1.64M
Категория: ИсторияИстория

10-сабақ Түркеш,қарлұқ,оғыз,қимақ,қағанаттары

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚК АҒАРТУ
МИНИСТІРЛІГІ
ТОО «Арес PetroTehnic Жоғарғы колледжі»
Сабақ тақырыбы:
Қазақстан тарихы
Түркеш,қарлұқ,оғыз,қимақ,
қағанаттары.
Оқытушы: Даулетбаева Гулбану Сагынбаевна
[email protected]
Tel 8701-538-91-91
Атырау 2024

2.

• Мақсаты:
Орта ғасырлық мемлекеттер,Түркеш қағанаты, Қарлұқ
қағанаты, Оғыз мемлекеті, Қимақ қағанаттары олардың
құрылу тарихы, жер аумағы, саяси жағдайы, Атлах
шайқасы, шаруашылығымен мәдениеті, Арабтармен
күресі, тайпалық күресі, қоғамдық құрылысы жалпы
орта ғасырлық мемлекеттерге сипаттама беріп жанжақты түсініктерін қалыптастыру.
• Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:
Түркеш қағанаты, Атлах шайқасы, Сұлу қаған, Әбу
Музахим мүйізді қаған, пышақ, қанжар, Жетісудағы
соғдылар, Саманилер әулеті, Суяб, Сығанақ,
Шахмәлік жабғу, Атабек, Иналдар, Күл-еркіндер,
Сюбашы, Хатун, Испиджаб, Навакент.

3.

• Сабаққа шолу
• Білуі керек:
Қазақстан аумағында VI-XV ғасырлардағы мемлекеттер, Түркеш,
Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттарының құрылу тарихы, жер аумағы
және саяси жағдайлары, шаруашылықтары, мен мәдениетіне
сипаттама.
•Үйренуі керек .
Студенттердің өз ойын айтуға, өзгенің пікірін тыңдауға дағдыландыру,
шығармашылық қабілетін дамыту
• Негізгі түсініктер:
Ортағасырлық мемлекеттер, Түркеш,Қарлұқ, Оғыз, Қимақ
қағанаттарының құрылу тарихын, саяси жағдайлары,мәдениеттерін,
шаруашылықтарын және зерттеулер.
Сабақтын жоспары.
1. Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттары.
2. Құрылу тарихы, жер аумағы, тайпалық құрамы.
3. Саяси жағдайлар.
4. Шаруашылығымен мәдениеті.
5. Қоғамдық құрылысы.

4.

Түркеш, Қарлұқ, Оғыз,
Қимақ қағанаттары.

5.

Түркеш қағанаты 704-756жж.
Қарлұқ 756-940 жж.
Оғыз мемлекеті IX-XI ғ ортасы.
Қимақ қағанаты IX-XI ғ басы.
Түргештер VI ғ Батыс түрік қағанатының
құрамында болды. Олар Іле, Шу өзендерінің
аралығын қоныстанып, Шу түркештері сары
түркеш және Іле түркештері болып бөлінді.
Орталығы Суяб қаласы болды. Халқының
құрамы
түркітілдес
тайпалардан
тұрды.
Түркештер
туралы
алғашқы
деректер
«Күлтегін» ескерткіштерінде және Қытай жазба
деректерінде кездеседі. Сары түргеш. Қара
түргеш. Түркеш қағанатының Кіші ордасы. Іле
бойындағы
Күңгіт.
Түркеш
қағанаты
тарихындағы әйгілі билеушілер мемлекеттің
негізін қалаушы Үшлік және Сұлу.

6.

Қарлұқ қағанаты.756-940 жж. Қарлұқ тайпаларының негізгі
топтасқан жері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық болды.
Ибн әл-Факих X ғ «Олар қарлұқтар-көне түркілер»деп жазды.
Бірлестіктің билеушісі елтебер. Жетекші тайпасы-Бұлақ. VII ғ
қарлұқтар Шығыс Түрік қағанатының ықпалында болды. Біріккен
ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты.
Орталық Азияда жаңа мемлекеті-Ұйғыр қағанаты құрылды. Ұйғыр
тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын
алды. Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, 756 ж
билікті қолдарына алып,өздерінің мемлекетін құрды. Қарлұқтар ерте
феодалдық мемлекет құрды. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы
болды.
Оғыз мемлекеті. IX ғ-X ғ басында Сырдарияның орта және төменгі
ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Оғыз мем. туралы алғашқы
дерек Әл-Якубидің, географ әл-Факихтің жазбасында берілген.
Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын
басып алды.IX ғ соңында олар хазарлармен одақтаса отырып,
печенегтерге соңғы соққы береді де, Жайық пен Еділ бойы аралығын
толық иемденді. Печенегтермен болған ұзақ күрес оғыздардың IX ғ
мемлекет құруына ықпал етті. Оғыздардың орталығы Янгикент
қаласы. Көшпелі және отырықшы мәдениет тоғысында орналасты.

7.

