Похожие презентации:
Дәріс №1. Өнер тарихы - 1. 5.09.24
1. ӨНЕР ТАРИХЫ ДЕГЕН НЕ?
Адамзат ес жиып, етек жапқаннан бері өнермен бірге жасасып келеді.Өнер тарихының бастауы ежелгі үңгірлерде, әлемнің әр түкпірінен
кездесетін қорым тастардағы суреттерде, сонымен қоса археологиялық
қазбалардан шыққан көне заттарда жатыр. Олар: Альтамира, Кастильо
(Испания), Нью Ласко (Франция) үңгірлеріндегі және Таңбалы тас
(Қазақстан), Ливия Сахарасы (Африка) суреттері т.б.
2.
Нью Ласко (Франция) үңгірінен табылған суреттер3.
Ливия Сахарасынан (Африка) табылған суреттер4.
5.
6.
7.
Ливиялық петроглифтер - Солтүстік Африка тарихындағытарихқа дейінгі кезеңнің қазынасы
8.
Өнер тарихы дегеніміздің өзі - адамзат тарихы. Адамзат есжиып, етек жапқаннан бері өнермен бірге жасасып келеді.
Бізге белгісіздеу, бұлыңғырлау көрінетін бұдан ондаған мың
жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған.
Адамның арғы тегі болып табылатын неондертальдарда сезімдік
түйсік пен ойлау қабілетінің қылаң беруі, оларды өмірге қажетті
қарабайыр алғашқы еңбек құралдарын жасауға, түйсікпен еңбек
етуге талпындырды. Бірақ олардың ойлау қабілеті мен сезімдік
қасиеттерінің әлі толық жетілмеген кезі еді. Адамның өзін-өзі
тежеу, көпшілік болып ұйымшылдыққа топтасуы әлі қалыптаса
қоймаған. Көбінесе адамдар жалғыз-жарым өмір
сүрді.
Сондықтан болар, олардың қолданған құралдары мыңдаған
жылдар бойы өзгере қоймады.
9.
Тек кейінірек, өмірге қауіп төндіретін жыртқыш аңдарға қарсытұру үшін, күн көрістің қамымен топтасып, қауымдасып өмір сүретін
болды. Осыдан бастап алғашқы қауымдық қүрылыс өмірге келді. Енді
туындаған әр түрлі қауіп-қатерге, өмір сүру тауқыметтеріне
байланысты еңбек құралдары мен қару-жарақ әрдайым жетілдіріліп
отырды. Адамның сана-сезімі өсіп, тұжырымды да, байыпты
әрекеттерге барды. Өнерлі ой туындады. Егер бұрын адамдар табиғи
заттарды еш өңдеусіз пайдаланса, енді оны өздерінің ыңғайына қарай
қажетінше өзгертіп, өңдеп алып отырды. Бұл өнерлілікке деген
бастаманың алғашқы нышаны еді. Өйткені қандай зат болмасын,
оның табиғи күйін саналы пайымдау арқылы өзінше өзгерту адамнан
белгілі бір салиқалы ой- тұжырымды, шеберлікті қажет етеді. Ал
шеберлік жүрген жерде әрдайым өнерлі ой толғанысы пайда болады.
10.
Осыдан барып өмірге табиғи қалпындағы емес, адам қолыменөзгертіліп өңдеуден өткен, бойында өнер нышаны бар зат туындайды,
көбінесе осындай туындылар өнердің туып қалыптасуына
игі
ықпалын тигізеді. Өнерлі ой толғаныстың арқасында адамның
еңбекке деген қызығушылығы мен ынтасы арта түсті, рухани сезім
қажеттілігінің байи түсуіне үлкен әсер етті. Сонымен қоса адамның
алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде рухани игіліктерді тез
меңгеріп кетуіне, әлемнің тылсым сырына құштарлана түсуіне,
айнала қоршаған табиғи құбылыстарды зерттеп-зерделей білуіне
үлкен септігін тигізді.
11.
Түйіндей айтқанда, өнер адамның дүниеге, болмысқа деген нанымсенімдерін дамытушы, саналылық пен білімділікке жетелеген
қозғаушы күші және әсемдік пен пәк сезімдердің қайнар көзі болды.
Сондықтан да өнер адамның әлеуметтік дамуындағы бірден-бір
негізгі белгі болып табылады. Өнер адамды тұрпайы дөрекіліктен
сезімталдыққа, сүйіспеншілікке баулып, оны жоғары парасаттылық
биігіне көтереді. Еңбектену мен іздену арқылы адам өнерді тудырса,
өнер адамды жан-жақтылыққа, әсемдік әлемін танып білуге
тәрбиеледі.
