ мен Солт. Кавказға шықты. VI ғасырдың 60жылдары Түрік қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер-Византия, Иран,
Қытаймен өзара қарым-қатынас жасады. Түрік қағанаты нығайған
кезінде Маньчжуриядан Босфорға дейінгі жерді алып жатты. Иштеми
қаған тұсында түркілер әскери жағынан қуатты империяға айналды.
VI ғ 80-жылдарының соңында түркілер Парсы елімен одақтасты. Оңт.
Қазақстан мен Ор. Азиядағы қуатты эфталиттер мемлекетін
талқандайды. Эфталиттер мұрасын бөлуге байланысты одақтастар
арасында жанжал шықты. Түркілер мемлекетте тәртіп орнатты. Жаулап
алынған халықтардың дербестігі сақталды, олар қағандарға алым-салық
төлеп отырды.

10.

Мемлекеттің ыдырауы.
6 ғ 60-90 жылдарында Түрік қағанаты іштей қуатты және көршілер
үшін қаһарлы еді. Түркілер Қытайды өздерінің кіріс көзі деп білді. 581
жылы қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды. 6 ғ соңы-7 ғ басында
Қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің өз ішінде
қырқыстың басталуымен және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс
келді. 603 жыды Түрік қағанаты Батыс және Шығыс Түрік қағанаты
болып екіге бөлінді.

11.

Батыс түрік қағанаты 603-704 жж
Халқы және мемлекеттік құрылымы. Батыс түрік
қағанаты шығысында Алтай тауынан, солтүстік-батысында
Каспий теңізіне дейінгі аумақты өзіне қаратты. Тардуш қаған
кезінде Батыс Түрік қағанаты күшейді. Қағанатта қаған ұлы
әмірші, билеуші, барлық жердің иесі саналды. Негізгі
тайпалары бес нушебилер мен бес дулулар жатады. Олар Шу,
Іле өзендерінің бойында өмір сүрген. Қытай деректерінде
дулаттар атауымен аталады. Батыс Түрік қағанатының
орталығы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта
орналасты. Қағанат халқы «он оқ тайпа одағына» бірікті. Әр
яғни тайпа бір түмен, қолбасы басқарған он мың әскер
шығарды және әр оқтың өз әскери жалауы болды.
Иштеми қаған қытай деректерінің бірінде 100 мың адамдық
әскері бар он тайпа қағаны аталды. Л.Гумелевтің зерттеуінше,
Иштеми өлгеннен кейін, билікке Тардуш келді.

12.

Саяси жағдайы:
Алғашқы қағаны-Тардуш Дато. Тардуш қаған шығыс түріктерді
басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды жүзеге асыруға тырысты.
Алтайдағы теле тайпасына шабуыл жасап, өзін Шығыс түрік
қағанатының қағаны деп жариялайды.
Батыс Түрік қағанаты 7 ғ 1 жартысында Шегу 610-618 жж. мен Тонябғу 618-630 жж. қағандар тұсында саяси билігі күшейді. Тон қағанОрта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды. Тон қаған-627 жылы
Иранға қарсы одақтасы Византияға әскери көмек көрсетуі, Батыс
түрік қағанатының халықаралық жағдайдағы саяси беделін көтерді.
Тон-ябғу билігі туралы Қытай шежірешісі «Батыс варварлары
ешқашан дәл сондай қуатты болған жоқ»-деп жазды,

13.

Қағанаттың әлеуметтік
жағдайы.
Батыс түрік
қағанатының басқару
жүйесінде қағанжоғарғы билеуші
саналды. Жоғарғы
лауазымды қаған
руынан шыққан
ақсүйектер иеленді.
Оларға ябғу,шад, елтебер
атақтары берілді. Ал сот
істерін бұйрықтар мен
тархандар атқарды.
Жергілікті жерлерде
қағанның негізгі тірегі
бектер болған. Халықты
қара бұдундар деп
атаған.

14.

Батыс Түрік қағанатының мәдениеті.

15.

Батыс түрік қағанатының шаруашылығы. Жартылай мал
шаруашылығы. Малы жоқ немесе кедей шаруалар жер өңдеу
кәсібімен айналысқан. 7 ғ басынан бастап түркілер жаппай
отырықшылана бастады. 6-8 ғғ Шу алқабында 20-ғы жуық ірі
қалалар мен қоныстар болды. Батыс түрік қағанатында Жібек
саудасының дамығандығы туралы Сюань-Цзянь қытай монахы
жазады. Батыс түрік қағанатында қалалардың дамуына
соғдылықтар басты рөл атқарған.

16.

Қағанаттың құлдырауы. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657
жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Орталық биліктің
әлсірегенін пайдаланып, Батыс түркілерден Еділ бұлғарлары,
хазарлар мен қимақтар бөлінді. Осыны пайдаланған Тан
империясы әскері 659 ж Жетісуға басып кіріп, Ешбар қаған қолға
түсіп, қаза болады. Қағандық өзінің тәуелсіздігінен айырылады.
Батыс түрік қағанатының орнына бірнеше мемлекет құрылды.
Төменгі Еділ бойында және Кавказдың шығысында Хазар
қағандығы құрылды. Қазіргі Қазақстан аумағында үш мемлекет
Оғыз мемлекеті, Қимақ қағанаты, Түркеш мемлекеті қалаыптасты.

17.

Шығыс түрік қағанаты: Саяси жағдайы Қытаймен жүргізген соғысының нәтижесінде
682 жылы Шығыс Түріктер Моңғолияда өз мемлекетін қалпына келтіреді. Алғашқы
қаған Елтеріс атанған Құтылық, одан кейін Қапаған қағандардың тұсында қуатты
мемлекетке айналып, Орталық Азияны бағындырды. 682-744 жылдары Қазақстан,
Орталық Азия Шығыс Тұркістан Сібір жерлерін алып жатқан мемлекет. Шығыс
Түрік қағанаты. Шығыс түрік қағанаты Білге қаған мен Күлтегін тұсында қайта
өркендеді. Қытаймен тиімді шарттарға қол жеткізді. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түрік
халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. Білге қағаннан кейін мемлекет әлсіреп,
ыдырай бастады. Білге мен Күлтегінге арнап құппытастар орнатылды.744 ж
қарлұқтар және ұйғырлармен бірігіп Шығыс түрік қағанатын жеңді. Ашина әулеті
өмір
сүруін
тоқтатты.

18.

Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1. Т.Тұрлығұл. Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен
әдістемесі А. 2003
2. Д.Есенов. Қазақстан тарихы А ақпарат, 2021 ж
3. Г.В.Кан. Қазақстан тарихы А.Дәуір, 2002
4. К.Байгараева. Қазақстан тарихы, оқулық Білім 2021 ж
5. Интернет желісі
English     Русский Правила