Қимақ қағанаты: IX ғ- XI ғ басы.VIII-IX ғасырлар аралығында Солтшығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты.
Қимақтар туралы араб,парсы,түрік және қытай деректерінде айтылған.
Қимақтар Батыс Моңғолия даласында өмір сүргенін білеміз. Парсы
тарихшысы Гардизидің дерегінде қимақтардың тайпалық одағы 7
тайпадан құрылған. IX ғ.соңында қимақ қағанаты құрылды.
Орталығы-Имақия, екінші астанасы-Алакөл жағасындағы Карантия
болды. Басшысы Қаған болды.

8.

Түркештердің саяси жағдайы:Түркеш қағанатының негізін қалаушы және
алғашқы қағаны. Үшілік 704-706жж. Саяси билік қаған қолында болды.
Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады.
Үшілік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси-әкімшілік
басқару ісіне назар аударған. Үшілік 706 ж араб әскерлеріне қарсы тұрған
соғдыларға көмек берді. Оңт.батыста олар арабтармен қиян-кескі күрес
жүргізді. Орталық Азия жерін басып алады.
Сұлу қағанның билік еткен жылдары. Сұлу қаған 715-738 жж. Билікке
келгеннен кейін түркештер қайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы
тартыста қара түркештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Тараз
қаласына көшіреді. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей қатысуына әрі
ылғи жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған сүзеген,мүйізді қаған деп
ат қояды. Сұлу қағанды Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға
тарханның опасыздығынан қаза болған. Сары және қара түркештердің
арасындағы күрес 20 жылға созылып, қағандықтың саяси және әкімшілік
жағдайы мүлде әлсірейді.

9.

Шаруашылығы мен мәдениеті.
Атлах шайқасы
• Түркештер көшпелі мал шаруашылығымен,
жартылай отырықшы егін салумен және сауда,
қолөнермен айналысты. Мал шаруашылығы
түркештердің басты күнкөріс көзі болған.
Малдың ішінде жылқы мен қой өсірудің маңызы
біршама жоғары саналды. Сауда ісінің қайнаған
орталығы Суяб, Баласағұн,Тараз қалалары
сауданың өркендеруіне үнемі үлестерін қосып
отырды. Түркештердің өз теңгелері болған.
Теңгелер 704-766 жж Таразда соғылған.Түркеш
теңгелері 8 ғ бастап белгілі.
• 751 ж Атлах қаласында көмекке келген араб
әскерлерімен қарлұқтар бірлесе отырып, қытай
әскерлеріне соққы берді. Атлахта болған
шайқастың түркі халықтарының тағдырында
үлкен тарихи маңызы болды. Талас-тартыста
Түркештер
біржола
әлсірейді.Түркештердің
құлауы Қытай және арабтармен соғыс, өзара
билікке талас-тартыс сары және қара түркештер
арасында.

10.

Қарлұқ қағанаты. Деректер мен саяси жағдайы.
VIII-X ғ қарлұқ тайпалары Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейінгі
Қазақстанның үлкен аумағына қоныстанды. Араб дерегінде Ибн Хау
Кәль «Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн
қажет болған деп келтіріледі. Құрамында 9 тайпа болған.Қарлұқ еліндегі
25 қала мен қоныстың көпшілігі Ұлы Жібек жолында орналасқан.
Қағанаттың халқы көп,бекінісі мықты-деп келтіріледі.
Саяси жағдайы. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның көптеген тайпалары
қарлұқтар көсемінің қол астына қарады. 840 ж Ұйғыр қағанатын
құлатты.Қарлұқ жабғуы Ұйғыр қағанатын бағындырып, Білге Күл
Қадыр хан-Испиджаб қаласының билеушісі қаған лауазымен иеленді.
Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі 20 ж созылды.
Араб басқыншылығының нәтижесінде қағанат әлсіреді, ал Қарлұқ
қағанатына үлкен қауіп Қашқар жағынан төнді. Қашқардың түрік
билеушілері 940 ж Баласаұнды басып алып, қағанатты талқандайды.
Қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау басталады. Осылайша 200
жылдай өмір сүрген Қарлұқ қағанатының тарихы аяқталады.

11.

Оғыз мемлекеті. Тайпалық құрамы,
қоғамдық құрылысы.
Оғыздардың
құрамына
канчарпеченегтердің біразы, Сырдария аңғарынан,
Арал маңынан және Каспий бойының
далалық
тайпалары
тілі
түркілене
бастаған,арғы
тегі
үнді-еуропалықтар
кіреді. М.Қашқаридің мәліметі бойынша
оғыздар 24 тайпадан тұрғанын, боз,оқ және
үш оқ деген топтарға бөлінгендерін
көрсетеді. Әл-Марвази оғыздардың 12
тайпасы жөнінде жазады.
Оғыз мем.ң қоғамдық құрылысы әскери
демократия
Жабғу-жоғарғы билеушісі.
Жоғарғы билік-мұрагерлік арқылы беріліп
отырды. Иналдар-тақ мұрагері. Күлеркіндер-жабғудың
кеңесшілері.
Сюбашы-әскербасының
лауазымы.Хатун-жабғу әйелдерінің аты.