Өнер нышандарын немесе ұқсас әрекеттерді кейбір хайуанаттар,
түрлі құстар да жасай алады.
12.
Бірақ адамдардың олардан айырмашылығы - әр кез істеген ісініңбәрін саналылықпен, ойланып толғанып байыппен істеді және
мақсатты түрде өзінің материалдық, рухани қажеттерін өтеу үшін
жасады.
Ал хайуанаттарда тек белгілі бір инстинкт арқылы ғана әрекет
істеу қалыптасты, оларда адам сияқты туындаған затты ары қарай
жетілдіру, өзгертіп өңдеу деген атымен болмады. Оны хайуанаттардың
тіршілігінен білуге болады, бұдан мыңдаған жылдар бұрын қарлығаш
қалай уя соқса, бал арасы қалай балауыз «омарта» жасаса немесе
өрмекші қалай өрмегін тоқыса, қазір де сол күйінде өзгерусіз бір
қалыпта қалған. Тек тіршілік әлемінде адам ғана саналылық сезімділік іс әрекеттерімен ерекшеленіп, жер бетінде өз үстемдігін
орнатты.
13.
Кейінгі кезде ғылыми-техникалық, химия биологиялық тәжірибезерттеулерінің үрдіс тез дамуымен жер қойнауы, ауа қабаты, табиғат
жаратылысы қай кезде, қай дәуірде пайда болғаны айқын
анықталып отыр. Сол сияқты осы ғылыми тәжірибеге сүйене
отырып, археологтар, өнер зерттеуші ғалымдар өнер тарихының
жасын 40-50 мың жылға ұзартты. Қазіргі кезде бізге белгілі ең көне
өнер алғашқы қауымдық өнер, немесе тас дәуірі өнері деп аталады.
Тас дәуірінде өндіргіш күштер мен қоғамдық қатынастар тез дами
бастады. Мұның алдындағы кезеңдермен салыстырғанда тас дәуірі
он немесе жүз есе жылдамдықпен дамыды.
14.
Неондертальды адамдар мыңдаған жылдар бойы еңбектеніпжасаған еңбек құралдарын қазіргі адамның арғы ұрпақтары алғашқы
қауымдық кезеңде жүздеген, тіпі ондаған жылдарда-ақ өзгертіп,
жетілдіріп, қайта жасап отырды. Бұрындары тек тас пен ағашты
пайдаланса, енді неше түрлі сүйектерді, аңдардың мүйіздерін
пайдаланып, құрал сайман, әшекей заттар жасады.
Осы кезеңдерде, атап айтқанда, тас дәуірінің алғашқы кезеңі
палеолит заманында, адамдар өнердің алғашқы нышандарын
тудырып қана қоймай, оны ары қарай дамытты. Алғашқы айқышұйқыш ретсіз сызық белгілерден бастап, сан түрлі аңдардың, тіпті
адамдардың нобайына дейін бейнелейтін дәрежеге көтерілді.
15.
Палеолит дәуіріндегі өнердің бір топ үлгісі Испанияның атақтыАльтамира үңгірінен табылды. Үңгірде ертедегі адамдар салған
көптеген аңдардың, негізінен қодастың, жылқының, қабанның әр
түрлі қимыл-қозғалыстағы кейіптері шеберлікпен кескінделген.
Адамдар өздерімен күнделікті кездесіп, аралас-құралас жүрген
жабайы аңдарды жете зерттегені сондай - олардың ерекше
қасиеттерін, жүріс тұрысын, өзгеріс үстіндегі қас-қағым сәттік
кейпін дөп басып, айнытпай жеткізе білген. Түрлі түсті табиғи
бояулармен салынған бұл суреттер өзінің шынайылылығымен,
аңдардың дене бітімінің пропорциялық дәлділігімен адамды қайран
қалдырады.
16.
Ол кезеңде адамдардың өмірі негізінен жабайы аңдарменарпалыста өткендіктен, қол еңбекке деген икемділігі, көздің өткірлігі
ерекше дамыған, сол себептен осы қасиеттер олардың жоғарыдағы
шеберлікке жетуінің ұйтқысы болған. Ертедегі адамдардың
санасында сонымен қатар сыйқыршылық, сенім (магия) берік
орнаған. Осы сенім адамның сурет салуына үлкен ықпал етіп, өнерді
меңгеруде жаңа бір сатыға көтерген. Адам аңның суретін салу
арқылы оны арбап, сыйқырлаймын деп ойлаған. Аңға шығарда сол
сеніммен жігерленіп, содан рух алған, екінші жағынан
психологиялық тұрғыда табандылық сезіміне бөленген. Осындай
сеніммен жігерленген адамдар жорықтан көбінесе олжалы оралып
отырған.
17.