12.

Оғыздардың
саяси
жағдай
мен
шаруашылығы: Оғыздар қарлұқ, қимақ
тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық
аралығындағы печенегтерді жеңіп өздеріне
қаратады. 965 ж оғыздар Киев князі
Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ
құрып, Хазар қағанатын талқандады. X ғ XI
ғ басында үздіксіз соғыс пен шектен тыс
салынған салық оғыздардың наразылығын
туғызды. Салжұқ көсемдері дағдарысты өз
мақсаттарына пайдалана білді. Шахмәлік
жабғу тұсында Оғыз мем күшейді. Ол 1041 ж
Хорезімді жаулап алады. Алайда өзі 1043 ж
салжұқтардың қолынан қаза табады. Билік
үшін күрес Оғыз мем әлсіретеді. Ол
оғыздардың соңғы билеушісі еді. 11 ғ Оғыз
мем
құлады.
Оғыздардың
көпшілігі
қыпшақтардың
қысымымен
Шығыс
Еуропаға көшіп кетеді. 11 ғ ортасына қарай
Орталық Азияда қыпшақтар үстемдік етті.

13.

Шаруашылығы. 10-11 ғғ
мемлекетте салық жүйесі
жұмыс істеді. Малға
жекеменшік мүлік
теңсіздігінің негізі болып
табылды. Оғыздардың
негізгі бөлігі көшпелі
мал шаруашылығымен
айналысты.
Диқаншылықпен
қолөнер олардың негізгі
кәсібіне айналды.
Оғыздардың бір бөлігі
Ислам дінін қабылдады.

14.

Қимақ қағанаты. 9-11 ғғ. Қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы.
Қағанаттың билеушісі-қаған. Бұл атақтан екі саты төмен ябғу атағы
болды. Қимақтарда қағанның жағында 11 іс-басқарушысы болған.
Жеке тайпа көсемдерін шад-түтік деп атаған. Қимақтардың қол
астындағы барлық халық иеліктерге бөлінді. Қимақ әміршісі-ұлы
патшалардың санатында және беделі жағынан өте жоғары тұрған.
Саяси жағдайы-Қимақ,қыпшақ,оғыздардың тіл және тұрмыс салты
жағынан бір-біріне ұқсас болған. Қимақтарға 10 ғ Қарахан мемлекеті
шабуылдай бастады. Қарахандықтардың жорықтары 11 ғ жиілеп,
Қимақ қағанаты әлсіреп,ыдырай бастады. Қимақ қағанатының
құлауының 2 себебі болған. 1-өз ішіндегі қайшылық.2-сыртқы
қайшылық. Шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастаған түрік
тілдес тайпалардың әсерінен болған. Қимақ қағанатының орнынаҚыпшақ мемлекеті құрылды.

15.

Қимақтардың шаруашылығы. Қимақтарда мал шаруашылығы басым
болды. Гардизи «шаруалар өз мырзаларының малын бақты, ...қысқа
арнап қимақтар әрқайсысы өздерінің шама-шарқына қарай қой, жылқы
немесе сиыр етін сүрлеп алады» деп жазды. Араб тарихшысы Әл-Идриси
қимақтарда 16 қала болған. Бұл қалалардың басым бөлігі Ертіс және
Алакөл аймағында орналасты. Қимақтар негізінен көшпелі мал
шаруашылығымен айналысты.

16.

Қимақтардың мәдениеті. Қимақтар көне түркі әліпбиін
пайдаланды. Ертіс бойы мен Тарбағатай имақ тайпасы басқа түрік
тілдес тайпалар сияқты. Көк тәңірге табынып, ата-баба аруағына
сиынған.М.Қашғаридің дерегі бойынша, малдан айырылғандар
жатаққа айналып, қолөнер мен балық аулауды кәсіп еткен. Жазба
деректердегі қимақтар қамыс қаламмен жазған. Заттардан
табылған Қола айнадағы жазулар 9-10 ғ қимақтардың ежелгі түрік
жазуымен жазғанын көрсетеді. Қимақ шонжарлары 10 ғ ислам дінін
қабылдай бастады. Қимақтар тұрмыстық кәсіппен қолөнердің
тамаша шеберлері болған. Олар қой жүнінен киім-кешек, құралжабдық тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Зергерлік өнері басқа
түрік тайпаларына қарағанда жоғары дәрежеде дамыған.

17.

18.

Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1. Д.Есенов. Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен
әдістемесі А. 2021 ж
2. Г.Қ.Кәдірқұлова. Қазақстан тарихы А ақпарат, 2005
3. Г.В.Кан. Қазақстан тарихы А.Дәуір, 2002
4. К.Қасымбаев. Қазақстан тарихы, Білім 1999
5. Интернет желісі фото суреттер.
English     Русский Правила