Аңдардың суреттерін аса бір ыждаһаттылықпен, сенімділікпенбейнелеген. Сондай суреттің бірі - Альтамира үңгіріндегі қодастың кескіні.
Әлемге әйгілі тасқа салынған суреттері бар карсты үңгір - палеолит
дәуірінен қалған алғашқы қауымдық өнердің маңызды археологиялық
жәдігерлерінің бірі.Мұнда аң бейнесі ширыққан қимыл қозғалысты, әсем
ырғақты сызық толқындарымен жоғары профессионалдық деңгейде
салынған. Палеолит адамдары осындай шебер суретші бола тұра
композициялық құрылымға келгенде қарабайыр, ретсіз шашырандылыққа
ұрынған. Өйткені олардың санасында белгілі бір заңдылыққа негізделген
ережемен бейнелеу, айнала кеңістіктің кескінделген аңдармен байланысын
беру қордаланбаған, бар ниеті тіршіліктегі ең басты қарсыласы жабайы
аңдардың болмыс бітімін, мінез даралығын тереңірек білу болатын.
Сондықтан да олардың суретін аса бір зейінділікпен шұқшия зерттеп,
кескіндеуді шебер меңгере білген.
18.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі адамдардың өнерінзерттеу барысында олардың шығармаларынан тек аңдарға баса көңіл
бөлу қатты байқалады, сол себептен де болар, тасқа таңбаланған
суреттерден адам кескіні өте сирек кездеседі. Кездескен суреттердің
ішінде, әсіресе мүсін кейіптері адамның назарын аударады. Бұл
мүсіндерді зерделеп қарар болсақ, палеолит адамдарының
шеберлігімен қоса қарабайыр шарттылыққа бой ұруы басым екені
көрінеді. Тіпті кейбіреуіне анықтап қарамасақ, оның адам кейпіне
ұқсайтынын аңғармас та едік. Сондай мүсіннің бірі Костенки
деревнясынан табылған (Воронеж облысы, Ресей) әйел кейпі.
19.
Альтамира, Кастильо (Испания) үңгірінен табылған суреттер20.
21.
22.
23.
Мүсіндеертедегі адам жалпылама қарабайыр сомдалып,
ешқандай дене мүшелерін анық көрсетпей, абстрактілі түрде
бейнеленген. Ал екінші бір мүсінге көңіл аударсақ, оны сомдаған
шебердің қандайлық бір эстетикалық талғамының барлығын,
шынайы табиғи қалыпта бейнелеуге тырысқанын аңғарамыз.
«Савиньяно венерасы» (Модено. Италия) мүсіншесінде әйел
бейнесі, оның әйелге тән нәзіктеу дене бітімі, қимыл қозғалысы
әсерлі сомдалуы, алғашқы аталған Костенки мүсінінен айтулы
ерекшелігі барлығын көрсетіп тұр. Бірақ, қаншалықты шыншыл
бейнелеуге жақындағанымен, қарадүрсін шарттылық нышаны мұнда
да сезіледі. Оны мүсіншенің басы мен аяқ-қолдарының сомдалуынан
байқауға болады.
24.
25.
Осындай палеолит шығармалары әлемнің түкпір-түкпіріненкөптеп кездесуде, мысалы Виллендорф венерасы (Австрия), Леспюг
венерасы (Франция). Жалпы тас дәуірі өнеріне тән нәрсе, онда
әсіресе мүсіндерде шарттылық пен шыншыл бейнелеу қатар жүріп
отырады. Сонымен қатар палеолит әйел мүсіндерінің сомдау
ерекшеліктеріне ойлана, тереңдей үңілер болсақ, олардың белгілі бір
діни наным бойынша, немесе табыну символы ретінде жасалғанын
жорамалдауға болады. Сол кезеңдегі мүсіндердің дені - әйел
кейіптері, сондықтан да алғашқы қауымдық құрылыста белді қоғам
басқарушысы әйелдер болды дегенге негіз бар.
26.
27.
Екінші бір негіз - әйел қоғамның басқарушысы ғана емес,сонымен қатар ошақ басының қамқоршысы, ұрпақ жаюшы ретінде
көрініс береді, оны сол артықшылықтары адам табынарлықтай
құдай кейпіне дейін көтерген. Сол себептен де олардың бет-әлпетін
бейнелеуге суретшілердің дәрменсіздік танытып, батылы бармаған.
Тіпті бет- әлпетті көрсетуге тиым салынған деуге де болады.
Мұндай сенімдер кейінгі дәуірлерде, Мысыр перғауындарының
заманында да етек жайған. Кейбір Мысыр перғауындары өздерінің
бет-әлпетін сол кезеңдердегі өздері табынатын құдайлар түрінде
бейнелеуге (бүркіт, күн, т.б.), немесе өздерінің табиғи түріне
ұқсатпай салуды талап еткен. Осындай талап қоюшылық, наным
ежелгі Грекияда да орын алған, адам кейпін қаз-қалпында
бейнелеуге жол берілмеген. Міне осылардың бәрінен байырғы тас
дәуірінің наным-сенімдерінің табын сезуге болады.
28.
Палеолит дәуірінің аяққы кезеңі мен неолит дәуірінде жартассуреттері кең етек жайған. Бұрындары тек жабайы хайуанаттарды
ғана бейнелеп келсе, енді белгілі бір кіші-гірім тақырыптарға
құрылған адамдар мен аңның қарым қатынасын көрсететін суреттер
пайда бола бастады. Суреттер бұрынғыдай тәптіштелініп, оның
табиғи қалпында салынбай, тәсімді түрде бейнелеу өмірге келді. Бұл
әдіс адамға айналадағы күнделікті құбылысты, қоғамдық
қақтығыстарды қарапайым тәсімдік әдіспен тез бейнелеп отыруға
құлшындырады.
Жан жануарлардың, адамның тәсімдік абстракциялы бейнелері
адамзатқа ой салып, оның қиял-ғажайып сана-сезімін өсіріп, жаңадан
тың бейнелер тудыруға, пиктограммалық жазудың* пайда болуына
үлкен әсерін тигізді.
29.
Осындай өнердің пайда болуы арқасында адам ауқымды ойлауға икемделіп,өмірді саналылықпен тұжырымдауға барынша батыл бет бұрды. Бұрынғыдай
көргенін бұлжытпай көшіре салмай, терең ойлы философиялық тұрғыда
кескіндеу кең құлаш жайды. Соның арқасында өнерлі сана-сезім философиялық
оймен байытылып, түйіні қиын өнер - белгі тәсімді немесе ою-өрнекті бейнелеу
пайда болды.
Егер бұрынғы (палеолит дәуірі өнерінде)
адамдар қалдырған өнер
белгілерінде олардың айтар ойын бір көргенде тез табатын болсақ, кейінгі неолит
дәуірі өнерінің алдында біраз ойланып толғануға тура келеді. Осы кезеңдегі
суреттер өзінің тақырыбының сан алуандылығымен адам назарын өзіне аударады.
Жартасқа таңбаланған кейбір суреттерде сол заманның қоғамдық құрылысын,
тайпа аралық алапат соғыстарын тамашалауға, сол арқылы тарих тереңіне
байыпты үңіліп, көз алдында елестетуге болады.
30.
Петроглифтер31.
Осындай қарапайым тәсімдік әдіс стилизациялы бейнелеу өнерініңөркендеуіне үлкен серпіліс туғызды. Өнерге деген ойдың ұшталуына септігін
тигізіп, қолдың ырғақты иірім-сызықтарына деген икемділігін тез
қалыптастырды. Тәсімдік суреттерден туындаған ою-өрнек нақышты өнердің
дамуына жол ашты. Түрлі тәсімді суреттер нақты белгіге, одан пиктограммалық
әріптерге айналды. Осы кезеңде өнер үш-төрт салаға бөлініп, өзіндік бетбейнесін қалыптастырды.
Алғаш рет саз балшықтан қыш көзелер жасалынып, олардың жиектері,
қабырғалары түрлі белгілермен (нүкте, сызық т.б.) өрнектермен көркемделетін
болды. Енді өнер тек қызықтайтын жартастағы сурет қана емес, адам қажетіне
жарайтын заттардың әсемдік әрін беретін қажеттілікке айналды. Суреттің әсем
ырғақты сызықтарын талай рет қайталап сызу арқасында оның нәзіктігін ұқты,
сол арқылы табиғаттың, қала берді жан-жануардың сұлулығын ұқты. Сұлулық
пен дөрекіліктің ара жігін айыра білді, осыдан барып адамда эстетикалық талғам
қалыптасты. Адам өнерді тудырса, өнер адамды әсемдікке, салиқалы ойлылыққа,
мәдениетке жетеледі.
32.
Қазақтың жеті кереметі:1. Таңбалы тас суреттері
2. Алтын адам
3. Қазақтың киіз үйі
4. Домбыра
5. Йассауи кесенесі
6. Маңғыстау жерасты мешіті
7. Астана - Бәйтерек
33.
34.
Таңбалы тас суреттері - Қола дәуірінің тасқа салынған суреттерікөрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр
тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс
көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық
дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.
Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр
алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы
таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде
олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Ол
суреттерде ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі,
діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты бейнелер
бейнеленген. Алматы обылысындағы таңбалы тас суреттері - бүкіл
әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында.